3-топ тапсырмасы: Сөзжұмбақ шешу. Сөзжұмбақты дұрыс шешу арқылы, бүгінгі сабағымыздың құндылығын табу.
Сұрақтары:
1. Мектептің жүрегі, екінші ұстаз.
2. Көмек қажет жандарға білдірілетін сүйіспеншілік пен көмекті қалай атаймыз?
3. Жеті қазынаның бірі.
4. Мектепте оқитын балаларды кім деп атаймыз?
5. Қазақтың ұлы данасы, ақын.
6. Балаларға білім мен тәрбие беретін мекеме қалай аталады?
Еcкерту: қай тапсырманы орындасаңыз да, жан-жақты, сыни тұрғыдан ойлану арқылы жұмыс жасау керек.
6. Топпен ән айту Мейірім Әні: М.Жәутіков
Сөзі: Я.Заханқызы
Мейірбан ақ жүректен,
Арайлап таң күледі.
Жақсының шарапаты,
Жазира жан жүрегі.
Баланың пейіліндей,
Ананың мейіріндей.
Ықылас, тілек, ата-ана сеніміндей.
Қ-сы:Мейірім кәусар бұлақ,
Мейірім шамнан шырақ.
Мейірім күндей ыстық,
Мейірім-мейірім, тату достық!
Көңілі ашық аспан,
Мейірі шуақ шашкаң.
Жандардың махаббаты
Сарқылмас бұлақ, дастан.
Іздері жүріп өткен,
Сәулелі нұрынтөккен.
Мейірбан адамдардың,
Қашанда жаны көктем!
7. Үйге тaпcырмa. 124 беттегі Жақау Дәуренбековтың "Адалдық" әңгімесін оқып, сұрақтарға жауап беру.
8. Соңғы тыныштық cәтi. Оқушылар, сабағымызды қорытындылай келе бүгінгі сабақтан не түйдіңіздер?
Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық. Рахмет!