Бағдарламасы бойынша. Геморрагиялық диатездер. Лейкоз. Дәрістің жоспары



бет2/7
Дата24.11.2023
өлшемі26,37 Kb.
#125384
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
10 ЛЕКЦИЯ Қан түзу жүйесі аурулары

Көрсеткіш

Жаңа туған бала

Емшек жасындағы бала

Бір жастан кейінгі балалар

1

Гемоглобан /Нв/

170-250 г/л

110-150 г/л

120-150 г/л

2

Эритроциттер /Э/

4,5-7,5 х 1012

3,5-4,0 х 1012

4,5-5,0 х 1012

3

Лейкоциттер /L/

10-30 х 109

10-11 х 109

6-8 х 109

4

Тромбоциттер /Т/

20-25 х 1010

20-30 х 1010

20-30 х 1010

5

Түсті көрсеткіш

0,8-1,0

0,9-1,0

0,9-1,0

Қан ауруларының ішінде ең жиі кездесетін ауру – анемия. Анемияның тіпті ең жеңіл түрлерінің өзі баланың ағзасын әлсіретіп сақтану күштерін төмендетеді, баланың өсіп-дамуын тоқтатады. Анемиямен ауырған балаларда басқа аурулар өте ауыр өтеді. Сондықтан анемияны – фондық ауру деп атайды.


Қанның бір мөлшерінде эритроциттардың саны кұрт азайып кет-кен патолоиялық жағдайды «анемия» деп атайды.
Бұл патология көбінесе жас, 1-7 жастағы балаларда жиі кездеседі.
Бұл кезеңде балалардың денесі өте жылдам ширап өскендіктен, қан қорытатын ағзалар және қан түзілүі дененің дамуының ар-тынан үлгермей қалады, сондықтан гемоглобинның көрсеткіші және эритроциттардың саны кұрт төмендеп кетеді.


Анемияның жіктемесі
1) Тапшылықтық анемиялар: теміртапшылықты, витамин-
тапшылықты, негізуызтапшылықты.

  1. Гипо және апластикалық анемиялар: туа біткен және иеленген.

  2. Геморрагиялық (қан кету) анемиялар: жіті қан кетуден болған анемия, созылмалы қан кетуден болған анемия.

  3. Гемолитикалық - қан езіліп бұзылғаннан болған анемия: туа біт-кен және иеленген

  4. Басқа әртүрлі аурулардың асқыну ретінде болған анемиялар.



Тапшылықтық анемиялар
Гемоглобинның молекуласын құрамына кіретін керекті заттар организмге тағам арқылы түспей немесе түскен заттар асқазан-і-шекте қорытылмай және сіңбей қалған патологиялық жағдайлар-ды «тапшылықтық анемия» деп атайды. Көбінесе, тағам арқылы керекті заттар түспейтін анемия - оны «көректену анемиясы» - «алиментарная анемия» деп атайды. Нәрестені ешкінің сүтімен көректегеннен алиментарная анемия түзіледі. эритроциттардың пішіні өзгереді - пойкилоцитоз, анизоцитоз болады.


Этиологиясы
Бала мерзімінен ерте туғаны, емшек ембей жасанды тағамдармен көректенуі, бір қалыпты тағамдармен (мысалы, сүт ұнтағымен ғана) узақ уақыт көректенуі, етсіз тағамдармен көректенуі, бала жиі-жиі ауырғаны, рахит, гипотрофия - осылардың бәрі заталмастыруды бұзып, (соның ішінде темірдің сіңүін бұзып) тапшылықтық ане-мияға әкеліп соғады. Қанда темір аз мөлшерде болғандықтан, ге­моглобинный, құрастырылу үрдісінде соның жетіспеушілігі болға-ны анемияға әкеліп соғады.
Организмге негізуыз аз мөлшерде түсетін болса, гемоглобинның құрамындағы ерекше негізуыз - «глобин»ның жетіспеушілігі пай­да болады. Ал, сол негізуызсыз гемоглобинның қызметі - оттегіні алып, гемоглобинный, ішіне бекіту, толық орындалмайды.
Витаминдердің тапшылығының арасында, ең маңызды В-12, В-1, В-2; PR С, В-6 сияқты витаминдерсіз гемоглобинның түзілүі толық болмайды. Сол себептен, гемоглобин толық мөлшерлі оттегіні алып, тарай алмай, тапшылықты анемияға әкеліп соғады. Сұйек-тердің қызыл миларында қанның формалық денелерінің түзілүіне әсіресе В-12 және фолий қышқылы өте маңызды болып табылады, себебі оларсыз гемоглобин дурыс түзілмейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет