121
Азық қорыту жҥйесінің ағзаларын аурудан сақтауда, малды сапалы азықтандыру мен дҧрыс
пайдаланудың мағынасы ӛте зор.
Малдың әр тҥріне арнап рационын жасарда оның қҧрамында шырынды не ылғалды (сҥрлем,
пішендеме, тамыр жемістері, барда, сығынды т.т.), қатқыл және қҧрғақ (шӛп, сабан,
брикеттелінген және гранулаланған азық қоспасы, шӛп ҧны, қҧнарлы азықтар) азықтардың,
сонымен қатар ас тҧзынан, витаминді-минералды қоспалардың жеткілікті мӛлшерде болуы
есепке алынады. Азықты дайындағанда агротехникалық мерзімін қатан сақтайды.
Тимпания, дамуының бастапқы кезінде, рецепторлардың керілуден
тітіркенгендігінен, мес қарынның жиырылуы кҥшейіп қатты ауырсынатын тҥйілуге
дейін апарады, сонан соң барып шала салдану басталады. Кӛлемі ҥлкейген мес
қарын іш және кеуде қуыстарында орналасқан кӛрші ағзаларға қысым тҥсіріп
қызметтеріне қосымша нҧқсан келтіреді. Іш қуысының кӛлемі ҥлкейген ағзалары
кӛк етке қатты қысым тҥсіргендіктен кеуде қуысына қанның қҧйылуын азайтады,
жҥрек қарыншаларының босаңсуларын және ӛкпелердің дем алғандағы кеңеюлерін
қиындатады, сол себептерден жҥректің жиырылу, қан кӛлемі және ӛкпелердің
тыныстану ауа сыйымдылығы азаяды, газ алмасуы нашарлайды, оттегінің жетіспеуі
ҥдей тҥседі. Іш қуысындағы кӛтерілген қысым, бауырдың ӛз қызметтерін атқаруын
қиындатады, ішек қуыстарын жаншып, жынның әрі қарай ӛтуін қиындатады.
Достарыңызбен бөлісу: