6
* * *
Көпен, қаламыңды тастама, сен қазаққа керексің.
Әбіш КЕКІЛБАЙ
* * *
Мен Оспанханды өте жақсы көруші едім. Өте бір
мінезі жақсы, айтқан сөзі мірдің оғындай. Міне, осы
Оспанханның ізін басып келе жатқан Көпеннің әзіл-
сықақтарына менің айызым қанып отырады. Оның
туындыларын күлкі кештерде көргенде рахаттанамын.
Мәдениетті күлкі. Мәселе – сонда.
Шота-Аман УӘЛИХАНОВ
* * *
Кім білмейді Әмірбеков Көпенді?!
Әзілімен танытады әкеңді!
Бір қарасаң –
Алдаркөсе атасындай пып-пысық,
Бір қарасаң –
Қожанасыр атасындай «әпенді».
Кім білмейді Әмірбеков Көпенді?!
Қалжыңымен түсіреді... бөпеңді!...
Танымасаң –
Жібереді «пешкі» қылып «ферзіңді».
Танымасаң –
Жібереді «ешкі» қылып «текеңді».
Достарыңызбен бөлісу: