Қарынның созылмалы кебуі (Tympania ruminis chronica) - мес қарынның
қимыл қызметтерінің тҧрақты бҧзылып оны, жиналған газдар кернеуімен
сипатталынатын дерт, ірі қара малда жиі, ҧсақ малда сиректеу кездеседі.
Себептері. Тимпанияның созылмалы тҥрі, әдетте туындаған ауру ретінде,
қарындардың қимылдар қызметтері бҧзылғанда (гипотония, атония, мес қарынның
азыққа шектен тыс толуы, жарақатты ретикулит, қатпаршақ қарынның ластануы)
пайда болады; ҧлтабардың, ішектердің, бауырдың аурулары, жергіліктенген, әсіресе
бітісіп ӛсіп кеткен (адгезивный) перитонит рефлекторлы тҥрде қарындар
қимылдарын бәсеңдетеді. Кекірінуді қиындататын ӛңеш аурулары әрдайым
туындаған тимпанияны тудырады. Қой мен ешкілерде аурудың бҧл тҥрі фито-
пилобезоардың пилорусты не он екі елі ішекті толық не жартылай бітеулерінен
пайда болады.
Әлсіреген бҧзауларда мес қарынның созылмалы кебуі, кӛбінесе сҥтпен
қоректенуден ӛсімдікті азықтарға кӛшіргенде пайда болады. Тимпанияның бҧл тҥрі,
кӛбінесе жас шағында қатты ауырған немесе сапасыз пішенмен азықтанған және
минералды заттар мен витаминдер жетіспеулерін сезінген бҧзауларда жиі
байқалынады.
Дамуы. Ауырған жерден (тақия, қатпаршақ қарындар, ҧлтабар, ішектер,
бауыр, іш қуысының және басқа да жҥйелердің ағзалары) шыққан рефлекторлы
импульстар мес қарынның қимылын бәсеңдетеді, сол себепті азық жыны әдеттегіден
кӛп мезгіл жатып қалады да ашу, әсіресе шіру процестері кҥшейіп газдар және улы
заттардың қҧралулары тездетіледі. Азықтанудың кӛп мезгіл бойы бҧзылуы, дененің
уыттануы, біраз ағзалардың қызметтеріне нҧқсан келтіріп малды арықтатады.