Сезім:
– Иә, күз келді...
Сезім үнсіз ыңылдап жатады да
Абайдың «Күз» өлеңінен үзінді оқиды.
Сезім:
– Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,
Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан.
Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма,
Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан.
Абайдың бұл өлеңі есіңізде ме?
Перизат:
148
Айгүл ЖҰБАНЫШ
– Әрине, есімде... (Ол да осы өлеңнің
келесі шумағын жалғастырады)
Жасыл шөп, бәйшешек жоқ бұрынғыдай,
Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай.
Қайыршы шал-кемпірдей түсі кетіп,
Жапырағынан айрылған ағаш, қурай.
Күздің әр күні мен үшін сағынышқа
толы. Сүйген жігітім мені күзде сүйіп, күзде
жылатты... Мен оны осы мезгілде ерекше
сағынамын. Тіпті, көрсем деп армандай-
мын...
Сезім (терең күрсінеді де терезеге
қарап):
– Күздің келгенін мына терезе де «ха-
барлап» жатыр. Сіз айтқандай, дала жасыл
көйлегін шешіп, қоңыр күртешесін киіпті.
Тоңған-ау деймін, сірә...
Перизат (ашулы дауыспен):
– «Терезе, терезе», – деп қақылдап,
қызықтырып қоймадың ғой. Ал айтшы, дәл
қазір не көріп жатырсың сол терезеден?!
Сезім: (Біраз үнсіздіктен соң)
– Хахаха, ананы қара?!
Перизат:
– Жынданғаннан саумысың өзің?! О,
тоба, ананы қара дейді ғой. Нені қараймын
мен?! Қарсы алдымда қабырғадан өзге түк
жоқ.
Сезім (күлкісін тия алмайды көпке
дейін):
– Ашулана көрмеңіз, күлкі қысып кетті.
Қазір айтамын... (біраз күліп алады)
Көшеде бір қыз жолдан өте беріп еді, бір
149
Жаңбыр жауса екен...
көлік үстіне лай суды шашып кетті. Жаңа
ғана сынып кетердей боп майысып әзер келе
жатқан әлгі қыз енді бұлқан-талқан болып
ашуланып... (сөзін аяқтай алмайды тағы
күледі).
Перизат:
– Немене осынша қатты күліп! Бұл
күлетіндей нәрсе емес қой! Адамның
үстіндегі киімі бүлінсе, енді ашуланбай
не істеу керек?! «Терезе, терезе», – деп
қақылдағанда бір мағыналы әңгіме айта
ма десем... Сенің бос сөзіңді тыңдағанша,
ұйықтасамшы...
Сезім:
– Сізге осы менің әңгімем, күлкім ұнамай-
ақ қойды-ау! Сіз жақтырмайды екен деп
сонда менің үнсіз отыруым керек пе еді?!
Перизат:
– Саған орынсыз әңгіме айтпа деймін!
Жап-жас болып, сөзден ілік іздейді екенсің!
Немене үлкенді сыйлап көрмедің бе?!
Сезім:
– Кешіріңіз, марқұм анам маған үлкеннің
алдынан кесе-көлденең өтпеуді, үлкенге
қарсы сөйлемеуді үйреткен-ді. Бірақ мен
сіздей адамды алғаш көруім. Біле білсеңіз,
бұл бөлме екеумізге де ортақ!
Перизат:
– Пішту, бөлме ортақ дейді ғой...
Осы кезде палатаның есігі қағылып,
бөлмеге Сезімнің әкесі Хакім кіреді. Екі
науқас үнсіз қалады.
150
Айгүл ЖҰБАНЫШ
Хакім:
— Сезім, қызым, даусың қатты шығып
жатыр ғой... (!)
Сезім:
— О-о-о, әке, әкетайым менің! (Құшағын
ашады). Келдіңіз бе? Сағындым ғой сізді.
Біз, мына апай екеуміз әңгімелесіп жатыр
едік...
Хакім
(қызының бетінен сүйіп,
құшақтап):
— Құлыным менің, жалғызым, жарығым!
Жағдайың қалай?
Сезім:
— Жақсымын, әкешім қазір! Тәуба, жа-
зылып келемін. Өткенде бас дәрігер Омар
Бекович «жазыласың» деді.
Хакім:
— Солай ма, қарғам, жазыласың деді
ме? Е-е-е-е, Алла Тағала, жарығымды,
сырқатынан айықтыра көр!.. Жаңа мен
де дәрігерлеріңмен сөйлестім, олар сені
«ақылды, елгезек» деп жатыр. «Берген
дәрілерді уақтылы ішеді, емін алады» дейді.
Айналайын, алтыным сол, дәрігерлердің
айтқанын екі етпе жарай ма?
Хакім сөмкесін ашып қызына әкелген
тәттілерін үстел үстіне қоя бастайды.
Сезім:
— Әрине. Айтпақшы, әке, өткенде түсімде
көгершін көріп едім, таңертең оянғанымда
терезе алдында көгершіндер қоныпты.
Хакім:
151
Жаңбыр жауса екен...
— Бәрекелде, көгершін жақсы ғой,
қызым! Демек, осы ауруханадан жазылып
шығып, құс сияқты биікте самғап ұшып
жүресің. Марқұм анаң көгершінді жақсы
көруші еді ғой, есіңде ме?! Бәлкім, анаң
көгершін болып ұшып келіп, сені қорғап
жүрген болар.
Сезім (Перизатты нұсқап):
— Әке, қасымдағы апайға анам екеуіңіз-
дің көгершінді жақсы көретіндеріңізді айт-
тым. Мына апай да көгершінді ұнатады
екен. Өткенде екеуміз көгершін туралы көп
әңгіме айттық.
Хакім:
— Солай ма?
Сезім:
— Иә, әке, көгершіндермен сөйлесе
алатыныңызды айтып едім, содан сізбен та-
нысамын деді апайым.
Перизат Сезіммен сөйлесіп отырған
Хакімді көргенде қатты қиналады. Себебі
Сезімнің әкесі оның бұрынғы жігіті еді.
Перизат (іштей):
— Ойпырмай, мына, мына... дауыс менің
Хакімімнің даусына қатты ұқсайды ғой.
Бет-жүзін анық көре алмай жатқаным. Егер
осы адам Хакім болса қайтем?! Жо-оқ, олай
болуы мүмкін емес....
Осы кезде Хакім Перизаттың
кереуетінің жанына келеді. Екеуі бір-
біріне қарап қалады.
152
Айгүл ЖҰБАНЫШ
Хакім:
— Алла шипасын берсін.
Хакім жанына келген кезде Перизат
қатты сасады.
Перизат (абдырап):
— Әәәәууминнн!
Хакім:
— Қызымның қасында естияр адам бар
деп естіп едім. Сіз екенсіз ғой. Мен... Мен
сізді бір жерден көрген сияқтымын. Біз та-
ныс емеспіз бе?
Перизат:
— ЖЖЖ-Жоқ, біз таныс емеспіз. Таны-
маймын сізді.
Хакім:
— А-а, кешіріңіз, көзіңіз таныс, біреуге
ұқсайсыз... Адамға адам ұқсай береді ғой
бірақ. Сізден өтінерім, ұйықтаған кез-
де қызыма қарап қойыңызшы. Ол әлі
кішкентай ғой...
Перизат:
— ЖЖЖарайды, қарап қояйын!...
Палатада Хакім мен Сезім сөйлесіп
отырады. Мұңлы музыка ойнайды. Пери-
зат төсегінде жатып қатты өксіп жы-
лайды.
Перизат (іштей):
— Бұл қалай болғаны?! Мынау Хакім
ғой. Сонда мына қыздың әкесі менің
Хакімім екен ғой... Қайран Хакім!.. Қайран
153
Жаңбыр жауса екен...
деймін-ау, мына жүрегі құрғыр оны әлі де
сүйеді екен ғой а?! Ол... ол мені таныма-
ды, жай біреуге ұқсатты. Көзімді... көзімді
ұмытпапты бірақ. Оның танымауына
қарағанда сонда мен қартайып, ажарсызда-
нып кеткенмін бе?! Ойпырмай, мен қанша
уақыт жанымда жатқан қыздың әлгі сұр
жыланнан туған бала екенін білмегенім бе?
Ай-й, бірақ осы қызды ұнатпаушы едім, сез-
ген екенмін ғой.
Музыка басылады. Хакім мен Сезімнің
әңгімесі аяқталады. Хакім қызымен, Пе-
ризатпен қоштасады.
Хакім:
— Жақсы, қызым, мен үйге қайтайын.
Сен дәрілеріңді уақтылы іш жарай ма?
Сезім:
— Жарайды әке! Алаңдамаңыз, сау
болыңыз.
Хакім:
– Аман бол, қалқам!
Хакім (Перизатқа қарап):
— Сау болыңыз! Алла шипасын берсін!
Перизат үнсіз бас изеп қоштасады.
Палатада үнсіздік орнайды. Перизат пы-
сылдап жылап жатады.
Сезім:
— Перизат апай, сіз жылап жатырмы-
сыз?
Перизат:
154
Айгүл ЖҰБАНЫШ
— ??? (үнсіз)
Сезім:
— Сіз манағы менің айтқан сөзіме ренжіп
жатырсыз ба? Ренжімеңізші... Айтпақшы,
әкем сізді бір жерден көрген сияқтымын
дейді. Мен сізді ренжітіп алғанымды ай-
тып едім, әкем көгершінді жақсы көрген
адам мейірімді болуы тиіс дейді. Әйтпесе,
көгершіндер бізге жақындамайтын
көрінеді. Сіз мені кешіріңізші.
Перизат:
— Менің мазам болмай тұр, Сезім!
Сезім:
— Жарайды...
Жарық сөнеді.
Бесінші көрініс.
Сахнада дәрігерлер бөлмесі. Үстелде
төрт-бес дәрігер кеңесіп отыр. Арала-
рында бас дәрігер Омар Бекович пен орын-
басары Клара Жүсіповна бар.
Омар Бекович:
— Жетінші қабаттағы палатада төсек
тартып жатқан екі науқастың да халі
ауыр. Әсіресе, терезе алдындағы кереуетте
жатқан Сезімнің жағдайы өте нашар. Олар
Жаңа жылдың таңың көрмей, үзіліп кетуі
де мүмкін.
Клара Жүсіповна:
– Иә, күн өткен сайын, байғұс бала со-
лып барады. Омар Бекович, бар жағдайды
қыздың әкесіне айтқанымыз жөн болар.
155
Жаңбыр жауса екен...
«Ауруын жасырған өледі» дейді ғой. Ертеңгі
күні басымыз пәлеге қалып жүрмесін.
«Қызым жазылады» деп үміттеніп жүрген
әкесіне ертеңгі күні оның қазасы оңайға
соқпас! Оның үстіне байғұс қыз өмірінің
соңғы күнін отбасында өткізсін.
Омар Бекович:
— Олай жасауға болмайды, Клара
Жүсіповна. Байғұс кісі онсызда да жылар-
ман халде жүр. Қызды осы ауруханада, өз
бақылауымызда ұстаймыз.
Клара:
— Не де болса әкесіне айтайық, Омар
Бекович. Әйтпесе ертеңгі күні қиын боп
жүрер...
Омар Бекович (ойланып қалады):
– Иә... Клара Жүсіповна бір жағынан
сіздікі де дұрыс... Айтқанымыз да жөн бо-
лар...
Сахнада палата көрсетіледі. Таң
атып келеді. Екі науқас ұйықтап жа-
тыр. Бөлмеге қайтадан Ажал кіреді. Ол
екі науқастың кереуетіне кезек-кезек ба-
рады. Сезімнің қасына барып қолынан
ұстап, көп айналшықтап жүреді.
Шымылдық.
156
Айгүл ЖҰБАНЫШ
ЕКІНШІ БӨЛІМ
Алтыншы көрініс.
Палатаға кішкентай шырша
қондырылған. Шам жанып-сөніп тұр.
Мұны екі науқас қызықтап жатыр.
Перизат:
— Қарашы, Сезім, мына шыршаның
шамдары әдемі е? Жалт-жұлт етіп, көздің
жауын алады. Шыршаның жанына барып
қолыммен ұстағым келіп тұрғаны.
Сезім:
—Бала кезімде үйге қондырылған
шыршаның жанынан шықпаушы едім.
Ойыншықтарын жақсы көретінмін. Есейе
келе сол шыршаны өзім безендіретін бол-
дым. Енді қараңызшы, алдымда тұрған
шыршаға жете алмай отырғанымды...
Бөлмеге бас дәрігер Омар Бекович, Кла-
ра Жүсіповна, тағы да бір-екі дәрігер,
Хакім мен Аяз ата, Ақшақар кіреді.
Омар Бекович :
— Ал, қыздар, Жаңа жыл құтты болсын!
Біз сіздердің тез арада сауығып, үйлеріңізге
қайтуларыңызға тілектеспіз. Аяз ата мен
Ақшақар да сіздерді арнайы құттықтауға
келіпті.
Аяз ата мен Ақшақар (науқастарға)
– Жаңа жылдарыңыз құтты болсын. Біз
сіздерге сыйлық әкелдік.
157
Жаңбыр жауса екен...
Аяз ата мен Ақшақар науқастарға
сыйлықтар береді. Дәрігерлер бөлмеден
шығып кетеді. Қыздар сыйлықтарын
алып мәз болып жатады. Бөлмеде Хакім
қалады. Ол екі науқасқа Жаңа жылдық
сыйлық тарту етеді. Бөлмеге торт
әкеліп кеседі.
Хакім (Перизатқа қарап):
— Қалайсыз? Жағдайыңыз жақсы ма?
Перизат:
— Шүкір, жақсымын.
Хакім:
— Лайым, бәрі жақсы болғай. Жаңа бас
дәрігер Омар Бековичпен сөйлесіп едім,
сіздердің жағдайларыңыз жақсы деді.
Құдай қаласа, менің қызымды осы бір-екі
күндікте ауруханадан шығарады екен...
Сезім (сыйлығын тамашалап отырып):
— Алақай! Әке, рас айтамысыз. Мені ау-
руханадан босата ма?
Хакім (күрсініп):
— Иә, қалқам, бас дәрігер жаңа солай
деді (қызын құшақтап бетінен сүйеді).
Перизат:
— Шығарады деймісіз?!
Хакім:
— Иә, шығарады...
Перизат:
— Жақсы хабар екен...
Қыз бен әкесі өзара сөйлесіп жатыр..
Баяу музыка ойнайды.
158
Айгүл ЖҰБАНЫШ
Перизат (іштей кіжініп):
— Солай де, Хакім! Қызыңды сен күтіп
аласың, ал мені кім күтіп алады.... Терезе-
ден бар қызықты тамашалаған жалмауыз
қызың, енді менен бұрын таза ауа жұтып,
даланың топырағын баспақшы ма! Жооооқ!
Олай болуы мүмкін емес... (өз басынан
ұрады).
Сәлден соң Хакім қызымен, Перизат-
пен қоштасып, шығып кетеді. Сахнада
сәл-пәл қараңғылық орнайды.
Сезім:
— Алақай, естідіңіз бе, мені ауруханадан
шығарады. Қатты қуанып тұрмын. Мұнан
соң ауырмау үшін қалың киініп, дұрыс
тамақтанып жүруім керек. Үйге барған соң,
әкеме дәмді қылып тамақ пісіріп беремін.
Әкем екеуміз енді көгершіндерге жем ша-
шатын болдық! Көгершіндерді де сағынып
қалдым...
Перизат:
— Қуанышыңа ортақпын ғой, Сезім.
Бірақ бізді бұл ауруханадан қалай шығарып
жібереді менің таңым бар?
Сезім:
— Әлгінде әкеме бас дәрігер Омар Беко-
вич мені жазылды депті ғой. Естідіңіз емес
пе? Ол кісі мықты дәрігер... Егер сізді ауру-
ханадан шығарса ауылыңызға барасыз ба
әлде қалада боласыз ба?
Перизат (көпке дейін үндемей қалады
да):
159
Жаңбыр жауса екен...
— Мені қалада да, далада да күтіп отырған
ешкім жоқ, Сезім. Мен жалғызбын. Өткенде
айттым ғой, менің бір кездері бақытты
күндерім көп болған. Бірақ әлдебір сайқал
сол бақытымды ұрлап кетті. Үйленгелі
тұрған жігітім, басқа қызға ғашық боп
мені тастап кетті (ашуланып айқайлайды).
Енді сол жігіт күнде қасыма келіп «қызым,
қызым» деп қызын маған тапсырады.
Сезім (аң-таң қалады):
— Не дейсіз? Кімді айтып отырсыз? Қызы
кім? Жігіті кім?
Перизат (дереу есін жиып алады):
— Жә-ә, көңіліңе алмай-ақ қой. Мен
саған басқа нәрсе айтып кетіппін ғой...
Айтпағым, Сезім менің барар жерім жоқ.
Дәрігерлер ауруханадан шығарған күні,
бұйырғанын көрермін.
Сезім:
— Иә, менің есімнен шығып кетіпті. Сіз
жалғызбын деген екенсіз ғой.. (ойланып
қалады) Таптым, егер қарсы болмасаңыз,
біздің үйде, бізбен бірге тұрыңыз. Әкем
екеумізге серік боласыз... Үйде басқа адам
жоқ.
Перизат:
— Жоооооқ, олай болмайды, Сезім.
Бұлай дей көрме!
Сезім:
— Менің сізге көмектескім келген еді...
Жарайды, өзіңіз біліңіз.
Екі науқас мұнан ары сөйлеспейді. Біраз
үнсіз жатқан соң екеуі ұйқыға кетеді.
160
Айгүл ЖҰБАНЫШ
Таң атып келеді. Бөлмеге Ажал кіреді.
Сәлден соң Сезімнің тынысы тарылып,
жағдайы нашарлай бастайды. Ажал оның
қасына жақындаған кезде анасының рухы
Көгершін келеді. Ажал мен Көгершін
екеуінің арасында тағы қақтығыс баста-
лады.
Ажал Көгершінді ұрып тастайды.
Көгершін ұшып кетеді. Сезімнің тыныс
алуы нашарлайды.
Сезім (Жан-жағын қолымен сермеп):
– Кет, кетіңдер! Шығыңдар ана терезеден!
Сезім Перизатқа айқайлап, көмек
сұрайды.
Сезім:
– Дәрігерлерді шақырыңызшы, менің
халім нашарлап бара жатыр!
Перизат:
— ??? (үнсіз)
Сезім: (айқайлап)
– Естисіз бе, көмектесіңізші деймін...
Перизат:
– ??? (тағы үнсіз қалды)
Сезім:
– Қолым кереуетімдегі түймеге жетпей
жатыр. Әлсіреп барамын. Сіз кереуетіңіздегі
түймені басыңызшы, дәрігерлер келсін.
Естисіз бе, маған көмек керек.
161
Жаңбыр жауса екен...
Перизат кереуетіндегі түймені
басқысы келеді. Қолын түймеге апарады
да баспай қалады.
Перизат (іштей):
– Мен қызықпын осы, мына қызға неге
көмектесуім керек, а! Бұл қыз қиналса
кезінде мені жылатқан әкесі де қиналады
емес пе?! Кегімді осылай аламын. Баспай-
мын, түймені...
Сезім:
— Ту, Алла-ай, үйге қайтамын дегенде,
ауырып қалғанымды қарашы. Перизат апа,
әлсіреп барамын...
Перизат түймеге қолын апарып, тағы
ойланады.
Перизат (іштей):
— Жоооқ, Перизат, мұның болмайды!
Бұл бейкүнә қыздың не кінәсі бар. Мені
жылатқан бұл қыз емес, әкесі мен шешесі
емес пе? Бас, кереуеттегі түймені...
Перизат түймені басады. Бірақ бұл
уақытта ажалмен арпалысқан Сезім көз
жұмған еді.
Перизат:
— Сезім! Сезім, маған бірнәрсе дедің бе
жаңа?
Сезім:
— ??? (үнсіз)
Перизат:
162
Айгүл ЖҰБАНЫШ
— Сезім деймін...
Сезім:
— ??? (үнсіз)
Перизат (күрсініп):
– Сенің қиналғаныңды көргенде қатты
аядым. Кереуетімнің жанындағы түймені
басып, дәрігерлерді шақырғым-ақ келді.
Бірақ сенің әке-шешеңнен әу баста кек алу-
ды көздеген едім. Хәкімді тура өзім сияқты
еңіретуді армандағанмын. Бірақ дер кезінде
қолыма түспеді. Өкінішті, кегімді олардан
емес, бір жапырақтай болған сенен алдым.
Біле білсең, мен сенен бәрін де қызғандым.
Өзің ғой, алғашында терезеден қаланы та-
машалап, қызықтырғансың. Енді даланы
менен бұрын көрмекші болдың. Бәрін ме-
нен бұрын көргің келді. Тура анаң сияқты
бірінші болуға тырысасың. Бірақ, мен сенің
шешеңе жол берсем де, саған жол бергім
келмеді. Эх-х, Хакім дүние кезек деген осы!
Мен есемді қызыңнан қайтардым!
Палатадан дабыл белгісі жеткен соң
дәрігерлер келеді. Дәрігерлер Сезімнің
денесіне жапқышын жауып, палатадан
алып кетеді.
Перизат жалғыз жатыр. Бөлме іші тас
қараңғы. Ол өз-өзімен күбірлеп сөйлейді.
Перизат:
– Тезірек, таң атса, дәрігерлерге
кереуетімді терезе алдына қойып беріңдер
деймін.
Жарық сөнеді.
163
Жаңбыр жауса екен...
Жетінші көрініс.
Палатаның есігі ашылып, бөлмеге
Хакім кіреді. Перизат шошып кетеді.
Хакім қатты жылағандықтан, бет-аузы
ісіп кеткен.
Хәкім:
— Есенсіз бе?
Перизат:
— Есенбіз. Сезімнің қазасы қайырлы
болсын. «Жан бар жерде қаза бар» деген.
Хәкім:
— Қызымның қайғысы қабырғамды
қайыстырып кетті. Қайтейін, өмірімнің
соңғы сәті жалғыз өтуге жазылған шығар.
Сезім анасы сияқты мені жылатып кетті...
Перизат:
— Жалғыз екеніңізді білемін, Сезім
айтқан еді.
Хәкім:
— Сезім айтты деймісіз? Дерті жанына
батып жүрсе де қызым мені ойлап кеткен
екен ғой. Ақтық сапарында сізге бірдеңе
айта алды ма?
Перизат:
— Сезім қиналып жатқанда «Ауруха-
надан жазылып шықсаңыз, әкеме қарап
қойыңыз» деді. Мендегі ашу оның аманаты
тұрмақ, өліміне де... (Хакім сөзін бөліп та-
стайды)...
Хакім (бетін басып жылайды):
— Қарашығым, ақырғы аманатында да
мені сізге тапсырған екен ғой...
164
Айгүл ЖҰБАНЫШ
Перизат:
— «Өлген артынан өлмек жоқ». Көп жы-
лай бермеңіз, Сезімге ауыр тиеді! Өмірде
жалғыз қалу жаман дерт екенін мен жақсы
білемін!
Хакім:
— (көз жасын сүртіп) Енді біз екеуміз
бір-бірімізге сүйеніш болайық. Мен сізге
қамқор боламын. Қызымның әпкесі ретінде,
туысым ретінде сізге көмектесемін.
Перизат:
— Жоқ! Мен сіздің көмегіңізге зәру
емеспін!
Хакім:
— Олай демеңіз! Қазір дәрігерлерге
айтып, кереуетіңізді жоғары жаққа
қойғызамын! Қажетті дәрі-дәрмегіңізді
алдыртайын. Тек, жазылып кетсеңіз
болғаны...
Перизат:
— Кезінде қайырылмай жылатып кет-
кен едіңіз. Енді мүсіркеп, жұбатуыңыздың
қажеті жоқ!
Хакім:
— Кезінде... Кезінде деймісіз? Түсінбедім,
біз өзі таныс па едік?
Перизат:
— Таңдаған жолыңыз бөлек болғанымен,
тағдыр бізді аурухананың тар бөлмесінде
табыстырды, Хәкім. Мен Перизатпын ғой...
Хакім:
— Пе-пе-Перизат! Япырмай, сені де
көрер күн бар екен ғой. Бәсе-ау, сені
165
Жаңбыр жауса екен...
алғаш көргенде көзіңнен танығам... Бұл
ауруханаға қалай түстің?
Перизат:
— Сенен ажыраған соң, жазылмас дерт-
ке шалдықтым. Сыртым бүтін болғанымен,
жүрегім мұң-шерге, ыза-кекке толы.
Сен менің жастығымның күл-талқанын
шығардың! Басыңа іс түскенде жалғызбын
деп жылайсың, ал мен өмірбойы жалғыз
болғанмын...
Хәкім:
— Мен сені ауылға іздеп барғанмын, тап-
падым. Кешірші мені, Перизат!
Перизат:
— (кекетіп күледі). Кешірші дейді...
Неше жылғы өкінішті, ашу-ызаны әсте бір
сәтте бір-ақ ауыз сөзбен кешіре салу оңай
деймісің?..
Хәкім:
— Біздің ауруханада кездесуіміз тағдыр
ғой.
Перизат:
— Басымызға қайғының бұлты
үйірілгенде, өзегімізді өкініш кернегенде
тағдырға сілтей саламыз. Сенің мені жы-
латып, басқаны таңдағаныңа тағдырдың
не кінәсі бар, айтшы? Менің бар ғұмырым
әйелің екеуіңе кектенумен өтті. Обалын-
ай сол кегім сендерден емес, жапырақтай
қызыңнан, о, тоба!..
Достарыңызбен бөлісу: |