Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті
Физика-техникалық факультеті
РЕФЕРАТ
Метрология, стандарттау және сертификаттау
Орындаған: Мұратбаев Ж.А.
Қарағанды 2020
Тақырыбы: Метрология, стандарттау және сертификаттау ролдері 1. Қазіргі замандағы өндірістегі метрологияның ролі 2. Қазіргі замандағы өндірістегі стандарттаудың ролі 3. Қазіргі замандағы өндірістегі сертификаттаудың ролі Негізгі әдебиеттер: [1-4] Қосымша әдебиеттер: [5-7] Әдістемелік нұсқаулар Тапсырмаларды орындау үшін ұсынған әдебиеттерді, сонымен бірге бұқаралық, ғылыми-бұқаралық, газет, журналдар, телевизиялық бағдарламалар, ғаламтор ақпаратын пайдаланып және шығармашылық түрде орындауға болады . Әдебиет дерек көздерін талдау, проблеманың интерпретациясы, жазбаша жұмысты дайындау және оқыған тақырыпты кен тарату ұсынылады. 1. Жоспарланған тақырып бойынша материалды жинау. 2. Жұмыстың жоспарын, мақсат және міндеттерін құру. 3. Жұмысты рәсімдеу. 4. Графиктер, диаграммалар құру. Жұмыстың қорытынды рәсімдеуі. Рефератты жазу және рәсімдеуге әдістемелік нұсқаулар . 1. Парақ форматы – А4. 2. Парақтың параметрлері – жоғарғы және төменгі жақтары – 2 см, сол және – 2 см. он жағынан 3. Текст шрифты – 14 кегль 4. Аралық интервал – бірінші. 5. Жұмыстың көлемі – 15 бет. Әдебиет тізімінде кемінде 20 дерек көздер
Метрология, стандарттау және сертификаттау ролдері Метрология – ертеден келе жатқан және салыстырмалы ғылыми жазба өлшемінен нақты және қазіргі заман ғылыми-техникалық өрлеу сипаттамасын баяндайтын көне ғылым.
Метрология саласы бойынша алғаш рет Қазақстанда 1923 жылы Омбы Тексеру өлшем палатасының Семей бөлімі ашылды. 1925 жылы бұл бөлім өзінше тексеру палатасына айналды. 1929 жылы 1 қазанда Семей Салмақ және өлшем палатасы, Қазақстан Аймақтық салмақ және өлшем тексеру палатасына ауыстырылды. 1930 жылы Қазақ КСР-нің Халық Комиссарлар Кеңесінің шешімімен Қазақ Аймақтық тексеру палатасы Семейден Алматыға көшірілді. 1931 жылы Қазақ Аймақтық тексеру палатасы Қазақ Аймақтық стандарттау бюросы деп аталынды. 1933 жылы Қазақ Аймақтық стандарттау бюросы Қазақ КСР НКВД қарамағындағы Орталық салмақ және өлшем басқармасына, ал кейін 1935 жылы Қазақ КСР НКВД қарамағандағы Салмақ пен өлшем бөліміне айналды. 1938 жылы Казақ ҚСР Халык Комиссарлар кеңесіндегі өлшем және өлшеу приборлары жөніндегі комитетінің уәкілдер басқармасы деп аталынды. 1971 жылы КСРО Мемстандартының Қазақ Республикалық басқармасы құрылды. 1993 жылы 18 қаңтарда Қазақстан Республикасының «Өлшеулер бірлігі туралы» Заңы қабылданды. 1994 жылы біздің ел заңды түрде Метрология Халықаралық ұжымына және ИСО-ға уәкілдік мүшесі ретінде кірді.
Метрологиялық қызметтің басты мақсаты азаматтардың құқықтары мен ел экономикасының мүдделерін «Өлшемдердің бірлігін қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес жүзеге асырылатын өлшеудің күмәнді нәтижелері салдарынан қорғау болып табылады.
Қазақстан Метрология бойынша 8 халықаралық және аймақтық ұйымдардың, атап айтқанда: Өлшемдер мен салмақтар жөніндегі бас конференциясының (ӨСБК), Заңды метрология жөніндегі халықаралық ұйымның (ЗМХҰ), Халықаралық өлшемдер конфедерациясының (ИМЕКО), Мемлекеттік метрологиялық мекемелердің еуразиялық ынтымақтастығының (КООМЕТ), Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі мемлекетаралық кеңестің (МАС), Метрология, аккредитация, стандарттау және сапа жөніндегі Орталық Азиялық ынтымақтастығының (МАСС ОАЫ), Азия-Тынық мұхит метрологиялық бағдарламасының (АРМР) мүшесі болып табылады.
Бүгінде метрологияның құқықтық және нормативтік қорын Қазақстан Республикасы Үкіметінің 6 қаулысы, комитеттің 11 бұйрығы және 130-ға жуық мемлекеттік стандарттары мен нормативтік құжаттары құрайды. Соңғы жылдары өлшем бірегейін қамтамасыз ету саласында 28 мемлекеттік стандарт жасалды және МӨЖ мемлекеттік стандарттарына 4 өзгеріс енгізілді.
Қазіргі уақытта Астана қаласындағы жаңа Эталон орталығында халықаралық талаптарға сай зертханалар орналасқан. Эталондық база 87 эталоннан және эталондық жабдықтар бірліктерінен тұрады, соның ішінде 49 бірлік мемлекеттік эталондар, 17 бірлік жұмыс эталондары және 21 бірлік эталондық жабдықтарды құрайды.
Өлшеу бірегейлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізіліміне мыналар кіреді: өлшеу құралдарының бекітілген 3848 түрі (олардың 1047-сі алыс шет елдерінің ӨҚ түрлері, 334-і отандық өндірушілердікі, 2467-сі сынақ өлшеу құралы); заттар мен материалдардың құрамдары мен қасиеттерінің 857 стандартының түрі (116-стандартты үлгілердің бекітілген түрлері, 741 – республикада қолдануға жіберілгендер); метрологиялық аттестаттаудан өткен 1483 өлшеу құралдары; ӨҚ-ны тексерудің 3132 әдістемесі тіркелген.
Бүгінгі күні метрологиялық жұмыстарды жүргізу құқығына 371 заңды тұлға аккредиттелген, соның ішінде тексеру құқығына – 330, калибрлеу құқығына – 24, тәуелсіз эксперттік бағалауды жүргізу құқығына – 3, ҰӨӘ метрологиялық аттестаттау құқығына – 3, олардың 283-і ӨҚ-ын жөндеу құқығына, 39-ы ӨҚ-ын жасау құқығына, 265-і мемлекеттік рәміздер және олар бейнеленген нысандарды жасау құқығына ие болды.
Мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталық қызметін «ҚазИнМетр» РМК атқарады, оның базасында Астана қаласында өлшеу құралдарын сынақтан өткізудің мемлекеттік орталығы құрылды және оны жабдықтау үшін электромагниттік үйлесімдікті, климаттық және механикалық әсерлерді сынау үшін арналған жабдықтар сатып алынды. Сынақты өткізудің мемлекеттік орталығының сынақ зертханасы ҚР СТ ИСО/МЭК 17025-2001 «Сынақтық және калибрлік зертханалардың құзырлылығына қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес ұлттық аккредиттеу жүйесінде тіркелді.