Педагогикалық әдебиеттерде «педагогикалық технология» ұғымы үш бағытта қолданылады:
1) жалпы педагогикалық денгей–белгілі бір аймақтағы, оқу орнындағы білім беру үдерісін сипаттайды;
2) жеке пәндік-әдістемелік деңгей–жеке пән әдістемесі ретінде қолданылады;
3) элементтік (бөлімді) модельді деңгей-оқу-тәрбие үдерісінің жекелеген бөлігінің технологиясы ретінде қарастырған. Белгілі ғалым- әдіскер В.М. Монахов «Педагогикалық технология бұл оқушы мен мұғалімнің оқу үдерісін жобалап және ұйымдастыруға бірігіп қызмет етуіне қолайлы жағдай туғызатын, әбден ойластырылған педагогикалық ісәрекетінің үлгісі»-, деп тұжырымдайды.
Достарыңызбен бөлісу: |