Індеттік деректер. Аша тҧяқты ҥй және жабайы жануарлардың барлық тҥрі
ауыслға бейімді. Жас малдар, ересек жануарларға қарағанда ӛте бейімді, әрі ауыр
тҥрде ауырады.
Аусыл қоздырушысының кӛзі – ауру жануарлар, оның ішінде аурудың
жасырын кезеңіндегі және ауырып айыққан жануарлар. Мҧндай жануарлар, сыртқы
ортаға вирусті сҥттен, сілекеймен, нәжіспен және несеппен бӛліп шығарады. Осыған
байланысты мал ӛнімдері, жем-шӛп, су кӛздері, кҥтім жабдықтары, жайылым, кӛлік-
қҧралдары, шикізат мал ӛнімдерін дайындайтын және ӛндіретін орындар вируспен
залалданады.
Вирус сау малдардың организміне жем-шӛп жегенде, су, сҥт ішкенде, ауру
малдардың сорабымен ластанған әр тҥрлі заттарды жалағанда ауыз қуысының
зақымданған кілегейлі қабықтары арқылы енеді. Жҧғу тыныс жолдары арқылы,
сірегірек – желіннің емшектері мен қынап арқылы болуы да мҥмкін.