Бағдарламасы бойынша жарық көрді Кітапты жүйелеп, баспаға əзірлеген немересі Нəзік Мəми Айтхожа М



Pdf көрінісі
бет1/13
Дата27.03.2017
өлшемі4,59 Mb.
#10437
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

© Айтхожа М., 2014
© «Қазығұрт» баспасы, 2014
УДК 821.512.122-1
ББК 84 (5 Қаз)-5
А 32
Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі 
«Əдебиеттің əлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» 
бағдарламасы бойынша жарық көрді
Кітапты жүйелеп, баспаға əзірлеген немересі – Нəзік Мəми
 
  Айтхожа М.
А 32    Көп томдық шығармалар жинағы. /Марфуға Айтхожа. – Ал-
маты: «Қазы ғұрт» баспасы, 2014. ISBN 9965-22-252-5
 
    7-том, – 2014. – 384 бет.
  
ISBN 
978-9965-22-487-4
 
  ҚР  Мемлекеттік  сыйлығының  лауреаты, «Парасат»  ордені-
нің  иегері,  көрнекті  ақын  Марфуға  Айтхожаның  көп  томдық 
шығармалар жинағының 7-ші томында 2008 жылы жарық көрген 
«Тобылғы бүрлегенде» атты кітабынан іріктеліп алынған жыр-
лары, автордың шығармаларына жазылған əндер мен ноталар, 
арнау өлеңдері қамтылған. Сонымен қатар қазақтың аға буынды 
ақын-жазушылары мен кейінгі толқын өкілдерінің М.Айтхожа 
туралы лебіздері, тілектері, естеліктері, құттықтаулары енгізі-
ліп отыр.
 
  Кітап көпшілік оқырман қауымға арналған.
 
 
 
 
 
УДК 821.512.122-1
 
 
 
 
 
ББК 84 (5 Қаз)-5
ISBN 978-9965-22-487-4 (Т.7.)
ISBN 9965-22-252-5

«ТОБЫЛҒЫ БҮРЛЕГЕНДЕ»
кітабынан 2008 жыл

4
ТОБЫЛҒЫ БҮРЛЕГЕНДЕ
(əнi Тоқтахыметтiкi) 
Сен келгенсiң, тобылғы гүлдегенде, 
Өрнек болып қалыпты бұл да өлеңге. 
Туған жердiң көзiндей, 
Қайран құрбым, 
Ендi қайтып өзiңдi бiр көрем бе?!. 
Сен келiп ең, аспанның ашығында, 
Толқындап, сонда өзендей
Тасыдым ба?!. 
Бал дəурен, 
Балғын кездiң белгiсi едiң, 
Сезiмдi болар ма екен жасыруға?!. 
Көп қарадым тербелген құрақтарға, 
Құрақтайын жаным бiр шуақтар ма. 
Асыр салған кеудемде, 
Асау күндер, 
Кетiп бара жатырсың, 
Шұбап қайда?!. 
Сен келiп ең, құстардың қиқуымен, 
Сонда мен шын сергiгем, 
Сиқыр – үннен!.. 
Сол күндердi ойласам, 

Сана сарсаң, 
Түннен аулақ безiнер, ұйқы мүлдем!.. 
Сен келiп ең, тобылғы гүлдегенде, 
Өрнек болып қалыпты бұл да өлеңге. 
Туған жердiң көзiндей, 
Қайран құрбым, 
Ендi қайтып өзiңдi бiр көрем бе?!. 
 

6
АБАЙ КҮНI
Атап жатыр күнiңдi ауыл бүгiн, 
Бастан талай өткерген дауылды күн. 
Аруағың бiр аунап жатқан болар, 
Ақындардың есiтiп жалынды үнiн!
Атап жатыр күнiңдi ауыл бүгiн, 
Ғасырларға саз болып, 
Қалың мұңың…
Тебiренумен өтiпсiз, бұл өмiрден, 
Ақындықтың арқалап ауыр жүгiн!.. 
Атап жатыр күнiңдi, ауыл бүгiн, 
Кең даламның тербетiп, 
Қалың гүлiм. 
Қасыңызда бiр сергiп қалайық бiз, 
Ақындардың Алматы сағынды үнiн!
Серпiлейiк қасыңда осылай бiр, 
Көптен берi жабықтық оқымай жыр…
Осы күндi, қалың жұрт жырға құмар, 
Жүрушi едi бүкiл ел тосып ай, күн!

7
АЛТЫН АДАМ
Өзiңсiң Жыл адамы, Алтын адам, 
Маңдайда бақ жұлдызы жарқыраған. 
Мерейiң биiк болып қашандағы, 
Ошағың, болсын, дəйiм, 
Халқың аман!.. 
Тасқындап түрған шақта арман-селiң, 
Ешқашан ортаймайды арнаң сенiң!.. 
Ер жiгiт сендей болар елi үшiн, 
Жаудырған жаңбырдайын маңдай терiн. 
Қазақтың хас аруы жары сүйген, 
Жаның бiр қалсын сергiп таныс үннен. 
Жатсыншы Алатауым жаңғырығып, 
Дүбiрлет, 
Тайбурылдай шабысыңмен!
Жаныңның жалындасын шырақ-нұры, 
Келiп тұр, домбыра – жүрек құлақ күйi. 
Жете бер, алда талай табыстарға, 
Қазақтың, 
Құттықтайды, 
Жыр-Аққуы!.. 

8
ҚАУЫМДАСТЫҚ
 (Дүниежүзi қазақтарының Құрылтайына) 
Тағдырдың көлiн кешiп, 
Тауын да астық, 
Сонымен кеттi-ау өтiп, жалын жастық... 
Жүзiнде бүкiл дүние жалғыз ат бар –
Ол, Елбасы басқарған –
Қауымдастық!
Əлемге сол арқылы дабыл қақтық, 
Кеудеге жыр дауылын дамылдаттық. 
Əлемде бар қазақтың басын қосқан, 
Ол, Нұрекең басқарған –
Қауымдастық!
Жырыма арқау болған менiң асыл, 
Байтақ – ел, заңғар – таулар, көлi – жасыл. 
Ағылып жыл құсындай шартараптан, 
Қазағым, 
Құрылтайға келiп жатыр, 
Ерлiгiң арқасында сенiң батыл!.. 
Қазақтық қанға бiткен қайсар-екпiн, 
Бұл шақта, 
Биiктерге бой теңеттiң. 
Келдi ғой, бауырластар, қиырлардан, 
Бұтағын саялауға Бəйтеректiң! 

9
Айыққан алаңдардан таза көңiл, 
Ешкiмге күнiм түспес, 
Ғажап өмiр!
Қызықтап қарап отыр жердiң жүзi, 
Басына бағы қонған – 
Қазақ елiн!
Желкендей желбiреткен батырларды, 
Жалғандық, бiлмейтұғын
Жасырғанды –
Тəуелсiз Қазақ деген ел боламыз, 
Арманға қолы жеткен ғасырларғы!.. 
Берген соң көңiлдерге уақыт тыныс, 
Жан баққан жайымыз жоқ, жатып тыныш. 
Ағылып келедi жұрт, 
Астанаға, 
Елдерi барлық əлем, 
Батыс, Шығыс!
Қарамай бастан кешкен дауылыңа, 
Жеттiң ғой, 
Атамекен, ауылыңа!
Астана құшақ жайып бауырласын, 
Мейiрлене қысады
Бауырына!

Тағдырдың тартсадағы азабын мың, 
Шомылып, 
Шуағына таза күннiң –
Қарсы алып тұр ғой бүкiл бауырласын, 
Мерейiн аспандатып қазағымның!
Тағдырдың көлiн кешiп, 
Тауын да астық, 
Сонымен кеттi-ау өтiп, жалын-жастық... 
Жүзiнде жер-дүниенiң жалғыз ат бар, 
Ол, Нұрекең басқарған, 
Қауымдастық!

11
ҚАСIРЕТТI ӨЛЕҢНIҢ ҚАСИЕТIМЕН... 
Қарсаңында осынау алып тойдың, 
Алматы аспанында қалықтайды үн!
Көп үндi көмiп кеттi, 
Жыл – ағыстар, 
Абайым!
Биiгiңде қалып қойдың!
Қалып қойдың биiкте мəңгi ойланып, 
Қалып қойдың, 
Өлең мен əнге айналып!.. 
Жүз елу жыл арада өтсе-дағы, 
Шыңдарың бара жатыр, заңғарланып!
Кiм бiлген дəл осындай мықтылықты, 
Жанарға қуаныштан –
Шық тұныпты... 
Құдiретiн өзiнiң өзге емес, 
Өлең ғана, 
Өмiрлiк ұқтырыпты. 
Малынып жатқан шақта дала шыққа, 
Мөлтiлдеп өлең тұрды қарашықта. 
Қасiреттi өлеңнiң қасиетiмен, 
Жаңғырығып келесiз, 
Жарасып та!.. 

12
ЖЫР – ЖҮРЕК
Əн-жырымен тербеп қазақ даласын, 
Түрған жоқ па, сол далада –
Дара шың!
Жыр үлесiң жетсе де жер жүзiне, 
Жаза алмапсыз, 
Жыр – жүректiң жарасын... 
Тауып түрған шың-құздармен жарасым, 
Мықтылыққа сонша қайран қаласың!
Қазағымның Абайына, мына əлем, 
Қызығып та, 
Қызғанып та қарасын!
Қасiретiнен тебiренген қара түн, 
Қара бұлттан нөсердейiн жауатын –
Қарауылдың –
Қоңыр ұлы бiздерге, 
Қалай ғана талмай жеттi қанатың?!. 
Сезiмiне шек келтiрмес ғашықтың, 
Дүние-жалған, 
Нұр құшағын ашып тұр. 
Көлдер кешiп, 
Талай таулар, асып шың, 
Мен де осынау мерейтойға асықтым, 
Жырдан шашу қалайын деп, 
Шашып бiр... 

13
КЕҢ ДАЛАНЫҢ КӨКБӨРIСI
Ешкiмнiң де жүрмейтiн өктем iсi, 
Кең даланың өзiңсiң, 
Көкбөрiсi!
Елшi де өзiң, елiңдi қорғап жүрген, 
Тəңiрiмнiң қолдасын көкте күшi!
Жұртыңа аян, сертiңе берiктiгiң, 
Сенатқа да сайлады, 
Сенiп бүгiн. 
Нұрын құйып жаныңа, көрiктi күн, 
Заманымды жаңғыртты, ерiктi үнiң!
Қайда барсаң, биiктен көрiндi өрең, 
Үлгi санар өзiңдi, кейiнгi өрен. 
Аруларға жинасаң қырдың гүлiн, 
Өзiңе арнап өзектен –
Өрiлдi өлең!
Қиырларға асатын, қиялы – шың, 
Бiлiмдi де, 
Бiлiктi, зиялысың!
Аса берсiн мерейiң, 
Аса берсiн, 
Қыранға тəн қасиет ұзап ұшу. 
Атаң жаудан қайтпаған – Батыр қазақ, 
Ерлер салған даңғыл жол жатыр ғажап!

Тəуелсiз туған елдiң иесi өзiң, 
Жұлдыздай, 
Жанып тұрған басыңда бақ. 
Жарқырап жана берсiн, жанған үмiт, 
Көңiлге атқан арай таңдар ұйып. 
Елiңнiң ерлiктерiн қос қанат қып, 
Бауырым, 
Ел көгiнде самға биiк!

15
ЖЫРМЕН ТЕРБЕП
Ақылдысың, 
Арлысың, тиянақты, 
Жасамайтын ешкiмге қиянатты. 
Парасатты, пайымды, тапқырлығың –
Жырмен тербеп, 
Жүрекке күй оратты!
Алмас қылыш секiлдi өткiрлiгiң, 
Жеңiлдетiп жүргенi көптiң жүгiн. 
Арғымақтың жалынан жел естiрiп, 
Елiң үшiн –
Ерлiкпен өтсiн күнiң!
Қаршығадай қағылез зеректiгiң, 
Батыл жiгiт өзiңдей –
Керек бүгiн. 
Құтты болсын, бауырым, 
Жарты ғасыр, 
Басылмасын ешқашан өр екпiнiң!
Жұртың үшiн бақыт қой, жүдегенiң. 
Жақсылықты ұмытпай, 
Жүредi елiң. 
Əдебиет, қазақтың өнерi деп, 
Соғып түрған дүрсiлдеп
Жүрегi өзiң!

16
ОРАЛАРМЫН
Жатқандай көрiк берiп далаға айдын, 
Жанымды қалған емес, 
Жанамай мұң. 
Жерiңнен кiндiк кескен шалғай жүрiп, 
Өзiмдi бақыттыға баламаймын!.. 
Арманға құрық салып, үмiт қуған, 
Түндырып iшкен жан ем, 
Тұнық сырдан... 
Өмiрге кеше келген немерем бар, 
Қайғымды сол ғой бiр сəт ұмыттырған. 
Кетпейдi ұшып үмiт, дала-желге, 
Жалындап жыр-шырағым, 
Жанады өрде!
Анамның ақ сүтiмен бiрге жеткен, 
Жатталып, өлең-жырым, қалады елде!.. 
Бұл емес жүрек оты өшер жерiң, 
Биiктен неше құлап, 
Неше өрледiм!.. 
Қайда деп, Атамекен, тартып кеткен, 
Туған жер, өрлiгiмдi, 
Кешiр менiң!.. 

Жанымды ұғармысың, кетсем жазбай, 
Тағдырдың тауқыметiн –
Тартқам нардай!
Соңымнан шүпiрлетiп ұрпағымды, 
Бiр күнi оралармын, 
Қайтқан қаздай!.. 

18
КҮНДЕРIМ ӨТIП ЖАТЫР
I 
Күндерiм өтiп жатыр жаңалап сан, 
Күндерiң бiлiнбейдi, 
Бала бақсаң. 
Алады етегiңнен «Апатайлап», 
Ақырын үйден шығып бара жатсаң... 
Қаншама күттiрмейтiн iсiң қалып, 
Қысылып, 
Қиналсаң да iшiң налып –
Балқытып бал қылығы –
Балбөбектiң, 
Басасың бауырыңа құшырланып. 
Шiркiнге берiлесiң шыныңменен, 
Жылуды айт, 
Жүзiндегi күлiмдеген!.. 
Баланы кiм айтады, «қолбайлау» деп, 
Төгiлген күнiм де өлең, 
Түнiм де өлең!.. 
Болса да жырға берiк сертiм бүгiн, 
Əуенiн тек солардың шертуде үнiм. 
Кешегi серiлiгiм шеттеу қалып, 
Солардың қолында ғой, 
Еркiндiгiм!

19
Дүрлiккен көктем келiп, гүлдейдi бақ, 
Жұрттарға бар тiрлiгiм –
Жүрмейдi ұнап. 
Ұнамас ұнамаса, мен солармен, 
Бiрге тұрып келемiн, 
Бiрге құлап... 
Тербеймiн, əлдилеймiн, бөбегiмдi, 
Бөбекке керек қанша, өнеге-үлгi... 
Басқанда бауырыма –
Бөбегiмдi, 
Ұмытам, көптен бергi, көне мұңды... 
II
Келемiн бiрге тұрып, бiрге құлап, 
Жыласа да шын жылап, күлгенi ұнап!.. 
Айналдым, Мөлдiр, Нəзiк, 
Ермұратым, 
Жұпар иiс, гүл көмкерген, iргелi бақ. 
Ұйтқыған уақыт шiркiн, құйын ба едiң, 
Текке күлiп, мен текке күйiнбедiм. 
Бəрiнен пенделiктiң биiк болып, 
Жатады думан болып, егiн өссе, 
Тартыла бермей ме жыр – диiрменiм?!. 
Өрiс пен осы емес пе, өркен деген, 
Өркенiм –

Өмiрiмдi көркемдеген. 
Қаулайды арман гүлi көкiректе, 
Солардың есейгенiн көрсем деген!
Солар ғой, нағыз Алтын көпiрiмiз, 
Жалғайтын бүгiнiңдi ертеңменен!.. 
Жүрсе де, құлындарым, салып ойнақ, 
Кездер көп қамығатын, бəрiн ойлап. 
Қаратас болса-дағы кетер жiбiп, 
Жымиса жүздерiнде жалын ойлап. 
Кiм үшiн өмiр кештiк, керек кiмге, 
Өмiрiм емес менiң мəнiн жоймақ!.. 
Солар ғой, шымырлаған – жыр бастауым, 
Сендерменен керек менiң сырласқаным. 
Ататын соларменен таңым жарық, 
Қашан да өздерiңмен нұрлы аспаным!
Таңданба маған, ерке, құрдасым…
Мейлi ғой, менi жырлар тосып жүрсiн, 
Айтамын бесiк жырын қосып жұртым!
Артымда «Апатайлап» жылап тұрар, 
Көз жұмып кетер болсам, тосын бiр күн…

21
ЖАЗЫЛДЫ ӨЛЕҢ... 
Айтарым бар жандарға əзiлдеген, 
Тындырғаным шамалы əзiрге мен, 
Мұңы аралас, 
Шыңы мен шыны аралас, 
Шаманың келгенiнше жазылды өлең!.. 
Жазылды өлең, тыя алмай өксiк үнiн, 
Көз алдымда ырғалып, көк шыбығым. 
Жазылды өлең, 
Жаралы жас ғұмырым, 
Жазғым келдi, 
Жаза алмай өттi күнiм!.. 
Жазылды өлең, таңданып биiктерге, 
Жазылды өлең, малтығып күйiк-шерге. 
Жазылды өлең, 
Арналған Атажұртқа, 
Жосыды жыр болып
Жезкиiктер де!
Жазылды өлең, жаңбырлы көктем жайлы, 
Жаныштаған еңсемдi неткен қайғы?!. 
Жазылмады əттең-ай, 
Жаза алмадым, 
Менi құшқан махаббат шеттеу қалды. 
Жазылды өлең, жұрт менi ұмытқанда, 
Жұмбақ сезiм жанымды жылытқанда. 

22
Жазылды өлең, 
Талқының құшағында, 
Шомылып тұрып атқан тұнық таңға!
Жазылды өлең, серпiлiп жүргенiмде, 
Құшағым толған шақта гүлге мүлде. 
Жазылды өлең, 
Сайрамның тұнық көлiн, 
Жүргенде түсте көрiп, 
Күнде, түнде!.. 
Жазылды өлең, елдiң көз жасын жазды, 
Жазылды өлең, аңсаған асыл назды. 
Ерте кеткен көктемдi армандадым, 
Жамылып отырғанда, 
Жасыл жазды!.. 
Жазылды өлең, армандай жiгiт жайлы, 
Араласып кеткенде үмiт-қайғы…
Өткенiмен арада қанша жылдар, 
Шын сезiмiн бұл жүрек суытпайды, 
Жыл қашықтап, 
Сол елес жуықтайды…
Жазылды өлең, теңселдi орман-далам, 
Жазылды өлең, 
Қашықта қалғанда Анам!.. 
Жазылды өлең, 
Туған жер топырағын, 
Кезiмде бiр иiскеудi армандаған…

23
ҚАЛАМАЙМЫН ЕШКIМНIҢ 
ЖЫЛАҒАНЫН... 
Мөлдiретiп, жасыл бақ, күмiс шықты, 
Алатаудан күнiм де
Күлiп шықты!
Жалпақ əлем елiне тiлеймiн мен, 
Осынау тамылжыған тыныштықты!.. 
Тап болып кедергiге қандай-дағы, 
Ресейдiң отыр бүгiн жанбай бағы... 
Қаншама ата-аналар
Аза тұтты, 
Айрылып жалғызынан маңдайдағы... 
Тербеген талбесiкте əн-күйменен, 
Беу, Аналар!
Бөбегiн əлдилеген. 
Ей, адамдар!
Баланың жазығы не, 
Қас-қағымда жаңылып қалдың неден?!. 
Аналардың түсiнем қайғы-зарын, 
Менiң-дағы мұңайып қалды жаным!.. 
Қандай ғана жауыздың қолы барды, 
Ойрандауға бiреудiң сəндi бағын?!. 
Соғыс дейтiн үрейлi, жаңғырады үн!.. 

Бiр кездерi Ресей еңселi едi, 
Еңселi болудың бар сан себебi... 
Бүгiнгi қанды қырғын, 
Қасiреттен, 
Адам тұрғай орман да теңселедi!.. 
Ақынмын, тебiренбей қала алмадым, 
Отан үшiн, ел үшiн бар арманым!
Бала дейтiн халықтың болашағы, 
Айналама қарайлап алаңдадым!
Анамын, қалуға үнсiз шыдамадым, 
Ұнатушы ем, бала үндес бұлақ əнiн. 
Қазақ дейтiн Ер халық, Адал халық, 
Қаламаймын, 
Ешкiмнiң жылағанын!

25
«ƏН ШАҚЫРУ»
(Баллада)
І
«Əн салсаң, Əсеттей сал, арындаған,
Арындап əн сала ма, дарымаған?!.»
Аз сөзбен түйiн түйiп тастан берiк,
Айтпай ма даналықпен бəрiн де адам.
Өзiнiң өзi берген өр бағасын,
Əсеттiң тағдырына таңғаласың.
Айрылған тiрiдей-ақ перзентiнен,
Туған жер,
Көп зарыққан шерлi Анасың.
Артында қалып туған ауыл-аймақ,
Даланың кеткен сұмдық
Дауылы айдап.
Дауылға дауыл болып жауап бердiң,
Жүрсең де елден алыс, налып-ойлап.
Досың да өнерiңдi қас та көрген,
Даусыңды асқақтата аспан өрген.
Жеткiздiң əсем əнмен арманыңды,
Топырақ бұйырса да басқа жерден...

26
Табиғат жаратқан соң сыршыл етiп,
Өттiңiз,
Шығысты əнмен дүркiретiп!
Көмiлген көкiрекке жасың ба екен,
Бұлттар да бара жатыр бүркiп өтiп.
Бұлттар да сейiлгендей бүркiп өтiп,
Атыңды уақыт бүгiн жүр түлетiп.
Iленiң көк аспанын көк нөсердей,
Əншi, Əсет!
Өте шықты күркiретiп!
Соншама өмiр кешкен қайсарланып,
Өнерi өр едi деп, айтар халық.
Жастанып жатсаңыз да
Күнес жерiн,
Арқаға əнiң келдi қайта айналып.
Жатса да өмiр озып, сан сапырып,
Өттiңiз жыр жаудырып,
«Əн шақырып»...
Асқақ үн дамылдаса жазғы таңда,
Сезiммен iздедi жұрт, сонша тұнық!
Оянып сағынышпен ала таңнан,
Жаныңа өттi жылдар, жара салған.
Өнердi өр санаған өрелi елiң,
Түсiрмей өттi ақынын алақаннан.

27
Теңдессiз, əн самғаттың таңғалатын,
Бəрi де жаза алмады жан жарасын.
Астасып қоңыр үнiң
Қоңыр бұлтпен,
Мұра боп қалды ортаға аңғаратын.
Арқалы əн қауыштырса Шығыспенен,
Шығыста құшақ жайды, тынысты өрен.
Сай келiп өрлiгiңе сан өнерiң,
Қымтанып жатты дала пүлiспенен.
Дүрлiгiп өзен-көлдер, сай-саладан,
Дауысыңды алып шыңдар қайталаған.
Өнердей болмаса егер сүйенiшi –
Жат жерде,
Жат елiнде қайтер адам?!.
Шығыста асқақ əнмен көшiп атың,
Ел болып əн сазына қосылатын.
Бiр арман туындатып бiр арманды,
Ажалды өз қолыңмен тосып алдың...
Аңсаумен алыстағы «Қалқаны» да,
Бөледiң тау мен тасты қанша мұңға.
Серiнiң серпiндi үнi кiлт үзiлдi,
Үзiлдi, əн мен жырдың арқауы да...

28
Ақынға құрмет етiп жанын жайған,
Қоштасты күңiренiп
Қалың найман.
Күндердiң күндерiнен,
Жыл арнадан,
Келдi алып аман сақтап əнiңдi айдан.
Өтсең де көрiп қанша өмiрде азап,
Өлмейтiн əн қалдырдың не бiр ғажап!
Дүниенi дүрлiктiрiп жатқан жоқ па,
Қоңыр үн,
 
Қоңыраулатып,
 
 
 
Қоңыр қазақ!..
Қаншалық болғанымен сегiз қырлы,
Жеткiздi дегенiне өмiр кiмдi.
Кеудемде келем мен де шерте түсiп,
Кешегi Сiзден қалған қоңыр мұңды...
ІІ
Ұштасты жолыңызға жолым менiң,
Келедi көңiл толмай, толымды едiм.
Қорғанып, ендi неден
Қорынды елiм,
Болды ма сонша қалың сорым менiң?!.
Тағдырым, тағдырыңа жалғас қандай,
Арада уақыт қана алмасқандай.

29
Сабылтып сағынышты,
  
 
 
Сарқыламын,
Сенушi ем,
Сезiнушi ем, талмас жандай!..
Келемiн нəзiк жанды қайрауменен,
Ақынға ол да бiр сын таймау деген.
Елiнен амалсыздан алыс кетiп,
Аз ба екен,
Өткен жандар зарлауменен?!.
Көл-көсiр көкiректi айдынға орап,
Құс болып,
Құспен бiрге жайдым қанат.
Тобына қосыла алмай қалған жолы,
Ағарған құс жолына қалдым қарап...
Жеткiзер ұшқан құстар, қайда менi,
Құс болып,
Құспен бiрге сайра дедi.
Төсейiн толқыныңа бауырымды,
Қимасым, арманым да Сайрам едi.
Сағыныш шалқар едi елге деген,
Сабақтап сағыныштан өргем өлең.
Қосылып толқындайды, толқындайды,
Жарысып жон далада,
Жел мен өлең.
Бiлер ме, шөл қадiрiн шөлдемеген.

30
Əсеттiң əндерiндей төге салған,
Толқиды,
Тебiренедi көне Сайрам,
Талқының жанарындай жаудырайды ол,
Мен оған ешқашан да теңесе алман.
Ақынның кеттi неге назы мұң боп,
Арманым қалар мəңгi –
Азығым боп.
Тəңiр-ай,
Тұнып аққан тұнығы ем,
Иненiң жасуындай жазығым жоқ...
ІІІ
«Əн салсаң, Əсеттей сал арындаған,
Арындап əн сала ма дарымаған?!:»
Болса да қаз-қалпында
Сегiз мүшем,
Секiлдi сезiнемiн жарым адам...
Кетсе де талай елге шалқып үнiм,
Өтедi аңсаумен жарты күнiм.
Өтедi күрсiнумен түнiм тұтас,
Түсiме тағы да ендi,
Талқы бүгiн.
Не шара, түсiнгеннен өмiр мəнiн,
Алаңмен өткеннен соң көңiл жарым.

31
Əншi Əсет,
 
Ақын Əсет,
 
 
Асқақ Əсет,
Басыңнан өткердiң ғой соның бəрiн.
Жатса да қайғың келiп қапталыңнан,
Əндетiп асып едiң,
Қап тауынан!..
Тербетiп, тебiрентiп,
Тянь-Шаньды,
Күнестiң бiр-ақ шықтың шатқалынан...
Толтырып сағынышқа жанарыңды,
Төгiлттiң,
«Сейпiлмəлiк – Жамалыңды».
Аңыратып «Салиқа мен Сəменiңдi»,
Алыпсың, əнмен –
Асу, қамалыңды!..
Дейдi жұрт, «асқақ үнi тау асатын,
Атар таң,
Батар күнмен таласатын».
Сыйғызған бiр кеудеге қанша өнердi,
Не деген биiк едi парасатың!
Не деген шалқар едi ақыл-ойың,
Құшақтап тау менен көл,

32
Жатыр ойын...
Өзiңдi сонша сүйген ел-жұртыңнан,
Дариға-ай,
Алып кеттi қапыда өлiм!
«...Ашутас, мүсəтiр деп, татып алдым,
Ажалды бестi ат берiп сатып алдым» –
Деп, Əсет, жанқиярда күңiренген,
Əн сүйген жұрт та,
Өзiң де қапы қалдың...
Аңсаумен Сарыарқаңды жүдедiң бе,
Əн салып,
Қас қырандай түледiң де!
Асқақтап Сiз келесiз,
Əсет Найман,
Тербелiп туған елдiң жүрегiнде!

33
АУЫЛЫМ ҚОНУШЫ ЕДI 
КӨЛГЕ ЖАНАЙ
Ауылым қонушы едi көлге жанай,
Бұл жүрек шыдар екен шөлге қалай.
Құстардан сəлем жолдай келемiн мен,
Жыл сайын,
Ұшып кеткен елге қарай!..
Билеген ақын едiм еркiмдi өлең,
Өлеңсiз жаным менiң серпiлмеген.
Ұлғайып барады арман көкейдегi,
Көрсем-ау, деген сұлу –
Көркiңдi ерен!..
Жетермiн туып-өскен елге қалай,
Көруге көптен берi келмедi орай...
Сағыныш сапырылды
Сайрамкөлдей,
Тасқынды қарсы келем селге қалай?!.
Еркiне менi еңсерiп бара жатыр,
Бiткендей үн қатады санаға тiл.
Тұтасып тұла бойы сағыныштан,
Жаудырап көл жанары, дала жатыр.
Шайқалтқан дауыл ма əлде еменiңдi,
Бұл тағдыр, неге жылап,
Неге күлдi?!.

34
Сағыныш, тəлкек етiп жүрсең де сен,
Туған ел, ақынына сене бiлдi.
Қонайын, еркiм сенде, ұшайын ба,
Кең дүние, келшi бермен,
Құшайын да.
Аяулы Анам өзiң аймалаған,
Ержеткем, сенiң ыстық құшағыңда.
Жастығым өттi қалай, бiлiнбедi,
Бiлмеймiн, əлi күтiп жүрiм ненi?!.
Кетпейдi көз алдымнан самал өпкен,
Құрақтың сонша нəзiк дiрiлдерi...
Құрақтың сонша нəзiк дiрiлдерi,
Түрады елеңдетiп бiр үн менi.
Жайнаған қызыл шоқ па, бұл махаббат,
Тəңiр-ау,
Тобылғының бүрiндегi...
Еншiме берiп маған ащы мұңды,
Тағдырым, аямадың қастығыңды...
Қайтарып бершi маған, бəрiн алып,
Алаңсыз,
Аңқау, адал жастығымды.
Ауылым қонушы едi көлге жанай,
Бұл жүрек шыдар екен шөлге қалай.
Құстардан сəлем жолдап келемiн мен,
Жыл сайын ұшып кеткен елге қарай!..

35


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет