Бағдарламасы бойынша жарық көрді ЖҰбаныш а. Жаңбыр жауса екен әңгімелер, пьесалар


ҚЫЗҒАНЫШ (екі актілі, сегіз көріністі пьеса-инсценировка)



Pdf көрінісі
бет4/8
Дата08.01.2017
өлшемі4,64 Mb.
#1413
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8

ҚЫЗҒАНЫШ
(екі актілі, сегіз көріністі пьеса-инсценировка)
 

129
Жаңбыр жауса екен...
ҚАТЫСУШЫЛАР:
Сезім – аурухана палатасында терезе 
алдындағы кереуетте жатқан жас қыз. 
Перизат  – аурухана палатасында есік 
алдындағы кереуетте жатқан орта жастағы 
келіншек.
Хакім  –  Сезімнің әкесі, Перизаттың жас 
кезіндегі сүйген жігіті.
Омар Бекович  –  бас дәрігер.
Клара Жүсіповна  –  бас дәрігердің орын-
басары. 
Екі медбике.
Екі санитарка. 
Ажал  –  (елес түрінде).
Көгершін  –  Сезімнің анасының рухы 
(елес түрінде).
Қосымша: дәрігерлер, медбикелер.

130
Айгүл ЖҰБАНЫШ
Бірінші көрініс.
Палата. Бөлмеге бірінші болып Ажал 
келіп, ерсілі-қарсылы кезіп жүреді. 
(Ажалдың қолында құрығы бар). Сәлден 
соң Көгершін ұшып келеді. Кенет Ажал 
мен Көгершін арасында айқас басталады. 
Бұл өмір мен өлім арасындағы қақтығыс. 
Көгершін бірде Ажалды қанатымен 
қағып ұрып, соққы берсе, енді бірде кері 
шегініп қорғанады. Күшке мінген Ажал 
қарсыласына дес бермей оны аяусыз жа-
ралайды. Қатты жараланған Көгершін 
ұшып кетеді. Ажал бөлмеде қалады. 
Сахнада жарық сөнеді.
Қолында шелегі мен сыпыртқысы бар 
санитарка. Ол палатаға дейін ыңылдап 
ән салып, тазалық жұмысын жасайды. 
Палатаға кірген кезде сөз бастайды.  
Санитарка:
– Заманның әлегі ме әлде адамның 
әрекеті ме білмеймін, түймедейді түйедей 
қып, бірімізді-біріміз қызғанамыз кейде. 
Қызғаныштың қызыл итіне жем болмау 
үшін, жер басып жүргенге шүкіршілік 
етуіміз керек қой! Егер денсаулығың бол-
маса деймін-ау, бұл ғұмырдың мәні жоқ! 
Міне, мына палатада өмірінің санаулы 
сәттері қалған сырқаттар жатыр. Олар 
жүре алмайды, жүрмек түгілі орындары-
нан да қозғалуы қиын. Жарық сәулені те-

131
Жаңбыр жауса екен...
резеден көргісі келеді-ау бақырлардың, 
бірақ, оларға әйнек сыртындағы тіршілікті 
тамашалаудың өзі мұң...  
Бөлмеге екінші санитарка кіреді. Екі 
санитарка есік-терезенің шаңын сүртіп, 
тазалайды. Бірінші санитарка терезені 
қайта-қайта сүртеді. 
Бірінші санитарка:
–  Қарашы, терезенің әйнегі айғыз емес 
пе? 
Екінші санитарка: 
–  Жоқ, айғыз емес! Терезені неменеге 
сүрте бересіз? 
Бірінші санитарка: 
–  Науқастар осы терезеден қарайды ғой. 
Таза тұрсын. 
Екінші санитарка: 
–  Терезеден қарайды деймісіз?! Терезе 
деген аты болмаса мынадан түк көрінбейді 
ғой. 
Бірінші санитарка: 
–  Әйнектен тым болмаса күн көзі көрінеді 
ғой. Мұның өзі науқастар үшін бақыт емес 
пе?! 
Екінші  санитарка:
–  (күрсінеді) Иә, мұныңыз да дұрыс. 
Бұ жалғанның біз түсінбейтін өзіндік 
заңдылығы көп. «Адамның тағдыры 
маңдайына жазылады»,  –  дегенді естуші 
ем, жазмыштан кім құтыла алған?!..
Бірінші санитарка:

132
Айгүл ЖҰБАНЫШ
– Ажал – жас-кәріні талғамайды. 
Құрығына ілсе болды   –  бала бол, баба бол, 
мейлі, дана бол «оңдырмайды»! Қара жердің 
қойны кең ғой, ажалдың көзі қайдан той-
сын! 
Екінші санитарка:
–  Тіршілік барда ажал ешқашан тоймай-
ды! 
Санитаркалар палатаны тазалап 
болып шығып кетеді. Бөлмеге екі мед-
бике, бас дәрігердің орынбасары Клара 
Жүсіповна келеді. 
Клара Жүсіповна: 
–  Мына палата қыста жылы болатын 
шығар, а?! 
Бірінші медбике: 
–  Терезенің саңылаулары мақтамен 
тығындалып, желімделді. Жылы болуы ке-
рек. 
Клара Жүсіповна: 
–  Бұл палатаға жататын науқастың бірі  
–  жас қыз. Әкесі мықты адам, сондықтан 
қыздың кереуетін төрге, терезе алдына, 
мына жерге қойыңдар. (қолымен көрсетеді) 
Мұнан былай сол қызға дұрыстап, оң 
қабақпен қараңдар! Әкесінің айтқанын екі 
етпеуіміз керек! 
Екінші медбике: 
–  Жарайды, Клара Жүсіповна, төргі 
орынды сол жас қызға дайындаймыз.
Бас дәрігердің орынбасары палатадан 
шығып кетеді. 

133
Жаңбыр жауса екен...
Екінші медбике: 
–  Естідің бе, «жас қыздың әкесі мықты 
адам»,  –  дейді. Атағынан ат үркитін әкең 
болса, ауруханада да төрге жатасың! 
Бірінші медбике: 
–  «Байлық  –  қолдың кірі» деген...
Қалтаңда қаражатың болғанымен, басшы 
болып атағың жер жарғанымен не керек
бауыр етің балаң сырқат болса. 
Екінші медбике: 
–   (күрсінеді). Иә, әкесі де қайтсін енді, 
баласы үшін қолынан келгеннің бәрін 
жасайды ғой. Оның үстіне жалғыз қызы 
көрінеді. 
Бірінші медбике: 
–  Уыздай жас қыздың дертке шалдық-
қаны қиын ғой. Әттең, сауығып кетсе игі...  
Жүр, палатаға науқастарды әкелейік. 
Жарық сөнеді. 
Екінші көрініс.  
Медбикенің бірі алдымен палатаға Пе-
ризатты кіргізеді. Оның кереуетін есік 
алдына қоя салады. (Медбике тарс-тұрс 
етіп жүреді).
Перизат:
–  Кешіріңіз, менің кереуетімді терезе 
жаққа қоясыз ба?! 
Бірінші медбике: 
–  Жоқ, сізді терезе алдына жатқыза ал-
маймыз! 

134
Айгүл ЖҰБАНЫШ
Перизат: 
–  Неге? 
Бірінші медбике:
– Ол орынды басқа науқасқа алып 
қойғанбыз... 
Перизат: 
–  Палатаға бірінші мені әкелдіңіздер 
емес пе? 
Бірінші медбике: 
–  Төрге жас қыздың кереуетін қоямыз. 
Ал сіз... Сіз есік алдындағы кереуетке жа-
тасыз...
Перизат:
–  Жас қыз деймісіз?! Япырмай, сіздер 
үлкенді елемей, кішіні төрге жіберетін 
болғансыздар ма? 
Бірінші медбике:
–  Бұл басшылардың тапсырмасы. Біздің 
қолымыздан не келеді тәйірі?.. Терезеде 
тұрған не бар дейсіз?! Бастысы, сауығып 
кетуді тілеңіз. 
Екінші медбике палатаға жас қыз Сезім 
жатқан кереуетті кіргізеді. 
Бірінші медбике:
  (екінші медбикеге) 
–  Абайла, кереуетті дұрыстап ұста!  
Екінші медбике:
–  Иә, жаймен алып келе жатырмын. 
Сезімнің кереуетін терезе алдына 
әкеліп қояды. 
Бірінші медбике:

135
Жаңбыр жауса екен...
– Сезім, бас дәрігердің орынбаса-
ры Клара Жүсіповна «Сені төргі орынға 
жатқызыңдар», – деді. Мінекей, енді сен 
мына терезеден даланы көре алатын болдың. 
Сезім:
–  Алақай-й, рахмет сіздерге! Көптен да-
ланы көргім келіп жүр еді... 
Сезім терезеге қарап біраз отырады. 
Медбикенің бірі палатадан шығып кетеді. 
Бөлмеге Клара Жүсіповна келеді. 
Клара Жүсіповна: 
–  Ал, қыздар, жағдайларыңыз қалай?
Екі науқас бірге: 
–  Жақсы. 
Клара Жүсіповна Сезімнің қасына 
келеді. Оның жастығын реттеп, үстіне 
жамылғысын жабады.
Клара Жүсіповна:  
– Сезімжан, дәрілеріңді ішіп, еміңді 
алған соң, тынығып ал жарай ма?! 
Сезім:
–  Жарайды, Клара Жүсіповна. 
Клара Жүсіповна:  
     – Жаңа әкең хабарласып, сенің жағда-
йыңды сұрады. Ол кісі саған «ертең келе-
мін»,  –  деді.  
Бірінші медбике Сезімнің қасына келіп 
оған екпе салды. Қыз инені ауырсынып, 

136
Айгүл ЖҰБАНЫШ
қиналады. Клара Жүсіповна мен медбике 
оның аяқ-қолын уқалап, әлекке түседі.
Клара: 
–  Сәл шыда, Сезімжан, қазір ауырғаны 
басылады. 
Клара Жүсіповна мен медбике енді 
Перизаттың қасына келеді. Медбике 
екпені дайындап жатқанда Перизат 
қорқа бастайды. Инемен шанышқан кезде 
ол да ауырсынып, қатты қиналады. 
Клара Жүсіповна (сілкініп): 
–  Инені көргенде үрейленетініңіз не 
осы?! Үйренетін уақытыңыз болған жоқ па?  
Перизат:
–  ??? (жауап қатпайды). 
Клара Жүсіповна:  
–  Сіз, дәрігерлер берген күнделікті дәрі-
дәрмекті ұмытпай қабылдап отырыңыз! 
Әйтпесе, жағдайыңыз күндегіден де нашар-
лап кетуі мүмкін! 
Мұнан соң Клара Жүсіповна Сезімнің 
қасына тағы келеді. 
Клара Жүсіповна: 
– Айтпақшы, Сезімжан, егер бір нәрсе 
қажет болса, мына медбике апайларыңа 
айта ғой, жарай ма?! 
Сезім: 
–  Рахмет, Клара Жүсіповна. 

137
Жаңбыр жауса екен...
Клара бөлмеден шығып кетеді. Екі 
науқас үнсіз жатады.
Перизат:
– Мына дәрігер қалай өзі?! Шіркіннің 
қабағы ашылмайды екен. Түнеріп тұрған 
бұлт сияқты.  
Сезім: 
– Клара Жүсіповна маған ұнады. 
Палатаға кіргеннен-ақ жағдайымызды 
сұрап, денсаулығымызды тексерді ғой.  
Перизат: 
– Ай, Сезім-ай, баламысың деген. Біздің 
денсаулығымызды тексеру, емдеу оның 
жұмысы ғой. 
Сезім: 
 Перизат апай, дәрігерлер бізді бір мезгіл 
далаға шығарса ғой, таза ауа жұтатын едік.  
Перизат:  
–  Дұрыс айтасың... Дала сұлу қыз сияқты 
ғой, Сезім. Көктем мен жазда құлпырып, 
гүлді көйлектерін кисе, күзгі салқында оны 
қоңыр күртешемен ауыстырады. Қылышын 
сүйретіп, қаһарға мініп қыс жеткенде тонға 
оранады... Бізді тым болмаса, әр мезгіл сай-
ын бір рет далаға шығаратын болса ғой. 
Сезім терезеге қарап отырып күрсінеді.  
Сезім:
–  Бүгін далада жаңбыр жауыпты. Көшеде 
жүрген адамдар жауыннан тығылып, 
қолдарына қолшатыр ұстап жүр. Жауын 
қала көшесін шаң-тозаңнан тазартыпты. 
Құдды, қала моншаға түсіп алғандай...  

138
Айгүл ЖҰБАНЫШ
Перизат: 
– Рас айтамысың? Жаңбыр жауған ба? 
Сен оны қайдан біліп жатырсың?
Сезім: 
– Бұлттардың өзара қақтығысып, аспан-
ды жылатып қойғанын мына терезеден 
көріп жатырмын. (Қолымен терезені 
нұсқайды). Кереуетімнің терезе алдына 
орналастырылғаны мұндай жақсы болар 
ма?! 
Перизат:
– Терезе деймісің... Қап, мына бөлмеде 
терезе екеу болғанда ғой... 
Сезім:
–  Бөлме кішкентай ғой, екі терезе салуға 
келмейді... Перизат апа, мына терезе сон-
дай шап-шағын а!.. (күледі)
Перизат жауап қайтармайды. Пала-
тада үнсіздік орнайды. Сезім терезе қарап 
жатады, ал Перизат іштей ойға беріледі. 
Перизат:  
– Туһ, қайда барсам да, алдымнан 
кедергілер шығады әйтеуір. Өмірімнің 
соңғы күнінде терезеге қарауымның өзі 
бақыт болып қалатынын, осындай мүсәпір 
күйге түсетінімді біліппін бе мен бейбақ?.. 
Қап, мына қыздың әкесі мықты болмағанда, 
терезе алдына мен жататын едім! Дәрігерлер 
де қызық, ең болмаса, үлкен адамның 
көңілі көтерілсін деп, терезе алдына мені 
жатқызса қайтеді екен?!..

139
Жаңбыр жауса екен...
Осы кезде палатаны Ажал ара-
лап жүреді. Ол біресе Сезімнің, біресе 
Перизаттың қасына барады. Науқастар 
оны сезбейді. 
Жарық сөнеді. 
Үшінші көрініс.
Палатаға бас дәрігер Омар Бекович 
кіреді. 
Омар Бекович: 
– Саламатсыздар ма қыздар?! Хал-
жағдайларың қалай? Денсаулықтарың 
жақсы ма? 
Омар алдымен Перизаттың қасына 
келіп, қан қысымын өлшейді, дене қызуын 
тексереді. 
Перизат: 
– Кешіріңіз, Омар Бекович, менің сізге 
айтар өтінішім бар еді.
Омар Бекович:
– Айта беріңіз, тыңдап отырмын. 
Перизат: 
– Менің кереуетімді терезе алдына қойып 
бересіздер ме?! 
Омар Бекович:
– Мына орныңыз жайсыз болып жүр ме? 
Әлде палата салқын ба? 
Перизат:  

140
Айгүл ЖҰБАНЫШ
– Жо-о-оқ, бәрі де жақсы, жайлы. Менің 
терезе алдына жатып, таза ауа жұтқым 
келеді. Қаланың тіршілігі-і-ін... 
Омар Бекович Перизаттың сөзін одан 
әрі тыңдамай, бөліп тастайды. 
Омар Бекович: 
– Жоқ, сіздерді орындарыңыздан 
қозғауға болмайды!
Перизат үнсіз қалады. Омар Бекович 
Сезімнің қасына келеді. 
Омар Бекович:
– Жағдайың жақсы ма, қалқам. Түнде 
қалай ұйықтап шықтың? 
Сезім: 
– Ұйықтай алмай жүрмін, Омар аға. Көзім 
ілінсе болды, біреулер әлдеқайда алысқа 
алып кететін сияқты көрінеді. Қорқамын... 
Омар Бекович: 
    – Қалқам, ештеңеге алаңдама. Дәрілерің-
ді дер кезінде ішіп, жақсылап тынық! Қазір 
денсаулығыңды тағы да тексереміз. 
Перизат: 
– Айтпақшы, Омар Бекович, менің 
де ұйқым бұзылып жүр. Әсіресе, түнде 
ұйықтай алмай мазасызданатын болып-
пын...
Омар Бекович: 
–  А-а-а, енді сізде ондай мазасызданулар 
болады ғой. Сабырлы болыңыз. 
Перизат:  

141
Жаңбыр жауса екен...
– Мені тексермейсіздер ме сонда?
Омар Бекович: 
– Соңғы тексерудің нәтижелері жақсы. 
Алаңдамаңыз!  
Бас дәрігер Омар Бекович шығып кетеді. 
Түн батады. Сахнада қараңғылық орнай-
ды. Сезім кереуетінде жатып қиналады. 
Сезім: 
– Уһ, жаным-ай... Ауырып барамын. 
Жаным-ай... Жаратқан ием-ай, көмектесе 
көрші...  
Бөлмеге Ажал кіреді. Сезім қиналған 
сайын, Ажал оның қасына жақындай 
түседі. Оның қолынан ұстап, бетінен 
сипайды. Осы кезде бөлмеге Сезімнің 
анасының рухы Көгершін келеді. Ажал 
мен Көгершін айқасады. Көгершін Ажал-
ды бөлмеден шығарып жібереді. 
Сахна жарық болады. Анасының рухы 
Көгершінді Сезім түсім деп ойлайды.  
Сезім: 
–  «Құстың сезімталы көгершін»,  – 
 
деуші еді анам. Әкем де «көгершінді құстың 
төресі»,  –  деп жем шашатын. Бала кезімнен 
осы құсты жақсы көргендіктен шығар үнемі 
түсімде көремін. Таңертең тұрсам, терезе 
алдына көгершіндер қоныпты. 
Перизат: 
– Әкем көгершінге жем шашады 
деймісің?! 

142
Айгүл ЖҰБАНЫШ
Сезім: 
– Иә, менің әкем көгершінді ерекше 
жақсы көреді.
Перизат: 
– Ер адамдар құсты, гүлді, табиғатты 
қыздар секілді түсіне алмайды деп ойлай-
мыз. Біле білсек, еркектердің де жаны 
нәзік келеді. Сенің әкеңнің көгершінді 
ұнатқанына таң қалмаймын. Кезінде мен 
сүйген жігіт те көгершінмен тілдескенді 
ұнататын. Екеуміз көгершіндерге жем ша-
шып, олармен сөйлесетінбіз. 
Сезім: 
– Көгершінді жақсы көретін ағай қазір 
қайда? 
Перизат: (күрсініп)
– Ай-й, Сезімжан-й, бұл өмірдің күлдіріп 
тұрып, жылата салуы, көтеріп тұрып, 
құлата салуы қиын емес. Иә, мен ол жігітті 
бар жан-тәніммен сүйдім. Ол да мені ұнатам 
дейтін. Бірақ, неге екенін білмеймін, басқа 
біреуге кетіп қалды. 
Сезім:
– Япыр-ай, неге олай жасады?
Перизат: 
– Е-е-е, сіңлім-ай, еркектер жан 
сұлулығынан гөрі, тән сұлулығына көп 
көңіл бөлетін сияқты. Ол қаладағы бір жас 
қызға ғашық болып қалып, менің жаным-
нан мәңгілікке кетіп қалды. 
Сезім: 
– Мұнан кейін ол ағайды көрдіңіз бе?
Перизат: 

143
Жаңбыр жауса екен...
– Сол үшін қалаға бірнеше мәрте келдім. 
Үнемі оны әйелімен қол ұстасып, бөпесін ой-
натып жүрген кезінде ғана көремін. Кейін 
қаладан мүлде кезіктіре алмай қалдым... 
Сезім: 
– Өкінішті... Неге басқа қызға үйленді 
екен?
Перизат: 
– Қалқам, махаббат мен үшін тартысқа 
ұласып кетті. Адам өмір жолында да, ма-
хаббат жолында да күресе білу керек екен. 
Сезім: 
– Ендеше, Сіз неге махаббатыңыз үшін 
күреспедіңіз?
Перизат:
– Күресе алмадым... Күрескенде не 
істеймін? Білмеймін, ақылыма сыймайды...
Сезім: 
–  Сіз ол кісіні әлі ұнатасыз ба? 
Перизат: 
– Ол менің алғашқы да, соңғы да махабба-
тым. Жаныңмен жақсы көрген адамың жар 
жолда қалдырса, жүрегің жараланады екен. 
Күндіз-түні жылаумен болдым, тіпті, өмір 
сүргім келмеді. Бірақ ешқашан олардың ал-
дында басымды имеуге тырысамын. 
Үнсіздік. 
Перизат: 
– Айтпақшы, сен өзіңнің отбасың туралы 
айтпадың маған. «Әкем көгершінді жақсы 
көреді», – дедің ғой?
Сезім: 

144
Айгүл ЖҰБАНЫШ
– Иә, менің әкем де, анам да көгершінді 
жақсы көретін. Өкінішке орай, анам ерте 
қайтыс болды. Ал, әкем көгершіндермен 
әңгімелесуден әлі күнге жалықпайды... 
Перизат: 
– Анам қайтыс болды деймісің?.. Қап, 
жатқан жері жайлы болсын... 
Палатаның есігі ашылып, бөлмеге Кла-
ра Жүсіповна мен медбике келеді. 
Клара Жүсіповна: 
– Ал, қыздар жағдайларың қалай? 
Науқастар бірге:
– Жақсы. 
Медбике есік алдында жатқан 
Перизаттың қасына келіп, ине сала-
ды. Клара Жүсіповна оның дене қызуын 
өлшейді, қан қысымын тексереді. 
Перизат: 
– Клара Жүсіповна, бізді тым болмаса 
бір мезгіл далаға шығарыңыздаршы, а?! 
Күн көзін көріп, жерді аяғымызбен бассақ, 
көңіліміз бір көтеріліп қалар еді?!
Клара (даусын қатты шығарып): 
–  Сіздерге қозғалуға болмайды! 
Перизат: 
– Кешіріңіз, ұят та болса айтайын, жа-
та-жата менің жамбасым ауырды. Сіздерді 
тыңдасақ «үйтуге болмайды», «бүйтуге бол-
майды» дегеннен басқа ештеңе айтпайсыз-

145
Жаңбыр жауса екен...
дар. Тым болмаса бізге бір рет қозғалуға бо-
латын шығар енді...  
Клара: 
– Енді бұл сіздердің сырқаттарыңызға 
байланысты қойылған диагноз ғой! Сізден 
әлдеқайда кішкентай қыз жатыр ғой, әні, 
осы палатада. Сәл шыдасаңыз нетті!
Клара Жүсіповна Сезімнің қасына 
келеді. 
Клара Жүсіповна: 
– Иә, Сезімжан, тыныш ұйықтап жүрсің 
бе? Өткенде бас дәрігер Омар Бековичке 
 
ұйқым бұзылды депсің ғой! 
Сезім:  
– Иә, өткенде аздап мазасызданған едім. 
Қазір шүкір, жақсымын. Айтпақшы, 
сізге түсімді айтайыншы. Түнде түсімде 
көгершін көріп едім, таңертең оянғанымда 
терезе алдына көгершіндер қонды. Содан... 
Клара Жүсіповна Сезімнің сөзін ары 
қарай тыңдамай бөліп тастайды. 
Клара Жүсіповна:
– Қызым, түс жорып тұратын менің 
уақытым жоқ! Негізі түсіңде құс көрген 
жақсы дейді ғой білгіштер... Жә, енді бүгін 
ертерек жатып демал. Ертең әкең келгенде 
«ұйқым бұзылды» десең, ол кісі бізге ұрсып 
жүрер...

146
Айгүл ЖҰБАНЫШ
Дәрігер Клара Жүсіповна мен медбике 
бөлмеден шығып кетеді. 
Сезім:  (Перизатқа қарап) 
– Естідіңіз бе, ертең әкем келеді екен. Сіз 
танысатын болдыңыз. 
Перизат:
– ??? (жауап қатпайды)
Сезім: 
– Ұйықтап қалдыңыз ба?
Перизат: 
– ??? (тағы үнсіз)
Сезім:
– Қайырлы түн! Менің әлі ұйқым келер 
емес. Терезеден қала тіршілігін тамашалай-
ыншы бір. Ооо, көшеде адамдар қол ұстасып 
қыдырып жүр екен. Балалар да жүр... Қап, 
ана жерде жүгіріп бара жатқан бүлдіршін 
құлап қалды-ау... Анасы қайда екен а?.. 
Е-е-е, мына жақта жүр екен ғой. Анасы мен 
баласы бір-бірін құшақтап жатыр. (Сезім 
осы көріністің барлығын сондай жадыраған 
дауыспен ерекше қылып айтады)
Перизат бұл сәтте ояу еді. Бірақ ол 
жанындағы Сезімге өзінің ояу екендігін 
сездірмеді. Іштей ашуланып жатады: 
Перизат: (іштей) 
– Әлгі дәрігер Клара Жүсіповнаның 
айтқан сөзі сүйегімнен өтіп кетті. 
«Қасыңдағы кішкентай қыз шыдап жатыр»,  
–  дейді ғой. Қайдан білсін, бұл қыздың тере-
зеден бар қызықты тамашалап жатқанын... 

147
Жаңбыр жауса екен...
Ашуымды басып, тынығайын деп едім, 
мына бір қыз да «терезе, терезе» деп тыны-
шымды кетірді... Иә-ә, мойындау керек, бұл 
қыз өте әдемі. Сосын да шығар, дәрігерлер 
оның қасына жиі барады. «Өлмесең тұрма» 
дегендей менің жанымнан өтіп кетеді қай-
қайсысы да. Оның үстіне әкесі де бір мықты 
көрінеді. Ал менің ауруханаға іздеп келетін 
жақыным да жоқ! (ашулана сөйлейді)
Сахнада қараңғылық орнайды. 
Төртінші  көрініс.
Таң атады. Сахнада палатадағы 
науқастар. 
Перизат: 
– Бөлме іші салқындап кетті. Сірә, күз 
келді-ау деймін е?! Даладағы ызғырық 
желдің ашулы даусын естіп жатырмын.  

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет