Бағдарламасы бойынша. Геморрагиялық диатездер. Лейкоз. Дәрістің жоспары



бет3/7
Дата24.11.2023
өлшемі26,37 Kb.
#125384
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
10 ЛЕКЦИЯ Қан түзу жүйесі аурулары

Клиникалық көрініс
Клиникалық белгілері бойынша жеңіл, орташа, ауыр деңгейге бөлінеді.
Жеңіл деңгейі.
Гемоглобинның мөлшері: 90-100 г/литр, эритроциттар: 3-4 х 10.12 мм.
Бұл деңгейді кейде анықтамау мүмкін, себебі баланың жағдайын-да аса өзгерістер болмай, қанағатты болады. Тек жеңіл әлсіздік, табетінің төмендеуі, кішкене бозарған және болымсыз нәрсеге қо-зып кету болады.
Орташа деңгейі.
Гемоглобинның мөлшері: 70-90 г/л, эритроциттар: 2,0-3,0 х 10.12 мм.
Баланың жалпы жағдайы нашарланады, әлсіздік анықталады, ен-жарлық басады, тәбеті төмендейді, болымсыз нәрсеге бала жылай береді. Баланың терісі құрғақ болады, шаштары жіңішкеленіп си-рек болады. Пульс жиіленеді, фонендоскоппен тыңдағанда жұрек-тің ұшында систолалық сырылдаған дыбыс естіледі
Ауыр деңгейі.
Гемоглобинның мөлшері: 70 г/л және темен, эритроциттар: 2,0 х 10.12 мм.
Бұл деңгейде клиникалық белгілер баптап айқын болады. Ең ал-дымен, баланың терісі және көзге түсетін сілемейлі қабықшалар бозарып кетеді. Эпителийден түзілген тіндердің зақымданулары көріне бастайды: тері құрғақ және қатпарлы болады, тырнақта-ры сынғыш болады, шаштары жұқарып сынғыш болады, баланың ауызының бұрыштарында сызық жарықтар пайда болады. Қол-аяқтары суып турады және бұлшықеттері әлсіз - гипотония бола­ды. Тәбеті кұрт темендеп, кейде қалыптан тыс жағдайлар болады, мысалы бала топырақты жей бастайды. Сол себептен баланың салмағы әспей қалу мүмкін. Жұректің үшінде систолалық сырыл-даған дыбыс естілу мүмкін. Кейде баланың бауыры және көк бауыры улғайып кетеді.
Диагностикасы
Клиникалық белгілер және зертханалық нәтижелердің сипаттамасына бойынша қоюға болады.
Қанның көрсеткіштерінде эритроциттардың саны кұрт төмендеген болды.
Гемоглобинның мөлшері аз болса – гипохромды анемия,
мөлшері көп болса – гиперхромды анемия,
мөлшері дурыс болса – нормохромды анемия деп, диагнозды қояды.
Қандағы темірдің мөлшері керекті көрсеткіштен 2 – 3 есе аз болса, онда оны теміртапшылықты анемия деп белгілейді.
Қанның ішінде пішіні өзгерген эритроциттар (Жолидың денесі, Кэботтың денесі) болса, ол витаминтапшылықты анемияның белгісі болып табылады.
Қанда әр түрлі негізуыздың мөлшері керекті нормаға сәйкес болмаса, онда ол нәруызтапшылықты анемияның белгісі болды.
Егерде, қанда лейкоциттардың және тромбоциттардың саны азайып кетсе, онда ол гипо – және апластикалық анемияның белгісі болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет