Екінші турға бірінші турға қойылатын ұпайдың кемінде жартысын (25 ұпай) жинаған оқушылар қатыса алады. Екінші турға қатысушаларға қазақ тілі мен әдебиеттен 5 сұрақ қойылады



Дата13.12.2022
өлшемі16,55 Kb.
#56916
Байланысты:
11-synyp-olimpiada-tapsyrmasy- 2


ІІ тур
11 – сынып


(Қазақ тілі мен әдебиеті)
Екінші турға бірінші турға қойылатын ұпайдың кемінде жартысын (25 ұпай) жинаған оқушылар қатыса алады. Екінші турға қатысушаларға қазақ тілі мен әдебиеттен 5 сұрақ қойылады.

Екінші турдың сұрақтарына берілген жауаптарды бағалау тәртібі:


Әр сұраққа қойылатын ең жоғарғы баға – 10 ұпай, бағалау мынадай критерийлерге негізделеді:
9-10 ұпай – жауабы ерекше, жауап барысында мектеп бағдарламасынан тыс мәліметтер мен деректерді келтіре отырып, терең білім алғанын байқатады;
7-8 ұпай – сұраққа толық жауап берілді, кейбір қосымша мәліметтер келтіре білді;
5-6 ұпай – жауап барынша толық болмады, терминдерді түсіндіруде, анықтамалар мен ережелерді айтуда, сөйлем талдауда кейбір қателер кездесті;
3-4 ұпай – жауабы толық емес, дөрекі қателер кетті;
1-2 ұпай – сұраққа жауаптың қатысы жоқ, нақты емес.
Екінші турдан оқушының жинайтын ең жоғарғы балы – 50. Олимпиаданың екі турынан да жоғары балл ала білген оқушы 100 ұпай жинауға мүмкіндігі бар.





Пән атауы

Мазмұны

1.

Қазақ әдебиеті

1. «...Жігітке нелер келіп, нелер кетпес... Күйген деген сөз боп па.?..Тандырдағы қойдың қиына жауырынын төсегенді былай қойып, сендей асыл батырлар маздаған шоқты уыстап асап жүр ғой, маздаған шоқты қос уыстап асап қоюға да мүмкін. Асап па ең?!. Асамасаң асарсың. Нұрғазыны екі солдатқа сүйретіп апарып қызыл шоққа жыққан мен. Мен – Рекең екеуміз. Қара ормандай сыңсып туған, сыңсып тұрған жұртпыз ғой: біз үшін бала зәру боп па? Марқұм әкейдің жалғыз қалған бастасы, Рекең, баласы Нұрғазының оң қолын шынтағынан қайырып алдық та, қойдың қиы жайнаған жер тандырға аттық та жібердік. Біз үшін бала зәру, азамат зәру, жолдас зәру боп па – аттық та жібердік.

Бұл шығарма қалай аталады? Авторы кім? Үзіндіде қандай мәселе көтерілген?





2.

Қазақ әдебиеті

а) Роман-хроника туралы.Трилогия туралы не білесің?
ә)С.Сейфуллин шығармаларын кімдер зерттеді?

3.

Қазақ тілі

Сұрақтарға жауап беріңіз (әрбір дұрыс жауап үшін 2 ұпай беріледі):


1. «Шешендік өнердің үш трактаты» еңбегінің авторын атаңыз.
Цицерон; Сократ; Платон; Квинтилиан; Аристотель.


2. Жұрт алдында сөйлеуге дайындық неше сатыдан тұрады? 1 , 4 , 3


3. Әлеуметтік-тұрмыстық шешендікке жататын түрді атаңыз.
а) Дипломатиялық сөз
ә) Ғылыми хабарлама
б) Көңіл айту, көңіл сұрау
в) Ғылыми-көпшілік дәріс
г) Уағыздар, иман сөздер
4. Төменде шешендік сөзде ескерілуі тиіс қағидалар . Тиіс емесін белгілеңіз.
а) Шешендік сөздегі әр сөйлемде қамтылған сөздер айтылмақ ойдың бірден-бір дәл қондырған бөлшегі тәрізді болуы керек.
ә) Жазуда, сөйлеуде шешендік сөзді таңдағанда, олардың стильдік ерекшеліктерін ескеру керек.
б) Шешеннің сөз қолдану мәдениетіндегі керекті өлшемнің бірі – сөздің түсінікті болуы.
в) Сөз мәдениетіне жетік болу үшін қазақ тілінің сөз байлығын жақсы білуі керек.
г) Сөз айшықты әрі әуезді болмауы тиіс.
5. Эссе , оның түрлері

4.

Қазақ тілі

Қарамен жазылған сөздерге фонетикалық талдау жасаңыз (дұрыс талдаған 10 ұпай, әр қате үшін бір ұпайдан шегеріледі):
Арқадағы қандыкөйлек достарын қимай, құдандалы елдің ыстық ықыласы мен базынасын қимай, Сарыарқаның бал татыған сары қымызын ішіп жүре тұрайын деп жүрген Жиенбет батыр жасы келіп, шөбере сүйгенде ғана уақыт өтіп, жасы жетіп қалғанын бір-ақ білді. Төсек салдырды да екі жары мен үрім бұтағына соңғы өсиетін айтып, екінші күн дегенде кеш бата пәни-дүниемен хош айтысты.

5.

Тіл мәдениеті

«Жүрегімнің қалауы» мамандыққа байланысты


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет