260
...«Қызға – қырық жерден тыйым» дейдi қазақ. Жалпы, қыз
туралы қилы-қилы мақал көп. «Жол мұраты – жету, қыз мұ-
раты – кету», «Қызың үйде болғанмен, қылығы – түзде», «Қи-
қар қызды алғаннан, қыдырып өткен артық», «Қыз бен қой-
дың жүрмейтiн жерi жоқ»...
– Қызым,
Сен тайтаңдама, күлме.
Бастықтың машинасына мiнбе!
– Мама, онда тұрған не бар?
– Бастық басыңды айналдырып
«Айым!» дейдi,
«Күнiм!» дейдi.
Бетiңе өп-өтiрiк ыржиып күлiмдейдi.
Сосын
«Қасың қандай,
Қиылған шашың қандай!»
Деп əндетедi.
Əндеткесiн қыз байғұстан əл кетедi.
– Мама, онда тұрған не бар?
– Айналайын-ау, бiлесiң бе,
Бүгiнгi бастықтар
Қыздарға «золота» обещайт етiп,
Морожный сатып əпередi.
– Мама, онда тұрған не бар?
– Бастықтың машинасына мiнсең,
Ол сенi тiке тауға апарады.
– Мама, онда тұрған не бар?
– Айтқанына көнсең – көндiң,
Көнбесең – тастап кетедi.
– Мамочка,
Əлi күнге алдаған жоқ менi ешкiм.
Тауға қанша барсам да,
Жаяу қайтқан емеспiн!..
Қыздар – ай, қыздар – жұлдыз, қыздар – спорт. Қыздар –
мойынның массажы. Жаныңнан өткен жайсаң қыздарға жал-
тақ-жалтақ, жалтақ-жалтақ
қараған сайын мойның шыны-
ғып, «остеохондроз» деген аурумен ауырмайсыңдар.
261
Қаз бен қыздың осал жерi қайсы? Мойын! Ендеше, қаң-
қылдаған қаздарымыздың да мойны мықты болсын, аңқыл-
даған қыздарымыздың да мойны мықты болсын!
...Уh!
Ырду-дырдудың соңы концертке ұласты.
Қазақстанның
халық əртiсi Досхан Жолжақсынов
домбырасының құлақ-
күйiн келтiрiп, қыздарға қырық кеңес айтты.
1. Бойдақ жiгiттi сүйiп қалма. Өйткенi, ол
саған дейiн
үйленбеген и саған да үйлен-
бейдi.
2.Ажырасқан еркектерден
аулақ жүр, сенi де жер қапты-
рып кетуi ықтимал.
3.
Бала-шағасы бар ерто-
қымды еркекке жабыс. Өйтке-
нi, ондайлар өз əйелiн де жақ-
сы көредi, саған да өлiп-өшедi,
екi жаққа бiрдей. Суда да, құр-
лықта да жүретiн қосмекендi
жəндiк
секiлдi еркекке тоқал
боп қалуың ғажап емес.
4. ?..
Ақылды азырақ айтып, кеңе-
сiн келте қайырған Досхан то-
қал алғыш шал-шауқандардың
құрметiне «Ауыл қарттары» деген əйгiлi əнiн айтып, залды
күңiренттi.
Дүниеге келер бiр рет
Өзiңе-өзiң жаумысың.
Бəйбiше, саған құрмет,
Тоқалым, аман-саумысың?
«Қос кеменiң құйрығын
Ұстаған кетер суға» деп,
Тоқал алсаң – шүйлiгiп,
Шиебөрiдей шулап ек.