Бағдарламасы бойынша жарық көрді ЖҰбаныш а. Жаңбыр жауса екен әңгімелер, пьесалар



Pdf көрінісі
бет2/8
Дата08.01.2017
өлшемі4,64 Mb.
#1413
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8
24
Айгүл ЖҰБАНЫШ
– Шашымды қиып отырмын. Қайшысын 
көрсетті. Дереу шашын қидырмаудың 
әрекетін жасап, оны алдандыруға көштім:
– Шашыңды қима. Қыздың көркі – шаш. 
Ауруханадан шыққан соң, шаштаразға 
алып барам. Ондағы кәсіби мамандар 
шашыңды әдемілеп қиып береді. 
Айым қуанып кетті де, лезде көңіл-күйін 
өзгертті.
– Мен бүгін қуыршақтардың үлкендерін 
жерледім... 
Шошып кеттім. 
– Неге екенін білесің бе? – иығыма қолын 
салып. – Өйткені, олар қартайды. Өмір 
оларды жылата береді. Сосын күнде «олар 
өлсе екен» деп дұға жасадым. 
– Айым дәріңді іштің бе?
– Жоқ. 
– Неге? 
– Ащы. Ішкім келмейді! 
– Бұлай болмайды. Дәріңді уақытылы 
ішіп жүр. Саған емделу керек!  
– Менің тәнім де, жаным да жаралы, 
қуыршақ қыз… 
Ол мені есіне түсірді. Орнымнан қалай 
тұрғанымды білмей, оны жалма-жан 
құшақтай алдым.
– Айым, Айым, айттым ғой сен 
жазыласың, – деп.
Ол салқын ғана басын изеді. Қуанбады. 
Екеуміз палатаға келдік. Кереуеттің әр 
жеріне қуыршақтарды шашынан байлап 
тастапты. 

25
Жаңбыр жауса екен...
– Мыналарды көрдің бе? – деді қабағын 
түйіп.
– Бұларды неге байладың? «Барбилерді» 
жақсы көруші едің ғой? 
– Жақсы көргенмін. Олар түнде көшеде 
тәндерін сатады екен. Масқара ғой бұл... 
Сосын ашуланып кереуетке асып өлтірдім. 
Алдымен қуыршақтарды, кейін өзім... 
Айымның сөзін ары қарай тыңдай ал-
мадым. Қасында жататын науқастар 
жанымызға жинала бастады. Бірі 
қарқылдап күлді, бірі жылады, бірі дұға 
жасады. Бойымды қорқыныш биледі. Үнсіз 
шығып бара жатыр ем, ол мені тоқтатып, 
бала кезінде анам алып берген қуыршақты 
ұстатты.
– Осы қуыршақ қана ақылды. Сен сақтап 
қойшы, кейін алам, – деді көзі жасаурап. 
– Айым, сен мұнан да ауыр жүкті көтерген 
батыл қызсың. Тездетіп жазылуың керек, –  
дедім жылап. 
Ол жыламсырап басын изеді. 
... Артынып-тартынған автобус аялда-
маға әрең жетті. Аурухана мен үйдің ара-
сы ұзақ болғандықтан, тынығып алуыңа 
болады. Айымның соңғы әрекеті есімнен 
кетпеді. «...Олар түнде көшеде тәндерін 
сатады екен. Масқара ғой бұл...». Өмірге 
деген өкінішін қуыршақтарынан алып тұр 
ғой, байғұс қыз. Өз-өзіне қол жұмсауының 
сыры осында ғой...  
Үйге келген соң да, Айымның бейнесі 
көз алдымнан кетпеді. Ауруханада бер-

26
Айгүл ЖҰБАНЫШ
ген қуыршағы есіме түсті. «Осы қуыршақ 
қана ақылды. Сен сақтап қойшы, кейін 
алам». Қуыршаққа қарап отырып, балалық 
шағым есіме түсті. Япыр-ай, осынша жыл 
қуыршақты қалай сақтады екен? Балалық 
шақтан қалған ерекше естелік қой бұл. 
Қуыршақта бір мін жоқ, сол қалпы. Ал 
Айымның тағдырында небір қорқынышты 
оқиғалар орын алды»...  Ойымды телефон 
үні бұзды. Ауруханадан екен. Айым мен апа-
рып берген матаға асылып қалыпты. О, тоба, 
денем шымырлап кетті. Мен өз қолыммен... 
өз қолыммен досымды ажал тырнағына 
іліндірдім. Бекер-ақ апарған екенмін сол 
шүберекті?! Неге, неге тыңдадым сені?! 
Кешір мені, Айым... 
Досымның денесін мәйітханадан алып 
шыққанда, жаңбыр жауды. Аспан да Ай-
ымды қимай тұр-ау шамасы. Ауық-ауық 
найзағай жарқ-жұрқ етеді. Жындыхана 
терезесіне қарап ем, ондағы науқастардың 
дені терезеден қолдарын бұлғап, күліп тұр. 
Біртүрлі қуанышты сияқты. Бәлкім, олар 
Айыммен қоштасып тұрған болар... 
Жолда гүл сатып отырған орыс кемпірі 
жауынға налып гүлдерін жинап жатыр. Са-
тушы әжей енді Айымның гүл сатып алмай-
тынын қайдан білсін?! 
Біздің қаралы көш Айымды жерлеуге 
ауылға аттанды. 
Қош, менің қуыршақ досым... 

28
Айгүл ЖҰБАНЫШ
ЖАҢБЫР ЖАУСА 
ЕКЕН...
...Жаңбырдың әдемі екенін бұрын 
білмеппін. Тіпті сезінбеппін де. Жер лай-
ланып, батпақтар бауырласып аяқ киіміңе 
жабысқаннан жек көрерім жоқ. Оның 
үстіне күлімдеген күн жүзін бұлт  торлап, 
аспанның әсем ажары қара түнекке оран-
са, жан дүнием көңілсіздікке бой алдыра-
тын. Найзағай жарқылдап күшке енгенде 
күн мен сұр бұлт  көкте төбелесіп, өзара 
қақтығысып жатқандай көрінетін маған. 
Көшпелі бұлт күнді күңірентпей еркіне 
қалдырып жылатпай кете барса деп тілеуші 
едім. Көк тәңірі екі көзіне ерік беріп, етегі 
жасқа толса, мөлтілдеген мол моншақтарды 
жерге тигізбей аппақ орамалыммен сүртуге 
асығатынмын. Ал түнгі аспанда жұлдыздар 
бұлт артына жасырынып, жылап тұрғандай 
сезілетін. 
Бала күнімде жылаған күнді үнемі 
жұбатып жүруші едім. Сұр бұлттан ауыр 
соққы алып, жеңіліске ұшыраған аспанды 
жұбату үшін жаныма өзім құралыптас бала-
ларды жиып ап, ауыл шетіндегі биік шыңда 
«Ақ шелек, көк шелек құйма, құйма», 
«Сарф, сарф» деп айқайлайтынбыз. Кейде 
оған сес көрсетіп, жоғарыға жұдырық түйіп 

29
Жаңбыр жауса екен...
тас ататынымыз және бар. Сәбише солығын 
баса алмағаны үшін сөгіс те жариялайтын-
мын. О, тоба, аспанның жұбануы қиын. 
Қалай уатсаң да, жылауын қоймайды-ау, 
бәтшағар. 
– Апа, мынау аспанға қой деші! Сіз 
ұрыссаңыз пәлем жым болады, – деймін ер-
келеп. Бала көңілін ұғынған апам маржан-
дай тістерін көрсетіп жымиып алады да:
– «Аспантай, қоя ғой, жарығым. Көкең 
көрсе екеумізге де қиын болады», – 
 
дейтұғын. Апам көкке басу айтқанда, мен 
мына жақтан жағаласып: «Аха, апамдікі 
жөн. Үлкенді тыңдау керек», – деп бас 
шұлғып қостайтынмын. Жаңбыр сәл басыл-
са, апамның еңбегін ерлікке балап, «Менің 
анам алтын» дейтінмін. 
– Апа, әні көрдің бе, сіздің кеңесіңізге 
аспан  да құлақ түрді. Бұдан былай мені 
ешкім тыңдамайды деуіңді қой, — деп 
өзімше анама ұрсып аламын. Мұндайда 
апам ақ жаулығының ұшымен аузын баса 
күлетін. Ал апамның ақылына аспан дес 
бермей, көктігі басылмаса, қорада мал жай-
лап жүрген көкеме жалынатынмын. Ол 
апамдай мейірімді емес. «Ой, әкеңнің...», 
– деп бастап, аспанды сыбап тастайтын. Ал 
тыймай көр жасыңды... 
Әлі есімде, бірде ауылда бірнеше күнге 
созылған дамылсыз қатты ақ жауын болды. 
Өрістен мал ығып, ауыл адамдары әлекке 
түсті. Көкем де көпшілікпен сиырларды 
түгендеуге кетті. Апам етегі далақтап біресе 

30
Айгүл ЖҰБАНЫШ
қой қайырып, біресе қозыны түгелдеп жүр. 
Үйдің үлкені болғандықтан, бұзау менің 
мойнымда. «Егер мына екі бұзау өрістен 
келмей, енесімен жамырап қойса, басыңмен 
жауап бересің!», — деді бірде көкем. Ол кісі 
айтса заң. Бұзау үшін бастан айырылар 
шама жоқ. Терезе сыртынан аспанға жалы-
нып, көз жасын тыюды өтініп, мал қораға 
көз салсам, о, тоба, бұзау сарайдың аузы 
ашық тұр. Көзімді уқалап бірнеше мәрте 
қарадым, жаңа жапқан есік айқара ашық. 
Енді қайттім? Долы дауылмен жарысып, ақ 
нөсерге ырық беріп, жел ашуын қоздырған 
аспанды көкемше менде «сыбадым-ай» 
кеп... Жауыннан ығып кеткен қос бұзауды 
таба алмай денеме суық өткізіп, көп уақыт 
ауруханада ем алдым. Содан жауын менің 
жауым болған... 
...Өткен жылы күзде мен барғанда 
бұл қала жасыл кеудешесін шешіп, сары 
күртешесін киіпті. Сірә, тоңған болуы ке-
рек! Жаздай жадырап тұрған күн екі көзіне 
ерік беріп, сары күртешені әлсін-әлсін жуа-
ды кеп, жуады кеп! Түні бойы үй терезесін 
үздіксіз соққылаған жауын денеңді еріксіз 
тітіркендіріп, тоңдырады. Жаным қаламаса 
да, қолыма қолшатырымды алып көшеге 
шықтым. Бас қалада мен тындырар іс көп. 
Түнгі үздіксіз жаңбырдан соң қала көшесі 
моншаға түскендей тазарып, бейкүнә күйге 
еніпті. Аспанды тесіп өтердей дүрсілдеген 
найзағай дыбысы да, ызғырық желдің ашуы 
да басылған. Жым-жырт. Жай ғана аспан 

31
Жаңбыр жауса екен...
дыбыссыз жылап тұр. Сары жапыраққа 
оранған қаланы мен жөнді білмеймін. Сірә, 
жерді жатсынбасын деді ме шаһардың 
аспаны мені жауынымен «шомылдырма-
ды». Қолшатыр астына тығылған күйде 
аялдамаға жеттім.  
– Жаңбырдан қашпа, қарындас. Жау-
ынды ұнату керек! Аспанның нөсері ғана 
көңілдегі кірбіңді жояды, — деген ер 
адамның даусы еріксіз кері бұрғызды. То-
сыннан жауынға қатысты мақтау есту мен 
үшін күтпеген сый. Абдырап қалдым. 
– Такси қажет пе? Қай көшеге баруыңыз 
керек еді? Көлік ішінде жап-жас жігіт ау-
зы-аузына жұқпай самбырлап тұр. 
– Мен... Мен қаладағы көп ғимараттарды 
аралауым керек еді. Сіз жол көрсетесіз бе? 
Ол жымиып күлді де: «Сіз маған уәде 
бересіз бе?», – деді. Тосылып қалдым. Мы-
нау өзі қызық адам екен. Танымайтын 
адамға уәде бері несі? 
– Менің уақытым аз еді. Ақшасын 
төлеймін. Болмаса, басқа таксимен...
– Тоқтай тұрыңыз, маған мұнан соң 
жаңбырдан тығылмауға уәде бересіз бе? 
Менің алдымды іштегі ұзын сонар ой ора-
ды. «Көп адамның арасынан жауынды жек 
көретінімді мына адам қайдан білді? Әлде 
аспанға үркіп қарап келем бе? Жо-жоқ, 
кәнігі адамдардай жолда келем ғой». Оның 
жүзіне аң-таң ұзақ қарадым. Уақыт аз әрі 
уәдеге берік болу керек. Осы жолы қыз 
қулығымды іске асырайын...

– Жарайды, қолшатырым қолымда 
жүрсін. Жауында сізбен бірге жаурауға 
бармын... 
Біз екеуміз әсем ғимараттар бой түзеген 
сұлу Астананың көшесін ұзақ уақыт 
араладық. Ол менің жұмыстарымның 
реттелуіне көп септігін тигізді. Көлік 
ішінде жауынды ұнаттым. Ал көшеде 
қолшатырсыз жүру, аспанның жасымен 
жүзімді жуғызу ауыр тиді. Амал жоқ, 
«Уәде – құдайдікі»... Көшеде жауынға 
қарсы атойлап келе жатқан тек екеуміз. Ол 
жаңбырды ессіз «сүйеді».
– Жаңбыр – біздің ішкі көріністеріміз 
ғой... Жауын ғана ойларымды әлдеқайда 
алысқа, әлдеқайда биікке жетелейді. 
Жаңбыр – адам жанын тез ұғады, адам 
да мұның жанын тез түсінуі керек. Бұл – 
менің өмірімдегі аса бір маңызды ұғым бо-
лып кетті ғой... Шофер жігіт пікірі осыған 
саяды.  
Үйге келген соң ұзақ ойландым. Бала 
күні ашуыңды келтіретін жауынды, есейе 
келе... Жоқ... Ұнату әсте әбестік. Бірақ 
уәде бердім емес пе?.. Іштей арпалысқан ой 
елегінен мені телефон үні ажыратты. 
– Бұл – мен ғой, жаңбырды жақсы 
көргізген жігіт. 
– Кешір, мен жауынға бауыр баса алар 
емеспін. Ұната қоюым да ...
–  «Айтылған сөз – атылған оқ». Бүгін 
театрға барсақ деп ем... Бәлкім, мұнан соң 
жауынға деген ынтызарлығыңыз күшейер. 

Тек қалың киініңіз. Жауын жақсы көрген 
адамын тоңдырады... 
Біз театр алдында кездесуге бел байладық. 
Терезе әйнегін күшпен сабалаған жауын, 
«кезек сенікі» дегендей сес көрсетеді. Міне, 
қызық, жауыннан қорғар қолшатырым 
жоқ. Іздемеген жерім қалмады, таппадым. 
А, есіме түсті, жазған басым, кеше оны 
әлгінің көлігіне қалдырған екенмін ғой. 
Қап, бұл жігіт мені әбден әуре-сарсаңға сал-
ды... 
Қолшатырсыз жауынмен айқасып, театр 
қасындағы ақ қайыңның жанында оны ұзақ 
күттім. Ол әлі жоқ. Он бес минут... отыз ми-
нут... бір сағат өтті. Шыдамым таусылып, 
ашу шақыра бастадым. Тал тасасында ашу-
ым теріме сыймай тұрған менің ойымды 
аспанның тамшылары үзе берді, үзе берді. 
Спектакль уақыты жақындады. Театрға 
жалғыз кірдім. Залға жұрт көп жиналған. 
Көп ортасына сүңгіген соң, спектакль-
ге елітіп жалғыздығымды ұмыттым. Ке-
нет сахна төріне әлгі... Әлгі жігіттің шыға 
келмесі бар ма? Қолында менің кәдімгі 
қолшатырым. 
– Мынау өзі, әлгі, таксист жігіт қой. 
Менің қолшатырымды алып кеткен, – дау-
сым қатты шықса керек, жанымдағы жігіт 
күліп, – Қателесесіз, бұл театрдың белді 
актері ғой дегені. Ұяттан бетім ду етті. «Ол 
– белді актер»...
Спектакль аяқталды. Көрермен 
актерларға ұзақ қол соқты. Ол сахна төрінде 

34
Айгүл ЖҰБАНЫШ
бас игенде, залдағылар оған ұзақ құрмет 
көрсетті. Мен де қолшатырымды қолданған 
жігітке қолым қызарғанша алақан соқтым. 
Театрдан жалғыз шықтым. Жауын да 
тынған, ашуым да басылған. Көңілдімін. 
Езуіме еріксіз күлкі үйіріліп, аспанға ауық-
ауыз көз саламын. Жаумайтыны несі?.. 
Көше қиылысынан қолшатырымды 
ұстап ол шықты. Басын оң жаққа қарай 
сәл қисайтып, жымиып күлгенде, қысық 
көздері одан бетер жұмыла түседі екен. 
Мен оның жанына барғанда, манадан 
бері бұлт арасында жасырынған саф ал-
тындай тамшылар сыздықтай бастады. 
Ақ жауын... аппақ жауын аспаннан жер-
ге үнсіз домалағанда жанарымнан жас 
кетті. Бәлкім, мен жаңбырға ғашық болған 
шығармын, бәлкім... Бізді аспанның көз 
жасы мен қолшатыр осылай табыстырды. 
Жаңбыр жауса екен!..

36
Айгүл ЖҰБАНЫШ
ЕСІЛ ЖАҒАСЫНДАҒЫ 
ЕКЕУ
 
Екеуі Есіл өзені жағасына келді. Айнала 
тып-тыныш. Жағалауда сейіл құрып 
жүретін көпшіліктің қарасы саябырсыған. 
Махаббат мекеніне айналған өзеннің әр 
бүйірінен арагідік сыбырласа сөйлескен 
ғашықтар үні естіледі. Екеуінің арасында 
орнаған үнсіздік қамалын бірер минуттан 
соң жігіт бұзды.  
– Ерке Есіл өзіңдей сұлуды көріп қуанып 
тұрған шығар?
– Аға, ерке Есіл жанына келген жандарды 
қашанда қуанышпен қарсы алады. 
– Солай ма? 
Қыз үнсіз басын изеді. Есіл толқындары 
қыз сөзін мақұлдағандай баяу қалыппен 
тербеле түсті. Алты ай бойы жер бетін 
жапқан қардың көбесі сөгіліп, көктегі күн 
шуағын төккеннен-ақ бұл маңайда қым-
қуыт тіршілік басталады. Ару Астананың 
сәніне сән қосқан Есіл ғой бұл...
– Шіркін, Есіл, түнгі көрінісің қандай 
тамаша еді?! Жаныңа жиі келіп, дертіммен 
бөліссем, жан жарамды жазар ма едің?  
– Сіз сырқаттанып жүрмісіз аға? 

37
Жаңбыр жауса екен...
– Жанымның тыныштығын жоғалтып 
алдым, қалқам. Менің тынышымды ұрлаған 
жап-жас сұлу... 
– Тссс, жеңешем естісе жүрегі ауырады 
ғой аға. 
– Сұлуды сүйсем, сұлуды құшсам, 
сұлумен уақыт өткізсем – ол менің ессіздігім 
емес, серілігім... 
Қабағын түйген қыз жігітке ашулана 
қарады.  
– Жүрегіңіздегі махаббаттың жылуын 
жеңешемнен артық еш сұлу сезе алмайды, 
аға. Өйткені жеңешем құдай қосқан 
қосағыңыз...
– Ол мені ешқашан түсінген емес. 
– Аға сіз де... 
Жігіт қыздың білегінен ұстап: «Мені аға 
демеші. Екеуміздің арамыз он шақты жас 
қана. Бұл махабаттың...», – деп әңгімесін 
бастай беріп еді, қыз оның қолын алып 
тастап, өзен бойын бойлай жүріп кетті. 
Ашуын өзеннен алмақ ниетпен жігіт суға тас 
лақтыруға оңтайлана бере, өз бейнесінен өзі 
шошып кетті. Өзен толқынымен тербелген 
бейнесі мұны мазақ еткендей діріл қағады. 
Жігіт қолындағы ұсақ тастарды өзенге 
қарай лақтыра бастады. Ұсақ тастар суға 
гүмп етіп түскен сайын, өзендегі өз бейнесі 
«бұзыла» түскендей. Өзенге түскен тастар 
жаңғырып  қыз жүзін кері бұрғызды. Қыз 
жігіт жанына жеткенше, өзенге жасалған  
«шабуыл» толастамады. 
–  Бала боп кеткенсіз бе аға?

38
Айгүл ЖҰБАНЫШ
Жігіт күлген сыңай танытты.
–  Алғаш біздің мекемеге келгеніңде, 
күндей жарқырап күлімдеп кірдің. Сенің 
сұлулығың мен тәтті қылығың мені арбап 
тастады. Сол жіпсіз арбалған шырмаудан 
әлі күнге босай алар  емеспін. Содан бері сен 
менің көз алдымнан кетпейсің! 
– Аға, сіздің психологияңыз бұзылған 
сияқты? 
– «Сұлу біткен қатігез болады» деген сөз 
шындыққа саяды екен.
– «Сұлулық – әлемді құтқарады» деген 
Фёдор Достоевский... 
– Бұл қате! 
Жігіт сұқ саусағын жоғары көтеріп: 
«Сұлулық – әлемді емес, әйелді құтқаруы 
бек мүмкін», – деді ашуланып. Қыз 
дауласпады. Туфлиін шешіп, өзенге аяғын 
малды. 
– Аға, сезімге деген адалдықты, жүректі 
лайлауға болмайды. Дақ түскен жүрек ерте 
солады... 
– Браво! Екеуміз Есіл жағасына жиі келіп 
тұрсақ, жаралы жүрегіме ем болар еді. 
– Есіл жағасы бізді қабылдамайды аға. 
– Неге олай дейсің?
– Өйткені, Есіл жағасы – шынайы 
махаббаттың бекеті, мөлдір сезімнің шыңы, 
қос ғашықтың аялдамасы.
– Менің өзіңе деген сезімімді, 
махаббатымды ақымақтың ісіне балап 
отырмысың? 

39
Жаңбыр жауса екен...
– Сіздің бұл сөздеріңізді ерке Есіл 
«естімесін!»
– Ерке Есіл сыр сақтай алады. Өйткені 
бұл жер –  «қос ғашықтың аялдамасы»...
Қыз қолсағатына қарады. Жігіт ынтызар 
көңілін білдіруден жалығар емес. Қыз 
қулыққа көшті. 
–  «Есіл жағасы – шынайы махаббаттың 
бекеті» дедім әлгінде. Егер мен сізге ғашық 
боп қалсам, қайтер едіңіз?
–  Сенің жолыңа бәрін құрбан етер едім. 
–  Аспандағы айды сұрамасым анық, 
дегенмен, мен үшін отбасыңызды тастар ма 
едіңіз?
Сілтідей тынған тыныштық. Есіл 
толқындары баяу тербеледі. Сол жақ 
бағыттан қайық көрінді. Ішіндегі көңілді 
топ бұларды мазақ еткендей, шулап 
барады. Екеуінің арасында орнаған үнсіздік 
қамалын бірер минуттан соң жігіт бұзды.  
– Мен... Мен жалғыз ұлымды қимаймын. 
Қыз күліп жіберді. 
– Аға, құдай қосқан қосағыңызды және 
қимағайсыз. Өмір қысқа ғой...
Жігіт үнсіз басын изеді... 
***
Ерке Есіл құпия сақтай алады. Өйткені 
бұл жерде талай жандар бүкпесіз сырларын 
ашады. Бірнеше мәрте ғашықтық жырлар 
оқылады. Талай қыздар жанарларын жасқа 
малады. Есіл мұның бәріне куә. Талай жігіт 

40
Айгүл ЖҰБАНЫШ
ашумен өзенді «таспен жаралады». Есіл 
бәріне «төзеді»...
... Жігітті қайдам, қыздың жаны ауырып 
келеді. Жүрек тұсы сыздап, жанарына жас 
тірелді. Ол әлгі жігітке ғашық болатын. 
Алайда, жансарайындағы сезім лүпілін жан 
баласына сездіре алмайды. Әттең... 

42
Айгүл ЖҰБАНЫШ
ГИППОКРАТ
 АНТЫ ҮШІН...
Ол стақанға құйылған арақты 
шімірікпестен қағып салды. Үстел үстінде 
туралған шұжықтан ұсынып ем, басын 
шайқады. «Арақ – менің тағдырымнан ащы 
емес». 
Ол шылымын тұтатып, будақтаған 
түтініне ұзақ қарап отырды да: «Білесің 
бе, мен той күні қатты қиналдым. Жаңа 
құдалардың жанында қарайып отыратын 
әкемнің жоқтығы, туыстарымның іздемеуі 
жаныма батты. Әсіресе, асаба жігіттің: 
«Әулеттің үлкендерінен кімді атаймын?», –  
деген сұрағы етімнен ет кесіп алғандай ауыр 
тиді. Айналамдағыларға сыр бермедім. Бар 
сенерім – үлкен нағашым. Бірақ оның: 
«Мен әулеттің үлкені емеспін, нағашы 
жұртыңмын», – деген сөзі жаныма батты. 
Нағашыма реніш арта алмаймын, өйткені, 
мені адам еткен солар... Бойымды кернеген 
өкініш, ыза қос көзімнен тамшы боп тамды. 
Нағашым аяды білем, әке атқарар міндетті 
мойнына алды. Мен ол кісіге өмірбойы 
қарыздармын...» Ол жанарын жуған жасты 
қолымен сүртіп, терең күрсінді. 

43
Жаңбыр жауса екен...
Оны жұбатқым келді. Бірақ, өмір 
жылатқан қызды құр пәлсапамен жұбату 
қиын. Ол «ертегіге» сенбейді. 
– Гүлім, сен өжет қызсың! Аузыма түскен 
сөз осы ғана. 
Ол жимығандай кейіп танытты. Қос 
саусағына қыстырған шылымды аяусыз 
мыжғылауға көшті. Сосын: «Менің бала 
кезім Тәуелсіздік алған жылдарға тұспа-тұс 
келді. Ауылда өндіріс орындары жабылып, 
ел ішін қиындық жаулаған кез. Жарық, су 
санаулы уақытпен берілетін. Ол уақытта 
шешем зауытта – күзетші, ал, әкем үйде –
бала күтуші. Сығырайған соқыр шамның 
жарығымен түні бойы кітап оқитынмын. 
Жазушылардың жағымды кейіпкерлерінің 
әрбір әрекетіне сүйсініп, әкемнің мінезі 
өзгеріп кетсе ғой деп тілейтінмін. Мұным 
құр қиял ғой. Кейде шамдағы керосин тау-
сылып, өшіп қалғанда түнімен дөңбекшіп 
ұйықтай алмайтынмын. Әкемнен гөрі маған 
классиктердің кейіпкерлері ұнайтын. Күн 
ұясынан енді-енді шығып келе жатқанда 
әкем: «Ел-жұрт көрмей тұрғанда тез 
барыңдар», –  деп көшеден шөлмек, шылым 
қалдығын теруге жұмсайды. Жұрт аузы-
нан қалған шылым қалдығын теру қыз бала 
үшін қандай ауыр екенін білесің бе?.. Бала 
күндерімнің қызықты шақтарын ұрлағаны 
үшін шылыммен қазір «доспын». Шекпе-
сем отыра алмаймын». Ол тағы да стаканға 
толтыра арақ құйды. 

44
Айгүл ЖҰБАНЫШ
– Гүлім, ішпеші өтінемін. Арақ ішу қыз 
балаға жараспайды...
Ол шөлмектің мойнынан қыса ұстады. 
«Маған өткірлікті үйреткен өмірдің нақ өзі. 
Ыстыққа салды жанбадым, суыққа малды 
тоңбадым. Керісінше, жаным жараланған 
сайын қиындықтың асау атын ерттеп 
міндім. Менің жанашырым – нағашы 
жұртым, өз жұртым – қас жауым. Менен 
гөрі шөлмекті жақсы көретін әкем: «Сен қыз 
ешқашан адам болмайсың! Сен біздің тұқым 
санатында жоқсың», – деп менің қағаздай 
аппақ санама қара бояумен өшпенділіктің 
суретін сызатын. Сол сурет әлі күнге менің 
жадымнан өшірілер емес. Қой аузынан шөп 
алмас шешем «ішкен ғой, жылама» деп 
көз жасымды сүртетін. Көңілде қалған сол 
сызат қозғалмас ауыр тастай. Үнемі көрпе 
астында жатып туыстарыма: «Ертең мен 
атақты болғанда, алдыма келерсіңдер», – 
деп жұдырық түйетінмін. Бала жүрегім 
ертең олардың өзімді мойындайтынын сез-
сем керек»...
Ол ана туралы ыңылдап ән айта баста-
ды. Даусы өте әдемі екен. Ән қайырмасына 
келгенде үнсіз қалды. Сөмкесінен айнасын 
алып, қобырап көзіне түскен самай шаш-
тарын ретке келтіргендей біраз отырды. 
«Кеше туған жиенім үйге жылап келді. 
Анасы, яғни, әкемнің қарындасы сырқатқа 
шалдығыпты. Менен көмек сұрайды. Бала 
арманымның сәл де болса орындалғанына 
қуандым. Дәрігер мамандығын таңдағаным 

45
Жаңбыр жауса екен...
үшін өзімді сондай жақсы көріп кеттім. 
Жынданған шығарсың деме, ол қыз жы-
лап отырғанда мен күлдім. Өйткені, 
кезінде менің анам ауырып, жаным «жы-
лап» жүргенде, сыздап тұрған жарама тұз 
сеуіп ушықтырған еді. Әкем солардың улы 
тіліне арбалып, әлсіз анамды талай соққыға 
жыққан. Мен қиналғанда қолұшын со-
збап еді, бұлар да жүректің жараланғанын 
көрсін...»
– Жиеніңе көмектесесің бе?
– Жоқ! «Сыйға – сый, сыраға – бал» 
жасағанды жаным қалайды.
– Досым, мұның болмайды. Сен мейірімді 
едің ғой. Оған туыстық жағынан емес, 
дәрігер ретінде көмек қолыңды соз. 
– Оған ота жасағым келмейді. Қолымен 
жасаған күнәләрін жанына батырғым 
келеді. 
– «Ақ халатыма кір келтірмеймін», – деп 
Гиппократ антын қабылдағаныңды ұмытпа! 
– Егер мен оған ота жасасам, әкемді һәм 
оның туыстарын кешіргендей болам. Менің 
өмірлік арманым енді кәдеге асып келеді, 
түсінемісің? 
Ол үстелді тарс еткізді. Айналадағылар 
бізге жалт қарасты. Сабырға келсін деп 
біраз уақытқа дейін үнсіз отырдым. 
– Мен оларды ешуақытта кешіре алмай-
мын! 
– Кекшіл екенсің?
– Менің орнымда болсаң қайтер едің?

46
Айгүл ЖҰБАНЫШ
Ойланып қалдым. «Қайтер ем?!» Менің де 
өмірім «әдемі» емес. Бірақ, көңілдің шерін 
көздің жасымен жуып келем. Пенде өмірі 
қыл көпір үстінде тұрғанда өлімге жол беру-
ге болмайды. Оған: «Кешірер едім!» дедім. 
Ол маған ызғарлы жүзбен қарады. Енді жақ 
ашсам, қабаған иттей талап тастауға дайын 
отыр. Үндемедім. Ол орнынан тұрды да ка-
феден үнсіз шығып кетті. Терезеден қарап 
ем, аяғын ақырын басып, кетіп барады.  
«Гиппократ антына адал болса екен...»
*** 
Науқасқа бүгін ота жасау керек. Сырт-
та оның жиені жылап отыр. Біздің ауру-
ханада жүрекке ота жасайтын дәрігер сол 
жалғыз Гүлім ғана. Бірақ ол жұмыста 
жоқ. Дәрігерлердің бар үміті сонда. 
«Келмейтін болар. Кеше көп ішіп қойды... 
Мейірімділігін менмендік жеңіп кетпесе 
игі». 
Әріптестерім науқастың Гүлімнің жақын 
әпкесі екенін естіпті. Әлгінде науқастың 
туыстары одан кешірім сұрағысы келіп, 
іздеген екен. «Отыз тістен шыққан сөз, 
отыз рулы елге тарайды». Аурухана іші бұл 
ақпарды лезде бір-біріне таратып үлгерді. 
– Гүлім Ниязовна тасжүрек екен. Бауы-
ры неше күннен бері қиналып жатқанда ау-
зына бір тамшы су тамызбады. 
– Туыстарымен араласпайтын тәрізді. 
Әрбір науқастың жанына арашашы бола-

47
Жаңбыр жауса екен...
тын Гүлімнің өз бауырына салқындық та-
нытуы мүмкін емес... 
Бірі мақтады, бірі даттады. Гүлім әлі 
жоқ. Сәлден соң бас дәрігер кеше оның отау 
жасаудан бас тартып, қызметтен кетуге 
арыз жазғанын айтты. Біз аң-таң қалдық. 
Әріптестерім оны қаралай бастады. Мен 
де оларға қосылдым. «Адамды аямай-
тын арсыз неменің ант қабылдап, ақ халат 
кигені несі?! Сәл сынақты көтере алмайтын 
ынжық!»
Біздің қолымыздан келер дәнеңе жоқ. 
Ажалмен тең тұрған таразы басы біздің 
қолымыздан құлдырай бастады. Аурухана 
іші азан-қазан... Жиылған жанарлар жасқа 
тұнды, шерге толған күрсіністер жиіледі, 
«аһ, бауырымдаған» жоқтау үні естілді... 
*** 
Бірер сағаттан соң ол келіп, ауруха-
на есігінің алдын торуылдап, ашкөзденіп 
жүрген ажалды маңайдан алыстатты. 
Операция үстеліне жатқызылған 
науқасқа тесіле қараған ол күрсінісін 
жиілетті. Қолдары дірілдеп, ауық-ауық 
маңдай терін сүртеді. Әлсін-әлсін өз-өзінен 
күбірлеп, әрбір құралды ұстаған сайын 
науқасқа кіжіне қарайды... 
...Ол жансақтау бөлімінен көңілсіз 
шықты. Дәлізде әкесі, туыстары алғыс 
айтуға оқталып еді, бұрылып қарамады 

48
Айгүл ЖҰБАНЫШ
да. «Кешірші мені» деп күрсінген әке үні 
естілді. Ол мән де бермеді. 
Кабинетіне кіргенімде ол шылым түтініне 
уланып отыр екен. Маған жақтырмай 
қарады. 
– Ота сәтті шықты. Жарайсың, сен 
перзенттік борышыңды өтедің, – дедім 
құттықтап.
Ол менің қолымды алмады. 
– Мен оның ақ шашын емес, ақ халатым-
ды сыйладым, – деді сәлден соң. 
– «Әкеңді кешір, қиын күндердің бәрі 
артта қалды ғой, қайтесің?» – деп ем, басын 
шайқады. Көзі мөлдіреп тұр. 
– Мені жалғыз қалдыршы, – деді сәлден 
соң. 
Кабинеттен шығып бара жатып, оның 
«Гиппократ анты үшін» деп күбірлегенін 
естідім...

50
Айгүл ЖҰБАНЫШ
АҚЫМАҚ
Саябақта отырған екеу. Қызды қапсыра 
құшақтаған жігіт:
– Өмір ойынынан өзіңдей аруды ұтып 
алғаныма қуаныштымын жаным, – деп ша-
шынан иіскеді. 
Сұлу сөз құлағына жаққан Жангүл әсем 
жымиды да: 
– Сіз ойнаған ойынға неше ару қатысты 
екен? – деді назданып. 
Жігіт қыз бетінен иіскеп: 
– Менің пешенеме  жазылғаны сен 
екенсің. Басқасын қарамаппын, – деді. 
Қыз: «Сенбеймін саған», – деді бұртиып. 
Үнсіздік орнады. Баяу тербелген жел қыз 
шашын тарамдай бастады. Арудың жүзін 
жапқан шашын түзей бастаған жігіт ақша 
бетінен өпті де: 
– Нәзігім менің, сені бір сәт көрмесем 
сағынамын. Сенесің бе, сені бәрінен 
қызғанамын. Мынау көктен де, шөптен де, 
гүлден де, теректен де, қыратты белден де 
өзіңді қызғанамын. Міне, қарашы, қасыңда 
отырғанның өзінде жел тұрып, шашыңнан 
иіскеп, ай дидарыңды аймалай бастады. 
Көрсетемін мен саған! (жігіт бар даусымен 
айқай салды). 
Қыз сықылықтай күлді. 

51
Жаңбыр жауса екен...
– Ақымағым-ау сол, (жігіттің мұрнынан 
қысып) түнгі дауыс қатты шығатынын 
білесің бе? Елден ұят болады. 
– Сені ұнататынымды ел естісін, 
Жангүл... 
Қыз ойланып, біраз отырды да:
– Білесің бе, мен сені, ым-м-м, ым-м-м, 
тек қыздардан қызғанамын. 
– Менің қызым сен ғана...
– Анау жұмысыңдағы қыздар саған 
қоңырау шала береді ғой. Күн демейді, түн 
демейді... 
– Менің жұмысымды білесің ғой... 
– Сен үнемі қызметіңді сылтау етесің... 
– Өмірімнің қырық пайызын қызметіме, 
елу пайызын бауырларыма арнаған адам-
мын мен, білесің ғой... 
Қыз ойлады: «Мына жігіт қандай ақылды. 
Бауырларының жағдайын ойлайды. Демек 
бауырмал. Ертең отбасының тірегі бола ала-
тын азамат!..» 
Сәлден соң қыз: 
– Сонда маған жүрегіңнен тиер үлес он 
пайыз ғана ма? – деді қабағын түйіп. 
– Нәзігім сол, қызғаншағым сол, мен 
өмірімнің кешегі күндерін ғана айтып отыр-
мын. Қазір жүрегімнің төрінде өзің тұрсың 
Жангүлім?
– Үнемі алдай саласың осылай... 
– Имандай шыным. Қызды алдау әдетімде 
жоқ. Менің де қарындастарым бар... 
– Мен сені жақсы көремін.  

52
Айгүл ЖҰБАНЫШ
– Жарқыным менің, алтыным менің, сені 
ешқашан жылатпаймын... 
Жігіт ойлады: «Қармаққа оңай іліне 
салатын балық тәрізді неткен аңқау қыз 
ең? Ауқатты отбасының қызын келін ету - 
бақыт баспалдағының алғашқы сатысына 
қадам басқанмен тең!»
– Жанымның гүлі, екеуміз шаңырақ 
көтеріп... 
Жігіттің сөзін жел ұшырып әкетті. Долы 
жел сұлудың мөлдір сезімін лайлауға кел-
ген жігіт пиғылын кәдеге асырмауға ты-
рысты. Ашуға мінген дауыл алдымен тал-
теректің жапырақтарына тиісіп, жерге 
ұшырды. Жазықсыз жапырақтар дір-дір 
етеді... Жігіт қайта сөйлемек болып еді, 
жел енді оған тікелей шабуылға көшіп, ша-
шына «тиісті». Жігіт ашуланып шашын 
түзеп еді, жел тыңдамады. Тағы да ша-
шын жөндеді, бірақ, бәрібір тыңдамады, 
«мазақтай берді, мазақтай берді». Желдің 
адалдық үшін күшке мінгенін көрген аспан 
да қаһарлана бастады. Жауынды сылтау ет-
кен жігіт қызды тастап, алдыға қарай оза 
түсті. Артына бұрылып қарамады да. Қыз 
саябақтан жалғыз қайтты. Ол бүгінгі әдемі 
кештің шырқының бұзылуын ауа райының 
қолайсыздығынан көрді. 
Ақымақ!.. 
***
Жігіт хабарсыз кетті. Сағыныш сезімі 
Жангүлдің жүрегін ауық-ауық жұлқылап, 

53
Жаңбыр жауса екен...
көз жасын көл етті. Қыз жаны гүлдей сола 
бастады. Бірде құрбылары оның басқа ару-
ды құшағына қысып, бірнеше рет мей-
рамханада думандатып жүргенін айт-
ты. «...Қызды алдау әдетімде жоқ. Менің 
де қарындастарым бар». Сиқыр сөзге 
алданғанын сұлу түсіне бастады. Жан-
дүниесі көңілсіз әлемге бойлап, күрсінісі 
көбейді. «Уақыт – емші», – деді өз-өзін 
жұбатып. 
Жігіт аңдамай жүріп екі оттың ортасын-
да қалды. Мейрамханада кездесіп жүрген 
бейтаныс қыздың аяғы ауыр. Бірақ, ол 
қыз құрсағындағы шаранаға әке болуды 
қаламайды. Өзін өзгеден биік санайды, 
Ақымақ!..
Оның бар сенері Жангүл ғана. Қызмет 
шырмауынан шыға алмай жүргенін айтып 
оған қоңырау шалды. Еркелетті, еркеледі. 
Жангүл селт етпеді. «Қаражат жағынан 
қиналып тұрмын, нәзігім. Көмектесесің 
ғой». Жангүл  жігіттің өзін емес, ақшасын 
жақсы көретінін түсінді. Бірақ, бәрібір 
аяушылық сезіміне басты. «Ер жігіттің 
басынан нелер келіп, нелер кетпейді. 
Қиналғанда көмектескен сауап!..»  
Олар тағы да саябақта кездесті. Жігіт 
жақында мерекені бірге қарсы алатынын 
айтып, қызды сүймек боп оқталып еді, дала 
дауыл боп кетті. Жел жігітті мазақтағандай, 
шашына «тиісті». Ол ашуланып, шашын 
түзеп еді, жел тыңдамады, «мазақтай 
берді»...

54
Айгүл ЖҰБАНЫШ
...Қолына түскен ақшаны жігіт әлсін-
әлсін санайды. Жангүлге бұл жолы дән 
риза. «Егер ол ақша бермегенде...» 
***
Жаңа жыл. Жұрт жақындарына ақ 
жарма тілектерін жолдап жатыр. Бей-
таныс қыздың әлегінен құтылған жігіт 
кеше Жангүлге  «Жылды бірге қарсы ала-
мыз», – деп хабарласқан болатын. Қыз те-
резе жақтауына сүйеніп, елеңдей қарап 
тұр. Пәтерде бірге тұратын құрбылары 
әлдеқашан сүйгендерімен қыдыруға кетіп 
қалды. Үйде өзі ғана. Одан әлі хабар жоқ. 
Сағат тілі 00.00-ге  таяп қалды.  Қыз жыла-
ды. «Сені ешқашан жылатпаймын!..» Теле-
фоны шыр етті. «Бәсе, ол сөзінде тұратын 
жігіт қой...» Қоңырау шалған ол емес, ақын 
досы екен. «Жаңа жыл жақсылықтарға 
толы болсын», – деді. Қыз күрсінді. 
*** 
– Мен Жаңа жыл күні көп ішіп қойыппын. 
Ренжімеші... 
– ?
– Сол күні үйге достарым жиналған 
еді. Бәріміз бас қосқан соң, білесің ғой, 
тойлаттық. Таң ата есімді жидым... 
– ?
– Үндемей жазаламашы! Білем, мен 
ақымақпын. Бақытымды бағалай алмадым. 

55
Жаңбыр жауса екен...
– Кеш, бәрі. Біз бір-бірімізді түсінісе ал-
маймыз...
– Маған бір рет мүмкіндік бер, өтінем.
Жігіт ұзақ жалынды. Күні-түні қоңырау 
шалды, келіп кешірім сұрады. Қыз 
кешірді...
*** 
Түсік жасатқан қыз Жангүлді іздеп келді. 
Енді ол құрсағына бала бітпейтінін, бесік 
тербете алмайтынын, келешектен үміті жоқ 
екенін айтып егіледі. Жангүл қызға қосыла 
жылады. Ол өзінің ақымақтығына, қайта 
оралмас алтын уақытының кей бөлігін 
ақымақ жігітпен өткізгеніне налыды. 
Мына қыздың кейпін кешпегеніне іштей 
шүкіршілік етті. Жігітке қоңырау шалып, 
қызды жылатпауын өтінді. 
– Сен – ақымақсың, – деді Жангүл 
жігітке. 
– Білемін. 
– «Бір оқпен екі қоян атудың» такти-
касын доғар!  Қызды жылатпа. Ол сенің 
тумай жатып, тұншықтырып тастаған 
перзентіңнің анасы.  
– Ол қыз өмірден өзіне тиесілі сыбағасын 
алды. 
– Сен неткен қатігез едің?! Осы уақытқа 
кіммен араласқанмын!
– Сен – ақымақсың, Жангүл! 
– Білемін.  

56
Айгүл ЖҰБАНЫШ
– Сен маған үнемі көмектесесің. Өйткені 
мені жақсы көресің! Мен сенің осы 
аңғалдығыңды пайдаландым! Қасыңда 
отырған қыздың көз жасына сенің де 
қатысың бар, өйткені, түсікке ақшаны се-
нен...
Жангүл ашуға булығып, телефон 
тұтқасын қоя салды. «Намыссыз», – деді 
жылап. Қос қыз бірін-бірі жұбата алмады. 
Жігіт бұл күні тым көңілді еді. Өйткені 
ол мейрамханада жас сұлумен табысты... 
***  
Жігіт ғаламтордағы жеке парақшасының 
біріне: «Өмір ойынынан бір қыз ұтып ал-
сам», – деп жазыпты. 
Ақымақ! 

58
Айгүл ЖҰБАНЫШ
БӨРТЕ
Түнде түсіме Бөрте лағым кірді. Үйдің 
алдына келіп тұр екен. Өзі біртүрлі 
көңілсіз. Бұрынғыдай еркелемейді. Мені 
көрді де, қораға қарай қаша жөнелді. 
Қанша шақырсам да, маңырап, алды-арты-
на қарамай қаша берді, қаша берді... Мен 
де ізінен қалмай, «Бөрте, мені кешірші»,  
– деп жылап келем... Лақ ұстатпады, мен 
жылап қала бердім. Және жылап ояндым...   
Біздің үйде сегіз ешкі болды. Өздері 
сегіз-ақ түйір болғанымен, үнемі әкемнің 
ашуына тиіп, жүйкесін жұқартатын. Әкем 
байғұс күніне кешкілік сексен рет сегіз 
ешкілерге «ескерту» жасаудан шаршамай-
тын.  Бәтшағарлардың тентектігі сондай, 
өздері санаулы болғанымен, өріске барар 
жолда біздің және көршілердің қойларын 
«басқаратын». Ешкі қайда көш бастаса, мо-
мын қойлар солардың іздерінен ереді. 
...Көз аштырмайтын ақ түтек боран. 
Ызғырық жел үнін ұлыған аш қасқыр ма 
дерсің. «Ууууу». Долы жел ауық-ауық есік 
пен терезені соққылайды. Үйдегі үш бала 
бүрісіп, бір-бірімізге тығылып отырмыз. 

59
Жаңбыр жауса екен...
Кенеттен есік шылбыры үзіліп кетіп, аш 
қасқыр тарпа бас салатындай көрінеді. 
– Тәте, қасқыл, біздің қай желімізді 
жейді, – дейді кіші інім. Мен үнсізбін. 
– Тәте, қолымызға пышақ алып 
отырайықшы. Қасқыр тиіссе сойып тастай-
мыз ғой, – дейді үлкен інім. Мен үнсізбін. 
Даладағы аш қасқырлар қораға шапса, 
біздің ата-анамызды кім құтқарады? Жы-
лап жібердім. 
– Тәте-тәте, көзіңді сүлтші. Қасқыл кел-
се, міне, былай теуіп құлатамын, – деп кіші 
інім төбелеске дайын екенін көрсетіп жа-
тыр.
Сыртқы есік ашылды. Қасқырдан 
қорыққан үшеуміз селк еттік... Үйге үстін 
ақ қырау шалған анам кірді. Жалғыз емес. 
Жаңадан туылған ақ лақты құшағынан 
шығарып, пеш түбіне тастады. Үсті-басы 
әлі кеуіп үлгермеген аппақ лақ шала-жан-
сар. Ауық-ауық аузын ашып, дір-дір етеді. 
Үшеуміз үрпиіп тұрмыз. 
– Қырсық шалғырдың енесі алмай жа-
тыр. Оның үстіне қора да салқын. Обал бо-
лар деп үйге әкелдім, – деді анам. 
Лақты аяп кеттім. «Сүйкімді лақтың ана-
сы неткен қатігез еді. Өз баласын бауырына 
баспағаны несі?! Мына күннің салқынында 
суық тисе қайтер еді?! Сірә, әкем көрмей 
қалған болар, әйтпесе, күннің суығына 
қарамай ол ешкіні далаға қуып шығатын 
еді», – деймін іштей ашуланып. Енді 
қайтсем екен?! Әлде қораға барып...   

60
Айгүл ЖҰБАНЫШ
– Апа, енді мына лақ біздің үйде тұла ма?  
– деді кіші інім.
– Әзірге қора салқын әрі лақтың өзі тым 
әлжуаз. Қораға жібергенімізбен, үлкендері 
сүзіп тастайды. Сондықтан бір-екі күн 
бізбен бірге болады, жарығым.
– Апа, ол кімнің қасына жатады? 
– Пештің түбіне жатып ұйықтайды. 
– Сонда ол тамақты қайдан ішеді?
– Сиырдың сүтін беретін боламыз.  
Пеш түбіне жатқан соң, бойы жылыды 
ма, әлде қарны ашты ма, лақ маңырай баста-
ды. Апам лаққа сүт беру үшін емізік іздеп 
көршілерге кетті. Мен осы ұрымтал сәтті 
пайдалануды ойладым. Қолыма әкемнің 
мал сойған кезде пайдаланатын пышағын 
алып, қораға бет алдым. Бар ойым – бала-
сын бауырына баспаған ешкіні «тәртіпке 
салу». Қора есігі ашылу бойына төлдер 
жан-жақтан жамырады. Тыныштық орнау-
ын күттім. Екі көзім қара ешкіде. Алаңсыз 
жайылып жатыр. «Көрсетемін, бәлем, 
саған қазір», – деймін кіжініп. Ол да сезсе 
керек, маған сүзіле қарады. Орнымнан баяу 
тұрдым да, ешкіні қуа жөнелдім. Алдымен 
өзім, содан соң ешкі құлады. Жалма-жан 
ешкі мойнына әкемнің пышағын қададым. 
– Қолыма түстің бе, бәлем? 
– Мәәәәә...
– Үйде ақ лақ «жылап» жатыр. Сен 
болсаң, емін-еркін тамағыңды ішіп...
– Мәәәә...

61
Жаңбыр жауса екен...
– Енді жылағанмен кеш! Егер мұнан 
кейін ақ лақты жылатпауға уәде берсең, бо-
сатамын. 
– Мәәәәәә (Ешкінің даусы бұл жолы 
басқашалау шыққандай сезілді).
– Уәдеңде тұр. Мені алдаймын деп ойла-
ма! Енді қайталасаң... 
Қора есігі ашылды. Ешкі де, мен де тым-
тырыс қалдық. О, тоба, анам кіріп келе жа-
тыр. «Мәәәә». Қара ешкі «құтқарыңдар» де-
гендей бақылдай бастады. Өзге қой-ешкілер 
де үрпиіп бізге қарап қалған. Анам сиыр-
лар тұрған жаққа беталды. Ешкі тыпырлап 
жатыр. Мен орнымнан тұра алар емеспін. 
Анам естімесін деп, ешкінің үнін шығармау 
үшін алақаныммен аузын бастым. Қырсық 
шалғыр, алақанымды тістеп тастады. Тісі 
мұнша қатты болар ма еді?! Ешкімен бірге 
өзім де жыладым. Сиырлардың шөбін са-
лып жатқан анам даусымды естіген соң, 
қой қамалған жерге жүгіріп келді. Аң-таң. 
Ешкі маңырап, мен еңіреп жерде жатыр-
мыз. Қолымдағы пышақты көрген апам ор-
нында тұрып қалды. «Сөгіс еститін болар-
мын, мұнан соң шана тебуге жібермейтін 
болды ғой», – деп қиналдым іштей. Абды-
рап қалған анам сәлден соң тіл қатты: 
– Неғып жүрсің, құлыным?
– Ммм-ына ешкіні ұруға келдім.
– Не үшін?
– Үйде лақ «жылап» жатыр. Бұл болса 
«тамағын ішіп, достарымен ойнап» жүр. 

62
Айгүл ЖҰБАНЫШ
Сосын келіп түсіндіргім келді. Бұлай бол-
майды ғой, апа... 
Апам күліп жіберді. Мені тұрғызып, 
үстіме жабысқан шөп-шаламды тазалады. 
– Баламысың деген. Өмірде сен түсіне 
бермейтін жайлар көп, қызым. Мал тұрмақ, 
туған баласын тастап кететін адамдар да бо-
лады. 
– Сонда кейбір адамдар балаларын жақсы 
көрмей ме?
– Баласын жақсы көрмейтін адам бол-
майды, қарғам. Өмірдің қиындығын  көтере 
алмайтын аналар мен әкелер болады. 
– Сонда мына ешкі қандай қиындық 
көріп жүр?
– (Апам тағы күлді). Ақ лақ – мұның 
алғашқы төлі. Уақыт өте келе бұл да бала-
сын бауырына алады. 
Қара ешкі маған тағы сүзіле қарады. 
Оның көзқарасы мені одан бетер ызалан-
дыра түсті. «Қолыңнан түк келмейді», – 
деп мазақтап тұрғандай. Апама сездірмей, 
жұдырығымды түйдім. «Әлі де қолыма 
түсерсің, бәлем!»  
Қора есігі ашылды. Әкем малға жем бе-
руге келген екен. Анамның қолындағы мал 
бауыздар пышақты көріп, мәнісін сұрады. 
Ешкі екеуміздің арамыздағы оқиғаны анам 
айтқанда, әкем ұзақ күлді. Әншейінде 
қабағына қар жауып жүретін әкемнің 
мына күлкісі қайран қалдырды. Бұл кісі 
де күледі екен ғой... Әкем басымдағы 
малақайымды жөндеп жатып: «Әттең, ер 

63
Жаңбыр жауса екен...
бала болып тумадың. Қайсарлығың мен 
намысшылдығың жігітке тән қасиет қой», 
– деді.
... Сол түні ақ лақ ұзақ «жылады». Апам 
да, әкем де әлекке түсті. Көрпе астында 
жатқан мен: «Енді ешқашан ақ лақты жы-
латпаймын», – деп өз-өзіме серт бердім. 
***    
Ақ лақ біздің досымызға айналды. 
Інілеріммен ақылдаса келе оған «Бөрте» деп 
ат қойдық. Бөртеміз кейде қысқартылып 
«Бөти» боп кетеді. Өзге төлдер бір төбе, ал 
Бөрте біз үшін өз алдына бір төбе болды. 
Жемнің жақсысы, шөптің құнарлысы, бәрі-
бәрі Бөртеге беріледі. Апам қара ешкіні 
де «тәубесіне» келтірді. Лағын емізбеген 
соң, ешкіні сауып, сүтін  лаққа емізікпен 
береміз. Бөтелкеге құйылған сүтті көргенде, 
Бөрте алыстан ойнақтап келеді. Біз Бөртеге 
оң қолын беріп амандасуды, алдыңғы екі 
аяғын көтеріп билеуді үйреттік. Бөртенің 
қылығы сондай тәтті еді... 
Бөрте мені таңертең мектепке шығарып 
салады, түсте күтіп алады. Үйге келе 
жатқанымды көрсе, маңырап, алдымнан 
жүгіре шығады. Бізбен бірге ойнайды, тіпті, 
сенсеңіз көлге де еріп баратын. Бөртенің 
қылығына, сүйкімділігіне көршілеріміз 
де қызыға қараушы еді. Бұрын көршінің 
балалары қаладан аға-әпкелері әкеліп бер-
ген қымбат-қымбат ойыншықтарын бізге 

64
Айгүл ЖҰБАНЫШ
көрсетіп мақтанатұғын. Енді олар біздің 
Бөртеге қызығады.  
– Бөртеңді бір рет құшақтайыншы, – 
дейді іргелес үйдің баласы.
– Жоқ, сен алдында-а-а-а маған 
машинаңды белген жоқсың ғо. Енді мен де 
Бөлтені саған құшақтатпаймын. 
– Мен саған алдында балмұздақ бердім 
ғой, енді мен бір рет иіскейінші Бөртені, – 
дейді қарсы үйдің баласы. 
– Иә, тек біл-ақ лет иіске. 
Көршінің баласы лақты қанша рет 
иіскегенін санап, інілерім әлекке түседі. Со-
дан соң «көп иіскеп қойдың», – деп өзара 
төбелеседі. Бөрте жүрген жер осындай той-
думан еді. Бірақ бұл ұзаққа бармады... 
Біз бірде Бөртені таба алмай қалдық. 
Іздемеген жеріміз жоқ. Жүрегім бірнәрсені 
сезгендей... Өзіме берген сертті бұзғаныма 
налыдым. «Жо-о-ооқ, Бөти аман-сау келеді. 
Оның жоғалуы мүмкін емес»,  – деймін өз-
өзіммен күбірлеп. Жаманатқа қимаймын... 
Үйдегілердің бәрі үнсіз. Екі інім жылап 
отыр. Анам көңілсіз. Әкемнің қабағы 
қатулы. 
– Біздің Бөлтені ұллап кеткен шығар, – 
деді кіші інім. 
– Кім ұрлап кетеді? (жан даусым шықты) 
– Бөрте күн сайын өсіп келеді ғой. Бәлкім, 
енесімен өріске қосылған болар, – деді анам. 
– Онда неге өріске кеткен малды 
қарамаймыз?

65
Жаңбыр жауса екен...
– Мына күннің ыстығында өле алмай 
жүрсің ба? Әкем айқайға салды. 
– Тышқақ лақ үшін енді өріс жағалар 
шама жоқ. Бұйырса сендердікі, бұйырмаса 
барсын! – деді. 
Бөрте сол күні үйге келмеді. Бір апта, 
бір ай өтті. Ұшты-күйлі жоқ. Үшеуміз сай-
саланы, тау-төңіректі аралап шықтық. 
Лағымыз табылмады. Анам ауыл-үйді ара-
лады, лақ көзіне түспепті. Біз Бөртені өлдіге 
санадық... 
Әкем ауылдағы үш шақырым жердегі 
зауытта жұмыс жасайды. Ерте кетеді, кеш 
келеді. Кейде әкемізді апталап көрмейтін 
кезіміз болады. Бірде әкем сол ауылдағы 
үйдің бірінен су ішпек болып, ауласына 
кіреді. Сөйтсе, қалың көгалда жайылып 
жүрген ақ лақ әкемді көре сала маңырай 
жөнеледі. Жанына келіп, қолын беріп, би-
лей бастайды. «Бөрте». Өз малын таныған 
әкем лақты әкеп, қораға қамайды. Іле 
әкемнің ізінен «қуғыншы» жетеді. Түстері 
суық ағай мен апай үйге кіре сала, әкем 
мен апамның жаналқымынан алды. Әкем 
де қалысар емес... Апамның даусы арагідік 
шығады. Әңгімелеріне құлақ түрсем: 
«Лақты қайтарыңдар», – дейді. Анам ол 
лақты сүтпен асырағанын, әкем құлағына 
ен салғанын айтып, ақталып жатыр. Бірақ 
бәрібір қонақтар райынан қайтар емес. 
«Япыр-ай, Бөртенің табылғаны ма?» деп 
ойлауым мұң екен, үлкендер дауының орта-
сынан шыққан кіші інім: 

66
Айгүл ЖҰБАНЫШ
– Мммм, ана кісілел бандиттел екен. 
Біздің Бөлтені ұллап кетіпті. Содан Бөлте 
үйге келген, – деді жаныма келіп. 
Бөрте қайтып келген! Алақай! Бар дау-
сыммен айқайлап, «Бөртеге» салып, қораға 
қарай жүгірдім. Үйдегілер де лақты көруге 
шықты. Қора есігін ашқанда, маңырай 
шыққан Бөрте бәрімізге бір қарап алды да, 
ойнақтай жөнелді. Үшеумізге кезек-кезек 
келіп, әдеттегіше оң қолын беріп аманда-
сты. Ата-анам да, келген аға-апа да бір күліп 
алысты. Жаңа ғана дау тудырған қонақтар 
енді ата-анамнан кешірім сұрасты. Сөйтсек, 
Бөртені көрші үйге қыдырып келген жиені 
қызығып ұрлап кетіпті. Баласының көңілін 
қимаған қонақтар лақты алып кету үшін 
байбаламға салған екен. Сол күні біздің 
үйде той болды...
Біршама уақыт көрмегеннен кейін бе 
Бөрте бұрынғыдай емес. Емізікпен сүт 
ішпейді. Қара ешкіні іздеп маңырамайды 
да. Тіпті, бізге де көп еркелемейді. Және 
үлкен өріске қара ешкімен қатар бара-
тын болды. Бөртенің өскені әкемнің көзіне 
түсті... 
*** 
Оқу жылы аяқталды. Менің бірінші сы-
ныпты үздік бітіргеніме қуанған ата-анам 
ауылдағы туыстарды, көрші-көлемдерді 
шақырып шағын той жасауды ұйғарды. 

67
Жаңбыр жауса екен...
Менің қуанышымда шек жоқ. Келген 
қонақтар кө-ө-өөөп ақша беретін болды.
– Малды қашан соясың? – деді анам 
әкеме.
– Қазір күннің қызуы басылсын, соямыз. 
– Әкесі, тойға лақ сойғанымыз ұят болар. 
Оның үстіне балалардың лағы...
– Ой, әкеңді, қорадағы малдың бәрі 
балалардың несібесі. Ешкі өсімі жақсы мал. 
Қойды ірі қонақ келгенде соямыз. Ауылға 
ешкі жарайды, – деп әкем күңк етті. 
Анамның қолында не билік бар, әкем 
айтқан сөз оған закөнмен тең. Апам терең 
күрсінді. Теледидардың қызығына кіріп 
отырып, мен бұл сөзге мән бермедім. Сәлден 
соң, Бөртенің «жан даусы» шықты. Далаға 
жүгіріп шықсам, әкем лақтың аяғын бай-
лап, ортаға тастапты. Өзі мал соятын 
пышағын қайрап отыр. Жүрегім аузыма 
тығылды. Көз алдым тұманданып, басым 
айналып кетті. Бөрте маған қарап, бар да-
усымен «Құтқар мені!» дегендей бақырды. 
Жанына қалай жеткенімді білмеймін, дереу 
Бөртені босатуға тырыстым. Лақтың аяғын 
байлаған жіп мұнша қатты болар ма? Әкем 
жаныма жетіп келіп: 
– Ә-әй, бұл қай қылығың? – деп айқай 
салды.
– Әке, өтінем, Бөртеге тимеңізші. Қорада 
басқа мал бар ғой.  
Сөз тыңдар әке бар ма? Мені итеріп та-
стап, екі жеңін түріп лақ жанына келді. 

68
Айгүл ЖҰБАНЫШ
– Бөртені сойсаңыз, мен де өлем, – 
дедім. Ашулы әкем бұл жолы қатты кетті. 
Тұңғышы болсам да, мектептен мақтау 
қағазын алсам да, аямады. Қанша таяқ же-
сем де, етегім жасқа толып Бөртенің аяғы 
оралған жіпке жармаса бердім, жармаса 
бердім... Оң қолым Бөртенің аузына тиді. 
Байғұс лақ соңғы рет менің алақанымды 
жалап үлгерді. Көзі жәудіреп, араша 
сұрағандай... Осы кезде жүгіріп інілерім 
келді. 
– Әке, үйге қонақтар келмей-ақ 
қойсыншы?! – деді үлкен інім жылап. 
– Әке, Бөлте білдеңе бүлділді ме? Аяғын 
неге байлап қойдыңыз? – деді кіші інім. 
Әкем оларға ұрсып еді, екеуі де жым бол-
ды. Апам бауырларымды алдап, үйге алып 
кетті. Ал мені көндіре алмады. Бөртеге 
берген сертте тұруым керек. Ауық-ауық 
лаққа қарап, «Қорықпа, Бөрте, саған 
көмектесемін!» – деймін күбірлеп... 
Әкем маған айқайлай-айқайлай шарша-
ды білем, көмекке көрші аға келіп, мені 
көтеріп алып кетті. Әкеме айтқанымды 
тыңдата алмайтынымды білген соң, көрші 
ағаға жалындым. Араша болмады. Ол 
кісінің де мұнша мейірімсіз екенін бұрын 
білмеппін. Қора жақтан Бөртенің енесі қара 
ешкі маңырады. Қанша дегенмен баласы 
ғой, ол да ұзақ «жылады». «Сен де жазық 
жоқ, мен де азық жоқ», – деген әкемнің 
даусы құлағыма шалынды. Бәлкім аяр... 
Жо-жоқ, Бөрте соңғы рет бақырды. Дау-

69
Жаңбыр жауса екен...
сы тым аянышты. Шыдай алмадым, көрші 
ағаның қолын тістеп алдым. Ол мені жерге 
тастай салды. Тұра сала лаққа жүгіріп ем, 
кеш қалыппын... Қос қолын қан қылған 
әкем көйлегінің жеңіне терін сүртті. Бөрте 
қимылсыз қалды. Қара ешкі қора алдын-
да әлі маңырап тұр. Баласына араша бола 
алмағаны үшін ол да өкінетін тәрізді. Мен 
тұңғыш рет әкеме қатты ренжідім... 
...Үйге келген қонақтар мәз-мәйрам. 
Үшеуміз жылап отырмыз. Анам бізді 
жұбата алмай әлек. Қазан бүлкілдеп 
қайнап жатыр. Шай ішілді, тілектер айтыл-
ды. «Бүйтіп алған дипломы бар болсын!», 
– деймін іштей. Ет пісті. Ортаға Бөртенің 
басы салынған үлкен табақ келді. Байғұс 
лақ тілін тістеп, көзін тарс жұмып алыпты. 
– Бөлте бізге ленжіп қалды е? – деді кіші 
інім. Басын изеді үлкені. Мен үнсізбін. 
Көрші аға табақтағы басты бөлшектеуге 
кірісті. Етсіз қалған бас бізбен соңғы рет 
қоштасқандай көрінді. Мен іштей Бөртеден 
кешірім сұрадым. 
...Мұнан соң ешкі етін жегім келмейді. 
Бөрте есіме түседі. 
***   
...Ақпанның ақ түтек бораны. Анам үйге 
тағы да лақ әкелді. Енесі алмай тастапты. 
Анам емізік іздеуге көршілерге кетті. Біз 
лаққа бұрылып қарамадық. 
Кешір бізді, Бөрте!..

71
Жаңбыр жауса екен...
СОҢҒЫ ВАЛЬС
...Үстелінің үстінде конвертке салынған 
шақыру билеті жатыр. Абзал үйлену тойы-
на шақырыпты. Суретті ұстаған саусақтары 
діріл қағып, жанарына жас іркілді. 
Жүрегінің соғысы да өзгергендей... Ай-
наласына сездірмеуге тырысқанымен, ақ 
шүберектей қуарған өңі өкінішін білдіріп-
ақ тұр. 
Әншейінде гуілдеп жататын хореогра-
фия залында тыныштық орнаған. Жаңа 
биге дайындалып жатқан бишілер мұның 
әр ісін бақылап, тапжылмай қарап қапты. 
Көздер... Бірі кінәлап, бірі аяйтын сұқ 
көздер... Өзіне мүсіркей қарағандарды 
жек көретін әдеті. «Сіздер менің мұңымды 
тыңдар психолог емес, бишісіздер! Неге 
билемейсіздер?» Бишілер орынсыз айқайды 
ұнатпай күңкілдей бастады. «Таз ашуын 
тырнадан алады», – деді бірі күбірлеп. Өз 
қатесін ұғып, жанарын терезеге аударды. 
Күн күліп тұр екен. Өзіне қараған көзден ол 
да ұялып, еріксіз жанарды жұмғызады... 
Залға әкімнің көмекшісі кірді. «Үлкен 
адамның» келгеніне бишілер таң қалып 
қарай қалды.  
– Сіз басқарып отырған би ұжымы 
қаламыздағы атақты ансамбльдердің бірі. 
Билеріңіз де, бишілеріңіз де әдемі. 

72
Айгүл ЖҰБАНЫШ
– Рахмет. 
– Бишілер тойда ұлттық билер билей ме? 
– Әрине, «Буын», «Балбырауын», 
«Келіншек», «Шашу», «Мереке», 
«Қоштасу», «Кербез», «Алқақотан»... Біз 
биді той иесінің өтініші бойынша билейміз. 
Әлем билеріне сұраныс көп.
– Қазақта билер көп екен ғой... Кейбірінің 
аттары мүлде таныс емес.
Әкім көмекшісі күлген сыңай танытты. 
– Қазақ биі десе көпшілік «Қамажай» 
мен «Қара жорғаны» айтады. Шын мәнінде 
біздің би өнеріміздің «қоржыны» бай ғой.
– Дұрыс айтасыз, би өнері бізде кенже 
қалған, дамытуымыз керек. 
Ол «үлкен адамның» сөзін құптай басын 
изеді. 
– Жақында інім үйленеді. Құдаларымыз 
өзге ұлт өкілдері болғандықтан, тойда оларға 
қазақтың бар өнерін көрсеткім келеді. 
Бишілерге жаңа би қоюға мүмкіндігіңіз бар 
ма? 
– Сізге уәде ете алмаймын... 
– Би – бекзат өнер. Сіз мұны жақсы 
білесіз... Тойда осы өнердің құдіретін 
бишілер арқылы көрсетуіміз керек.  
– Би қою үшін де ізденіс, ой, идея керек. 
Бұл дәуірді бейнелейтін ұлы өнер. 
– Шығармашалық жұмысқа «бап» ке-
рек екенін білемін. Дегенмен де құдаларды 
тосын сыймен таң қалдырғым келеді. 
Сондықтан Абзалдың тойына бишілер аты-
нан сценарий дайындасаңыз. 

73
Жаңбыр жауса екен...
Тынысы тарылып кетті. Абзалдың тойы-
на би қоюы керек. Өмірінде бір рет болатын 
үйлену тойында мұның өнер көрсеткенін 
Абзал қалай ма? «Үлкен адамның» өтінішін 
де қайтара алмайды. Би – оның мамандығы 
ғана емес, «өмірі...» 
«Үлкен адам» қоштасып шығып кетті. 
Үстел үстінде жатқан суретті қайта 
қолына алды. Қалыңдық сұлу екен. Ақ 
көйлек ажарын тіпті нұрландырып тұр. 
Әсем жымиып, Абзалдың иығына басын 
сүйепті. Ал оның қабағы түюлі. 
Ол Абзалға ғашық еді. Әр кездесу сай-
ын Абзал бұған гүл сыйлайтын. Әр кездес-
кен сайын: «Саған би театрын ашу керек», 
– дейтін. Екеуі отау құруға да уәделесті. 
Бірақ оның «ақсүйек» туыстары «әртіс 
саған әйел болмайды», «биші бағыңды аш-
пайды», «некесіз туылған қыз...» деп екеуін 
қоспады. Тағдыр Абзалды басқа арнаға 
бұрды. Ол енді орыс шенеунігінің күйеу ба-
ласы... 
«Соңғы рет бір билейік...» Абзал қошта-
сар кезде осылай деген-ді. Саябақ ішінде 
екеуі жауған жаңбырға қарамай вальс би-
леген. Музыка болмаса да өкініш шері 
бұларды баяу ырғағымен тербеткен еді... 
Суретті қолына ұстап тұрған ол кенет өз-
өзінен тарқылдай күлді. Бишілер аң-таң. 
Тағы да жанарлар жәудірей қарасты. Күбір 
көбейді. 
– Су ішесіз бе? – деді бишінің бірі жанына 
келіп. 

74
Айгүл ЖҰБАНЫШ
– Шөлдегем жоқ. 
– Бәлкім, таза ауа жұтып келерсіз, күн 
тамаша болып тұр...
– Бұл тойда би құдіретін, биші шеберлігін 
көрсетуіміз керек. Олар менің хореогра-
фия мамандығын не үшін таңдағанымды 
білсін... 
Ол «үлкен адамның» ұсынысын өзіне 
берілген мүмкіндік деп ұқты. Қазақтың 
биші қызын менсінбей, байлық үшін өзге 
ұлттың «күшік күйеуі» атанғалы отырған 
жігітті өкіндіруге ұмтылды... Жігітке де-
ген сезімін, ішкі жан сырын,  сағынышын 
жеткізу үшін вальс шығарды. 
Той... Жас жұбайлар мейрамханаға 
кірген кезде бишілер «Шашу» биімен шашу 
шашты. Жігіт көпшілік ортасынан мұны 
іздеп тауып, басын изеді. Риза болғаны бо-
лар. Беташар рәсімі жасалғаннан кейін 
бишілер «Келіншек» арқылы қазақ 
келіндерінің ибалығын, іскерлігін көрсетті. 
Қалыңдықтың енесі бұған күлімсірей 
қарады. Жаңа құдалар отырысы қызған 
шақта бишілер мың бұралып, «Мерекені», 
«Шаттықты» төгілдірді. Сансыз шапалақ-
тар соғылды. Жаңа құдалар төс қағысты-
рып, жастарға ақ тілегін арнағаннан кейін 
жас отаудың табалдырығын аттаған жас 
келінге арнап «Қоштасу» биі биленді. Өзге 
ұлттың қызы болғанымен, қалыңдық та би 
мазмұнын түсініп көзіне жас алды. Құдалар 
отырысы қыза түсті. 

75
Жаңбыр жауса екен...
– «Қазақта би жоқ», – деген пікірді 
естуші едім. Бос сөз екен. Міне, қазақтың 
биі! Нағыз қонақжай халықтың дәстүрін 
көрсетіп тұр, – деп бас құда бишілердің 
өнеріне ақша тастады. Ол намыстанып: «Біз 
биімізді сататын ел емеспіз, біз өнерімізді 
насихаттайтын халықпыз», – деді. Мұның 
сөзін бишілер бимен іле кетті. Кең саха-
ра ойналатын ұлттық ойындарды сахнаға 
тоғыстырған «Алқақотан» биі биленгенде 
тойшы қауым шапалақ ұрды. «Балбырау-
ынмен» қазақ азаматтарының жігерлілігін, 
қайсарлығын танытты. «Үлкен кісі» дән 
риза... 
Той соңында бишілер аққудай бұралып, 
вальс биледі. Сценарий бойынша жас 
жұбайлар ортаға шығуы тиіс болатын. Бірақ 
күйеу жігіт сценарийге өзгерту енгізді. Аб-
зал қалыңдығын емес, мұның жанына кеп: 
«Соңғы рет бір билейік», – деді. Алғашында 
абдырап қалған ол ұятты кері «ысырды». 
Баяу музыка ырғағына сай екеуі шыр 
көбелек айнала биледі. «Соңғы вальс»... 
– «Вальс – қарапайым би емес. Бұл бидің 
мазмұны романтикаға, лирикаға, мөлдір 
махаббатқа толы», – деді жігіт. Қыз да үнсіз 
қалмады. 
– «Вальс – шынайы сезімді, ғашықтықты 
көрсететін би. Және бұл мен үшін қоштасу 
биі», – деп жауап қатты... 
– Сіздің өнеріңізді байлыққа «айырба-
стап» жібергеніме өкінем... 
– Мен тұңғыш рет өз-өзіме риза болдым. 

76
Айгүл ЖҰБАНЫШ
– Сізден кешірім сұрауға дәтім бармай-
ды. Өйткені мен қазақтың биін ақшаға 
сатқандай сезініп тұрмын... 
– Тойға Сіз үшін емес, жаңа құдалар үшін 
келдім. 
– Сонда қалай?
– Қазақтың биіне күллі әлем бас июі тиіс! 
– ...«Қоштасу» биі қайын жұртымды 
ерекше әсерге бөледі. 
– Бұл балетмейстер Дәурен Әбіровтың 
туындысы. Бишілер бүгін Шара 
Жиенқұлованың, Зәуірғали Райбаевтың, 
Меңтай Тілеубаевтың билерін биледі. 
– Керемет! Ал мына вальс...
– Бұл менің қос ғашыққа арнап 
шығарған...
– Бидің аты қандай?
Үнсіз қалды. «Соңғы вальс», – деді 
құлағына сыбырлап. Жігіт оны құшағына 
қыса түсті. Оның бауырына тығылған сай-
ын жүрегінің соғысы күшейе түсті. Ыстық 
құшақ, жылы леп... 
– «Соңғы вальс» – мен мүмкіндігімді 
жіберіп алдым, – деді жігіт сыбырлап.
– «Соңғы рет бір билейік», – деді қыз... 
Қос құшақ ажыратылды. Ол енді 
қалыңдық пен күйеу жігітті «табыстыр-
ды». Жас жұбайлар билегенде жұрт алақан 
соқты. Отшашулар шашылды. Жігіт мұнан 
көз алмады. Тойшықауым Абзал екеуінің 
«соңғы вальсін» сценарий бойынша деп 
ойлады. Шынында бұл екеуінің қоштасуы 
еді... 

Той аяқталды... «Үлкен адам» бишілердің 
еңбекақысын берді. «Би театрын ашып 
беремін», – деді бұған. Ол басын шайқады. 
Өзінің сезімі арқылы «Соңғы вальсін» 
дүниеге әкелгеніне қуанды. Бәлкім, мұнан 
кейін биші болмас...  
Оны Түркиядағы хореографиялық 
театрға қызметке шақырды. Ұшақ ішінде 
ой құшағына оранды. Аспандағы ақ бурыл 
бұлттардың өзара тербеліп тұрғаны бұған 
вальс билеп тұрғанындай сезінді. Ол дереу 
елге қайтуды ұйғарды. Өйткені ол түріктің 
емес, қазақтың биін жандандыруы тиіс. 
«Соңғы вальс»... 

79
Жаңбыр жауса екен...
АҚШАНЫҢ ҚҰЛЫ
«Ең арзан сый – ақша, 
қалғанының бәрі қымбат...» 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет