Бағдарламасы бойынша жарық көрді Жайлыбай F. Таңдамалы. Астана: Фолиант, 2014



Pdf көрінісі
бет10/19
Дата17.01.2017
өлшемі1,49 Mb.
#2112
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   19

СӘКЕН ЖҮНІСОВ ЖЫЛЫ
Биыл – Сәкен серінің жылы.
Иә, «Өшпейтін іздер», «Алғашқы вагон», «Жапандағы 
жал 
ғыз үй», «Аманай мен Заманай», «Ақан сері» сияқты 
көр кемдік деңгейі жоғары, өлмес шығармалар жазып, ерек-
ше болмыс-бітімі арқылы өзі де «Сәкен сері» атанған, Мемле-
кеттік сыйлықтың лауреаты, аса көрнекті драматург Сәкен 
Жүнісовтің туғанына 80 жыл толады.
Шынын айтқанда, біз, Қазақстан Жазушылар одағы, осы-
нау қабырғалы қаламгерді еске алу шаралары туған топыра-
ғында лайықты аталып өтуіне тікелей ықпал етуін сұрап, 
Ақмола облысының әкімі Қосман Айтмұхаметов пен Астана 
қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетовке хат жазған едік.
Енді сол ресми орындардан жауап келіп үлгергенше Сә-
кен сері мерейтойына орай жыл бойы жалғасатын дүбірлі 
шаралардың алғашқысын ешбір дабырасыз-ақ Республикалық 
кітап мұражайының бастап кеткені қуантады. Сондықтан біз 
ең алдымен осынау мекеменің басшысы Жүрсін Молдашұлына 
шексіз алғыс айтқымыз келеді. Еңбектеріңіз жансын! Осындай 
игілікті істерге мұрындық болып, әрдайым биіктерден көріне 
беріңіздер!
Талант жолы – қашанда ауыр жол. Қарап отырсақ, атақты 
жазушы Сәкен Жүнісов те бірден Сәкен Жүнісов болып қа-
лыптаса қалмаған екен.
Жоғарыда аталған белгілі туындыларымен қатар, автор-
дың ғаламат драматургтік қырын айшықтап, республикалық 
және облыстық театрларда табыспен сахналанған «Ажар мен 
ажал», «Тұтқындар», «Жаралы гүлдер», «Әр үйдің еркесі», 
«Кроссворд немесе масханадағы маскарад», «Қызым, саған 
айтам», «Қысылғаннан қыз болдық», «Сабалақ Абылай» сын-
ды атақты пьесаларынан бұрын Сәкеңнің ең алғаш баспа бетін 

159
көрген тырнақалды әңгімесінің қатты сынға ұшырағанын 
көпшіліктің біле қоймауы мүмкін. Сонда: «Қап, мынау дұ-
рыс болмады-ау! Енді баламның беті қайтып, қаламды тас-
тап кететін болды-ау!» – деп анасы Мағрипа апай қатты 
уайымдаған екен. Тіпті, жылапты о кісі. Сонда болашақ үлкен 
қаламгердің әкесі Нұрмақ аға: «Бірден ешкім дайын жазу-
шы бола қалмайды. Танымал қалам иесі болу үшін талай таяқ 
жеп, ұзақ шыңдалу керек. Бұл – сынның басы ғана. Сондықтан 
да сен бұлай жылауыңды доғар. Сәкенді алда әлі қаншама 
қиындықтар күтіп тұр!» – деген екен.
Расында да, алған бетінен қайтпайтын қайсар жас әлгі 
қатаң сынға ешбір мойымапты. Қайта, өршелене түсіп, жаңа 
әңгімелерін үсті-үстіне жаза түседі.
Білуіміше, Сәкең – екі әжесінің ортасында өте ерке болып 
өскен бала. Және айрықша құймақұлақ, зеректігімен де ерек-
шеленсе керек. Кейінірек балбөбек балғын кездегі көрген-
түйгендері ақ қағазға әңгіме болып түсіп жатады. Солардың 
бірі – «Әжем мен емші және дәрігер» шығармасы. Бұдан басқа, 
Сәкеңнің жасөспірімдерге арналған «Кімнің мекені жақсы?», 
«Сақау бәтеңке», «Өшпейтін іздер», «Сонарда» аталатын бір-
қатар әңгіме кітаптары жарық көрді. Сөйтіп, біртіндеп үлкен 
шығармаларға ауысады.
Әділетсіз сынға ерте ұшыраған Сәкен Жүнісов тоталитар-
лық жүйенің солақай саясатымен де жастай арпалысқанын 
көреміз. Қазақ еліндегі тың және тыңайған жерлерді иге-
ру науқаны басталғанда, Сәкен жиырма ғана жаста еді. Осы 
әрекеттің қасиетті жерді үлкен эрозияға ұшыратуы бір басқа, 
коммунистік партияның қазақ даласын біртіндеп жаппай орыс-
тандыру саясатын көздейтінін ерте аңғарған жас жазушы 
бұл науқанға деген наразылығын жасырмайды. Тіпті, кейбір 
жергілікті басшылардың шовинистік пиғылдарына тікелей 
қарсылық көрсетеді. Мысалы, бірде елді мекеннің партком 
хатшысы мұғалім болып жұмыс істейтін Сәкенге көпшілік 
алдында тың игеру істерінің елге тигізер пайдасы туралы сөз 
сөйлеуді тапсырған екен. Сонда мінберге шыққан жас жігіт: 
«Жоқ, бұл – мүлде қате шаруа. Бұл – түбінде қазақ халқын 

160
күйрететін іс. Мен Хрущев саясатына мүлде қарсымын!» – деп 
залдан шығып кетіпті. Сөйтіп, оның бірталай қуғынға түскені, 
атышулы 1937 жылы емес, сол бертінгі 1954 жылы-ақ «халық 
жауы» болып кете жаздағаны өз-өзінен түсінікті шығар.
Кейін осы тұстағы жазушының жан күйзелісі «Жапандағы 
жалғыз үй» романынан көрініс табады. Сәкен, мәселен, осы 
шығармадағы Қарасай образына сол кездегі қоғамның әлгін-
дей солақайлықтарын сыйғызған. Өкімет қазақтың қара же-
рін орынсыз пайдаланып, халыққа талай зардап тигізгенін 
шеберлікпен жеткізген.
Жас Сәкеннің үлкен бір бақыты – оның кейін Қазақ мем-
лекеттік университетіне түсіп, ұлы Мұхтар Әуезовтен сабақ ала-
тыны. Кейін алғыр шәкірт ретінде Мұхаңның алғашқы аспи-
ранты атанады. Сол университет қабырғасында жүріп газет-
журналдарға белсене араласып, мақалалары мен әңгімелері 
жиі шығып тұрады.
Бұдан соң Сәкенге заңғар суреткер Ғабит Мүсіреповтің де 
бірталай ықпалы тиеді. Бір күні «Ақан сері – Ақтоқты» пье-
сасын жазған Ғабит Мүсіреповпен сөйлесіп отырып, Ақан сері 
туралы кітап жазуды ойластырып жүргенін айтып қалады. 
Мұны естігенде, Ғабең бұл бастамаға қатты риза болып, ниетін 
қолдап, ақыл-кеңесін берген екен. Сәкеңнің кейін: «Ғабеңнен 
сол кезде рұқсат сұрап, әрі батасын алғандай болдым», – дегені 
есімізде.
Жалпы, кейін «Ақан сері» дилогиясы шыққаннан кейін 
қатты риза болып, жазушыға алғаш «Сәкен сері» деп ат қойған 
да осы Ғабең екен...
Сәкен Жүнісов – Ақан серінің көркем бейнесін жасап, сол 
арқылы қазақ елінің үлкен трагедиясын қатар көрсете білген 
қаламгер. Сондай-ақ, қазақ даласына есімі аңыз болып тараған 
Ақан серіні әнші, ақын ғана емес, халық қамын ойлаған 
күрескер ретінде танытқан да осы суреткер.
Сәкен Жүнісов «Ақан серінің» үшінші кітабын да жазуды 
ойластырған көрінеді. Сол кітапта серіні Меккеге апарғысы 
келген. Бірақ, неге екені белгісіз, кейін бұл ойынан айнып 
қалған. Сондай-ақ, Сәкең Абылай ханға арнап роман жазғысы 
келгенінен де хабардармыз. Бірақ оған үлгермеді...

161
Сәкен Жүнісовтің «Заманай мен Аманай» повестері, «Жа-
пандағы жалғыз үй» романы, «Ақан сері» дилогиясы қазақ 
әдебиетінің алтын қорына қосылған құнды шығармалардың 
қатарында. Жалпы, аты аталған үш шығармада да қазақ дала-
сының трагедиясы жатыр.
Міне, Сәкең ұлтын ерекше сүйген аса дарынды, биік тұлғалы 
азамат еді. Осындай суреткермен кезінде замандас қана емес, 
пікірлес, талай дәмдес болғанымызды мақтан етеміз. 
Тағы қайталап айтайық, биыл – сол Сәкен серінің жылы. 
Дегенмен, Сәкен Жүнісов шығармашылығының ғұмыры бір 
жылмен ғана өлшенбейтіні түсінікті. Оның туындылары қазақ 
халқы барда мәңгі жасай береді.
11-267

162
БОЗАҢДАҒЫ БОЗТОРҒАЙ
(Көрнекті ақын Есенбай Дүйсенбайұлы
 шығармашылығы хақында)
Қасиетті қара өлең. Жүрекке жарық, сезімге сәуле түсірер 
тылсымы көп құдірет. Поэзия – ақынның жаны, тамырын-
да бүлкілдеген қаны. Оның құпия құбылыстарын, беймәлім 
бұрылыстарын, шыңыраудан шымырлап шыққан зәмзәмдей 
мөлдірлігінің сырын да еш сыншы тап басып айтып бере ал-
майды. Поэзияның берік ұстанар догмасы да жоқ. Оның те-
ориясы да өмірдің диалектикасы секілді өзгеріп отырады. 
Өзгермейтіні – өлең атаулыдағы жүректің соғысы, жанның 
жарқылы, сезімнің сәулесі.
Қазақтың қанатты ақыны Есенбай Дүйсенбайұлы жырла-
рын оқыған сайын оның алғаусыз ақ сөйлер адалдығына, 
өлеңдерінің бай палитрасына, шынайы полотноларына, жан 
құбылыстары мен арналы ағыстарына тәнті боласың. Оның 
өлеңдері сабырлы да сырбаз табиғатымен ішкі иірімдеріңді 
тербетіп, жан толқындарыңды арнасынан асырып кететін 
құдіретке ие. Есенбай жырының киесі де иесі – бозала таң мен 
бозторғай. Оның көкірегінде осы екі қасиет бір нышанды, ол – 
ақындық әлемнің ғана емес, өмірдің жаратылыс күйі.
Алаңсыз дәурен аспаны жұлдыз, құс толы,
Жалт ете қалды сынаптай кейде сырғанап.
Жатыр әйел,
Гинекология столы...
Ұятсыз түн терезеден тұр қарап.
«Бір үмітті, бір өмірді толғатып, жапырақтай бозарып» 
жатқан әйел – Ананың азапты бақытына сенің де жаның 
күйе ді. Есенбай ақын ол әйел «жан әлемінің жарық сәулесін 

163
толғатып жатыр» деген адамзаттық ой айтады да, шарана-
ғұмырдың шыр етіп дүние есігін ашқан шағында:
Кенелте, міне, жарылқау үшін ағынан,
Келіп те жетті тықсыра қуып түнекті.
Бір өмір сонда
Әйелдің аяқ жағынан 
Бозала таңда бозторғай болып шыр етті, – 
деп салмақты ой түйеді. Шын ақын ешкімнің еншісіне алаң-
дамай дара туады, бөлек отау сайлайды. Осы жерде Есенбай 
ақынның бозала таңы да, бозторғайы да періште бейне киелі 
ұғымға айналады. Ақын көкірегіндегі киелі ұғымның тотемі – 
бозала таң мен бозторғай. Бұдан әрі бұл егіз ұғым ақынның 
өзіне, қара орман жұртқа айтар сөзіне, шығармасының тұтас 
литмотивіне айналып жүре береді. Тіпті, ақынның лирикалық 
мені де осы ұғымдармен үндесіп кеткен.
...Өзіңсіз күндер озар ма,
Отырмын таңнан ой толғай.
Таңымның аты – Бозала,
Торғайдың аты – Бозторғай, –
 деп жырлаған ақын енді бірде:
 ...Құландай қаққа қанған құла дүзде,
Құмардан шығамыз ба мына біз де?
Бозторғай бозаңдағы – бұлбұл емес,
Бозжорғам – дүлдүл емес бұл әзірге, –
деп тебіренеді. Қалай айтса да ақын сөзіне сенесің. Есенбай 
жырларының табиғаты да өскен ел, өлең төсегіне тартып тұруы 
заңдылық. Тіпті, ақындық деген беймәлім әлемнің өзі маған 
кейде шуаққа шомылып, мейірімге қанып өскен жаны жарық 
жандардың жайлауы секілді елестейді. Жанарында жарық 
нұрлар самсаған сәулеге іңкәр ақынның алар нотасы, шырқар 
диапазоны да тек далаға жарасқандай. 

164
Ақтөбенің алыс құмындағы Қалдайбек ауылы бала ақын-
ның қиялын қалықтатып, санасына сәуле, жанына жалқын 
құйған. Жетімдік пен жесірлік, тасмаңдай тағдырмен тайта-
лас, бақ пен сордың итжығысы, жұбату мен жұбану, дүрмек 
дүниенің алдындағы дәрменсіздік – бәрі-бәрі, сайып келгенде, 
адамның сезімін тәрбиелейді, көзқарасын қалыптастырады. 
Қалыптастырып қана қоймай, сол елге деген махаббат отын 
лаулатады. Сонау алыста қалған қимас шақтарға, мейірім 
мен пейілге деген сағынышыңды саялап бір ғажап күйді тағы 
кешесің.
Екі-ақ үй екінші ауыл елдей мекен,
Ерттесем желмаямды, желмей жетем.
Әлде мен етегі елпі, жеңі желпі
Жылдарға қайта оралғым келмей ме екен?
...Ұлы ағыс толқындарын ұластырып,
Жылдарды домалатты қыр астырып.
Сырмінез сол ауылға соқпай кеттім,
Сыртынан амандығын сұрастырып...
Бұл – ақынның ертеректе жазған «Ескі жұрт» өлеңінен 
үзінді. Өлеңнің ішіне еніп, Есенбай ағамен бірге сол ауылға 
тартып кеткің келеді. Тіпті, оның Қалдайбекте қалып кеткен 
балалық шағы сенің көз алдыңнан үзік-үзік киноленталардай 
өте бастайды. Сосын өз ауылың ойыңа түседі. Оның да кейбір 
жер-су атында өзгешелігі болмаса, тыныс-тірлігі, жүрегінің 
соғысы Есенбай ақынның ауылынан аумай қалғанына та-
ңыр қайсың өз-өзіңнен. Ақын табиғатымен туысып бара жат-
қаныңды өзің де байқамай қаласың. Талантты ақынның 
құдіреті де айқай-шусыз, даңғаза дүрмексіз сезімінің шамын 
жағып қойып, сыр айтып, жүректерді жаулап алғанында болса 
керек.
Ақ желкенді ақындық әлемнің иірімдері де тынымсыз. 
Ол үшін бозала таң мен бозторғай өлең – өмірінің өлшемі, 
осы қасиетті ұғымдарды ақын бір сәулемен көреді. Есенбай 

165
шығармашылығындағы бозторғай құс – элегиялық елес емес, 
қасиет пен киенің нышаны. 
...Алты қырдан аққу-қаз сан жырлаған,
Арқасынан күн аунап, таң зырлаған.
Айдын дүние,
Ақ түтек ағыс берші,
Тайыз сулар құмарды қандырмаған! – 
дейді ақын «Ақ желкенді ағыстар» топтамасының бастауын-
да. Расында, Есенбай Дүйсенбайұлы – поэзия аталатын асау 
ағыстың толқындарымен тайталасып, желкенін жеке көтерген 
ақын. Оның жырларындағы Жарқамыс та, Жем өзені де өлең 
сүйер қазақ баласы үшін аялы да аяулы мекендерге айналады. 
Ол – адалдықтың жыршысы. Өмірде өзі қандай қарапайым бол-
са, оның жырлары мен-мен деп кеуде қақпай-ақ, нәзік те сыр-
шыл болмысымен төрге озғалы қашан. Сонда да кеңестік қоғам 
интернатының қаршадайдан қара нанын жеп өскен ақын:
...Уақытымның уайымымен сырласпын,
Мұңым менің – қайғысы емес бір бастың.
Ақын Абайды ашындырған қоғамның
Қайғысымен құрдаспын.
Қызыл тілге ерік берсем – қызынып,
Ынжықтанып тұрмаушы едім ызылып...
Қазтуғандар қатарында бармын ба,
Қалдым ба әлде сызылып?!
«Қазақтықтан кеткен жұртқа қадірсіз қайран өлеңнің» 
ертеңіне алаң ақын «Туған күнгі толғаныс» жырында осы-
лайша сыр ақтарады. Алаң жұртқа ақынның алаң көңілі 
алаң. Есенбай ақын ешқашан талант құнын түсіріп, ақындық 
қадірін кемітіп көрмепті. Оның жырлары өмір мен болмыстың 
дәнекершісіндей.

166
...Сұлулық, саған құштармын,
Сүйгендей іңкәр қалқаны.
Атса екен Қазақстанның
Арайлы күн боп әр таңы.
...Боз құсы болып бір белдің,
Мен сені, Өмір, қорғаймын.
Діріліменен гүлдердің,
Шырылыменен торғайдың! – 
дейді ақжарма ақын. Елге, жерге деген махаббаттан осындай 
арайлы жолдар туады. Ол жырлар бозала таңның түсіндей 
адалдығымен көңіліңнің шамын жарқыратып жағып қояды 
сенің де.
Ұлы Абай құдіретті жырды «сыңғырлап өңкей келісім» деп 
таныса, ұлы Пушкин «Ақынның сөзі – оның ісінің нәтижесі» 
дегенді айтады. Иманы кәміл, ары таза адамның ғана ақындық 
атты киелі құсты аялауға хұқы бардай көрінеді маған.
Есенбай ақынның әлеуметтік, азаматтық тақырыпта жазыл-
ған жырлары да аз емес. Ол жырлар – ақын жүрегінің терең 
сүзгісінен өтіп, намыс пен рухтың қайрағына жанылған жыр-
лар. «Қазақты қаралаушылар» деп аталатын өлеңде:
...Кез болды ма жай жатар,
Кең дүние – қайда тар:
Бір жағыңда – самұрық
Бір жағыңда – айдаһар.
Жымсиып кім, кекеп кім...
Өтті айқасып не тектің!
Абылай хан әлі отыр
Ортасында екі оттың...
Бұл – елінің ертеңіне алаң ақынның жан шырылы. Тәуел-
сіздігіміздің баяндылығын Жаратқаннан жалбарына тілейтін 
жүректің сөзі. 

167
Ақынның «Құл Қожа Ахмет Иассауи рухымен сырласу» 
топтамасы – формалық ізденістері бөлек, тыңға түрен сал-
ғандай әсер етер туындылар. Есенбай ақын сабырының са-
басын сарқымай-ақ, жүректі жарып шыққан өлең сөзін қа-
зақтың қара орман жұртына елші етеді. Осы тұста Алаштың 
ардақтысы Жүсіпбек Аймауытовтың «Мағжанның ақындығы 
туралы» пікіріндегі: «Нағыз ақын – әлеуметінің тіл қамшысы, 
сайламаса да табиғатымен сайланып шыққан уәкілі, мұңын, 
зарын айтқызатын емшісі. Өз әулетін, өз табын ілгері сүйреуге, 
көтермелеуге, демеуге күшті ақындардың әсері тиген, әлі де 
тимекші...» – деген орамды ойлары ойға оралады.
Есенбай жырларының кең көсілер еркін тынысы оның «Үш-
бұлақ, Қызылбұлақ, бұлақ, бұлақ...», «Сызу», «Қайта бастау», 
«Дос сыры» секілді дастандарында да айқын көрініс тапқан. 
Оларды зерделеп оқи отырып, өмірі мен өлеңі тұтас ақынның 
ұлттың ұлағатты жыршысына айналып кеткеніне көз жеткізу 
қиын емес.
...Бозторғайым, бейнетқорым, зиятым,
Кеңесім бар құлағыңа құятын:
Жетімдердің маңдайынан сипа да,
Желіккенің оятып жүр ұятын.
Оят, оят!
Қойма тыныш, ырқына,
Бір кісідей бірлік тіле жұртыңа.
Шығып ал да көк аспанға шаншылып,
Шыр-пыр болып шындық әнін шырқыра!
«Қайта бастау» поэмасының түйінді сөзі секілді осы екі 
шумақ Есенбай Дүйсенбайұлы ақындығының берік ұстанар қа-
ғидасы мен серті іспетті. Бар өлеңін тұтастай оқып шыққанда 
да Есағаңның барлық өлеңбаяны ақын жүректің бір сәттегі 
толғаныс деміндей әсерге бөлейді. Оның шығармашылығына 
бекзат болмыс, табиғи тұтастық тән.
Есенбай – «Жазушы», «Жалын», «Ана тілі» секілді баспа-
ларда жауапты қызметтер атқара жүріп, қасиетті қазақ жыры-

168
на олжа сала келген ақын. Тұңғыш жыр жинағы «Жазушы» 
баспасынан 1971 жылы «Бозала таң мен бозторғай» деген ат-
пен жарияланды. Қазақ өлеңіне бозаңдағы бозторғай сазы мен 
бозала таңның бояуларын әкелген, ұлттық бояуы қанық поэ-
зия мен төкпе жыр дәстүрін жете меңгерген шынайылығымен 
ерекшеленетін «Ұлан-ғайыр», «Ашық аспан», «Ақ желкенді 
ағыстар», «Таң торғайы» бастаған ондаған жыр жинағымен 
оқырманын қуантты. Өткен жылы «Жазушы» баспасынан 
шыққан Есенбай Дүйсенбайұлының екі томдық таңдамалы жыр 
жинағы өлең сүйер қауымның іздеп жүріп оқитын қазынасына 
айналды. Ақын аударма саласында да жемісті еңбек етіп, екі 
томдық орыс поэзиясы антологиясын, М. Горькийдің «Әдебиет 
туралы», Палестина ақыны Әл-Хамисси лирикасын қазақ 
тіліне аударуға атсалысты. Қожа Ахмет Иассауи хикметтерінің 
көркем аудармасын қазақ тіліне тәржімелеп, жеке кітап етіп 
бастырды.
Қазақстан Жазушылар одағы Ілияс Жансүгіров атындағы 
сыйлығының лауреаты, Ұлы Абайдың 150 жылдығы құрметіне 
өткізілген республикалық жазба ақындар мүшәйрасының бас 
жүлдегері, қазақтың талантты ақыны Есенбай Дүйсенбайұлы 
жетпіс асуға бекзат болмысымен, қарапайым қалпымен, шабы-
тының шашасына шаң жұқтырмай жетіп отыр.
Қарға бойлы Қазтуған бітімді Алаштың ақиық ақыны Есен-
бай ағаның өзі ертеректе:
...Біздікі не екен – өлең бе
Өзекті өртер түнімен?!
Қаңқылдап тағы төбемде
Қанатын қаққан дүнием! – 
деп жазған екен.
Сіздікі – Өлең, Есаға! 
Жарық жалғанның бозала таңымен таласып жырлаған боз-
торғайыңыздың даусы талмасын деген тілек қоссам деп едім.

169
СЕКСЕНГЕ СЕГІЗ САУАЛ
 НЕМЕСЕ ТАС БОРАН АСТЫНДА ҚАЛҒАН ЖАЗУШЫ
Майдангер-жазушы Қалмұқан Исабай ағамыз – туын-
дыларының дәнін өмірдің өзегінен алатын қаламгер. Бірде ар-
хивтен тың дерек тауып, бірде алыс қиырларға сапар шегіп, 
мазасыз бір күйге түседі де жүреді. Ауызекі әңгіме тиегін 
ағытса, білмейтіні жоқтың өзі.
Белгілі сыншы, академик Мұхаметжан Қаратаев Қазақ-
стан Жазушылар одағының бір пленумында жасаған баянда-
масында: «Жақсы шығарма жазу үшін өмірге жақсы араласу 
керек. Бұл бағытта жазушы Қалмұқан Исабаевтың ізденісі 
үлгі», – деген екен. Бұл пікірден өзіміз де хабардармыз. Ол – 
Қалекеңнің комбайнерлер өмірінен пьеса жазу үшін арнайы 
курстан өтіп, комбайнер мамандығымен екі маусым егін 
орағына қатысып жазған «Десант» атты пьесасының Ре-
спублика Мәдениет министрлігінің сыйлығын алғаны және 
сахнаға қойылғаны. Ал академиктің айта алмаған үлгілерін 
таратып, түсіндіріп беру үшін бүгіндері сексенге келіп 
отырған Қалекеңе 8 сұрақ қойдық.
– Қалеке, сіздің «Қарабала», «Бақытты сәттер» және 
басқа шығармаларыңыз арқылы Ұлы Отан соғысына дейінгі 
өміріңізбен біршама таныспыз. Тағы да бір шығармаңызда 
«1943 жылдың қаңтар айында комиссариат әскерге шақырып, 
есейгенімді есіме салды» деп жазыпсыз. Алайда әскери учили-
щеде оқығаныңызды айтпайсыз. Сонда офицерлік сатының 
алғашқы баспалдағына қай уақытта көтеріліп жүрсіз?
–  Оу баста 9 сыныптық білімім болған соң, Семейде қоныс 
тепкен Тамбов жаяу әскер училищесіне бағытталғанмын. 
Алайда бойы 147 сантиметр, салмағы 42 килограмм қортықтан 
болашақта қандай айбынды офицердің шығуы мүмкін? Жа-

170
рамадым. Содан кейін Самарқанд қаласындағы атқыштар 
полкіне жіберген. Содан келесі 1944 жылдың шілде айының 
бір күні түнде «дабылмен» тұрғызып, ұзын составқа тиеп, 
Молдавия жеріне алып келсін. Мұнда Кишинев деген Кеңес 
қаласы мен Яссы деген Румын қаласы аралығында фашистік 
Германияның 30 дивизиясы қоршауға алынғанын естігенбіз. 
Енді Кеңес командованиесі осы қоршауды жоймақ екен. Соған 
тың күш ретінде біз де келіппіз ғой.
Иә, Яссы – Кишинев операциясы екі айда біздің жеңісімізбен 
аяқталды. Румыния соғыстан шығып қана қойған жоқ, Гер-
ман фашизмінің өзіне соғыс жариялап, біздің қатарымызда 
соғысатын болды. Мәселе осылай шешілгеннен кейін бұл елдің 
жерімен жаяу жүріп, Венгрия шекарасына да жеттік.
Венгрия – фашистік Германияның ең соңғы сыбайласы. 
Оның басшыларының не ойлағанын кім білсін, бізге қарсы бар 
жанын сала соғысты. Дегенмен, шабуылдап барамыз... Бірде 
оң жақ, сол жақтағы көршілеріміз кезекті шабуылға көтеріліп 
жатқанда, біздің командиріміздің үні шықпай қалды. «Бұған 
не болды?» деп сырт жағыма қарағаным сол еді, взводымыздың 
командирі, жиырма жасар кіші лейтенант орыс жігіті кө-
теріле беріп, шалқасынан түсті. Осы кезде есіме Жарғының 
«Командирдің өліп не жараланғанын бірінші көрген солдат ко-
манданы қолға алу керек» деген қағидасы түсіп, мен «Взвод, 
слушай мою команду! Встать! Вперед!» деп айқай салайын. Сол 
бетіммен взводты басқарып кеттім.
Қай елде болсын, солдатты дайындаудан гөрі офицерді 
дайындау әрі қымбатқа түсіп, әрі ұзақ уақыт алады ғой. 
Жә, соғыста қатардан шығатындардың көбі – взвод, рота ко-
мандирлері. Міне, осы қатардағы офицерлер бізге жетіспейді 
екен. Сондықтан да соғыста ерлік көрсеткен солдаттарға да 
кіші лейтенант атағын бергенін хабарлап, пагон ұсынды, 
құттықтады. Старшина мосқал орыс жігіті, уақытша орна-
ласқан үйіне апарып, маған ине-жіп беріп, пагонымды ши-
нельге тігіп отырғанымда жанымда ақылын айтып отыр. «Сен 
жастайыңнан офицер болдың. Осы соғыстан аман шықсаң, түбі 
генерал боласың. Ал сенің қалай аман шығуыңның жолын мен 

171
айтайын. Взводыңдағы ана Гусаров қайда, шабуыл кезінде 
соның артында жүр!» деп еңгезердей солдатты атады. Міне, 
менің офицер атағын алған алғашқы училищем осы. Содан бері 
атақ қосыла берді, мен есейе бердім, ақыры полковник...
– Германияның бір қаласында комендант болдыңыз ғой?
– Оған дейін әлі төрт жылдан астам уақыт бар. Бұл уақытта 
Түркістан әскери округіне қарайтын Керки қаласындағы 
бір полкте взвод командирі болдым. 1945 жылы Германияға 
жеңіспен барған офицерлер сонда тұрып қалған, үш жылдан 
кейін соларды Одақтағы офицерлермен ауыстыру шаруасы 
жүрді. Осы әуенмен 1948 жылдың күзінде Шығыс зонадағы 
Вурцен қаласынан қоныс тепкен 20-механикаландырылған 
полкке бір офицердің орнына бара қалайын. Содан келесі жылы 
Германияда екі мемлекет жасалды – ФРГ және ГДР. Енді мені 
екі мемлекет арасындағы шекараның Варта деген бақылау 
пунктіне кезекші офицер етіп тағайындасын. Міндетім – 
шекараның осы тұсында болып жататын осы оқиғаларды 
жақын горнизондарға хабарлап тұру. Менің бұл қызметімді 
қарапайым халық тілінде комендант деп атады. Содан 1952 
жылы босап, Ильменау қаласына қалай комендант болып 
тағайындалғанымның егжей-тегжейін «Берлин «Абайштрас-
се» («Қағанат», 2002 жыл) кітабымда жазғанмын. 
Жол-жөнекей айта кетейін, Ильменау гербінде латынның 
«г» әрпі бар. Бұл – Гёте деген сөз. Яғни, Ильменау – Гёте қаласы 
деп аталады. Ұлы Абай бізге «Қараңғы түнде тау қалғып» 
деп аударып берген өлеңін Гёте осы қалада жазған екен. 1979 
жылы Ильменауға 25 жылдан кейін қайта барғанымда Гётенің 
немісше өлеңі жазылған жерге Абай аудармасын мәрмәр 
тақтаға жазғызып, апарып қою мүмкіндігі туды. Неміс доста-
рымыз Қазақстаннан барған бұл сыйды үлкен ризашылықпен 
қабылдады. Тақтамен бірге Абай өлеңінің магнитті таспасы да 
тапсырылған музейге. Неміс достарымыз содан былай музейге 
келген шетел делегаттарын Абай әнімен қарсы алып, шығарып 
салуды дәстүрге айналдырыпты.
Ал Берлиннің бір көшесіне Абай атының қалай қойылғанын 
да жоғарыда көрсетілген кітаптан оқисыз.

172
– Өзіңіздің жазбаларыңызға қарағанда, Сіз 1954 жылдың 
күзінде әскерден босаған бетіңізде Алматыға келіп, «Социа-
листік Қазақстан» газеті редакциясына қызметке тұрған-
сыз ғой. Бұрын газет-журналдар бетіне ештеңеңіз де жарияла-
нып, көзге түспегенсіз, журналистік дипломыңыз және жоқ. 
Сол кездегі Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің 
ең жоғары органының назарына қалай ілігіп жүрсіз?
– Өзің атаған жылы ГДР жерінде аудандық комендатурасы 
да жабылып, елге қайту сәті түсті. ХХ ғасырдың бірінші жар-
тысында Германия тарихи оқиғалардың тоғысқан аймағы бол-
ды. Содан көп сюжеттер ала келіп, қазіргі «Жұлдыз» журна-
лына әңгіме, новеллалар жариялай бастайын. Бір күні «СҚ»-
дан әңгіме жазып беруім жөнінде сұрау түсті. Орындадым
«Елбаның ашуы» деген әңгімем аға газет бетіне шыға келсін... 
Міне, осы әңгіме маған аға газеттің тек бетін ғана емес, есігін 
де ашты...
– Сіз Ертіс – Қарағанды каналы құрылысына қатыстыңыз. 
Гидротехникалық мамандығыңыз жоқ. Құрылысқа қандай ой-
мен бардыңыз?
– Жалпы, 1961 жыл мен үшін өте жемісті жыл болды. 
Сол жылы ҚазМУ-дің журналистика факультетін сырттай 
оқып бітіргенмін. Екі балаға әке, екі кітапқа автор болдым. 
Қазақстан Жазушылар одағына мүшелікке өттім.
Әскерге жастай алынып, оның сапында 12 жыл тұрғаннан 
кейін азаматтық өмірдің қыр-сырын терең біле қоймайтын-
мын. Ал жазушылық жолға түскеннен кейін не жазарымды 
білмей жүргенімде, Ғылым академиясының президенті, акаде-
мик Қ. Сәтбаевқа жолығу сәті түсіп... Яғни, канал құрылысына 
қатысу ойын маған сол кісі салсын. Ал бұл кездесудің неден 
басталып, қалай өткенін 1989 жылы «Жалын» баспасынан 
шыққан «Бақытты сәттер» кітабымда жазғанмын.
– Біздің буын сізді жол үстіндегі жазушы ретінде таниды. 
Өткен ғасырдың 90-жылдарының бас кезінде Сіз Сібірге са-
пар шегіп, содан біздің газетімізге есеп жариялағансыз. Сол 
сапарыңызға не себеп болған еді?

173
– Павлодар облыстық партия комитеті 1965 жылы Ер-
мак қаласының орталығына, партия қаржысына, қала аттас 
қанішер атаманның ескерткішін қойған болатын. 1986 жылғы 
Желтоқсан оқиғасынан рухы көтерілген жастар енді сол 
ескерткішті алу мәселесін көтерсін.
«Алаш», «Азат» партиялары мен «Аттан» қозғалысының 
мүшелері көшеге шығып, «Ермак ескерткіші алынсын!» 
ұранын көтереді. Осы уақытта оянған Сібірлік казачество 
мен жергілікті орыс шовинистері шығып, «Ермак ескерткіші 
алынбасын!» деп даурығады. Текетірес алты жылға созылды. 
Қай жағының болсын саны жылдап емес, айлап өсе түссін. Елді 
үрей жайлады, сәл ұшқыннан ұлтаралық қақтығыстың бұрқ 
етер қаупі туды. Сол уақыттағы үкімет басында отырғандар осы 
тұстан «қопарылуы» мүмкін ұлтаралық жанжал бетін қайтару 
амалдарын іздестірумен болды. Ел жаққа қарап үнемі елеңдеп 
тұратын өзімнен де маза кетті. Қайткенде де мен бір шараға 
баруға тиісті болдым. Алайда ол қандай шара екенін білмеймін. 
Бір күні сол шара табылғандай болды. Сібірдің төрт қаласының 
дүниеге келуіне 1992 жылы 400 жыл болады екен. Осы тұста 
маған «Неге сол қалалар әкімшілігіне Ермак ескерткішін 
заңсыз тұрған жерінен алып кетуді айтпасқа, не болмаса, 
біздің республика үкіметіне «Сіздің жақта заңсыз тұрған Ер-
мак ескерткішін заңды жеріне қою үшін бізге сыйлаңыздар» 
деген өтініш айтқызбасқа?» деген ой келді. Үкіметтің осы 
мәселе төңірегінде пышақ жүзінде отырғандай жағдайы сон-
ша, менің ұсынысым келесі күні-ақ жауап алды. Нұрекең – 
Президентіміз үкіметке «Сібірге осы тапсырмамен Исабаевтың 
өзін жіберіңдер» депті. Бардым. Ана төрт қала әкімдерінің 
бірде-бірі ескерткішті алу ықыласын білдірмеді. Десе де, 1992 
жылдың 15 наурыз түнінде ескерткіш тұғырдан тайдырылды. 
Мұның қалай болғанын мен көп жазғанмын уақытында.
Ендігі кезекте қала атын өзгерту тұрды. «Ермак» атауын 
бірден қазақша атаумен ауыстыра салу соңы күтпеген оқиғаға 
апарып соқтыруы мүмкін. Сондықтан да мен қалаға Потанин 
атын қоюды ұсынайын. Сол күндері – 1992 жылдың мамыр 
айының аяқ кезінде мені депутаттарға Потанинді жақынырақ 

174
таныстыра түсу үшін Ермак қалалық кеңесі сессиясына 
шақырды. Бардым. Сессия болатын екі қабат еңселі үйдің 
есігінің алдында оң жақта «Алаш», «Азат», «Аттан» партия-
лары атынан «Қала атауынан «Ермак» алынсын!» деген ұран 
көтеріп, қазақ жігіттері тұр, сол қол жағында «Қала атауынан 
Ермак аты алынбасын!» деген ұран көтерген Сібір казачествосы 
өкілдері мен жергілікті шовинистер тұр. Екі жақ та қандарын 
ішіне тартып алған, сұп-сұр. «Айт!» десең біріне-бірі лап қо-
йып, кеңірдектеріне қол салуға бар қаһарлы жұрт. Қала атауы 
жабық дауыспен шешілу керек екен. Сол үшін бюллетеньнің 
қазақша жағына «Ақсу» деген атау жазылып қойыпты. Ал 
орысша атауы жағы ашық. Егер мен Потаниннің атын қоюды 
жеткілікті дәлелдей алсам, сол жазылады, ал дәлелдей алма-
сам, Ермак аты қалады. Онда дала тыныштықтан да айырыла-
ды. Потанин жөнінде 40 минуттай сөйледім. Сұрақтарға жау-
ап бердім... Менің қуанышыма қарай 50 депутаттың (5-6-сы 
ғана қазақ) көпшілігі бюллетеньнің орыс жағына По танин 
атының жазылуына қол көтерсін. Осымен менің міндетім 
аяқталды. Сессияға УАЗ машинасымен келгенмін. Кетіп бара 
жатқанымда төбеме тас борасын. Павлодарға зытып бердік. 
Келесі күні білсем, депутаттар қалаға «Ақсу» атын қоюды 
қолдапты. Ал кеше қазақ жағы «Ана жазушы қала атауынан 
бір орыстың атын алып, басқа орыспен ауыстырып барады» 
деп, казачество жағы «Қала атауынан Ермак атауын алдырып 
бара жатыр» деп мені тас боран астына алыпты...
– Екібастұз көмірін ашқан қазақты да тапқан Сіз деген 
сөз бар?
– Біздің жақтың орыс, қазағының аузында «Екібастұз 
көмірін Пішенбайдың Қосымы тапқан» деген сөз бар. 
Екібастұз қаласының бір көшесіне соның атын қою мәселесін 
көтергенімде, Павлодар обкомының насихат бойынша хат-
шысы Бариков (Ермакқа ескерткіш қойып жүрген де осы) 
«Патшаның әлдеқандай бір саясатына қарсы шыққаны үшін 
сотталып келген Бородин деген инженер Ақмоладан этаппен 
Павлодарға айдалып келе жатқан, жолшыбай Екібастұздың 
бір көшесіне соның атын қою жөнінде шешім дайындалып 

175
жатыр. Ал сенің Қосым жөніндегі мәліметің жалған ақпар» 
десін. Мен шегінбедім. ХІХ ғасырдың соңғы жартысында Сібір 
қалаларында шығып тұрған ескі журналдарды парақтай баста-
дым. Нәтижесінде сол кезде даладан кен іздеген орыс, фран-
цуз, ағылшын инженерлері Қосым жөнінде пікірлер айтқан 
екен. Оның үстіне Киев архивінен Екібастұздың көмірін 
Қосымның ашқаны жөніндегі нақты мәлімдеме де шыға 
келсін. 15 жылдың ішінде тапқан осы деректерімнің басын 
қосып Бариковтың алдына қояйын. Ол құжаттармен танысып 
алғаннан кейін «Ал, не айтқың келеді?» деді. «Бородин деген 
инженер жоқ. Ана көшені Пішенбаев атына қою керек» дедім. 
«Енді ол композитор Бородин атындағы көше болады» деді. 
Мен «Осы айтқандарыңызды «Крокодил» журналына жария-
лап жіберсем ше?» дегенімде, Бариковтың зәресі ұшып кетті.
Иә, ақыры 1977 жылы Екібастұз қаласының бір көшесіне 
Қосым Пішенбаев аты, орталығына 1994 жылы, Қосымның 
туғанына 150 жыл толуы атап өтілген жылы ескерткіші 
қойылды.
– Сізді кейде туған өлкенің тірі шежірешісі деп ойлап қоям. 
Еліміздің тарихы жөніндегі пікіріңізді сан естігенбіз...
– Халқымыз басынан өткен тарихқа өзімнің де үңілген кезім 
болған. Дәлел – «Шоң би» трилогиясы. Осы бидің өмірін зерт-
теп жүргенде қызық деректерге кездескенім бар. Ресей үкіметі 
1822 жылы қазақ даласын билеудің жарғысын шығарады. Сол 
бойынша Орта жүз округтерге бөлінеді де, әр округ басына 
тек төрелерден ғана (Шыңғыс хан ұрпақтарынан) сайланған 
аға сұлтандар ғана отыруға тиісті болады. Яғни, елді басқару 
ісіне қара қазақтарды жолатпайды. Кеңес Одағы тұсында 
ел партияның Орталық Комитеті, Министрлер Кеңесі және 
Жоғарғы Кеңес арқылы басқарылды ғой. Бұлардың басында 
негізінен орыс, армян, ұйғырлар сияқты басқа ұлт өкілдері 
отырды. Десек те, там-тұмдап қазақтан тағайындалғандар да 
болды. Алайда мұндайлар халыққа жетекшілік етуден гөрі 
жоғарыдан келген нұсқауларды мүлтіксіз орындап тұратын 
Мәскеу прорабтары міндетін атқарушылар ғана болды. Яғни, 
бұл жылдарда да қазаққа билік тимеді. Десе де, 1822 жылғы 

176
жарғы баптарын бұздырып аға сұлтан болған бір қарапайым 
қазақ табылды. Ол – Шоң би еді.
Қазақ елінің 8 ғасыр бойы, ұлы Абайша айтқанда, «өз 
қолында ырқы болмай» келді. Оның, әсіресе, соңғы 70 жылдан 
астам уақытында Кеңес Одағының тұсында, негізінен, КПСС 
және орыс тарихы насихатталды. Қабанбай жөнінде хабары-
мыз болмады. Міне, аспаннан түскендей тәуелсіздік келді. Енді 
хандар мен төрелер тарихын қаузай бастадық.
Ал қазақ тарихы әлі жоқ.
– 1975 жылы канал құрылысы аяқталды. Осыған байла-
нысты құрылыс тресі Орталық Комитет алдына наградаға 
ұсынылған құрылысшылар тізімін қояды. Қарап отырса, 
тізімде Исабаев жүр. Орталық Комитеттегілер «Бұл қандай 
міндет атқарды?» дейді. Канал  өкілі «Ешқандай да міндет 
атқарған жоқ, құрылыс барысын зерттеумен ғана жүрді» 
дейді. Орталық Комитеттегілер «Сонда сіздер көрінген көк 
аттыны наградаға ұсына бересіздер ме?» деген екен. Сон-
да канал өкілі «Бұл кісі 101-ші құрылысты бұзғызды» дейді. 
Орталық Комитеттегілер «Сонда сіздер құрылысты бұзғаны 
үшін наградаға ұсынасыздар ма?» деп бастырмалады...
Десе де Сіз Қазақстан Жазушылар одағында құрылыс-
шылармен бір тізімде Еңбек Қызыл Ту орденімен наградталған 
жалғыз жазушы болдыңыз. Осы фактіге, жалпы өзіңіздің ка-
нал құрылысында не істегеніңіз жөнінде түсінік бере кетсеңіз?
– Иә, ол тізімді трест атынан партком хатшысы Попов де-
ген әкелген болатын. Орталық Комитетте болған әңгімені 
өзіме айтқаны бар. Каналды аралап, дерек жинап жүретінмін. 
Соның арқасында құрылыс барысынан 6 кітап жазыппын... 
Сайын далада жүрген құрылысқа кім келе берсін, әсіресе учас-
ке инженерлерінің көбі практиканттар болды. Яғни, тікелей 
құрылыс жүргізілетін жобаны оқи алмайтындар. Осындай 
шалалықтың бір фактісін 101-ші құрылыстан көрдім. 
Бұл өзі каналда авариялық жағдай туып қалғанда өзекті 
жауып тастайтын қақпа – өте күрделі құрылыс еді. Жоба-
да бұл құрылыстың жоғарғы деңгейі канал түбімен бірдей, 
яғни «00» сантиметр болу керек деп көрсетілген. Жобаның 

177
сапасы да нашар екен. Сандары өшкен. Әрең көрінеді, мы-
салы, учаске инженері әлгі 00 сантиметр табалдырықты 66 
сантиметр деп ұғып, канал түбінен соншама биік қылып 
құйып қойыпты. Учаскелік инженердің ісінің шалалығын 
айтып, біраз керілдесіп алуға дейін бардық. Мен оған «Мына 
құрылысың ертең канал жұмыс істегенде оның өзегіндегі рак 
ісігіндей болып тұрады. Өйткені сен су жолына көлденең бөгет 
жасап қойғансың» деймін. Ақыры инженер ісінің бұрыстығын 
түсініп, «Бас инженер осы құрылысты тез аяқтау үшін ақша 
сұрауға Мәскеуге кетті, енді қайтеміз?» деп учаске инженері 
өзіме жабысты. Мен оған «Осы табалдырықты тез бұзсақ, 
соғұрлым ертең құрылыс та тез аяқталады» дедім. Ол менің 
тілімді алды.
Бұл өзі құрылыста үлкен сөз болды. Мен де тәуір-ақ сөз 
естідім. «Құрылыста бір жазушы зиянкестік жасапты» деген 
дақпырт жетіп, Мәскеуден арнайы комиссия да келді. Толып 
жатқан сөздің тобықтай түйіні: комиссия «Жазушы мына 
құрылысты бұздырып ертерек істеген. Ал мына қатені канал 
толық біткеннен кейін көргенде, оны бұзып, қайта салу өте 
қиынға түседі екен» деген қорытынды шығарсын. Осылай 
жазушы Қалмұқан Исабай бір құрылысты бұзғызу арқылы 
наградаға ұсынылды.
– Әңгімеңізге рахмет, тойыңыз тойға ұлассын!

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет