Бағдарламасы бойынша жарық көрді. Ә. НҰрпеИс. ҚаН меН тер



Pdf көрінісі
бет8/16
Дата21.12.2023
өлшемі3,97 Mb.
#142382
түріБағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16
Байланысты:
0d581f528880c6ae74bf3685d2ef0add

тӨртіНШі БӨЛім
Елден күн құрғамай келіп жатқан кірешілер мен 
қалашылар Еламанға соғып, түнде – үйден, күндіз 
– жұмыстан іздеп тауып алады да, амандық-саулық 
сұрасады. Еламан қазір ел хабарына қанық. Кәрі әже 
қайтыс бопты. Кәлен хабар-ошарсыз. Ал жар басындағы 
балықшылар аулы баяғы өздері бардағы бірлік-берекеттен 
айырылып, қырық пышақ боп жатқан көрінеді.
Осы жайды есіткесін елдің тіпті қызығы қалмады. 
Оны қинап жүрген – Есбол атасының жағдайы. Тірі 
тұрғанда елге барып, атасымен дидарласып қайтқысы 
кеп еді. Көктем шығып, күн жылығасын бұны Есбол 
атасының өзі іздеп келді. Көзі нашар көретін бопты. Ела-
манды даусынан танып, қолынан тас қып ұстап алды да, 
иығының басы селкілдеп үнсіз жылады.


474
Еламан ұзақ жолдан қалжырап келген атасының 
бүгін ерте жатып тыныққанын қалап еді, бірақ оған ата-
сы көнбеді. Еламанды жібермей қолынан тас қып ұстап 
отырып Райдың қалай өлгенін сұрады.
– Тек, шырағым, түгін қалдырмай, толық айт. Және 
шынын айт!
Еламан жалтарудың жөні қалмағанын байқады. 
Қарсы алдында бұнан екі көзін айырмай отырған қарт 
атаның қашанда жан біткен жанның бәрінен адалдық пен 
шындықты талап ететіні бұған аян-ды. Еламан да атасы-
на ағынан жарылып, со-л өзі... иә, қарлы қыс еді ғой?.. 
Қақаған суық еді. Иә, Рай... Рай-жан әлсіреді... Шегір 
көз солдат сабағаннан кейін тіпті әлсіреп, қолындағы 
күрекке де сүйеніп тұра алмай, ақ қарға сылқ етіп оты-
ра кетті. Бұл жүгіріп барып: «Тұршы! Тұршы, бауы-
рым, айналайын!» – деп, қолтығынан демеп тұрғызбақ 
болып еді. Сорлы бала селт етпей, көзін жұмып, сұлық 
жатты. Сонан беті бері қарамады. Бараққа көтеріп апар-
ды. Ат қорадай барақтың есік-терезесінен жел ызғып 
тұрғандықтан, шешінбей, киімшең бойымен біріне-бірі 
тығы лып жататын. Бұның құшағында түнімен дір-дір 
етіп ыңырсып шығатын Райдан сол күні сес болмады. 
Дыбысы шықпады. Қатты шошыған бұл «Рай! Райжан» 
– деп, қанша оятса да, қыбыр етпеді.
Түн ортасы ауғанда кезі ілініп кеткен екен, іле-шала 
оянып еді. Неден оянғанын білген жоқ. Күндегі әдет бой-
ынша оянған бойда оны одеялмен қымтап, бауырына тар-
тып құшақтамақ болды да, дір етіп бойын тартып алды. 
Мұз құшақтағандай жаны, тәні түршігіп, бөренедей 
серейген денеден шошып: «Ра-й!.. Рай-жан-н!» – деді. 
Ышқынып шыққан дауыстан ұйықтап жатқан кісілер оян-
ды. Жұрт жиналып қалды. Жылаған жоқ; тек қапылыста 
қатты соққы тигендей, есеңгіреп отырып қалған-ды. 


475
Өлікті ертеңге қалдырмай, таң атқанша жерлемек болған 
жігіттер барақтың сырт жағындағы қырқаның баурайы-
нан қабір қазып, Райды асығыс-үсігіс жерлеп еді...
Патша құлап, жұмысшы батальон елдеріне теңізбен, 
жермен қайта бастады. Жүрер алдында бұл інісінің мо-
ласына соқты.
Құран оқыды. Жат елде, бауыры суық қара жерде 
қалып бара жатқан інісін қимай ұзақ отырды. Сосын елге 
қайтқан жігіттермен бірге кетіп бара жатып, барақтың 
сыртындағы төбе баурайында томпайған жалғыз қабірге 
жалтақ-жалтақ қарады. Соңғы қарағанда қабір басына 
шанышқан құлаш созым таяқтың үшкір басындағы жар-
ты ай, Жасаған Ие-ау, бұған құдды қара жердің астынан 
созған Райдың қолы сияқтанып еді...
Ертеден бері дыбыс шығармай, қара тақия киген ақ 
құйқа басы салбырап кеудесіне түсіп отырып тыңдаған 
Есбол қария дәл осы араға келгенде шыдамай:
– Райым-ай... балапаным-ай, – деп, көй-гөйін сала 
өкіріп қоя берді де, теріс қарап жата кетті.
Еламан да жылады.
* * *
Осыдан кейін екеуі де үндемей, қатар салған 
төсекке киімшең бойларымен қисая-қисая кетті. Бірақ 
ұйқтамады.
Еламан Машаға атасын тапсырды да ерте тұрып 
жұмысқа кетті. Сонан күн батқасын келді. Күндегі 
әдетпен қара май киімін сыртта тұрып шешіп, жуынып-
шайынып, таза киімдерін киіп, ішке кірсе, атасы кешкі 
намазын оқып болып, төрде таспиық тартып отыр екен.
Ас-суын ішкесін атасының қасына кеп қатар отырды. 
Атасынан тағы да ауыл жайын сұрады. Есбол қария ел 
ішінің жай-жағдайын айта түсті де, ойламаған жерден 


476
өзінің сыйлас тұстасы – кәрі әже жайын қозғады. Қашан 
көз жұмғанша әжесі Еламан мен Райды аузынан таста-
мапты. Бас жағында күзетіп отырған кісілерге Рай мен 
Еламанды қайта-қайта тапсырып: «Қос қарағым аман 
оралса, көздеріңнің қырын caп, қамқор бола жүріңдер» 
– деп, тілек айтыпты.
– Байғұс, сендер кеткесін қатты жүдеді. Ұйқыдан 
қалды. Күндіз-түні бір тілек үстінде сарылып, екеуіңнің 
жолыңа дұғасын бағыштап, көңілін ақ жолына ұсына 
берді – деп, қария көзіне жас алды.
Атасының аузында бір тіс қалмапты. Жұмсақ асты 
да қызыл иегімен қайзап, жұта алмай, талмап отыратын 
аянышты халге жеткен екен. Еламан атасын шын аяды. 
Күні бойы үйде жалғыз. Үй ішінің жандарымен тілдесіп 
сөйлесе де алмайды. Тым болмаса елге қайтқанша 
бірер күн атасымен бірге болғысы кеп, Еламан ертеңіне 
төсектен тұра сала Мюлгаузеннің үстіне кірді. Кейінгі 
кезде Мюлгаузен кеш жатып, ерте тұрып, кейде 
қарындасы әзірлеп қойған ас-суын ішпестен асығыс-
үсігіс кетіп қап жүрген-ді. Ұйқысы қанбай, қабағы түсіп 
кетіпті. Үстіне кірген Еламанды көрсе де көңіл бөлмей, 
теріс қарап тұрып киінді.
– Петька...
– Ну?
– Көріп отырсың ғой...
– Түкті де көргем жоқ... Асығыспын. Не айтайын деп 
едің?
Еламан: «Мынадан ештеңе шықпас» деп ойлады. 
Кейінгі кезде бұл Ознобин мен Селивановтан арасын 
ақи-тақи үзіп, өзін қолдайтын кісілермен ыңғайласып 
жүрген-ді. Ол қазір Еламанға да ішін ашпай, бұл 
білмейтін құпия бірдеңелермен шұғылданып кетті.


477
– Черт побери, бір нәрсең қойған орнында тұрмайды. 
Ма-ша!
Маша жетіп келді. Алдында алжапқыш. Шамасы, ана 
жақта илеп жатқан қамырын тастай сала жүгіріп келген. 
Ұн-ұн қолын үстіне тигізбей, ілгері созып тұр.
– Тарағым қайда?
Маша «өзің білмейсің бе?» деп тілінің ұшына келіп 
қалған аузындағы сөзді айтар жерде батылы жетпей, 
тоқтап қалды.
– Тарағым?..– деді Мюлгаузен.
– Іздейін...
– Тез!
Еламан әлгі ойынан айнып, бұрылып кетіп бара жа-
тыр еді, Мюлгаузен гүж етті:
– Ну, – деді ол, – не айтайын деп едің?
– Бір... болмашы нәрсе...
– Ол не?
– Ауылдан атам келіп... Қарт кісі ғой... Қасында бір-
екі күн болайын деп едім...
– Жақсы сылтау табылған екен.
– Жұмыстан қашып тұрғам жоқ...
– У тебя слишком много родных. Маша, асың дайын 
ба?
Еламан атасы кеткесін басқа үйге ауысқысы келді. 
Келесі күні ол атасы жалғызсырап отырған шығар де-
ген оймен жұмыстан ертерек қайтып еді; атасы жатқан 
бөлменің есігі ашық тұр екен. Іштен әйел даусы шықты. 
Еламан кемпір ме деп қорқып еді, жарылай ашық тұрған 
есікке жақындап барып сығалап қараса, Маша ас салған 
тарелканы Есбол қарияның алдына қойып: «Ата, ішініз! 
Ата, ішініз!» – деп, қайта-қайта қиылып жатыр екен. 
Еламан күліп жіберді. Маша осы екі ауыз қазақшаны 
кеше ғана бұнан үйреніп алған-ды. Үйдегі бар төсенішті 


478
қарияның астына төсеп, жазылы түйеге мінгізгендей 
қоқырайтып отырғызып қойыпты.
Еламан кемпір көрсе тас-талқан боларын білді. Он-
сыз да елден Еламанның атасы келіп, түйесін қораға 
байлап, үстіндегі күпі, тымағымен төрге шығып, жерге 
төсек салғызып жатып алғаннан бері діндар кемпір қызы 
мен баласына бұлан-талан ашуланып, шіркеуге кетіп 
қалған еді.
– Ата, төсегің қатты болды ма?
– Жоқ, жайлы-ақ еді. Әлгі қыз бала қоярда-қоймай, 
үйіндегі бар төсенішті астыма үйе берді. Енді міне, 
не қисая, не жантая алмай, жазылы түйеге мінгендей 
қоқырайып отырғаным.
Есбол қария күлкісін басқасын, қасына орындық 
әкеп отырған Еламанға бұрылды:
– Тілін түсінбесем де осында келгелі әлгі қыз баланың 
жанын ұққандай болдым. Сен өзіне «рақмет, қызым» де-
ген сөздің алғыс екенін айтып, ұғындырып қойшы.
* * *
– Сонымен, Мөңке қалай? Жағдайы жақсы ма?
– Әй, балам-ай, әзір жер басып жүр демесең, ол 
байғұста не жағдай болсын?..
– Балалы болды деп есіттім ғой?
– Ие, құр қол емес, күл шашары бар.
– Дос екеуінің арасы қалай? Әлі қырбай ма?
– Қырбайың не? Айрандай ұйып отырған ауыл емес 
пе еді?! Тәңірберген іріткі салып, оларды да... Қазір 
бірінің есігін бірі ашпайды.
Еламан осыдан артық ел жайын сұрамады. Қанша 
ұстамды болса да, Тәңірбергеннің аты аталса ішінен ты-
нып қалатын боп жүр. Есбол оны байқады ма, жоқ па, 
біраз көзін төмен салып мүлгіп отырды да:


479
– Балам, бері келші – деп, Еламанды қасына та-
ман жақындатып алды. Еламан қарт атаның осы жолы 
оқшауырақ шаруа жөнінде сөйлесетін жағдайын байқады, 
– «Ата балаға сыншы» деуші еді. Баяғы жасырақ кезіңде 
басқа балаларға қарағанда сен қарашыл едің-ау. Соған 
қарап, өсе келе кісіге қайырымың мол бола ма деуші 
едім. Қаратаздың жылқысын бақтың ғой. Жылқы мінезін 
білетін шығарсың?
Еламан мұның арты қайда соғарын білмесе де, 
атасының арыдан қозғаған түрін байқап, бойын жиып 
алды.
– Кең далаға кішкентай үйірін сыйғызбай, 
тырқыратып қуалап болатын сәурік айғыр бар да, қыдыр 
дарыған байдың кереге жал құтпан айғыры бар-ау. Мен 
де сені келешекте сол құтпан айғырдай үйіріне ты-
ныш, ақылы алдында, ашуы соңында жүретін зәбірсіз 
жан бола ма деуші едім. Сен өзің сондат болам деп 
бойыңдағы қасиетіңді со жақта қалдырып қайтқаннан 
саумысың осы? – деп, Есбол қария мырс-мырс күлген 
бойы басын шалқая көтеріп алды да, інісіне нұры тайған 
кішілеу көзін сығырайтып қарады. Еламан мына әзілдің 
ар жағында атасының әлде назы, әлде өкпесі жатқанын 
сезсе де, сыр алдырмай, тұтас отыр.
– Балам, Ақбала Шалқарда деп есіттім ғой, онан 
хабарың бар ма? – деді қария.
Еламан мұны күтпеген екен. Ду ете қалды да, саба-
сына тез түсті.
– Оны... қайтем? Маған қажеті қанша?
– Иә, саған қажеті де болмас. Тіпті, әлгі сәурік 
айғыршыласаң сауырлап талайтын жөнің бар. Бірақ... 
балам-ау, Ақбала – деп, атасы осы арада сәл қабақ 
шытып, ренжіп қалғандай болды да, біраз отырып ба-
рып қайта сөйледі, – Рас, араларың суып, кетті. Бірақ, 


480
Сүйеудей жақсының қызы емес пе еді?! Сүйеу сен үшін 
сол жалғызын көрмей кетті. Қанша қатты болса да балаға 
дегенде әкенің көңілі белгілі еді ғой. Тірі бала түгіл 
өлген баланы ұмыта алмай, ата-ананың көкірегі үңірейіп 
тұрмаушы ма еді?! 
Еламан үндемеді. 
– Ол балаңның анасы еді ғой, – деді Есбол бір осал 
жері осы болар деген оймен.
– Ие, бәсе! Анасы болса шала туған нәрестені алты 
айлығында...
– Жә! Біліксіздің білмегенін кешірмесең білгендігің 
кәне?! Ақбаланың тұрмыс-халі нашар деп есітем. Сүйеу 
де жібімей қойды. Біздей емес, ол заңғар көңілі қалған 
кісінің жүзін ақырет сапарында бір-ақ көреді ғой.
Еламан әлі де ішін алдырмай, сазарып отыр. Есбол 
қария оған барлай қарап өтті. Бірақ, сөзімді көтереді екен 
деп, інісін қажай бермей, орайлы жерде ойындағы бар-
ды айтты да, тоқтады. Осыдан кейін ол тағы бір жетідей 
жатып, мауқын басқандай болды. Еламан арқылы қала 
ішіне хабар салып жүріп елден келген қалашыларды 
білді де, жолға жиналды.
Жүрер алдында ол жазылы түйесін есіктің алдына 
шөгеріп қойып отырып:
– Балам, сен осы бізге хат жазған сайын Бедір деген 
досым бар деуші едің? Әлі доссыңдар ма?
– Доспыз...
– Кейде тып-тыныш отырған үйге үлектей күркіреп 
келетін сол ма?
– Сол!
– Е, дегендей, дегендей! – деп, қария басын изеп, 
тағы бір кез ойлы кескінге ауысып, шөгіп қалды. Осы-
лай отырып та кісі көңілін әріден топшылайтын қария 
інісінің әңгімеге құлықсыз тартып, шолақ қайырған бір-


481
бір жауаптарынан көп жайды аңғарды. «Ой, әттеген-ай!.. 
Аралары суысып кеткен екен ғой» деп түйді де, Еламанға 
жүзін бұрып: – Баяғы бала кезімде әкем марқұм: «Атты 
сыртына, адамды ішіне қарап білем» – деуші еді. Кісі 
сырын ұғу қиын ғой. Түріне қарап дос таңдау да қиын. 
О да бейне мінезін білмейтін шадыр атқа мінгендей, 
қай жерде тулап түсіріп кетеді деп, тақымыңды қысып 
алғандай шығар – деп, мырс-мырс күлді. – Әмсе, кісі 
тілекпен дос болмайды, тең кісілерге достық өзі келеді. 
Ондай дос қайда?! Өз басым ешкіммен дос боп көргем 
жоқ, тең адам кездеспегендіктен емес. Оның бір пәлесі 
– дос кісілердің арасында да бірдейлік бола бермейді. 
Олардың да өз арасынан артық-кемі шығып, кемі кіші 
орында жүреді. Қиыны осы.
Еламан қолма-қол дерек қайтаратын әзір жауап 
емес еді; ол, әсіресе, осы жолы асықпады. Әуелі қария 
сөзінің ар жақ-бер жағын пайымдап, ойша салмақтап 
көрді. Көп сөзі көкейге қонса да, ата ақылының кейінгі 
тұсына қарсы айтатын дауы бар. Түсін ашып айтпаса 
да, әлгі сөздің аңғарында жұмбақ түйіндей бір түйткіл 
қалды. Өз басы Мюлгаузен екеуінің арасындағы күн са-
нап жіңішкеріп бара жатқан достықтың түпкі орайын 
басқаша түсінетін: ол бір тілі, діні басқа кісілердің қиын 
кезде іштей табысқан көңілі болатын.
Есбол қария соны байқап:
– Жә, балам, – деп, қайта сөйледі, – досың болар, 
болмас, ал бірақ, жолдас тапқаның жақсы. Сырт жерде 
жігіт жолдасымен сыйлы.
Еламан атасын құптап басын изеді.
– Мұнда келіп жұмыс істеп жатыр екенсің, 
жолдасыңның дені орыс екен. Сырын білмейтін халқым. 
Тек ертеректе көп білетін бір ғұлама кісінің: «Өнерді 
орыстан үйрен» деген сөзі құлағымда қалып еді. Жас та 


482
болсаң өмірдің ойы мен қырын көрдің. Сен татпаған зәр 
қалды ма?! – деп, қария кеудесін кере күрсініп алды да 
– Біз білмейтін жаңа бір жолға түсіпсің. замана жолы 
ғой! Теңіз кешіп, тор сүйреткеннен жаман болмас. Қай 
заманда да өнерлі озған. Тәңірім алдыңнан жарылқасын! 
Бізге қарайлаймын деп, бұта түбіне аяғынан оралған 
торғайдай боп жүрмегейсің. Елге иек сүйегесін, шүкір, 
біз де жаман емеспіз. Азын-аулақ мал-тегене бар – деп, 
жақсылық пен жамандықты жер түбінен ойлайтын 
ақылгөй қария Еламанның қол-аяғынан тұсауды алып 
кетті.
* * *
Есбол атасы кеткелі Еламан өзінің жалғыздығын 
анық сезді. Ешқайда бармады. Ешкіммен кездеспеді. 
Жұмыстан шықса, үйге келеді. Үйде де тіл тауып 
шүйіркелесетін кісі жоқ. Маша кешке қарай Селива-
новпен қыдырып кетеді. Мюлгаузен үйде аз болады. 
Ал кемпір шіркеуге барғанда болмаса, қалған уақыттың 
бәрінде де үйде. Оқтаудай тіп-тік денесін қара киімге ма-
лындырып, үй ішінде үн-түнсіз, аяғын дыбыс шығармай, 
мысықша басып келе жатқанда Еламан әрқашан бой 
тасалап тығыла қалғысы келетін. Кісіге назар аударып 
қарамаса да, бет алабы құдды табытта көзі ашық жатқан 
өліктей, адам жаны түршіккендей ызғар шашатын.
Еламан атасы кеткесін кішкентай қаланың бірыңғай 
қазақтар тұратын шет жағынан үй іздеді, бірақ, бәрі 
де балалы-шағалы, бір бөлме, мықтағанда екі бөлмеде 
тығылысып отырады екен.
Салы судан шығып шаршаған Еламан үйге келсе, есік 
алдында Мюлгаузен тұр. Шамасы, бұнымен сөйлескісі 
кеп сыртта тосып тұрған сияқты.
– Слушай, қайда жүресің? Неге көрінбей кеттің? – 
деді Мюлгаузен.


483
Еламан күлді.
– Неге күлесің?
– Үйде тұрмайтын мен емес, өзіңсің ғой.
– Жұмысың қалай?
– Қалай дейтіні жоқ... Екі қолға – бір жұмыс.
– Сөзінің сиқын. Вот что, дорогой, қаласаң, ертеңнен 
бастап қасыма алуға болады.
– Рақмет. Осы жұмысым өзіме ұнайды.
– Ознобинді қимай түрсың ғой. Это твое дело. Маған 
сенің Ознобинің де, Селивановың да ұнамайды.
– Білем.
– Митингінің уақыты өтті. Жер-жердің бәрі көтеріліп 
жатыр. Қазір халықты қаруландырып, күреске шығатын 
кез!
Еламан қарт жұмысшыны қолдап, қарсы дау айтқысы 
келсе де, орысшасы кемтарлық етті ме, әлде ыңғайлы 
сөз аузына түспеді ме, көзін жерден көтермей тұнжырап 
тұрған-ды.
Мюлгаузен:
– Үй іздеп жүрген көрінесің ғой? – деді.
Еламан үндемеді.
– Біздің үй тарлық етіп жүр ме? – деді Мюлгаузен.
Еламан бұған да үндемеді. Тек өзінен көз алмай, 
қадала қарап тұрған Мюлгаузенге білдірмей ішінен үнсіз 
мырс етті.
– Не дури, үй жетеді – деді де, ол ішке кіріп кетті.
Еламан үйге кіргісі келмеді. Атасы кеткелі онсыз 
да үйге сыймай жүр. Елден келген кісілерді іздесе, 
бұл, әдетте, Теміркенің көк дүкеніне баратын. Онда 
Тәңірберген жатыр деп есіткесін бетінен басты. Үй 
іздегісі келді. Күннің кешкіріп қалғанына қарамастан ол 
тағы да көл жақ шетте тұратын қазақтардың біраз үйін 
жағалап шықты. Сүйткенше күн батты. Қас қарайды. 


484
Сол күні айсыз түн, әсіресе, тастай қараңғы болған-
ды. Көшенің екі бетінде жапырайған аласа үйлерді 
бұл түн түгіл, күндіз де бірінен-бірін айыра алмайтын. 
Мына көз байлаған қараңғыда балшықтан соққан, бірін 
ақтаса, көпшілігі ақталмаған, өңшең жер тістеген ала-
са үйлердің нобайын қараңғыда әзер-әзер көріп келе 
жатқан-ды. Сондай үйдің біріне тақап келе бергенде кісі 
бойы дуалдың ар жағынан қора толы көп адамның абыр-
дабыры шықты. Еламан қалт етіп тұра қалды да, қайта 
жүрді. Әлгі абыр-дабырдың арасынан сыңсып жылаған 
әлдебір жас дауыс шығып еді, оған біреулер басу айтып: 
«Қой, қарағым! Молда құран оқысын», – деп жұбатпақ 
болды.
Еламан қаралы үйдің тұсынан тезірек басып, жыл-
дамдап ұзап барады. «Кім екен?» деп ойлады. Кәрі ме, 
қыршын жас па? Сыңсыған жас дауыс соның келіншегі 
болмаса не қылсын? Жаңағы абыр-сабыр қазір caп боп 
тыйылып, үйдегілер де, қорадағылар да басы салбырап, 
мүлгіп қалған осынау тым-тырыста сонау төр жақтан 
құран оқыған молланың мақамы шықты. Олар ауыз 
ашса: «Адамның басы – Алланың добы» деп жұбатады. 
Еламан осыған түсінбейді. Түсінгісі келмейді. Кешкісін 
жұмыстан қайтқанда ол күнде-күнде Ознобиннің үйінің 
жанынан өтетін. Бұл жұмыстан қайтқан кешкі салқында 
балалар доп қуалап, аяғы іліккені әрі-бері теуіп, улап-
шулап жатады. Жә, олар... Олар ғой – балалар. Мынау 
– Алла! Жаратушы Ие! Сонда о да көңіл көтеретін ер-
мек іздегенде адам басын аяғымен тепкілеп, олай-бұлай 
қуалай ма? Сонан ләззат ала ма? Бұл не сандырақ?
Еламан көше ортасында сілейіп тұрғанын сез-
ген жоқ. Қараңғы көше кенет допқа... жо-жоқ, басқа... 
адамның басына толып кетті. Сабағынан үзілген 
қарбыздай, қараңғы көшеде домалап бара жатқан өңкей 


485
бас... адамның бастары. Анау – Кәленнің, Мөңкенің, 
Райдың басы. Ал мынау – бұның өзінің, Ақбаланың... 
Еламан көзін баса қалғысы келді. Ол енді ешкімді, 
ештеңені көргісі келмеді. Ешкімді, ештеңені ойлағысы 
келмеді. Үйге тезірек жетіп, көрпе астына кіріп, басын 
тас қып бүркеп, ешкімді де, ештеңені де ойламай тезірек 
ұйықтап, бәрін басынан шығарып, бәрін, бәрін ақи-тақи 
ұмытқысы келді. Ойы осыған бекігенде, кенет есіне ата-
сы түсіп: «Қалай жетті екен?» деп ойлады. Сосын: «Жол-
да қиындық көрмеді ме екен?» деп ойлауы мұң екен, ол 
енді өзінен-өзі мазасызданып, басына қайдағы-жайдағы 
келіп: «Апыр-ай, сонша жерден іздеп келген атасы-
на дұрыстап не қонақасы бере алмады, не жер түбінен 
келген кәрі кісіні күтіп, жағдайын жасай алмады. Ішіне 
реніштің үлкені де, кішісі де сиятын қария сыртына 
шығарып айтпаса да, бірақ, тап жүрерде түйесін есік ал-
дына шөгеріп қойып, Ақбаланы есіне алғаны не? Айт-
са да, аяқ астында қалған адамгершілікті тірілтпек боп 
арыдан толғағаны тегін бе? Сонда ол Ақбала мен бұның 
арасындағы жағдайды білмесе екен-ау? Жоқ, білді. Біле 
тұра адамгершілікті алға салды. Шынына келгенде, апыр-
ау, сол адамгершілігі құрғырдың ар жағында адалдық 
деген пәле тұрған жоқ па? Оны да білмеді дейсің бе? 
Жоқ, білді. Білді! Білгенде қандай?! Ендеше, адалдықты 
тәркі етіп, арды аяққа басқан дозақылықты да біле тұра 
бұған неге, неліктен адамдық, адамгершілікті алдына 
тартып, бетіне басатын не жөні бар? Жоқ, ата, сөзіңді 
де, өзіңді де сыйлаймын, бірақ, осы тұста келіспеймін. 
Қалған көңіл – шыққан жан. Өз қолымен тұншықтырып 
өлтірдім, оны енді қайта тірілту... Жоқ, ата, ата-еке, ол 
қолымнан келмейді.


486
* * *
Көктем күні кешке тақағанда аңырап гудок айқайлады. 
«Сауыны болған қара нар боздады» – деп, Еламан бұны 
ішінен әзілге айналдыратын. Жұмыс аяқталысымен 
үйлері бір жақта тұратын кісілер өздерінің күндегі 
әдетімен бүгін де ыңғайласып топ-топ боп әңгімелесіп 
кетіп бара жатты. Бір-екі жұмысшы Еламанға бұрылып 
кеп: «Бірге қайтайық» – деп еді, Еламан оларға: «Кете 
беріңдер» – деді де, көзінің қиығын Мюлгаузеннен ай-
ырмай бағып тұр. Мюлгаузен өзіне қарайлап тұрған Ела-
манды байқаса да, оған назар аударған жоқ. Ол күні бойы 
ескі паровоздың астына кіріп, сыз жерде шалқасынан 
жатып жұмыс істеген-ді. Үсті-басы, беті-аузы май-май 
боп, күлді-күйелеш паровоздың астынан шықты.
– Қайтпаймыз ба? – деді Еламан қасына келіп.
– Что-о?
– Бірге қайтайық. Сені күтіп тұрмын.
– Кете бер!
– Сен ше?
Мюлгаузен үндемеді. Май-май киімдерін шешіп, 
үстіне майканың сыртынан өзінің таза киімдерін киді. 
Еламан өзіне көптен бері осы жігіттің қабағы ашылмай, 
қыңырайып тоң-торыс жүрген салқындығын білсе де, 
осы жолы араларындағы түсініспестікті жуып-шайғысы 
келді де, күліп құшақтамақ боп еді, Мюлгаузен:
– Уйди! – деп, қолын қағып жіберді де, басы 
қайқайып жөніне тарта берді. Тағы да атасы есіне түсті. 
Шамасы, сірә, терезесі тең дос табыла бермейтіні рас 
шығар. Бірі артық, бірі аз-кем кемдеу болса да, олардың 
достығы, тегі, ақсақ кісінің аяғы тақылеттес, сау аяқтан 
ақсақ аяқ неғұрлым қысқа болса, соғұрлым кеміс аяққа 
салмақ көбірек түсіп, қаттырақ ақсайтын болар-ау. Міне, 


487
бұлардың да достығы сылти бастады. Досы соны бұған 
тағы да аңғартып, қыңырайып тартып барады. Сен, кәне, 
кеміс аяқтың қызметін атқарасың ба? Соған келісесің бе?
Еламан басын шайқады. Кездемесін бұлда-ған 
Темірке сияқты достығын бұлдаса, амал қанша, ендігі 
жерде жалғыз жүріп жол табар.
Еламан «ертең, күні ертең басқа үйге шығам» деп 
ширығып келе жатқан-ды. Көк дүкенге деңгейлесе бер-
генде осылай бетпе-бет қарсы кеп қалған әйелге көзі түсті 
де... түсі бұзылып кетті. Тәуекелі жетпегендей, тоқтай 
қалды да, қайта жүрді. Өрге қарсы жүргендей, дем ара-
сында тынысы ауырлап, ентіккендей боп, арбалған көзін 
әйелден айыра алмады. Әйел де әлдебір көлденең көзді 
сезгендей, назарын тіктей берді де, төбеге ұрғандай 
тоқтай қалды. Екі беті өрт шарпығандай дуылдап тұрып 
бұған бір сәт, бір ғана сәт жасқанбай тура қарады. Шама-
сы соған жетті. Еламан оны жылап жіберетіндей көріп, 
бір аттап ілгері ұмтылып:
– Ақ-бала... – деді. Деуін десе де аянышты дауыс ар 
жағынан әдеттегіден гөрі ышқынып шыққанын ол кейін 
сезді. Соған өкініп еді. Иә, сол пәле болды. Ақбала бір 
сәтте бетінен қаны қашып, қатыгез әкенің құдай бол-
маса, адам баласы аяғанда намысына, шамына тиетін 
әнебір ызақор ажарын тауып, әйел де бір сәтте ширығып 
ала қойды да, тілдесуге келтірмей жөнеле берді.
Еламан бөгемек болғандай ілесіп ұмтыла түсті де, 
тоқтады. Аузындағы сөзді айта алмай, шала ашылған 
ернін жия алмай тұр: «Қайырылмас па екен?» деп ой-
лады. Ақбаланы осы қалада тұратын тұрмысы нашар, 
мүсәпірлеу біреуге күйеуге шығыпты деп есіткен-ді. 
Өңінің жүдеулігі болмаса, бұрынғысынан өзгермепті. 
Үстіндегі киімі де өзгермеген. Баяғы қос етек көйлек. 
Сол баяғы қынама бел көк масаты қамзол. Тіпті 


488
арқасына сұлап түскен қос бұрымға дейін бәрі, бәрі түк 
өзгермеген. Әне, көзден алыстап ұзап барады. Тек... 
құяң болған адамдай, неге, неліктен қолы да, иығының 
басы да қозғалмай, секиіп сіресіп қалған? Неге бұлай? 
Әлде әйел намысы буып, жаны ышқынып бара жатпа-
са не қылсын? Шынында, солай болар-ау? Мына адыра 
қалғыр өмірдің тепкісіне ұшырап, қорлық пен зорлықты 
көрсе де, кісі алдында кішіреймей, тәкаппар басын ша-
мадан тыс тік ұстап шалқақтап бара жатқаны тегін бе? 
Осы бара жатқанда әлдекімге оның өзі қыр көрсетіп: 
«Мен әлі де бұрынғы Ақбаламын», – деген әкеге тартқан 
қасармалық емес пе? «Жоқ, ол енді қайырылмайды» – 
деді Еламан.
* * *
Ақбала шынында да қайырылмады. «Жақ сы істедім», 
деді былай шыққасын өзіне-өзі ішінен, – жақсы істедім. 
Біздің арамызда түк те қалған жоқ. «Бәрі біткен. Өлген». 
Ызалы, долы жас тамағына тіреліп, тынысы тарылып 
барады. Қашан бір көшені айналғанша демін алмады. 
Сүрінді ме, қайтті, тілерсегі дірілдеп құлап қала жазда-
ды.
Қарсы кеп қалған кісілер бұрылып қарап, 
қайсыбіреулер таңданып тұрады да өтіп кетеді. Жаңа, 
онымен кездесердің алдында көк дүкеннен сатып алған 
шамның мұржасы қолында келе жатқан-ды. Оны көргенде 
ток ұрғандай тұла бойы дір етіп, қолын ықтиярдан тыс 
қатты сығып жібергенде, шыны шөлмек сынып кетті. 
Оны, бірақ сезген жоқ. Тас қып түйіп алған саусақтар 
арасынан қан сорғалап тамып келеді.
Ақбала үйге қалай жеткенін білмеді. Алдынан 
жүгіріп шыққан балалар шошып, естиярлау екеуі кейін 


489
шегініп кетті. Тек есін білмейтін күрбелдеуі жүгіріп кеп 
«апалап» Ақбаланың етегіне жармасты. Онсыз да кімге 
ұрынарын білмей, долылық буып тұрған әйел кішкентай 
баланы қағып жібергісі келді де, өзін ұстап қалды. «Апа-
лап» аяғына оралып жатқан балаға еңкейіп, жерден 
көтеріп алды. Алуын алса да, бірақ оны қайтерін білмей, 
үй ортасында аңырып тұрып қалды. Сосын қараптан-
қарап сүлдері құрып, қол созымдай жердегі төсекке жете 
алмай, тұрған жеріне отыра кетті. 
«Өзі кінәлі. Бәрі өзінен. Менің де, өзінің де, 
баламыздың... сорлы жетімектің осы күйге ұшырағаны... 
бәрі, бәрі сонан! Өзінен! Өзінен!..» Құдды біреу онан 
кінәлі кім деп, ақ-қарасын ашып беруін сұрап жатқандай. 
«Сен, сен кінәлісің! Сен... Се-н-н!» Әлгінде шыны тілген 
қолдан қан көп аққан-ды. Сол енді сонау саусақтан, қара 
тырнақтан бастап бүтіл бір жағы – білегі, қары, шымыр-
лап ұйып, әрі-берідесін тіпті, солқылдатып әкетіп бара 
жатқанын да елең етпей, сазара түсті де «Мұзға шықпа 
деп қанша жалындым» деді ішінен, «дауыл боларын 
білді. Білді! Біле тұра мұзға шықты. Орысты өлтірді. 
Мені аясаң, дүниеге келгелі тұрған баланы ойласа, оры-
сты өлтірер ме еді?.. Сен!.. Сен кінәлісін. Кінәлісін. 
Кінәлісің».
Ақбала құп-қу. Қаны қашқан боп-боз ерін дірілдеп, 
өксік қысқан көкірек көтеріліп-басылып, көз толы жас 
мөлтілдеп омырауына тамды. Ақбала жасын сүрткелі 
қолын көтере берген-ді. Ертеден бері үрпиіп, бұрышта 
тығылып тұрған естияр екі бала:
– Апа!.. Әй-әй апа, қан! Қан... – деп, жүгіріп кеп, 
екеуі екі жақтан шырқырап қоя берді.
Ақбала қанды енді көрді.
– Ух, құрысыншы. Итшілік өмір ғой – деп, енжар 
қимылмен астындағы алашаның шетін қайырып, әйнек 


490
тілген алақанын топыраққа бас-ты да, қолымен жер 
тіреп отырып қалды. Әлі де ештеңе сезіп отырған жоқ. 
Қара көлеңкелене бастаған үйде әлгі жетім балалардың 
бұнан көз алмай үрпиісіп тұрғанын да байқамады.
– Жа-й... Жай отырсың ба? – деді, жа қындауға бата 
алмай, сырт жағында тұрған біреу.
Ұзын сарының үйде бар-жоғын да байқамапты. 
Ақбала түрегелді. Шам жақты. Мұржасыз шамның 
білтесін көтеріп жатып, әлдеқалай үстіне көзі түсіп еді; ақ 
бәтес көйлектің етегіне жұққан сәл ғана болмашы дақты 
көріп, бұны бұрын неғып байқамағанына қынжылды.
Ақбала үй ішінің оны-пұны шаруасын істеп, сосын 
күні бойы аш отырған балаларға ас даярлады. Соның 
бәрінде де Әнуар қалталақтап соңынан қалмай жүр. 
Ақбала жүрсе жүріп, тұрса о да тоқтап, көзін жерден 
көтермей солбырайып тұрады. Ақбала алғашқыда көңіл 
бөле қоймап еді; кейін ызасына тиді.
– Не керек?
– Маған... Ма-ған баа?
– Иә, саған?
– Жай... Тек... тек... Ренжітсем, ке-кешір... 
– «Мына сорлыға не болған. Есі дұрыс па?»
– Ақбала... ке-шір...
– Кешір?
– Иә, кешір...
– Нені кешіруім керек?
– Өзің білесің ғой, он шақты күннен бері ауырып, 
үйдің берекетін кетіріп алдым...
– Оның несі айып, кім ауырмайды...
– Жоқ, былай... Бүгін тәуірмін. Құдай қаласа ертең 
жұмысқа шығам.
– Ерте тұрып кеткен жоқсың ба?
– Жоқ, қазір тәуірмін. Менің ай-та... айтайын 
дегенім...


491
– Иә?
– Тек ренжіме...
– Айта бер!
– Мына балаларға ана бол. Ендігі жерде екі жарты...
Ақбала көзін төмен сап, үнсіз тыңдап тұрған-ды. 
Әнуар сөзін аяқтағанда өзінің осы халін мысқылдағандай 
жабырқау жүзіне күлкі білінді. Бұл үйден қазір... тап 
осы қазір кету керегін, әйтпеген күнде мына сүмелек 
сарының тілегін қабыл алмай болмайтынын білді. Он-
сыз да қала ішінде өсек көбейіп, кейбір қылжақтар: 
«Некесі қиылмады демесең, түнемелікке қарай төсектері 
қосылып кетеді екен» деп жүр.
– Мені қайтесің. Басың жас, балаларыңа – ана, өзіңе – 
жар болатын жөні түзу әйел табарсың. Қыздай қосылған 
күйеуіне опа бермеген жан саған не опа беретін еді?.. 
Қош бол, Әнуар.
– Жо-жо-қ... не дегенің... жібермеймін...
Ақбала киім-кешегін жиыстырып алды да, көздері 
жәудіреп тұрған үш балаға бұрылды.
– Ал, айналайындар, сау болыңдар... – деп, бұйығы 
балаларды бауырына тартып бетінен сүймек боп 
еңкейгенде, көзі олардың көзіне түсіп еді; естияр екі 
баланың иегі кемсеңдеп, өкіріп жылап жіберуге аз-ақ 
тұр екен. Ақбала олардың көзінен мөлтілдеген жасты 
көргенде ғана осы сәттегі өзінің қатал ойынан шо-
шып кетті. Қолындағы түйіншекті лақтырып жіберді 
де, жалма-жан тізерлеп отыра қап, бауырына тығылған 
жетім балалардың бәрін қаусырып құшақтай алды.
– Апа... апа, кетпеші.
– Кетпеймін... Айна-ла-йын... Ендігі жерде не көрсем 
де сендермен бірдей көрем.


492
* * *
Әнуар жұмыстан бүгін күндегіден ерте қайтты. 
Қабағы түсіп кеткен. Осы келе жатқанда ол қаланың 
қапырық ауасын, қолқа атқан күйген кесек иісін сезген 
жоқ. Теміркенің көк дүкенін айнала бергенде, ар жағынан 
арбаның доңғалағындай бас-аяғы домаланған біреу 
шыға келді. Әнуар әдепкіде мынаның кісі екенін, әлде 
шыныменен арбаның доңғалағы екенін айыра алмай, 
көзін уқалап жіберді. «Бұл пәлеге қайдан кездестім?.. 
Апыр-ай! Апыр-ай, қарызын сұрамаса не қылсын», – 
деді Әнуар бұның қарасын көргеннен қипақтап.
Бұ да осы қаланың Теміркеден кейінгі бай кісісі. 
Бұның да қалада дүкені бар. Және Қазалы, Қамбаштың 
балығын ешкіммен бөліспей, бір қолдан сатып алып, ва-
гон-вагонымен Орынбор, Орскіге жөнелтіп жатады.
– Ә, ортақ, – деді ол. 
Әнуар көзін көтермей, шыбындаған аттай қос 
қолымен құйрығын сипалап қипақтай бастады.
– Көрінбей кеттің ғой. Қалайсың? Байыдың ба?
– Бб-із... Біз-ге ондай қайда?
– Өңің жүдә аппақ. Аурып тұрыпсың ғой. Үйіңге 
бар. Хотының жүдә гөзал...
– Жо... жоқ, ол... ол менікің қатыным емес.
– Сен қусың. Хотыныңа салам айт... 
Сүйдеп тағы да күлді де, қоштасар жерде түсін суы-
тып:
– Қарызыңды қайтар, сен созып барасың. Хоп мә? 
– деді де, құдды біреу ылдиға қарай итеріп, домалатып 
жіберген дәл бір арбаның доңғалағындай домалап ала 
жөнелді.


493
Әкесін көргенде үш бала бәрі бірдей орындарынан 
ұшып тұрды. Әнуар сыртқа шыға қашқысы келгендей, 
есіктен аттай бере қалт етіп тұра қалды. Құдды кінәлі 
кісідей, жас балалардың жәудіреген көзіне тура қарай 
алмай, сырт айналып кетті. Ақбала оның жұмысқа бара 
сала ізінше тез қайтып келгеніне таң қалды. Бірақ, 
үндемеді. Әнуар да аузын ашпады.
Бұл үй бүгін де қазан көтермеді. Бір жан жақ аш-
пады. Күннің қызылы сөнер-сөнбесте үн-түнсіз әркім 
отырған жеріне қисая кеткен-ді. Ертеңіне балалар ерте 
оянып, қыңқылдап ас сұрай бергесін, Ақбала төсектен 
басын көтерді. Үш баланың ар жағында бетін іргеге 
беріп бүктетіліп жатқан ұзын сарының жұмысқа бара-
тын уақыты болса да, төсектен тұрмай жатқанын көріп:
– Тұрмайсың ба? – деп еді, 
– Тұрайын ба? – деп, Әнуар жастықтан басын көтерді. 
– Тұр десең, жарайт, тұ-рай-ын.
– Өзің біл. Мен тек жұмысқа баратын уақыт болғасын 
айтып жатырмын.
– Жұмыс... Қап, кеше айтуым керек еді.
– Нені?..
– Аузым бармады. Сені... балаларды аядым... 
«Мына сорлы не деп тұр?» Ақбала түкке түсінбесе 
де, бұның ар жағында қандай да айтуға аузы бармай 
тұрған әлдене барын байқап, іші мұздап кетті:
– Жұмыстан қуғаннан сау ма?
– Жо... жоқ. Жұмыстан қуған жоқ.
– Сонда не?
– Не-е... не дегенде... Анада ауырдым ғой. Сонда... 
орныма адам алып қойыпты.
Ақбала сыртқа шықты. Неге шыққанын білмеді. 
Шыққаннан кейін де қайда барарын білмей, басы зеңіп 
тұрды да, беті ауған жаққа аяғы алып келе жатқан. 


494
Сапырылысқан ығы-жығы халық. Солардың арасынан 
аттылы-түйелі ел қазақтары көрінді. Түсін шырамытқан 
бірлі-жарым болмаса, жыға танитын ешкім кездеспеді. 
Қалаға жақын-жуықтағы ауылдардан меске шайқалып 
келген қымыздың, шұбаттың иісі, майға пісірген, 
тандырға пісірген ыссы нанның ию-қию иісі жан-
жағынан үзбей келіп, әбден зықы кетті. Үйге қайтқысы 
келсе де, ықтияр еркінен тыс әлде не жібермей жіпсіз 
байланып, қақтығысқан, соқтығысқандардың арасында 
шырғатылып біраз жүргесін басы айналды.
Күн көтеріліп, базар қыза бастады. Құжынаған 
көп халық; кәзір бұрыңғы – бұрыңғы ма, енді тіпті 
құйқылжып, алармандар мен сатармандар жалақтап 
шыға келді. 
Ақбала кеткісі, тіпті шыға қашқысы келіп еді, бірақ 
үйде қалған аш балалар есіне түсті. Басы айналып, әлі 
құрып тұрғасын көзін жұмды. Қанша тұрғанын білмеді. 
Көзін ашса тағы да жаймадағы әлгі тірі күйіктерді 
көріп, зығыры қайнарын білді де, қақтығысқан, 
соқтығысқандардың арасында көзін жерден көтермей, 
аяғын ілбіп басып келе жатқан-ды. Кенет қалшиып тұра 
қалды. Қуанғаны, әлде қорыққаны белгісіз көзі түскен 
көкала қағазға тұла бойы түгел дірілдеп қарады. Енді сәл 
кідірсе басқа біреулер көріп қалатындай, май топырақ 
астынан шеті шығып жатқан он сомды аяғымен баса қап 
еді, құдды табанымен шоқ басқандай, аяғынан бастап, 
сирағы, санына қарай дірілдеп әкетіп бара жатқасын 
жалма-жан еңкейіп енді қолын соза берді де, тез тартып 
алды. Көзінің астымен абайлап жан-жағына қарап еді. 
Еш кімнің еш кімде шаруасы жоқ, баяғыдай ет сатқан, ай-
ран сатқан, нан сатқан ана жаймада да, мына жаймада да 
үйме-жүйме, ығы-жығы, опыр-топыр халық. Сол баяғы 
абыр-сабыр, ың-жың арасында қақырайған картузды бір 
шекесіне қисайта киген мұртты полисей қамшы ұстаған 


495
қолымен бүйірін таянып алыпты. Бұнымен оның да ісі 
жоқ. Қайта ар жағындағы опыр-топырға одырая қарап, 
ата қаздай қоқиланып тұр екен. 
Ақбала сол күні өзінің есі шығып, сонша қорыққанына 
кейін өзі де күлген еді.
* * *
Ақбала шошып оянды. Біреу сыртта есікті дүрсілдетіп 
қағып тұр екен. Жалғыз терезеге киім тұтқан үй тастай 
қараңғы. Ұйқылы көзі ештеңе көрмесе де, қасында 
жатқан үш баланың арғы жағында жатқан еркек есіне 
түсті:
– Әнуар... тұр! Тұр!
– А-а?
– Тұр, біреу есікті қағып тұр.
– Кім?
– Білмеймін.
– Әй, кімсің? – деді Әнуар.
Есікті қайта қақты. Жаман есікті сындырып 
жіберетіндей, үсті-үстіне дүрсілдете бастады.
Ақбала тез тұрып шам жақты. Әнуар қалталақтап 
есікке барды. Әлі де болса, «ашайын ба, жоқ па?» деген 
үрейлі сұрақпен Ақбалаға қарады.
– Аш! – деді Ақбала.
– Ұры емес пе?
– Аш! – деді Ақбала ұры сенің неңді алады?
Әнуар есікті жарым-жартылап аша түсті де, тез жаба 
қойды.
– Ойбай, құрыдық...
Ақбала ұзын сарыны иығының басымен итеріп 
жіберіп, есікті ашқанда шам ұстаған қолы қалтырап 
кетті. Сыртта айқай-сүрең ұлғайып, бірнеше кісі үй 
іргесін дүсірлетіп жүгіріп өтті. Ақбала жалма-жан 


496
шамды сөндіріп, есікті ішінен бекітіп алды. Ол енді өз 
қолымен ішке кіргізіп алған кісіге назар аударып қараған 
жоқ.
* * *
Көшеде кісі аяғы басылса да, бұл үйде әлі бір жан 
қыбыр етпеді. Керек десе, шам жақпады. Ақбала 
қозғалайын десе құлап қалатындай сезді. Өңі, әлде, түсі 
екенін біліп тұрған жоқ.
Бір кезде үйде өзінен басқа әйелдің жоғы есіне түсті де, 
үнсіз қозғалып төсек қамдады. Қараңғыда жолда тұрған 
шелекті қағып кетті. Ақбала сәл бөгеліп, шелекті жолдан 
былай алып қойды. Екі еркекке төсекті бірге салып, өзі 
балалардың қасындағы төсегіне қисайды. Үй іргесінен 
тағы біреулер жүгіріп өтті. «Мені іздеп жүргендер ме 
екен? Мюлгаузен қайда екен?» – деді Еламан ішінен. 
Қалайда әлгіндегі қысылтаяңда қуғыншылардың 
бетін Мюлгаузендерден аударып, өзінің соңына салып 
әкелгеніне дән ырза.
Неге екенін қайдам, Еламанға салған жерден үй иесі 
– сүмелек сары ұнамады. Денесіне денесі тиіп кетсе де 
жиркенішті бірдеңе жанасқандай, дір етіп бойын тар-
тып алып жатыр. Ақбаланың осымен бірге жатпай төсегі 
бөлек болғанынан жұбаныш тауып «әлгі жұрттың айтып 
жүргені бекер болды ғой» деп ойлады.
Еламан көзінен ұйқы қашып, әлі де болса ойы онға 
шауып жатыр. «Бізді қалай біліп қалды?» деген ой ба-
сынан кетпеді. Ә дегенде бәрі ойдағыдай басталып еді. 
Қала шырт ұйқыда. Тек бұлар қараңғыны жамылып 
темір жолға жақындай бергенде станса жақтан паро-
воз айқайлады. Тосын шыққан ащы дауыстан дір етті. 
Қасында өзімен бірге келе жатқан Мюлгаузеннен көз 
жазбай, шалғайласып келеді. Көптен бері бұған көңілі 


497
салқындап жүргенде, осы істің тұсында аяқ астынан 
бұған қалай сенім білдіріп қасына алғанына қайран.
Темір жолды кесіп өткесін, таса-тасаны бетке ұстап 
бұқпақтап кеп оқшау тұрған тас үйдің іргесіне жата-жата 
қалды. Тас үйдің алдындағы жалғыз фонар жел астында 
ақырын шайқалады. Қараңғыда бауырына түскен сәуле 
де дір-дір етіп, шаммен қоса шайқалып тұр. «Күзетші 
қайда?» деп ойлағанша болмай, бұлар көз тіккен жақтан 
біреу шам сәулесіне жақындап келе жатты.
– Маған ұлықсат етші! – деді Еламан. Мюлгау-
зен үндемеді. Кешегі түрікпен соғыста талай рет жау 
шебіне өтіп тіл әкеліпті. Осы жолы да сол машықпен 
қара кездікті бел ортасынан тістеді де, жер бауырлап 
еңбектей жөнелді. Қапелімде қараңғыға сіңіп, көз жа-
зып қалып еді; сүйтсе ол күзетшіге жақындап барып, 
бір бұтаны қалқалап бетке ұстап жата қапты. Есіл-дерті 
күзетшіде боп, аңдысып жатып консервіден босаған 
қалбырды байқамапты. Күзетші қолынан түсіп кеткен 
әлдебірдеңеге еңкейіп ала бергенде, бұл атып тұрған екен, 
аяқ астындағы аяқ астындағы әлгі қаңылтыр қалбырды 
қағып даңғыр етіпті. Қашқандар мен қуғандар. Айқай-
сүрең. Мылтықтар тарс-тарс. Оқтар зу-зу.
Мюлгаузеннің соңынан тұра жүгірген Еламан көз 
байлаған тастай қараңғыда күзетші солдаттың өлігіне 
сүрініп құлай жаздап, жер таяна бергенде қолына беса-
тар іліккен еді...
Әлдебіреулер Еламан тығылып жатқан үйдің терезесі 
алдында күбір-күбір сөйлесетін секілді. Еламан ба-
сын көтеріп алды. Төсек-көрпе астына тыға салған 
мылтықтың мұздай теміріне қолы тигесін ғана көңілі са-
басына түсті. Сол екі арада жазғы таң да сыз беріп еді. 
Әнуар жөтелді. Сосын басын көтерді. Сосын өз денесін 
өзі ауырлағандай, сүлеленіп түрегелді. Аяғын сүйретіп 


498
басып есіктен шығып бара жатты. Еламанның салқын 
қабақ астынан жөнелтіп салғанын байқаған Ақбала 
қараптан-қарап қысылып, өзінің бұнда баспана үшін 
тұрып жатқанын айтқысы кеп еді. Бірақ оны қалай айта-
рын білмеді.
Осы күндері Ақбала өзін жанып сөнгендей сезініп 
жүрген-ді. Қалаға келгелі әйел болып бір еркекке көңілі 
ауып, назар аударған емес. Соған таңғалып, шыныменен 
өзін жанып сөнгеннен саумын ба?» деп ойлайтын. Әнуар 
кетіп, кешегі күйеуімен екеуден екеуі оңаша қалғасын, үй 
ішінен кенет еркек иісі аңқып қоя берді. Және қасында, 
небәрі қол созымдай ғана жерде қысылғаннан о да бұның 
дәл өзіндей тырп етпей дымы құрып жатқан осы жігітпен 
екеуі бірге тұрған баяғы бір кез есіне түсті. Сол кезде 
өздері «жылауық» деп ат қойған алқам-салқам есікті 
балықтан қайтқан күйеуі сықырлатып ашып кіріп келе 
жататын. Қолындағы балық салған қапты отын үстіне 
тастай салатын. Күні бойы құлазып тұрған үйге онымен 
бірге тірлік те ере келіп, тұла бойындағы киімнен тер 
иісі, балық иісі аңқып қоя берген осы бір еркектің иықты 
ірі денесін, күректей қолының күс-күс алақанын сезетін 
сияқты. Онан сайын бұрынғы күйеуімен екеуден екеуі 
оңаша қалатын сол күндерді бар жанымен анық сезіп, 
осы қазір өзі де дәл бір жігітін күткен қыздай жүрегі 
құрғыр лүпілдеп, тұла бойын діріл билеп барады. Бірақ 
қозғалмады.
Еламан да тырп етпеді. Ақбала жаққа бірер рет көз 
қиығын жасқаншақтай тастады. Екеуінің арасында үш 
бала танауы пысылдап қаннен-қаперсіз ұйықтап жатыр. 
«Қалған көңіл – шыққан жан» деп өзіне қанша тыйым 
салса да, тұла бойын оқтын-оқтын тәтті құмарлық билеп,
көзі тұманданып кете берді. Үй ішіне жарық түскесін 
Ақбала түрегелді. Еламанның ояу жатқанын білді де, ол 
жаққа көз салмады. Шамасы келгенше сыр алдырмауға 


499
тырысып, әр қимылын іштей қадағалап ақырын қозғалып 
жүр. Еламан басын көтерді.
– Ақ-ба-ла!..
Ақбала тоқтай қалды. Өліктей қуарып кеткен Ақбала 
ернін қырқып тістеді де, тап ана көк жал дүкен алдында 
кездескендегі, бір ауыз тілге келмей есіктен шығып барат-
ты. Сыртқа қалай шықты, солай бүтіл дене тарқатылған 
жіптей, сүлдері құрып босағаға арқасын сүйеп тұра 
қалды. Дыбысын шығармай солқылдап жылады. 
* * *
Еламан да тұрды. Тез-тез киінді. Енді тек үн-түнсіз 
шығып кетуді лайық көрмей, сыртта жүрген Ақбаланы 
тосып отырғанда сықыр етіп есік ашылды.
Еламан қарсы барды:
– Рақмет, Ақбала! Түнде... сен бол-маға-да... 
Ақбала «қайтесің» дегендей, қолын дәрменсіз сәл 
көтере түсті де, тез тартып алды. Сосын бетін алып 
қашып қырындай бұрылып кетті. Ошаққа от жақты. 
Шай қойды. Кешегі он сомға алған ұнның соңын қағып 
күлше пісіріп еді. Тандырға пісірген ыссы нан иісінен 
жұпыны, жүдеу үй іші әп-сәтте көңілденіп, шырт ұйқыда 
жатқан балалар оянды. Мойындары қылқиып түрегелді. 
Үлесінен құр қалғандай, ояна сала ыссы нан иісі шыққан 
жаққа қарап, көзімен жеп барады. 
Еламан ыссы күлшенің шетінен бір үзіп ауыз тиді де, 
қайтарып берді:
– Балалар жесін...
Ақбала қолдарына нан ұстатып жатып:
– Барыңдар! Ойнаңдар! – деп, балаларды сыртқа 
шығарып жіберді де, қайтып келді. Еламан отырған 
көрпенің шет жағын ала көзін төмен салып бір қырындап 
отырды.
– Баста бір қа-те-лес-тім...


500
– Қайтесің... Құдайлық ісі қой...
Ақбала алақанымен бетін басты да, бүк түсіп еңіреп 
қоя берді. 
Еламан сазарып алған.
– Мен... Мен кінәлімін, – деді Ақбала солқылдап. 
Еламан жұбатпады. Ақбала жасын тыйды. 
Әңгімелері жараспады. Үнсіз отыру екеуіне де 
ыңғайсыз бола бастады.
– Әлгі жігіт... Ол өзі... жұмыс істей ме? – деді Еламан.
– Ешқайда... Бос.
– Жұмыс табылмай жүр ме?
– Білмеймін.
Еламан әйелдің жанына бататын бір нәрсені тілінің 
ұшына алмады. Соны Ақбала да жанымен сезді де, біраз 
отырып барып, көзін төмен салып бір қырындап отыр-
ды. Еламанға шын ризалық көңілден ұзағырақ қарады. 
Еркектен гөрі әйел көзі қырағы болса қырағы болатын 
шығар: баяғыдағы балықшы жігіттің бойындағы иненің 
жасуындай өзгерістің бәрін байқады. Қолпылдаған 
қазақы киімнен орысқол киімі қонымды сияқты. Қара 
мұрт қалың өсіпті. Жалданып тұратын дөңес мұрын, 
үлкен ауыз қашан да оның кесек бітімінен жарасым-
ды үйлес тауып, еңгезердей жігіттің ер пішінін ірілеп 
тұратын. Бұрынғыдай емес, қазір бет-өңіне суық ажар 
пайда болған. Тұнжыраған қабақтың дәл астынан кісі 
өңіне сазарып қарайтын үлкен ала көздің алдын ұсақ 
әжім торлапты. Қос самайда қылаң берген ақ шаш та 
жайшылықта ішін аша бермейтін сабырлы жігіттің 
кейінгі жылдары талай қиындықты бастан кешкенін 
паш еткендей. Әлгі әжімдерден әйел өзінің қиянаттарын 
көргендей, көзін тартып алды. Қайта қарауға дәті шы-
дамады да, әңгімелері бітіп қалды. Еламан қоштасып 
шығып кетті. Көп ұзамай Ақбала да көшеге шықты. 


501
Неге екені белгісіз, қараптан-қарап көкірегін өксік 
қысып, еңіреп жылап келеді. Ойламайын десе де, Ела-
ман есіне түсе берді. Ана жолғы кездескені секілді бұл 
жолы да өзінің көңілі басылып, сезімі ауырлап келеді. 
«Құрысыншы. Құрып қалсыншы бәрі», – деді Ақбала 
дүниеден түңіліп баз кешкендей болып.
* * *
Еламан Теміркенің көк дүкенінің алдынан өте бер-
генде ұзын сарыға кездесті. «Ә» дегенде Еламан көз сал-
май, өтіп кеткісі келді де, кенет тоқтай қалды.
– Жұмыс таптың ба?
– Жоқ...
– Темір жол бойында істер ме едің?
– Жұмыс таңдайтын заман ба... Былай, әйтеуір... 
күнкөріске...
– Ендеше, жүр.
Бұлар депоға келді. Бұндағы жұрттың бәрі тұнжырап 
қабағы түсіп кетіпті. Бірде-бірі бұған назар аудармай, 
үн-түнсіз жұмыстарын істей берді. Ұзын сарыны жете-
леп, Мюлгаузенге жетіп баруға батылы жетпеді де, әуелі 
Ознобинді іздеп тапты.
– Ал, батыр... сөйле! – деді қарт жұмысшы.
– Мұнда не боп жатыр? – деді Еламан. 
Қарт жұмысшы оған таңдана карады.
– Сен немене, бұнда не болғанын білмейсің бе?
– Жоқ. Не болды?
– Оңған ештеңе жоқ...
– Қалай?..
– Түнде бір кісі қолға түсіп, түрмеде қамауда жатыр. 
Еламан сенерін де, сенбесін де білмеді.
– Жоқ, мүмкін емес...
– Бәрі мүмкін. Сендерден бәрін күтуге болады...


502
– Не дейді?!. Шын айтасыз ба?
– Сенбесең, қалалық түрмеге бар.
– Бұл қалай? Қалайша...
Қарт жұмысшы бұған көзі ежірейіп қарады:
– Ақылдасқан артық болмайтын еді ғой. Маған неге 
айтпадың?
Еламан шынын айтса, Мюлгаузенді ұстап берерін 
білді де, үндемеді. «Тентек шалыңа сездірме», – деп, 
бұған қатты тыйым салған соның өзі еді.
– Жігітім, саған ренжіп қалдым. Түнде табансыздық 
істепсің...
– Қалай?
– Оны менен гөрі өзің жақсы білесің.
– Сіз осы не деп тұрсыз?
– Мен есіткенімді ғана айтып тұрмын. Мюлгаузен 
сені «Бізді тастап қашып кетті. Соған қарайлаймыз деп 
жүргенде бір кісіміз қолға түсті» деп жүр.
Еламан жын ұрғандай, түсі қатты бұзылып Мюлгау-
зенге жетіп барды.
– Петька!..
– Ну, ты сволочь! Трус! – деді Мюлгаузен.
– Әуелі анықтап біліп ал.
– знать не хочу. Уходи! Ну, кому говорят! – деді Мюл-
гаузен ақырып. Еламан қозғалмады.
– Жанжалдың керегі жоқ. Қарағым, кетейік... 
Кетейікші – деп, Әнуар оны жеңінен тартқылай бастады.
– Тоқтай тұр.
– Тоқтайтын түгі жоқ. Мынаның түрі жаман. Мен 
кеттім, – деп жөнеле берді.
– Петька, сен... сен осы не деп тұрсың?
Жұмысшылар бір жанжалдың боларын білді де, 
жүгіріп кеп екеуінің арасына тұра қалды.
– Бұларың ұят! – деді Ознобин.
Еламан жұмыстан өзіне ыза боп қайтты. Бар дүние 


503
қолында тұрғандай әлгі сүмелекті депоға ертіп әкелгеніне 
ызаланды. Енді бара сала бәрін Ақбалаға айтатынын 
білді.
Кемпір көзіне түспеді. Маша ас үйде буы бұрқырап 
қайнап жатқан кәстрөлдің қасына орындық қойып әлдебір 
кітапты оқып отыр екен. Бұның келгенін байқамады. 
Бұған ілесе үйге Мюлгаузен де келді.
– Маша, қайдасың, – деді айқайлап, Маша кітапты 
қайда тығарын білмей, алдына байлаған алжапқыштың 
етегімен көлегейлей қойды.
– Ac әзір... Тек, кішкене күте тұр.
– Қанша?
– Жарты сағаттай...
– Жарты сағат? Күні бойы не істедің? Анау не, кітап 
па? Селиванов сені де бұза бастаған екен.
Мюлгаузен әй-шәйға қарамай, қыздың қолынан 
кітапты жұлып алды. Ошақ астындағы отқа атпақ 
болғанда Маша: «Бұл кітапхананікі», – деп, шырылдап 
ағасының қолына жабысып еді, Мюлгаузен қарындасын 
итеріп жіберді.
– Ә, солай ма? «Селиванов кітапханасы» ма? Халықты 
қаруландырудың орнына кітаппен басын қатырмақ. Ну, 
погоди... Ну, я ему покажу...
Мюлгаузен лапылдап жанып жатқан отқа кітапты 
лақтырмақ болғанда, Еламан жолын кеселеп тұра қап 
еді.
– Былай тұр! Ну-у!..– деді Мюлгаузен.
– Петька...
– Калбит-т...
Еламан түсінген жоқ. Бірақ, Мюлгаузеннің сондай 
жиіркенішпен тыжырынып айтқан түрінен мынау кісінің 
намысына тиетін ауыр сөз екенін білді. Былайғы кезде 
бұл Мюлгаузеннен қайбартып, бетіне тік келе бермейтін. 


504
Қазір де осы пәленің қатты бұзылған түрін көріп, жыны-
на тигісі келмей, жалт беріп кейін шегіне беріп еді, Мюл-
гаузен шап беріп жағасынан ұстады да, қақ тұмсыққа 
қойып жіберді. Бір ұрғаннан Еламанның мұрны қанады.
– Ағажан, төбелеспе. Өтінем... Өтінем... – деді Маша 
шырылдап.
Бұлардың үстіне кемпір кірді. Шыр-шыр етіп жүрген 
қызын қолынан ұстады да, ай-шайға келтірмей өз 
бөлмесіне апарып есікті ішінен бекітіп алды.
Бұл кезде Мюлгаузен мен Еламан шиедей боп жат-
ты. Екеуі де үнсіз. Екеуі де бірін-бірі аямады. Мюлга-
узен онан күшінің басым екенін білгесін, тіпті айылын 
жимай, үй ортасында талтайып тұрып алды. Бұлшық 
ет ойнаған қып-қысқа қолын мысықша шапшаң, шалт 
сілтеп, қайымы келгенде ғана ұрады. Қолының басына 
қорғасын құйып алғандай. Көзіне қан толып, өлгенін 
білмей, қайта-қайта ұмтылып жүрген Еламанды кеу-
деден, іштен ұрады. Сырттан қарағанда әншейін, жай 
ғана нұқып қалған сияқты. Мюлгаузен төртпақ. Нығыз. 
Бұлшық ет ойнаған сом дене шойыннан құйғандай. 
Онан Еламанның бойы ұзын; қолы да ұзын болғанмен 
әлі бір рет айызын қандырып ұра алмады. Онан сай-
ын қаны қайнап, қапысын тапса ұрып жыққысы кеп 
жүрген-ді. Қолы кенет Мюлгаузеннің жағасына ілікті 
де, шап беріп алқымынан ала кетті. Темірдей саусақтар 
кеңірдегін жұлып алатындай қадалып, Мюлгаузен 
бір сәтте көзі ақшаңдап қырылдай бастады. Еламан 
үнсіз. Жұтқыншағын жұлып алмай тынбайтындай, қос 
шеңгелімен алқымынан алып сыға түсті. Қырылдап өліп 
бара жатқан Мюлгаузен бір кезде қатты бұлқынып, ар-
тына қарай шалқалап шегіне берді де, Еламанды дәл ау-
ыздан қойып жіберді. Еламанның қолы жазылып кетті. 
Ауыр дене гүрс етіп жерге құлады.


505
– Кәне, кел!.. Келсейші!.. – деді Мюлгаузен. Ела-
ман аузы толы қанды түкіріп тастады. Мына найсаптың 
жеңгеніне місе тұтпай, бұған «өлмесең тұрма» деп ыза-
сына тиіп тұрған түрін көрді. Онан көзін айырмай, азу 
тісін шықыр-шықыр қайрап түрегеле бергенде, ол енді 
Еламанды орнынан тұрғызбай оған өзі тап берді. Бір 
қолымен төбе шашын уысын толтыра ұстап алды да, тік 
көтеріп тұрғызып, қан-қан бетіне қойып жіберді. Еламан 
қарсы сілтемек болған қолын көтере алмай, тақтай еден-
ге гүрс етіп құлап түсті. Мюлгаузен төніп тұрып:
– Төбелес балық аулау емес – деді де, табанына нәл 
қаққан етігімен тақтай еденді солқылдата басып шығып 
кетті.
* * *
Кешегі төбелестен Еламанның үстіңгі ерні күлдіреп 
ісіп кетті. Көзінің алды да қанталап тұр. Сонан қорынды 
ма, ол жан адамға хабарласпай үн-түнсіз жүріп кеткелі 
жиналып жатқан үстіне Селиванов келді.
– Слушай, дорогой, – деді ол салған жерден, – мен 
бір жайды естіп кеп тұрмын. Маша айтты.
– Шүйінші сұрайтындай ештеңе жоқ еді ғой...
– Оның рас. Бірақ сенің кеткеніңді жөн көрмеймін.
– Әркімнің өз ісі өзіне жөн.
– Ауылға барғанда не істейсің?
Еламан киім-кешегін жиыстыра берді. Селиванов 
темекісін орап отырып, оған бірер рет көз қиығын та-
стады.
– Еламан, менің қасыма келші.
– Айта бер!
Селиванов оның қасарма қыңырлығына күліп, басын 
шайқады:
– Революция бір кісінің, тіпті бір халықтың ісі емес. 


506
Сондықтан біз жергілікті халықтың сана-сезімін көтеріп, 
бауырымызға тарта беруге тиіс едік. Оны істемедік. Бұл 
қате ме? Қате!
Селиванов тұтатып алған темекіні шекпей біраз 
отырды да, ақырын түрегелді. Қайта-қайта көзіне түсіп 
кете беретін сусылдақ шашын артына қарай сілкіп та-
стап, үйді кезіп жүріп кетті.
– Біздің ішіміздегі жалғыз қазақсың. Шынымды ай-
тайын, осы төңіректің қазағын сен арқылы революцияға 
тартпақ едім. Жоқ, жоқ, сені жібермеймін. Мюлгаузен-
мен сыйыса алмасаң...
– Төбелескені, сабағаны өз алдына, ол толы кісінің 
көзінше қорқақсың деп арыма, намысыма тиді.
Селиванов күлді. Қолын шалбарының қалтасынан 
шығарып Еламанның иығына салды.
– Оны қайтесің? Ол жөнінде біздің өз пікіріміз бар. 
Мюлгаузенмен сыйыса алмасаң, маған кел. Орын жетеді. 
Бірге жатамыз.
Еламан басын шайқады.
– Шынымен-ақ кетпексің бе?
– Кетем.
– Ну и ну!..
Еламан үйде қоштаспақ болып еді, оған Селиванов 
көнбей сыртқа ере шықты.
– Сау бол! – деді Еламан.
– Жарайды, сау бол! Бізді ұмытпа.
Еламан жолшыбай Ақбалаға соғып, өткен жолы 
тығып кеткен бесатарды тақымына басып алды. 
Ақбаланың тіл тартып ештеңе сұрамағанына ырза бол-
ды. Тек оның қала шетіне шығарып салып тұрып дәл 
қоштасар жерде әлденеге үнсіз сұрақпен ұзақ қараған 
көзінен ыңғайсызданып, атын тебініп:
– Ал, сау бол! – деді де, жүріп кетті. Бұрын да аз 


507
сөзді тұйық жігіт кешегі төбелестен кейін өзінің ендігі 
тірлігінде ешқандай мән-мағына, мақсат қалмағандай 
дүниеден түңіліп, көңілі суып алған-ды.
Кешегі күні түрік жеріне жалғыз інісін жерлеп көңілі 
құсаланып, шерлеп қайтса да, Шалқарға келгелі еңсесі 
көтеріліп қалып еді. Темір жолға жұмысқа орналасты. 
Су кешіп, тор сүйреткен еңбектен гөрі осы тірлігі өзіне 
ұнап жүр еді. Ендігі арманы – ажарлы болмаса да, ақыл-
есі бүтін, иман жүзді бір әйелге үйленіп, баласын қолына 
алу еді, ол ойының да тас-талқаны шықты.
* * *
Алғашқы күні ол Ұлықұмды ең бір қысқа тұсынан 
кесіп өтіп, төте жолмен Қарала-Көпке тура салды. Келесі 
күні ондай жүріске жаман аты жарамағасын, күндізгі ыс-
сыда құдығы бар көлеңкелі жерді сағалап, алдын кеште-
те атқа қонды. Еламан екінші күнгі жүрісте іш есебі бой-
ынша Боташқа жетіп қонбақшы болған. Боташта бұрын 
сыңсыған ауыл отыратын-ды; бүгін қалай да жетіп 
қонғысы кеп түн ортасы ауғанша жүрді. Ай алдақашан 
батқан. Аспанда бұлт бар. Күн батса да күндізгі ыстық 
басылмай, жел тынып, түнгі ауа қапырық боп тұрған. 
Маса ызыңдады. Еламан шабан атты қамшылауды 
қойып, ұйқы қысқан көзін алдына тігіп келе жатқан-ды. 
Түн ортасы ауа бергенде қалғып кеткен екен, астындағы 
ат әлденеден үріккендей осқырып тұра қалды. Еламан 
бойын жиып ап, ат үстінен ұмтылып ілгері жағына көз 
тікті. «Бұл шамада сай жоқ еді ғой? Әлде... әлде мынау 
Тобылғылы сай ма?»
Дала жым-жырт. Түн қатқан жалғыз жолаушының ал-
дын кеселеп суық қарауытқан сай бойынан шегірткелер 
шырылдап қоя берді. Еламан қараңғыға көзін тігіп 


508
тұрғанда, кенет кейінгі жақтан тосын дыбыс шығып, 
тұла бойы түршігіп кетті. Көңілге болмаса астындағы ат 
та жат дыбыстан сескеніп, тақымы астында дір-дір ете 
қалғандай. Сәлдесін әлгі дыбыс қайта шықты. Байғыз 
даусы бұл жолы да о дүниенің дәл өзінен шыққандай бір 
түрлі булығып естілді.
«Шамасы, сірә, бұл маңда қора, мола болды ғой». 
Еламан аттан түсті. Көптен көлікке мінбей, сүйегі қатып 
кеткен бе, кешеден бергі жүрісті ауырлап, қара еті жыр-
тылып қапты.
Еламан аттың ерін алып, тарлау ғып тұсап жіберді. 
Жол бойы шөпке басын созған ат осы арада кенет ынды-
ны ашылып, ауыздығын алғанша шыдамай, сай бойының 
көгіне ықыласпен ұмтылды. Соған қарап Еламан сай 
бойындағы шөптің негізгі дені мортық екенін топшы-
лады. Мортыққа аузы бір тиген жылқы осылай жерден 
басын алмай қадалатын. Ат ауыздығы сылдырап, ара-
арасында пысқырып, жас қозы етіндей елжіреген көкті 
етектей ернімен үйіріп, морт-морт күйседі.
Қараңғыда Еламан мортықтан басқа тағы қандай шөп 
барын байқамады. Бірақ, сүйтсе де, далада өскен жігіт 
сай бойында жусанның да барын сезіп, неше түрлі шөп 
арасынан ашыған көжедей өзгеше бір аңқыған қышқыл 
иісті таныды. Қапелімде тынысы ашылып, кеудесі кеңіп 
сала берді. Басқа жердің шөбіндей емес, шамасы, сірә, 
ылғалы мол сай бойының көгі ыстыққа шалдықпай, әзір 
жан сақтап, өзінің әне бір көктем кездегі балбыраған ба-
лауса қалпымен қарап тұрғандай. Еламан қара жусанның 
кісі көзінен жас шығаратын қышқыл иісін көзін жұмып 
тұрып, құшырлана жұтты.
– Қайран дала!.. Жарықтық, жусан дәрі ғой!
Еламан ат тұсарлығынан келетін мұздай көкке ба-
уырын төсеп, көміліп жата кетті. Салғаннан қатты 


509
ұйықтаған жігіт ертеңіне сәскеде оянды. Аты да тыңайып 
қалыпты. Қалың қау арасынан басын көтерген Еламанға 
ат мойнын бұрып оқыранды.
Еламан қарсы баурайдан көтеріліп бара жатып, түнде 
өзі түнеп шыққан сай бойына көз салып еді. Шөбі күйген 
сұрқай далаға қарағанда, мына сайдың реңі тіпті басқа. 
Сай табанынан мөлтілдеп бұлақ аққан ана бір тұстағы 
қалың қауды ол жаңа ат омырауымен жарып өткенде 
көзі шалып еді, бұлақ бойын қуалап өскен қызыл 
сирақ тобылғы жасыл сабат арасынан бой созып, таң 
шапағымен алаулап, өрттей жанып, бір қапылыста қыз 
белінен түсіп қалған қызыл торғын белбеу сияқтанды.
Түндегі байғыз есіне түсті. Сосын тағы да бұрылып, 
артта қалып бара жатқан сайдың арғы бетіне көз тастап 
еді. Түндегі қисыны дұрысқа соғыпты. Шынында, сайдың 
арғы қабағында жалғыз тас бейіт қалқияды. Құдай біледі, 
бұл тегі Тәңірбергеннің әкесі – Абыралының бейіті. Ен-
деше, мынау кәмілсіз Тобылғылы сай. Кешегі жылдары 
Құдайменде аулының мал жайымен Ұлықұмды өрлей 
көшіп, алты ай жаз табаны аумастан Тілеуқабақ жерін 
жайлап, сонан күзге қарай қыстауға қайтқанда ғана жол-
шыбай біраз ерулеп кететін күздігі – малды ауылдың 
мықты бір белкөтермесі осы сай болатын. Еламан бай 
ауылда жылқышы болған жас кезін еске алды. Жеті жыл 
жылқышы болды. О да ізсіз өткен өмір. Не істеді? Не 
тындырды? Келешекте не істейді? Туған жерге келе жа-
тыр. Жерлестермен кездеседі. Апақ-шапақ болады. Со-
сын... Сонан кейінгі тірлік ше? Тағы да балықшы бола 
ма? Еламан мырс етті.
Туған жер! Нелер заманнан ата-бабалар жайлап, ұрпақ 
өсірген, өскен, өнген жер. Кішкентай ел кең далаға сый-
май, бірін-бірі сауырлап, қырқысып өмір кешті. Сонда 
ол не өзі үшін, не келешек, кейінгі ұрпақ үшін не істеді? 


510
Нені тындырды? Қай арманына қолы жетті? Ат арқасы, 
түйе қомында өткен тірлікте не қасиет бар еді? Ал, мал 
барымталады. Жер даулады. Қыз алып қашты. Онан басқа 
әрекет болды ма? Мына далаға қарашы, жалғыз жортқан 
жолаушыға түк білмегенсіп меңіреуленіп, мелшиеді де 
жатады. Сонда өзіне тіл бітіріп сөйлетер ме еді! Сонда 
не дер еді? Қалағанына қосыла алмай, қалыңмалға кет-
кен қыздың көз жасы, жігіттің зая кеткен өмірі, нақақ 
төгілген қаны тамбаған топырақ табылар ма, бұл арадан?
Еламан күрсінді.
* * *
Түске тарта күн қатты ысыды. Еламан орамалмен ау-
зын байлап алды. Ат шыдаса, қалай да құдығы бар бір 
жерге тезірек жеткісі кеп, топыраш тұғырды тебіне түсті. 
Күн төбеден ауа бере қара жалдың басына жаман тұғыр 
танау қағып ентігіп шыққанда, ар жағында, иек астында 
тұрған жалғыз қыстауды көрді. Жүрегі құрғыр әлденеге 
шым етіп, ескі қыстау – ескі таныстай көзіне оттай ба-
сылды: «Апыр-ай, – деді Еламан ішінен, – ұмытпаса, ана 
жылы Федоровты өлтіретінде, інісі екеуін қыстың көзі 
қырауда Шалқарға айдап апара жатқанда, жолшыбай 
осы үйге... Иә, иә, осы үйге тоқтаған еді ғой. Шұқырда 
отырған жалғыз үй... Тегі, бұл үйде сонан бері тірі жан 
қыстамаған. Төбесін қопарып, үрлік, шабағын сыпы-
рып әкетіпті. Есік-терезелері үңірейіп, айдалада жалғыз 
үй отырған жандардың ыстық ұясының тас-талқаны 
шыққан.
Еламан тамағы бүлкілдеп, босаңсып бара жатқанын 
сезді де, өзін тежеп қалды. Қиын жол қажытты ма, кеше-
ден бері көңілшек боп кетті.
Қандай жандар еді! Әсіресе, ер көңілді ана... Ана 
пақыр... Оның қызы да... Бұл інісі екеуі қол-аяқта темір 


511
кісен сылдырап, есіктен шыға бергенде, тап сол ара-
да... айналайын-ай!.. Жүгіріп кеп қоламтадан шыққан 
ыссы күлшені бұның қойнына тығып жіберіп еді. 
Кінәсіз жанның кішкентай ықыласы.. кіріптар кезде 
қарлығаштың қанатымен су тамызған жанқиярлығындай 
болып еді-ау!
– Қайда екен? Тірі? Тірі ме екен, пақырлар?
Еламан аттан түсті. Жол бойы тақымына басып кел-
ген мылтықты онсыз да басынан бүлік арылмай жатқан 
балықшылар аулына апарғысы келмеді де, иесіз қораның 
көзден тасалау бір қуысына тығып кетті. Былай шыға 
бере қираған ескі тамға бұрылып бір қарады. Ескі қыстау 
құласа да, бір заманда осы үйде өмір сүрген ғазиз жан-
дар, кім біледі, тірі шығар.
* * *
Жар басындағы балықшылар қазір екі ауыл. Бірі 
– Мөңке ауылы. Екіншісі – Дос ауылы. Досқа қараған 
ауылдың негізгі дені кешегі жылдары малы жұтқа 
ұшырап, күн көрісі қиындағасын теңізді сағалап көшіп 
келген кірмелер. Ішінде Төлеудің, Судыр Ахметтің үйі 
бар.
Дос ауылы атанған бұл ажарлы, мол ауылдың бас-
аяғы жүзден астам. Екі ауылдың арасы онша қашық бол-
маса да, аралары суығасын ірге ашып, бөлек қонғалы 
бір-біріне қатынамайды. Тәңірбергенге арқа сүйеген Дос 
пен Төлеу қазір Мөңкеге қарсы тізе қосып, көп кедейді 
төңірегіне топтап алған. Өздері күйлі. Тәңірберген 
бәріне бір-бір сиыр, бір-бір түйе, бие берген. Құрығаны 
қой-ешкі сауады.
Дос пен Төлеудің қатын-балаларының аузы аққа ти-
ген. Олардан басқалары күрпітіп ағарған ашытпаса да, 


512
шайына сүт қатып, көже, быламығын бозартып отыр 
екен. Бұлар бірыңғай теңізге иек артпай, тірлігінің бір 
ұшы малда кетіпті. Күнде ертеңгісін өріске мал өргізерде 
ауыл үсті шаң-шұң, ұрыс-керіс. Ұрыс шығаратын Су-
дыр Ахмет пен Қарақатын. Осы ыстықта күнге күйіп 
жүргісі келмей, кезегі келсе де, жоқты сылтау қып сөз 
шығарады.
Судыр Ахмет бүгін де бір сылтау тауып, өзінің 
орнына әйелін малға жіберді де, теңіз өңірінің осы-
нау аспан айналып жерге түскендей шыжғырған 
ыстығында сыртқа шықпай, салқын үйде жатыр еді. 
Сол үстіне Тәңірбергеннің бір жігіті келді. Екеуі азырақ 
шүйіркелесті де, өзара бір пәтуаға келгендей қол алы-
сты. Сосын шалғайларын қағып түрегелді. Судыр Ахмет 
алар аңын көргендей, ұры тышқан көзі жылтыңдап кетті. 
Тәңірберген жіберген жігіттің алдына түсіп, дедектеп 
сыртқа жүгіріп шықты. Әлденеге мәз. Шықылықтап 
күлген бойы жалаң аяғымен май топырақты бұрқ-бұрқ 
басып есік алдында байлаулы тұрған ірі қара атқа бар-
ды. Тәңірбергеннің жігіті бірдеңе деп еді; Судыр Ахмет 
оның өзін де, сөзін де тыңдамай, жалақтап қара аттың 
алды-артына шықты.
– Е-е, айта бер. Құлағым сенде – деп, ана жігітті 
сөйлетіп қойды да, аттың аузын ашты. Тісін көрді. «Ой, 
әттеген-ай, кәрі жылқы екен» – деп, санын соқты. Ол, 
бірақ, өзіне жамандық жуытпайтын әдетпен жүдеу 
көңіліне жұбаныш тауып: «Менің қайбір ақы-пұлым 
күйіп барады?! Әйтеуір жоқтан... қара жаяудан тәуір 
ғой. Ауыл арасында аяқ артуға жараса болды. Кім бұның 
аузын ашып, тісін көріп жатар дейсің?.. Түріне қарайды 
да, «пай-пай ат болғаныңа болайын! Жануар есік пен 
төрдей екен» деп, пошымына сүйсінеді ғой. Соңыра сау 
болса, бұл нар қара «Ахметтің қара аты» атанып кетеді-


513
ау. Пай-пай, ауызға толығын-ай. Жә, жә, арқасы құтты 
болсын» деп ойлады да, Тәңірберген жіберген жігіттің 
қолын ұстап, алақанына алақанымен шарт еткізіп салып 
қалды:
– Сөзім сөз. Мырзаңа сәлем айт, білуші Алла... бәрін, 
бәрін реттеймін.
– Сөзіңді жұтпассың...
– Ау! Ау, бұл Ахаң айтпайды, айтқасын сөзінен 
қайтпайды ғой.
– Ал, сау бол!
– Сау бол! Сау бол!
Тәңірбергеннің жігіті жүріп кетті. Судыр Ахмет 
қара аттың жанынан шыға алмай, қипақтап-сипақтап 
жүргенде қасына Дос келді. Соңында екі-үш балықшы.
– Ал, ат құтты болсын.
– Рақмет!.. Рақмет!..
– Тәңірбергеннің арқасында тақымың атқа тиді. 
Жүрімің ұзарды.
– Сөз бар ма?! Ойбай-ау, Тәңірбергенжан өлген ата-
анаңды тірілтіп бермеді демесең, адам қолынан келер 
жақсылықты шаш-етектен келтіріп жатыр ғой.
– Жануар, өзі де есік пен төрдей екен. Енді мұның 
құйрығын майламайсың ба?!
Судыр Ахмет басқадан ішіп-жегенде болмаса, өз 
басы шығымсыз, үйінен қара су да татырмайтын қас 
сараңның нақ өзі. Қолға түскісі келмегенде тез жөн та-
батын жылпостығына бақты:
– Несін айтасын, Тәңірбергенжан жарыл қап жатыр 
ғой. Құдай бермегенді... Ау, Дос-ау, Тәңірбергенжан берді 
емес пе? Ең аяғы мына Төлеудің жаман інісін де жетекке 
алып, қара нардай сүйреп, кеудедегі бір кісінің қатарына 
шығарған жоқ па? Жарлыңды жарылқап, жаманыңды 
адам етсе, кәне... Кәне, айтшы... айтыңдаршы, мырзаға 
қалай жаныңды бермессің? А?.. А?


514
Осы сәтте шеткі үйлердің бірінен шаңқылдаған дау-
ыс шығып, бұлар елеңдеп қалды.
– Төбелестен сау ма?
– Бұл кім болды екен?
– Басқа кім дейсің... Төлеудің екі кераузы шығар. 
Қырқысатын әдеттері емес пе?
Шынында қара кемпір қайтыс болғалы күндес 
қатындар кішкентай нәрсеге де қағысып қала береді. 
Шешелерінің ыңғайын байқаған балалар да ала көз, араз. 
Асқа да, асыққа да таласады.
Кенжекей көп аса баланың арасына түспейді. Бар 
пәле Балжаннан шығады. Өз баласын ана қатынның ба-
ласына араластырмай, «балам, сенің жауың үйдің ішінде. 
Ана Өтәлі. Түбі сенің ажалың сонан болады» – деп, жас 
сәбиді үнемі жаулыққа баулып отырады.
Ес білген сайын бәле екі баладан басталады. Уақыт 
өткізетін ермек таппағанда олар кейде жұмыста жүрген 
Айғаншаға сыртынан таласып, бірі: «Менің апам», 
екіншісі: «Жоқ, сенің апаң емес, менің апам» – деп, 
өзеуреп, тәжікелесіп тұрып алатын. Өтәлі қалай жеңерін 
білмей қызарақтап тұрған-ды. Қаршадайынан бірімен-
бірі аңдысып өскен Өтәліге аяқ астынан ақыл тауып:
– Айғанша сенің апаң емес, менің апам... Айғанша 
екеуіміз әжемнен тудық – деп, балапан әтештей 
қоқиланып шыға келді.
– Әжеңнің садағасы кет. Сен ана жаман Кенжекейден 
тудың, – деді ертеден бері бұлардың тәжікесіне құлағын 
салып отырған Балжан.
– Сен жаман Кенжекейден тудың, жаман Кенжекей-
ден тудың. Ай-ай... ай-ай... – деп, анасының сөзін қағып 
ала қойған бала Өтәліге жетіп барды да, – сен жаман 
Кенжекейден тудың... Ай-ай, сен жаман Кенжекейден 


515
тудың... – деп, аузы-басын қисаңдатып тұрып алды. 
Өтөлі інісін түйіп жіберді. Бала шар етті.
– Өлді-ау... мына арам ит сені өлтірмей тынбас, – деді 
Балжан.
Кенжекей баласы назырқап, мұңайып қалғанын 
көріп:
– Жоқты соқпа. Жас бала арамдықты қайдан білсін?!
– Бала ма?!. Ол балшыққа батқыр жеті басты пәле 
ғой.
– Пәлелік өз басыңнан кетпесін. Балаға тиіскені несі!
– Ой, сорлым-ай! – деп, Балжан зілдене күлді де, 
шылбырды есіп отыра берді.
– Өзің сорлы! Еште сорың арылмасын!
– Сен, осы, қоясың ба, жоқ па?!
– Қоймағанда не істейсің?
Балжан не істейтінін ойлап алған-ды. Жылқының 
құйрығынан ширатып отырған құлаштан астам қыл шыл-
бырды қолына ұстай түрегелді. Кенжекей де алдында 
отырған кішкентай қызын жерге түсіріп, орнынан тұрам 
дегенше болмай табан астынан тап берген Балжан көз 
ілеспейтін шапшаңдықпен қыл шылбырды күндесінің 
мойнына бұғалықтап салып жіберді де, бұрап-бұрап 
сүйрей жөнелді.
– Өлдім... өл-л-л...
Екі жасар қыз баланың үрейі ұшып кеткен. Анасының 
соңынан қалмай, тұрып-жығылып шырылдап жүр. Өтеш 
те:
– Өлді... өлтірді... – деп шырылдап, анадай жерде 
қара аттың жанында тұрған кісілерге жүгірді.
Дос та, Судыр Ахмет те жүгірді.
– Өлтірдің ғой, жібер!.. Жібер! – деп, Дос анадайдан 
айқайлап келеді. Балжан үнсіз. Безеріп алған. Бір дегеннен 
қыл шылбырмен қылғындырып алған күндесін үйді ай-


516
налдыра сүйрей берді. Дос жүгіріп келген бетте Балжан-
ды түйіп жіберді де, тізерлеп отыра қап Кенжекейдің ба-
сын сүйеді. Кенжекей аузынан ақ көбік ағып, ессіз-түссіз 
сұлқ жатыр. Қыл шылбыр мойын терісін қанталатып сы-
дырып тастапты. Ауыл-үйдің қатын-балалары у-шу боп 
жиналып қалды. Ішінде Қарақатын.
– Кісі өлген бе, әй, Сұбыхан Алла... Не болды? Уа, не 
болды? – деді Судыр Ахмет. Мән-жайға қанып алғасын, 
ол енді кимелеп ілгері шықты. – Ал! Ал, айтпады 
демеңдер, мына тоқал кісі өлтіреді. Ау, ойбай-ау, оның 
арғы аталары кісі өлтіріп, қан ішкен көрінеді ғой.
– Қан ішсе ішкен шығар, кәпірдің түрі қандай жаман.
– заңғар-ай, көк кебеженің аузынан қара құлыпты бір 
алған емес-ау.
– Ау, ау... – деп, Судыр Ахмет жұрттың сөзін бөліп, 
бастырмалай жөнелді, – сен көк кебежені айтасың... 
бұл заңғар өз ішін де қара құлып астында ұстайды ғой. 
Құрсын, дүние күйіп кетсе де, ақ домбырадай аңқылдап 
тұрған қатын алғанға не жетсін?!
Бір кемпір Кенжекейдің басын сүйеп, аузына су та-
мызды.
– Сорлы-ай!.. Соры қайнаған балам-ай!
Кешке Төлеу келді. Сол бойда Дос оны ауыл шетіне 
алып шығып, өзі жоқта үйінде болған оқиғаны айтып 
келе жатыр еді, Төлеу сөзін тыңдамай:
– Қайтесін бұл араға араласып. Обалы жоқ. Өзіне де 
сол керек – деп, тұрып жүре берді.
* * *
Төлеудің үйі қазір кәдімгідей қоңданып қалған-ды. 
Төлеудің өзінен гөрі Тәңірбергеннің қосшылығында 
жүрген інісі – Қалау әлдеқайда табыскер. Мырзаға 


517
еріп қалаға барған сайын қолы құр қайтпайды. Тақа 
құрығанда қоржынның екі басын шай-шекерге сидалап 
әкеледі. Ел іші мұнша мол табысты жаман Қалаудың 
бойына сыйымсыз көреді. Ал Қарақатын мен Судыр Ах-
мет сияқтылар әр саққа жүгіртіп жатқанда, Қалау қалаға 
соңғы барғанында ағасына ши барқыттан бешпет, шал-
бар, екі жеңгесі мен бөпелеріне көйлек-көншек әкеліп аз 
ғана уақыттың ішінде үй ішінің иығы бүтінделіп қалды. 
Осы сапарда Қалау, әсіресе, қарындасын қарық қып, 
атлас көйлек, көк сауыр кебіс, мақпал қамзол әкелді. 
Мұның бәрі бұрын Айғаншаның өңі түгіл түсіне де 
кірмеген-ді. Қоныс ауып теңіз жағасына көшіп келген-
нен бері қыз басымен бір үйлі жанның тауқыметін бір 
өзі мойнына алды. Лабазда жұмыс істегелі жоқтыққа 
бойы үйреніп алғасын тіпті бап талғамады. Осы өңірдің 
балықшыларындай иығына ілінгенді киіп, қалай болса 
солай жүрем деп өзінің қыз екенін де ұмытып кеткен еді.
Кіші ағасы әкелген киіммен бірге қыз көңілі қоса 
түлегендей. Дәл мынадай қала тігіншісі тіккен шап-шақ, 
ып-ықшам киімдерді кигенде қыз мүшесі қылдай боп 
жұтынып шыға келді. Айрықша, қынамалы көк мақпал 
қамзол қыз белін қылдырықтай қып үзілдіріп, бұрын кең 
киімнен байқалмайтын кеудесі қос жұдырықтай томпай-
ып шыға келгенде, қысылып қалды. Бетінен оты шығып 
дуылдап тұрып, дыбысын шығармай тұншыға күліп 
жіберді. Өзінің қыз екенін алғаш рет мақтанышпен қуана 
сезіп, қара көзі шоқтай жайнап кетті.
– Жеңеше, жараса ма? – деді сәнді бойын Кенжейдің 
алдына тосып.
– Құтты болсын. Өзіңе өлшеп тіккендей, шап-шақ-ау, 
шап-шақ – деді Кенжей.
– Ағам келгенше мына ауылға барып қайтайын ба?
– Өзің біл, айналайын. Тек ағаңның көзіне түсіп 


518
қалма?! Сол ауылға барғаныңды жақтырмай жүр ғой.
Айғанша ағаларының Мөңкені ренжітке ніне ырза 
емес. Туған жерін тастап жағаға көшіп келгенде осы 
кісінің қол ұшын бергені жас қыздың есінде еді. Басқасы 
басқа, асымдық балыққа дейін екі үйдің қазанына 
бөліп caп отырғанын қалай ұмытады? Анасы әл үстінде 
жатқанда да Мөңке мен Әлиза кезек келіп, күндіз-түні 
қасында күзетіп отырды. Кейін анасы қайтыс болғасын 
да, осы екі жан қастарында болды. Ең аяғы қара суықта 
қатып қалған тоң жерді талай қарулы жігіт қаза алмай, 
кетпен жүзі тасқа тигендей шақылдап жатқанда, осы 
Мөңке кеп: «Жақсы көретін жеңгем еді. Кәне, маған 
беріңдер» – деп, қайланы қолына ап, анасының қабірін 
жалғыз өзі қазып шығып еді!
Айғанша Мөңке мен Әлизаны өлердей жақ сы көреді. 
Жақсы көретінін ешкімнен жасырған да емес. Екі 
ағасының наразы болғанына қарамай, қолы қалт етсе 
Мөңкенің үйіне жетіп баратын. Еңбек ақысын алған сай-
ын баласы жоқ жетім кемпірді елеп, бір-екі әшмөшке шай 
апарып беретін. Айғанша соны үй ішінен жасырғыштап 
қойнына қысып әкелгенде, Әлиза әрқашан тебіреніп 
кетіп:
– Айналайын, рақмет! Мұңсыз бол! Кешегі өз 
қолымнан жерлеген он қарағым тіріліп кеп, үстіме үй 
тігіп бергендей болды ғой – деп, маңдайынан сипайтын-
ды.
Осы жолы Әлиза қуанышы қойнына сыймай жүгіріп 
келген қызға әлденеге тіксіне қарады:
– Шырағым-ау, не боп кеткенсің?
– Жараспай ма?
– Саған киім жарасар-ау... Тек бұны кім берді?
– Кіші ағам.
– Қалау ма? – деп Әлиза қайырып сұра ды. Оның адам 


519
боп табыс тапқанына шүбә келтіргенін жасырмай тұр.
– Шын, шын айтам. Кіші ағам қаладан әкелді, – деді 
Айғанша қызарақтап.
– Е, онда құтты болсын. Қызығыңа ки – деп, Әлиза 
қыз көңіліне бола, әншейін жай ғана айта салды.
Айғанша ренжіп қайтты. Айнала төңірегі толған 
жұпыны, жүдеу жандар. Солардың арасында жалғыз 
өзінің оқшауланып, тап бір айт-тойға баратындай үсті-
басы үлбіреп киініп алғаны қыздың өзіне де әбес көрініп 
еді. Кісі көзі түспейтін таса-тасамен тығылып үйге 
жете берген-ді. Әдейі жолын тосып тұрғандай алдынан 
Қарақатын шыға кеп:
– Беу, адам-ай! Дәу де болса, бұның әрқай сысы бір-
бір қара шығар? Қыз-ау, көзіңдей көріп киейін, ертең 
кетеріңде маған мына көк мақпал қамзолыңды берерсің.
– Қайда кеткенде?
– Құдай-ай, бойжеткен қыздың қайда кететінін 
білмейсің бе?
– Не деп тұрсың сен?
Қарақатын Айғаншаға енді сиқырлы жүз бен 
жымыңдап қарады. Бұл түрі, бейне «сайқал қыз, 
сырыңды жасырмай-ақ қой. Сен білгенді мен де білем. 
Жүрген-тұрғаныңның бәрі менің алақанымда» – деп, 
қыздың ар жақ көңілін аңғарып тұрғандай екен. Айғанша 
ештеңе білмейтінін айтты. Қарақатын оған әлде де болса 
сенімсіздене қарап тұрды да, кенет қызды бір қолымен 
өзіне қарай тартып, құпиялап сыбырлап еді.
Айғанша әлдебір сұмдықтан шошығандай ыршып 
түсті.
– Жоқты соқпа! Бұл кіші ағамның қаладан әкеп бер-
ген базарлығы.
– Тұтақ! Соны да аға деп... Сол жаман не табыс та-
батын еді. Тек, әйтеуір, сенің арқаңда «өлмегенге өлі 


520
балық кездесіп», мырза жігіт қол ұшын берді. Соның 
көтермелеуімен...
Айғанша бетін басып жүгіре жөнелді. Қарақатын ай-
тып үлгірмегендерін қыз соңынан айқайлап айтып жат-
ты. Оны бірақ Айғанша есіткен жоқ. Төлеу ау қарап кеп, 
төр алдында жатыр екен. Есіктен сүріне-қабына кіріп 
келген қарындасының түрінен шошып, тіксіне қарап, ба-
сын көтеріп алды:
– Айғаншажан, не болды, жай ма?
Айғанша үндемеді. Үстіндегі киімдерін асықпай, бір-
бірлеп шешіп үйдің ортасына үйді де, ағасына бұрылды.
– Мынаны иесіне апарып бер!
– Қарағым-ау, иесі өзің ғой.
– Иесі кім екенін білесің. Сабақты жібі қалмасын. 
Қазір... осы қазір апарып бер!
Таяу арада келгенінде жас мырза Төлеуге: «Қысқа 
қарай балық аулауды қоярсың. Менде қағыр атандар 
бар. Қыста қалаға кіре сал, пайдасы шаш етектен», – деп 
кеңес беріп, бұны емексітіп кетіп еді.
– Мөңкенің үйіне кетіп бара жатқаныңды көріп едім... 
Құлағыңа құйып, үйретіп жіберген екен ғой.
– Менен аулақ жүріңдер!
Төлеу түк айта алмай, тыйылып қалды.
* * *
Осы күні Мөңке қажып жүр. Кәрілік пен 
жоқшылықтың үстіне ол қазір қасындағы қара-құрадан 
айырылып, алды-арты тақырла нып қалды. Бұның түбіне 
жетпейінше Тәңір-бергеннің жуық арада тоқтайтын түрі 
жоқ.
Сұм жігіт Теміркемен тізе қосып жіберді де, бұның 
абызындағы кісілерді түгелдей ашық теңізге айдап 


521
шықты. Ал ашық теңіздің дауылы қатты, балығы аз.
Мөңке қара басының күнкөрісіне қиналып жүрген 
жоқ. Қашаннан балыққа жұлдызы жанып туған сыралғы 
жан теңізді бұл арадан басқа жаққа көшіріп әкетпей ор-
нында тұрса күнкөріске тарықпасын біледі. Оны көбіне-
көп қатты қинайтын жай басқа. Кешегі күні Дос пен 
Төлеудің азғырғанына ермей, қасында қалған аз ғана 
жас жігіттер бар еді. Қарт балықшыны өлердей жақсы 
көреді; әлі де болса олар қандай қиындықты Мөңкемен 
бірге көруге пейіл-ді. Өздері үндемесе де, қайсыбір қазан 
көтермей жатқан күндері қатын, балалар күңкілдеп:
– Әне, ана ауылдың аузынан ақ май ағып отыр. Біз 
болсақ мынау. Мөңкемен қоскіндік боп, бауырың жабы-
сып қалса да, онан араңды үз. Ендігі жерге Достың пана-
сын сұрайық – деп, жігіттердің құлағының құртын жеп 
жүрген көрінеді.
Досқа қарасты жігіттер қазаннан ауысқан балықты 
қап-қап қып промсолға тапсырып, қолма-қол қант пен 
шайын алып жүр. Ішім-жем, қара азық та соларда. Мөңке 
ауылының іші күйсін дегендей олар қазір қақтаған 
балықтарын сыртқа шығарып жаутылдатып кермеге 
жайып қоятынды шығарды.
Мөңке көңілсіз. Үйде де, түзде де үндемейді. 
Қасындағы жас серігі – Рәйіске де көк теңіз үстінде де 
бір ауыз тіл қатпайды. Сенген кісілері Тәңірбергеннің 
тауығы боп, дастарханына шашқан аз ғана дәнге са-
тып кетті. Мөңке қасындағы ендігі қосшылары жөнінде 
«қарындарың ашқан күні сендер де ана жаққа жалт 
беретін шығарсыңдар» деп ойлайтын боп жүр. Соны 
байқаған Рәйіс бір күні:
– Мөңке аға, шамасы бізге сенбейсің-ау. Сені 
ешуақытта жалғыз тастап кетпейміз ғой, – деді.
– Рақмет, шырағым. Бір ғана айтарым: басың жас, 


522
өмірің алдыңда ғой. Ант-су ішіп қайтесің. Алдымыз-
да әлдеқандай заман бар, оған сені мен біздің көзіміз 
жетпейді.
– Жоқ, Мөңке аға, менің өз кеулім өзіме аян.
Бұл баяғы түйеші Жалмұраттың баласы. Тұлға-түрі, 
өткірлігі шешесіне тартқан. Тура айтатын тік мінез.
Әкесі үсіп өлгесін көп ұзамай қайратты ананың 
ақылымен балықшыларға көшіп ал ған-ды. «Әкең 
марқұмның мал бағып тапқан опасы белгілі. Ендігі жер-
де не көрсек те балық шылармен бірге көрейік» деп кеңес 
берген-ді. Жасы он сегізге биыл толса да, қаршадайынан 
қара жұмыс істеп әбден шыныққан. Албырт, қызба 
демесең айтқанынан қайтпайтын бір бет, өжет. Қара 
жұмысқа қарулы. Теңізге шықса қос ескекке отыра қап, 
жұлқынып есе жөнелгенде, алқабел ұзын қайық шапқан 
аттай зулап отырады. Мөңкемен қос болғалы қарт 
балықшының қолын қимылдатпайды. Мөңке соны әзілге 
айналдырып: «Бала, мен осы күні қамыттан шыққан кәрі 
ат сияқты боп барам ба, қалай?» – деп күлетін.
Бұл екеуі бүгін де теңіз үстінің есірік желіне қарамай, 
ұшанға салған ауларын қарап шықты. Екі қары салдырап, 
белі талып шаршап қапты. Мөңкеге қараған ауылдың 
өзге жігіттері де бұл кезде үсті-бастары су-су боп жағаға 
шығып жатыр екен.
– Аналар балық ұстады ма екен? Біліп қайтшы! – деді 
қарт балықшы. Елгезек жігіт лып етіп, тез барып қайтты:
– Балық ұстай алмапты.
– Өзім де солай ойлап едім. Түнде дауыл әлемет бо-
лып еді. Ау-құралы аман ба екен?
– Екі тартым аудан айырылыпты.
– Е, бәсе... Кешегі дауыл нені шыдатсын?!. Үлкен 
теңізде ағыс қатты ғой.
– Өздері де салымсыз...


523
– Жә, табалап қайтесің?! Онан да, бала, сен бері 
кел. Мына азғантай балық бізге алты ай азық бол-
мас. Асымдығыңды алып қал да, қалған балықты ана 
жігіттерге апарып, бірдей қып бөліп бер!
– Мақұл, – деді Рәйіс. Осы жасында талай кісі 
қолынан өткен Мөңке мына жігіттің пиғылы кешегі 
Достан да, Төлеуден де басқа екенін байқап жүр. Рәйіс 
аз дүниенің өзін көптей көріп, қолындағы барды басқа 
кісілермен бөліскісі кеп тұрады...
Бір топ атты теңіз жағалауындағы жолмен сыдыра 
шоқытып бұлардың дәл жанынан өтті. Сәнді киінген 
өңшең жас. Көңілді. Ат үсті әзілдесіп, күліп-ойнап ба-
рады.
– Мынау Тәңірберген ғой, – деді Рәйіс.
Мөңке аттылы топты салқын қабақ астынан жөнелтіп 
салды. Тәңірберген биыл тағы да жаз бойы теңіз жағасын 
торуылдап кетті. Көкжал бөріше қапыңды аңдып, жор-
тып жүрген жүрісін жек көрді. Қасына ерген кісілердің 
айтқанына сенсең, осы келісінде қора-қопсы, шабатын 
шөп қамымен жүрген секілді.
Мөңке жұрт аузындағы сөзге сенбей, «әй, қайдам...» 
– деп, жүрегі жаманшылыққа ауа берді. Мынау өзі 
білетін Тәңірберген болса, анық ойын әзір дабыра 
қылмай, былайғы жұрттан бүркемелеп жасыра түру үшін 
таратқан лақап боп жүрмегей. Он жігіт... Он жігіт ойы-
нан кетпейді. Бір күн ішінде із-тұзын аңғартпай, зым-зия 
жоқ болды. Қайда кетті? Не тындыруға кетті? Сұм жігіт 
оларды тағы бір жаққа астыртын жұмыспен аттандырып 
жіберген жоқ па? Бұнысы қандай ылаң? Ізін білдірмейді-
ау сұм!
Қарт балықшы көңілсіз. Ұрыс-керістен арылмайтын 
үй бүгін құдай оңдап тыныш екен. Балкүміс көңілді. 
Отбасын сыпырып, балығын асып, шайын қайнатып 


524
қойыпты. Әлиза да ажарлы. Жас баланы алдына алып, 
ыңылдап отыр.
– Балкүміспен жақсы ғой. Анда-санда текетіресі бол-
маса, тілінен де, қолынан да келеді, – деді Әлиза.
– Ал қоспақ мінезі ұстаса бақырып, үстіңе құса сала-
тыны да бар – деп, Мөңке күліп еді.
Әлиза Мөңкеге: «Қой, ойбай, тыныштық керек» деген 
кескінде ернін тістеп, алдына алып отырған баланың та-
сасынан ымдай қойды. Мөңке төр алдына қисайды. Ой-
ынан он жігіт шықпайды. Ебейсін мен Қалау бастаған он 
жігіт... Мөңке бір рет Айғаншадан кіші ағасының қайда 
кеткенін сұрағысы кеп оқталса да, бірақ аузы бармады.
Күн санап күдігі қалыңдай берді. Бір күні қасында 
жатқан бәлекейді шынтағымен түртіп:
– Балкүміс! – деді ақырын. Аяқ жетер жердің қыбыр-
сыбырын басқадан бұрын осы бәлекей қатынның 
білетініне күмәнданбайтын. Мырза теңіз жағасына 
келуін жиілетіп кетті ғой? Бұнда не сыр бар?
– Соны да білмейсің бе? Көз бар ма өзіңде? Әлде 
сенің көзің балықтан басқаны көрмей ме?
Мөңке енді бірдеңе десе бүлдіріп алатындай қорықты 
да, үндемеді.
– Тәңірбергеннің жайын білмейсің бе? Ана жылы 
Ақбаланы аларда Судыр Ахметті баурына тартып, астыңа 
ат мінгізіп, шаруасын бітіріп алып еді ғой?
– Оның ендігі көз тіккені кім?
– Мазамды алмашы! Сенімен сөйлессең жарым 
жасың құриды – деп, Балкүміс ызаланып, екеуара жа-
мылып жатқан көрпені өзіне тартып алды. Мөңке үнсіз. 
Балкүміс оның жастыққа басы тисе қор ете қалатынын 
біліп: «Бұнда дауа жоқ. Мен ғой сорым қайнап, осыған 
пенде боп жүрген» деді ішінен. Сосын Мөңкені бүйірінен 
түйіп қалды.


525
– Әй, су патшасы – Сүлеймен, ұйықтап кеткен жоқсың 
ба?
– Жоқ, ояумын.
– Оныңа шүкір – деп, Балкүміс зілсіздеу күлді – есің 
дұрыс па, шалым-ау. Тәңірбергеннің көзі түскендей бұл 
ауылда Айғаншадан басқа кім бар? Екі ауылдың айы да, 
күні де сол емес пе?
– Қой әрі! Біреудің жалғыз қарындасы... Баланы 
кірлеме.
– Кірлеп, мен оның бетіне күйе жағыппын ба? Жалғыз 
болса қайтеді? Жалғыздікі бітеу бола ма екен?
– Әй, найсап, қой енді!
– Мен неге қоям? Не деп қоям? Тыныш жатқан кісіні 
ұйқысынан оятып алады да, қой-қой деп кіжіңдегені 
несі. Жалғыздың талайын көргенбіз. Жалғызынан қалай 
айрылғанын білмей қалатын.
– Туһ, саған дауа болмас.
Мөңке басын көрпемен бүркеп алды.
Балкүміс қашан көзі ұйқыға кеткенше батпұттап 
сөйлеп жатты. Мөңке ояу. Бәлекейдің сөзінде жан бар: 
Алдаберген мен Тәңірбергеннің жігіттері биыл жаз 
бойы жағадан пішен шапты. Пішеншілердің соңы әлі 
де жағадан көтеріліп кеткен жоқ. Көк құрақты құлатып 
салғасын, олар енді Қарамоланың сыртындағы қалың 
жантақты шауып жатыр.
Тәңірберген оларға жолаған жоқ. Қасын дағы қосшы-
қолаңымен жағаға шатыр тігіп, ойын-сауықтатып 
жатқанда, кеше қаладан кер уен кеп, мырзаның жағадағы 
қыстауына ағаш, тасты үйіп тастады. Шебер ұсталар қала 
үлгісімен асты-үстін тақтайлап үй салмақ. Үй біткенше 
басы-қасында болмақ. Екі әйелінің екі үйі тұрғанда 
үшінші үйді қайтеді? Жөн сұраған кісіге жас мыр-
за шешіле қоймапты. «Үй көптік ете ме, Жасанжан да 


526
оқуын бітіріп, елге келіп жатыр ғой» – деп, екіұштылау 
жауап беріпті.
Бәлекей қатынның жаңағы сөзі бұлар білмейтін 
біраз сырдың бетін ашты. Айғаншаның анада үлбіреп 
киінгені де тегін емес. «Апыр-ай, сонда Ақбаланың ор-
нына Айғаншаны кіргізіп алмақ па? Мына үйді сол үшін 
салады-ау, шамасы!»
Түнімен ой қажытқан қарт балықшы таң алдында 
көзі ілініп бара жатыр екен, көрші ауыл жақтан шыққан 
әлдебір ашынған әйел даусынан шошып оянды. Іле-шала 
Әлиза мен Балкүміс те оянып, сыртқа жүгіре-жүгіре 
шықты. Ай қызарып батып бара жатты. Таң алдындағы 
түн талмаусырап, айсыз аспанның алыс көкжиегі 
құланиектене бастаған екен. Бұлардың ауылы жым-
жырт, тыныш. Тек іргелес отырған Дос аулына бір бөлек 
әбігер тап болған. Таң алдындағы тыныштықтың шырқы 
бұзылып, үлкен ауылдың жандары қатты әбігерде. У-шу. 
Азан-қазан.
Жел сол ауыл жақтан еді; ық жақтағы бұларға әлгі 
у-шудан кейде бір-жар сөз естіледі. Бұлар онан түк 
ұққан жоқ. Осы жасында жамандықты көп көріп, жүрегі 
шайлығып қалған қарт ана шошынып, өз-өзінен дір ете 
қап тұрған-ды. Кенет бір жас әйелдің ышқынып шыққан 
ащы даусын есіткенде, қарт ана:
– Мынау... тегін емес. Кім де болса, біреу сорлап 
қалды – деп еді.
– Ішке бар, – деді Мөңке.
– Жоқ, жоқ, менен қорықпа. Алғашқыда жүрегім 
көтеріліп еді... Қазір басылды.
– Мынау кім? Балкүміс пе, әй? Қайт! Қайт! – деді 
Мөңке айқайлап.
Балкүміс жалаң бас. Жалаң аяқ. Ұзын көйлектің 
етегін жоғары көтеріп, ышқырына қыстырып апты. Аяғы 
аяғына жүқпай зырлап барады.


527
Балықшылар көзін уқалап, үйлерінен жүгіріп шығып 
жатыр.
– Мынау не дауыс? Мына ауылға не болды?
– Біле алмай тұрмыз.
– Сірә, кісі өлген ғой. Мына бір шекеңнен шыққандай
жас әйел даусын байқайсың ба, баласынан айрылған 
ана, әлде жарынан айрылған келіншек қана дәл осылай 
қақсап қалатын еді ғой, – деді бір қария.
– Ойпырым-ай, мына әйел даусы сай-сүйегімді 
сырқыратып барады. Бұл кім болды екен?..
– Тоқташы... тынышталшы! – деді қарт балықшы ана 
ауылға шыдамсыздана көз тігіп.
Таң білініп, төңірек бозамықтана бастады. Дос аулы 
әлі абыр-сабыр. Ауыл үстін аттылы кісілер басып кетті. 
Бес-алты кісі жаралы біреуді аттан түсіріп, қолдасып 
көтеріп ішке кіргізді. Онан сайын қарт балықшының 
күдігі қалыңдай түсті. Әне бір кезде қырда отырған ке-
дей ауылдың пішеншілері теңіз жағасына кеп, қостанып 
жатқан. Олар бір күні кешкісін қарт балықшының үйіне 
кеп ас-су ішіп кеткен-ді. Солар ас үстінде тосын бір жай-
ды қозғап: «Тәңірберген түрікпеннен жылқы алғызып 
ұстап отыр» дегенде, қарт балықшы сенбеп еді. Соның 
растығына көзі енді ғана жеткендей болды.
* * *
– Өлген күйеуін жоқтап тірілткен қатынды көргем 
жоқ. Бар, айт, қақсай бермесін, – деді Тәңірберген ақи 
көз жігітті шақырып алып.
Ақи көз үнсіз шығып кетті. Мырза жаманат хабардың 
енді осы өңірдегі халыққа тез тарап құлақтанып кететінін 
білді. Ақи көзден кейін ол Дос пен Төлеуді шақырып, 
азаматы қаза болған үйлерге бір-бір ірі қара беретінін 
айтты да, тез жөнелтті.


528
Дос та, Төлеу де үндемеді. Екеуі де көзін жерден 
көтермей томсарып алған. Tiс жарып үндемесе де, ар 
жақтарында реніш байқалады.
– Өлік шығынын да өзім көтерем. Тек жылап-
сықтауларын тоқтатыңдар.
– Айтып көрейік...
Тәңірберген бұл екеуін суық қабақ астынан шығарып 
салды. Осы жолғы сәтсіздікті кімнен көрерін білмей, 
ішінен тынып отыр. «Апырай, қыр дуадағына қайдан 
жуыдым» – деп ойлап, Аяққұм бойындағы атасына ыза-
ланып отыр.
Осы жолы ол түрікпен ішіндегі тентек ру – Теке-
жәуміттің іргелі, ірі байының жылқысына көз тігіп еді. 
Бұл байдың аты шулы Жөнеуіт ханмен астарлас екенін 
біліп, жалғыз аттануға жүрексінді де, қайын атасының 
жігіттерін қосып алып еді. Екі жақтың да жігіттері – сен 
тұр мен атайын шетінен, жау түсіргіш, мықты болатын.
Тәңірберген жақтан Қалау бастаған он жігіт атқа 
қонды. Көбі қырдан келген кірмелер. Тәңірберген өз 
жігіттерін таң алдында, ел шырт ұйқыда жатқанда 
атқа отырғызды. Аттанар алдында Қалауды оңашалап 
шығарып алып, сақтық жайын қатты ескерткен-ді. 
Түрікпендер таң алдында жылқыға тиген жауды біліп 
қап, белдеуде тұрған аттарына міне-міне қуыпты. 
Тәңірбергеннің жігіттері жылқыларды тастап, бас 
сауғалап қашпақ болған екен, бірақ қарабайыр қазақы 
жылқыдан түрі бөлек түрікпеннің қыл құйрықтыларына 
қызығыпты да, өздерінің әншейіндегі жау түсіргіш 
содырлығына басыпты. Жылқыларды ілгері оздырып 
жіберген де, ізін өкшелеп келе жатқан қуғыншыларға 
қарсы шауыпты...
– Абыройсыз қалдық. Сол дуадаққа жоламау керек 
еді... – деп, Тәңірберген ішінен опық жеумен болды.


529
Үстіне Мөңке кірді. Тәңірберген оның тегін 
келмегенін білді де, сұлу жүзін суық ұстап, сазарып 
алды.
Мөңке төрге шығып отырған бойда Тәңірбергенге 
тіктеліп қарады:
– Әй, жарқыным, өз арамызда не істесең де алдыңа 
шыққан адам жоқ еді ғой. Басқаңды қайтейін. Іргесі бүтін 
отырған бір ауылды екіге бөліп иттей ырылдастырып 
қойғаның аз ба еді? Талау мен тонауыңа біз жетпеуші ме 
едік. Көрші отырған ағайын халыққа ауыз салғаның не?
– Сен шал әуелі өз жөніңді жөндеп ал. Қимаң 
қышымасын...
– Халыққа батқан іске мен қалай қайыспаймын? 
«Түбі бір түртпейді» демеуші ме еді? Түрікпен төскейде 
малың, төсекте басың қосылған бауырың емес пе еді? 
Малға бола ағайын елмен араздастырдың...
– Қой, әрі! Менің өз малым өзіме жетеді. Түрікпеннен 
мал алғызсам, мына қасыңдағы қара сіңір кедейлерге 
бөліп беру үшін істегем. Жақсылығымды – жамандыққа 
шығарып отыратын жауым бар екенін білем. Әй, қайсың 
барсың?
Еңгезердей екі жігіт сып беріп кіріп келді. Тәңірберген 
оларға иегімен Мөңкені сілтеп, «мынаны алып кет!» де-
гендей болды.
Екі жігіт үн-түнсіз жетіп кеп, қарт балықшыны тырп 
еткізбей екі жағынан ұстады да, сыртқа ала жөнелді. Қарт 
балықшы есік алдына барғанда қатты бір бұлқынып, ар-
тына қайырылып тұрып:
– Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ. Қазақ пен 
түрікпен арасына от тастап, бітіспес жаулыққа бастап 
бара жатырсың. Ертеңгі күні осының арты не боларын 
ойладың ба? – деп, артына зіл тастап кетті.
Бұның арты тегін бітпесін Тәңірберген де білді. 


530
Осы жолы оның жігіттері қара үздіріп кете алмай, 
қуғыншыларды ауыл іргесіне дейін ізіне caп ертіп 
әкепті. Және жорыққа қатысқан жігіттерден қайта-қайта 
сұрап отырып, Қалаудың істеген қаталдығын есітті. 
Түрікпендер жағынан аты жүйрік бір жас жігіт ұрыс 
үстінде ерекше көзге түсіпті. Көп жылқыны ілгері оз-
дырып жіберіп, қаша ұрыс салған қазақтардың алдына 
шығып ап, жолын кес-кестей берген. Осы жігітке Қалау 
талай шүйліккен екен; бірақ аты жүйрік жігіт жеме-жем-
ге келгенде жалт беріп, сойыл астынан сытылып кете 
берген. Тіпті бір айқаста түрікпен жігіттің күші басым-
дау түсіп, Қалауды ұрып жыға жаздапты.
Әбден өшігіп алған Қалау ізіне түсіп жүріп, ақыры 
бір оқпен атын құлатыпты. Түрікпен жігіт бір аяғын 
үзеңгіден шығара алмай, аттың астында қап, қарсыласа 
алмаған. Сол сәтте Қалау ағызып кеп, ат үстінен мойны-
на қыл шылбыр тастап сүйрей жөнеліпті.
Күн кештете қуғыншылар қара үздіре бастаған. 
Қазақ жеріне кіргесін бұлар ештеңеден айыл жимапты. 
Қасқажол, Қаратамақтың деңгейіндегі елсіз жазыққа 
тоқтап, бір түнеген екен. Сонан қол, аяғын қыл шыл-
бырмен байлап тастаған тұтқын жігіт от сәулесі жанын-
да тұнжырап отырған түсі суық кісілерге «тірі қалдыра 
көріңдер» деп жалынып, зар қағыпты. Аза бойы қаза 
болған жігіттер шыдамай, босатып жібергісі келсе де, 
Қалау шімірікпепті. Кешегі соғыста жараланған бір 
жігіт сол түні таң алдында жан тапсырған. Кісі жаны 
түршіккендей қаталдыққа іштей бекіп алған Қалау бар 
қаһарын бетіне жиып алған. Тұтқынның жанына бір 
кісіні жолатпаған. Ертеңіне жігіттерін таң біліне оятып-
ты. Бәрін ілгері аттандырып жіберіпті де, ал өзі кісі зары 
құлағына кірмейтін меңіреулікпен қол-аяғы байлаулы 


531
жатқан тұтқын жанында үнсіз тұнжырап тұрып алыпты. 
Оның ар жақ ойын аңғарған тұтқын енді тіпті шыр-шыр 
қағып: «Өлтіріп кет», – деп жалынған екен. Қалау сол 
түк шімірікпеген күйі атына мініп, ұзап кеткен кісілердің 
соңынан жөнеліпті...
Мұны естігенде Тәңірбергеннің төбе шашы тік 
тұрды. Елсіз-сусыз далада қол-аяғы байлаулы қалған 
түрікпен жігіт көз алдынан кетпеді. Сонан қашан әлі 
құрып, азаппен өлгенше жапан түзде шыр-шыр етіп 
жәрдем сұрап жатқан болар. Әлде ұшқан құсқа, түзде 
жорытқан аңға жем болды ма? Мырза Қалауды шақырып 
алды. Қалау мырзаның қуып жібермек боп қаһарға мініп 
отырған көңілін сезген сияқты. Құлақ жоқ, мұрын жоқ, 
домаланған бұзаушық басын бауырына алып, үнсіз кірді. 
Тәңірберген мына жігітті өзіне жауықтырып алғаннан 
гөрі дәл осындай қаныпезер біреуді қолына ұстап 
отырғанның бөтен болмасын ойлады.
– Өй, жексұрын... кет!..– деді Тәңірберген ақырын, 
бірақ бет бақтырмайтын үнмен.
* * *
Балкүміс әкесінің үйінен ашулы келді. Есік алдын-
да жатқан итті бір тепті. Онан бұрқылдап сөйлеп жүріп 
жолында тұрған ыдыс-аяқты лақтыра бастады. «Ендігі 
кезек менікі», – деді Мөңке.
– Су патшасы Сүлеймен... отырсың ба?
Мөңке ойының дәл келгеніне таңданбады. Әкесінің 
үйінде кімнің не дейтіні бұған белгілі. Әсіресе 
Қарақатынның айтатын сөздері көкірегінде сайрап 
тұр. «Сорлы», дейді ол, әрине. «Күйеуге шыққасын да 
сорың арылмады. Иығың жылтырап әлі бір көйлек киген 
жоқсың» дейді». Екі қақбастың отымен кіріп, күлімен 
шығып жүрсің» деп, ол жақтан Қарақатынның қызын 


532
ширықтырып жіберетінін біледі. Қара қатынның есіл-
дерті Балкүмісті бұнан айырып алып, өзінің айтқанынан 
шықпайтын біреуге қосу. Көздеп жүрген кісісі де бар. Ол 
кісісі, бірақ қазір жараланып, ес-түсінен айырылып жа-
тыр.
– Осы үйге пенде болғаныма жылдан асты. Иығым 
жылтырап әлі бір көйлек кимеппін.
Мөңке мырс етті.
– Неге күлесің? Сол бекер ме?
– Әулиелігіме күлем...
– Адыра қал! Қатын-баласын асырай алмай жүріп, 
әулиеліктен дәмесін қайтейін.
– Айта түс. Сөзіңнің төркінін танып отырмын.
– Тұтақ! Сен сөзге түсінетін бе едің? Сен бірдеңе 
түсінсең, осы үйдің отымен кіріп, күлімен шығып 
жүрмін. Ебіл-себіл түрім мынау.
– Иә, түрің келісіп тұрған жоқ. Бетіңе түгіңді шан-
шып түйіліп келіпсің.
– Менің түгім денеңе қадалды ма?
– Қадалмағанда ше... Ұрыс жоқ жерде ұрыс 
шығарасың. Кәне, айтшы, саған не жаздық? Жазығымыз 
не?
Балкүміс басылып қалды. Мөңке оның сөзге 
тоқтағанына таң қалып, жағасын ұстағандай боп 
отырғанда Балкүміс қайта көтерілді. Қолға алғанға 
жұбанбай, қақылдап жылап жүрген баланы Әлизадан 
жұлып алды.
– Сенің не пәлең бар осы? Сен алсаң бала жылай ба-
стайды.
– Маған қайт дейсің, табанына сүлік салып жатқаным 
жоқ. Бала шағатын жыланым да жоқ. Алақаныма салып 
аялағаннан басқа...


533
– Тұтақ! Аялап қарық қылғаның белгілі.
– Әй, қоясың ба, жоқ па? – деді Мөңке маңынан қолға 
іліккендей әлдене іздеп.
– Әкіреңдеме. Ал қоймадым. Сонда не істейсің? 
Кәне, қайратыңды көрсетші.
Бұрын бұндайда отбасының тыныштығын ойлай-
тын Әлиза ерлі-зайыпты екеуін татуластырмақ боп араға 
түсетін-ді. Бұ жолы «бірің өл де, бірің қал» дегендей 
есік алдында жатқан ала қапты алды да, ауыл сыртына 
тартты. Долданып алған бәлекей, әлі де тілін тартпай, 
шаңқылдаған даусы сонан қашан бұл бір қырдан асқанша 
естіліп тұрды.
Осы күні қарт ана үй ішіне ренжігенде үн-түнсіз 
қабын алып, түзде тезек теріп, ұзақ жүріп қайтатын. 
Отбасынан маза қашқанда, бар өмірі өткен мына дала 
қашанда бір қалыпта, үйден ұзап қыр басына шықса 
қарт ана түс шайыспаған кәрі танысына қауышқандай 
болады. Мына жақта – Кендірлісай. Ана жақта – Тал-
дыбеке. Анау – Ақбауыр. Осылардың жел жағында 
тұмсығын теңізге тіреп жоны күдірейіп көлбеп жатқан 
мыжырық тау – Бел-Аран. Бұл жарықтық осы өңірдің 
халқы бас-тан кешкен бағзы заманнан бергі бар қуаныш, 
бар реніш, қасірет-қайғы бәр–бәрінің үнсіз айғағы, көне 
көз куәсі ғой! Бір толғағында... апырай, сол қай бала-
сы еді... Уһ-һ, ұмыта бастапты-ау... Әділжан ба, әлде 
Жаңылжан ба... осы екі жарығымның бірі... толғақ қатты 
боп жаны құрығыр шырқырап көзіне көрінгенде, бұл 
әулие-әнбиелерге, сосын Бел-Аранға сиыныпты. Оны 
өзі білмепті. Кейін, қатындар айтқанда бұл күйттай да 
қысылған жоқ. Неге екенін қайдам, осы мына кәрі Бел-
Аранның кісі қиналғанда желеп-жебейтін аруағы бар 
киелі жер сияқтанады да тұрады. Атын атағанда да басқа 
жұртқа ұқсап турасынан қойып қалмай, «жарықтық Бел-
Аран», – деп пір тұтып атайды.


534
Қанша айтқанмен үйде кісі өзін даладағыдай қайдан 
сезсін... Үйде отбасындағылардың көңіліне, қас-қабағы-
на қарайсың. Сөзің өлшеулі. Қимылың есептеулі. 
Біреуден қысыласың. Біреудің көңіліне қарайсың. Дала-
да кісі өзін дарқан сезінеді ғой. Сонан шығар-ау, далаға 
шықса көкірек кеңіп, көңілге қай-қайдағы оралып, шерлі 
жүрек сарнап қоя береді. Көбіне Бел-Аранмен сөйлеседі. 
Теңізбен тілдеседі. Көзіне түскеннің бәрімен: ұшқан құс, 
жүгірген аң, Бел-Аранның баурайында жайылып жүрген 
осы ауылдың малымен сөйлеседі. Жерге түспей сонау 
көкте шыр-шырлаған бозторғайға, басқа да кішкентай, 
әлсіз пақырларға аяп қарап, желеп-жебеп ақылын ай-
тады. Құдай қылса қайтесін. Адамдар сияқты бұлар да 
басы піспей, бір-бірімен ала көз, қырғи қабақ болатынын 
қайтерсін?.. Бұлардың да арасында тісті, тырнақтысы, 
зәбірлеушілер қанша?! Қарт ана қабы тезекке толса да 
үйге қайтпай, ауыл сыртындағы Қарамолаға бұрылды.
Әлиза аңырап кеп, үлкен қорымның шетінде 
өзгелерден оқшау жатқан он қабірдің басына тоқтады:
– О, боталарым, жатырсыңдар ма?
Әлиза арқасындағы қапты тастай салды да, мола 
жанына тізе бүкті. Құран оқыды. Дұғасын бағыштады. 
Сосын алақанымен он қабірдің топырағын бірінен 
кейін бірін сипап, қоқыр-соқырдан тазартты. Сосын, 
әр кездегідей, жел айдап әкелген шөп-шөлеңді жинап, 
алысыраққа апарып тастады. Балалардың басына кел-
ген сайын бұрын сыбағаларың деп піскен балық, нан 
әкелетін. Соның бәрін балалардың аты жазылған кісі 
бойы құлпытастың төбесіндегі шұқыршаққа қойып 
кететін. Құс, аң жесе де, өлі аруаққа сауабы тиер деп 
ойлайтын. Бұл жолы құр қол келгеніне өкінді. «Дәметіп 
қалды-ау, құлындарым» деп ойлап, көңілі босады.
Әлиза үйге жалыны сөніп, суынып келді. Алдынан 


535
ұрыс даярлап қойған Балкүміспен де жұмысы болмады. 
Оның бір сөзі миына кірген жоқ. 
***
Сол күннің ертеңіне Еламан келді.
Балықшылар дем арасында жиналып қалды. Үйдің 
іші тарлық ететін болғасын Мөңкенің айтуымен жас 
келіншектер сыртқа төсек салды. Шай қайнады. Қазан 
көтерілді. Мөңке аулының қазіргі бетке шығарлары жи-
налып, Еламанды ортаға ала отырды.
– Сені де көретін күн бар екен ғой.
– Ал, айналайын, қалайсың, аман-сау барсың ба? 
Шалқардан келе жатырсың ба?
– Иә, Шалқардан шықтым.
– Сені келеді деген кімнің ойында бар? – деді Мөңке 
– арқа-етегім кеңігесін, іздеп барып, дидарласып қайтам 
ба деп жүр едім. Келгенің жақсы болды.
Бұл кеш бір жан үйіне қайтпады. Түн ортасы ауып, 
таң алдындағы қалың ұйқының бір уақыты болғанша 
балықшылар Еламаннан өзі болып қайтқан жақтың 
әңгімесін сұрады.
Алғашқыдай емес, қазір Еламан тартын шақтап 
отырған жоқ. Көңілді. Әңгімеге де ықыласты. Туған 
жерге келді. Дос-жаранға қауышты. Бел-Аран анау. 
Қараңғы түнде жотасы еміс-еміс қарауытады. Ұлы 
теңіз үй іргесінде ақырын солықтайды. Балықшылар 
ауылы да сол баяғысы. Сол баяғы жер үйлер. Әнебір 
тұста Ақбала екеуінің жерқазбасы болатын. Бұл білетін 
бұрынғы теңіз өңірі баяғы қалпы. Кісілер де өзгермеген. 
Тоқта! Өзгермегені қалай? Иә, бәсе, өзгермесе, бәрі сол 
баяғыша қарап тұрса, кәне... кешегі Рай, Бөбек қайда? Ер 
көңіл батыр Кәлен... оның орнын кім толтырады? Жиын 


536
топтың арасында жұрттың бәрінен иығы асып отыр-
мас па еді? Батақтың Сарысын, Қыз Қосанды, Тарлан 
атты осы отырған жиынға зор даусымен айқайға басып 
әуелете шырқамас па еді? Жә. Жә, еңсеңді көтер. Елге 
келіп, еңсең түсетін жөнің жоқ. Өлген өлді. Тірілерге 
өмір тіле. Талпын. Талап қыл.
Балықшылар таң алдында ғана тарады. Үй іші 
төсек салғанша Еламан ауыл сыртына шығып, бой жа-
зып қайтты. Үй іргесінен басталатын ұлы теңіз таң 
алдындағы самал желге толқымай, ақырын тыныс алып, 
солықтап жатыр екен. Еламан балықшылар аулының жік 
ашып бөлініп кеткенін естісе де, олардың тап мұншалық 
жүз көріспей жауласып кеткенін білмеуші еді. Дос аулы 
таяқ тастамдай ғана жерде отыр. Олар, әрине, Еламанның 
елге кеп, Мөңке үйіне түсіп апақ-шапақ қауқылдасып 
жатқанын есітті. Сонан келе бір адам аяқ баспады. 
Басқалар білместікпен істесін, ал Досқа не жорық? Жа-
уласса, Мөңкемен жауласты. Оған Еламанның қатысы 
қанша? Керек десе, бұлардың ашу-араздығы арасында 
да болған жоқ. Сосын бұның осы жолғы келісінің жөні 
өзгерек емес пе? Жат жерге жалғыз інісін жерлеп кеп 
отырған жоқ па? Бұл жоқта қарт әжесі дүние салды. Тым 
құрыса соны ойласа нетті? Елде жүргенде тілі тиіп, түс 
шайысқан жері жоқ еді ғой.
Еламан үйге келсе, Мөңке әлі жатпаған екен.
– Ауылың азайып қалған ба, қалай? – деді Еламан.
– Иә, солай.
– Басқа басқа, Мөңке аға, оға-н не болды?
– Ай, қарағым-ай, жұрттың бәрін өзіңдей көресің 
ғой? Ол тоңмойын келмейді, күтпей-ақ қой.
– Со-лай де?!
– Иә, солай. Қазір оның сиынатын пірі, сүйе-нетін 
құдіреті – Тәңірберген. Осы күні бізбен де Тәңірбергенге 
арқа тіреп отырып сөйлеседі. Жә, менің сөзімді қайтесің. 


537
Жатайық – деді де, Мөңке төсегіне бармай, киімшең бой-
ымен қонағының жанына қисая кетті.
Кеш жатқандарына қарамай, балықшылар өздерінің 
күндегі дағдысы бойынша ерте оянды. Шай үстінде 
Еламан таяуда Достың анасы қайтыс болғанын есітті. 
Ескі қазақ салтында өлік артын күткен үй қашан кәделі 
күн өткенше ешқайда шықпай, көңіл айтатын жақын, 
жуықты отбасында күтетін салт бар. Ендеше, үйіне ба-
рып, өлікке құран оқып, артындағыларға көңіл айтатын 
рет бұныкі.
Еламан шайды тез доғарды; қасына екі-үш шал ертіп, 
іргелес отырған Дос аулына беттеп келеді. Бұлар Мөңке 
аулындай емес, артында ішіп-жейтін қор болғасын, 
ер-азаматтары таң сәріден теңізге шыға қоймайтын 
көрінеді. Күн көтеріліп қалса да, ертеңгі шайға әлі отыра 
қоймапты. Тәңірбергеннен алған бірер қарасын ұзатып 
өріске шығарып caп, енді үйлеріне қайтып келе жатыр 
екен. Бұлар жақындағанда басына қара жамылған бір 
келіншек түзге отырғалы ауыл сыртын бетке алып бара 
жатты.
Еламан түнде Мөңкеден бұл ауылдың таяуда ауыр 
қазаға ұшырағанын есіткен-ді. Тәңірберген қазір көрші 
елдерге жігіттерін астыртын аттандырып, өрістен 
жылқыларды қуып әкеліп, көрші отырған екі халықтың 
арасына от тастап, бұл өңірде бұрын-соң болмаған тағы 
бір түсі бөлек бүлікті бастағанын айтқан.
Қарақатын сыртта жүр екен. Үйіне келе жатқан 
кісілерді көрді де, сып беріп ішке кіріп кетті. 
Қарақатынның салақ жайын білетін Еламан өздері жет-
кенше отбасын қағып-сілкіп салсын деген ниетпен әдейі 
ақырын жүріп келеді.
– Ағаң күйлі. Көңілі түссе, қой сойғандай да шамасы 
бар.


538
– Онан басқалары қалай? Олар да малды ма?
– Бұл ауылда мал ұстамайтын үй кемде-кем.
– Е, сөйтіп... бұларды жарылқап тұр де? 
Шалдар күлді:
– Кімді кімнің жарылқап отырғаны бір Аллаға аян.
– Түсінбедім.
– Ол заңғардың қулығына найза бойламайды ғой. 
Өзің ойлап қара. Жазатайым малы өле қалса, құнын 
өндіріп алады.
– Қалайша?
– Ой, шырағым-ай, Тәңірберген тірі болса ретін таба-
ды. Анада бір балықшыға өлген малдың құны толғандай 
ғып шөп шапқызып алды.
Еламан үндемеді.
– Солай болғасын тайлақты енесіне қосып өріске 
айдап жіберді не, «сүтін іш, қоңын қисайтпа!» деп, 
балықшыларға бір-бір қарасының майын берді не?
– Оны айтасың ба... Бұның сыртында оның тағы бір 
мықты есебі жатыр. Сауынға берген малы арқылы ол 
мына Дос, Төлеу сияқтыларды өзіне тәуелді ғып, қол-
аяғын матап байлап алды емес пе?
– Тө-леу?.. Сіз осы Төлеу дедіңіз бе?
– Иә, Төлеу...
– Ол қай Төлеу?
– Сен оны білмейсің. Сендер солдатқа кеткен жылы 
қырдан көшіп келді.
Еламан тұнжырай түсті. Түрікпендер жұртқа есесін 
жіберді дегенді бұл есіткен емес. Ертеңгі күні олардың 
бір тентегі есеміз кетті деп аттанып шықпасына кім 
кепіл? Апыр-ай, Төлеу дей ме, әй? Төлеу? Аты таныс. 
Кірме болды-ау? Көшіп келмей жатып Тәңірбергеннің 
қойны-қонышына кіріп алған ол кім? Осыған дейін іргесі 
бүтін отырған ауыл арасын ушықтырып бүйедей тигесін 


539
Тәңірберген тасыраймағанда кім тасыраяды. Мыналар-
дан есіткендері рас болса, оның әлгі қылығы бұрын-
соңды бұл өңірдің бір байы істемеген сорақы қылық 
қой. Алаңғасарлар мен аңқауларды қолға түсіретін анық 
тұзақ.
Дос Еламанды салқын қабылдады. Оның ұсынған 
қолын ықылассыздау қысып, сәлеміне орай ернін ғана 
қимылдатты. Күйеуінің ыңғайын байқаған Қарақатын 
қозғалмады. Көрпе-төсектері жиналмай, шашылып 
жатқан төрге отыру ыңғайсыз болғасын қонақтар кірген 
бетте жоғары шықпай көзімен орын іздеп, есік алдында 
іркіліп тұрып қалды.
– Көрпе сал! – деді Дос.
Қарақатын құлықсыз қозғалып, шашылып жатқан 
төсеніштерді аяғымен әрлі-берлі теуіп іргеге таман ысы-
ра салды.
Аядай жерге тығылысып отырған шалдар-дың бірі 
құран оқыды. Еламан үй ішінің ыңғайын ұнатпай отыр. 
Дұға артынан қазалы кісілерге көңіл айтар жерде шешіле 
алмай, біраз күрмелді.
– Дос аға, бір сен емес, жарықтық барша мызға ана еді. 
Құдай бүйрығына кісі ара тұра ма. Артының қайырын 
тілейік, – деді Еламан.
Дос тағы да ернін қимылдатты. Еламан қанша 
шешілейін десе де, Дос осыдан артық пейілге баспай, 
басы бауырына түсіп, бітеуленіп отыр. Еламан оны тілге 
келтірудің қиын екенін көрді. Түндегі Мөңке сөзінің 
шындығына көзі жетті.
Ескі салт бойынша құран оқығаннан кейін өліктің ар-
тын күтіп отырған жанашыр жақындар ас-су қамдайтын. 
Соған ыңғай білдіруші еді. Қарақатын қол жая келген 
кісілердің көңілін онан әрі суытты:
– Әй, не қып отырсың? Мойныңа неге су кетті? 
Шешең жаңа өліп, оң босағаға қойып отырған жоқ едің 


540
ғой. Төлеудің үйіне Тәңірберген мырза кеп, сені күтіп 
отыр.
– Күте тұрар...
– Мынау не дейді, әй? Мырзаны күттіріп қоятын сен 
кімнің шікіресісің?!
– Әй, қатын, жап аузыңды! Мына кісілерге шай қой.
– Есің дұрыс па? Шайыңның жабдығы толып тұрған 
кісідей...
– Қысқарт! Шай қой!
– Шай қой, шай қой!.. Сенің талқы қара суыңа кім 
зәру дейсің?!
Еламан қасындағы шалдарға кетейік деген ыңғай 
білдірді. Шалдар да шаққа отыр екен. Еламаннан ыңғай 
болғасын тез-тез түрегеп, есікке қарай беттеді. Осы ара-
да күтпеген бір оқиға болды; қонақтар есіктен шығар 
жерде Қарақатын сайқылана күліп, Еламанның алдын 
кес-кестеді.
– Қайным-ау, неге асықтың? Келуіңнен кетуің тез 
болды ғой.
Еламан Қарақатынның бір қиқарлыққа басқалы 
тұрғанын білді. Не де болса сыр бермеуге тырысып, 
оның күлкі тепсінген жылтыр қара бетіне жай көз тастап 
артын сабырмен тосып тұр.
Қарақатын:
– Бұл қалай болды? Әңгімеңді айтпадың – деп, ар 
жағынан құйқасы көрінген сұйық қасын сайқылана 
керіп, – бірақ «ел құлағы – елу», біз де естіп жатыр-
мыз. Әңгіменің қызығы сенде көрінеді. Қайта табысқан 
көрінесіңдер – деп, бетіне мысқыл шауып мырс етті. 
Еламан оның аямасын білді де, жол бермей, алдын кес-
кестеп бөгеп тұрған қатынды иығының басымен қағып 
жіберді де, үнсіз жүре берді.
– Мына ит қайтеді, әй?


541
Еламан қайырылған жоқ. Ел анасы болған кешегі 
қадірлі жанды аяды. «Тірісінде сыйламап еді, өлгесін 
де байғұстың артын дұрыстап күтпей отыр екен» деді 
ішінен.
Еламан ешқайда шықпады. Мөңке ауға кетеді. 
Балкүміс баласын көтеріп әке-шешесінің үйіне тұра 
жөнеледі. Әлизамен екеуі оңаша қалғасын қарт ана 
көз көрген қайнысымен қатар отырып ұзақ сөйлеседі. 
Алғашқы күндері айтқаны – Бөбек жайы. Бөбек 
бақытсыз болды деді. Ожырай төбесінен таяқ айырмай-
ды деді. Раймен көңілі жақын болғанын кешірмей, ожар 
жігіт бір жолы ішке тепкенде Бөбек есінен танып құлап, 
бойындағы бала өлі түсіпті. Сонан бері Бөбек талма 
ауруға ұшырады деді.
– Өткен қыста келіп, бір айдай жатып кетті. Сорлы 
бала қашан кете-кеткенше Райды есіне алып, көз жасы 
омырауын жуды да отырды. Құрысыншы, қайсы бірін 
айтайын, Рай екеуінің бір-біріне ықыласы басқа еді 
ғой – деді де, Әлиза түрегелді. Кешкі астың қамына 
кірісіп, сырттан бір құшақ отын әкелді. Ошаққа от 
жақты. Қазанға су құйды. Сосын қалған шаруаны та-
стап, Еламанның қасына кеп отырды. Еламан келгелі 
айтып тауыса алмаған тағы әңгімесі бар сияқты. Соны 
байқағасын Еламан қолындағы домбыраны іргеге сүйей 
салды да, кәрі анаға бет бұрды.
– Сен білмейтін не сыр бар? Қанша бала тусам да, 
қолым құтаймады. Менің бауырымды суалтып, жердің 
астын қуантып жатыр – деп, көзіне жас алды. – Құдай 
мені тақырлады. Қызғалдақтарымды кеудемнен үзіп 
әкетті. Сосын қайтейін... Бұл байғұс та көз ашқалы су 
кешіп қара борбай боп жүрген жалғыз шал ғой, тұяқсыз 
өтпесін деп... мына бір бәлекейді алып беріп едім...
– Дұрыс істегенсің.


542
– Ай, шырағым-ай, қайбір жетіскеннен істеді дейсің. 
Менікі құдай алдында көңіл таза болсын деген далба-
са да, әншейін. Ақылымнан алжасып жүрген кезім емес 
пе, кісісін таппаппын. Қос уыс оттың басы күнде ұрыс 
болғасын берекет қайдан болсын...
Еламан үндемей, жер шұқып отыр.
– Бұл күндері менің қыз ұзатып, келін түсіретін кезім 
еді. Қандай қарақтарым еді. Қара жер түгіл кісіге көріп 
беруге қиюшы ма едім?! – деп, шерлі ана әр кездегідей 
көкірегі қарс айрыла күрсінді де, – мен бейбақ ене бола 
алмас па едім – деп, көз жасын бір сықты. Бірақ ол Ела-
ман күткендей егіліп жыламай, босаңсып бара жатқан 
көңілін тез билеп алды. Келесіде ол тіпті кең отырып 
сөйледі. – Мөңке сорлыны көрдің ғой. Қартайып бітті. 
Басы жұмыр пенде тірі жүргесін бәрін көреді, бәріне 
көнеді. Басқасын қайтейін, бір сүйектің басын тістескен 
Достың істеп отырғаны анау. Тәңірбергеннің тіліне еріп, 
ағаңмен жауласып, іргесін жалаңаштап кетті. Осы жаны-
на қатты батады.
Әлиза тұрып кеткесін де Еламан шам жақпаған, 
қоңыр кеугім үйде ауыр оймен сұлық отыр. Жылағысы 
келді, бірақ көзінен жас шықпады. Екі күн үндемей 
сүлесоқ жүрді де, үшінші күні Сүйеу қарттың аулына 
тартып кетті.
* * *
Сүйеу қартқа қараған кедей ауыл биыл қыстан күйсіз 
шығыпты. Неше түрлі алым-салықпен ұсақ қараны 
алып, азын-аулақ ірі қараны үстінен жонып жеп отырған 
шағы екен. Кедейленіп қалған ауыл жылдағы дағдысы 
бойынша биыл бауырын көтеріп көше алмай, ескі 
қыстауларында отырып қалыпты. Кейін күн ысысымен 
теңіз жағасында маса, сона көбейіп, қолдағы аз ғана 
қараны ұстау қиынға айналғасын аударылып қоныпты. 


543
Онда да қыстауларынан ұзамай, теңіз жағасынан қозы 
көштей жерде отыр екен.
Еламан ел орынға отыра кеп аттан түсті. Сүйеу 
қарт соңғы қозысын сойып, қазан көтертті. Қайын 
енесі де пейілді. Еламанға деген бұрынғы көңілдері 
құрттай да өзгермегенін көрсеткісі келді ме, сасқалақтап 
жүгіріп жүр. Соның өзінде бірде болмаса да бірде бұл 
күнде басқаланып қалған көңіл байқалып қап отыр. 
Бұл отырғанда Ақбаланы ауызға алмады. Бірақ Ела-
ман бәрінің ойында Ақбала отырғанын білді. Келе са-
лып кетудің лайықсыз екенін білсе де, Сүйеудікінде бір 
күннен артық жата алмады да:
– Ата, қайтқым кеп отыр, – деді Еламан.
– Неге асықтың?
– Шаруа бар еді...
– Е, шаруа бар ма? Онда рұқсат!
Еламан тентек шалдың қай жағынан шығарын 
білмей, отыр. Сүйеу қарт оның ойындағысын айта ал-
май, жасқаншақтаған түрін жаратпады.
– Қарсы болмасаңыз... жиеніңді... – деп тоқтады Ела-
ман.
– Ә!.. Ә!.. Балаға келіп пе едің? Ал!.. Ал!.. Бағу қиын 
боп бара жатса, ауыл арасы қашық емес, әкеп тастарсың.
– Рақмет, ата!
Сүйеу қарт енді қайтып Еламанға жүзін бұрмады. 
Әкесі әкеткелі отырған жиен немересіне де назарын 
бұрмай, бетін сырт салып бұрылып апты.
Кемпір екі жыл бауырына басқан баланы қимай, 
қоштасар жерде жылап жіберді. Осы арада Ақбаласын 
ашықтан-ашық есіне алып:
– Жалғызымның көзі едің... – дей бергенде Сүйеу:
– Тәйт!.. Тәйт, найсап!..– деп, зекіп тыйып таста-
ды. Еламан баланы алып жүріп кетті. Балықшылар 


544
Еламанның қуанышына кұтты болсын айтып, кіріп-
шығып жатыр. Мөңке мен Әлиза тіпті мәз. Олар 
Еламанның қайтадан үй болып, үстіне шақырақ көтеріп 
жатқанын көргендей.
– «Орнында бар оңалар» деген осы. Кеше біреу едің, 
бүгін екеу болдың. Енді, шырағым, үйлен.
Еламан үндемеді. Ақ жаулық тартқанның бәріне 
бірдей ұрына бергісі келмеді. Бос тұрған төсекке бір 
түнеп, бел суытып кететін бозбала емес. Ол қазір өзінен 
гөрі кішкентай Әшім жайын көбірек ойлады. Әшімді 
өз баласындай бағып-қағатын рахымды ана тапсам деп 
жүр. Оның үстіне қол қусырып қарап отыру қиын бо-
лып барады. Балық аулайын десе баладан шыға алмады. 
Әшім мазасыз. Қолға алғанды жақсы көреді. Ыңылдап 
ән салмай, жай көтерсең де жұбанбайды. Екі жыл бағып-
қаққан әжесін іздеп, әсіресе түнемелікке қарай кішкентай 
қолымен Еламанның бауырын сипалап шығады. Көп 
ұзамай Еламанның балажандығы бұл ауылға аңыз бол-
ды.
– Қайным-ау, саған үйленудің керегі жоқ екен. Бір 
үйге әйел болуға жарап қапсың.
– Енді басыңа ақ салсаң жетіп жатыр – деп, қылжақ 
келіншектер оны жүргізбей қойды.
Сырқат бала бұнда келгеннен бері шырақ-тай сөніп 
барады. Ac талғайды. Ағарған ішкісі келеді. «Ауыртып 
алмасам қайтсін?» – деп қорыққан, Еламан баладан 
басқа дүниенің бәрін ұмытты.
* * *
Осы күннің ертеңіне қарт балықшының үйіне 
Айғанша келді. Жұмыстан шыға сала келгені көрініп 
тұр. Үстіндегі киімнен шикі балық иісі шығады. Қолы, 
үсті-басы шырыш, шырыш.


545
Қарт балықшының үйіне қымсынбай, емін-еркін 
кіріп келсе де, кішкентай баланы көтеріп өбектеген 
түсі басқа кісіні көріп, тоқтай қалды. Мөңкенің үйінде 
қонақ жатқанын есіткен-ді. Бұл ауылдың қадірлі кісісі 
екенін де есіткен. Бірақ оның кім екенін білмейтін. Бала 
көтерген мына кісінің басқа емес, сол екенін білгенде 
ашық тұрған есіктен аттар-аттамасын білмей, қалт 
етіп тұра қалды. Қарашығы шоқтанып, өзіне-өзі сенер-
сенбесін білмей, қос қолын көкірегіне қысып ала қойды. 
Сәл есін жиғасын оның нақ бір бала баққыш аналардай 
көзінен ұйқы қашқан баланы ұйықтата алмай, үстіне 
түсіп, бәйек боп жүрген түріне таң қалып күліп жіберді. 
Бала жұбансын деп әнін де дәл бір мейірбан аналардың 
құлаққа жайлы қоңыр даусына caп ыңырсып жүр:
Балам менің қайда екен,
Қыздарменен той-да-а...
Қонақ ішке кірген кісіні енді байқады. Әнін кілт 
үзіп ақырын бұрылды. Айғанша оны бірден таныды. 
Бара сала құшақтай алатындай жетіп барса да, бірақ 
ана кісінің әлденеге тосырқап бойын тартып қалғанын 
байқап, ілгері созған қолын бауырына тартып ала қойды.
– Қарындас, кешір...
– Мен... Ме-н Төлеудің қарындасымын.
– Тө-леу?..
– Есіңізде ме?..
– Апыр-ау... Төлеу-у дейсің бе?
– Ие, ие, Төлеу! Ана жылы сізді Шалқарға апара 
жатқанда... шұқырда отырған... Есіңізде ме?
Еламанның есіне бәрі бірден түсті. Рай. Қарлы бо-
ран. Қолын қарыған темір кісен. Жапан түздегі жалғыз 
үй. Екі қатыны бар ірі қара жігіт. Ағаш төсек үстінде 
бөксесін көрпемен орап алған нардай қара кемпір.
– Алда ай-на-лайын-ай!..– деп, Еламан тез ұмтылып 
кеп, қызды маңдайынан сүйді.


546
Анасы қайтыс болғаннан бері Айғанша кісілердің 
ықыласын іші қалап тұратын. Әсіресе, анасының көзін 
көрген кісілерден көбірек дәметуші еді.
– Әжең қайтыс болыпты... – Айғанша басын изеді.
– Жарықтық жақсы кісі еді. Топырағы торқа болсын. 
Ал, айналайын, хал-жайларың қалай?
Еламан қыз үстіндегі балық иісі шыққан шырыш-
шырыш киімдерге назары ауды.
– Жағдай... жағдайымыз осы...
Әлиза келді. Әңгіме үзіліп кетті. Мөңке бұл күні 
балықтан кеш қайтты. Кешегі дауыл ауын арқан қып 
есіп тастапты. Асымдық та балық ұстамаған. Оны айт-
паса да, Еламан қарт балықшының түрінен байқады. 
Мөңкенің үсті-басы малмандай су. зерен жүзді жыл-
тыр қара беті бартиып іскен. Иығының басы салбырап, 
сүлдерін сүйреп кіріп келе жатты.
– Айғаншамысың? Амансың ба, қарағым? – 
деді Мөңке. Шай-суланғасын балықшылар бүгін де 
Мөңкенің үйіне жиналды. Ертең тағы ерте тұрып теңізге 
шығатындарына қарамастан олар түннің бір уақытына 
дейін тарамай, ананы-мынаны айтып ұзақ отырды.
– Мына бір есірік жел сендерге сор болды-ау, – деді 
Еламан.
– Айтатыны жоқ. Желге қарсы ескекті тарта-тарта екі 
қар салдырап қалды.
– Ол ештеңе емес. Ескегімнің қалақ басы сынып, 
ығып кете жаздадым.
– Апыр-ай, ә!
– Енді ескексіз қалдым...
– Ой, тәйірі, қысылатын несі бар? Судыр Ахмет ескек 
істеп береді ғой.
– Иә, ол Судырақ баяғыда Елағаңа да ескек істеп бер-
ген! 


547
Балықшылар ду күлді. Жалғыз Еламан міз бақпады.
Теңіз өмірі бұған таныс. Жаз ортасы ауғасын-ақ ұлы 
теңіздің жел-құзы күшейеді. Су астында жүргенмен 
балық та басқа мақұлықтай ық іздеп, жайылым таңдап 
теңіз түбінің толқымайтын тыныш жерлерінде – қамысты 
басаттар мен қоғалы, қопақты көлдерде жүреді.
Ашық теңізде ажарлы, ірі балықтар болса болар, 
бірақ оны аулайтын арнаулы ау-құрал бұларда жоқ. 
Бұлардың жаман ауына жазатайым ірі балық түссе де, 
шірік торлар бір бұлқынғанға шыдамай жыртылып кете 
беретін. «Апыр-ай, – деді Еламан ішінен, – қайда барсаң, 
мықтысы әлсізін талап, шырылдатып жатқан дүние. 
Басқасы басқа. Көк теңіздің балығын қорадағы малын-
дай қорығаны несі? Бұнысы қай зорлық?»
Мөңке шай ішіп терлегесін жан шақырғандай болды.
– Аға-жеңгең іздеп қалар. Үйіңе қайт, қарағым, – деді 
ол Айғаншаның ұзақ отырып қалғанын байқап.
Айғанша бүгін біртүрлі. Ертегі тыңдаған баладай, 
кеш бойы Әлизаның иығына иегін сүйеп үнсіз ұйып 
қапты.
Үй іші жым-жырт. Май шам түтіндеп жанып тұр. 
Сырттан азынаған есірік желмен бірге өкірген теңіз са-
рыны үзбей естіледі. Әлгі бір ренішті әңгімеден кейін 
балықшылар біраз үндемеді. Жас бала әке алдында 
ұйықтап кеткен.
Қызбалау Рәйіс әуелі алақ-жұлақтап балық шыларға 
қарады да, сосын Еламанға бұрылды:
– Тәңірбергеннің зәбірі өтіп тұр. Кей күні осы 
ауылдың қазаны қайнамайды. Бұған не дейсіз? Аштан 
өлсең де, тұяқ серіппе, үнсіз өл дейсіз бе?
Еламан Рәйіспен бірге өзгелердің де осы сауалға жау-
ап күтіп отырғанын байқады. Не дейді? Өлермен болсаң 
отқа түс деп, ызалы жандарды айдап caп, ана жылғыдай 
тағы да аранға жыға ма?


548
– Жоқтың бәрін жек көрген кісіден іздегеніміз жөн 
бола қояр ма екен? Теңіз жайы маған да мәлім. Балық 
– қашаған. Ал ашық теңіздегі балық кең даланың 
тағысындай, қуып ауламаса, қолға түсе бермеуші еді 
ғой, – деді Еламан.
– Елаға-ау, біз қумай жүрміз бе?.. Қуа-қуа таңымыз 
айырылар болды.
– Оны да білем.
– Білсең, бізден кінә жоқ.
– Апыр-ай, ау көзін де қақпай қойды-ау. – Жоқ, 
жігіттер, баяғыда біз аулап жүргенде бұл теңіз балықсыз 
болмайтын. Мөңке ағаларың біледі, өз аяғынан жайыла-
тын мал секілді, балықтың да теңіз астында өрісі бар. 
Өрісін таппай жүрген шығарсыңдар.
Үй ішіндегі әңгімеге ертеден бері Мөңке араласпай 
отырған-ды. Еламанның өзіне тіреп айтқан жаңағы 
сөзіне ол мырс етіп күліп жіберді.
– Ие, сен жақсы айттың. Балықтың да теңіз астында 
өрісі болады. Тек, шырағым-ау, Темірке мен Тәңірберген 
балықтың да, малдың да өрісін тартып алып, өлмесең 
тұрма деп тұрған жоқ па?!
Еламан қысылып қалды. Мөңке енді тіпті іріленіп 
қызына сөйледі:
– Әне бір жылы да Тәңірбергеннің тіліне ерген 
Темірке біздерді дәл осылай ашық теңізге айдап шықпады 
ма?! Сонда Кәлен күйіп кетіп: «Бұл қара шекпеннің 
байы қазып шығарған теңіз емес, құдайдың құдіретімен 
пайда болған, бәрімізге бірдей, ортақ теңіз», – деп еді. 
Ол патша кезі болатын. Енді, міне, Кернск тұсында да 
Тәңірбергендер теңдік бермей қойды. Құдайдың кенже 
ұлындай қара жер мен көк теңізді қоса билеп отыр. Бүгін 
олар қатын-баламыздың аузындағы асын тартып жесе, 
ертең көре қал, астындағы қайығыңды аударып, өзіңді 


549
теңіз түбіне батырып кетпесіне кім кепіл? Е, соның 
бәріне көне береміз бе? Құдай салды, біз көндік дейміз 
де отырамыз ба?
Жастардың да зығырданы қайнап отыр екен. 
Айрықша Рәйіс мәз. Бұрын Мөңкені қанша жақсы көрсе 
де, бір реніш бүйірінің түбінде жататын. Талай рет 
қиянаткердің қолында өлетін жерде де осы шал өздерін 
етектен басып, тоқтатып қала беретін.
Рәйіс сүйсініп кетті:
– Мөңке аға-ай, жақсы айттың-ау! Бәсе, біз қасқырдан 
қашқан қоянның жатырынан түсіп қалған сұр көжек емес 
едік қой. Бізді де бір қазақ қызы мақтанышпен тумап па 
еді? Қашанғы бас қорғап бұға береміз?!
– Ие, сүйдеші! Бұта түбінен бойымыз асатын күн 
бола ма?!
– Шіркін, Қандыөзектің аузына ау құратын күн туса, 
қарық болар едік қой!
– Дәмең зор екен. Қандыөзектің аузына қақпан 
құрылғалы қашан.
Қартаң балықшылар күрсінді. Жастар дағ-дарып 
Мөңкеге, онан Еламанға қарады. Еламан мұның арты 
тыныштықпен бітпесін біліп, іші мұздап отыр. Басқалары 
албырт жастықпен істесін, ал қарт балықшының 
көтерілгені не? Әлде, кім білген, өмір бойы қорлық 
көріп, зығырданы қайнап келген жан осы арада бұның 
елге келгенін күш көрді ме? Апырай, ә? Сүйтті ме?
Еламан алдында ұйықтап жатқан баласын 
бешпентінің шалғайымен қымтая, көп алдында кеудесін 
көтеріп шалқайып отырды.
– Жә, жігіттер, бұға бергеннен де берекет шамалы 
екені рас. Тек сендер жау мықты екенін ойладыңдар ма?
– Ойладық, Елаға.
– Ендеше, ертеңгі күні жау жеңсе де өкін бейтін 


550
болыңдар. Кейін өз іштеріңнен кінәліні іздеп, көз 
шұқитын болсаңдар Тәңірберген, Теміркелермен 
тіресудің керегі жоқ.
– Білеміз, Елаға.
– Біз бәріне де бел буғанбыз.
– Не көрсек бірге көрейік. Тек бізді де бір бастаңызшы!
– Жә, ендеше тараңдар!
Балықшылар ақырын тарай бастады. Рәйіс бұрынырақ 
шығып, Айғаншаны есік алдында күтіп алды:
– Шығарып салайын...
Айғанша ыңғай бермей, үнсіз кетіп бара жатты. Үйі 
жатып қалған екен, шам жақпады. Қалаудың қорылынан 
құлақ тұнып тұрған тас қараңғы үйде сипалап жүріп, 
Кенжекейдің қасы нан төсегін тауып алды. Шешінбей, 
киімшең бойымен қисая кетті. Тек жатар алдында бала 
кезден бойына сіңген әдетпен көйлегінің етегін тартып 
тізесінен төменірек түсіріп қойды.
Осы кезде кіші әйелдің төсегінен Төлеу басын 
көтерді.
– Сен осы қайда жүресің?
Айғанша үндемей, іргеге қарай аударылып жат-
ты. Төлеу ана жолы киім тұсындағы реніштен кейін 
қарындасының бетіне қатты келмей, жасқаншақтай 
беретін. Осы жолы да наразы бірдеңелерді күңкілдегені 
болмаса, әлгіден кейін Қалаудың қорылына қосылып 
ұйықтап кетті.
Айғанша ұйықтай алмады. Мөңке үйінен ширығып 
шыққан жаңағы ызалы жандар көз алдында. Ертең 
олар Тәңірбергенмен мықтап бет ашыспақ – не жеңеді, 
не жеңіледі. Осы жайды Еламан ашық айтты. Еламан! 
Қызық-ау! Оны тосырқамай, бірден танығанын айт. Ол 
баяғыда да дәл осындай еді ғой, осындай ма еді? Рас, басқа 
кісілерден бөлектеу көрінген. Ол кезде Айғаншаның өзі 


551
де нақ мұндай емес-ті. Ол кезде үй ішіндегі жандар мен 
қалаға қатынаған Ебейсін секілді бірен-саран саудагер-
лер, кірешілер болмаса, олардан басқа тірі жанды көрмей 
жапан түзде жабайы өскен жас қызға, шынында да, сол 
жолы балықшы жігіт біртүрлі оқшау көрінген еді. Қол-
аяғындағы темір кісен де оны өзінен басқа өзге бірде-
бір жанға ұқсатпай, даралап оқшаулай түскен еді. Әжесі 
айтатын әлгі бір ертегілер, қиссалар мекенінде ғұмыр 
кешкен бұғаудағы батыр ма? Ел қамын жеген ержүрек 
жанкешті ме?
Сонан бері балықшы жігіт қыз көңілінде дарала-
нып өсе берді. Осы жолы да Айғанша оның сондағыдан 
қанша өзгергенін ойлаған жоқ. Тек содан бері оның 
қайда болғанын, қандай елдердің топырағын басқанын, 
тағы қандай қиындық көріп, қасірет шеккенін ойлап, екі 
ағасы екі жерде қорылдап жатқан көрдей қараңғы үйде 
көз ілмей шықты. Қараңғыда неше түрлі қорқынышты 
суреттер бадырайып, бірде зындан, бірде тоғыз қабат 
Торғауыт, Қап тауы елестеп жатыр. Мына жігіт соның 
бәрін бұзып-жарып, ақыры, міне, арып-ашып туған еліне 
кеп, «тоқсан үйлі тобырына», қауышты. «Әйелі неге 
күтпеді екен?» деп ойлады Айғанша таң алдында көзі 
ұйқыға кетіп бара жатып.
* * *
Балықшылар қайықтарын суға үнсіз салып, екі-
екіден бөлініп мінді. Еламан мен Мөңке бір қайықта. 
Кешегі қара дауыл бүгін таң алдында басылып, жел шы-
радай тыныпты. Соған қарамастан бір көтеріліп кеткен 
ұлы теңіздің ашу-ызасы әлі де басылмаған. Әлі де өз-
өзінен долданып, қарауытып қайнап жатыр. Аңғар бет-
тен сәл ғана жел соқса да шұғыл қаһарға мініп, қайта 
түтігуге әзір тұрғандай.


552
Еламан теңіз ажарын ұнатпай, қайта-қайта көз са-
лып келеді. Әдетте ау қараған балықшымен жағаласып, 
қиғылық ұрып болатын шағалалар бүгін көрінбеді. 
Бар шағала Қандыөзектің үстіне үймелепті. Өлермен 
қомағайлықпен қайта-қайта шүйлігіп, төсімен суды шалп 
еткізіп соғып қалады. Аудағы балықты іле алмағанына 
ызаланып, жан даусын сала шаңқылдап, қайқаң етіп 
жоғарыға көтерілгенде, жаңа шыққан күн шапағына ақ 
қанаты күмістей тұтап жарқылдап кетеді.
Рәйіс күліп:
– Байқайсыңдар ма, шағалалар бізге балықтың өрісін 
сілтеп жатыр – деді.
– Жарықтық Қандыөзек балықты ғой. Достың 
жігіттері қарық боп жатқан шығар?..
Бұлар тереңге салған ауларын суырып шықты. Түске 
тарта жел қайта көтеріліп, толқын басы буйралана ба-
стады. Оқта-текте шілде айының мазасыз бөгелек желі 
килігеді. Онсыз да көк толқында шыбындаған аттай се-
кектеп шоршып тұрған бұлардың қайығына қапылыста 
құйындай соғып, төңкеріп кете жаздайды.
– Осы бір бөгелек жел мазаңды алып бітеді.
– Теңіз үстінің құйыны ғой. Кәпірдің бетінен аулақ. 
Балықшылар жағаға шықты; ауларды суға шайып, 
теңіз түбінің тосабынан тазартты. Соның арасында шы-
дамсыздары үйлеріне жүгіріп барып жүрек жалғап келіп 
жатыр. Күндіз теңіз үстінде балықшылардың тынышын 
алып болған есірік, бөгелек жел кешке қарай басылып, 
шырадай тынып, жағалаулардағы қара құйрық қамыс 
басы қозғалмай қалды. Соның өзінде теңіз суы күндегі 
шарасына сыймай ісініп барады. Аңғар жақта әлі де өксік 
бар. Аңғар бет кешкі көлеңкемен тұп-тұтас тұнжырап, 
қарауыта бастаған. Еламан осы бір болмашы белгілерге 
қарап, алдағы түн тымық болғанымен ертең тағы да дәл 


553
бүгінгі уақытта жел қайта көтерілетінін топшылады.
Күн кештете шағалалардың ұйқы-тұйқысы шықты. 
Ертеңгі күннен олар да біртүрлі мазасыздық сезгендей, 
теңізге қонбай азан-қазан боп, топ-тобымен қарбаласа 
қанат сермеп, жоғарылай ұшып барады. Еламан бастаған 
балықшылар қайықтарына қайта отырды. Олар кешкі 
тымықта Қандыөзектің аузына он қайықпен ұмар-жұмар 
келді де, осы араға құрған Дос пен Төлеулердің ауына 
жарыстыра өздерінің ауын төгіп шықты. Рәйіс қайығын 
тез қозғап, Еламанның қайығына бүйірін тақап қатарласа 
берді.
– Байқайсыз ба, ешқайсысы қол қатпады-ау. Асылы, 
өз көлеңкемізден өзіміз қорқып келген екенбіз ғой.
– Даурықпа. Әне, анау Курнос Иван.
– Қайсы? Анау ма?
– Иә, сол!
– Ә, қаншелек. Көрген екен ғой.
– Көре берсін. Біз ұрланып кеп ау салған жоқпыз. 
Басқа жігіттер де қайықтарын шапшаңдата есіп, Ела-
ман мен Мөңкенің жанына топталып жинала бастады. 
Бәрінің көзі жағада. Иығына мылтық асқан жалғыз жаяу 
бұларды сонадайдан торуылдап жиекте жүрді де қойды.
– Аң аулап жүрген шығар?
– Қайдам, адам аулап жүрмесе қайтсін...
Еламан кісілерін теңіз үстінде топтап алды да, тұп-
тура жағаға салды. Көзін Курнос Иваннан айырған жоқ. 
Бұлар жағаға тақап келе бергенде Курнос Иван кейінгі 
жағына бұрылып, қол бұлғап еді. Қамыс арасынан бір 
топ кісі жүгіріп шығып, Курнос Иванды орталары-
на ала тоқтады. Еламан жанжалды қаламаса да, Кур-
нос Ивандардың мына қылығын жақтырмады. Жағаға 
жақындай бере өз жігіттеріне көз салып еді, бұлар 
да тайсалар емес. Ескек, таяуларын әлден ыңғайлап, 


554
қолтығына қысып апты. Кейбір Рәйіс секілді қызбалау 
жігіттер күні бұрын етігінің қонына тығып алған жуан 
сойылдарын шығара бастады.
– Жігіттер, жанжал шығарушы болмаңдар, – деді 
Еламан.
Он қайық жағаға жақындаған сайын ескектерін бір 
әуенмен тартып, қол саласындай, қалмай да, озбай да 
бүйірін бүйіріне тақап, қатар тізіп келді де, жиекте то-
сып тұрған кісілердің дәл қасына тұмсық тірей тоқтады. 
Алдымен Еламан жағаға секіріп түсті. Қалғандары да 
қайықтан түсе-түсе сап, Еламанды орталарына ала иық 
тіресіп тұра қалды. Курнос Иван өз кісілеріне көз тастап, 
шолып өтті де, аналарға қарсы жүрді.
– заңды неге бұзасың? – деді Курнос Иван.
– Қандай заң?
– Қандыөзектің аузы запрет, Теміркенің жері.
– Теміркенің арқалап әкелген теңізі жоқ. Бұл теңізден 
мына Мөңке балық аулағанда Теміркең дүниеге келді ме 
екен? Сен оны білесің бе? – деп, Еламан оған салқын 
қабақ астынан ұзақ қадала қарады да, жүре берді.
Курнос Иван қолдағы күші кем соғарын білгесін тиісе 
алмады. Еламанға қарсы Дос пен Төлеудің жігіттерін 
көтеріп, ертеңге қалың тобырды әзірлеп қою керек. Осы 
ойға табан тірегеннен кейін дереу Тәңірбергенге жүгірді.
* * *
Тәңірберген кәзір теңіз жағасындағы шаруаларын 
жиектеп қалған-ды. Өз аулынан келген пішеншілер 
қанша шапқанмен өндіре алмағасын үме салды. Еңбек 
ақысына кейін бір-бір тоқтыдан беретін боп, Дос пен 
Төлеудің жігіттерін жалдап, көк құрақты құлатып та-
стады. Шалқардан әкелген шебер ұсталар да қазір 


555
Ақбауырдағы қора жанынан көп бөлмелі үй салып жа-
тыр. Қала сәнімен көк шатырын көтерді. Күнде басына 
бір барып, қырағы көзімен бақылап қайтады. Келешек 
тірлігінің ыстық ұясы болғалы тұрған үйді көрген сай-
ын жігіт көңілі көтеріліп, әлі татпаған алдағы күнгі тәтті 
үмітін осы үйдің бітуіне қаратып жүр.
Қарындасын құтты жеріне қондыру Төлеудін де ендігі 
арманы еді. Жақын арада күйеу баласы болғалы тұрған 
жігітке қонақасы бергісі кеп, жанын жалдап жүрген-ді. 
Сәті бүгін түсті. Пішен шапқан ақысына алған тоқтыны 
өріске жібермей, оң босағаға байлап қойды. Ендігі жер-
ге қыз бен жігіт жиі кездесіп, жүздері ашыла берсін де-
ген ар жағында бір есебі болғасын болашақ күйеудің 
қасына ешкімді қоспады. Және Тәңірбергенді әдейі 
Айғаншаның жұмыстан шығатын кезіне туралап, ақ пен 
қызыл арасында ертіп әкелді.
Балжан мен Кенжекей кедей үйдің бар жылтырағын 
бетке ұстап, төрге төсек жайып қойған екен. Үйге 
жақындағанда Төлеу жүгіріп барып, қонағының алдынан 
есік ашып, ілгері өткізіп жіберді. Есіктен басын сұқпай 
жатып ол іште қыздың жоғын байқап, табалдырықтан 
аттай бере тоқтай қалды. Қонақ төрге шығып отырам де-
генше ол Кенжекейді ымдап, сыртқа шығарып алды.
– Айғанша қайда?
– Жұмыстан қайтқан жоқ.
– Оттапсың. Жұмыстан алдақашан шықты.
– Кейде балық көп болса түннің бір уақытына дейін 
ұстап қалады.
– Жоқты соқпа! Ол қыз дәу де болса мына ауылда, 
Мөңкенің үйінде. Тез бар да, ертіп әкел.
Тәңірберген үй ішіндегі ыңғайсыздықтың жөнін 
байқаса да, түк білмеген кісіше қаннен-қаперсіз отыр. 
Төлеу қонақ алдында кешірім сұрағандай, қипақтай ба-
стады.


556
– Сорлы бала анасын ұмыта алмай, өгейсіп жүр. 
Әлиза маңдайынан сипағанға...
Сырттан дыбыс шықты. Төлеу кұлағын тігіп еді, өзі 
күткен кісі болмағасын қайтадан қипақтап: «Әлгі найсап 
неге кешікті?» деп ойлады. Не істерін білмей, терісі та-
рылып отыр еді, есік ашылды.
– Келді ме? – деді Төлеу. Кенжекей не дерін білмей 
қипақтап тұрғанда Қарақатын кіріп келді. Төр алдын-
да отырған Тәңірбергенмен амандасты. Сосын Төлеуге 
бұрылып:
– Көшпей-қонбай қыз жоғалтқаннан саусың ба? – 
деді күліп.
– Шық үйден!.. – деді Төлеу.
– Қой, айналайын!.. Сен қыз жоғалтып күйініп тұрсаң, 
мен сол қызыңның... сол жүзіқараның бір жігітпен кетіп 
бара жатқанын көріп, жарыла жаздап тұрмын.
– Не-е? Не деп тұрсың сен?
– Ойбай-ау, қызға қырық үйден тыйым болар еді. 
Сендер бетімен қоя бердіңдер.
– Жұмысың болмасын қарындасымда...
– Енді, міне, өзіңе жұмыс тілеп алып отырсың...
– Қандай жұмыс?
– Көресің қандай екенін.
– Аспанды үстіме кұлатсаң да, турасын айт!
– Айтпас деп пе едің?!
– Айт шапшаң!
Қарақатын енді шабынып Төлеуге жетіп барды:
– Біз де қыз асырап едік. Бірақ біздің қызымыз 
еркектің бетіне қарамай, иманы бетінде үзіліп тұрушы 
еді. Ал сендердің қыздарың...
– Тоқтат!
– Мен неге тоқтатам? Аға-жеңге боп қыз ұятын қорғай 
алмадыңдар. Екі қатының кепелеп ішкен астан басқа 


557
білері жоқ. Беттері белдей боп отыр. Қыздарың болса... 
кетті, әне, түрмеден қашқан қашақпен қол ұстасып.
– Не?.. Не дедің, әй, сен қар?
– Өзің қар! Қара бетсің! Айғанша айың еді. Еламан...
Төлеу жын ұрғандай есік алдында жатқан тоң шот-
ты ала сала сыртқа ұмтылды. Ертеден бері бір жанға көз 
салмай, төмен қарап, тұнжырап отырған томай құлақ та 
ағасының соңынан бүлкілдеп ере берді. Ызалы жігіттер 
сыртқа жүгіріп шыққанда, мына жақтан Курнос Иван 
мен Дос бастаған бір топ кісі сау етіп ішке кіріп келді.
– Төлеу, тоқта!
– Жібер!
– Қыратын болсаң кейін де күн бар. Ал қазір тұра 
тұр. Шаруа бар – деп, Курнос Иван бөгемек боп еді, 
көзіне қан толып алған ағайынды жігіттер Курнос Иван-
ды қағып жіберіп ата жөнелмек болды. Сол сәтте ту сыр-
тынан Тәңірбергеннің:
– Қайт кейін! – деген даусы шықты. Төлеудің қолынан 
тоң шот түсіп кетті. Тәңірбергенге қарай алмай, ізінше 
кейін қайтып Курнос Иван мен Достың тасасын ықтай 
тоқтады.
– Мырза, мына Мөңке ауылы бүлік бастады. Айы-
лын жимастан кеп, бар ауын запрет жерге төгіп кетті. Не 
істейсің маған, мықты болсаң тиіп көр деп, күш көрсетіп 
отыр – деп, Курнос Иван зығырданы қайнап, дір-дір етіп 
тұр.
– Бұған сен қалай қарайсың? – деді мырза Досқа 
бұрылып.
Дос бір жанға көз салмай, қабағы қарс жабылып 
кетіпті.
– Ежелден бері бүлік басы Еламан. Мынау сонан 
шыққан сойқан ғой, – деді ол.


558
– Ендеше кесімін өзің айт. Теңіз сенікі. Тентек те 
сенікі.
– Кесім қысқа. Ауларын сыпырып алу керек. 
Тәңірберген Досқа барлай қарады. Әше йінде үндемей 
жүргенмен шынтуайтқа келгенде осы кісінің жаулық 
ниетті қатты ұстап, қасарып алатынын ұнатты.
– Дос ағам дұрыс айтып отыр. Күш көрсе тетін не-
мелер ғой, сендер де бас-аяқтарыңды жинап, тұтасып 
алыңдар. Аянатын ештеңе қалмаған секілді.
Курнос Иван мен Дос бас изеп құптады да, есік ал-
дында тұрған екі балықшыға әмір етті:
– Бар, жігіттерді жинаңдар!
Олар жүгіре жөнелді. Курнос Иван жанында отырған 
Төлеуді түртіп қалды:
– Ерлігіңді енді көрсет!
* * *
Балықшылар бүгін күндегіден ерте тұрды. Ешкім 
ешкімге бүйрық берген жоқ; ешкім не істеу керегін 
ешкімнен сұраған жоқ. Не істеп, не қою керегін әркім 
өзі біліп, үнсіз тұнжыраған кісілер үн-түнсіз ескек-таяу-
ларын алып жатыр. Рза Еламанның көзін ала бере жуан 
жиде қаданы ескекке қоса қолтығына қыса кетті.
Жаңа үйден шыққанда жел шырадай тымық еді; 
теңізге кеп қайықтарын суға сала бастағанда бұлардың 
бетіне салқын леп тиді. Тәжірибесіз жастар бұны теңіз 
бетінен соққан таң самалы деп ойлаған-ды. Бұны тек 
Мөңке мен Еламан басқаша қабылдады. Сосын қыл жиек-
ке біткен бала құрақтар қатты желдің қаһарын сезгендей 
сусылдап әбігерлене бастады. Қайыққа үштен, төрттен 
мінген балықшылар ескекке отырып, Қандыөзекке бет 
қойғанда әлгінде ғана шырадай тымық теңіз ырғалып 
ісіне бастады. Әзір толқын көрінбесе де, сонау аңғар бет-


559
тен, тереңнің дәл өзінен шүйлігіп лықсып келе жатқан 
құдірет күш бар ма, суға салтан қайықтар секектеп, 
жағаға сығылыса берді.
– Ал тезірек қимылдаңдар. Жел көтеріліп барады, 
сірә, дауыл болатын шығар, – деді Еламан асықтырып.
Жігіттер үнсіз. Қайықтың қарағұсын кеше гі ау салған 
жерге туралап қос ескекті құр малшымай, қынулап еседі. 
Қайратты жігіттердің қолындағы қос-қос ескек құс 
қанатындай лыпылдап, тұмсығымен су жарған он қайық 
ақ езуленіп алған.
Жел көтеріліп кеткен. Ашық теңіз өкіріп, ақ жал 
толқындар ереуілдеп ойнақтап, онсыз да малтыға 
бастаған қайықтарды кеудесімен қағып өтеді.
Еламан мен Мөңке бір қайықта. Бас ескекке Мөңкені 
қойып, өзі бел ескекте отырған Еламан көзінің, қиығын 
жағадан айырмады. Жағалауда тірі жан жоқ. Промсол 
жақ жым-жырт.
– Курнос Иван ана жылы қарасы батып жоғалып 
кетіп еді ғой? – деді Еламан.
– Қаңғып жүрді де қайта келді ғой.
– Жел қатайып кетті-ау!
– Дәнеңе етпейді. Ау өзектің ішкі бетінде. Көре қал, 
қамыстың ығы жел жібермейді. Тымық.
– Солайы солай. Тек, қайдам, өзекке жеткенше 
бүйірден ұрған толқын есіңді тандырмаса...
Еламан ескекті Мөңкемен бірдей алып келе жатқан. 
Оны бағанағы ой қайта мазалап, тынышсызданып кетті 
де, бұрылып ілгергі жаққа көз тастады. Оны билеген ой 
Мөңкені де мазалап келеді екен. Мөңке ескегін бір сәт 
судан көтеріп алған бойы:
– Бізден басқа бір жан теңізге шықпағаны қалай? – 
деп, күдігін айтты.
– Бәсе, ешкім жоқ қой. Осы тегін бе?


560
– Түсінбеймін. Қарап қалулары мүмкін емес еді. 
Әлде, сенен сескенді ме?
– Әй, қайдам...
Бұлар Қандыөзекке кірді. Мөңкенің айтқа ны расқа 
соқты: ашық теңіздей емес, іштің ығы мол екен. Бұлар 
келген бетте ескекті қайықтың кенеріне қайыра-қайыра 
салды да, шап беріп аудың құлағына жармасты. Ау болған 
аудың бәріне көлдің қара мөңкесі мен кешегі ағыспен 
келген ұлы теңіздің ажарлы, ірі балығы аралас түсіпті. 
Ау құлағын көтергенде әлгі балықтар әбігерленіп, апыр-
шұпыр болды да қалды. Баяғы балықшы кезі есіне түскен 
Еламан:
– Әп-п бәрекелді!..– деп, дәл бір сол кездегідей ша-
быттанып, теңізді басына көтере күліп жіберді. Басқа 
жігіттер де балықтың қызығына түсіп, қауқылдасып 
жатқанда қырық-отыз қайыққа мінген жүз қаралы кісі 
өзектің екі бетінде жарланған нар қамыс арасынан шыға-
шыға келді. Кейбір сабырсыз ұрда-жықтар ұзын ескекті 
ызғарлана көтеріп апты. Бұларды бастаған Курнос Иван 
сүйір тұмсық ақ қайықпен алда келеді. Қолында қос ауыз 
мылтық. Дос, Төлеу, Қалау, Курнос Иваннан қалмай тісін 
қайрап, кіжініп алған.
Еламан оларды басқалардан бұрынырақ көрді.
– Қамданыңдар! – деп айқай салған бойы дереу ескек-
ке жармасты. Өзектің екі бетіндегі нар қамыстан бір 
сәтте, бір мезгілде шыға-шыға келген мыналарды тосып 
тұрып, анықтап қараса, өздерінен әлдеқайда көп екен. 
Және Курнос Иванның қайығымен жаға буды боп келе 
жатқан төрт-бес жігіттің бәрінде де мылтық. Қалғандары 
да құр қол емес.
– Қарсыласпайық, қан төгілер – деп, Мөңке елден 
бұрын ескегін лақтырып тастады.
– Әттең, құдай-ай, мұны білмедім ғой, – деді Еламан. 


561
Курнос Иванның көзі Еламанда. Мылтығын кезеп апты.
Еламан өзінен әмір күтіп тұрған жігіттерді көзімен 
шолып өтті:
– Қарсыласпалық.
– Неге?.. Елаға-ау, онан да өлгеніміз жақсы ғой, – 
деді Рза.
– Жә, сөзді қой!
Жігіттердің қолынан ескек түсіп кетті. Соны 
күткендей, аналар қайықтарын қаттырақ есіп келді де, 
Еламан мен Мөңкені ортаға ала қоршап тұра қалды. Кел-
ген бетте Төлеу Еламанды қақ бастан құлаштап ұрып еді. 
Абырой болғанда Еламан бұғып қап, ұзын таяқ төбесін 
жанап өтіп, қайықтың кенеріне соғып, ортасынан қақ 
бөлінді. Төлеу қапы кеткеніне күйініп, зор ызамен қайта 
ұмтылып еді. Бұ жолы Еламан өзіне сілтеген таяудың 
шолақ басын денесіне тигізбей, шап беріп ұстай алды. 
Сосын тартысуға келтірмей, таяуды Төлеудің қолынан 
жұлып алды да, жұрттың басынан асыра лақтырып 
жіберді.
– Ойбай-ай, мынаның зәбірін-ай! Мылты ғыңды 
берші. 
Курнос Иван Төлеудің қолын қағып жіберді де, 
қайығын тез қозғап, Төлеу мен Еламан екеуінің ара-
сына кимелей кірді. Құр қол Еламанның кеудесіне 
мылтығының аузын тіреп:
– Қозғалсаң атам! – деп, көзін айырмай, қыбын бағып 
тұрды да, өз жігіттеріне: – Кірісіңдер! – деп әмір етті.
Әпербақан жігіттер тап-тап беріп, Мөңке мен 
Еламанның ескек-таяуын өз қайықтарына салып алды. 
Қалғандары ауға жармасты. Осы кезде жел де жын-
данып, күшіне мініп бара жатты. Ана жақта ұлы теңіз 
өкіреді. Бұлар ықтап тұрған өзектің ішкі беті де түтіге 
бастады. Ағыс күшейіп, аядай жерге шоғырланған көп 
қайық секектей бастады. 


562
Дос:
– Әй, Еламан! – деп, жұрт назарын өзіне аударды, – 
мынау болғанда... – деп, қолындағы ақ таяудың салмақты 
басымен Мөңкені нұсқады,– мынау болғанда осы арада 
суға батырып кетер едім. Әттең, сен боп діңкемді құртып 
тұрсың.
– Саған қазір кім болғанда да бәрібір емес пе?!. 
Мөңкеге қол көтерген адам маған тоқтайды дейсің бе?.. 
Ендеше, бәрімізді де суға батырып кет.
– Сен, бала, тайтаңдай берме! Сенің жа йың 
маған белгілі. Тұрған жерің бүлік. Бір рет кештім дедім 
ғой. Ал бірақ екінші рет кездессең оңдырмаймын.
– Енді кездеспеспіз. Енді кездесе қалсақ, бұлай тара-
маспыз.
– Болсын.
Курнос Иванның әмірімен Дос пен Төлеу дің 
жігіттері әп-сәтте бұлардың бар ауын балығымен қоса 
қайықтарына салып алды. Еламан қанша үндемейін десе 
де, мына қиянатқа шыдамай:
– Әй, Иван, бұл қай зорлығың? Николай заманы өтіп 
еді ғой, – деп еді, Курнос Иван қарқ-қарқ күлді:
– Қазір Керенский заманы екені есіңнен шықты ма?!
– Есімде. Керенскийдің де кедейге теңдік әпермесін 
білгем.
– Сенің теңдігің түрменің түбінде. Ал мыналар, – 
деді Курнос Иван Мөңкенің жігіттерін нұсқап, – сенің 
желіктіргеніңе ерем деп ау-құралдарынан айырылды. 
Ертең қатын-баласына асымдық балық тауып бере алмай 
жерге қарап қалғанда сөйлесем сендермен, – деді.
Бұлар ау-құралдан айырылып ұрыға тонал ғандай боп 
қайтты. Үнсіз топты ілгері өткізіп жіберіп, Еламан мен 
Мөңке кейіндеу келе жатқан. Кенет Мөңке мырс етті.


563
– Ағаң қалай? Жараған бурадай шабынып, күшіне 
мініп алғанын көрдің бе?
– Адам да бір, ит те бір. Ит аяғына ас құйғанның 
пендесі.
– Солай! Кетті ғой, әне! Бір Дос емес, кешегі бар 
досың бауырыңнан сыпырылып шығып, жау жағына 
жарық берген жоқ па. Қанды көйлек жауыңның айтағына 
еріп, өзіңді қапқан күйігін қайтерсің?!
– Апыр-ай! Бұлар әдетте осылай біріңді-біріңе айдап 
caп құртады ғой.
Мөңке үнсіз қостап бас изеді. Қатын-бала сыртта 
жүр екен. Балыққа кеткен ер-азаматтың келуін күтіп, 
қазандарына су құйып, отынын әзірлеп қойыпты. Ең ар 
жағы балық соятын шыптасына дейін жайып, пышағын 
қайрап отырғанын көргенде Еламан да, Мөңке де жер-
ге кіре жаздады. Алдарынан шапқылап жүгіріп шыққан 
балаларға қарай алмай, көзін жерден көтермей үнсіз өтіп 
кетті.
* * *
Үш күннен бері Мөңкеге қараған ер-азамат теңізге 
шыққан жоқ. Үш күннен бері бұл ауылда бір үй қазан 
көтермеді. Балкүміс сияқтылар күңкіл шығара бастады.
– Аузымызды кептіріп қойды ғой. Мұнан келмегенінің 
өзі жақсы еді.
Жігіттерді бәрінен бұрын жұмыссыздық аздырып 
барады. Бұрын бір-екі тартым ауын ермек қып теңіз 
үстінде жүретін жандар үйден шықпай, қатын-бала ара-
сында шырғалып, реніш, ұрыс-керіс көбейді.
– Мына қорлықтан өлгеннің өзі артық еді.
– Иә, аясатын не қалды?.. Жаумен жауша алысатын...
– Елаға, баяғы патша заманында жауға намыс бер-
мей, жығылсақ та жағаласып едік қой.


564
Еламан үндемеді. Кісі өлтіріп, кек алу оңай, бірақ 
онан осы отырған жандардың есесі тола ма? Онан есе 
толса, кеше бұл – Федоровты, Кәлен – Қаратазды өлтіріп 
еді... Еламан басқа жол іздеді. Тәңірбергеннің алдынан 
өткісі кеп, түс ауа оны іздеп барды. Тәңірберген кешегі 
түрікпен жорығынан кейін жұрт көзіне түсе бермей, теңіз 
жағасына тіккен шатырдың көлеңке жақ іргесін түргізіп 
тастап жұмсақ төсекте жатыр екен.
– Елаға... төрге шық! – деді ол.
– Жоқ, осы арадан кетем.
– Неге асықтың, қонақ бол! Әй, қайсың барсың!.. 
Ақи көз жігіт бастаған екі дәу кіріп кеп, есік алды-
на тұра-тұра қалды. Тәңірберген алғашқыда амандық-
саулық сұрап жылы шырай берсе де, Еламан шаруасын 
айта бастағанда өңі суық тартып ала қойды:
– Теңіз менікі емес, Теміркенікі. Теміркеден теңдік 
алғың келсе, Шалқарға бар.
– Солай де?! Жанжалға барғым келмей, бітім іздеп 
келіп едім. Сен «өлмесең тұрма» деп, екі ауылды бір-
біріне айдап caп, қырылыстырып қойып, қызығына 
қарап отырмақсың ғой.
– He десең де ерік өзіңде... 
Еламан түк демей, бұрылды да жүре берді. Мұнда 
келгеннен бері Мюлгаузеннен көрген зәбірін ұмытқандай 
боп жүрген-ді. Мына жағдайдан кейін тағы да қатты 
зәбірленіп, көкірегі қарайып келеді. Бейбіт отырған 
ауылға қару әкелгісі келмеген-ді. Қарудың ауылға да 
керегіп қалғанын байқап, бір жамандыққа ойы ауа баста-
ды. Тәңірбергенге барғанын бір адамға айтпады. Күйлері 
тайып бара жатқасын бір күні Мөңке екеуі Талдыбеке 
бойындағы былқылдақ жас талды кесіп қабадан тоқыды. 
Бұл екеуіне Рза мен тағы бірнеше жас жігіт қосылды. 
Алғанщыда олар ермек тапқанына мәз боп еді, қабадан 


565
біткесін ғана осыған дейін бұлардың басына келмеген 
қиындыққа тап болды. Қабаданды суы толқымайтын 
қамысты, қоғалы басат, көлтабан болмаса, аңыраған 
ашық теңізге салуға болмайтын-ды. Еламан мен Мөңкені 
сыртта күтіп алған Әлиза:
– Не бітірдіңдер? – деп сұрап еді, Мөңке қолын бір 
сілтеді, Еламан үндемей, төрге өтіп кетті. Бұл ішке 
кіргеннен қолын созған баласын Еламан бауырына қысып 
отырып, іргеде сүйеулі тұрған домбыраны қолына алды. 
Сол бойда қос ішектен сарнап қоя берген көңілсіз саз со-
нан кеш болғанша домбыраның сағалығында қылқылдап 
тұрып алды. Бұның талайдан бері айта алмай, көкірегінде 
қордаланып, булығып жүрген талай-талай мұң мен зар-
ды осы күймен жеткізіп, өксіп отырғандай. Әлиза мен 
Мөңке үнсіз тыңдады. Әке-шешесінің аулынан келген 
Балкүмістің, қара сұр беті түтігіп алған. Кімге тиісерін 
білмей, ыдыс-аяқтарды теуіп, есікті сартылдатып ашып-
жауып, бұрқылдап бүлініп жүр:
– Қайдан келді қаңғып? Аяғында аузымызды 
кептіріп...
Бұған Еламанның құлағы үйренген. Бәлекейдің 
қаңқуына көңіл бөлмесе де, осы күні әлдекімнің ба-
ласы жылай қалса да, ас сұрап жатқан жоқ па деп шо-
шып кетеді. «Не істеу керек? Не амал бар?» – деп ой-
лап отырғанда, әлдебір дауысқа елең етіп, сыртқа құлақ 
тікті. «Мынау... Әй, мынау Айғанша ғой», – деп ойлады. 
Ау-құралдан айырылғалы мүлде есінен шығып кеткен 
екен. Айғанша еңбек ақысына жазғызып алған бір асым 
балықты жөкеге орап, колтығына қысып әкеп, ешкімге 
білдірмей есік алдына тастай салды. Бұрынғыдай емес, 
жұбау, үй ішіндегілерге көз салмай, кішкентай Әшімді 
маңдайынан сипады да, бір жанға ләм-мим деместен 
шығып бара жатты.


566
– Қызым, жай жүрсің бе? – деді Мөңке. Айғанша 
тоқтап тұра қап:
– Тек... жай... – деді де шығып кетті.
– Қайыр-садақаның алды келе бастады. Бұған да 
шүкір!
– Бұны кім әкелді?
– Әлгі қыз.
– Алда айналайын-ай! Қанатымен су тасыған 
қарлығаштай, біз қиындық көргенде осы бала бір көрініп 
қалады, – деді Әлиза.
– Сені қайтсін? Үйіңде бойдақ жігіт жатпаса, балық 
әкелмек түгіл басын да сұқпас еді.
Еламан баласын көтеріп тысқа шықты. Көңіл 
бөлмейін десе де, Балкүмістің сөзі тікендей қадалды. 
Қарақатын секілді Балкүміс те ұрыс тілеген кезде себеп 
іздемейді. Ондайда оған өзі тиісетін біреу табылса жетіп 
жатыр.
* * *
Үйде емізулі баласы қалған қатындар жұмыс аяғына 
жаны дызығып жетті. Сойып жатқан балықтарын да 
жиыстыруға шамасы келмей, тұра-тұра жүгірді. Жалғыз 
Айғанша ғана қозғалмады. Ағаларымен арасы суысып 
кеткелі үйге баруға ықылассыз. Кіші ағасын қай кезден 
жек көретін. Жақсы көретін ағасы Төлеу де өзгеріп бара-
ды. Үй ішінде бір жанға ырза болмай, үнемі төмен қарап 
тұнжырап отыратынды шығарды.
Әсіресе, Айғаншаны көзінің кырына алып, үйде 
де, түзде де соңына адам салып аңдытып қоятын боп 
жүрген-ді. Сол күні үйге кеш қайтқан қыз сыртқа шықса, 
есік алдында тұрған Кенжекейді көрді.
– Сен мұнда неғып тұрсың?
– Ағаң жіберді.


567
– Күзетіп тұр екенсің ғой? – деп, Айғанша күлді де, 
бұрылып жүре берді. Күндегі әдет бойынша күн астында 
жалтырап жатқан ақ тымықты жиектеп біраз жерге дейін 
кешіп барды. Сосын беті-қолын жуғалы шыт көйлектің 
етегін екі тізенің арасына қысып еңкейе берді де, суда 
дірілдеген өзін көріп тоқтай қалды. Өзіне анықтап 
қарағаны осы еді. Іште жатқан реніш пе, әлде, жұмыстан 
шаршап шыққасын ба, көз жанары кірпік астында 
қалжырап, бұған тұнық түбінен соншалық бір салқын 
қарап тұр екен. Айғанша кексе қатындар арасында жұмыс 
істеп, бойын күтуге мұршасы келмей жүргені болмаса, 
өзінің құдай берген ажар-көркіне әсте шек келтірген 
емес-ті. Бұрын қыз боп бойын күтпегені көңіліне кіріп-
шықпаса да, осы жолы адам күлгендей алқам-салқам 
түрін көріп, өзіне, әсіресе, елеусіз өтіп жатқан өміріне 
налыды да, суда дірілдеген бейнесін былғалап шайқап-
шайқап жіберді. Жағада өзін күтіп тұрған жеңгесіне көз 
салмай үнсіз жөнеле берді.
Жел тынған. Теңіз де тынып, ашық айдын ақырын 
тыныс алып солықтап жатыр. Жылы күздің сары 
шуағында кісі жанын әлдилеп, ақырын тербеткендей ра-
хат тыныштық бар. Тек оқта-текте аңғар жақтан көңіл 
ашқандай қоңыр самал соғып, қимылсыз тұрған құрақ 
басы сілкініп сыбдырлап қалады.
Айғанша өткен жолы да дәл осы арада, дәл осы 
уақытта Еламанға кездескен-ді. Сонда да дәл осындай 
тілсіз тыныштықты қалап, көзі түскен нәрсенің бәріне 
көптен білетін жақсы сырласындай жүрегі лүпілдеп 
қуана қарап еді. Кездесуді қалаған Айғаншаның өзі еді. 
Үйдегі жанжалдан кейін айтары көп сияқтанып асығып 
болған. Кездескесін екеуі де үндемеді. Бейуақ кеш-
те өз іштерінен тыныштық іздегендей ме қалай? Оның 
өзінен мүшел жас үлкен екенін білді. Басына ақ жаулық 


568
түсісімен бақытсыз болған талай құрбы қыздарды көрсе 
де, неге екені белгісіз, өзінің келешегінен қорықпады. 
Бала әкеге қалай сенсе, өзі де осы жігітке шын жүректен 
кәмілсіз сеніп еді. Жасы қырыққа келе қоймаса да, самай 
шашын әлден ақ шалып, кең маңдайын қасірет ізіндей 
әжім осып тастаған осы бір кесек тұлғалы жігітте көп 
сыр жатқандай. Бірінші күні ол бар жайын ақтарып сал-
са да, келесі күні қайта кездескенде үндеген жоқ. Айтар 
сыр әлі де көп болғанмен өзіне қатты тыйым салып, тар-
тынып бойын тежеп қалғаны анық. Бұл не, ұстамдылық 
па? Әлде өз басының қасіретін айтып, қыз жүрегін улай 
бергісі келмеді ме?
Айғанша балапан құрақтың арасына қалыңдап кіре 
түсті де, кілт тоқтады. Еламанның қажыңқы кескіні тағы 
да көз алдына келіп, анық елестетіп тұрып, жан ауыртқан 
аянышпен астыңғы ернін ақырын тістеді. Теңіз беттен бір 
үзік мап-майда ескек жел соғып еді. Бала құрақтар бар 
тобымен сусылдап шұғыл қуаныш білдіріп, құдды қыз 
жүрегіндегі сырға ілтипат білдіріп, үнсіз құптағандай 
болды. Бірақ өз ойымен әлек боп тұрған Айғанша оны 
сезген жоқ-ты...
Теңіз жағасында тірі жан жоқ. Қайын сіңлісіне 
таңдана қараған Кенжекей кейін деу тұр. Көңілге бол-
маса, қайын сіңлісі бұрынғысынан басқалау сияқты. 
Кейінгі кезде үйде отырғанда да бұлар білмейтін белгісіз 
бір ой оны баурап, өзімен-өзі оқшауланып қала беретін 
боп жүрген-ді. Әне бірде ас ішіп отырып, кенет қолынан 
қасығы түсіп, ой билеген көздің қарашығы адасып, 
алдындағы астан, жанындағы жеңгелер мен ағалардан 
адасып, ойы, қиялы әлдебір жақта отырғанын байқаған. 
Кенжекей үй ішіндегілердің көзін ала бере қайын 
сіңлісін сақтандырып, ақырын түртіп қап еді. Айғанша 
дір ете қалса да, салмақты қалпын бұзбады. Тек «бірдеңе 


569
бүлдіріп алдым ба?» деген үнсіз сұрақпен жеңгесіне 
қарап еді.
Кенжекей соның бәрін есіне түсіріп, бірақ неге жо-
рырын білмей, дал боп тұрды да:
– Еркем, қайтайық, – деп құлаққағыс қылды.
– Жеңеше...
– Иә, қалқам?..
– Жеңеше... Сен ағама ғашық боп қосылдың ба? 
Кенжекей шошып кетті. Төлеу мен Қалау қызды 
Еламанға таңып, ізіне аңдушы салып қойғанда да бұл өз 
басы қайын сіңлісіне шық жуытпай, көңілін ондай ойдан 
таза ұстап жүрген-ді. Сақал-шашына ақ еніп, егде тар-
тып қалған кісі Айғанша секілді уыздай жас қызға жар 
болудан гөрі әке болуға лайық сияқтанатын.
Айғанша да әлгі сөзді ыссылай айтып салғанын 
білді. Сонысына қысылып, жеңгесін тас қып мойны-
нан құшақтай алды. Кенжекей Айғаншадан сырын жа-
сырмайтын. Бұның жайына қайын сіңлісі де қанық-ты. 
Басқасын былай қойғанда, кейінгі жылдары күйеуінен 
көңілі қатты суып, іштей алыстап кетті.
– Ай, қалқам-ай! Менің жайым өзіңнің көз алдыңда 
өтті емес пе?! Баяғыда ғашық болдық па, жоқ па, осы күні 
өткен өмірім өзіме де көрген түстей. Менен не сұрайсың? 
Сен бақытты бол! – деп, қайын сіңлісін маңдайынан си-
пады.
Айғанша аңдаусызда жақсы көретін жеңге-сінің ең 
бір жаны ауыратын осал жеріне тиіп кеткеніне өкінді. 
«Сүйікті жеңешем! Асыл жеңешекем!» – деп сыбырлап, 
ыстық ернімен Кенжекейдің бетінен сүйіп-сүйіп алды.
Бұл кезде күн батып кетіп еді. Теңіз бетте көлеңке 
кәдімгідей ауырлап, ол жақ тұп-тұтас қарауыта баста-
ды. Тек қызылы сембеген күннен әр тұста үзіліп қалған 
үйір-үйір сәулелер лыпылдап бір-бірлеп сөніп жат-


570
ты. Бұ да күліп жатып көз жұмып, ұйқыға бас қойған 
алып тірліктің ақырғы тынысы, үзілер шағы сияқты еді. 
Әлдеқайдан өгіз шағала өкірді. Келмей қалған жұбайын 
кешкі мекеніне шақырып, қиғылық ұрып жатыр ма?
Айғанша жеңгесінің мойнынан құшағын жазып алды:
– Жеңеше, сен кете бер. Мен... мына ауылға соғам.
– Қарғам-ау, бұның қалай? Ағаң білсе...
– Мейлі, білсе біле берсін.
Мөңке аулына бет қойған қыз кешкі ымыртта 
қапелімде көзден тасаланып ұзап барады.
* * *
– Қыз бен жігіт кеше тағы кездесті. Қыздың өзі іздеп 
барды. Құрысын, беті ашылып бұзылып болған ғой.
Қарақатынның аузынан шыққан сыпсың сөз үй мен 
үйдің арасында сумаңдап жүрді де, бір күні қыз ағасының 
құлағына шалынды. Төлеу есіткен бойда үй ішінің тас-
талқанын шығарып, екі қатынын сабап, екі бұрышқа 
тығып қойды. Ызалы жігіт сол күні қарындасының 
жұмыстан қайтқанын да күтпестен, жын ұрған кісідей 
жүгіріп Мөңкеге барды. Сәлем берген жоқ. Әй-шәйға 
қарамай, қарт балықшыны оңашалап, сыртқа алып 
шықты. Мөңке Төлеудің мына келісі тегін емесін қатты 
бұзылған түсінен таныған-ды. Онсыз да араздыққа бет 
алып бара жатқан екі ауылдың арасын тым құрыса осы 
тұста ушықтырғысы келмеген қарт балықшы түсін жы-
лытып отырып:
– Жайшылық па, шырағым? – деп, сыпайы жөн 
сұрады. Қарт балықшының момын жүзін көргенде 
дөкір жігіт өзінің адуын түрінен ыңғайсызданып қалған 
сияқты. Арғы жағында ақтарылғалы тұрған ашулы 
сөздерді тура бастамай, әуелі жанында жел шайқап 
ырғалып тұрған бір шоқ сарсолмаға қол созды. Осын-
дайда шөп екеш шөп те көлеңдеп көзге түсіп жынына 


571
тиіп біткендей, жел астында ырғалған сарсолмаға қолын 
созып ұмтыла бергенде, о да бұлғаң етіп, басын ары 
алып қашып, дәл ұстар жерде уысынан шығып кетті. 
Шөптің мына қылығы онсыз да зығыры қайнап отырған 
жігіттің ызасына тиді. Құйрығын басып отырған жерден 
жедел көтеріліп, ұмтылып барып, ызасына тиіп болған 
сарсолманы шеңгелін толтыра уыстап жұлып алды да, 
лақтырып жіберді.
– Жел айдаған қаңбақтай жер-суымды тастап, 
қара іздеп қастарыңа келіп едім. Айғанша қыз болса да 
қасымда қара боп жүрген жалғыз қарындасым еді. Мына 
Еламан інің азғырып жарық көңіліме жара сап жүр.
– Қой, жарқыным, өсек шығар...
– Жоқ, шын.
– Өз көзіңмен көрдің бе?
– Көрген кісі бар.
– Кім? Кім ол өзі?
– Қайтесің, ақсақал?! Онан да ана жігітіңе айт! 
Қарындасымнан аулақ жүрсін. Әйтпесе...
– Іркілме, шырағым. Әйтпесе, не істейсің, оныңды 
да айт.
– Аяғын қырқам. Айғырлық қылатын неме ғой, ат 
қып тарттырып жіберем!
– Е, бәрекелді, ер екенсің. Сәлеміңді айтайын. 
Төлеу тұрды да жүре берді. Жер шұқылап отырып 
қалған қарт балықшымен қоштасқан жоқ.
Жамандықтан жүрегі шайлығып қалған қарт балықшы 
мына жігіттің жаулықда кеткен түрін жақтырмады. Ела-
манды алдын ала сақтандырып қойғанды жөн көрді.
Бүгін бұл ауылда бір оқшау конақ бар. Ол – Құлтума. 
Ана жылы мұзға ығып, бір аяғы үсіп ақсақ боп қалған 
соң, балықты тастап өз еліне кеткен-ді. Сонан бері қара 
үздіріп, хабар-ошарсыз жүріп, өткен күні ойда жоқта 


572
келді. Еламан Құлтуманың келгенін сылтау қып, қолы 
бос қарап отырған кісілерді Рәйістің үйіне жинап еді. 
Мөңкенің кіргенін ешқайсысы байқамады. Үй толы 
кісілер Еламанды орталарына ала отырыпты. Қызбалау 
жігіттердің делебесі қозып, «е, пәлі!» – деп көтермелеп 
қояды. Еламан бұл отырыста тіпті бір түрлі. Қас жырау-
ларша тақымының астына бір жастықты басып апты.
Ақ домбыраның қос ішегін сабаламай, саусағының 
ұшымен тыңқылдатып шертіп отыр. Жан адамға көз сал-
май, күлімдеген жүзін жоғары көтеріп жадырай түсті де, 
кенет тамағын кенеп қалды. Содан кейін салған жерден 
шырқай жөнелмей, ойнақы әннің басын баяу алып:
Басына шауып шықтым Айырықтың,
Даусымнан құйқылжыған айырылыппын.
Он екі ай қыз көрмеген сорлы басым,
Қатынға тезек терген қайырылыппын, – деп, даусы
жетпей бара жатқасын осы арада домбыраның қос 
шегін үзетіндей кіжініп, қағып-қағып жіберді.
– Уә-ә де!
– Қайтсін-ау, байғұс ағынан-ақ жарылып отыр-ау!
– Өзі ме шығарған?
– Әй, бәдік болғыр, бұл Батақтың Сарысының Жар-
мола түрмесінен қашып шығып, еліне қайтып келе 
жатқанда шығарған өлеңі ғой.
– Болса болар. Ал бірақ мына Еламанның ар жағы 
бұзық. Сарының сылтауымен, тап осы арада өз көңілінен 
хабар беріп жатпасын.
Мөңке төрге шықпай есік алдында тұрған-ды. Ән 
үзіле бергенде ол:
– Еламан, қарағым, бері шығып кетші, – деді. 
Еламан қолындағы домбыраны Құлтумаға ұстата 
салды да, сып етіп түрегелді. Мөңкенің артын ала сыртқа 
шығып, үй жанында ұзарып калған көлеңкеге екеуі қатар 


573
отырды. Мөңке оған Төлеудің сөзін түгел жеткізді де, 
«кәне, бұған не дейсің?» деген сұрақты кескінде бағып 
калды.
Еламан өзінің ойлауға да қорқатын нәрсе сіне қыз 
ағаларының қалай аузы барғанына қайран.
– Төлеудің түрі жаман, абайла, – деді Мөңке.
– Құдай-ау, Төлеуді қайтейін? Мен қыздың көңілін 
біле алмай қор боп жүрмін ғой.
– Қыз кет әрі болмаса қайтесің?
– Онда тайынарым жоқ.
– Алып қашасың ба?
– Жоқ, тал түсте, төрт көздерінің түгелінде алып кеп, 
үйге кіргізіп алам.
– Оны істете ме? Екі бірдей ағасы бар. Ар жағын 
зерттесең – піл табан Тәңірберген жатыр. Аңдысса – ала-
ды, алысса – жығады.
– Мен де жалғыз емеспін ғой.
– Сондағы арқа тірерің кім?
– Сен ше? Сенің де төңірегіңде біраз тобыр бар емес 
пе?
Мөңке кәдімгідей назырқап, жер шұқып отыр.
– Ой, қарағым-ай! Саған пана бола алатын менде не 
қауқар қалды? Тым құрыса баяғыдай қысылшаңда қара 
ағаштай иықтасып тұра қалатын іргең бүтін болса екен. 
Қасымда Кәлен де жоқ. Менен не сұрайсың? Мен де 
теңіз жағасынан қызыл қанат шабақ алып жеп жүрген 
кәрі қарабаймын.
– Мөңке аға, назырқамашы, еңсеңді көтерші.
– Иығыңнан басып тұрса, еңсең қалай көтерілер?..
– Қаладан ала келген... қаруым бар еді...
– Ол қайда?
– Осы арадан бір күншілік жерде тығулы жатыр. 
Қолға тисе қантөгіс боп кете ме деп қорқып едім. Оған 


574
мыналар қойды ма?.. «Өлермен болсаң отқа түс» – деп, 
шаптан түртіп, намысыңды шұқып отырып алды ғой.
Мөңке Еламанның осы қазір неден де тайынбайтын 
түрін байқады.
– Абайлау керек.
– Енді тайсақтайтын ештеңе қалмады.
– Шырағым-ау, сен осы не деп отырсың?
– Мөңке аға, жігіттерді жи. Қорлыққа көнгенше, 
өлгеннің өзі артық. Ендігі жерге күшке күш көрсетіп, 
төбелессе төбелесеміз. Әйтеуір бір жанға есе 
жібермейміз.
– Мейлің білсін. Бір есептен осының да дұрыс шығар. 
Ашулы жігіт үйге кірместен тұп-тура промсолға 
тартты. Айғаншамен сөйлесіп, алдынан өтіп алғысы 
келді. Қыз көнсе де, көнбесе де, осы бүгін күн кештете 
атқа қонбақ. Иесіз қорада қалдырып кеткен мылтықты 
әкеліп, ау-құралдан айырылған ызалы жандарды бір 
қимылға бастауға бел байлады. «Сендермен сонан кейін 
сөйлескен дұрыс болар» деді ішінен.
Промсолға тақай бергенде арт жақтан адамның үрейі 
ұшқандай жаман дауыс шықты. Еламан шошып, ар-
тына жалт қарап еді. Судыр Ахмет... Астында қара ат. 
Киіз қалпақ көзіне түсіп кеткен. Боз шекпеннің етегі 
далақтап, шауып келеді. «Мұны Шалқарға кетті деп еді 
ғой? Әлде сонан қайтқан беті ме? Даусы қандай жаман», 
– деп ойлағанша болмай, Судыр Ахмет нар қараны бор-
байлап, тұсынан шауып өтті.
– Аттан!.. Аттан!.. Жау... Жау!..
Еламанның жүрегі мұздай болды. Үйден ашуға 
булығып шықса да, ол енді не ілгері жүрерін, не келген 
ізбен кейін қайтарын білмей, екі ойлы боп тұрған үстіне 
бір топ жігіт жүгіріп келді. Бұлар да естері шығып кет-
кен.


575
– Елаға, Судырақтың айтқаны рас болды. Ұлықұм 
бойындағы ауылдарды жау шауыпты.
– Жа-у? Не қылған жау?
– Түрікпендер. Қазақтан кек аламыз деп шығыпты. 
Қазіргі беті тым қатты дейді.
– Өтірік болар, шыққан жері сенімсіз екен, – деді 
біреу. 
Бұның шындығына Еламан шүбә келтір-меді. 
Кейінгі кезде Тәңірбергеннің жігіттері Жөнеуіт ханның 
Текежәуміт ішіндегі бай құдасын шапқанын ел іші 
көптен бері әңгіме ғып жүрген-ді.
– Елаға, бұған не дейсіз? – деді Рәйс.
– Тәңірберген мен Досқа хабар беріңдер. Тым 
құрыса осы тұста алауыздықты қойып, тізе қосып тірлік 
қылғанымыз жөн.
– Ел-аға, онан ештеңе шықпайды. Тәңірберген кеткелі 
жатыр.
– Қашқалы жатыр де! Үй іргесіне жау келсе, әркім 
өз басын ойлайтын ежелгі әдет. Ақтабан шұбырындыда 
да сүйткен. Апыр-ай, қиындықта ел басын қоса алмай, 
қор болдық-ау – деп, Еламан жігері құм боп налып отыр-
ды да, – Жә, қайтеміз. Кететін кісіге жол ашық. Кәне, 
отырмалық. Қамданыңдар. Мен бір күнге кетем. Кеудем-
де жаным болса, ертең кешке оралам.
Жігіттер онан жөн сұрамады. Еламан да оларға жөнін 
айтпай, Шалқардан мініп келген жаман тұғырды ерттеп, 
сол күні түс ауа жүріп кетті. Жөнеуіт ханның жігіттері 
дәл бір дала құйынындай, осы елге ылғи да түтқиыл тиіп, 
қан-жоса ғып, қырып-жойып кететін рақымсыз қатал 
еді. Қоңырат, Шымбайға барған астықшылар Жөнеуіт 
хан десе зәре-құты ұшатын-ды.
Күн кешкірсе де күндізгі аптап ыстық әлі күшінде. 
Жағаға келгелі жаман аттың бүйірі шығып, тойы-


576
нып қалған еді. Еламан тоғын шайқағысы келмесе де, 
қазіргі асығыс жағдай амалын құртып, ауылдан шыға 
сала қамшы басты. Бірде сыдырып, бірде шоқытып, ақ 
пен қызыл арасында Бел-Аранның кезінен асты. Топы-
рыш тұғыр қос бүйірін тепкілеп, қамшы салған сайын 
ыңыранып қайта-қайта құмалақ тастап келе жатқан-ды. 
Теңізді артқа тастап қалың бұйратқа кіре бергенде ілгергі 
жақтан түйдек-түйдек шаң шықты. «Жау ма?» деп ой-
лады Еламан. Суық үрей жүрегіне шауып, ілгері жүрер-
жүрмесін білмей екі ойлы боп тұрғанда, шаң арасынан 
жылқылар көрінді. Іле-шала жылқышылардың кешкі ауа-
дан қиқу салған ащы даусы естілді. Алаяқ көк жылқылар 
тыныш даланы дүбірлетіп, селдей қаптап келіп қалды. 
Жылқы соңынан көш көрінді. Бұлардың да жүрісі суыт. 
Шақырақ артқан түйелерге байлаған шелек, жез құман, 
жез легендер даңғыр-дұңғырлатып, дүрлігіп келеді. 
Қаталап шөлдеген қатын, балалар көздері шүңірейіп, 
еріндері кезеріп кеткен. Кірпік-қасы шаң. Осы ыссыда 
көліктері де қара тер боп сабылып келеді екен. Еламан 
көш басындағы кісілерді іркіп, ат үстінен бір-екі ауыз 
тілге келді.
– Ойбай, жаудан қашып келеміз.
– Көп пе?
– Көрген жоқпыз. Біздің ар жағымызда отырған ау-
ылды шапты...
– Ал, қайда паналамақсыңдар?
– Білмейміз. Бетіміз – теңіз жағасы.
– Ендеше, бет алыстарың дұрыс. Алдарыңда балықшы 
ауылы бар.
– Шырағым, өзің кім боласың?
Еламан жауап берместен атына қамшы басты. Тоқ 
ат бір бауыр жерден кейін өрге қарай шапқандай өкпесі 
қарлығып, ырсылдай бастады. Жамандатқырдың жүрісі 


577
секілді шабысы да жаман. Төрт аяғын төрт жаққа сілтеп, 
түйеше тапырақтайды. Еламан оның өлгеніне қарайтын 
емес. Шабысы жайылып бара жатса қос өкпеге тепкілеп, 
басқа-көзге сабалай түседі. «Апыр-ай, үлгере алсам жа-
рар еді. Мына жамандатқыр далаға тастамаса қайтсін?» 
Жарты жолдан ауғанда ат болдырды. Тұла бойы мал-
шынып терлеп, танау кағып ырсылдап келе жатып, жа-
затайым тұяғын жусан қақса да сүрініп кетеді. Алдағы 
қоңыр жалға әзер шыққан-ды. Сонан ылдиға салғанда 
алдыңғы аяғын індігешке тығып алды да, омақаса құлады. 
Алаңсыз отырған Еламан ер үстінен ұшып кетті. Ат мой-
нынан асып, екі-үш рет домалап түсті. Сол бойда ұшып 
тұрды да, аттың шылбырына жабысты. Ат қозғалмады. 
Танауынан қан кетті.
* * *
Ұлықұм бойын жайлаған Тілеу-Қабаққа қарасты 
бірнеше ауылды түрікпен шапты деп есіткенде, 
Тәңірбергеннің жүрегі мұздай болып еді. Олардан бір 
күндік жерде, Қаралакөпте отырған өзінің ауылы есіне 
түскенде жас мырзаның жаны қыдырып сыртқа шықты, 
ішке кірді. Кіммен ақылдасарын, қапелімде не істерін 
білмей сасқанда, ойлап тапқан жалғыз жұбанышы – 
бәлкім, бай ауылдарды шапқасын қоясы толған жау қазақ 
жеріне ілгерілеп кірмей, ырғап-жырғап кейін қайтар 
деп, өзін-өзі алдарқатып жұбатса да, бәрібір жаны байыз 
таппады. Осы жолы түрікпендер өткенде бұларда кет-
кен кегін қайтармақ боп, қанына қарайып келе жатқаны 
анық. Ендеше, көре қал, олар тырнағына іліккенді талай 
бермей, қаһарын бұған тігіп келе жатпасына кім кепіл?
Тәңірберген бір жігітті аулына шаптырды: «Тез 
көшсін! Қалаға жақын отырған қалың елдің ішіне кірсін. 
Мен де кешікпей жетем», – деді.


578
Түрікпендердің хабарын есіткен жұртта ес-түс жоқ. 
Досқа қарасты жігіттердің қабағы түсіп кеткен. Бәрі де 
пәленің қайдан шыққанын біледі. Олардың білетінін 
Тәңірберген де білді де, бұл арада тұрақтамай, қарасын 
батырып, тезірек тайып тұрғысы келсе де, күндіз жүру 
қауіпті болғасын күннің батқанын күтті. Жау келетін 
жаққа қарауыл қойды. Өзі де биік шоқалақтың басында 
төңірекке көз caп тұр еді, қасына Қалау келді. Қатарласуға 
бата алмай, бір қадам кейін тоқтап:
– Мырза, – деп дүңк етті. Даусы ұнамсыз. Аузына су 
толтырып алғандай, былдырлап, – мәку-сәку не керек, 
мырза... өзің пылай... пата алмасаң... пилігін маған пер. 
Қарындас менікі ғой. Құдай алдында да сұрауын өзім 
көтерем. Күнә-сауапын да мойныма алып, қойныңа caп 
перейін – деп, оғаш тілек білдіріп еді.
Тәңірберген:
– Мені қатынсыз, қарындасыңды байсыз қалады деп 
тұрсың ба? Өй, нөсілсіз ит! Кет! – деді.
Томай құлақ тұрған жерінен тапжылмады. Тәңір-
берген: «Ой, малғұн, кет» деп, ақыра жаздады да, өзін 
ұстап қалды. Мына жігіттің осынша қайсарлықпен ба-
сын бауырына алып, тұнжырап тұрған түріне таңдана 
қарады. «Бұған кісі өлтіру қиын болмас», – деп ойлады 
да:
– Сенің қарындасыңды қайтем. Соңына сөз ерген 
қыздың керегі қанша? – деді.
– Ол өсек.
– Өсек емес, шын. Қарындасыңды маған бергің кел-
се, әуелі ананың жүрімін қысқарт. Күйексіз қошқардай, 
қуалап кетіп жүрген көрінеді ғой!
Қалау бұрылып жүре берді. Тәңірберген оның қатты 
ширығып кеткенін білді. Кешегі күні Дос пен Төлеудің 
қолынан келмеген жаманшылықтан мына томай 


579
құлақтан жүзі таймайтын қаталдық байқады. Оның көзін 
құртса, теңіз жағасындағы елдің бұған наразылығы біраз 
бәсеңситінін іші сезіп тұр.
Күн кештете теңіз жағасына көп ауыл құлады. Малда 
есеп жоқ. Әсіресе, жылқылар танауы пыр-пырлап, шаң 
арасынан жоны шұбартып шығып жатты. Тәңірберген 
алаяқ көк жылқыларды бірден таныды. Мынау қайын 
атасының атақты көкаласы.
Қайын атасы Тәңірбергенге жылап көрісті. Әншейінде 
көзі толмайтын жылқыларын қазіргідей қысылшаңда 
қайда тығарын білмей, теңіз жағасының қамыс-қопағын 
пана көріп келіпті. Тәңірберген жүре сөйлесті. Соны 
байқаған Тілеу-Қабақ байының баласы Әли жетіп кеп, 
Тәңірбергенге атының тұмсығын тірей тоқтады. Бұл өзі 
тік мінез туралығымен ауызға іліге бастаған қара сұр 
жігіт еді.
– Әй, жезде! Біз тыныш отырған ел едік, бүлікті 
бастаған сен едің. Жау сенікі. Жеме-жемге келгенде 
«өлмесең – тұрма» – деп, түрікпендердің тырнағына 
бізді ұстап беріп, өзің тайып тұрмақ екенсің ғой.
Тәңірберген жас жігіттің орынсыз қызбалығын 
мысқылдағандай, оған күле қарады:
– Е, кім үйдеген?
– Әкеммен неге дұрыстап сөйлеспейсің?
– Қой, шырағым. Үлкенді сыйлауды сенен 
үйренбеспін. Онан да сен жігіт болсаң, ана иіріліп тұрған 
көшке бар да, жар астына апарып орналастыр. Қатын-
балалар шөлдеген шығар. Бұл арада тұщы су жоқ. Тұщы 
су – Ақбауырда, біздің қорада ғана бар. Осы ауылдағы 
местерді жинап, үй тіккенше сендер су әкеліңдер. Ал 
біз... – деп, Тәңірберген қайын атасына бұрылды.
– Ие, айналайын... – деп, Тілеу-Қабақ байы жас бала-
ша елп ете қалды.


580
– Ал біз қамсыз болмайық. Жігіттерді жияйық.
– Дұрыс... дұрыс айтасың, айналайын... Тәңірберген 
әлгіден кейін балдызына назар аудармады. Бір ауылдың 
бағлан мырзасын әп-сәтте оп-оңай қол балаға айналды-
рып, «саған лайығы сол» дегендей оны суға жұмсады 
да, өзі қайын атасын ертіп анадай жерде иіріліп тұрған 
көшке қарай кетіп бара жатты.
– Қап, мына түлкінің қорлығын-ай! – деді Әли. 
Тәңірберген ертеңіне күн шықпай тұрды. Қайын 
жұртын балықшылар аулынан бөлектеп, өз алдына дер-
бес бір ауыл ғып орналастырды.
Тілеу-Қабақ руы қай заманнан сойыл соғар, «сен 
тұр, мен атайын», ержүрек ел-тұғын. Жігіттері де көп 
екен. Жау жоқтағы әншейін желөкпелік болмаса өңшең 
жарау ат мініп, сойыл, шоқпар өңгеріп, келсең кел 
деп алақанына түкірген ығай мен сығай. Тәңірберген 
іштей ырза боп, сүйсініп қалды. Бұрынғыдай емес, 
осы тұста өзіне де жігер, жалын пайда боп, Дос аулы 
мен қайын атасының аулын соңыра бастарына күн туа 
қалса қайрат көрсетер қимылға әзірлеп, қамсыз болмау 
жағын қарастырып жүр. Аты жүйрік жігіттерді жау бет-
ке шығарып, бер жағы – Бел-Аран, арғы жағы – Боташ 
Ұяоба, Сырғақты, Жетімқара секілді биік басына қарауыл 
қойды. Қалғандары да аттан түспей, теңіз жағасында бас 
қосқан ел-жұрт сергек отыр.
Тәңірбергеннің 
ақылымен 
жас 
қыз, 
сұлу 
келіншектердің үсті-басына ескі-құсқыларды кигізіп, 
беті-қолдарын жумай күлді-күйелеш теген. Биыл ел 
қораға кіре ұзатылғалы бұғағынан үзіліп отырған 
Тәңірбергеннің сұлу балдызы бар еді. Қазір оны 
тану қиын. Үстіне сауыншы әйелдің киімін кигізіп, 
қарына шелек іліп, әлем-жәлем қып қазан-аяқ жақтан 
шығармай қойды. Бұрын мұндай киім киіп көрмеген 


581
ерке қыз өзінің қазіргі қораш қалпына бойы үйренбей, 
көрінгеннен қысылады. Әсіресе, құрбылары алдында 
басқадан бұрын өзі ұялып бітті. Өзінің осы бір мүшкіл 
халін мысқылдағандай, кісі-қара алдында қылымсып, 
қысылған бойын қайда тығарын білмей қалады.
Жағаға келгелі бай ауылда дамыл жоқ. Ұзатылатын 
қыз жасауы мен бай үйдің асыл бұйымдарын киізге 
орап, тең-теңімен қамыс арасына тығып жатыр. Олар 
осылай екі күн сабылды. Үшінші күні Жөнеуіт хан-
нан хабар болмай кеткесін көп кісі қорыққанды қойды. 
Теңіз жағасының маса, сонасы талап мазасы кеткен жұрт 
алғашқы күндері бой тасалаған қамыс арасынан шықты. 
Қырға үйренген малдар ойдың шөбінен отын ала алмай, 
жүдей бастады. Тілеуқабақ байы мал ажарынан қысы-
жазы көз алмай, қоңы сәл қисайса да жаны шығып кететін 
шаруашыл кісі еді. Ол кең жайлауға асықты. Күйеу 
баласының әлде де бір-екі күн ерулеп күте тұрайық де-
ген сақтығын құлағына ілмеді. Күн шығар-шықпаста үй 
ішін оятты. Қамысқа тыққан теңдерді әкеліп түйелерге 
артып, абыр-сабыр боп жатқан үстіне Жөнеуіт ханның 
жігіттері сау ете қалды. Әрдайым қамсыз отырғанда 
осылай үстінен бұйқыт баса қап дәніккен кезенді жау 
осы жолы да дағырадай бөріктері қауқиып жабынды-
дан шыға-шыға келді. Аттарына тақым басып, қиқу caп 
қаптап келе жатты. Қамсыз отырған ауыл ес жия алмай 
қалды. Жігіттер белдеуде тұрған аттарына міне алма-
ды. Қатын-балалар дүние-мүлікті тастай қашты. Үш 
ауыл тайлы-таяғымен қамысқа тығылды. Әли бастаған 
Тілеуқабақ жігіттері жер қайысқан малды қуып апарып, 
Қандыөзектің алқымындағы қалың қамысқа тығып еді. 
Қамыс ішінде сыңсыған маса, сона ду етіп бірден жабы-
ла кетті. Малды да, жанды да қапелімде қан-жоса ғып 
сойып тастады. Жылқылар шұрқырап кісінеп, сиыр-


582
лар өкіріп, құйрығын шаншып қамыс арасынан қашып 
шығып жатыр. Қойлар маңырап, түйелер боздап, қамыс 
іші қапелімде у-шу, азан-қазан болды да кетті.
Мал-мүлікпен ешкімнің жұмысы болмай, әркім өз 
басын қайттады. Осы көптің ішінде Судыр Ахмет те жа-
нын қоярға жер таппай шекпенімен басын бүркеп әлек. 
Маса шаққан сайын «Ойбай, жарып кетті», – деп баж 
етіп ыршып түседі.
Осы кезде өрт бұрқ етті. Тұнып тұрған қамыс от ти-
ген бойда лау етіп, өрт ие бермей гүрілдеп ала жөнелді. 
Қызыл жалын аспанға шапшып, қара қошқыл түтін 
будақтап мал-жан дем алалмай тұншыға бастады.
– Ойбай, қырылдық!
– Өлдік!
Өрттен қашқан кісілер кімнің қайда кеткенін 
білмеді. Тәңірберген де осы бұлан-таланда қасындағы 
жігіттерден көз жазып қалған-ды. Өрт иісін сезгесін-ақ 
сиырлар өкіріп, жылқылар құлын, тайларын ортаға алып 
жүйткіп жосып жүрді де, бір кезде бар тобымен дүсірлеп 
кеп Қандыөзекке қойып кетті. Суы терең, ағысы қатты 
өзектің екі беті тік жар еді. Тәңірберген Қандыөзекке 
мінбелеп келді де тоқтады.
– Жануарлар-ай, қырылады-ау... Қырылады-ау енді! 
Су беті жылқыдан көрінбеді. Есі шыққан жылқылар 
пыр-пырлап өзектің арғы бетіне барды да, тұмсығы 
жарға тірелгесін жалт беріп кейін салды. Қайтар жол-
да кәрі-құртаң аттар, буаз биелер әлсіреп, суға кетті. 
Құлын, тайлар Қандыөзектің қатты ағысына шыдамай, 
су ішінде басы қылтылдап ығып бара жатты. Тәңірберген 
қарай алмай ат басын асығыс бұра берді. Ақ арғымақ ит 
тұмсығы батпайтын биік нар қамысты кеудесімен омы-
раулап жарып келеді. Қапелімде омырауын, құрықтай 
мойнын нар қамыстың сойы тілгілеп қызыл ала қан ғып 


583
тастаған-ды. Аяқ басқан сайын тақым астында дір-дір 
етеді. Маса, сона талап тұла бойы шиедей болған мыр-
за ат үстінде отыра алмай, олай бір, бұлай бір бұрылып, 
тақазықы кеткесін жол еркін ақ арғымаққа берді де, өзі 
ат жалын құшып жатып алды. Ана жақта жау шапқан 
халықтың улаған-шулаған дауысынан аза бойы қаза боп 
атты тепкілеп, қамысқа тереңдеп кіре түсті, ұзаған сай-
ын даусы әлсіреп, енді Қалау қол, аяғын қыл шылбыр-
мен байлап жапан түзде қалдырған түрікпен жігіттің дәл 
бір Тәңіріден тезірек ажал тілеген, жалынышты үніндей 
естілді.
Өртке шалдыққан жылқылар қайыру бермей, үйір-
үйірімен қашып шыға бастады. Жөнеуіт ханның жігіттері 
қуып әлек болмай, қарауылға іліккенін атып құлата берді.
Қамыс іші қара қошқыл түтін. Біреуді біреу көрмей, 
есі шыққан қыздар, қатындар, кемпір, шалдар өрт асты-
нан сүрініп, жығылып шығып жатыр. Дағырадай сеңсең 
бөрікті көзіне түсіре киген түсі суық түрікпендер үстінен 
мылтығын кезеп, өрттен шыққан кісілерді топырлатып 
айдап Бел-Аранның баурайына иіріп жатты...
Өрт ішінен кеш шыққан Тілеу-Қабақ байының бала-
сы Әли мен Қалау, Төлеу, Дос ебіл-себіл, киімдерін өрт 
шалған. 
Алты-жеті түрікпен жар басындағы балықшылар ау-
лынан бір қора кісіні айдап шықты. «Мал-мүлкіміз жоқ, 
бізді қайтер дейсің», – деген оймен, бұлар үйлерінен 
қозғалмай отырып қалған-ды. Қамысқа тығылған 
халықтай емес, бұлардың қыры әзір жығыла қоймаған. 
Үсті-басы бүтін. Мөңке, Рза, Құлтума қатар келе жатқан-
ды. Бұлардың үстіне қамыс арасынан шыққан бір қора 
әйелді айдап әкелді. Рза Айғаншаны алыстан таныды. 
Әлгі бір қарбаласта орамалын жоғалтып апты. Қалың 
қара шашы бұрқырап, қыз жүзін жауып кеткен. Үстінде 
қызыл шегі бар ақ шыт көйлек.


584
Шамасы, құрбашы болу керек, басқаларынан гөрі 
өзгешелеу киінген бір түрікпен анадайдан ақ арғымағын 
ойқастатып кеп Айғаншамен қатарласты. Ат үстінен 
еңкейіп әлдене деп тіл қатып еді, Айғанша үндемеді.
– Құдай-ай, қор болдық-ау! – деді Рза өзінің 
дәрменсіздігіне күйініп.
– Бізді қайтер екен, ә? – деді Құлтума балдағымен 
шойнаңдап ырғып басып.
– Кім білсін?..
– Атар ма екен?
– Атса ататын шығар.
Құлтума сүрініп кетті. Осыдан кейін буыны дірілдеп, 
аяғын баса алмай балдағы тайып кете бергесін Рза оны 
қолтығынан алды. Түрікпендер әйелдерді асықтырып, 
қамшы сілтеп қуалай жөнелді. Рза Төлеудің екі әйелін 
көрді. Кішкентай қызы ере алмағасын Кенжекей қолына 
көтеріп алды. Айғанша көппен бірге жүгіре түсті де, 
кенет тоқтай қап, кейінгі жақта келе жатқан Әлизаны 
сүйемелдеді. Мөңкенің жөргектегі баласын етегіне са-
лып алған кәрі әйел жүгіре алмай, алқынып, аяғын әзер 
басып келе жатыр екен.
– Қор болдық-ау! – деді Рза тістеніп.
* * *
Түрікпендер жылқыларды үйір-үйірімен айдап әкеп, 
Бел-Аранның бет алдындағы кең жазыққа иірді. Мал-
дарды айдап апару үшін сақадай он жігітті таңдап алды. 
Көшкен-қонғанда жүк артатын кісілер өз алдына. Олар-
ды басқаларға қоспай, өз алдына бөлек ала жөнелгенде 
қатын-балалар у-шу болды.
– Санай бастады! – деді Құлтума сыбырлап. 
Мөңке жаңа байқады: бір сызық бойына тізіп қойған 
үш ауылдың ер-азаматын түрікпендер басынан түсіп са-


585
нап келеді екен. Тоғызға дейін санап, оныншы кісіні сап-
тан сүйреп алып шығып жатыр.
Әли Төлеумен қатар тұрған-ды. Бай мырзасы 
ондыққа ілігем бе деген оймен үрейлі халық арасында 
түрікпендіктерден көз қиығын айырмай тұрған-ды. Қатер 
өзінен кетіп, қасында тұрған Төлеу оныншы болғанда 
жүрегі орнына түсті.
– Бауырларым-ай!..– деді Төлеу сасқа лақтап. 
Қатар тұрған кісілер оған көз салмауға тыры-
сты. Төлеу құдды мойнына бұғалық түскен асаудай, 
өзін саптан алып шықпақ болған түрікпеннің табанын 
жерге тигізбей сүйреп ала жөнелді. Қауқиған сеңсең 
бөрік астынан айнала төңіректі қапысыз бағып тұрған 
түрікпендердің ішінен біреуі атын ытқытып жетіп бар-
ды да, Төлеудің арқа-жонын остырып тартып-тартып 
жіберіп еді, төртпақ палуан денелі жігіт басын иығына 
тығып бір уыс боп бүрісе қалды да, жыландай ысқырған 
қамшы астында қайқаңдап жүгіре жөнелді.
Түрікпендер мәз боп қарқ-қарқ күліп жатыр. Тек
бағанағы құрбашы күлген жоқ. Уысында қысып алған 
қамшы сабымен басындағы ақ сеңсең құрайышты көзіне 
таман ысырып қойды. Қалақтай қыр мұрны сопақша 
бетінде жалданып тұр. Имек мұрынның үш жағы үстіңгі 
ерніне тиер-тимес. Күнге күйген қайыс қара беті жы-
быр етпей, шүңірек көзімен қазақ жігіттерін қыбырсыз 
бағып қапты. Әсіресе, қамшы астында қайқаңдап қоя 
берген жаңағы ірі қара жігітті көргенде, Хиуада тұратын 
ағылшын офицер есіне түсті. Сыртынан «сары сайтан» 
деп атайтын ағылшын офицері әне бір жолы өздеріне қару-
жарақ беріп, қазақ жеріне жөнелтіп жатып: «Қарудың 
мықтысы – қаталдық», деп ескерткен. Сосын өзінің 
тәжірибесін айтып: «Қараңғы халық қара күшті сыйлай-
ды. Қазақ па, қарақалпақ па, өзбек пе, шапқан аулыңның 


586
он адамнан біреуін атып кет. Онан халықтың ештеңесі 
кетпейді. Қорыққан ел қарсы тұра алмайды», – деп кеңес 
берген-ді. Құрбашы есік пен төрдей арғымақтың үстінде 
қамшы ұстаған қолымен бүйірін таянып апты.
Құлтума:
– Келіп қалды. Енді қайттік? – деп, қасында тұрған 
Мөңкеге тығыла түсті.
Түрікпен жақындаған сайын Құлтума жаны дызығып, 
балдағымен ырғып, Мөңкенің бір ана, бір мына жағына 
шыға берді. Еңгезердей сіңір қара түрікпен жарық ернін 
жалап қойып, қамшы сабымен қазақтарды кеудеге түртіп 
санап келеді. Мөңкеге үш кісі қалды. Қыпылықтап тұрған 
Құлтума бір ырғып Мөңкенің арғы жағына шықты. Сіңір 
қараның суық жүзі жалт етіп, қадала қарап еді, жер-
ге кіріп кете жаздаған Құлтума қол-аяғынан әл кетіп, 
сілейді де қалды. Сіңір қара екі бүктеп алған қамшымен 
Мөңкенің кеудесін қаттырақ нұқып:
– Тоғыз... – дегенде, мына жақта тұрған Құлтума 
шыңғырып жіберді. Екі түрікпен оны сүйрей жөнелді. 
Құлтуманың қолынан балдағы түсіп кетті.
– Ағажандар-ай... бауырларым-ай... – деп, артына 
жалтақтап, жалғыз аяғымен демеп баса алмай, сүйретіліп 
барады. Оған қараған түрікпен жоқ. Келесі ондықтарды 
сүйрелеп алып шығып ауыл үстін у-шу, азан-қазан қылды 
да жіберді. Құрбашы қасындағы кісілеріне бірдеңе деп 
тіл қатып еді. Олар аттарын тебініп, жаңағы ондықтарды 
жан-жағынан қоршап тұра қалысты. Бәрі де бір қолымен 
мылтығын кезеп, шүріппені басқалы әмір күтіп тұр.
– Ойпырым-ай, мынау сұмдық қой.
– Жауыздар-ай...
– Сорлыларды...
Құлтума жан-жақтан үңірейген мылтық аузына көз 
тоқтатып қарай алмай, қолымен бетін басып алды. Төлеу 


587
үнсіз. Көзін жерден алмай тұрса да, құрбашының қамшы 
ұстаған қолын кенет көтеріп алғанын басқадан бұрын 
көрді. Түрікпендер де, қазақтар да демін жұтып ты-
нып қалды. Бәрі де құрбашының жоғары көтеріп алған 
қолына қарап, түс жоқ, өң жоқ, қатып қапты. Құрбашы 
қолын сілтеп қалғанда бірнеше мылтық тарс-тарс атыл-
ды. Төлеу өзін атқан сіңір қараға жалт қарады. Оқ тигенін 
білді. Тек қай жеріне тигенін білген жоқ. Ол өзінің жас 
екенін, өлгісі келмейтінін ойлады. Тек оны мына сіңір 
қараның неге білмейтініне түсінбеді.
– Жауыздар!
Сіңір қара бір атқаннан құлата алмағанына ызалан-
ды ма, аппақ тісі ақсиып кетті. Ол екінші рет атқанда 
Төлеу қос қолымен кеудесін баса қалды. Бірақ сонда да 
құламай, қос тізесі бүгіліп аяқ басып тұрған жерге шөгіп 
отыра кетті. Қолына іліккен жусанды қармалап, жатыр. 
Қарашығы бұлдырап сөніп бара жатқан көзге жаңа ғана 
шалқып жатқан теңіз, Бел-Аран, өзін атқан сіңір қара 
түрікпен бұның өзімен бірге түпсіз меңіреу құрдымға 
із-түссіз батып бара жатты. Төлеу басы сылқ етіп құлап 
түсті. Құлтума оқ тиген бойда жаңа көзін басқан қолын 
бір серіпті де, отырған жеріне жантайып жығыла кетті.
Тілеу-Қабақ руының бір жігітіне оқ қағастау тиген 
еді. Жігіт қаша жөнелді. Құрбашы атын тебініп қалды. 
Құтыла алмасын білген жігіт жалт етіп артына қарағанша 
болмай түрікпен сыпыртып кеп өзіне дағдылы машықпен 
шабатын жағына қисая берді. Жан ұшырып зырлап бара 
жатқан жігіт қарсы ұмтылғысы келді ме, жалт бұрылды. 
Бірақ... үлгіре алмады. Бас домалап түсті. Көйлектің 
жағасынан шыққан қылша мойынға түрікпендер бұған 
да мәз бола қарқ-қарқ күлді.
Он бір кісіні жайратып салғасын шапқыласып мал
басына кетті. Көш жерден аңырап дауыс салған қыз-


588
келіншектерді осылай қарай айдады. Көп өліктің арасы-
нан алпамсадай ірі денені көрген бойда Айғанша жүгіріп 
барды да, ағасының өлігін құшақтай алды.
– Бауырым... Аға-екем!..
Түрікпендер қалған қыз-келіншекті айдап ұзай берді. 
Ішінде Төлеудің кіші әйелі мен Тәңірбергеннің балды-
зы – бай ауылдың сұлу қызы бар. Құрбашы Айғаншаны 
күтіп, қарайлап тұр. Айғанша кенет құрбашының көзін 
ала бере атып түрегелді. Құрбашы жалт қарады. Қыздың 
қолындағы кездікті көрді.
– Жақындама!.. – деді Айғанша.
Құрбашы табан жерден тап берді. Көзді ашып-
жұмғанша қамшымен кездік ұстаған қыз қолын нақ 
білегінен тілдіріп өтті. Қыз шыр етіп отыра қалды. Кездік 
түсіп кетті. Құрбашы күлімсіреді де, ат үстінен созылып, 
жерде жатқан кездікті іліп әкетпек боп еді, Мөңке осы 
сәтті тосқан екен. Атылып барып кездікке қолының ұшы 
тие берген құрбашының желкесіне қонжиып отыра кетті. 
Енді бір қимылмен оны жерге ат үстінен жұлқып түсірді 
де:
– Атты ұста! – деді Айғаншаға.
Айғанша шылбырға жармасты. Мөңке арғымаққа 
бір-ақ ырғыды. Айғанша да Мөңкенің таралғысынан 
ұстап қатарласа берді. Мөңке қызды іліп алды да, ат 
басын Бел-Аранның кезіне туралап ағыза жөнелді. Үш 
түрікпен ілесе қуды.
Төлеуді ататын сіңір қара түрікпеннің көк қасқа 
арғымағы салған жерден суырылып шықты. Ол бірақ 
боз арғымаққа жете алмасын біліп, иығынан бес атарын 
алды. Ағызып келе жатып, жалғыз қолымен көздеп атып 
еді, оқ Мөңкенің басын жалап өтті. Қарт балықшы ат 
жалына еңкейіп, бұғып келеді. Қайта-қайта көз қиығын 
қуғыншыларға тастап жалтақтай берді.


589
Боз арғымақ ұзын мойнын үшқан қудың сұңғағындай 
созып жіберген. Тастақ жерді тасырлатып, пыр-пырлап 
ұшып келеді. «Жануар-ай, қандай асыл мал едің». Мөңке 
қуғыншыларға тағы да бұрылып қарап еді. Көк қасқа 
атты түрікпен әлденеге кейіндеп қалған екен. Оның ал-
дына енді кейінгі екеу түсіпті. Аттары жете алмасын 
білгесін үсті-үстіне оқ жаудырып келеді. Бір оқ атқа тиді. 
Боз арғымақ әлденеге сүрінгендей болды. Бойынан әл 
кетіп бара жатқанын сезген жануар соңғы рет жан ұшыра 
шұрқырады да, мойнын астына ала құлады. Мөңке мен 
Айғанша домалап түсті. Мөңке ұшып түрегелді. Жалма-
жан қолынан ұшып кеткен бес атарға жармасты. Бір 
тізелеп отыра қап, алас-қапаста көздемей асығыс атып еді. 
«Тимеді-ау» деп ойлап еді, жоқ, түрікпеннің қолындағы 
қылыш ұшып түсті. Тізгін де қолынан шығып, ат жалын 
құша құлады. Сөйткенше көк қасқа атты түрікпен келіп 
қалған екен. Екі жолдасының көз алдында оққа ұшқанын 
көрсе де беті қайтатын емес. Қауқиған қара бөрік асты-
нан қадалған көзін қарт балықшыдан айырмай, тістері 
ақсиып кіжініп апты.
Мөңке онан бұрынырақ атып еді; бірақ оғы біткен 
мылтық от алмады, түрікпен атқан оқ Мөңкенің дәл 
кеудесінен тиді.
* * *
Артынан қуғыншы шықпасын білген Жөнеуіт 
ханның жігіттері ешкімнен айылын жимады. Өздері 
шапқан ауылдардың малын, жанын айдап ел көшкендей 
ызғытып, улатып, шулатып қайтты. Арал, Каспий 
аралығындағы аң болмаса, адам аяғы баспаған Үстірттің 
маң жазығын бетке ұстай отырып елсіз түзбен асықпай, 
ақырын жүріп отырды. Тек мал-жан шөлден қаталап 
қырылуға қарағанда, сонау ел шетінде шалғай жатқан 


590
Қасқажол, Қаратамақ тұсында тағы да теңізге құлады.
Бұл Арал теңізінің сыпыра батыс беті; осыдан 
Қарақалпаққа жеткенше тік жар, қатпар-қатпар көк шың. 
Құлауын тауып түспесе көлікті кісі түгіл жалғыз-жарым 
жаяулар да теңіз жағасына маңайлап бара алмайды. Көп 
жүрген қалашылар мен ел тонаушы ұрылар ғана теңізге 
төнген құз-шыңдардың белгілі-белгілі тұстарында көк 
тасты жарып шыққан мұздай бұлақ суын ойында ұстап, 
дәл үстінен түсіріп отыратын.
Мыналар да теңіз жағалығындағы суы бар жердің 
бәрін біледі екен. Құз шыңның тіс сындырғандай мұздай 
суына мал-жанды қандырғасын, сол араға бір түнеп, 
ертеңіне ертелете тұрып, өзара қауқылдасып атқа қонды. 
Арттан шаң шықпағасын асықпады. Жер аяғы алыс. Осы 
ыстықта көп малды тырқыратып қуалай бермей, үйір-
үйір қып бөліп, отын алғызып әуенімен айдап отырды.
Мал айдайтын да, жүк артатын да қазақтар. Олармен 
бірге төрт-бес түрікпен үнемі мал басында. Көз жаз-
бай торуылдап отыратын қатал. Алғашқы күні қашпақ 
болған бір жігітті табан аузында атып тастады. Сонан 
бері мал айдаушыларды алдарына салып, ілгері озды-
рып жіберді де, қыз-келіншектен дәмесі барлар кейінде, 
көш басында келеді. Олар алғашқы күні-ақ тұтқындағы 
қыз-келіншектерге сөз салды. Мұндай жердегі ежелгі 
түрікпеннің салты бойынша қолы жеткені қалағанын 
әкетпей, таңдауды тұтқын қыздар мен келіншектердің 
өздеріне береді екен. Қыз-келіншектер ауылдан шыққалы 
шапанын басына бүркеп, ат үстінде сыңсып келе жатқан-
ды. Іштерінде үн шығармаған Балжан ғана. Балжан ба-
сына түскен үмітсіз халді біліп, бірден қатайып алды.
Түрікпендердің Жөнеуіт ханнан кейінгі басшысы 
сіңір қара болатын. Кешеден бері ол Айғаншаға қайта-
қайта қиястап кеп қасынан кетпей қойып еді. Бірақ қыз 


591
тіл қатпады. Сіңір қара жақындаса сырт айналып, үнсіз 
безеріп ала бергесін, бір рет ол көк қасқа арғымақты 
тебініп қап үзеңгі қағыстырып кеп, қыз астындағы аттың 
тізгінінен ұстады. Осы арада өжет қызды өзіне қарай 
катты жұлқып бұрып алды. Айғанша тайсалмады. Сіңір 
кара түрікпен қара елтірі құрайыш астынан көзін қадап, 
демін ішіне ызғармен жұтып алған-ды. Ол күле білетінін 
де көрсеткісі келгендей, күтпеген жерден жымиды. 
Соның өзінде жылтыр қара беті жылымай, тек тістеніп 
алған жұп-жұқа ерін арасынан аппақ тістер ырсиды.
– Көнесің. Әйтпесе, күшпен көндірем – деп, қыздың 
көзіне кірпік қақпай, қадала қарап тұрды да, ілгері жүріп 
кетті. Айғаншадан кейіндеу келе жатқан Тәңірбергеннің 
балдызы бұл екеуін сыртынан бағып отырған-ды. Сіңір 
қара кеткен бойда сұлу қыз астындағы күрең жорғаны 
тебініп, тайпалтып кеп Айғаншаға қатарласты.
– Құрбым, қасарып қайтесің? Шара қалмады ғой. 
Көнсейші.
– Өзің көнгенсің ғой?
– Қайтем?.. Қалағаныңа ти деп отыр ғой, өзім әнебір 
жастауының етегінен ұстаймын.
– Құтты болсын! Тойыңа шақырарсың.
– Тұтақ! Таңдағаныңа тимесең, соңыра тастағанына 
зар боларсың.
Кешке қонған жерде Тілеу-Қабақ байының қызы бір 
түрікпеннің жетегінде кетті. Айғанша екі күннен бері 
аузына ас алмаған-ды. Сіңір қара оған су бергізбей, 
қысымды қатайта бастады. Түс ауа шөл қинаған қыз 
ерсіз жайдақ ат үстінде отыра алмай, белі үзіліп бара жат-
ты. Күн кештете түрікпендер Қасқажол, Қаратамақтың 
деңгейіне жетті. Ұзақ жүрістен көліктің белі талғасын, 
осы араға аялдамақ. Шың үстіндегі қотыр қара, баялыш-
тарды құшақ-құшақ қып әкеліп, маздатып от жақты. Қыз-


592
келіншектер ас пісіріп жатқанда мына жақта жорықтан 
олжалы қайтқан шапқыншылар түнгі оттың сәулесінде 
қауқылдасып сөйлесіп жатты. Сіңір қара түрікпен 
олардың әңгімесіне араласпай, кеш бойы көзінің асты-
мен Айғаншаны бақты да отырды. Оның әмірі бойынша 
бұл түні де түрікпендер Айғаншаны ортаға алып, отты 
айнала қоршап жатқан-ды. Айғанша бүгіннен қалса аяғы 
алысқа түсіп кететінін білді. Мыналарға күдік туғызғысы 
келмеген қыз қараңғы түнде қабақ жапқызбай лапыл-
дап жанған оттың шетіне қисайды. Жүзі суық қатал 
кісілер көз жазбай, аңдып жатқанын білді. Түн ортасы 
ауа бұны ұйқы қысты. Әсіресе, таң алдындағы тәтті 
ұйқы талықсырата бастағанда өз қолын өзі қанын ағыза 
қырқып алды.
Қанша сақ болғанмен ұзақ жортуылдан талған 
шапқыншылар түн ортасы ауа тегіс ұйқыға кетті. 
Іштеріндегі ұзақ аңдысқаны – сіңір қара еді. Айғанша 
да ала-бөле осыдан қорқып еді, ол қор ете қалғанда 
қыз сақтықты ұмытып, басын көтеріп алды. От сөніпті. 
Күл арасынан сақшының ояу көзіндей жалғыз шоқ қана 
жылтырады. Айғанша әуелі шоққа қарады. Сосын отты 
қоршап жатқан түрікпендерге мойнын созып қарады. 
Бойы мұздаған түрікпендер бұйығып, бір-біріне тығыла 
түсіпті. Сіңір қараға жалғас жатқан екі кісінің арасынан 
аяқтың ұшымен өткендей ғана саңылау көрді. Айғанша 
ілгері ұмтыла түсті де, дереу тоқтай қалды. Тұла бойы 
қалшылдап әкетіп барады. Жүрегі дүрсілдеп қатты соғып 
бара жатқасын қос қолымен кеудесін қысып, сәл тұрды 
да қайта жүрді. Екі түрікпеннің арасындағы жаңағы 
қылкөпірдей жерден аяғын ұшынан басып абайлап өтсе 
де, артына бұрылып қарауға қорықты. Мылтығын бау-
ырына қысып, қалғып отырған күзетшіден көз қиығын 
айырмай, ақырын-ақырын ұзай берді.


593
Түн тастай қараңғы. Жұлдыздар сирек. Тұңғиық 
түбінде қадау-қадау жылтырап, сөнер шырақтай діріл 
қағады. Дала таңы әлі белгі бермесе де, бірақ тап қазір 
таяу калғанын сезген қыз жан ұшырып жүгіріп келеді. 
Бұта түбін қонақтаған құс бір рет аяғы астынан пыр ете 
қап еді. Айғанша шыңғырып жібере жаздап, алақанымен 
аузын баса қалды. Осыдан кейін жуық арада өзіне-өзі 
келе алмады. Мына жым-жырт дүние тағы да үрейге то-
лып, екі өкпесін қолына алып, құстай ұшып келе жатқан. 
Жазғы таң сыз берді. Көз жетер жер кеңейіп, шығыс жақ 
сарқабақтана бастады. «Олар да оянған болар» деп ой-
лады қыз. Сіңір қара бәрін аяғынан тік тұрғызып, ізіне 
түсіп қуып келе жатқандай көрді.
Айғанша бір жерге бой тасалай тұрғанын жөн көрді. 
Түрікпендерді ізінен адастырғысы кеп, теңізге жеткен-
ше қылтанақ өспеген қызғылт тастақтың үстін басып 
жүрді. Шың үсті жазық. Бой тасалап жасырынатын жер 
болмағасын, ол енді теңізге төніп тұрған көк қатпар 
шыңға бет түзеді. Қолға түскендей болса, шың басынан 
құламақ боп, осы ойға іштей бекіп еді.
* * *
Жар басындағы балықшылар ауылы ауыр қайғыны 
әзер көтеріп тұр. Мөңке, Төлеу, Құлтумадан басқа тағы 
он кісі қаза тауыпты. Есі шыққан халық алғашқы жау 
шапқан күні өлік жайын ойламаған-ды. Ертеңіне ғана 
Әли мен Дос үш ауылдың ер-азаматын жинап, қаза 
тапқан кісілерді қара молаға жерледі. Бұларға жайшылық 
кездегі көп кәденің бірі істелген жоқ. Жорық кезіндегі 
өлік жөнелткендей топырақпен жүзін жаба салды. 
Өліктерді жерлеп бола бергенде, қамыс арасынан 
Тәңірберген шықты. Маса, сона талаған. Нар қамыс 


594
жыртқан үстіндегі киімде сау-тамтық жоқ. Беті-қолын 
қамыс тіліп, шиедей қып тастапты. У-шу боп жатқан ау-
ылды көргесін бұндағы бар мән-жайды білді де, бір 
жанға соқпай сырғаяқтап тура жайлауға тартып бара 
жатқан-ды. Тілеу-Қабақ байы күйеу баласының алдын 
орай жүгірді:
– Тәңірбергенжан... тоқта... тоқтай кет!
Әкесінің соңынан Әли жүгірді. Бұ да қолын бұлғап 
айқайлап келеді. Тәңірберген амалсыз қайырылды. 
Ат үстінде тұрып күтіп алды. Тілеу-Қабақ байы ауыр 
денесін әзер қозғап, ырсылдап жүгіріп келді де, ат жа-
лын құшақтап еңіреп қоя берді.
– Тәңірбергенжан-ай, енді қайттім? Ішпей-жемей 
жиған малдан айырылып, сорлап қалдым ғой.
– Бекем бол! Құдай салған іс, көнбеске лажың 
қайсы?..
– Құдайы құрсын... Ойбай-ай, қу тақыр боп қалдым 
ғой...
– Қой, ата! Мал ашуы – жан ашуы. Жаның күйгесін 
айтып тұрған шығарсың. Бас амандығын тіле. Бас аман 
болса, кедейліктен өлген кісі жоқ. Мына балықшылар 
аулы да табылған торта-шабағын жеп күнелтіп отыр ғой.
Әли әңгімеге араласпай, әкесінің сырт жағында 
тұрған-ды. Жездесінің сөзінен «менен ештеңе дәметпе» 
деген ойын анық аңғарды да:
– Әй, әке, бұның сырын білгендей болып едің ғой. 
Бұған жылағанша, ендігі жерде не күтсең де теңізден күт. 
Жасыңды тый, жүр – деп, Әли әкесін жетелей жөнелді.
Тәңірберген жүріп кетті. Ыңғайсызданып барады. 
Бірақ сол бойда жуып-шайып: «Осының өзі дұрыс бол-
ды» деп ойлап, қайын атасынан тез құтылғанына қуанды.


595
* * *
Жау шапқан ауыл азан-қазан. Қатын-бала жылап, аман 
қалған ер-азамат бір-біріне көрісіп, у-шу боп жатқанда, 
құбыла беттен бір кісінің қарасы көрінді. Қолында 
мылтық па, таяқ па, жерге сүйретіп, бір жығылып, бір 
тұрып тәлтіректеп келеді. Ауылдың шетіне іліккенде әлі 
құрыды ма, әлде сүрінді ме, «су-у!» – деп, қолын ілгері 
соза құлап түсті.
– Мынау... Әй, мынау Еламан ғой.
Сыртта жүрген жұрт жапа-тармағай жүгірді. Біреу 
басын көтерді. Біреу жүгіріп барып су әкелді. Еламан 
ес-түссіз. Аузына апарған суды бас салып, төгіп-шашып 
ұзақ ішті.
– Сорлы өлуге келіпті ғой.
– Айтары жоқ. Құдай оңдап, абырой болғанда ел 
шетіне жеткенін айт.
Еламан әлі де ешкімді, ештеңені сезген жоқ. Ерні 
суға тиер- тиместе мұздай тер маңдайынан бұрқ етті. 
Қолынан шелек түсіп, сылқ етіп отыра кетті.
– Үлгірдім бе?
Қасында қаумалап тұрған кісілер. Еламаннан көзін 
алып қашып, томсарып алған.
– Не болды? Неге үндемейсіңдер?
– Ел-аға, айтатын да ештеңе қалмады.
– Не дейді? Не деп тұрсың?
Еламан өзіне жақын тұрған бір жігітке сүйеніп әзер 
тұрды.
– Не болды, айтыңдар?
– Он төрт кісіні жерледік. Ішінде Мөңке, Құлтума, 
Төлеу бар.
– Көп жігітті алып кетті. Қыздар мен келіншектерді 
де әкетті.


596
– Әттеген-ай, үлгіре алмаған екем ғой. Өздері қанша, 
көп пе?
– Көп дейтін көп те емес. Тек қаруы сайлы. 
– Кеткендеріне көп болды ма?
– Бір күн...
«Бір күн?» – деді Еламан ішінен.
– Айдаған малы бар, онша ұзай қоймаған болар, – 
деді Әли Еламанның аржақ ойын аңғарғандай.
Еламан қара сұр жігітті танымады. Бірақ кім де болса 
оның жау қууға әзір тұрған түрін таныды.
– Жігіттер, – деді Еламан көп ішінен көзін әлгі 
қара сұр жігіттен айырмай, – біз де ел едік қой. Тірі 
қалғандарымыз, тым құрыса, жау қолында кеткен бау-
ырларымызды...
– Шырағым-ау, кұр қол емессіңдер ме?
– Ақсақал, енді біз де құр қол емеспіз.
– Бір мылтық аз ғой... Өзің біл, халықты қырып 
алмасаң болғаны.
– Қой әрі! Қол қатпағанда аман қалғаның белгілі. Ұл, 
қызың жау қолында шырылдап барады... Ал сен бұта 
түбіне тығылған торғайдай бас қорғап қалмақсың ба? 
Кәне, Тілеу-Қабақтың жігіттері, былай шығыңдар!. – 
деді әлгі қара сұр жігіт айқайлап.
Еламан түсі басқа жігіттерге таңдана қарады. Ол, 
әсіресе, Тілеу-Қабақ жігіттеріне әмір беріп, бір сәтте 
оларды шоқтай екшеп жинап алған мына қара сұр жігітке 
сүйсініп тұр.
– Шырағым, атың кім?
– Әли.
Жау шапқан ауылдың жаңа ғана сағы сынып тұрған 
жігіттері еңсесін тіктеп ала қойды. Қамыс арасын-
да қалған аттарды құрмалап ұстап ерттеп жатыр. Ер 
таппағандары ат арқасына тоқым, терлік салып жайдақ 


597
мініп, сойыл, шоқпарын алдына өңгеріп апты. Еламан 
көптің арасынан Досты көрді. Қолында Курнос Иванның 
қос ауызы. Өзіне қарасты жігіттерді бастап шығыпты. 
Еламан байқамаған болды.
– Әзірсіңдер ме?
– Әзірміз, Елаға!
– Тартыңдар! – деді Еламан айқайлап. Астында 
Тілеу-Қабақ байының бәйгі көгі. Кешеден бері жортуыл-
да мүйіздей боп жарап бауырын тартып алған.
Түс ауа бергенде көз ұшынан шаң көрінді. Бұлар 
дереу атқа тақым басты. Сойыл, шоқпар өңгерген жүз 
қаралы қол жым-жырт даланы дүбірлетіп зор айбатпен 
түйіліп келеді. Жағадағы ауылды қызыл ала қан ғып, 
енді Тілеу-Қабақ байының көк ала жылқысын алды-
на салып, қыздарын – күңдікке, жігіттерін – құлдыққа 
алып ырғап-жырғап қайтқан түрікпендер тіпті қаннен-
қаперсіз, бейқам, жайбарақат кетіп бара жатқан-ды. 
Бұларды желкесіне төніп келгенше сезген де, байқаған 
да жоқ-ты. Тек ту сыртынан тосын дүбір шыққанда ғана 
жалт қарап, қуғыншылардың қарамын көріп шошып 
кетті. Қайсыбіреулер қаша жөнелмек болғанда, өздерінің 
арасындағы қауқиған сеңсең бөрікті сіңір қара құрбашы: 
– Қайт! Қайт! – деп жолын кес-кестеді. Бес-алты түрікпен 
Тілеу-Қабақ байының жылқысын қиқулап, алдарына са-
лып қуып ала жөнелді де, қалғандары тосқауылда тұрып 
қалды.
Қуғыншылар ат басын қоя берген. Сойыл-шоқпарын 
онды-солды былғап, тастақ даланы дүбірлетіп, үлкен 
айбар-сұспен төніп келіп қалды. Сіңір қара тақымы 
астында бір орында тұрмай, шиыршық атқан арғымақты 
тырп еткізбей тізгінін тартып тұр. Үстіне келіп қалған 
қаһарлы қолдың оқ бойы алдында ақ шыт орамалмен ба-
сын шорт түйіп байлап алған батыр тұлғалы еңгезердей ірі 


598
қазақтан көзін айырмай, әр қимылын бағып қапты. Жан-
жақтан ұран тастап, аспан астын жаңғыртып келе жатқан 
мына дүрмектің арасындағы жалғыз кісінің қолындағы 
бес атар мылтықты көрді. Мынау ештеңеден тайына-
тын түрі жоқ. Оқпен алмаса, бірме-бірде алғызбай, не 
өлем, не өлтірем деп өзін оққа байлап – астында құстай 
ұшқан аттың құрықтай мойнына ұмтылып, мылтығын 
кезеп келіп қалды. Сіңір қара түрікпен басындағы 
шаңырақтай қара құрайышты қамшының сабымен кейін 
артына ысырды да, мылтықтың қарауылына іліне бер-
генде атып жіберді. Қалған түрікпендер де бір-бір атты 
да, сіңір қараның соңынан ат басын жалт-жалт бұрып 
қаша жөнелді.
Оқ Еламанның сол иығына тиген еді. Қасында үзеңгі 
қағысып келе жатқан Әли дереу ұмтылып Еламанды 
ауытқып бара жатқан жағынан демеп сүйей берген-ді. 
Еламан оған мылтығын берді де:
– Мені таста. Аналарды қу. Адам-қараны құтқарыңдар! 
– деді.
– Жақсы, Ел-аға... – деді де, түрікпендердің соңынан 
құйғытып ағыза жөнелді.
Бұл өзі бір кісіге дербес әлі келетін қарулы жігіт-
ті. Аттың құлағында ойнайды. Ат үстіндегі ұрысқа да 
мықты. заманында жүйрік ат, құмай тазы, бүркіт ұстап 
Ұлықұм бойында саят салған сері жігіт-ті. Әлгіден кейін 
алды-артына қарамай қашқан түрікпеннің ішінен қара 
құрайышты сіңір қараны іздеді. Соны көзі шалған бой-
да әне бір ат үстінде дағдыланған машықпен қарауылға 
іліге бергенде ағызып келе жатып атып еді. «Тимеді-ау» 
деп қорқып еді, көзі алдынан дәрі түтіні сейіле берген-
де сіңір қараның дағырадай тері құрайышы басынан 
ұшып түсіп, өзі аттың бір жағына қарай ауытқып, бара 
жатқанын көрді. Жауды сонан әрі қумай ат басын кейін 


599
бұрды. Бір топ кісімен кейінде қалған Еламанға кеп, 
аттан түсті. Еламанның оқ тиген иығының басына киіз 
күйдіріп басып, ақ шүберекпен қатты тартып байлапты.
– Мал-жандарды құтқара алдыңдар ма?
– Жігіттерді құтқардық, Елаға...
– Бәрін де ме?
– Жоқ, бәрі емес...
– Бізден шығын көп пе?
– Бір жігіт өлді, үш кісі жараланды. 
Осы кезде жау қолында тұтқында кеткен Рәйіс жүгіріп 
кеп, Еламанды бас салып, құшақтай алды:
– Ағаеке-ай, сендерді де көретін күн бар екен ғой...
– Қалғандарың қайда?
– Келе жатыр...
– Ай...
– Айғанша... Ол өткен түні қашқан...
Еламан жігіттердің бас-аяғын жинап алды да, де-
реу атқа қонды. Жүз қаралы кісі қайтар жолда қанатын 
жазып кең даланың қойнау-қойнауын, қуыс-қуысын, 
сайын, жырасын сүзіп шықты. Жол-жөнекей кездескен 
биік-биіктің басына шығып, бірнеше кісі қатарласып 
тұра қап, дауыс қосып айқайлай-айқайлай тамақтары 
қарлықты.
– Жанұшырған қыз, бұл кезде ауылдан шыққан 
шығар, – деді Әли.
Осы қисынға көңілі ауды да, Еламан да ауылға жет-
кенше асықты. Шаршап-шалдыққан дарына қарамай, 
олар түнгі салқынмен жортып отырып таң алдында 
ауылға жетіп еді. Еламан Әли мен Рәйіс бастаған он 
жігітті жасақтап, қызды іздеуге аттандырды. Олар үш 
күн сабылып, ойдан-қырдан іздеп таба алмай, қайтып 
келді. «Сау болмады ғой», – деді Еламан. Кім білсін, ас-
сусыз, көліксіз, аң болмаса, адам жүрмейтін жапан түзде 


600
бас сауғалап қашқан жас қыз аштан өлді ме? Әлде қара 
үзіп адасып кетті ме?
Еламан өрелі таңды көзінен атырды. зіл басқан бойы 
ауырлап, басы мең-зең боп түрегелді. Рәйісті шақырып 
алды:
– Мөңке болса жоқ. Бұл ауылдың ендігі сенері өзіңсің. 
Не ойлап жүрсің, шырағым?
– Өзіңізбен ақылдассам деп едім.
– Менің айтарым: өлгеннің артынан өлмек жоқ. Тірі 
тірлігін істеген. Қатын-бала күйзеліп қалмасын. Талап 
қыл!
– Мақұл, Елаға. Өзіңіз... қалайсыз?
– Қайғыдан кісі өлмейді.
– Мүмкін, тірі шығар... Табылар...
– Әли қайратты жігіт көрінеді. Ендігі жерге сонымен 
ыңғайлас бол!
– Мақұл, Елаға.
– Ол пақырлардың күні қазір сендерден төмен. 
Теңізге үйреніп кеткенше қатын-балаларына қазандық 
балық беріп, қарасып тұрыңдар. Адам күні адаммен. Жә, 
енді бара бер!
Ертеңіне қаза болған кісілердің жетісін берді. Түс ауа 
үлкендер бастаған мол топ ауыл сыртындағы Қарамолаға 
барып құран оқып қайтты. Бірін-бірі сүйемелдеп, «ой, 
бауырымдап» дауыс салып барады.
Қаратөбе басында Еламан жалғыз. Құран окығанда 
отырған орнынан қозғалмай, иығы салбырап шөгіп 
қалған. Сыртынан қарағанда қыр басына қанаты талып 
кеп, төсін тасқа соғып қонған қыран тәрізді. Мола ба-
сынан тарап бара жатқан халықты көзімен жөнелтіп, 
тұнжырап отыр. «Ел боп еңсеңді көтере алмай-ақ, кез 
келгеннің табаны астында кете берер ме екенсің?» – деді 
Еламан күрсініп.


601
Бәлкім, таланы солай жазылғасын көне беретін 
шығар. Шарасыздық та – шерменделік. Бірақ, басқа 
түскеннің бәрін көрсең де, көнгенің, көнгіштігің 
қалай? Осы қазақ неге көнгіш? Аштыққа көнуге бо-
лар, ал бірақ қорлыққа көнген қасиет пе? Көп біледі де-
ген қариялардың өзі келешектің қамын ойлаудан гөрі 
кейінгі жағына жалтақтап, алға талпынған жастардың 
үміт-арманын қайырып әкеп көне заманның сүрлеуіне 
сала береді. Көне заманды көксеп отырып, кейде көзін 
жұмып, қолын алысқа сермеп, Қап тауының аржағында 
жатқан қалың ел бар, бақыт, байлық, ғашық жар, һүр 
қызы – бәрі, бәрі сонда деп, осы өмірден көрем бе деген 
қызықты да қиындатып жібереді.
Еламан солдатқа алғанға өкінбеді. Осы жолы ол 
қариялар айтатын сол Қап тауының ар жақ, бер жағын 
көріп қайтты. Сонан бері өз басының қайғысын ел 
қасіреті жеңіп, шерлі жүрек сыздап қайтты. Үстіне кісі 
кіргізбейтіндей, кең далаға сыймай, мал жайғаннан не 
тапты? Ит-құсқа таланып күн кешіп келеді. Кеше де 
өздерінен он есе күші аз жауға қарсы тұра алмады. Та-
ланды. Тоналды. Алдағы уақытта әлі қанша таланбақ?!.
– Апыр-ай, бір қайғыңнан бір қайғың асып түсіп, 
тіпті қайғыруға да мұрсаңды келтірмей барады-ау! 
ыстық ұяң – аулыңның сиқы мынау. Мен қимайтын не 
қалды? Бәсе, не қалды? Не қалды? – деп, Еламан кенет 
ұйқыдан оянғандай еңсесін көтеріп алды.
Қарындасындай болған кешегі кінәсіз жан есіне түсті. 
Айналайын-ай өкініші мен өксігі көп өмірі құрғырдың 
ендігі қалған қуанышындай еді-ау!
Еламан түрегелді. Жаралы дене толықсып бара 
жатқасын таяққа сүйеніп қалды. Көзінде жас. Кетіп бара 
жатты да артына тағы бір қайырылды. Үлкен қорымның 


602
шет жағындағы он қабірдің жанынан жақында пайда 
болған он бірінші қабірге көзі түсті.
– Кешір! Үлгіре алмадым.
Ендігі тірлік жөнін ойлағанда есіне қайта-қайта 
Шалқар түсті. Ондағы орыстардың тірлік қарекетін әлі 
де дұрыстап біле қойған жоқ. Тек бір аңғарғаны: үлкен 
елдің арманы да үлкен. Патшасын құлатса да, халық 
бойындағы ыза әлі басылмай, дауыл алдындағы ұлы 
теңіздей ісініп, шарасынан шығып жатқан қаһарлы бір 
күшті сезгені бар. 
Еламан таяққа сүйенген бойын тіктеді. Бір тәуекелге 
бел буғандай. Қайтпек керек, не көрсе де ендігі жер-
де дүниенің тауқыметін солармен бірге көреді. Ел-
жұртымен қоштасып, алдын кештете Шалқарға бет 
қойды. 
Күзгі жел кешке қарай шұғыл суытты. Ала бұлтты 
аспан сең жүзген теңіз бетіндей, сапрылысып, жөңкіп 
көшіп жатты. Бұ да, бұның дәл қазіргі өз көңіліндей ұйқы-
тұйқы. Шамасы, сірә, мына аспанның да қары, жауыны, 
қара нөсерімен бірге осындай ала бұлтты ызғырық шағы 
да болатыны ғой. Апыр-ай, бұлт екеш бұлт та соның 
біріне тоқтамай, толастамай, кең аспаннан жол тауып, 
үздіксіз көшіп жатады екен-ау!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет