Бағдарламасы бойынша глоссарий


«SMARТ - талдау» әдістемесі



бет26/57
Дата11.01.2022
өлшемі130,2 Kb.
#23920
түріБағдарламасы
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   57
«SMARТ - талдау» әдістемесі:

Specific - өзектілігі айқындалуы, нақтылығы;

Measurable - өлшеуге болатындығы;

- Achievable – қолжетімдігі;

Related – шынайылығы;

Times-bound - уақыт шектеулерінің белгіленуі):

«Бағалау» термині «жақын отыру» дегенді білдіретін латын сөзінен шыққандығы кездейсоқ емес, себебі бағалаудың негізгі сипаты бір адам басқа адамның не айтып, не істегенін немесе өзін-өзі бақылау жағдайында өзінің дербес ойлауын, түсінігін немесе тәртібін мұқият бақылауы болып табылады.

Бағалау – одан арғы оқу туралы шешімді қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин. «Бағалау» (appraisal) сөзі тағы басқа мағыналарды білдіреді. Ол бағалау әрекетін, бағалау қорытындысын, немесе зерттеу нәтижесі бар есептің мағынасын білдіруі мүмкін. Бағалау – бірде бастапқы деректерден бірдей қорытынды, нәтиже шығатын ғылым. Бағалаушы – белгілі бір обьектіге бағалау жүргізуге арнайы білімі бар маман. Бағалаушының және бағалаудың анықтамасын қарастырайық: Бағалау мақсаты – құн туралы қорытынды жасау, Бағалаушының мақсаты – мақсаты анық белгіленген бағалауға қорытынды жазған кезде тәуелсіз және үшінші жақ етінде әрекет ету. Критерий – ұсынылған талаптарға сәйкес бір нәрсені бағалау бойынша шешім қабылдау ережесі, негіздемесі және белгісі. Әр критерийдің дискрипторы болады, онда оқу тапсырмасының орындалу нәтижесінің дұрыстығы туралы нақты түсінік беріледі. Дискрипторға сәйкес бағалау оқушының қойған мақсатына жетуін анықтайды.

Критериалды бағалаудың басты ерекшелігі:

- алдын-ала ұсынылған бағалау шкаласы;

- анық, айқындылығы;

- бағаның әділдігі;

- өзін бағалауға мүмкіндіктің берілуі «Критериалды бағалау технологиясы» пәнінің мазмұны студенттердің білім деңгейінің жетістігін бағалау 5 критерий (А,В,С,D,F) бойынша құрастырылды. Әрбір критерий тапсырмалары жүйелі орындауға бағытталған. «Тапсырма» сөзі бұл арада кең ауқымда қолданылады – ол мұғалімнің сұрағы, жаттығуы, шығармасы, жобасы және т.б. болуы мүмкін.


Білім А


Меңгеретін және берілетін білім негіздерінің критерийі

Білім алушылар мен мұғалім

Тест тапсырмалары; терминдер мен ұғымдарды жатқа айту; анықтамалар мен атауларды қайталау, олардың қолдану тәртiбi.


Түсіну В


Білімді қабылдап, түсіну критерийі

Оқушылардың белсенділігі

Ойды қозғау және аяқтау; графикті, суреттерді түсіндіріп беру.


Қолдану С

Алған білімді қолдану критерийі

Студенттің шығармашылығы

Шығармашылық оқу тапсырмалары, жеке – дара жұмыс жасау мақсатын түсіндіру; берілген болжамды тексеру.


Жинақтау D


Білімді жай қабылдамай, талдап, саралап салыстыру критерийі.

Білім алушының өз іс – әрекеті мен белсенділігі

Білімді жүйелеу және білімді топтастыру; салыстыру;


Талдау F


Алған білімнен жаңа өнім жасап шығару критерийі

Білім алушының өз іс – әрекеті мен белсенділігі

Талдау, шешімін табу, алгоритм құрастыру, жүйелеу, зерттеу

Баға (сыни өзіндік пікір)

Өз пікірін білдіріп, сынап, жоққа шығару, мақұлдамау критерийі

Білім алушылар мен мұғалім

Нәтиже шығару.


Мұндағы: түсіну, жинақтау, талдау – бұл категориялар ойлау үдерісінің операциялары және танымның әдістері болып саналады. Блум таксономиясын 1956 жылы америкалық психолог Бенджамин Блум когнитивтік ортада педагогикалық оқу мақсаттарын болжайтын алты ойлау дағдылары: білу, түсіну, қолдану, талдау, синтез, бағалау арқылы топтастыруды ұсынды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет