124
деңгейімен теңеліп кетеді. Ауру бҧзаулар кекіргенде мес қарыннан сасық иісті газ
шығады.
Ӛтуі. Ауру, тудырған себептерін жойғанша апталап, айлап созыла береді.
Тыныстануы және тамыр соғуы жиіленеді. Ауру малдар біртіндеп арықтайды, ӛсіп-
жетілуі баяулайды, ӛнімділігі нашарлайды.
Анықтау. Азықтанғаннан кейін мес қарын ылғи не жиі-жиі кебетін болса,
мҧндай белгілер ауруды анықтауға кҥмән тудырмайды. Қарындардың, ҧлтабардың,
бауырдың ауруларымен, зат алмасуының бҧзылуымен және минералды заттар мен
витаминдердің жетіспеулерімен қосарлана жҥретін мес қарынның қимыл қызметінің
әлсіреуін анықтау, аталған ауруларға тән қосымша белгілерімен толықтырылады.
Емі. Қарындардың қимыл қызметін жақсартуға, мес қарындағы азық
жынының қорытылуын қалпына келтіруге, бағыттайтын симптоматикалық ем
қолданады. Мес қарынды жуып-шаю ӛте пайдалы. Аз мӛлшерде карбохолин,
вератрин, ақтамырдан жасалған препараттар береді. Негізгі ауруларды жойып азық
қорыту ағзаларының қызметтерін қалпына келтіріуне толық сапалы азықтарды
реттеп берудің маңызы ӛте ерекше. Азыққа зауқын ашу және азық қорытуын
жақсарту мақсатымен шерменгуль, алкоголь, табиғи не жасанды асқазан сӛлін
береді.
Тӛлдердің қарны қайта-қайта кепкен жағдайда, беретін сҥттің мӛлшерін
жартылай кемітіп оған 0,9 % натрий хлорид ерітіндісін теңдей етіп қосып сҧйылтып
береді. Азықтандырар алдында асқазан сӛлін, АБК не ПАБК береді. Іш қатпасын
жою мақсатымен аузы арқылы натрий сульфатын, жасанды карловар тҧзын
босаңсытатын мӛлшерде беруі немесе жылы сумен тереңге бойлатылған клизма
жасайды. Созылмалы тҥрде ауырған бҧзауларға, мес қарындағы азық қорытылуын
қалпына келтіру мақсатымен сау малдан алынған қарын жынын кҥн сайын беріп
тҧрады.
Достарыңызбен бөлісу: