Лекция 10. Бағалаудың басқа түрлері.Суммативті (қорытынды) бағалау, диагностикалық бағалау жүйесі, өзін – өзі бағалау.
Жоспар: Суммативті (қорытынды) бағалау
Диагностикалық бағалау жүйесі
Өзін – өзі бағалау
Суммативті (қорытынды) бағалаубелгілі бір уақыт аралығында тақырыпты, тарауды оқып болғаннан кейін оқушының білімінің, іс-әрекетінің, дағдысының, құзіреттілігінің қалыптасу деңгейін анықтауға арналған. Суммативті бағалау көптеген тексеру жұмыстарының нәтижелері бойынша жүргізіледі. Тексеру жұмыстарына қойылған бағалар қорытынды бағаны анықтауға негіз болады.
Суммативті (қорытынды) бағалаудың мақсаты - белгілі бір уақыт аралығында оқушының меңгерген білімінің, іс-әрекетінің, дағдысының, құзіреттілігінің қалыптасу деңгейін анықтау және алынған нәтижелердің стандарт талабына сай болуын анықтау.
Суммативті бағалауды практикада жүзеге асыру әр түрлі бақылау-тексеру жұмыстарын жүргізуді талап етеді. Бақылау – тексеру тапсырмаларын құрғанда оның сұрақтары мемлекеттік білім беру стандартының мазмұнына және пәндік оқу бағдарламасына сай құрылуы қажет. Оқушының жетістігінің деңгейін тексеру үшін мұғалімдер әдетте дайындалған сұрақтар нұсқасын, тесттерді немесе оқулықтағы әр параграфтың, тараудың соңындағы сұрақтарды пайдаланады. Сонымен қатар мұғалімдер өз тәжірибелерін, қосымша әдебиеттерді пайдаланып, өздіктерінен тапсырма сұрақтарын құруға болады.
Осылайша, мұғалімнің оқушылардың белгілі бір оқу нәтижелеріне жетуін қамтамасыз ететін дәстүрлі құралдарынан (әдістемелік нұсқау т.б.) бөлек бұл технология мынадай дәстүрлі емес ресурстарды ұсынады:
Оқу нәтижелерін жоспарлау ресурстары:
оқушыныңоқунәтижелерін ой операцияларыныңкүрделілігіне
қарай тізбектеп қоюға (ранжирование) мүмкіндік беретін талаптар;
оқушының түйінді құзіреттіліктерді қалыптастыруға берілетін
еркін мазмұнды жүзеге асыруға қойылатын талаптар.
Диагностикалық бағалау – оқушының білімінің, іс-әрекетінің, дағдысы мен құзіреттілігінің қалыптасуының алғашқы деңгейін анықтау. Диагностикалық бағалау әдетте оқу жылының басында немесе бір тақырыпты, тарауды оқытудың алғашқы сабағында жүргізіледі.
Бағалаудың бұл түрі оқушыға да, мұғалімге де қазіргі жағдай мен талаптар туралы дұрыс көзқарас қалыптастыруға мүмкіндік береді. Диагностикалық бағалаудың қажеттілігі мыналар арқылы анықталады:
а) оқушылардың даярлық деңгейінің әр түрлілігі;
б) оқыту мазмұнын тізбектей қалыптастыру;
в) оқушының білім алу процесі мен оқытуда «таяу арадағы даму аймағына» сәйкес талаптар мен мүмкіндіктерінкөре білу қажеттілігі.
Диагностикалық бағалаудың мақсаты пән бойынша тақырыпты немесе тарауды оқуды бастарда оқытудың мақсатына қатысты оқушының алатын орны туралы ақпарат алу болып табылады. Диагностикалық бағалау мұғалімге оқушының сұранысы бойынша оқу жоспарын өзгертуге немесе алдағы уақытта оқып- үйренуде туындайтын қиындықтарды жеңуді болжауға көмектеседі.
Диагностикалық бағалаудың бірінші буыны – оқушының бір тақырыпты, курсты оқығанға дейінгі жинақтаған білім қорына немесе дағдысы мен құзіреттілігінің деңгейіне сүйеніп, оның білім алу деңгейін алдын ала сараптау (алдын-ала тест алу). Бұл жұмыс мұғалімге жаңа тақырыптың қай бөлігінде оқушыға қиындық туындайтынын анықтауға және бұл қиындықтарды болдырмау қадамдарын жоспарлауға көмектеседі.
Педагогтар алдын-ала тест алудың мақсаттарының тізбегін анықтады:
оқушының көзқарасынан пәннің маңызды аспектісін бөліп қарау;
оқылатын тақырыпқа қызығушылық туғызу;
оқытылатын тақырыпқа оқушылардың күтуін туындату.
Алдын ала тестілеу диагностикалық бағалаудың жалғыз түрі емес екенін байқаймыз. Тақырыпты оқытудың алғашқы кезеңінде сол курс бойынша ой қорыту және болжам жасау үшін рефлекстік жағдайлар туындатуға болады. Бұл кезеңде тақырыпты, бағдарламаны, оқытылып жатқан курстан не күтетінін талқылау керек.
Диагностикалық бағалаудың екінші буыны – жаңа тақырып бойынша оқушының білімін, іс-әрекеті мен дағдысын, құзіреттілігін тексеру болып табылады. Мұғалім тестілеуді тақырыпты оқудың соңында жүргізіп, оқушы өтілген тақырыпты қаншалықты дұрыс қабылдағанын, құзіреттіліктерді меңгеру дәрежесі туралы ақпараттар алады.