Бағдарламасы бойынша жарық көрді Әмірбек К



Pdf көрінісі
бет29/88
Дата21.01.2023
өлшемі4,3 Mb.
#62168
түріБағдарламасы
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   88
Байланысты:
7370 (1)

 
 
 
 
(Оразақын Асқар)
Алтын түгіл алмаған күмісін де,
Бүгіп қалған қаншама сыр ішінде.
Қайран Қасым, 
Шəмші мен Мұқағали
Фирдоусидей күн кешкен тірісінде.
«Қандай жолмен кетті екен қатты байып?» 
Деп сыртынан тақпашы əккіге айып.
Керегін ап, кебегін тастайтұғын
Шодиевтің қай ісі Шахқа лайық?


«Қандай жолмен кетті екен қатты байып?» 
Деп сыртынан тақпашы əккіге айып.
Жер телімін жекелеп Терещенко
Іс істеді дейсің бе Шахқа лайық?
«Қандай жолмен кетті екен қатты байып?» 
Деп сыртынан тақпашы əккіге айып.
Есек құрты мұрнынан түсіп жүрген
Машкевичтің қай ісі Шахқа лайық?
– Бұл өмірдің айырып ақ, қарасын,
Қайғырасың, ал бірде шаттанасың.
Қышлақта қысылып бір жыл бойы
Жазып біттім Қожаның «Шахнамасын»,-
Деп өзімше бəлсінсем қыздан əрі,
Ыза болып Періштем сызданады:
– Жақсылығын айтпаса жұртқа істеген
Жауһар жанның артынан із қалады.
«Жаздым, – дейсің, – Қожаның «Шахнамасын»,
Неменеңе жетісіп мақтанасың?
Мақтан мейлі, мақтанба, 
Ахиретке 
Алланың құлы болып аттанасың...


98
№53
Ж±МА С¦ЛЕМ
«Ертеде бір қарияның екі ұлы болыпты. Кенже баласы 
шөп басын сындырмайды екен. «Шіркін, менің салтанатты 
сарайым болса... Ай десе аузы, күн десе көзі бар сұлу қызға 
үйленсем... Үйір-үйір жылқым, қора-қора қойым жайлауда 
жүрсе...» деп азаннан кешке дейін армандап, үйінен шықпай 
жата береді екен. Кемпір-шал «Баламыздың мақсат-мұ-
раты жаман емес» деп сырттай масаттанады. Ал, үлкен 
ұлы таңның атысы, күннің батысы тыным таппай күн-
делікті күйбең тірлікпен айналысып жүре береді.
Бір күні жата-жата жамбасы тесілген жалқау ұлы 
далаға шықса, айналаның бəрі жайнап тұрғанын көреді. 
Тақыр жер тамаша өлкеге айналғанына таң қалады да: 
– Мына зəулім үй кімдікі? – деп сұрайды ағасынан.
– Менікі, – деді ол. 
– Ойпырмай, бір қасық сумен қылқ еткізіп жұтып қоя-
тындай мына сұлу келіншек кім? 
– Менің əйелім. 
– Мына қара домалақтар кімнің баласы?
– Менің...
– Мына мыңғырған малдар кімдікі?
– Менікі.
– Мұның бəрін қай кезде үлгердің?
– Сен армандап жатқанда».
Порфирий Ивановтың осы бір əпсанасын естігенде ойы-
ма Астана қаласы оралды. «Құрғақ қиял қол байлайды» 
дейді ғой. Анда-санда армандап қойып қол қусырып жата 
бергенде Астанадай жұмақ шаhар бой көтерер ме еді?
Астана – елдігіміздің белгісіндей ескерткіш секілді ерек-
ше қала. 
Астана – «Қыбырлаған қыр асады» деген бабамыздың 
өсиетін дəлелдейтін дəуірлі қала. 
Астана – мемлекетіміздің айдарлылығы мен айбарлылы-
ғын паш ететін Жер шарындағы монумент шаhар. 


99
Жақында Махмұт Қасымбековтің «Жан жадыратар жа-
сын сөз» атты мақаласын баспасөз бетінен оқыдым. Үзінді 
келтірейін: «Іргелі көршіміз Түркіменстанның астанасы 
Ашғабад қаласы осы елдің тұңғыш Президенті Сапармұрат 
Ниязов марқұмның тұсында қатты өзгеріп, жайнап кеткені 
белгілі. Қаладағы жұртшылықтың назарын ерекше аудара-
тын сəулет құрылыстарының бірі − оның зəулім үйлері мен 
жүздеген су бұрқақтарының ортасына, биіктігі 70 метр-
лік тұғырдың үстіне орнатылған Түркіменбашының биік-
тігі 14 метрлік алтынмен апталған алып мүсіні еді. Мо-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   88




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет