281
бiз екi көзiмiздi қысып жүрдiк. Қазiр ол көкемiз де көп көз
қыспайтын боп барады.
Демеушi болам деген бiр кəсiпкер iнiмiз кеше аяқ асты-
нан ауырып қалды. Анализ тапсыру үшiн жүз грамдық бар-
мақтай шишаны емханаға апарайын десе, iшiндегi бiр-екi
тамшы «зеленкасын» қимаған. «Зеленканы» төгiп тастайын
десе – обал. Ақшаға келген дəрi ғой.
Демеушi iнiмiз жалма-жан бас бармағын тiлiп жiберiп,
«зеленканы» жаққан да босаған шишасын ауруханаға алып
кеткен. Мiне, бiздiң демеушiлерiмiздiң хал-жағдайы. Қазiр
дiмкəс. Ендiгi айтысқа дейiн ауруынан айығып кетуiне тiлек-
теспiз.
Жеребе бойынша ендi екi ақынды сахнаға шақырамыз.
Екеуi де Тараз қаласынан. Қарсы алыңыздар – Айнұр Тұр-
сынбаева жəне Шорабек Айдаров. Бiрi – келiн, бiрi – қайнаға.
Ақындар, сiздерге құлаққағыс: əңгiменi əлхиссадан баста-
май қысқа қайырып, тiке тақырыпқа көшiңiздер.
Көп шапса қара айғырдың əлi кетер,
Көп шайнаса қазының дəмi кетер! – дегендей, ауыз тұщы-
татын айтыс болсын. Бүгiнгi тақырып – қой туралы. Саясатты
қайтесiңдер, қойды жырлаңдар. Қойы маңыраған, қозысы
жамыраған баяғы елу миллион қой қайда? Соны тiлге тиек
етiңдер!..
Достарыңызбен бөлісу: