Бағдарламасы «Биологиялық қауіпсіздік»


  Індет ауруларының арнайы шаралары



Pdf көрінісі
бет147/171
Дата11.05.2022
өлшемі1,94 Mb.
#34053
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   171
2.  Індет ауруларының арнайы шаралары 
3.  Ветеринария саласында қолданылатын вакциналар  
4.  Қан сарысуларының тҥрлері және тиімділігі 
 
Қолданылатын әдебиеттер: 
1.  Ахметсадыков Н.Н., Омарбекова У.Ж., Хусаинов Д.М. Ветеринария 
2.  негіздері. Алматы, 2007. 154-164 б. 
3.  Кумсинов  Ш.А.  Правила  безопасности  при  работе  с  животными.  М.: 
«Колос», 1979. - 96 с. 
4.  Рыбкин 
Н.А. 
Природно-очаговые 
болезни 
сельскохозяйственных 
животных.  Алма-Ата. «Кайнар», 1989. – 256 с. 
 
 
Тәжірибиелік сабақ №23 
Сабақтың  тақырыбы:  Бруцеллезді  балау  және  ауруларды  жоюдың 
әдістемелері 
Сабақтың мақсаты:   Бруцеллез кезінде арнайы шараларын жҥргізу кезіндегі 
ерекшеліктерді меңгеру. Жҧқпалы аурулардан сақтандыру шараларын ҧйымдастыра 
білу.  
 
Тапсырмалар:  
1.Бруцеллездің  таралу жолдары қарастыратын сақтандыру шараларының 
мемлекеттік жҥйесін талдау. 
2. Бруцеллезді жою жолдарын талду . 
3. Бруцеллезге арнайы шараларды білу, сақтандыру және кҥресу шаралары 
 
 
 
Бруцеллез  –  Бруцеллез-  Brucellosis  –  аналық  малда  іш  тастау,  шуы  тҥспеу, 
эндометрит,  еркек  малда  жиірек  белгісіз  ӛтетін  орхит  және  жануардың  жыныстық 
қабілетінің  бҧзылуы  арқылы  ерекшеленетін  созылмалы  жҧқпалы  ауру.    Адамға  да 
қауіпті. 
Аурудың таралуы. Бруцеллез жер шарының кӛп елінде кездеседі. 
Қоздырушы  –  бруцеллалардың  бірнеше  тҥрі  белгілі:  Вrusella.melitensis  –  қой-ешкі 
бруцелезін  қоздырушысы;  адамдарға  ең  қауіпті;  Вr.abortus  – ірі  қара бруцеллезінің 
қоздырушысы; сиыр, қодас, бҧғы, марал, тҥйе мен жылқы ҥшін зардапты; адам ҥшін 
де  уытты;  B.suis  –  шошқа  бруцеллезінің  қоздырушысы,  шошқа,  қоян,  солтҥстік 


153 
 
бҧғысы ҥшін зардапты;  В.canis – иттерден бӛлініп алынған, В.ovis – қошқарлардың 
жҧқпалы 
эпидидимитінің 
қоздырушысы 
және 
В.neotomae– 
бҧталық 
егеуқҧйрықтардан бӛлініп алынған қоздырушылар жатады. 
 
Сурет. В.abortusbovis-тің 
 микробтағы кӛрінісі. 
 
Бруцеллалар– бҧл ҧсақ кокктар немесе таяқша тҥріндегі, грамм бойынша теріс 
боялатын, спора тҥзбейтін және қозғалмайтын бактериялар, бауыр, картоп немесе 
қан  сарысуының  экстрактары  қосылған  етті  қоректі  ортада  жақсы ӛседі:  алғашқы 
ӛсіп-ӛну  кезінде  бруцеллдер,  әсіресе,  B.abortus  СО
2
  жоғары  концентрациясын 
қажет етеді. 
 
Тӛзімділігі.  Бруцеллалар  едәуір  тӛзімді  –  суық  оларды  консервілейді,  қайнату 
лезде  ӛлтіреді,  кептіруге  жақсы  шыдайды,  топырақ  пен  суда  100-114  кҥндей 
сақталады, кӛңде 45 кҥнге дейін, сҥтте  – 6-8, қаймақта- 10, майда  – 41-67, ірімшік 
пен сҥзбеде - 42, етте – 80-100 кҥн, жҥн мен теріде-1,5-5 ай, тҧздалған етте – 3 айдан 
артық сақталады. Олар 60 
о
С  30 минутта, 70 
о
С-да 5-10 минутта, 90-100 
о
С-да сол 
мезетте ӛледі Тікелей тҥскен кҥн сәулесі 3 - 4 сағатта ӛлтіреді. Дезинфектанттардан 
креолин, фенол және 1% жаңа сӛндірілген әк 5 сағатта ӛлтіреді.  
Індеттік  мәліметтер.  Бруцеллезге  сиыр,  қой,  ешкі,  шошқа,  марал,  қодас, 
жылқы,  тҥйе,  ит,  мысық,  қоян,  киік,  тҥлкі,  кемірушілер,  жабайы  шошқа  бейім. 
Әсіресе сиыр, қой, ешкі, шошқа, солтҥстік бҧғысы ауруға тез шалдығады. Олардың 
арасында бруцеллез  індет  тҥрінде  ӛрбиді.  Тҥйе,  жылқы,  қодас,  сияқты  жануарлар 
арасында  ауру  бәсеңдеу  кездеседі.  Жабайы  жануарлардың  –  бруцелл 
тасымалдаушылардың 24 тҥрі анықталған.  Ит, мысық, қоян, киік, тҥлкіде шектеулі 
немесе спорадия тҥрінде кездесіп отырады. 
Қоздырушының  кӛзі  –  іш  тастағанда  немесе  бҧзаулағанда,  қоздағанда, 
торайлағанда,  сонымен  қатар  сҥтпен,  несеппен,  нәжіспен  бруцелларды  бӛліп 
шығаратын  ауру  малдар.  Ең  қауіптісі  іш  тастау  сәті,  ӛйткені  ҧрықпен,  қағанақ 
суымен,  шумен  қоздырушы  бӛлініп  шығады.  Бруцеллалардың  бӛлініп  шығуы  іш 
тастаудан  бірнеше  кҥн  бҧрын  басталады  (қынаптан  шыққан  сораппен)  және  іш 
тастаудан  соң  14-60  кҥнге  дейін  жалғасады.  Бруцеллез  қоздырушысын    сиырлар 
сҥтпен  7-9  жылға  дейін,  ал  қойлар  мен  ешкілер  –  2  жылға  дейін  шығара  береді. 
Ауру  белгісі  білінбестен,  бірақ  сырт  ортаға  бруцеллаларды  бӛліп  шығаратын 
малдар ӛте қауіпті. Жас тӛлге бруцеллез негізінен алиментарлық жолмен енесінің 
сҥті арқылы, ал сақа жануарларға  алиментарлық жолмен немесе шағылысу арқылы 
жҧғады. 


154 
 
Табиғи жағдайда ауру ас қорыту жолы арқылы жҧғады, ал оған қоздырушылар 
залалданған  жем-шӛп  пен  су  арқылы  тҥседі,  зақымдалмаған  кілегейлі  қабықтар 
(кӛздің  дәнекер  қабығы),  сонымен  қатар  шағылысқанда  ауру  бҧқалар  сиырды 
салыстырмалы  тҥрде  сирек  залалдайды,  ал  бруцеллезді  таратуды  ауру  қабанның 
ролі  әлдеқайда  ҥлкен.  Малдың  залалдануын  негізінен  бруцеллалардың  тӛмендеп 
тҥрлері тудырады: сиырда– В. аbortus, қой, ешкіде — В.melitensis және шошқада — 
В. suis. Бірақ, қоздырушының бір мал тҥрінен екіншісіне миграция жасауы мҥмкін. 
В.melitensis-тің  сиыр  малына  миграциялануы  адамдарды  зардаптау  қауіпін  ӛте 
жоғарылатады. Жылқы мен тҥйе кӛбінесе сиыр бруцеллезінің сәтсіз пункттарында, 
ал иттер – аурудан сәтсіз қой шаруашылығында жҧқтырады. 
Аурудан  сәтті  шаруашылықтарға  ауруды  әдетте  жаңадан  әкелінген  малдар  – 
жасырын  бруцелла  тасымалдаушылар  жеткізеді  немесе  залалдану  аурудан  сәтті, 
және сәтсіз табындардың жайылымда немесе су ішетін жерде бір-біріне жҧғысуы 
арқылы  болады.  Қой  шаруашылықтарында  бруцеллезді  ауырған  кҥзетші  иттер 
жҧқтыруы  мҥмкін.  Егер  алғашқы  ауырған  малдар  уақытысында  анықталмаған 
болса, бруцеллез табында тез тарайды және іш тастау жаппай сипат алады. Тӛлдер 
ауру  енелерінен,  сонымен  қатар  залалсыздандырылмаған  сҥт  пен  кӛк  сҥтпен 
азықтандырғанда залалдануы мҥмкін. 
Аурудан  сәтсіз  табында  бруцеллез  негізінен  тҧрғылықты  кҥтім  кезінде 
таралатынын  ескеру  қажет.  Әдетте,  әуелі  жекелеген  малдар  ауырады,  одан  кейін 
ауру  мал  саны,  әсіресе  келесі  жылы,  кӛбейеді.  Егер,  аурудан  сәтсіз  табынды  сау, 
әсіресе  жас  малдармен  толықтырмаса,  аурудың  қозуы  біртіндеп  баяулай  береді. 
Аналық  табындағы  іш  тастаушы  малдардың  саны  да  әртҥрлі,  бірақ  кӛбінесе 
сиырлар (қҧнажын) мен саулықтардың 50 пайызға дейін (одан да кӛп) іш тастауы 
мҥмкін.  Негізі  аналық  малдардың  бруцеллезге  тӛзімділігі  әлдеқайда  жоғары, 
бордақыланатын  немесе  жас  малдардан  гӛрі  залалдануы  едәуір  жоғары  деңгейде 
болады.  Аурудың  таралуы  мен  іш  тастау  санының  ӛсуіне  малдың  нашар  кҥтіп-
бағылуы  мен  азықтандырылуы,  тҥсіктердің,  шудың,  кӛңнің  уақтылы  жиналмауы, 
қоралардың дезинфекцияланбауы мҥмкіндік жасайды. 
 
Сурет. Бруцеллез ауруының клиникалық белгілері 
 (артрат және шудың тҥспеуі). 
 
Дерттенуі
Бруцеллез 
ауруының 
дамуы 
 
кезінде 
ҥш 
фазаны 
ажыратады:алғашқы  (регионарлық)  инфекция,  жайылған  фазасы  және  екінші 
локалды  фазасы.  Патогенездің  бірінші  фазасы  аурудың  жасырын  кезеңіне  сәйкес 
келеді,  онда  бруцеллалар  организмге  енеді  де  шет  жақтағы  сӛл  тҥйіндерінде 
тежеледі. Ауру қоздырушысының вируленттілігіне және оның санына байланысты, 


155 
 
сонымен қатар организмнің тӛзімділігіне қарай бруцеллалар сӛл тҥйіндерінде ӛледі 
немесе ӛніп-кӛбейеді және қанға енеді де, сол арқылы паренхиматозды органдарға 
тарайды,қысқа мерзімді бактериемия дамиды.  
Қоздырушының  қанға  енуі  екінші  сатыға  сәйкес  келеді    -  жайылып  даму 
генерализацияланған  фазасы.  Ретикулоэндотелиальдік  элементтерге  бай  әртҥрлі 
органдар 
мен 
тіндерде 
бруцеллалар 
дегенеративті-ӛліеттенген 
және 
пролиферативтық  ӛзгерістермен  сипатталатын  қабыну  ҥрдістерінтудырады.  Буаз 
малдарда  бруцеллалар  ӛзінің  дамуы  ҥшін  жатырда,  желінде,  буындар  мен 
бурсаларда қолайлы жағдай табады. Микроб жатырда кӛбейе отырып, эпителийдің 
ӛліеттену-қабынуына  ҧшыратады,  соның  салдарынан  дамып  жатқан  тӛлдің 
қоректенуі  бҧзылады.  Қан  ағысымен  және  амниотикалық  сҧйықты  жҧту  арқылы 
жатырдағы  тӛлдің  маңызды  органдары  мен  ішегінде  қабыну  процестерін 
туындайды.  Қоректенуінің  бҧзылуы  мен  ішкі  органдарының  зақымдануы 
салдарынан  тӛл  кӛбінесе  ӛледі  және  шу  тҥспеу,  метритпен  жалғасатын  іш  тастау 
болады. Бір мезгілде желіннің, буындардың, бурсалардың, ал еркек малда – аталық 
жыныс  безінің  және  ен  қосалқысының  зақымдануы  болады.  Жануардың  қанында 
инфекциялық  ҥрдістің  дамуымен  қатар  антидене  пайда  болады.  Содан  кейін 
аллергиялық жағдай дамиды, ол әсіресе инфекциялық ҥрдістің бәсендеуі кезеңінде 
айқын байқалады. 
Патологиялық  ҥрдіс  аллергиялық  және  серологиялық  реакциялар  арқылы 
белгілі  болатын  ағзаның    иммунобиологиялық  қайта  қҧрылуымен  қосарлана 
жҥреді. 
Аурудың  жайылған  фазасы  бруцеллездің  клиникалық  белгілері  байқалмай 
ӛтетін  латентті  тҥріне,яғни  –  екінші  локалды  фазасына  ауысады.    Бҧл  кезде 
жануарлар  клиникалық  жазылады,  бірақ  бактерія  тасымалдаушылығы  сақталады.  
Бҧндай жануарлар ҧзақ уақыт бойы  сыртқы ортаға қоздырушыны бӛледі және ауру 
қоздырушысының кӛзі болып табылады.   


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   171




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет