Бағдарламасы бойынша жарық көрді


Жанрдың атқаратын қызметі



Pdf көрінісі
бет16/60
Дата28.01.2023
өлшемі1,31 Mb.
#63408
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   60
Жанрдың атқаратын қызметі. Бұл шарт бойынша, қазақ 
фольклорының прозалық жанрлары танымдық (познаватель­
ный), мағлұматтық (информативный), ғибраттық (воспи­
тательный), сауықтық (развлекательный), эстетикалық бо­
лып бөлінеді.
Шындыққа қатысы. Бұл критерийге сәйкес қазақ халық 
прозасы тарихи негізі бар (деректі), тарихи негізі жоқ 
(дерексіз) деп жіктеледі.
Прозалық шығармалардың көркемдік сипаты. Аталмыш 
принцип бойынша қазақ халық прозасы қарапайым және көр­
кем проза болып екіге бөлінеді.
Прозалық шығармаға айтушы мен тыңдаушының қатысы. 
Бұл шарт негізінде фольклорлық прозаны ел сенетін, сенбейтін 
деп саралауға болады.
Прозалық жанрлардың шығу мерзімі. Аталмыш шарт бо­
й ынша баяғыда пайда болып, қалыптасқан жанрлар бар және 
бұрын да, қазір де туатын жанрлар бар.
Міне, осының бәрін ескере отырып, бүкіл совет фольклорта­
ну ғылымының фольклорлық жанрлар теориясын зерттеудегі 
табыстарына сүйене отырып, біз қазақ халық прозасын екі 
үлкен топқа бөлдік. Бірі – аңыздық проза, екіншісі – ертегілік 
проза. Бұлардың әрқайсысы ішкі жанрларға жіктеледі. Аңыз -
дық проза миф, хикая (быличка), аңыз (предание), әп сана­
хикаят (легенда) жанрларын қамтиды. Ертегілік про заға 
жануарлар жайындағы, қиял­ғажайып, батырлық, ғибрат­
тық және сықақ ертегілер жатады.
Енді осы аталған жанрлардың шығу, даму жолдарын
ерекшеліктері мен ұқсастықтарын, жалпы табиғатын, көр­
кемдік қасиетін зерттеуге кірісеміз.
Ұсынылып отырған классификация – бізге жеткен фоль­
клорлық прозаның жанрлық жүйесін жасауға алғашқы тал­
пыныс деп ұғылғаны абзал. Бұл саралау халық прозасын 
көркемдігі мен болмыс қатынасына қарай жіктеу принципі 
бойынша жасалып отыр. Сонымен қатар қазақ, халық про­
засының ұлттық фольклорымызбен қарым­қатынасы һәм бай­
ланысы да сипатталады.


[
63
]


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет