Бағдарламасы бойынша жарық көрді Әмірбек К



Pdf көрінісі
бет32/88
Дата21.01.2023
өлшемі4,3 Mb.
#62168
түріБағдарламасы
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   88
Байланысты:
7370 (1)

Осы бір «ъ» əріп тыңшыдан аумайды. Тіміскілеген немені 
кейбір жағдайларда керек демесеңіз, тіпті айналып өтуге 
де болады. Бірақ оның мұрнын тықпайтын жері жоқ.
 
 
 
 
 
 
 (А.С Пушкин)
Түсіндірме: Пушкин заманында «ъ» əрпін көптеген орыс 
сөздерінің соңына тіркеп қою сəн болған. 
Осы əріптің ерекше есімі жоқ,
Кірмейтұғын əйтсе де тесігі жоқ.
Орысша аты – «Твердый знактың»
Аузының салымы бар, несібі көп.
Таразылап тарихым пысықтарды,
Пайдасы жоқ əріпті қысып та алды.
«Санктъ-Петербург» сапында болып еді,
Орын таппай ол жерден түсіп қалды.
Таразылап тарихым пысықтарды,
Пайдасы жоқ əріпті қысып та алды.


111
Барып еді «Ведомостъ» деген жерге,
Келе-келе одан да түсіп қалды.
«Подъезде» мен неге жүремін деп,
«Разъезге» ұмтылды кіремін деп.
Мансап қуып масқара-ай, 
Осы қуың
Орын тапты «Съезден» Кремль кеп.
Қалмаса да қарайып ізі хатта,
Ілінген жоқ басбұзар бұзық атқа.
... Съездерді басқарған кей дөкейді
Ұқсатамын «Твердый знакқа». 
№60
Ж±МА С¦ЛЕМ
Үкіметті сынадай қағып, сынап-мінейтіні несі? Олар əлі 
ештеңе істеген жоқ қой. 
 
 
(АҚШ əзілкеші Боб Хоуптың əңгімесінен)
Жоғарыда отырған кім дейсіңдер,
Не бітіріп жатқанын білмейсіңдер.
Тіфə, тіфə... 
Шөп басын сындырған жоқ,
Жүндей түтіп несіне тілдейсіңдер?
Заңды жасап отырған кім дейсіңдер,
Кімді қорғап жүргенін білмейсіңдер.
Мафияға ақия қарамаса,
Тіке шауып несіне тілдейсіңдер?


112
№61
Ж±МА С¦ЛЕМ
Біреудің сүтті сиыры болыпты. Күніне бір құмыра сүт 
береді екен.
«Құдайдың құтты күні қарасан келгірді қақтап əуре 
болғанша, он күнде бір рет сауып он құмыра сүтті бір-ақ 
алмаймын ба?!» деп ойлайды сиырдың иесі. 
Он күннен кейін келсе ... Уақытында саумағандықтан 
сиыры суалып, сүті қайтып кетіпті. 
 
 
 
 
 
(Үнді мысалынан)
Дер кезінде біткен іс – пайдалысы, 
Күні өткен соң болмайды жай мəнісі.
 
 
 
 
 
(Бабырнамадан)
Сатирамды сабақтап сауықпенен, 
Өзімді-өзім күн сайын сауып келем.
Идірмесем шабытты жиі-жиі,
Суалып кетем бе деп қауіптенем.
Жүрсіз бе аға, жайлауда күтім іздеп,
Бағалаймыз біз сізді құтымыз деп.
Күрпілдетіп сауса да таусылмайтын
Сияқты еді əу баста сүтіңіз көп.
Сатирамды сабақтап сауықпенен, 
Өзімді-өзім күн сайын сауып келем.
Аға, сізді саумасақ ауық-ауық
Суалып кете ме деп қауіптенем.


113
№62
Ж±МА С¦ЛЕМ
Жыланның Құйрығы:
– Жолды мен бастап жүруім керек! – деп жоқ жерден 
дау шығарды.
Оған сол жыланның Басы:
– Айналайын, Құйрықжан-ау, сенде не көз жоқ, не құлақ 
жоқ. Алдымда қайқаңдап жүргенде қайда барасың? – деп 
басу айтты. 
– Жыланды жылы орнынан жылжытып, ирелеңдетіп 
жүрген кім? Біле білсең мен, Құйрықпын! Айтқаныма көніп, 
айдауыма жүрмесең сенен ажырасам! – деді оратылып. 
– Ажырассақ ажырасайық! – деді жыланның Басы. 
Құтырған Құйрық Бастан ажырап тынды. Жолға түс-
тім деп жорғалағаны сол еді, алдындағы апанға құлап, ба-
қа-шаянға жем болды. 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   88




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет