159
ӛтсе бруцеллезден таза деп есептейді. Жҥйелі тҥрде тексеру әдісімен
сауықтырылатын шаруашылықта, аурудан сәтсіз отар қойларынан алынған еркек
тоқтылар шаруашылықта қалдырылмайды, оларды жетілдіріп етке ӛткізеді.
Қой,ешкі бруцеллезі айтарлықтай тараған аудандарында бруцеллезге қарсы
вакцинаны пайдалануға болады.
Шошқа бруцеллезі анықталса бҥкіл мал басы, оның ішінде аурудан сәтсіз
шошқа қорасындағы мегежіндерден алынған торайларды да, оңаша ҧсталынып
семіртіледі және етке тапсырылады. Қоралар мен оның аумағына тазартау
жҥргізілген соң, фермаға басқа сау шошқаларды әкеледі.
Жылқының бруцеллезге шалдығуы, әдетте сиыр бруцеллезден сәтсіз
шаруашылықтарында болады. Клиникалық ауру және РБС немесе АР, КБР-ға оң
реакция берген жылқы етке сояды, қораны, қондырғыларды, қҧрал-саймандарды
дезинфекциялық заттармен ӛңдейді.
Тҥйелер мен енекелердің бруцеллезі кезіндегі кҥрес шаралары сиыр
бруцеллезіне қарсы шаралармен ҧқсас тәртіппен жҥргізіледі.
Аурудан сәтсіз табын малдарымен жанасқан иттерді де бруцеллезге тексереді.
АР мен КБР-ға оң реакция берген иттердің кӛзі жойылады.
Аурудан
сәтсіз
шаруашылықтарды
сауықтырған
кезде,
адамдардыбруцеллезденсақтандыру шараларын жҥргізу міндеттелінеді.
Бруцеллезден сәтсіз фермаларда міндетті тҥрде дезинфекция, дезинсекция мен
дератизация, малқораларын санитарлық жӛндеу және басқа да ережелерге сәйкес
ветеринариялық-санитариялық шаралар жҥргізіледі.Дезинфекция ҥшін жаңадан
сӛндірілген 20 % әк ерітіндісі немесе қҧрамында 2 % белсенді хлоры бар
ерітіндімен, кальциленген соданың ыстық 5 % -ды ерітіндісімен, 5 %-ды
формальдегид ерітіндісімен, 0,5 % глутарлы альдегид ерітіндісімен, 5 %-ды фенолят
натрий ерітінділерін қолданады. Нәжісті биотермиялық әдіспен зарарсыздандырады.
Адамның бруцеллезбен залалдануы негізінен ауру малмен жанасқан кезде
және залалданған шикізат және мал тектес ӛнімдері арқылы немесе алиментарлық
жолмен ӛтеді.Бруцеллезге оң реакция берген жануарларды кҥтіп-бағуға, бруцеллезге
қарсы егілген адамдарды және санитарлық нҧсқау ережелерінигергендер ғана
жіберіледі. Мҧндай адамдар қолының саусақтарында тілік немесе басқа да тері
зақымдары болса, олар зақымданған жерлерін арнайы ӛңдегенен кейін, резиналы
қолғап киіп, жҥмысқа жіберіледі.
Бруцеллезге қарсы шараларды ӛткізу кезінде, адамды және сыртқы орта
нысандарын залалдаудан қорғайтын сақтық шаралары қатаң сақталады.
Бруцеллезден таза емес фермаларда қой мен ешкіні сауу және сҥтінен ірімшік
дайындау рҧқсат етілмейді. Бруцеллезден таза емес отардан алынған қой жҥндері,
сол шаруашылықта пленка астында бромды метилмен дезинфекцияланады, содан
кейін ғана қайта ӛңдеуге жіберіледі.
Достарыңызбен бөлісу: