Бағдарламасы бойынша жарық көрді Әмірбек К



Pdf көрінісі
бет83/88
Дата21.01.2023
өлшемі4,3 Mb.
#62168
түріБағдарламасы
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   88
АТЫ ӨЗГЕРГЕН ƏТЕШ
Əтеш Қырғиға: 
– Атың кім? – деп еді, 
– Қырғи! – деді.
Əтеш ойланып:
– Менен басқаға
Жақсы ат қойған ылғи! – деді.
Əнебіреуіне
«Атың кім?» десең,
«Бүркіт! дейді.


384
Ал, менің атым
Ешкімді үркітпейді.
Мінəбіреудікі – Ителгі.
Айтуға қандай икемді!
Мені біреулер «Əтеш», 
Енді біреулер «Қораз» дейді.
Шөже мен Шібилерімді
«Көкбақа, арық – қоңы аз!» дейді.
Рас,
Менің атым ат емес.
Қазіргі заманда
Ат өзгерту қате емес.
Мақсат
Өзіме қоюым керек жақсы ат. 
Не десем? 
Самұрыққа теңесем.
– Атың кім? 
– Самұрық!
Самұрық десем, 
Ел қарайды-ау аңырып.
Е – е , ендеше
Еуропаның есімін 
Өзіме қойсам несі мін?
Мысалы, французша: 
«де Атеш»
Болмайды,
Онша көңілім толмайды.
Кəрісше:
«Я и Цо!»
Бір түрлі,
Келтіреді күлкіңді.
Базбіреу:
«Əй, Яйцо, бері кел!» деп шақырса...


385
Сол арамға
Аттай шауып барам ба?
Жөн емес,
Басталып кетер төбелес.
Орысша:
«Петух Нептицский!»
Грузинше:
«Қораз Мекиени!» 
Немесе «Əтеш Шібишвили!»
Өзбекше:
«Əтешжан!»
Болмайды,
Айтуға ауыз толмайды.
Астары бар əр аттың,
Атын қойсам ше арабтың?
«əл-Əтеши Кукареку қыт-қыт Тауық ибн Қауырсын!»
Демім жетпес,
Айтуға жүдə ауырсың.
«Made in Kazakhstan!» десем ше?
Білмегендер білсін.
– Кімсің?
– «Made in Kazakhstan».
Əй, бірақ,
Қазақстан тұра ма таза Құстан? 
Көкқұтан,
Торғай,
Жапалақ...
Жағың талар 
Əрқайсысын атап-ақ.
Саусақ жетпес
Санасаң да жата қап.
Айналып келгенде
Соның бəрі құс қой. 
Міне, маған түсті ой!


386
Қай құстың атын атап,
Түсін түстейік.
Біз өзімізді
«Қазақстандық Құс» дейік.
Ныспым –
Қазақстандық Құспын!
...Мың құбылтып есімін
Қойсадағы тауып,
Тауықтың аты – тауық!
ЖЫРТЫҚ
– Əлгі бос орынға
Қоятын кадрды шешіпті.
– Кімді?
– Тесікті.
* * *
– Жемқор екен бұл кісі,
Ашылыпты қылмысы...
Сол тесіктің үстінен
Қозғалыпты іс.
– Құритын шығар?
– Тс-с!...
* * *
– Тесікті босатып,
Құртыпты.
– Орнына кімді қойыпты?
– Жыртықты...


387
САҒАТТЫҢ ЖҮРІСІ
Білейік деп кімнің халі мүшкілін,
Тексеріп ек бір сағаттың үш тілін...
– Жайбарақат
Жүретұғын ақырын,
Мінə бір орта бойлы
Стрелканың аты кім?
– Минут!
– Айлығы қанша?
– 60 доллар!
– Неге 60 доллар?
– Себебі сағатты алпыс рет айналады.
(Көзіміз басқа тілге тайғанады).
– Ал, əнебір жылтың?...
– Аты – Секунд, жүрісі – тымпың.
– Айлығы қанша?
– 360 доллар!
– Неге 360 доллар?
– Себебі сағатына 360 рет айналады.
(Көзіміз басқа тілге тайғанады).
– Кім болады мына мығым тіліңіз?
– Сағат деген осы кісі, біліңіз.
– Айлығы қанша?
– 500 доллар!
– О, сағатына 500 рет айнала ма?
– Жо-жоқ, кешіріңіз,
Жарты рет те айналмайды.
– Е, ендеше неліктен
Аттың құнын ап маймаңдайды?..
– Айтайын ба масқараны?
Ол Минут пенен Секундты басқарады.


388
АУЫЗ МАХАББАТ
Бойжеткеннің
Аты-жөні Қасық еді,
Оған Ауыз
Өлердей ғашық еді.
Есі шығып,
Ернеулеп сүйіп Қасықты,
Ауыз неге
Үйленуге асықты?!
...Қасықтың əкесі
Тостақтың көжесі мол екен.
Ауыздың ғашық болған
Себебі де сол екен.
МАЙ ШАМ
– Ұстамды...
Кім көз ілмей атырды үш таңды?
– Май шам!
– Ыңғайлы...
Құр шытынып, кім бекерге сынбайды?
– Май шам!
– Тиімді...
Кім бар ылғи жарық қылар үйіңді?
– Май шам!
Май шамды əлдекімдер демеп бірде,
Бастық етіп жіберді Электрге.


389
МАГНИТТІҢ МАХАББАТЫ
Темір Магнитке көз салды,
Көз салды да сөз салды.
– Қарындас!
Мен – Темір едім,
Бір сені ойлап
Еңіредім...
Өзіңе болдым көп ғашық,
Өлетін болдым тот басып.
Мінеки,
Махаббатым артып барады,
Магнитің өзіңе тартып барады!...
...Үйтіп-бүйтіп қосылды,
Темір бірақ шошынды.
Бір күні
Магнит қырсықтанды.
Тапа-тал түсте
Темірмен ұрсып қалды.
– Сендей қатігезді
Соттатып жіберем,
Бүкіл өміріңді
Тоттатып жіберем!...
– Пішту! – 
Деді темір де.
Көзіңді ақитып,
Елірме.
Темір тепеңдеді:
– Ажырасам, кетем! – деді.
– Ей, есуас,
Менсіз қайда бара аласың?
Кетсең атамнан арман,
Саған күнім қарамасын.
Ажырасып Магнит


390
Темірменен бет алды.
Айналдырды артынша
Біраз-біраз металды.
Мыспен жүрді,
Тартпады.
Шикі сары түріне қарамай,
Махаббаты артпады.
Қарап жүрмей
Қалайыға да «ғашық» болды.
Ал қалайы бұ сұмпайыдан
Құтылуға асық болды.
Магнит:
– Табылар, – деп, – тағы да ит!
Ағашқа барды,
Жабыспады.
Қуып жүріп
Қурайды тағы ұстады.
Ол да жабыспады.
Енді келіп Магнит еңіреді:
– Жаныма ең жақыны Темір еді!
ШИҚ-ШИҚ
– Сахнаға кім шықты?
(Ешкім бірден
Танымады Шымшықты).
– Білмеймін,
Шошаңдаған құс тұр.
– Өй, мынау Шымшық қой.
Тез кетсін – ысқыр!
– Тс-с несіне ысқырады?
– Шымшықта дауыс жоқ.


391
Шиқ,
Шиқ деп
Ішіңді пыстырады.
...Шымшықтың кесірінен кейбіреулер
Өнеріңе қол сілтеп, пысқырады.
ТОЗҒАН ШАТЫР
Үйдің төбесінен сылақ түсті.
Төрт қабырғадан
Төтенше сұрақ түсті.
– Əнеукүні де
Тас төбеден тамшы ақты.
Тамшыға табақ тосып,
Үйдің ішін шаршатты.
Су өткізіп Шатыр
Не бітіріп жатыр?!
– Шатыр күннен күнге
Тозып келеді! – 
Əне ауыстырамыз,
Міне ауыстырамыз деп
Уəдесін үй іші созып келеді.
Шатыр оңай ауыса ма
Үй үстіне
Алғаннан соң бір шығып?
Жаңбыр өтіп ақыры
Бармағымызды қыршыдық.
«Біздің ескі,
Жергілікті кадр!» деп,
Шұрық тесік Шатырды
Келеді əлі қадірлеп.


392
САҒЫЗ ШАЙНАУ
«Ауыз» ғылыми-зерттеу институты
Атам заманнан бері істейді.
Штатында шақыр-шұқыр
Отыз екі Тіс дейді.
Түк жаңалық ашпаса да
Ошарылып бірі орнынан түспейді.
Əрі сойдақ, əрі істік
Тістерменентаныстық.
– Тү-ү-у түкпірдегі кім?
– Азу тіс.
– Ол не?
– Жілік мүжитін бөлім.
– Мына қасқиғаны кім?
– Күрек тіс.
– Ол не?
– Қаужайтын бөлім.
– Мінəбір кетигенің ше?
– Ұры тіс.
– Ол да бөлім бе?
– Бөлім ғой.
– Түк жаңалық ашпасаңдар – өлім ғой.
Қу ауызға қамалып
Бірдеңе бітіріп жүрсіңдер ме,
Əлде, əшейін түкіріп жүрсіңдер ме?
Баяғыдан бергі обьектілерің не?
– Сағыз!
Пайдалы зерттеу нағыз.
Шайнап-шайнап
Сағыздан түбі май аламыз.
Жағымыз қарысып қалса да,
Несіне аянамыз...
...Шайнап-шайнап сағызды,
Құр сілекей ағызды.


393
ТАБИҒАТ ТАНУ
Ауыз керіп, айғайлап
Ашық айтсақ – ащы ма?!
Мекемеміз «Табиғат»
Құтаймады басшыға.
«Табиғаттың» таусылмас
Шаш етектен байлығы.
Жаңа бастық жарқ етіп
Келер екен қай күні?
– О, сүйінші!
Сүйінші!
Қуантайын сіздерді.
«Табиғатқа» басшы боп
Күреңсары Күз келді.
«Сен же, мен же!» – береке,
Құтты болды Күз деген.
Қарсы аламыз мейманды
Дəмді нанмен, тұзбенен.
Көтеріңкі көңіл-күй
Ой, көбейді сауық тым.
Күзді күні санадық
Балапанын тауықтың.
Қыз бетіндей қызарып
Қауын-қарбыз пісіпті.
Аузын ашқан адамның
Аузына алма түсіпті.
Марапаттап бетіне
Сөз сөйледік иба қып:
– Күз ағаның арқасы,
Күллі дəнді жинадық.


394
– Құдыретті Күз аға,
Сондықтанда жарқынбыз...
Алтын қосып атына
Деп атадық: «Алтын күз!»
Сары қымыз сапырып,
Сабан тойын жасаттық.
Күндердің бір күнінде
Күз сыртынан тас аттық:
– Сары алтыннан садаға,
Сұмпайы Күз сұр екен.
Табиғатқа хауіпті
Зиянкестің бірі екен.
Қара суды суытып
Жасаған жоқ Күз байлық.
Қаз-үйректі қайтарды
Байдан шыққан қыздай қып.
Жапырақты сарғайтып,
Бүрістіріп жіберді.
Олақ күзді орнынан
Дұрыс біліп жіберді!...
... «Табиғаттың» таусылмас
Шаш етектен байлығы.
Жаңа бастық жарқ етіп,
Келер екен қай күні?
– О, сүйінші!
Көңіліміз
Орнына түсті енді.
«Табиғатқа» басшы боп
Қытымырлау Қыс келді.
Құтты болсын айтуға
Ат шанамен барып кеп,


395
Шекпен, тонын кигізіп
Қолпаштадық дəріптеп.
– Қылышын қыннан суырып
Қысқан кезде Қыс деген,
«Түфə» деген түкірік
Жерге жетіп түспеген.
Ауылымызға қыдыртса
Аяз деген атасын,
Безгек құсап селкілдеп,
Қамсыз болсаң – қатасың.
Қара жерді тазартқан
Пайдалы екен қар тіпті.
Осылайша Қыс аға,
Орната бер тəртіпті!
Қанша қатал болса да
Түсіп қалды Қыс бірақ.
Қудың көбі қуанды
Екі қолын ысқылап.
– Ақи-тақи айнала,
Дүниені боран қып,
Бір уыс боп бəріміз
Жыртық тонға орандық.
Маңғаз, марғау далаға
Салды талай Қыс бүлік.
Қойды қырып тастады
Ұйтқи соққан үскірік.
Қабағынан қар жауған
Сұсы құрсын – беті аулақ!
Жанның бəрін жауратқан
Қысы құрсын – беті аулақ!


396
... «Табиғаттың» таусылмас
Шаш етектен байлығы.
Жаңа бастық жарқ етіп
Келер екен қай күні?
– О, сүйінші!
Сүйінші!
Сөйлемейтін өктемдеп,
Беу, табиғат жарыды
Басшылыққа Көктем кеп.
Бусандырып, жіпсітіп
Мадақтадық Көктемді.
– Қыстан шықтық қысылып,
Айналайын дөп келді!
Қос бүйірі томпайып,
Жамырады қозымыз.
Кірпігіміз қимылдап,
Жылтырады көзіміз.
Ансамблі аспанның
Тырна жетті тыраулап.
Керегі жоқ əтірдің
Тұрсаң көкке бір аунап.
Шекемізді қыздырды
Шешеміздей Көктем кеп.
Бəрекелді бəріне,
Рахмет көптен-көп!
Құлдық ұрып жүргенде
Құдай атып бір күні,
Көктем бұты көктен кеп
Қызметтен сырғыды.
Сол-ақ екен.
Əмпейлер:


397
– Көктем рас, қу! – деді.
Бұра тартқан бұралқы
Əңгімелер гуледі.
– Көрсек шықсын көзіміз
Көктем тектес бұзықты.
Жіңішкертіп жуанды,
Жіңішкені үзіпті.
Құс келгенде талайдың
Жүйкелерін тоздырған.
Ұстамасын ұстатып,
Қояншығын қоздырған.
Қақ айырып аспанды
Күркіреді-ау о неме.
Жарқылдатып найзағай
Ойнататын төбеңе.
Су тасытып, долданып
Талай сойқан істеді.
Көкбет Көктем орнынан
Жақсы болды түскені.
... «Табиғаттың» таусылмас
Шаш етектен байлығы.
Жаңа бастық жарқ етіп,
Келер екен қай күні?
– О, сүйінші!
Біздерге
Жаңа бастық Жаз екен.
Пейілі ыстық, періште
Бəрінен де таза екен.
– Таза болса шекеңнен
Тұрады ма тер шығып?


398
Жайдары деп мақтаған
Жазда жоқ па кемшілік?
– «Таңдайыңды тандырдай
Кептіру де ірі іс!» деп,
Қырық күндік шілдесін
Қабылдадық дұрыс деп.
* * *
– Айтайыншы ағайын,
Мысалымның жалғасын...
Жаз бастығым жалп етіп
Орнынан түсіп қалғасын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   88




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет