ҮРДІННІҢ КӨРДІМ ҮР КҮНІН...
Иордания Корольдігін жергілікті жұрт Үрдін деп атай-
ды. Қараша мен мамыр аралығында болмаса, алты ай жаз
мұнда жауын-шашын деген болмайды екен. Сахараның шөліне
үйренген арабтардың тұрмыс-тынысында ежелден бастау
алған үрдіс, дәстүрлердің молдығын Амман әуежайына табан
тіремей жатып-ақ аңғарған болдым. Стамбұлдан көтеріл-
ген ұшақ Үрдін астанасына дейін екі жарым сағат ұшып,
жергілікті уақытпен кешкі бесте әуежайға қонды.
Осында қарсы алған Қазақстанның Аммандағы құрметті
консулы Абдуллаһ әл-Киссуани амандық-саулық сұрасып,
енді екі сағаттан соң Жераш шаһарында өнер фестивалінің
ашылу салтанаты болатынынан хабардар етті.
– Ассалаумағалейкүм, бармысың, бауырым? Қазақстан,
ел-жұрт аман ба? Өзің келеді деген хабарды естіген соң,
Үрдіндегі үш үй қазақ елеңдеп отырмыз. Мынау менің қызым
Сәмә, алтыншы оқиды, осындағы Салық Қазақ деген ағаң мен
боламын.
Қағілездеу келген жігіт ағасының қимылы да, сөзі де ширақ.
– Қасыңда боламын, кеткеніңше тәржімашы міндетін өзім
атқарамын, – деп қояды ағамыз. Ол жол бойы өз тағдырынан
хабардар етті. Өткен ғасырдың жиырмасыншы жылдарының
аяғында басы ауған жаққа босып кеткен елдің көшінде
Салықтың әкелері де бар екен.
– Адайдың ішінде Жеменейміз, – дейді ағамыз.
Түрік, Ауған, Иран айналып, дүниенің сайынан сая тап-
пай босқан бұл әулет алпысыншы жылдары Сирияға көш ба-
сын түзеген екен. Онда жете алмай, осы Үрдінде орнығып
қалғанына да қырық жылдың жүзі ауыпты. Әкелері Омекең
өмірден озарда үрім-бұтағының барлығының фамилиясы бұдан
былай Қазақ болсын деп аманат етіп кетіпті.
75
– Елден хабар сирек. Тоқсан бесте әкемді алып Қазақстанға,
атамекеніміз Маңғыстау өңіріне барып қайттым. Осы сапар
ұлы Абайдың тойына тұспа-тұс келіп, соған қатысу бақытына
ие болдық. Мысырда елші болып тұрғанда Болатхан Тайжан
бауырымызға аралас-құралас едік... Тағдыр ғой, кіндік қа-
нымыз жат жерде тамса да ел деп соғады бұл жүрек. Сүйегі –
Алтын Жаппас, Сүйеп деген ақсақал бар еді осында. Екі баласы
да араб қызына үйленген. «Тұқымым таусылды ғой...» деп жы-
лап кетті байғұс.
Салық Қазақ сарғайған екен, сағынған екен. Үш ұл, үш қы-
зы бар. Үлкендерінің бәрі Түркияда тұрады. Ағасын әуежай-
дан күткен Сәмә қыз – ағылшын, араб, түрік тілдерінде еркін
сөйлейтін Сампоз Қазақ есімді оқу озаты.
...Халықаралық Жераш өнер фестивалі елде биыл жиыр-
ма үшінші рет өткізіліп отыр. Бұл шаһар – біздің дәуірімізге
дейін 160 жылдар мұғдарындағы көшпенді арабтардың На-
бат тайпасы, одан сәл беріректегі Рим империясынан бас-
тау алатын тарихы бар көненің көзіндей мекен. Ежелден
қалған ескерт кіш жәдігерлер көп. Арабтар – өткеніне өбектеп
қарайтын халық.
Шілденің 21-жұлдызында кешкі жеті жарымда фести валь
алауын елді қырық жылдан артық басқарған король Хусейн-
нің зайыбы Ханшайым Мәлике-Нұрдың өзі тұтатты.
Тастан қашалған, кемі он мың адам сыятын ашық сарай
адам ға толы. Көрермендер алыс-жақыннан ағылып келгенге
ұқсайды. Биылғы өнер мерекесінің жөні ерекше, аясы кең.
Себебі мұнда Ирак, Ливия, Румыния, Египет, Сирия, Франция,
Палестина, Чехия, Жапония, Қазақстан секілді жиыны отыз
төрт іргелі мемлекеттен өнер жұлдыздары, ән-би ұжымдары,
ақындар мен суретшілер шақырылған. Жарты айдан астам
уақытқа созылған өнер бәйгесінің беташары Үрдіннің әйгілі
эстрада жұлдызы Диана Каразонның концертімен ашылды.
Жераш аспанында төрткүл дүниеден жиналған өнерпаздар ән
шалқытып, әуен тербетті.
Фестиваль директоры Жаржас Самауи беташар сөзінде
әлемді өнер атаулы ғана ізгілікке бастайтынын айта келіп,
76
адамзат баласы осындай ізгі шараларға ғана ынтық болса екен
деген ой меңзеді.
Күнде кешкі сағат жетіде мереке бағдарламасы бойынша
түрлі шаралар бірнеше жерде қатар басталады. Арабтардың
бойына біткен сабыр, рақым сияқты қасиеттерден болса ке-
рек, ұйымдастыру жұмыстары ың-шыңсыз, рет-ретімен. Әр ел-
ден келген отыз жеті шайыр түрлі пікір алысулар, кездесулер,
конференцияларға қатыстық.
Кешкілікте күн сайын үш ақынның біріккен кеші болады.
Ондай кештер бірде мың орындық Поэзия сарайында, бірде
Ханшайым Мәлике-Нұрдың үлкен сарайында өтеді.
Арабтар өлеңнің әуені мен әуезіне сонша көңіл бөледі
екен. Беріліп тыңдайды. Абай хакім айтатын «уәзінге өл-
шеп тізілген» деген жыр жолдарында аңғарылатындай, ара-
би – аруз-араб поэзиясының табиғатына тән фонетикалық
ерекшеліктерден туындаған өлең өлшемі, бұл үрдіс біздің
бүгінгі жазба өлеңімізде кеңінен тараған. Халқы бір милли-
оннан сәл ғана асатын Амманда Поэзия сарайы аталатын жыр
жайының болуының өзі елдің өлең әлеміне деген құрметінің
қаншалықты дәрежеде екенін айқын көрсетсе керек.
Шілденің 27-жұлдызындағы жыр кешінің алғашқы ке-
зегі маған тиді. Өзіме берілген 40 минутта жиырмаға тарта
өлеңімді оқыдым. Консул Абдуллаһ мырза баласы Мұхаммед
екеуі залдағы көрерменнің бәрінің алдына жырларымның
тәржімесін қойып шығыпты. Жұрт үлкен ықыласпен тыңдады.
Египет ақыны Ахмад Шаһауи, Араб Эмиратының шайыр қызы
Жамаана Саадак үшеуміздің бірігіп өткізген кешімізді жоғары
бағалады жиылған жұрт.
– Поэзияда ұлт та, тіл де болмайды, оның ұлты да, тілі де –
поэзия. Сенің жырларыңды жатқа оқығаның жанымызды тер-
бетті, бауырым, – деп құттықтады бірінші болып Мәскеу дегі
Кинематография институтының түлегі, үрдіндік талантты
қаламгер Ясир Кубайлат. Мерекені ұйымдастырушылардың
бірі Хаафиз Алиаан да қазақ елі, қазақ өнері туралы әлі де аз
білетінін айтып, қолымды қысты. Осы мерекеге шақырылып,
тамыздың алтыншы жұлдызында Жераштағы үлкен сахнада
77
өнер көрсетуге тиіс Қазақстан Президенті оркестрінің түрлі се-
беппен жете алмай қалғанына өкініш білдірді Хаафиз мырза.
Қазақстанның Аммандағы құрметті консулы Абдуллаһ –
елдегі аса бақуатты адамның бірі. Өзі ғалым, өзі жазушы. Қазақ
елінің экономикасы мен мәдениеті жайлы кейінгі жылдары
екі кітап жазған. Осы өнер мерекесіне қазақ өнерпаздарын
шақыру жөнінде мәселе көтерген. Үрдіннің жоғары оқу
орындарында қазақ жастарын оқыту жөнінде келісімдерге
қол жеткізген. Бүгінгі қазақ жырының талантты өкілдерінің
жолма-жол аудармасы әзір болса, жыр жинағын араб тілінде
жариялатуды өз мойнына алатын ойын білдірді Абдуллаһ мыр-
за. Осы шаруаны ұйымдастыруды қолға алуға уәде еттім.
Келесі күні елдегі ежелгі тарихы бар мекен Рум жазығы,
Бадра тауын бетке алып, үш жүз шақырымдық межелі жер-
ге бет түзедік. Күн күйіп тұр. Шайырлар мінген автобус іші
салқын. Маған Иордан университетінің дін факультетінде
оқитын қырғыз баласы Ибраһим Асанұлы аудармашы болып
ере шықты.
Жол бойы елді мекендер, құм көшкен мекиен шөл. Жантақ,
көде секілді шөптер сирек-сирек қана ұшырасады. Шаруа
баққан көшпелі бәдәуилер шатырда тұрып жатыр, сахараның
шұбырған түйелері меңіреу шөлдің тілінде тірлік кешетін
сияқты. Екі күн бойы дала кезіп, елдің тарихи мекендеріне
тағзым еткен ақындар Амманға шабыттанып, арқаланып
оралдық.
Араб тілі – семит тобына кіретін тілдердің ішіндегі ең
көп тарағаны. Бұл тілде сөйлеушілер 100 миллион адам ша-
масында. Олар: Мысыр, Сирия, Кувейт, Үрдін, Ливия, Ту-
нис, Алжир, Марокко, Ирак, Судан, Иемен, Бахрейн сияқты
жерлерде мекендейді. Араб тілінде шетжұрттық сөздер өте
аз қолданылады. Ұлы Абайдың жас кезінен араб тіліне ден
қойып, қазақ өлеңіне «ғаруз» өлшемін енгізуі кездейсоқтық
емес. Себебі әлемде араб тілі Шығыс кілті ретінде бағаланады.
Үрдін мемлекетінде бес миллионға жуық халық бар, жері-
нің 80 пайызы шөлейтті аймаққа жатады. Халық санының
жартысына жуығы 15 жасқа дейінгі балалар.
78
Елді король басқарады. Бүгінгі мемлекет тізгінін ұстап
отыр ған король екінші Абдулла Хусейннің баласы. Жұрттың
өмірге деген сенімі нық, иманы кәміл. Үрдінде заң қатал.
Ұрлық-қарлық жоқ. Түнгі Амман базарларында ашық жатқан
сатушысыз дүкендерді көріп таңғалады екенсің. Мұнда арақ
ішіп, көшеде мас болып жүру мүмкін емес көрінеді. Ел патша-
сына сенеді, оның сыртынан ғайбат айтуға жол бермейді. Араб
мемлекеттерінің ішінде үрдіндіктердің оқу-ғылымға ерекше
ден қоятынын аңғардым, мұндағы көпшілік исламды әлемді
кесапаттардан қорғайтын күш ретінде бағалайды.
...Қайтар уақыт жақындағанда Салық Қазақ қой сойып,
ешкі сүтінен жасалған қымызын сапырып қонақ етті. Сол
үйге тайлы-тұяғымен жиналған Үрдіндегі үш үй қазақ мен
сыйлаған Айгүл Үлкенбаеваның орындауындағы күйлерді
тың дап, көздеріне жас алысты, бәріміз де қимас бір сәттерді
бас тан кешірдік.
Мұндағы қазақтардың бәрі де іс адамдары. Салық аға мен
Зейнеш жеңгейдің тігін цехы, Бердәулет баласы Мақсұт есімді
бауырымыздың үлкен дүкені бар. Мақсұт інім көзі ашық,
бірнеше тілге жүйрік, көшелі азамат екен. Осында туған, араб
мектебін бітірген, түркиялық қазақ қызына үйленген, екі ба-
ласы бар.
Қазақстанда болып көрмепті, жоғары білім алған, саясаттан
да хабары мол, нәсіп болса, атажұртқа ораларына сенімді.
– Хош келдіңіз, аға, бір жасап қалдық қой. Қазақстан тә-
уелсіздігін алғанда ақсарбас айтып, той жасағанбыз. Қаты-
нас сирек, соның жиілегені жөн. Осыдан екі-үш жыл бұрын
Қазақстан футболшылары Үрдінге келіп жолдастық кезде-
су өткізді. Күн ыстық, жігіттер шөлдеп қалады ғой деп су-
суанымды даярлап, жүрегімді қолыма ұстап, жаттығу болып
жатқан жеріне жетейін. Нанасыз ба, сол топтың ішінен «Ас-
салау...» деп амандасуға жарайтын бірде-бір қазақ баласын
таппай салым суға кетті, үйге шақырам деген арманым адыра
қалды, ойындарына баруға да зауқым соқпады, – деп бір мұңын
жайып салғандай болды Мақсұт інім әңгіме арасында...
79
...Амман әуежайынан авиалайнер елге қарай бет алғанда
терезеден жерге қарадым. Сап-сары құм сағыныштың сама-
лын соқтырып сусып бара жатыр. Соның ішінде араб жұрты
ұжмақ орнатуға кіріскендей. Бұл ел маған қанағат пен ра-
қымның, сабыр мен ардың мекеніндей болып елестейді енді,
жүректі жыр жолдары тербейді.
Үрдіннің көрдім үр күнін,
Жанымның аштым бір гүлін...
«Қазақ әдебиеті» газеті.
2004 жыл
80
«ӘДЕБИЕТ – АРДЫҢ ЕМЕС,
АҚШАСЫ БАРДЫҢ ІСІНЕ АЙНАЛЫП
КЕТПЕСЕ ЕКЕН...»
– Өткенде Сіздің әдеби орта туралы пікіріңізді оқыға ным
бар. Орнықты ой айтыпсыз. Мағжан «Толқынды толқын қуа-
ды» дейді, сондықтан әңгімемізді қазақ жырының қазіргі хал-
ахуалы, ғасыр айрығындағы қаламдас ағайынның жай-күйі
туралы айтудан бастасақ.
– Сөз күйігі қашанда жүрекке түседі. Қалам – қылыштан
да өткір құрал. Алыстан іздемей-ақ, Бұқардың Абылайға,
Сүйінбайдың Тезек төреге, Махамбеттің Баймағамбет сұлтанға
айтқанын зерделесек те жарар. Қай халықтың да әдебиетінің
тууы, өсуі, өркендеуі үлкен құбылыс. «Үлкен мәдениеті бар
халық – үлкен халық» дейді Нобель сыйлығының лауреаты,
философ Альберт Щвейцер. «Гомер ақын Эллада қауымын ат-
тас тәрбиелейді» дейтін Платон сөзі – әдебиеттің эстетикалық
қуатын көрсететін баға. Әдебиет беделі – ұлт беделі. Дүниеде
сөзден мәңгілік ештеңе жоқ. Ол ғасырдан-ғасырға жалғасып,
жылдардың желмаясымен желіп мәңгілік жасай береді.
Адамзат өркениетін дамытуға үлкен үлес қосып, жұрттан
бұрын тас қашап, сәнді сарайлар тұрғыза алған бабалары-
мыз даму көшінде кенжелеп қалған. Тарихтың тас кітабы со-
лай дейді. Қорқыттардан бастау алып, Абай мен Шоқандарға
дейінгі көрікті керуен болған төлтума мәдениетіміз бен әде-
биетіміз, халық ауыз әдебиеті атты айдынға бастар арналар –
халықтың өзін-өзі тануының қайнар көзі.
Соның бір тармағы – жыраулық поэзия. Ол сөз өнері ғана
емес, қазақ жұртын мәңгі тербетер бесік, намысыңды жаныр
тасқайрақ.
81
Арғымақтың баласы
Арыған сайын тың жортар
Арқа мен қосым қалар деп,
Адамзат ердің баласы
Жабыққанын білдірмес
Жамандар мазақ қылар деп.
Сонау ХV ғасырда жырлаған Қазтуғандар сөзі көнеріп,
жырының рухы төменшіктеп көріп пе? Олардың алдаспан
жырлары бізге де, бізден кейінгілерге де тұнық тұма, мөлдір
бастау болып қала береді.
Сөз жоқ, біздің ұлт үшін жаңа поэзия Абайдан басталады.
Фирдоуси, Низами, Гейне, Пушкин сияқты ол да ақындық
өнерді шыңға шығарды. Абай поэзиясы – қазақ топырағында
өресі биік, ойы заңғар, рухы асқақ, көркемдігі керім қалпымен
қалатын ғажайып әлем. Мұраты ұлы қаламгерден ұлы
шығармалар туатыны анық. «Өлең – сөздің патшасы, сөз сара-
сы» деп ақындық кредосын алға тартқан Абай:
Сылдырап өңкей келісім,
Тас бұлақтың суындай.
Кірлеген жүрек өзі үшін
Тұра алмас әсте жуынбай, –
дейді. Мың құбылған бояулар арқылы рухымыздың таза-
лығын, жанымыздың жарасымын жырдан табамыз. Өміріміз-
ге үндестік іздейміз. Таңғы шыққа шомылған құстардың да-
уысындай, алқынған ақ бұлақтың арынындай, шолпының
сыңғырындай бір әдемі күй жан дүниеңді баурайды. Өлең
құдіреті деген осы. «Лирика – поэзияның поэзиясы» деген Бе-
линскийдің тұжырымы бар. Соны Абайша айтсақ: «сың ғырлап
өңкей келісім»...
Мұны айтып жатқаным – тақырға тал өспейді, жоқ бар бол-
майды. Б. Пастернак айтады «Ақын – ұжымдық құбылыс, ол
дара болмысымен бір ортада өсіп шығады. Пушкин секілді
ақындар аренаға шығуы үшін көптеген ақындар «көпір» бол-
6-267
82
ды. Пушкиннің өсіп-жетілуі үшін Туманский, Дельвиг, Бог-
данович, Козлов сияқты ақындар керек болды» деп. Осы пікір
Абайдан соңғы қазақ ақындарының қай-қайсысына да ортақ.
Мағжан, Сәкен, Ілиястардың соңын ала Қасым жыр көгінде
қалықтады. Қазақ өлеңіне «өртке тиген дауылдай» асқақ да-
уыс, қайсар рух әкелді. «Ақынмын деп айқайлап жүргендер дің
Әммесінен Қасымның десі басым» деп Мұқағали жырлағандай,
өзінен кейінгі Сырбай бастаған ақындарға керемет әсер етті ол.
Мұқағали ағамыздың ақындық қуатын көзі тірісінде ешкім
бағаламады деген жаңсақ пікір. Оның үлкен ақын екенін әдеби
орта мойындаған, жыр жинақтары қолдан-қолға көшкен.
Ал ресми орындардың дер кезінде марапаттамауы, тағдыры-
ның түйткіл тұстары басқа әңгіме. Ал оның тұстастары Сағи,
Жұмекен, Тұманбай, Қадыр – қазақ өлеңіне олжа салған
жұлдызы жарық есімдер. Бұлар да бір-бірінің биікке шығуы-
на себеп болған ақындар. Осы жылдың басында Қалаубек
Тұрсынқұлов, Мұхтар Шаханов ағаларыммен бірге Стамбұлда
өткен түркі дүниесі әдбиетінің өзекті мәселелеріне қатысты
үлкен жиынға қатыстым. Сонда заңғар жазушы Шыңғыс Айт-
матов «Өлеңнің құдіреті сол, бес-алты шумаққа үлкен эпопеяға
өзек бола алатын бір халықтың тағдыры мен зар-мұңын
сыйғызып жібере алатындығында» деген еді. Сонда менің ойы-
ма Кеңшілік ағамның «Боз биесі», Темірханның «Ұста дүкені»,
Несіпбектің «Есіл де есіл, есіл күні», Есенғалидың «Қара ба уыр
қасқалдағы», Ұлықбектің «Намаздыгерде, қолатта» секілді
өлеңдері түсті...
– Сонда қазақ өлеңінің бүгіні нұрлы, болашағы жарқын
демексіз бе? Мысалы, Сіз өзіңіздің, тұстастарыңыздың,
сіз
ден кейінгі буынның поэзиясы оқырманға жетеді деп
ойлайсыз ба? Он үш миллион халқы бар ұлтқа жыр кітап-
тарыңыздың бар-жоғы 500-1000 данамен таралуын немен
түсіндіресіз?
– Думан, тап осы сауалдарды мен кей-кейде өз-өзіме
қоямын. Жиырмасыншы ғасырдағы тоталитарлық жүйенің
өктемдігі 200-ден астам ұлтты бір-біріне мидай араластырып
жіберді. Нәтижесінде жүз шақты ұлт пен ұлыс мәңгілікке
83
жойылып тынды. Төлтума мәдениет жоғалып, рухани болмыс
көмескі тартты. Қазақ даласында жарты ғасырға тарта атом
сынағы жасалды, 20-30-жылдардағы «қызыл қырғыннан»
3 миллион қазақ қырылып кетті. Талай рет шаңырағымыз
шайқалып, уығымыз майысса да, бабалар рухы адалбақан бол-
ды. Сол рух, сол аруақ бізге әлі де жар болып келеді.
Гоголь мен Пушкиннің тұсында Белинский де «Бізде әдебиет
жоқ» деген. Құдайға шүкір, қазақ поэзиясы – ХХІ ғасыр табал-
дырығын нық аттап тұрған өнер атаулының падишасы. Ұлттық
сананың саңырауланған кезіне де саңылау түсіре алатын осы
өлең.
Сүйікті ақыны жоқтың рухани жақыны жоқ. Рухани жа-
рым жандықтан сезім жұтаңдығы басталады. Даңғой Дантеске
анасы өлең сөздің құдіретін ұқтыра алмай қойыпты. Дана Арис-
тотель Филипп патшаның баласы Александр Македонский-
ге жыр тілін түсіндіре алмай қиналған. Поэзияның құдіреті
адамдық асыл сезімнің тууына, ізгілік, шуақ, нұр атаулының
салтанат құруына қызмет жасауында. Қылмыскерлер арасын-
да әлеуметтік талдау жасаушылар олардың көпшілігі өмірінде
өлең оқымағанын айтады.
Ақындық – тағдыр. Ол – Алланың сыйы. Замандардың до-
йыр дырауы да үнемі ақынының басына тиген. Алаштың рухы
болып қайнаған қара қазанның суы сарқылған жоқ. Бүгінгі
жыр жазып жүрген жігіттер мен қыздар – сол қасиетті судың
бір-бір тамшысы. Поэзия парасатын әр ақын өзі қорғап, өз
сезімінің шаранасын өзі әлдилей алуы керек.
«Мен» ғұмырбаяндық триптихін жазған халық жазушы-
сы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Мұхтар Мағауин ағам
«Осы кітапты жазудағы негізгі мақсат – Алла-тағалам мұнан
әрі азды-көпті ғұмыр сыйласа, қаламымды қатқыл, санамды
ашық қылсын деген тілек нәтижесі. Адам алдындағы емес,
әруақ, Құдай алдындағы есеп» депті. Қалам ұстаған әр ақын-
жазушы жауапкершілік жүгін тап осылай сезінсе, шіркін!
Қазақ өлеңі қайда барады деп сауал қою қателік. Өлең –
өмірдің өзі. Ұлт аманда қазақтың қара өлеңінің көші көрікті
болады.
84
Исраил, Нұрлан, Жүрсін, Рафаэль, Иранбек, Жұматай, Кү-
ләштардан басталып, Серік Ақсұңқарұлы, Аманханмен біте-
тін біздің алдымыздағы буынға қарағанда, біздің толқын ның
тағдыры сәл бөлек. Себебі біз әдебиет деген қасиетті орда есі-
гін имене ашқанымызда қоғамда аласапыран басталып кетті.
Біздің орда бұзар отызымыз қоғамдық формациялардың ауы-
суымен, ғасыр мен ғасырдың алмасуымен тұспа-тұс келді. Біз
Жазушылар одағы арқылы пәтер алғанымыз жоқ, мемлекеттік
тапсырыспен кітап шығармадық, жағдайымызды айтып, емен
есіктерді торымадық. Біздің толқын өз жарасын өзі жалаған
бөрінің бөлтіріктері сияқты немесе айдынның тереңінен шы-
мырлап шығып, тынып ағатын ағыстарға ұқсайды. Бұл – ізеті
жоғалмаған жарасымды буын. Бүгінгі қазақ жырының не-
гізгі салмағын көтеретін буын осы. Тыныштықбек, Әбубәкір,
Әділғазы, Қасымхан, Нұрлан, Гүлнәр, Шәмшия, Бауыржан,
Светқали, Шаһизада, Оңайгүл, Қайрат, Сабыр, Қазыбек,
Кәдірбек... Бұлардың бәрі де өз айтары бар, жұртының сөзін
ұстай алар ақындар. Осылардың оқырманы жоқ деп айта
аласың ба? Аламанның алдыңғы легінен қара үзіп көрінген
жүйріктердің қамау терінің алынған тұсы бүгін.
Бізден кейінгі жас деп жүрген Әмірхан (Балқыбек), Ма-
ралтай, Жарастар да отыздың орманына еніп кетті. Олардың
қатарларының да, олардың соңындағы Танакөз, Дәурен,
Әлібек, Жанарбек, Нәзира, Роза, Алмас, Рүстемдердің де шарқ
ұрып ізденіп жүрген, дараланып, сараланып көріне бастаған
шағы. Қазақ жырының ертеңіне күмән келтіргісі келетіндер
«Жас ақындар» антологиясын оқысын.
Солай, Думан, менің ойымша, кітабымыз 500 дана бола ма,
5 дана бола ма, шын ақынға оқырман табылады.
– Ғалеке, шын ақын дейсіз, білсеңіз айтыңызшы, жалған
ақындар қандай болады? Сосын әдебиетке, әдеби ортаға жаса-
лып отырған қамқорлық жайында не айтар едіңіз?
– «Ақынға табынбаған адам – ақылға табынбаған адам» дей-
ді А. Блок. Украин халқы Тарас Шевченкоға тәңіріндей табы-
нады. Каневтегі Тарас тауына барып, ақын рухына мінәжат
етушілерді өз көзіммен көріп қайран қалдым. Бізге де Жиде-
85
байды жырдың Меккесіне айналдырар уақыт жетті. Біздің
халық – ақынын сыйлаған халық, сөздің мәйегі мен сиқырын
түсінетін халық. Қазақ – есіл сөзін езге қор қылмаған ел.
«Ерінбеген – етікші, ұялмаған – өлеңші» дегендей, сөздің асы-
лы мен жасығын айырар құлақ бар елміз.
...Қойып кеттім тереңге,
Партбилетім төбемде.
Өзім өліп кетсем де,
Партбилетті берем бе?! –
деген сияқты ақын ағаларымыздың «қып-қызыл» жырларына
халық ана бір кездің өзінде де сенбеген.
Жалған сезімнен жалаң жыр туады. Жалған жырды жал-
ған ақындар жасайды. Бүгінде өлеңшілер көбейіп тұрған за-
ман. Баспаларға ақша аударып, небір өсиетнама, ғақлия, ар-
нау
ларды қатырма қағаздармен қатырып шығарып, жалын
күдірейтіп жүрген «ақынсымақтар» ауыл-ауылда, қала-қа-
ла
да диуанадай кезіп, жауыннан соңғы саңырауқұлақтай
көбейіп барады. Аузынан «жыны» шашырап кездесу өткізіп,
ат-шапан дәметіп, елдің есін шығаратынын қайтерсің. Осын-
дай «ауылдық», «аудандық» дәрежедегі ақындардың алды
Жа зу шылар одағының есігін күзетіп, мүшелікке қабылданып,
ақын екенін «заңдастырып» алмақ айлаға көшкен. Ал нан-
шайын базардан айырып жүрген, болмаса күлдің үстінде күліс
ой нап отырған «анау» үшін Абай да ақын, арзан жолмен атын
шығар мақ қуаяқ та ақын. Осындайда ойлайсың «Әдебиет –
ардың ісіне емес, ақшасы бардың ісіне айналып кетпесе екен»
деп. Баспалардың пайда тапқаны жақсы-ақ, бірақ жарық кө-
ретін кітаптардың сапасын анықтайтын, «шөпті де, шөңгені
де» өлең етуге жол бермейтін шара ойластыру керек.
Өлең – ақынның өзі. Ол – жұмбағы шешусіз тылсым әлем. Ол
дәріханада алуан қосындыдан жасап беретін дәрі емес. Өткен де
Дүкен Мәсімханның Сіздің газеттен «Алматының ақын дары»
деп атап, «Астана мен тәуелсіздікті неге жырламайсың дар,
коммунистерді өлең еткенде таңдайларың тақылдап еді» деп
86
жер-жебірімізге жетіп ұрысқан «өлеңін» оқып ренжіп қал-
дым...
Жазушыларға, әдеби ортаға қамқорлық жайлы сұрап қал-
дың. Үкіметтен Иманғали Тасмағамбетов келіп, «Тәуелсіз-
діктің 10 жылдығы қарсаңында тәуір дүниелеріңіз болса шы-
ғарып берейін» деген. Уәдесінде тұрды. Бірнеше ақын-жазу-
шылардың кітаптары бүгін-ертең жарық көрмек. Жазушы
бай ғұстың да он жылдан бері көрген жарығы осы. Президенттік
стипендиялар беріліп келеді. Кейде нағыз мұқтаждар осындай
көмектерден қалыс қалып қояды.
«Ораза, намаз тоқтықта» дегендей, сананы тұрмыс билейді.
Ақын-жазушы үшін шығармашылық отбасын асырар табыс
көзі болудан қалды. Еңбегіңнің қайтарымы жоқ. Әдебиетте
нағыз жанкештілер қалған күн бүгін. Көп ақындар өлең ор-
битасынан көрінбей кетті. Жазып жүргендерінің де ішінде
тек нарық рухын сындыра алмағандары қалды. Мысалы, та-
лантты ақын Жәркен Бөдеш қазақ қауымдастығынан ала-
тын жеті мың теңгесімен отбасын асырап отыр. Жоғары оқу
орнын бітірген екі ұлы жұмыссыз. Әлі күнге сырты қатырма
бір жинағы шықпапты. Басқалар сияқты мерейтойларын да
өткізбеді, қайдан өткізсін, ауылы арғы бетте, Жайырда.
Сонда да:
Арғы тауға асумын,
Бергі тауға белеспін.
Жарымаған уызға
Жарты қазақ емеспін, –
деп асқақ жыр жазады. Шаңырағын өлеңнің отымен жылы-
тып отырған Жәркен ағамның Тарбағатайдың арқары сияқты
мүшәйра сайын сахнаға ойқастап шығуы заңдылық. Тіпті, ке-
рек десең, қажеттілік.
Ақындық – тағдыр дедік. Рим ақыны Петроний «Талант
пен жоқтық егіз» депті. Шекесі шылқып тұрған қаламгер жоқ.
Ақын біткен қолдау мен көмекке зәру. Сонда да қамқорлықты
қаламдастар бір-біріне жасайды. Бір-бірін күндесін, бақастық
87
жасасын, меніңше, ақынға ақыннан жақын ешкім жоқ. Тіпті
қабіріңнің басында жылап тұрып топырақ салатын да солар.
Жақында Свет Оразаев деген ақын өмірден өтті. Ол кісінің
тағдыры жайлы «Қазақ әдебиеті» газетінде жақсы мақала жа-
рияланды. Жетісу өлкесінің азаматы еді. Түрмеден шығып,
Ақадырдан түсіп қалады. Сондағы Өмір Кәріпов, Төрехан Май-
басов сияқты қаламгерлер қамқорлық жасаумен болды. Басы-
на белгі қойып, бетін жасырған да солар. Азаматым, ақыным
деп алақанға салып, Арқадағы ағайын арулап қойды.
Несін айтайын, Думан, жақсылықты да, қолдауды да қа-
ламдас, әріптестер бір-бірінен көреді.
Өз басым базар көрмесе де базары тарқамаған Жаңаар қада
өстім. Бір-біреуі бір-бір энциклопедияға бергісіз қариялар-
дың алдында отырып, әңгімесін тыңдаған күндерді сағына-
мын. Жеті жасымнан шабандоз болып, аламанға шауып
едім. Сол киіз туырлықты ақ орда, жазира жон, хас жүйрік,
жусанның исі түсіме жиі енеді. Ал балаларым үшін оның бәрі
ертегі... Меніңше, ұлтыңның өткені мен бүгінін білмей қалам
ұстау деген бос әуре.
– Ғалым аға, әңгімемізді Сіздің жаңа бір өлеңіңізбен түйін-
десек деп отырмын.
– Жақсы. Мынау соңғы жазған өлеңім еді. Аты – Құсқанаты.
Дүр дүние – әр пендеге нақ сонар,
Тауы – мұнар
,
Аспаны – бұлт,
Бағы – ырыс.
Құсқанаты – ар боп жауған ақша қар,
Көктемдердің көзіндегі сағыныш.
Біздің сапар Сарыбелден басталған,
Мен де өлемін армандарым өлген күн.
Күздің түні алқаракөк аспаннан
Құсжолының ақжолағын көргенмін.
Талайыма тылсымдарды кез қылдың.
Ылди көрдім,
88
Жазық көрдім,
Өр көрдім.
Ақ боранды ақпанында мезгілдің
Ақ дүниеге ақын болып келгенмін.
Ойларымның орда бұзар берені,
Тіршіліктің тоқсан тарам толғағы.
...Көктемдерім көктеп қоя береді,
Құсқанаты жауып өтсе болғаны.
– Рахмет, ағай! Жаңа жырларыңыз көбейе берсін!
Думан РАМАЗАН.
«Қазақ әдебиеті» газеті,
2001 жыл
|