132
шалдыққан жануарлардың саны ең жоғарғы шегіне жетеді. Аурудың жіті тҥрімен
қатар жітіден тӛмен тҥрі де байқалады. Иммунды жануарлардың саны арта тҥседі.
Індеттің ӛшу сатысы. Індеттену шегіне жеткеннен кейін ауруға жаңадан
шалдыққан жануарлардың саны кеми бастайды. Бҧл кезде аурудың қоздырушысына
қарсы иммунитет біршама артады, инфекция қоздырушысының берілу тетігі
бҧзылады. Бҧл кезеңде аурудың ӛшкен белгілері басым болып, жітіден тӛмен
созылмалы ӛршуі, ҥдемелі басым болады.
Індеттің соңғы сатысы – аурудың одан ары тарамай тоқтаған уақыты. Бҧл
кезеңде иммунитеті ӛте кҥшті жануарлардың саны тым жоғары деңгейге жетеді.
Аурудың жаңадан байқалуы бірен-саран ғана болады. Белгісі білінбеген инфекция
мен микроб алып жҥру басым болады.
Бақылау сұрақтары:
Инфекция және жҧқпалы ауру.
Ауру қоздырушысының берілу механизмі және таралу жолдары.
Індет процесін қҧрайтын негізгі буындар
Достарыңызбен бөлісу: