Бағдарламасы бойынша жарық көрді. Ә. НҰрпеИс. ҚаН меН тер



Pdf көрінісі
бет10/16
Дата21.12.2023
өлшемі3,97 Mb.
#142382
түріБағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16
Байланысты:
0d581f528880c6ae74bf3685d2ef0add

Бәрекелде
, қонаққа шақырғаныңа болайын, – деді 
Дьяков күліп.
Селиванов та мәз. Тағы бірдеңені бүлдіріп алатындай 
айналасын сипалап жүріп, әрең дегенде бір жерден 
сіріңке тапты. Шам жанды. Дьяков стол жанында тұрған 
орындыққа отырды.
– Петр Яковлевич, қонақ болғаныңмен бұл үйде 
қолың қимылдаса ғана аузың қимылдайды, – деді 
Селиванов.
– Көріп отырмын.
– От жағыңыз, мен еденді жуып тастайын.
– Ой, қу бала! Қонақ қып сыйлайды екен десем, мені 
жұмсауға әкелген екенсің ғой.


694
Бұл екеуі қалжыңдасып күліп жүріп үйді жинады. 
Еденді жуды. Шай қайнатты. Селивановтан гөрі үй 
шаруасына қайта Дьяков икемдірек боп шықты. Және 
не істесе де жан-тәнімен ықыластанып істейді екен. 
Шай ішіп, денесі жылынғасын маужырап көзіне ұйқы 
тығылды. Сөйлесіп отырып та, ауық-ауық көзі ілініп 
бара жатады да, жөтел буып оянып кетеді. Қасында 
отырған Селивановты бірде сезсе, бірде сезбейтін 
сияқты. Керек десе, оның ертеден бері көлденеңнен 
өзінен көзін алмай қарап отырғанын да сезген жоқ-
ты. Басы бауырына түсіп, кішкентай қағілез денесі 
бүктетіліп кеткен. Әшейінде бір жақ мықынын басып, 
салақтап жүретін қара құмандай наган жамбасына 
батты ма, Дьяков қозғалып, екінші жағына кисайып 
отырды.
– Петр Яковлевич, жатыңыз, – деді Селиванов.
– А-а?
– Төсек салып берейін, жатыңыз.
– Жоқ, рақмет! Кетем.
– Кеш қой.
Дьяков алақанымен аузын басып есінеді. Сосын 
ұйқы қысып, топырақ түскендей түйнеп отырған көзін 
ашса да, бірақ шақырайған шам сәулесіне қарай алмай, 
қолымен көлегейледі.
– Петр Яковлевич...
– А?
– Өмірің... өміріңізді айтам.
– А, менің өмірім бе? Темекің жоқ па?
– Сізге болмайды ғой.
– Иә, маған болмайды. Сағат қанша болды екен?
– Екі.
– Шығарып салайын.
– Жоқ, қайтесің… – деп, Дьяков бетін ары бұрып, 


695
тағы да алақанымен аузын басып ұзақ есінеді.
– Сен осы жаңа не дедің?
– Жаңа ма?.. Қонып қалыңыз дедім ғой.
– Жоқ, онан басқа... Иә, есіме түсті.
Дьяковтың қалжыраған қажыңқы жүдеу өңіне күлкі 
тепсінді:
– Ему судьба готовила
Век краткий, имя славное,
Чахотку и Сибирь! Иә, бауырым, біздің ұрпақтың 
үлесіне тиген сыбаға осы – деп, Дьяков жаңа ғана от 
жағып, ас пісірген жігіттің ып-ыстық қолын уысында 
қысып біраз тұрды да, шығып кетті.
* * *
Дьяков командирлерге «даярланыңдар, аттана-
мыз» деп әмір берді. Командирлер үнсіз құптап, жүгіре 
жөнелді. Бірде-бірі қайда аттанамыз деп қайырып 
сұраған жоқ. Онсыз да күн санап, ел жағдайы қиындап 
бара жатқаны бұларға аян. Кейінгі кезде майданнан 
келген әрбір хабар бұлардың жабырқау жанын 
бұрынғыдан да гөрі жүдетіп тұрған-ды. Чехословакия 
қорпусы басып алған Сібірді алғашқыда Директория 
басқарған еді, қазір үкімет басына адмирал Колчак 
келді де, бір адамның басына патша тәжінен кейінгі 
Ресейдегі бар құдіретті лауазымның бәрін үйіп-төгіп 
жатыр. Одақтас елдер қолдаған Колчактың қарулы 
күші Сібір мен Қиыр Шығыстың билігін қолына алып, 
әлі де аяғына мініп кете қоймаған жас республиканың 
алқымында пышағын жалақтатып тұр.
Халық аш. Бар үміт – Жем бойының биылғы астығы 
еді; бірақ о да бұйырмады. Көпестер мен қалтасы 
қалың байлар жылдағыдай биыл да Жем бойының бар 


696
астығын сатып алып, астыртын Орынбор, Орск, Омбыға 
жөнелтіп жатты. Мына жақтан Орынбор атаманы да 
ел ішінің ылаңын ушықтырып, күнде-күнде қотанға 
шапқан қасқырдай қан жоса ғып қырып кетіп, шауып 
кетіп, іргеңде ат ойнатып, мазаны алып тұрған-ды.
Бұл өңірге атты казактар ең алғаш Нұралы хан 
тұсында генерал-губернатор Неплюевпен бірге еріп 
келген-ді. Сонан бері атты казактар ана жақта Еділ, 
Жайық, мына жақта Жем, кейінірек Арқаға, онан 
Жетісуға ірге теуіп, жылдан-жылға нығайып, аты 
белдеуде, бес қаруы бойында, «ал» десе әзір тұрған 
әпербақандар еді.
Орынборды басып алғаннан бері Дутовтың түу 
дегенде түкірігі жерге түспей тұр. Іргетасы – ақ 
офицерлер. Қала берді – юнкерлер, кадеттер. Арқа 
тірер негізгі күш – Орынбор, Орал, Троицкінің атты 
казактары. Патша құлап, Уақытша Үкіметтің аяғы 
аспаннан келген кешегі аударыспақ-төңкеріспекте 
бақ қуған, анық қуған билікке таласқан есерсоқтар 
мен есекдәмелілер естерінен танғанша ел тізгініне 
таласқандары сонша, түсінде тәж киіп, тақ мінбегені
кемде-кем. Ана жақта Антантаның айтағына ерген 
ақ генералдар Деникин, Юденич, Врангель, бұ жақта 
Колчак жас республикаға жан жағынан жабылып 
қашанда іш есебі де бүтін зымиян, әккі атаман Азия 
мен Еуропаның нақ аралығында жатқан қалаға күшін 
топтап бекініп алды. Өзгелер сияқты өзіне тәжді де, 
тақты да армандамады. Өзін не Верховный Правитель, 
не Директория ғып жариялап, дүниеге дабыра да 
салмады. Өзі қожалық еткен Орынбордағы билікті де 
онша дабырайтпай, жай ғана Күмүч деп жариялап, жер 
түбіндегі пәлені әріден ойлайтын әккі атаман бұл жолы 
да аяғын көрпесіне қарап созған еді.


697
Кеше патша құлағанда қара орманын тастай қашқан 
алтын иық төрелер, дәурені өткен мырзалар, әскерінен 
айырылған тұл генерал, тұл офицерлер сыртта жүріп 
есін жиып, еліне оралғанда енді кәзір солардың көбі 
Орынбор атаманына келе бастады. Бақ, байлық басында 
тұрғанда Дутов сияқты ондаған атаман қанатының 
астына сыйып кететін қүдіретті кісілер енді бүгін де 
онан өздері пана сұрап, оның казачий шапанының 
койны-қоншына кіріп барады.
Шынында да, атаман Дутов еш уақытта да өзін дәл 
осы казіргідей күшті де құдіретті сезінген кез болған 
жоқ-ты. Соның өзінде де Орынбор атаманы үзілді-
кесілді бір жағына шығып белдесіп күрескен емес. 
Ақ семсерін жалаңдатып кеп ашықтан-ашық алысқа 
түскеннен гөрі бұл жолы да аңдысып, іштен тіреп жатып 
алатын оның ежелгі тәсілі еді. Ұрланып келеді. Қапыңды 
тауып, тұтқиылдан тиеді. Қан-жоса ғып кырып-жояды 
да, тайып отырады. Сол жымысқы қулығын тағы да іске 
асырып, Жем бойының бұрынғы бар астығын сатып 
алып, онсыз да ісіп, кеуіп отырған аш халықты азық-
түліксіз калдырды.
Хан-Дауров Жем бойына бұл жолы да Дьяковтың 
полкін жіберіп еді, Дьяков бара сала қарауындағы 
кісілерді бірнеше ұсақ отрядқа бөлді. Олар өздеріне 
іш тартатын кісілердің көземелдеу сілтеуімен қойма-
қоймаларда тығылып жатқан астықтың үстінен шығып, 
бергенін қолынан, бермегенін жолынан алып, вагон-
вагон астықты қарулы күзетпен жөнелте бастаған-ды. 
Бұндайда көрсе де көрмеген боп бой бағып қалатын 
атты казактар ма, олар да бес қару белде, ат іргеде, 
жалаңаш қылыш жалақтатып, жапырыла көтеріліп атқа 
қонып жаты. Сол хабар жеткен бойда дивизия Дьяковке 
көмекке Ташкент жұмысшылар отрядын жіберіп еді, 


698
бірақ қас қарая келген отряд салған жерден іргесін аулақ 
салып, ілгерірек озып барды да, 
 
оқшауланып тоқтады. 
Сыртқа бір адам шықпады.
Жөн-жосығы белгісіз, ұзын эшелон бар есіктің бәрін 
тарс жауыпты. Дьяков аң-таң. Хабарласар деген дәмемен 
біраз күтсе де, не командирі, не штаб начальнигі тұяқ 
серіппей тым-тырыс жатып алды.
Дьяков бұл жігітпен бұрын-соңды кездеспеген-ді. 
Бірақ ол жөнінде әркімнен әр түрлі әңгіме есітетін: 
Мюльгаузен осы жігіттің өзі түгіл, атын естісе қаны 
кайнап, «барчук» деп тыжырына калатын. Ал Еламан 
онша кетәрі емес. Айтып саптауы – орысша оқыған. 
Төрт ағайынды: үлкені – пірәдар, софы. Ортаншысын 
он алтыншы жылы көтерілісшілер өлтіріпті. Ал кішісі 
– теңіз жағасын жайлаған жалпақ ел Жақайым ішіндегі 
ең малды да, бақты да жігіт. Жасағанберген бір жолы 
осы ағасымен тілге келіп, қатты түс шайысыпты да, бір-
бірін көрместей боп араздасып кетіпті.
Дьяков оған өзі барды. Жасағанберген шай алғызды.
– Сенде қазақ жігіттері бар көрінеді ғой? – деді ол.
– Иә, бар. Өз алдына дербес эскадрон.
– Эскадро-н? – деді Жасағанберген конағына көзінің 
қиығын күлімсірей тастап, – осыған өздерінің тілі келе 
ме екен?
Дьяков үндемеді. 
– Эскадрон командирі менің жерлесім. Екеуміз бір 
ауылданбыз.
– Білем.
– Өзі айтты ма?
– Иә, өзі айтты.
– Біздің үйдің жылқысын бақтым деп те айтқан 
болар?
– Ол арасын айтқан жоқ еді.


699
Жасағанберген Дьяковке сенімсіздене қарады. Жақ 
сүйегі қуарған жүдеу беті әлденеге ду етіп қызарды да, 
қайта бозарды. Қолы қыздың қолындай екен. Аппақ 
нәзік саусақтары тым жіңішке. Тырнақтары да ар 
жағынан еті көрініп тұрғандай қабажақтай жұп-жұқа. 
«Құрт ауру емес пе өзі?» деп ойлады Дьяков. Осыған 
дейін өзі көріп жүрген қазақтардан мына жігіттің 
бойында бір өзгешелік бар. Кісі өңіне оқта-текте 
сабырлы салмақпен қарап қалатын қара көзі, әдемі қыр 
мұрны, атжақты ашаң жүзіне дейін оның төре сүйек 
нәсілін анық танытқандай. Және орыс тілін нақышына 
келтіріп таза сөйлейді екен. Қоштасар алдында Дьяков 
атты казактарға қарсы тізе қосып әрекет етейік деп еді; 
ол онша ыңғай бермей, «жағдайға қарай көрейік», – деді 
де, орнынан тұрып кетті.
Дьяков 
полкке 
қайтып 
келді. 
Айдалада 
жалғызсыраған кішкентай разъездің кіп-кішкентай тас 
үйіне бүйірін беріп тоқтаған әскери эшелонның орта 
тұсындағы бір вагоннан ақырын әңгімелескен күбір-
күбір дауыс шықты. Дьяков тұсынан өтіп бара жатты 
да, сәл іркіліп ішке басын сұғып еді, қараңғы вагоннан 
бірнеше кісі қосарлана жамырап:
– Э-э, кәмысар... Кір, кір! – деді.
Дьяков көбіне-көп темекі шекпейтін қазақ 
жігіттерінін арасына кеп жататын-ды.
– Неге ұйықтамай жатырсыңдар?
– Ақтар әлде қайтеді деп...
– Иә, оларға сенім аз. Бірақ сыртта күзет мықты 
екен. Бұл қайсың? Ә, Еламан, сенбісің, – деді Дьяков 
қараңғы вагонның әлдебір жағынан кеп қатарласып 
жата кеткен кісіге қасынан ығысып орын ұсынып, – 
жерлесіңе кездестім. Сөйлестік.
– Тіл табыса алдың ба?


700
– Сөйлестік дедім ғой.
Еламан үндемеді. Дьяков та біраз үнсіз жатты да 
әлдене айтқысы келгендей, кенет Еламанға жақындай 
түсіп:
– Слушай, сенен сұрағым кеп жүр еді. Темір жол 
асханасында істейтін сұлу келіншек... Соның саған 
қандай жақындығы бар? – деп еді.
– Оны қайтесің? – деді Еламан.
– Жоқ, жәй... әшиін...
– Ол менің бұрынғы әйелім.
– Ә-ә...
Осыдан кейін екеуі де үндемеді. Қызыл вагонның 
іші тас қараңғы. Қасында қатар жатқан кісі көрінбейді. 
Тек әр жерден қорылдаған дауыс естіледі. Сыртта 
жел көтеріліп кеткен сияқты. Дьяков іштегі, тыстағы 
дыбысқа құлағын тігіп, тың тыңдап жатты да, түрегелді. 
Тыныштығынан айырылып, тысқа шыққысы кеп ақырын 
жөнеле бергенде Еламан қолынан ұстай алды.
– Қайда барасыз?
Еламанның алақаны тиген жер күйдіріп бара жатты. 
Кешеден бері осы жігіттің түсі кірмей, кірбиіп жүргені 
есіне түсті. Ол Еламанның басын ұстады.
– Ауырып жүрсің бе?
– Салқын тиді ғой деймін. Тұла бойым көтертпейді.
– Иә, қызуың бар екен.
– Қайтер дейсің.
– Жоқ, сен енді қозғалма. Жат, – деді де, Дьяков 
ақырын басып сыртқа шықты. Қара суық жел қақап тұр 
екен. Дьяков жалма-жан шинель жағасын көтерді. Жан-
жағына сергек қарап, құлағын тігіп келеді. Қанша қараса 
да бір жан көзіне түспеді. «Күзетшілер қайда?» – деп 
ойлап еді, жүрегі мұп-мұздай боп кетті. Бір жауынгерді 
дереу Жасағанбергенге жүгіртті де, көзді ашып-


701
жұмғандай уақыттың ішінде бүкіл полкті аяғынан тік 
тұрғызды. Осы екі арада Жасағанбергенге жіберген кісі 
оралып, Ташкент отрядының зым-зия жоқ боп кеткенін 
хабарлады.
Дьяков бұның тегін емесін білді. Жағдайды анықтап 
қайтыңдар деп жан-жаққа барлаушылар жүгіртті. Ол әлі 
де болса күзетті күшейтіп, қауырт әзірлік жасап абыр-
сабыр боп жатқанда, кенет әрегіректен мылтық атылды.
– Кім атқан? Жаңағы барлауға кеткендер емес пе 
екен? – де, жұрт елеңдесіп қалды.
Жігіттер жапырлап вагоннан түсіп жатыр. Көзге 
түртсе көрінбейтін тастай қараңғыда тоң жерді топырлап 
басқан аяқтар. Сатыр-сұтыр оқталып жатқан мылтық. 
Эшелонның бас жағында отын сөндіріп мелшиіп қалған 
паровозға да кенет жан еніп, ыстық буды будақ-будақ 
шығара бастады. Осы кезде шолғыншыға жіберген 
барлаушының бірі жүгіріп кеп:
– Комиссар қайда? Жау… Ақ-тар... – деді де, сылқ 
етіп құлай кетті. Дьяков басын сүйеді. Саусағының 
ұшына былжыраған бірдеңе тиді.
Дьяков өздері үшін әр минуттың қымбат екенін 
біле тұрса да асықпады. Қайта қауіп-қатерді неғұрлым 
анық сезген сайын соғұрлым бар қимылы бір түрлі 
баяулап, ауырлай түсті. Қолына жұкқан қанды сүрткісі 
кеп маңайын сипап еді, қолына ештеңе ілікпеді. 
Сосын қолын шинелінің шалғайына сүртіп жатып та 
«не істеу керек?» деп ойлады. Айдауда жүргенде бір 
жолы бұлардың үстіне бір топ саяси қылмыстыларды 
айдап әкеп қамаған-ды. Ішінде Фрунзе де болған-ды. 
Оның біраз уақыт бұларға астыртын құпия кружок 
ұйымдастырып, соғыс ілімін үйреткені бар ды. Кейін 
бұлар оны «Фрунзенің астыртын әскери академиясы» 
деп атап кеткен-ді. Бірақ онан қазіргі мына тығылтаяңда 


702
бұларға қолма-қол керек боп тұрған жағдайға қажет 
ештеңе таппады. Не істеу керек?
Үш-төрт кісі жүгіріп келді. Дьяков қараңғыдан 
Ознобиннің өңкиген ұзын бойын аңғарды.
– Комиссар, не істейміз? – деді ол.
– Өздерің... қалай ойлайсыңдар?
– Кету керек. Олардың күші басым.
– Иә, кету керек.
Әлгі кісілердің ішінен біреу паровозға жүгірді. Іле-
шала поезд ақырын жылжып қозғала берген-ді. Осы 
кезде тұс-тұстан атылған оқ тас бұршақтай жауып 
кетті. Ана жер, мына жерден гүрсілдеп гранаталар 
жарыла бастады. Кейінгі вагонға баса-көктеп кіргісі 
келген қазақтар ат үстінде қиқулап, көпке дейін 
қалмай қапталдасып отырды. Пойыз қатты жүріп кетті. 
Атты қазақтар сонда да қалмай, енді кейінгі вагонды 
шаужайлап шауып келе жатып, бұлар қашан қара үзіп 
кеткенше мылтықтан атқылай берді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет