Бағдарламасы бойынша жарық көрді Есдəулет Ұ. Е 78 Үш томдық шығармалар жинағы./Ұ. Есдəулет. Алматы



Pdf көрінісі
бет12/17
Дата31.03.2017
өлшемі1,12 Mb.
#10892
түріБағдарламасы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

Мелих ЖЕВДЕТ
ИТТІҢ БАЛАСЫ
– Əй, иттің баласы, жексұрын,  
Күресіннен не іздеп жүрсің кешқұрым? 
– Ине іздеп жүрмін...
– Инені қайтпексің?
– Əмиян тігемін. 
– Əмиянды қайтесің?
– Ақша саламын.
– Дəмесінің зорын қарашы! 
Кет, жоғал, иттің баласы! 

275
ЫСҚЫРУ
Балыққа теңіз керек,
Ғашыққа лебіз керек. 
Қам-мұңсыз ұйықтау үшін
Ақша керек, ақша!
Ал, жай ғана ысқыру үшін
Түктің де керегі жоқ,
Жақсы! Ə! 
Октай РИФАТ
ОРАЗА
Ораза келді, жарыдым, 
Босап қалды қарыным. 
Он жыл бойы ұстадым, 
Жүз жыл бойы ұстадым. 
Оразам менің, оразам, 
Өзіңмен өтті қыс-жазым!
Орхан УƏЛИ
ТЕСІК ӨЛЕҢ
Жыртық пешпет, тесік жең, 
Жыртық жаға, тесік тон, 
Шұрық-шұрық жауырын, 
Елеуішпісің, бауырым?

276
Осман ТҮРКАЙ
АҚЫН БАЛАНЫҢ ТАҢҒЫ ДҰҒАСЫ
Тəңірім,
Қамсыз болып балалық шақ,
Тек қана жақсылықтан хабар ұқсақ.
Тауынан Бесбармақтың
Аттаған күн
Үйіме кіріп келсе анама ұқсап.
Əжелер ашып тастап есіктерін, 
Жүн иірсе шөкімдеп несіптерін. 
Емізіп сəбилерін ана біткен, 
Тербетсе қарлығаштар бесіктерін.
Тəңірім,
Қайтер еді, жас балаша,
Таспенен бұралқы итті жасқамаса.
Сабақты судай білсем,
Ал, ұстазым,
Дəрісті дүрелеумен бастамаса.
Тəңірім,
Қайтер еді сəл шамалы, 
Адамның арман болса аңсағаны, 
Ататүрік қабағын түйе бермей, 
Сəл жымиса суреттен болса дағы.
Қасіреттің ұмытса Отан бəрін, 
Шалқытып бір шырқаса шопандарым, 
Лақ билеп, қозылар сырнай тартып, 
Ойнақтаса осылай отар қалың.
Есек пен ат есінен танып күлсе, 
Қырда сиыр, теңізде балық күлсе. 
Енесін емген қодық ерінінен, 
Қарқылдаған күлкісі тамып күлсе.

277
Лала гүлдер ашылса баудан бауға,
Көбелектер шашылса таудан тауға.
Сағат санап шақырған тауық
Алдан
Қақпаны ашса болар-ау таңданбауға.
Көңілдене гуілдеп көгершіндер, 
Инеліктің ұшқанын көрерсіңдер. 
Сауысқандар саңқылдап өлең айтса, 
Қол соғуға жиналып келерсіңдер.
Тəңірім,
Тілегім сол – өрт шықпаса, 
Үзілмес үміт бізді қолтықтаса. 
Туннельден шыға келген пойызбенен 
Інінен шыққан жылан қорқытпаса.
ЕРТЕГІНІҢ ІЗІМЕН
Күн нұры топырақпен біріккеннен,
Бір Адам
Дүниеге кіріп келген. 
«Кім менің ата-анам?» деп ойға түсіп, 
Өзіне пəлсапаны жуық көрген.
– Топырақ пен дəн неге құдіретті? 
Күн мен жұлдыз, ай неге құдіретті? 
Тұман мен жел, су неге құдіретті? 
Жапырақ, гүл, ну неге құдіретті?
Құдіреті неде екен миуаның? 
Балауыздың кім білген сыры, мəнін? 
Қаймақ пен сүт, қамырдың, саз балшықтың. 
Құдіреті неде екен құмыраның?
Тəңірім-ау, мынау қол, мынау кеуде, 
Бұл бас пен көз, бұл құлақ тынам дей ме? 

278
Мынау сіңір, мынау қан, ет пен сүйек, 
Тіршілік пен тылсымға құмар кейде.
Жалбарынып, табынып, ойланыпты, 
Өзіне өзі бір досты зорға алыпты. 
Ауа, судан сыр тартып, дүние жасап, 
Пайғамбарға сол Адам айналыпты.
– Гүл иісінен іш неге өртенбейді, 
Құс үнінен неліктен дерт енбейді? 
Мен сау болсам олар мас, неге бұлай, 
Олар бейқам, мен үркек, тең келмейді.
Бір шөл өртеп жүрегін тарылыпты, 
Кеудесіне күн кіріп, жанығыпты. 
Басын иіп сезімге ақыр соңы, 
Қу нəпсіге сайтандай салыныпты.
Құмарлықпен күндерін өткеріпті, 
Піскен алма-миуаны жеп көріпті. 
Қарауытып көздері, басы айналып, 
Махаббаттан өзегі өрт болыпты.
Жанартаулар жанында жанып, сөніп, 
Адам сонда өсіпті алып болып. 
Димиаттан
1
 сол баба ұрпағына, 
Шөкім күріш кетіпті тауып беріп.
Біздің үйден жедің ғой талқан, жаным, 
Сол талқанның түсінші, қалқам, мəнін!
* * *
Ғұмыр сүрмек бір басқа, 
Көрмек, білмек бір басқа. 
Сенесің де ойлайсың, 
Ал ащыны танығанша қоймайсың.
1
 Димиат – жер аты.

279
Мына жердің бейтаныс, жат нышаны, 
От лаулаған темір көше құшағы. 
Айқыш-ұйқыш құрыш болат құбырлар, 
Тарсыл-гүрсіл қарсы алдыңнан ұшады.
Сап-сары бұлт сан құбылған пішіні, 
Қара түтін көрінбейтін ұшығы. 
Отты діңгек, өркеш-өркеш елестер, 
Көк жүзіне шөккен үрей белестер.
Бүкіл əлем лаулап жанған ту бейне, 
Шөлден қорқып, ерні кеуіп «су» дей ме? 
Құмға сіңген қаны жылы магниттей, 
Ұлы шаһар тартып мені тұр кейде.
Тыңдау керек қай хабаршы хабарын? 
Белгісіз ғой қайдан медет табарың. 
Бəлки Мұса тауында тұр бейне антен, 
Ракеталар көкке тігіп жанарын.
Араб пенен Израиль ұрпағы
Суық сөзді сандырақтап тұр тағы.
Бүкіл əлем жатқан кезде көз іліп,
Шулы шаһар, кеңістіктен безініп,
Өлген адам,
Барам саған іздеп мен,
Ғұмыр сүру үшін саған кезігіп!
Əли АҚБАШ
АМАНЖОЛОВТЫ ОҚЫҒАНДА
Ей, Ақын,
Сарыарқаның сен ерке тұлпарысың,
Ең асау тұлпарысың,
Шабытын  Тоныкөктен шалған,

Дəдем Қорқыттан алған – шырқау үшін,
Қылышын қалам,
Қаламын қылыш еткен ұрпақ үшін,
Алтайдың ақиық сұңқарысың.
Қасым атың өзіңе қандай жарасымды:
Кей заманда дауылды, борасынды,
Жараланған жүрегің аласұрды,
Бір жағың қыс, бір жағың көктем болып,
Күлесің де жылайсың бала сынды,
Қасым айы
1
 – қараша – нар ашулы.
Абай ата –
Шөлге біткен қызғалдақ жалаудайын,
Шəкəрім, Мағжан, Шоқай – талай дарын
Қараңғыға сəуле шашқан алаудайын.
Біз бір Айдың  келеміз жарығымен,
Бір ұлы Айдың жарығымен – Абайдайын.
Қараңғылық қалды артта, қамалмайын,
Анық басып алды-артты абайлайын.
Жырларыңда мың жылдық қобыздың мұң үні бар,
Қанатты тұлпарлардың дүбірі бар.
Көрұғлы, Алпамыстың сыйысың сен, асыл атың,
Құрманғазының күйісің сен, Қасым ақын! 
1
 Қасым айы (түрікше қыс пен жаздың аралығы деген мағына бере-
ді) – қараша айы.

281
ҚЫРҒЫЗ ЫРЛАРЫНАН 
Байділда САРНОҒАЕВ
МЕН КІММІН?
Мен кіммін, мен бір ақын жаман сары,
Қолында қойқаңдаған қаламсабы.
Шешеміз ептеп-септеп туса керек,
Қырғызда көбейсін деп адам саны.
Кітапта жырларымның нашары көп,
Қиналам елге жетпей жата ма деп.
Кей кезде көк базарға бара қалам,
Саудагер насыбай орап сата ма деп.
Шынында шығарманың шатағы көп,
Жақсысын жаратудың  көп.
Кей  кезде ауылға да бара қалам,
Кейбіреу кесіп-жыртып жата ма деп.
Мен кіммін, мен бір ақын жаман сары,
Қолында қойқаңдаған қаламсабы.
Іс қылам жырымменен қуантсам деп,
Қырғызды, қырғыз сүйген замананы.
ӨНЕРІ КӨП ҚАЗАҚБАЙ 
Қазақбайым, көп өнерде нық тұрсың,
Құдай саған ең мықтысын жұқтырсын.
Адамдарда алуан түрлі тəбет бар,
Тəтті, ащы ма, қалағанын ұқтырсын.
Ерен түрлі кітап жаздың ел үшін,
Жұртқа жаққан шығармаңды құт қылсын.
Жүзің жылы, жүрегіңде жалын бар,
Алатаулық азаматтар, ғалымдар,

282
Еңбегіңді елеп жатса ескеріп,
Онда сенің адамдардан бағың бар.
Даңқты болар қыз-жігіт көп қырғызда,
Тағы туар жаңа сурет, жаңа ырлар.
Анық дарын ата-жұрттың ардағы,
Бес саусақтай белгілі ғой ол жағы.
Сан жағынан қыруар кітап жазсаң да,
Сықпытынан асып тұрсын салмағы.
Дəйім сені қолдасын деп тілеймін,
Тапқан анаң, баққан анаң аруағы.
Жүргендер бар бір өнерге жете алмай,
Жүргендер бар бүрлеп, гүлдеп кете алмай.
Ал сен болсаң сұлулармен сырлассың,
Ақыл-есті, қыпша белді, беті айдай.
Мені жаз деп, мені сал деп əр бірі,
Дəйім жүрсін саған қолы жете алмай.
Қазақбайым, көп өнерді біле бер,
Көбі жақсы, жебеушің бар сүйенер.
Азаматтар арасында өлтіріп,
Айдай сұлу аруларды сүйе бер.
Қомыз бенен домбыраны қолға алып,
Екі елге де ерке болып жүре бер!
МЕНІҢ ЖЕРІМ
Елден естіп, қарағанда картадан
Қырғыздардан қазақтардың жері кең.
Ойлап көрсем - оған мақұл емеспін,
Өз жерімді өлшеп, табам нені мен?
Тіреу болып түсірместен көгімді,
Заңғар таулар билеп жатыр жерімді. 
Шыңдарына шығып көргін, қол созып, 
Алам дерсің не жұлдызды, не күнді.
Осы таулар ата-бабам құйған құт,
Осы таулар əжелерім жиған жүк.

283
Мойынсұнбай борандар мен дауылға
Сан ғасырлар қисаймастан тұрған тік.
Шындығында қырғыздардың жері кең,
Қазақтардан қалыспаспын тегі мен.
Тауларымды жазып, жайып жіберсем,
Асып түсер Азияның шегінен.
БІР МЫСАЛ
Жұмсақтық қылсаң кейбіреу,
Майталқан қылар аямай.
Қаттылық қылсаң кейбіреу,
Қабағын түйер қарамай.
Тым-тым тəтті болмағын,
Жемесін біреу жұтынып.
Тым-тым  ащы болмағын,
Кетпесін біреу түкіріп.
Əкбар РЫСҚҰЛОВ
ҚЫРҒЫЗ ЖЫРЫ
Қырық қолатта қолат жоқ қой 
Қырғыз сүйегi жатпаған. 
Қыр-қырларда қырық қайың жоқ 
Қырғыз балта шаппаған.
(Енесайлық сағайлардың 
халық өлеңiнен)
Қырлар бар ма қырғыз сүйегi жатпаған, 
Қырғын бар ма қырғыз қаны ақпаған. 
Қырсық бар ма қырғыз қызы тартпаған, 
Қылыш бар ма қырғыз ұлы шаппаған?!

284
Қанғай, Алтай, Тəңiр таудан өрбiтiп, 
Қырық руын Манас батыр сақтаған!
Қызыл туын биiк ұстап қырмызы, 
Қыз-ұланы сенiмдерiн ақтаған, 
Қырғыз өлкем жиырмасыншы ғасырда 
Қызғалдақтай құлпырғанға мақтанам!
Күлiк бар ма қырғыз ұлы мiнбеген, 
Үмiт бар ма қырғыз қызы бiлмеген. 
Тарих бар ма қырғыз тасқа жазбаған 
Жарық бар ма қырғыз үшiн күймеген, 
Тағдыр бар ма қырғыз əлi таппаған, 
Бақыт бар ма қырғыз аңсап, сүймеген?! 
Қырғызстан халқы болып бас қосты 
Қыруар ұлт əр тiлдерде сөйлеген, 
Таңы жарқын кешегiден қырғыздың, 
Тура жолын тапты мiне дүниеден!
ҚАРАҚАТТАЙ КӨЗДЕРІҢ
Қарақаттай сенің мөлдір көздерің, 
Қайтіп қана жары болдың өзгенің? 
Өзің, бəлкім, алдасаң да өзіңді, 
Көзің мені алдамасын сезбедің?
Қарақаттай сенің мөлдір көздерің...
Қайтіп біздің сырды ұмытып тастадың, 
Қайтіп қана жары болдың басқаның? 
Қандай қиын қапылыста кездессек, 
Қарақаттай көзіңді ала қашқаның!
Бəлкім, кезің қунақ өмір сүретін, 
Бəлкім, кезің күліп-жайнап жүретін. 
Қарақаттай көзіңді мен аяймын, 
Жанарыңда қалған еді суретім! 
Қарашықта өшпей қалған суретім!

285
Мен өзімнің айыбымды санаймын, 
Көңілімде саған бақыт қалаймын.  
Қалаймын да, 
Қайтті екен деп көздерің, 
Қарақаттай көздеріңді аяймын! 
Күнəсі жоқ көздеріңді аяймын! 
АҚЫН БОЛСАҚ ДЕУШІ ЕДІК
Əкім Ə. Еркебаевқа
Аттандасып, айғай салып, қуаттап, 
Əдебиет босағасын бір аттап, 
Атақ емес,
Ата-жұртым үшін деп,
Ат салысқан құрбыларға мың рахмат!
Аттандасып,
Ақ пейілден, жүректен,
Ақ қағазда күрескен де тірескен.
Мен сондағы балаларды аңсаймын,
Əдебиет айдынында бір өскен!
Аалыеке мен Алықұлдай ел сеніп, 
Айтматовтай, Асқаровтай белсеніп, 
Алатаудан Парнас тауға жол салып, 
Ақын болсақ деуші едік!
Біздің мақсат
Биік еді, көп еді,
Беттегеннен қайта қайту жоқ еді.
Көр тірліктің қинаса да гөй-гөйі,
Көңіл құсы
Көкте жүрген өр еді. 
Жүрек емес, 
Ақыл бізді басқарып, 

Жүре-жүре əкім бола бастадық.
Əттеген-ай, жол ортада қалар ма, 
Ақын деген арзу тілек тас қауып?
Жо-жоқ, артық
Ондай сұрақ қойғаным,
Қу бас емес,
Халық қамын ойлағын.
Көбейтелік қызылшаны, мақтаны,
Көбейтелік қырғызымның қойларын,
Қамын ойлап,
Қарап тұру рахат,
Қарапайым халық қарны тойғанын!
Ел-жұртының керегіне жараған, 
Ер азамат арамыздан тараған, 
Қызмет қылмай қарап қалмас халқына 
Қымбат кезде ақ қағаздан 
Қара нан!
Шүкіршілік,
Жандарыңда жүремін,
Ақыншалыс,
Əкімшалыс біреумін.
Тағдырыма өкпем де жоқ,
Ал бірақ,
Анда-санда шаншулайды жүрегім.
Тұрмыс өзі тура жолға еңсеріп,
Табыстырар деп жүруші ем мен сеніп..
Ай-хай, шіркін,
Аттандасқан құрбылар,
Əкім емес,
Ақын болсақ деуші едік! 

287
АҢҚАУЛАР, ЖАЛҚАУЛАР ЖƏНЕ АҚЫНДАР
«Аңқаулар мен жалқаулар ғана ұрламайды...» 
Экс-премьердің сөзі.
«Бəрекелді, бəлі!» деумен мақталып, 
Бала кезден жыр əлемін аттадық... 
Өмір сүріп
Александр Пушкинше,
Александр-падишаға жақпадық.
Қиялымда Пушкинменен бірдеймін, 
Пушкин сынды өлең отын үрлеймін. 
Падишаға мен жақпасам мейлі ғой, 
Пушкин неге жақпағанын білмеймін.
Ақындарың əр заманда жырғамас,
Ақындардың аққан жасы құрғамас.
Аңқау емес, жалқау емес,
Ақындар,
Ата-жұрттың қазынасын ұрламас!
ШИЫР ЖОЛ
Жығылған күйден тұра алмай, 
Жиырылып бойын жия алмай, 
Жылғадан жылға өрлеген, 
Шиыр жол – иір жыландай.
Шиыр жол... 
Шерлі, қилы күн... 
Сұрланып бүккен сұмдығын. 
Шиырыла түсіп шағардай, 
Жыланның бассаң құйрығын. 

288
АБХАЗ ПОЭЗИЯСЫНАН
Баграт ШИНКУБА 
ШӨЛІРКЕУ
Қыз отыр терезеден баққа қарап, 
Аулада ала төбет жатты абалап. 
Жас жігіт желе жортып жақындады, 
Астында аласатып ақтабан ат.
Қыз шығып қуған шақта қабағанды, 
Қақпаға қызыл əтеш қона қалды. 
Көңілі раушандай гүл-гүл жайнап, 
Қуаныш қыз жүрегін орап алды.
Шөл қысып жас жігіт тұр көні кепкен, 
Ақкөбік аты да асау, тағы неткен. 
Жігітке құмырамен су апарып, 
Қыз келіп анасына мəлім еткен:
– Апатай, құлағыңды түрші маған, 
Салт жігіт сырттан келіп су сұраған. 
Сұп-суық бұлақ суын беріп едім, 
Ішпеді, Бұл не қылған қырсық адам?
– Қақпаңа қаңсып келген қонақ үшін 
Құмыра қолтықтайтын баламысың? 
Суыңды өліп кетсе ішпейді ол, 
Сен оған мүйіз толы шарап ұсын, –
Анасы ақыл айтып, сəл жекінді, 
Ал қызы қобалжыған халде тұрды:
– Күн сайын кеп жүр ғой ол қақпамызға 
Айтамын əкем көрсе қай бетімді?
– Қырындап маған бір кез сəн құраған, 
Қартайып қазір əкең қалжыраған. 

289
Өзінің қалай-қалай шөлдегенін 
Ол бірақ ұмытардай алжымаған.
Қақпама баяғыда ол да келіп, 
Қаталап тұратұғын шөлден өліп. 
Шіркін-ай, сол шөл неткен тамаша еді?! 
Эх, біз де, 
Біз де жас боп көрген едік!
* * *
Мен үшін ішіп жатыр ел! 
Көп сөзге елти қоймадым. 
Ұмытып тойды атымен, 
Көктемгі орманды ойладым.
Көгілжім көктем келгенде, 
Көк терек – орман алыбы, 
Жуандап діңін кергенде, 
Қаудырап түсер қабығы.
Сол қабыққа ұқсап, 
Еліме
Тарлығым менің сезілсе, 
Лақтырып тастап мені де, 
Өссін ол, өссін өзінше.
Топырағына енем де, 
Тамырына нəр боп көшемін. 
Өсуіне оның төбемде 
Өлсем де көмектесемін.

290
УКРАИН ПОЭЗИЯСЫНАН
Павло МОВЧАН
ТҰМАНДАҒЫ ЖЫЛҚЫЛАР
Қолатты тұман тұмшалап алды, 
Аспан да мұнар құрсана қалды. 
Жөңкіле шапқан үйірге қарай 
Жусанның иісі бусана барды.
Көз енді көрсе елесті көрді, 
Сана да кенет көмескіленді. 
Тұманда дүние адасқандай боп,
Жасырды мұнар белесті, белді.
Түскендей зердең қиын қақпанға, 
Осылай кейде миың қатқанда, 
Жалына аттың жабыса кетіп, 
Не жетсін желмен құйындатқанға!
Көзіңнің жасы тиылмай парлап, 
Елес боп маңды шиырлай шарлап, 
Сəулелі жаққа кетсең-ау сіңіп, 
Ізің де жерге бұйырмай самғап.
Сұп-суық ауа сібірлеп сəтте, 
Сұп-суық тамшы дірілдеп бетте, 
Шығыстан біреу қарсы ұшты маған,
От ұстап қолға, күлімдеп көкте. 
«Сенбісің?» – дедім тұманнан сұрап, 
«Жарық қыл» – деді үн алдан бірақ. 
Қарғыды атым, айрылдым жалдан, 
Шыңғырдым сонда тұра алмай құлап. 

291
ПАБЛО НЕРУДАНЫҢ СӨЗІ
Өткеніңе ырзамын, өмір, сенің, 
Тірі қалды өзіңде небір сөзім. 
Əр тозаңда сен енді жарқырайсың, 
шуағымен шырқаудан төгілсе күн.
Сенің мəнің мəңгілік жаңғыруда, 
Құрт-құмырсқа, қар мен мұз – барлығында. 
Күн жебесі күйдірген қолдар бүгін 
Тереңдерден сөз қазып қалдыруда. 
Махаббатта  – бірлік бар,
Жерде – рақым,
Құйып өткен жаңбырдан əн қалатын.
Мендік мақсат – 
Тоқмейіл тіршілікті 
Өткір жырмен өртеуге арналатын.
Аспанды да, құсты да, тамшыны да, 
Айналдырам өлеңнің жан сырына. 
Мен əр сөзді құямын оқ құйғандай 
Сусындатып құрышты таң шығына. 
Өмір, сенде өлімнің таңбасы бар, 
отты сөздер лапылдап алға асығар. 
өлеңді əлі тазарта түсу керек, 
тұтып қалған тозаңы бар да шығар.
Бақ пен сорды кім екен ашып қарар, 
Шындыққа кім жалғанды қосып бағар? 
Тəттіге – тұз, тазаға – тозаң шашып, 
Тасырлыққа кім екен машықтанар? 
Тұтатқан кім сұмдықтың тамыздығын, 
Іске асырып өзінің жауыздығын? 
Жұртты азаптар сол оттың жарығында    
Сезінетін жан бар ма парыз жүгін?

292
Əлде, бəрі бекер ме?
Асылы, əлі 
Ақ көбігі шаттықтың шашылады.
Уақыт шіркін майшамдай таусылса да,
Балауызы
Сөз – мөр боп басылады... 
ХАЙУАНАТТАР ДҮКЕНІНДЕ
Құс сойып,
Тұлып жасау шеберісің, 
Өзіңше өжектейсің өнер үшін. 
Шыбықпен қанаттарын кергеніңде, 
Сол құстың самғарына сенемісің?
Қауқиып,
Қатып қалған құсқа қарап,
Тұрмын мен қылығыңды күстаналап.
Селт етпес сенің сілті сезіміңдей,
Серпіліп сермелер ме қысқа қанат?
Аққулар, үйрек, шымшық, қарғалардан
Қаңырап аспан бос қап,
Сорлады орман.
Денеден қанатты жан жұлынған соң,
Пыр етіп мазмұн ұшып, форма қалған.
Атымен заты олардың табыспайды, 
Сызылып көмекейден əн ұшпайды. 
Кетті ғой аспан суып өлген құсқа – 
Талайдан бұл да бізге таныс қайғы.
Көзіне шыны орнаттың ойып алып, 
Енді олар нені көрмек – өлі, ғаріп? 
Көк аспан, кең жаһанның орынына 
Бұйырды тар дəліздің төрі нағып?

293
Еркіндік –
Еркін құсқа тиесілі,
Шеберім, көкейіңе түй осыны.
Самғауға, қалықтауға жаралғанның,
Қашанда соғып кетер киесі ұлы.
Ноқаттай құстар көкте пайда болар,
Нүкте боп өлген соң да қалмақ олар.
Тамшы – оқ,
Ноқат бейне бытыра ғой,
Секілді алтын тозаң жан жоғалар.
Қастасқан қанаттымен, қысқасы, кіл, 
Тұлыптың табылмайтын ұстасы бұл. 
Қолында мезгілді де ұстамақ боп, 
Өзімен табиғаттың ұстасып жүр.
Бекерге ұстасады ол,
Тұлыптардан,
Бұрқырар ажал иісі сіңіп қалған.
Ол кейде өз кəсібін қарғағанда,
Құлайды өлі құстар сырықтардан,
Ұшады қауырсындар,
Терезе ашық,
Үрейлі үкі күлер жуық маңнан... 
КЕШКІ КӨРІНІС
Дымқыл шөпті таптап өтті өкшелер, 
Күл ішінде күні бітіп, шоқ сөнер. 
Суық сүйер айдын бетін айнадай, 
Қараңғылық бет-жүзіңді өпсе егер.
Шырт еткенде құрғақ отын шаласы, 
Шашырайды жарқ етіп шоқ, қарашы. 
Аяқ құрғыр мұнарды илеп тізеден, 
Қараңғылық отты үрлеп тұр шамасы.

294
Ғасыр бойы кімді кімдер иледі? 
Біз жерді, əлде, жер біздерді биледі? 
Өмір-бақи шөлі қанбас көмейге 
Бір-ақ уыс топырақ па тигені?
Жанарыңнан жарық сəуле сұйылар, 
Қара түнек көзіңе кеп құйылар. 
Түн ішінде жалын ғана əндетіп, 
Самайыңа күміс қырау жиылар.
Түн күрсінді.
Су бетінде сарқынды –
От сəулесі шағылыса шарпылды.
Қызыл көзі қайта ашылған көмірден
Күлгін түтін қайта туып шарқ ұрды.
Жүзімізде үрей табы жарқырар, 
Ерніміздің желімденген қалпы бар. 
Үйеңкінің жапырағы шырқырап, 
От ішінен таңға қарай талпынар...
БОЗТОРҒАЙ
Дүниені əнімен дірілдеткен, 
Бозторғайды іздедім бүгін көктен. 
Өзі көзге көрінер-көрінбес боп, 
Кең даланы көтеріп шырыл кеткен.
Бозторғайым, шоқтайсың уыстағы, 
Көмейдегі тілімнің туысқаны. 
Өзегімді əніңмен өртей түсші,
 Көңілімнің жазылсын құрысқаны.
Менің денем биікке самғап алар, 
Көлеңкесі құрттай боп жерде қалар. 
Көкке өрлесем – өзіме бойлағаным, 
Кеудемде де бозторғай пайда болар.

295
Таңдайымда ериді дауыс қардай, 
Мұздай түсті алтын шоқ қалыс қалмай. 
Мөлдіредің, бозторғай, көкке сіңіп, 
Неге сонша өрледің алыс, талмай? 
Көңілдерді шырмаған шырмауықты, 
Тарқатпақ боп шырқауың тым қауіпті.
Əнің сенің ақ бұлттан əрі асқанда, 
Кеудесінде кімдердің кір қалыпты?
ФИН ПОЭЗИЯСЫНАН 
Пентти ХОЛОППА
ҚАСАПШЫ
Атластай қасапшы алып адам
Өз iсiнен басқаны танымаған,
Скрипка ұстаған Паганини
Секiлдi
Селебе алар қолына нəн.
Алдындағы үйiлген
Қызыл еттi
Мүшелейдi бөлшектеп бұзып ептi.
Ол сатады
Мен алам,
Мендейлердiң
Жүзi келiп алдына, жүзi кеттi.
Десек тағы қаншама сөзге баймыз,
Бифштекс жайын тек созбалаймыз.
Аңнан келiп,
Олжасын сойғанынша
Қол боста да бiз оны қозғамаймыз.

296
Олжасының қасына келген кезде
Бiлгiрлiкпен қарайды ол сөнген күзге.
Қан исiмен дем алып,
Ес жинайды
Көп күйбеңнен теперiш көргенде өзге.
Сөз қылмаймыз мұны да сарнап бекер, 
Сезiмiмдi ондай сөз қорлап кетер. 
Ет жейтұғын жандарда бола бермес 
Сезiмталдық бiздердi салмақты етер.
Аңды сүйем,–
Қырудан сескенемiн,
Қасапшысыз бiрақта не iстер едiм!
Ол мен үшiн
Тəртiбiн тiршiлiктiң
Қолына ұстап тұрғанын хош көремiн.
Ол ғана емес хош көрiп отырғаным,
Полицей,
Сот,
Бар жəне оқырманым.
* * *
Жасыл теңiз,
Сұр жарқабақ,
Күн қимылсыз тұрған қарап.
Қайықшы да қайығына
Көз салмайды қайырыла:
Жасыл теңiз,
Сұр жарқабақ.
КҮЗГI ШАҒАЛАЛАР
Кешегiден бүгiн жеңiл,
Сонда да мен қажыдым ба?
Теңiз əуре өз-өзiмен. Күн айналар қазығында.

297
Екi желкен сырғанайды, əрқайсысы жалқы бiрақ,
Кеше сенi сүйген едiм бүгiнгiден артығырақ.
Бұлт iшiнен сезiнемiн, көк аспанның жалын-демiн, 
Сенiң ойың ұйқысынан оянбады-ау, жаным менiң. 
Тыншымайтын толқындардай дүңбекшимiн бүркiп көбiк, 
Шарқ ұрады шағалалар күз денесiн түртiп көрiп.
Қайтер едiм жалғыздық пен қара суық жалақтаса, 
Сенiң жүзiң, сенiң қолың нұрлы шуақ таратпаса. 
Қайтер едiм қалмаса егер
 
 
 
 
шапағатың жанға себер, 
Қасыңда боп, сенi күтер мүмкiндiгiм болмаса егер!

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет