143
жануарларының таралу аумағының барлық дерлігінде жҧқпалы аурулар тіркеледі. Алайда, оның
нозологиялық қыры жануарлардың жҧқпалы ауруларын уақытта және кеңістікте таралуын
анықтайтын табиғи-шаруашылық әр алуан тҥрлікке байланысты едәуір ӛзгереді. Сыртқы ортаның
микроорганизмдер мен жануарлардың топтарының ӛзара әрекетіне әсері індеттік аурулардың
географиялық таралуына және нақты аумақта індеттік ҥрдістің ҥдемелілігінде шешуші себеб
болады. Мысал, қоздырғышты беру тетігі трансмиссивті сипатта болатын індеттік аурудың
нозоареалы, тасымалдаушының таралуымен анықталады. Індеттік аурулардың және індеттік
ҥрістің кезеңдік және мерзімдік кӛрінуі қоздырғышты беру тетгінің белсенділігіне байланысты. Ал
ол ӛз кезегінде табиғат жағдайымен және адамның шауашылық ісімен анықталатын сыртқы
ортаның ӛзгеруіне байланысты. Індеттік аурулардың шығуы және оның таралу ҥдемелілігі
олардың ауруға бейімділігін анықтайтын кӛптеген себебтерге: тҧқым қуалаушылық, мал
тҧқымына, жануардың жасына және физиологиялық жағдайына байланысты. Жануарлардың
індеттік ауруларының жіктелінуі қоздырғыштардың таксономиясына, індеттік аурулардың ӛтуіне,
жануарлар денесіне қоздырғышардың ену жолдарына негізделінеді; індеттік аурулар, сондай-ақ
жануарлардың тҥрлік және жастық тобы бойынша бӛлінеді. Індеттік аурулардың жҥйесі бар, оған
сәйкес барлық жҧқпалы аурулар 3 топқа бӛлінген: ктеноноздар – ауру қоздырғыштары кӛзі – ҥй
тҥліктері; ктенотерионоздар – ауру қоздырғыштары кӛзі – ҥй немесе жабайы жануарлары;
терионоздар – ауру қоздырғыштары кӛзі – жабайы жануарлар.
Індеттік аурулардың негізгі даму жағдайы – бейім жануарлар денесінде зардапты
микробтардың кӛбеюі. Індеттік аурудың клиникалық кӛрінуі қоздырғыштың орналасқан жеріне
және оның әсер ету сипатына байланысты. Барлық індетік ауруларға кезеңдік даму тән:
инкубациялық немесе жасырын кезең; алдын ала белгі кезеңі (продромалді кезең), арнайы емес
белгілермен сипатталады (қызбалау, кҥйзелу, тәбет жоғалу); аурудың кӛріну кезеңі, әр ауруға тән
клиникалық белгілерінің кӛрінуімен сипатталады; ӛшу кезеңі (патологиялық ҥрдіс ҥдемелігінің
тӛмендеуі, клиникалық белгілердің ӛшуі); сауығу кезеңі (реконвалесценция). Бҧл кезеңдердің
ҧзақтылығы әр жҧқпалы аурудың ӛзіне тән. Жҧқпалы аурулардың барысы ӛте жіті (жай оғындай),
жіті, жітілеу, созылмалы және аборттық болуы мҥмкін. Жҧқпалы аурулардың қалпы – типті
(ауруға тән) және атипті (ауруға тән емес). Жҧқпалы аурулардың жекеленген ерекше белгілері
болуы мҥмкін, ол бірқатар экзогенді және эндогенді себебтерге байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: