Бағдарламасы бойынша глоссарий


Критериалды бағалау шкаласы (рубрикаторлар)



бет57/57
Дата11.01.2022
өлшемі130,2 Kb.
#23920
түріБағдарламасы
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   57
Байланысты:
Ба дарламасы бойынша глоссарий (1)

Критериалды бағалау шкаласы (рубрикаторлар).


Критерий

Тапсырма №

Дескрипторлары

Тексерілетін жұмысқа қойылатын ұпай

Жетістік-тер деңгейі

А

1

Төменде көрсетілген критерийлердің бірі де орындалған жоқ.

0



6

Оқушы зат есімнің мағыналарын анықтап, олардың түрлерін салыстыра алады

2

2

Төменде көрсетілген критерийлердің бірі де орындалған жоқ.

0

Оқушы зат есімнің мағыналарын анықтап, олардың түрлерін нақты салыстыра алады

2

3

Төменде көрсетілген критерийлердің бірі де орындалған жоқ.

0

Оқушы зат есімнің мағыналарын анықтап, олардың түрлерін мысалдар арқылы салыстыра алады

2


В

4

Төменде көрсетілген критерийлердің бірі де орындалған жоқ.

0


6

Оқушы зат есімнің мағыналық топтарын анықтап,олардың септелу жолдарын мысалдар арқылы түсіндіре алады

2

5

Төменде көрсетілген критерийлердің бірі де орындалған жоқ.

0

Зат есімнің сұрақтары, көптік мәнде берілген зат есімдерге мысал келтіре алады.

2

6

Төменде көрсетілген критерийлердің бірі де орындалған жоқ.




Зат есімнің сұрақтары, көптік мәнді зат есімдерді анықтай алады.

2



С

7

Төменде көрсетілген критерийлердің бірі де орындалған жоқ.

0

4

Талдау дұрыс жазылған

1

Тілдік бірліктерді дұрыс қолдана біледі

1

Тәуелдеуді дұрыс түрлендірген

1

Оқушы мәндерді дұрыс қойып, дұрыс жауабын ала алады

1

8

Төменде көрсетілген критерийлердің бірі де орындалған жоқ.

0



4

Оқушы талдау жүргізе алады

1

Түбір мен жалғауды ажырата алады

1

Морфологиялық таладу жасай алады

1

Дұрыс жауабын шығарады

1

6

Төменде көрсетілген критерийлердің бірі де орындалған жоқ.

0



6

Талдау дұрыс жасалған

1

Тілдік бірліктерді дұрыс қолдана білген

2




Сөз таптарына дұрыс талдау жасай алады

2




Дұрыс жауап бере алады

1

Жауап парағы:




Оқушының

аты - жөні

Критерийлер бойынша ұпайлар

Ұпай жиыны

Бағасы

А

В

С







1




6

6

14

28




2



















немесе

Жиналған ұпайларды мектеп бағасына ауыстыру:



Жиналған ұпай саны

Бағасы

24-28 (85-100%)

«5»

20-23 (70-84%)

«4»

14-19 (50-69%)

«3»

13-0 (0-49%)

«2»

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

1.Шунк Дейл X. Оқыту теориясы: Білім беру көкжиегі. - Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2019 жыл. - 608 бет.

2.Әбілқаев А., Бейсембайқызы З. Қазақ тілін оқыту әдістемесі.-Алматы:ЖШС «Інжу-Маржан», 2015.-293б.

3.Дәулетбекова Ж.Т.Сөз мәдениеті-тілдік білім нәтижесі.–Алматы:ҚБТУ, 2016.-246б.

4.Нағымжанова Қ.М.Инновациялы-креативті технологиялар.-Өскемен, 2015.-270б.

5.Әлімов А. Интербелсенді әдістерді жоғарғы оқу орындарында қолдану.-Алматы, 2015.-284б.



Қосымша

1. Тренерге арналған нұсқаулық. Бірінші басылым «Назарбаев Зияткерлік мектептері»ДББҰ, 2015. –Астана. –72б.

2.ҚР педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының бағдарламасы.Мұғалімге арналған нұсқаулық. Екінші (негізгі) деңгей.Үшінші басылым. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, 2016. –Астана.

3.Мирсеитова С.С. Становление и развитие философии учителя: гуманистическая парадигма. -Алматы: Верена. 2008.-260 с.

7. Амонашвили Ш.А. Обучение. Оценка. Отметка. [Оқу. Бағалау. Баға]. – М.: 1980.

4.Красноборова А.А.Критериальное оценивание в школе: Учебное пособие.– Пермь,2010.– 84 с.


Лекция 14. Топпен бірге жұмыс кезінде оқушылардың оқудағы жетістіктерін бағалау

Жоспар:

Топтық жұмыс әдісімен оқушылардың жетістіктерін бағалау.

Топтық жұмыс әдісін бағалау формативті бағалауға тигізетін үлесі.

Топтық жұмысты бағалаудың бағыттары

Мұғалімдердің жиі қоятын сұрақтары:

  • Топтық жұмыс әдісімен оқушылардың жетістіктерін қалай бағалауға болады?

  • Топтық жұмыс әдісін бағалау формативті бағалауға қандай үлесін тигізеді?

Топпен бірге жұмыс жасау кезде қандайда бір істің атқарылуы маңызды емес, оның топпен қалай жасалғаны маңыздырақ. Бұл жағдайда жұмыстың нәтижесі ғана бағаланбайды, сонымен қатар жұмыс барысы да бағалануы тиіс, өйткені топта жұмыс істей білу оқушыны қалыптастырудағы өте маңызды құзіреттілік (компетенция). Бұл жағдайда формативті бағалау оқу процесінің бір бөлімі болып табылады, себебі топпен бірге жұмыс істеу арқылы оқушылар бір-бірімен ақылдасып, сұрақтар қойып олар өзара байланыс жасайды. Осы арада ұстаздың топтық жұмыс кезінде міндетті түрде бағалау керек еместігін есте ұстағаны жөн.

Топтық жұмысты бағалаудың бірнеше бағыттары бар.

  • ұстаздың әрбір топтың белсенділіктерін бағалауы;

  • ұстаздың белсенді қатысып отырған оқушыларды бағалауы;

  • өзін-өзі бағалау - топпен бірге жұмыс кезіндегі оқушылар мен мұғалімнің

байланысын бағалауы;

Топпен бірге жұмыс істеуді ұйымдастырғанда мұғалім төмендегі шарттармен таныстырып өтуі керек.



  • Топтық жұмыстың мақсаттарын хабарлау және оның оқытылатын тақырыпты оқыту әдісімен үйлесімділігі;

  • Тапсырмаларды бағалау кезіндегі сындарды анықтау;

  • Соңында кім бағалайтыны жайлы хабарлап алу; (мұғалімнің өзі; мұғалім мен оқушылар бірлесе отырып; тек қана оқушылардың өздері; арнайы әділқазылар)

  • Топтық жұмыстың уақыты мен өткізілу түрін анықтау;

  • Бағалаудың ұстанымдарын хабарлау;

Мұғалімнің топтық жұмысты бағалау кезінде топтағылардың әрқайсысына әр түрлі баға қоюы ұсынылмайды, себебі ол топтық жұмыстың белсенділігіне (концепциясына) кері әсерін тигізеді. Бірақ мұндай жағдайда да ұстаздың топтық жұмысқа қатысып отырған және мүлдем белсенділік танытпай отырған оқушылар жайлы айта кетуі жөн.

Топтық жұмыстың бағалануы.

Мұғалім бақылаудың бір түрін құрастырып оны қатысушылармен бірге талқылайды және мақұлдайды. Топтық жұмысты бағалауды қандайда бір уақыт көлемінде, яғни тоқсандықта, жартыжылдықта пайдаланған жөн.



Топтық жұмысты бағала

Топ нөмірі

Топтағы бірлестік (орналастыру және міндеттердің орындалуы)

Тәртібі (басқа топтардағыларға кедергі жасамау, берілген тапсырмадан ауытқымау, айғайламау)

Тапсырманың, тақырыптың, материалдың ашылуы

Топтың басқа мүшелерінің презентацияларын тыңдай білу, сұрақтар қою, толықтыру жасау.

Барлық ұпайы

І

+

+

+++

+




ІІ

+

+










ІІІ

+

-

++

+




ІV

-

-

+

++++




V
















Мұғалім тапсырмаларды берген соң әрбір топ белсенділіктерін бақылап, кестені толтырып отырады. Оқушылар тапсырмаларды орындап жатқан кезде мұғалім кестедегі «Топтық бірлестік» пен «Тәртібі» деген қатарларды толтырады. Ал әр топ өз жұмыстарын баяндап жатқанда, келесі екі катарды толықтырып отырады. Осылайша процесс жалғаса береді. Ең соңында қорытындысын шығарып және нәтижелерді талқылайды. Бұл кезде ұстаз қатысушыларға төмендегідей сұрақтар қоюына болады.

  • Әр топтың жұмыстарының қандай жағымды жақтары болды?

  • Тапсырмаларды орындау барысында қандай кедергілер болды? Оларды қалай жеңуге болады?

Бірінші сұраққа жауап алу кезінде мұғалім қатысушылармен әрбір топтың жұмыстарындағы жетістіктерін айта кетіп ортақ нәтиже шығарады.

Ал екінші сұрақ оқушылардың зейінін пайда болған кедергілерге шоғырландырып, бірлесе шешуді қарастырады.

Топтық жұмыс орындағандағы нәтиже мұғалімнің қандайда бір шешім қабылдауына мүмкіншілік береді.


  • Егер де оң нәтижелер көрсетсе, онда мұғалім тақырыпты ары қарай жалғастыра береді;

Ал егер нәтижелер жоғары болмаған жағдайда, онда ол оқушыларға қосымша тапсырмалар, жаттығулар беріп, тағы да басқа әдістерді қолдана отырып, тақырыпты тереңірек түсіндіре түсуі қажет.

Оқушының жеке қабілетін бағалау.

а) топтық жұмыс кезінде мұғалім әр оқушының жетістіктерін жеке бағалауына мүмкіндік алады. Ол үшін ұстаз «Топтық жұмыс істегенде жеке оқушының қабілетін бағалау» үлгісін қолданады (№6 кесте). Мұғалім алдын-ала (сабаққа дейін) кімді бағалайтыны жайлы жоспарлап алады. (2-6 оқушы)



Топтық жұмыс орындағанда жеке оқушының қабілетін бағалау.


Оқушылардың аты-жөні

  1. Асан

  1. Шынар

  1. Бақыт

4.

5.

6.

Топта әрқайсысына міндеттерді үйлестіріп, өз міндеттерін атқарады.

+

+

+










Идеялар ұсынады

-

-

+










Топ ішіндегі талқылауға белсене қатысады. (ұсынған идеялар, мәліметтерді жетілдіріп, жалпылайды)

+

-

+










Топ қатысушыларына көмектеседі




+

++










Мұқият тыңдап, сұрақтар қояды

+
















Талқылау жүргізе біледі (сыпайы түрде қарсылық көрсетіп, дау тудырған сұрақтарға дұрыс шешім беруге тырысты)

++




+










Топқа берілген тапсырмаға зейін қойып орындайды

+
















Ортақ ұпай



















Мұғалім топтардың тапсырмаларды қалай орындайтын қадағалап, әр оқушының қабілеттіліктерін зерттеп кестеге түртіп отырады. Жұмыстың қорытындысы бойынша оқушыларға бақылаудың қорытындысын жариялап, әрқайсысымен кері байланыс жасап өзіне белгілеп отырады.

б) Мұғалім оқушылардың бірін-бірі бағалау әдісін қолданып, жұмыстарының нәтижесін және оқушылардың қабілеттерін байқап оларды бағалайды. Ол үшін мұғалім қатысушыларға топтағы әріптестерінің жұмыстарын бағалауын сұрайды. Бұл жұмыстың барысында оқушыларға бағаның межелеріне (критерилеріне) назарын аударту қажет.



Топтық жұмысқа бұл үлгіні қолданар алдында мұғалім қатысушыларға осы белгілемелердің қорытындысы жеке оқушының жетістіктерін бақылауға қажет екендігін түсіндіре кетуі керек.

Топтық жұмыс барысында өзін-өзі бағалауы.Мәлiметтің көмегімен алынған бақылаулар және оқушылармен қарым-қатынас орнату арқылы мұғалiмдер талдау жасай отырып, топтық жұмыстағы дағдыларының дамыту деңгейін, оқу материалының меңгерiлуінiң сапасын анықтауға және оқушылардың оқудағы жетістіктерінің сапасын жақсартуы бойынша ары қарайғы қадамдарын жоспарлай алады.

Нәтижесiнде қолданылған әр түрлi формадағы топтық жұмыстың бағалауларын мұғалiм оқушыларға үйрете алады:

(1 ) топта жұмыс iстеу процесін бағалау;

(2 ) өзін-өзі бағалау механизмін қолдану арқылы дайын тұрған жұмыстың күштi және әлсiз жақтарын анықтау.



Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

1.Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер.-Алматы, 2014.-608б.

2.Абдрахманова Р., Кенжебекова Р., Мұсабекова М. Қазақ халық педагогикасындағы идеяларды сыныптан тыс жұмыстарда қолдану. -Алматы, 2014.-204б.

3.Шунк Дейл X. Оқыту теориясы: Білім беру көкжиегі. - Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2019 жыл. - 608 бет.

4.Әбілқаев А., Бейсембайқызы З. Қазақ тілін оқыту әдістемесі.-Алматы:ЖШС «Інжу-Маржан», 2015.-293б.

5.Дәулетбекова Ж.Т.Сөз мәдениеті-тілдік білім нәтижесі.–Алматы:ҚБТУ, 2016.-246б.

6.Нағымжанова Қ.М.Инновациялы-креативті технологиялар.-Өскемен, 2015.-270б.

7.Әлімов А. Интербелсенді әдістерді жоғарғы оқу орындарында қолдану.-Алматы, 2015.-284б.



Қосымша

1. Тренерге арналған нұсқаулық. Бірінші басылым «Назарбаев Зияткерлік мектептері»ДББҰ, 2015. –Астана. –72б.

2.ҚР педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының бағдарламасы.Мұғалімге арналған нұсқаулық. Екінші (негізгі) деңгей.Үшінші басылым. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, 2016. –Астана.

3.Мирсеитова С.С. Становление и развитие философии учителя: гуманистическая парадигма. -Алматы: Верена. 2008.-260 с.

7. Амонашвили Ш.А. Обучение. Оценка. Отметка. [Оқу. Бағалау. Баға]. – М.: 1980.

4.Красноборова А.А.Критериальное оценивание в школе: Учебное пособие.– Пермь,2010.– 84 с.



Лекция 15.Оқушы портфолиосы. «Портфолио» əдісі жəне жəне оның шығу тарихы.

Жоспар:

1. Оқушы портфолиосы

2.«Портфолио» əдісі - оқытудың ең нəтижелі əдісі.

3.Портфолио – оқушының тоқсан немесе оқу жылы жасаған жұмыстары жəне жетістіктерінің айғағы мен дəлелі.

4.Портфолионың қызметтері
 Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында: «Ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау» керектігі атап көрсетілген.

Бүгіні таңда заман талабына сай ұлттық білім беру жүйелерінде көптеген өзгерістер болып жатыр, оқу тәсілдерімен құралдарының бүкіл әлемдегі білім жүйесіне ортақ жалпы элементтері қарастырылуда. Білім беруде ақпараттық технологияларды пайдалану оқыту үдерісін толық өзгертуге, оқытудың жеке тұлғаға бағытталған моделін жүзеге асыруға септігін тигізеді. Қазіргі оқыту құралдары (компьютерлер, телекоммуникациялық байланыс құралдары, қажетті интерактивті бағдарламалық және әдістемелік жабдықтар) оқыту түрлерін жетілдіруге мүмкіндік береді. Мектеп оқушыларына ақпараттық және коммуникациялық технологияларды игерту қазіргі заманда әрбір жеке тұлғаның оқу және жазу қабілеті сияқты сапалармен бірге әрбір адам үшін қажетті шартқа айналуда.

Мектеп оқушыларын, еліміздің болашақ кәсіби мамандарын заман талабына сай тәрбиелеу және оларға жаңаша көзқарас қалыптастырып,  шапшаң шешiм қабылдауға бейiмделудi үйрету - ұстаздар алдында тұрған үлкен міндет. Мектеп қабырғасындағы оқушылардың алған білімдері,  жоғарғы оқу орындарындағы кәсіптік дайындық – маманның өз жұмысына деген шеберлігін қалыптастыруға үлкен ықпалын тигізеді. Педагог ғалым А.Дистервергтің “Нашар мұғалім ақиқатты өзі айтып береді, жақсы мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді“ дейтін қанатты сөзі, мұғалімнің негізгі мақсаты оқушының өз бетімен іс-әрекетін дамытуға бағытталуы тиіс екендігіне көз жеткізеді.

Баланың жан жақты дамуына, өз пікірі мен ойын ашық жеткізуіне, әр адамның қабілетіне қарай жүргізілетін шығармашылық әрекеттерінің толық іске асырылуы тек оқытудың негізгі кезеңдерін толық меңгерген ұстаздың көмегімен іске асатыны баршаға мәлім. Ғылым мен техниканың күн сайын жаңара жаңғырып дамуында күнделікті оқушыға жүргізілетін әрбір пәннің, әрбір сабақтың алар орны ерекше. Ендеше, оқушылардың сабақ барысында белсенділігін көрсетуіне, өзіндік шығармашылық iс-әрекетін дамытуына мұғалімнің шеберлігі аса қажет. Оқушылардың шығармашылық әрекеті – күнделiктi оқу жұмыстарында оқу-танымдық тапсырмаларды жүйелi пайдалану, оқушының жеке ерекшелiктерiне сай оқытудың дәстүрлi емес формаларын пайдалану арқылы бiрте-бiрте қалыптасатын күрделi үрдiс. Шығармашылық iс-әрекет күрделi процесс болғандықтан, мұғалiм мен оқушының бiрлесiп жасайтын сапалы әрекетiн керек етедi.

  Білім беруде, білім мазмұнын оқушының толық меңгеруінде оқытудың педагогикалық жаңа технологияларының алатын орны ерекше. Қазіргі компьютер мен интерактивті бағдарламалық әдістемелік құралдар мұғалім мен оқушылардың қарым-қатнастық формаларын өзгертіп, мұғалімді ақылдаса отырып көмектесетін кеңес беруші ретінде қарастырады. Ал мұндай өзгеріс оқушы жастардың білімге деген ынтасын арттырып, оқушылардың өздігінен жұмыс жасап, көп ізденулеріне бағыттайды. Оқытудың жеке адамға бағытталған қызықты түрлерін енгізуді қажет етеді.

Ғылым мен техниканың қарқынды даму кезеңінде, оқытудың жаңа педагогикалық технологиялары негізінде «оқушы портфолиосы» ұғымы пайда болуда.

Интернет беттерінде, кейбір әдебиеттерде: «Оқушы портфолиосы - оқушының барлық жұмыстарын бір жүйеге біріктіретін, оның білім-біліктілігінің әр түрлі салаларын байланыстыратын жұмыстарының жиынтығы» деген анықтама берілуде. 

Оқушы портфолиосы -  оқушының жұмыс папкасы ғана емес, алдын ала жоспарланған жетістіктерінің өзіндік іріктеулері. «Портфолио» термині - педагогика саласына саясат пен бизнестен келген сөз. Портфолио оқушының оқу-танымдық іс-әрекет өнімдерімен жұмыс жасау технологиясын, формасын, ұйымдастыру үрдісін қарастырады. Өзінің іс-әрекеттер нәтижелеріне баға беруге, оларды талдауға және жеке субъективтік позициясын саналы түсінуге арналған. Ең алдымен оқушы портфолиосының түрлеріне тоқталайық:

1.     Мақсаты бойынша:

жекеменшік портфолио (өзі үшін арналған);

есептік (басшылық үшін);

жобалық (ұжым мен ұйым дамуы үшін);

2.     Мазмұны бойынша:

жетістіктер (белгілі бір бағыттардағы);

рефлексия (мақсатқа жетуді талдау мен бағалау);

проблемалық бағдар (жүйе құраушылары мен қажетті шешімдер);

тақырыптық (негізгі пәндер бойынша маңызды жұмыстар).

Оқушы портфолиосының негізгі функциялары:

1.     Жинақтаушы: оқушы жұмыстарының жиынтығы.

2.     Үлгілеуші: оқушының жеке кәсіби өсу траекториясын қалыптастыру құралы.

3.     Рефлексия-шығармашылық: түрлі технологиялар мен олардың тиімді әдістерін өзіндік талдау мен жобалау.

Оқыту барысындағы оқушылардың іс-әрекетінде ойлау амалы нәтижесінде алған білімін, дағдысын, танымдық белсенділігін арттыру, олардың танымдық әрекеттерінің нәтижесінде біліктілікке қол жеткізу  бүгінгі оқу үрдісінің негізгі мақсаттарының бірі. Сабақта компьютерлік техника жетістіктерін пайдалану оқушыларды шапшаңдыққа, тапқырлыққа, өз бетімен жұмыс жасай білуге үйретеді және оқу процесінің тиімділігін арттыруға ықпал етеді.

Ендеше, оқушы портфолиосын дайындауда осы мүмкіндіктердің барлығына қол жеткізуге болады. Басты мақсат: оушыларға портфолионың аса қажет екендігін, оның мүмкіндіктері мен артықшылықтары жайында мағлұматтар бере отырып, олардың барлығының өзіндік портфолиосының болуына ынталандыру.

Портфолио типін анықтауда жұмыстың мақсаты мен мазмұнына байланысты портфель типін анықтап, жұмыс жоспарына сай міндетті және таңдауы бойынша алынатын бөлімдерді анықтау мұғалім көмегімен жүргізіледі. Оқушы өзінің өзіндік портфолиосын құрып, оны талапқа сай етіп толтыра отырып өзінің материалдарымен толықтырады.

Портфолионы өткізу мерзімі немесе оны тексертуді мұғалім таңдайды. Белгілі бір уақыт сайын, әр тоқсан соңында немесе жыл соңында өткізу алдын ала тапсырылған тапсырмаларға байланысты келісіледі. Оқушы портфолиосының мазмұны мұғалім мен оқушының талап тілектері бойынша құралып, оқыту үрдісін сапалы ұйымдастыруға бағытталады.

Оқушы портфолиосының мазмұны:

        Сыртқы парақ (титульный лист);

•         Жылдық жұмыс жоспары(пәндер бойынша жетістікке жетудегі алға қойған мақсаттар);

•         Шығармашылық жұмыстар (рефераттар, баяндамалар т.с.с.);

•         Шығармашылық тапсырмалардың қорытындылары;

•         Өзіндік білім көтеру мақсатында жиналған материалдар(аудио және бейнематериалдар, фотосуреттер);

•         Сабаққа қажетті, білімді дамыту мақсатындағы материалдар (сызбалар мен кестелер, графиктер мен диаграммалар т.с.с.);

•         Ұжымдық және жеке ғылыми-әдістемелік жобалар.

•         Бақылау-тексеру және тест жұмыстарының қорытындылары.

•         Топтық және ұжымдық жұмыс қорытындылары.

•         Оқу үлгерімі туралы құжаттар.

•         Жетістік баспалдақтарын анықтайтын материалдар(марапаттау қағазы, мақтау қағазы, диплом, алғыс хат т.с.с.);

•         Пікірлер мен ұсыныстар бөлімі(түйіндеме, ұсыныс хат, пікірлер т.с.с.);

Оқушы жыл бойы дайындаған өзіндік портфолиосы арқылы компьютерді оқу үрдісіне, бағдарлы  бағытқа тиімді және ұқыпты пайдалана білу дағдыларын, ақпараттық технологиялардың жетістіктерімен жұмыс жасау іскерліктерін көрсете алады. Жұмыстарының нәтижесінде өздерін өздері бағалай білетін болады. Жұмыс жүргізу нәтижесінде оқушы портфолиосының төмендегідей артықшылықтарын көруге болады:

•         «Портфолио» безендірудегі ұқыптылық пен эстетикалық талғамның болуы;

•         «Портфолио» құрудағы материалдардың құрылымдық және логикалық берілуі;

•         Әр түрлі жұмыс бағыттарын қамтитындығы;

•         Жүйелеуге және толықтырулар енгізуге жағдай жасалуы;

•         Жекелеген және жүйелі өзгерістер енгізу мүмкіндігінің болуы;

•         «Портфолио» құрудағы көрнекіліктің болуы.



Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

1.Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер.-Алматы, 2014.-608б.

2.Абдрахманова Р., Кенжебекова Р., Мұсабекова М. Қазақ халық педагогикасындағы идеяларды сыныптан тыс жұмыстарда қолдану. -Алматы, 2014.-204б.

3.Шунк Дейл X. Оқыту теориясы: Білім беру көкжиегі. - Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2019 жыл. - 608 бет.

4.Әбілқаев А., Бейсембайқызы З. Қазақ тілін оқыту әдістемесі.-Алматы:ЖШС «Інжу-Маржан», 2015.-293б.

5.Дәулетбекова Ж.Т.Сөз мәдениеті-тілдік білім нәтижесі.–Алматы:ҚБТУ, 2016.-246б.

6.Нағымжанова Қ.М.Инновациялы-креативті технологиялар.-Өскемен, 2015.-270б.

7.Әлімов А. Интербелсенді әдістерді жоғарғы оқу орындарында қолдану.-Алматы, 2015.-284б.



Қосымша

1. Тренерге арналған нұсқаулық. Бірінші басылым «Назарбаев Зияткерлік мектептері»ДББҰ, 2015. –Астана. –72б.

2.ҚР педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының бағдарламасы.Мұғалімге арналған нұсқаулық. Екінші (негізгі) деңгей.Үшінші басылым. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, 2016. –Астана.

3.Мирсеитова С.С. Становление и развитие философии учителя: гуманистическая парадигма. -Алматы: Верена. 2008.-260 с.



7. Амонашвили Ш.А. Обучение. Оценка. Отметка. [Оқу. Бағалау. Баға]. – М.: 1980.

4.Красноборова А.А.Критериальное оценивание в школе: Учебное пособие.– Пермь,2010.– 84 с.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет