Үшінші тарау
ҒҰМЫРНАМАЛЫҚ ДРАМА
Қиын тағдыр кешкен, тарихта бедерлі із қалдырған жан-
дар тұлғасы суреткер назарын өзіне жиі тартуы – өнердегі
заңды құбылыс. Қашанда кесек мінез соқталы тартыс үстінде
жақсы ашылмақ. Сондықтан белгілі адамдар ғұмырындағы
бір қуаныш, бір жеңіс, бір жеңіліс қалауын тапқан жазушыға
құлашты кең жаюға мүмкіндік берері хақ.
Бүгінгі қазақ әдебиеті ауқымының кеңеюіне назар салған-
да, тарихи-ғұмырнамалық тақырыптың мол өрістеп отырғаны
аңғарылады. Бұл творчестволық процесті суреткерлердің
қазір гі заман проблемаларынан жалтара қашып, тайқи салуы,
дағдарыс деп байлам жасай салу қателікке ұрындырар еді. Өнер,
ғылым, экономика, қоғамдық өмірдің барлық салаларындағы
қазақ халқының қазіргі табыстарын, қан жылаған қайғылы
күндерді тұтас бірлікте қарау керек. Қазақ суреткерлерінің
өткен-кеткен тарихқа, белгілі қайраткерлер ғұмырына шұқшия
қарап, тесіле көз салуы – бүгінгі социалистік қоғам биігінен, бү-
гінгі қазақ ұлты сапасының биігінен бағзы замандарды ұғыну,
болашақ күндер кәдесіне жарарлық асылдарды іздеу қамы.
Жалпы көркемдік шарттары, идеялық талаптар үстіне та-
рихи биографиялық объектіні қозғағанда, факті мен қиял, до-
кумент пен шығарма арақатысына байланысты қосалқы қиын-
дықтар туады.
Қазақ халқының қалыптасуы, XIX ғасырдың 30-40-жыл-
дарындағы дүрбелең, Шоқан, Сұлтанмахмұт, Мәди өмірі –
прозада осы алуандас кесек-кесек кезеңдерді бейнелейтін ро-
мандар, тіпті романдар циклі шыға бастаса, драматургияда
ғұмырнамалық-тарихи пьесалар ғана көрінді.
«Абай», «Ақан сері – Ақтоқты» трагедиялары – қазақ дра-
матургиясының классикасы, «Шоқан Уәлиханов», «Ыбырай
Алтынсарин» – өмірлік материалды қорыту жөнінен ұқсас
пьесалар. Ә. Тәжібаевтың драматургиядағы озық туындысы –
167
«Майра», қазір сахнаға Жаяу Мұса, Ғани Мұратбаев, Ілияс
Жансүгіров жайлы дүниелер келді, Сәкен Сейфуллин туралы
төрт пьеса бар. Бұл фактілер А.В. Луначарскийдің: «Халық
өз тарихын білуі керек, бұл жолда театр оның ұлы көмекшісі.
Театрдың қасиетті міндеттерінің бірі өткен замандарды жанды,
дәл һәм әсерлі қалыпта бейнелеуі екендігінде сөз жоқ», – деген
пікірін тиянақтай түссе керек.
Бір тақырыпқа, бір материалға әлденеше шығарманың ар-
налуы, ең алдымен, объектінің мәңгілігін көрсетпек, екінші-
ден, салыстыра зерттесе, осы орайда көркемдік тәсілдерге,
жаңашылдыққа қатысты байламдар жасалмақ.
Іні, дос ретінде сырлас, мұңдас, пікірлес болып, көп жыл-
дар үзеңгілес жүрген Сәкен Сейфуллиннің өмірін, мінез-
құлық ерекшеліктерін жазушылардың ішінде мен білемін де-
уге хақылы адамның бірі Сәбит Мұқанов еді. Революционер
ақынға бағышталған мақалалар, естеліктен кейін пьеса жа-
зылса, кездейсоқ нәрсе емес. Сәкен Сейфуллин өмірінің күллі
фактілерін, барлық оқиғаларын, шырғалаң атаулыны тегіс
сыйдырарлық шығарма емес, қысқа мерзім – 1918-1919 жыл-
дарды қамтитын драма туған.
Пьесадағы жиырмадан астам қаһарманның дені – аты-
жөні өзгеріссіз алынған, белгілі адамдар. Бұл шығарманың
деректік негізін, документтік дәлдігін күшейткенмен, болған
оқиғаларды, мәлім материалдарды автор қалауынша өзгерте
салуға мүмкіндік бермейді. Кім жазса да, қашан жазса да,
әйтеуір Сәкен Сейфуллин туралы шығарма атаулының әманда
бір бәсекелесі бар, ол – «Тар жол, тайғақ кешу». Фактілер
сәйкестігі ме, оқиғалар жүйесі ме, қаһармандар келбеті ме –
бәрі де салыстыру безбеніне түспек, сол сынақта олқы шығарма
оқырман жүрегін жылытып, әдеби қазынаға қосылмақ емес.
Айтылмыш пьесаның тартыс шырғалаңы Сәкен Сейфуллин
өмірінің Ақмола кезеңіндегі жағдайлардан басталады. Аласапы-
ран, революция заманындағы шындықты бірен-саран кісілердің
басындағы мұң-шермен емес, әр таптан шыққан адамдардың
күресі арқылы бейнелеуді мақсат еткен драматург көпшілік
168
көріністеріне мән бергенін әуелгі сценалардан аңғаруға бола-
ды. Кедейлер Сәкенге теңдікке қолымызды жеткіз, жақсылық
жаса деп келсе, жуандар қоқан-лоқы көрсетіп, доңайбат шегеді.
Алғашқы бөлімде сахнаға шығатын Шафран, Асылбековтер бір
сенімнің адамдары екені мәлім болады. Орыс қызы Надежда-
ның саясат пен ақындық қоңсы қона алмайды деп Сәкенге
өзінше жанашыр сөзін айтуынан көрінетін әрекет – кейінгі
тартыстардың бір мұрындығы. Бұл қызға көзі түсіп, көңілі
кетіп жүрген жігіт Хамит Токиннің қызылдарға да, ақтарға да
қатар қызмет етіп, бұлаң құйрықпен жүрген жайы бар.
Қатер бұлты қоюланып, алғашқы найзағай жарқылындай
белгі беріп, газет материалдарының шашылғаны хабарлана-
ды, Совдеп мүшелері бармақтарын шайнайды. Ақмола боль-
шевиктерінің қапыда дұшпан қолына түсу трагедиясы «Тар
жол, тайғақ кешуде» тәптіштей суреттелген.
Пьесада ұзын оқиға сорабы сол Сәкен кітабындағы ізбен да-
мып отырады. Драмалық әрекетті ширықтыру, мінездерді ашу
мақсатымен Мұқанов кейбір ситуацияларды әдейі өзгерткен.
«Тар жол, тайғақ кешуде» Сәкен пәтерде ұсталса, пьесада бұл
жағдай кеңседе өтеді.
Басқа балаларын бір төбе, Сәкенін бір төбе көрген Жа-
мал сынды апаның алыстан аңсап, іздеп келген ұлын оқ пен
өрттен, қауіп пен қорқыныштан алшақ жатқан ауылға әкетпек
қылығы, сөйлеген сөздері сенімді берілген. Өзге жұртқа ақ
дегені – алғыс, қара дегені – қарғыс Совдеп мүшесі, азуын
айға білеген қаһарлы революционер, нөсер жыр төккен арқалы
ақын болғанмен, Жамал үшін Сәкен – сол баяғы Сәдуақас,
қайдағыны бастамай, ата-баба жолымен ит жүгіртіп, құс са-
лып, аң аулап, серілік құрып жүре берсе кемдік көріп, көштен
қалмайды деп санайды. Шайтановтардың подвалда тығылып
жатып, аяқ астынан шыға келуі – оқыс әсер ететін қимыл. Кез
келген мылтық, анасын қорғаған ұл, көз алдында боздағынан
айрылған шеше – бұл артистерге де, режиссерлерге де кең өріс
беретін, мүмкіндігі бар сцена.
169
Қылышынан қан тамып, байтақ Сібірді тітіренткен Колчак –
телі-тентек, ұры-қары, қанішер қарақшыларды соңынан ерткен
баскесерлігінің үстіне патша самодержавиесіне, шовинистік
идеяларға берілген, дүниеге, қоғамға көзқарасы, концепция-
сы кәміл бекіген идеяның адамы. Аяқ астынан шыға келген
кездейсоқ баукеспе емес, соғыс тактикасына, ұрыс стратегиясы-
на жетік адмирал. Кеше жуандардың тыныштық күзетшісі бол-
са, бүгін шашылған несібесінен айрылмауға ұмтылған жаралы
жолбарыс.
Осы жайттарды, оның мінез қырларын сөз ерекшелігімен
аңғартуға мән беріледі. Адъютантымен сөйлескен Колчак көбі-
не сұрақ қояды, жауапты тиянақтамай ілгері кете береді. Кадет
партиясының белгілі мүшесі «Алаштың» ақсақалы саналған
Әлихан Бөкейханов пен Колчак арасындағы диалогтарда ас-
тар, емеурін, тұспал мол. Кейде зымиян адмирал мысқылын
менменсінген кадет ұғынбай қалады. Арқа сүйер тірегі, айбар
болар жасағы жоқ Бөкейхановтың самсаған сары қолымен
ыз ғар шашқан Колчакқа «өтінішіңізді айтыңыз» деуі – ақылға
сыймайтын әрекет, әлін білмей шіренетін қимыл. Колчактың
тіпті Бөкейхановтың аты-жөнін ұмытып қалуының өзі көп
жәйттен хабар берсе керек. Елемеу, ескермеу, шыбын құрлы
көрмеу дейді мұны. Әйтпесе, анау чех генералы Гайдамен
әңгімесіне назар салыңыз. Күші, білегі бармен қалай сөйлеседі;
мұрын шүйіру, мазақ ету қайда, ибамен, сыпайлылықпен тіл
қатады.
Драматург Колчак секілді атышулы контрреволюционер, ке-
разу адмиралдың толыққанды бейнесін жасамағанмен, харак-
терлік кейбір өзгешеліктерді өзіне лайық бояумен көрсеткен.
Халықтың жүрегіндегі сөзді тауып айтқан тәкаппар ақын-
нан қашанда жендет атаулы сескенсе керек, өйткені ел ма-
хаббатының терең тамырын оңай отап, бірден шауып тастау
мүмкін емес. Тіпті оны көр түрме, шыңырау зынданға тастап,
итжемеде өлтіріп, кітаптарын жыртып, құртып, отқа өртеген
күннің өзіңде ақын есімінің қаһарынан қас дұшпанның зәресі
ұшып, құты қашатын болады. Ақын сөзі көзге көрінбейтін,
170
қолға ұстатпайтын жолдармен тарап, күрескерлердің қасиетті
қаруына, бойтұмар-дұғасына айналмақ.
Осындай күйді кешкен Сәкен Сейфулиннің дәл алдында
тұрған мынау қарулы адам – сонау кездерде бірге оқыған
құр дасы Төлебай Нұралин. Райыңнан қайт, бетіңді бізге бұр,
жаздым-жаңылдым деп хат жаз дейді. Осы сценадан пси-
хо
логиялық, идеялық жағынан өте күшті көрініс жасау
мүмкіндігін автор жете пайдаланбаған. Сезіммен, ішкі толқын-
мен лықсып шыққан диалогтар орнына саяси ұрандар, үгіттік
сөздер көбірек басып кеткен. Сәкен сынды ақынның өрт жалын-
ды монологы жетіспейді.
Революцияға халық өкілдерінің белсене қатынасқанды-
ғын көрсету мақсаты әсте кейіпкерлер санын молайта берумен
шешілмейтіні хақ. Драманың жанрлық талаптары ұмытылып,
не мінез ашуға, не тартыс ширықтыруға ықпалы жоқ диалогтар
етек алса, пьеса сәтсіздікке ұшырамақ. Ұлы Жұмабай абақтыда
отырған Нүрке шалдың бір кезде қосылуларына Сәкеннің көмегі
тиген Үмітжан – Есентайлардың үйінде отырып, әр нәрсені
қақас жібермей, тақымдап сұрақ қоюы – қазақы мінездің бір
ұшқыны, тісқаққан шал көп нәрсені көріп-біле тұра, әдейі
қырсық сауалдар тастайды. Күш жинап, қару дайындап,
түрмедегілерді босатуға қам жасап жүрген басқа адамдар –
Шафран, Досов, Есентайлар – бір-бірінен мінездік жағынан да-
раланып берілмеген.
Болған оқиға, деректерге сүйенсек, Ақмола Совдепі мү-
шелерінің бірталайы қаладағы абақтыда аштықтан бұралып
өлген, қақаған аяз, түтеген боранда Қызылжарға жаяу ай-
далып кетіп бара жатып, нелер боздақ айдалада сүйретіліп
қалған; Анненков вагонында тамұққа түсіп, жантәсілім бер-
гендер қанша. Бұл кезеңге арналған шығарма атаулыдан дәл
осындай хронологиялық сабақтастықты, оқиға сәйкестігін та-
лап ету көркемдік шарттарына, суреткер қиялына, сұрыптау
еркіндігіне, жазушы мүмкіндігіне тұсау салу болар еді. Айтыл-
мыш пьесада большевиктерді түрмеден партизандардың боса-
туы – автордың фактіні, тарихи деректі еркін пайдаланғанды-
171
ғын айғақтайды, бұл ерлік қимыл шығарма мақсатына орай
заңды үйлесім тапқан.
Соңғы актіде партизандардың, большевиктердің үстем
болған мерейі, көпшілік қуанышы бар. Назарға бірден іліккен
кейіпкер Хамиттің көңілі кеткен қыз үшін кейде большевиктер
ортасынан, кейде контрреволюционер арасынан оп-оңай шыға
келуі, бұл алаяқ жүрістер, ешкімнің оның бетінен қақпауы –
сенімсіз нәрсе.
Соңғы кездесудегі Сәкен мен Надежда сөздері үлкен ға-
шықтық сырларына куә боларлық, саф сұлу диалогтар емес. Та-
сада тығылып тұрып, көз тая бергенде Надежданы қапыда қолға
түсіріп, алып қаша жөнелген Хамит зұлымдығы, сүйгенінен ай-
рылып қалған ақын – пьесаның бұл финалы Сәкен үшін күрес,
үлкен айқас алда деген ойға мегзейді.
Сәбит Мұқановтың «Сәкен Сейфуллин» пьесасы революци-
онер ақын өмірінің елеулі кезеңін бейнелеген тарихи-ғұмыр-
намамалық шығармалар ішінде өзінің деректі материал
-
да ры ның молдығымен, үгіттік-патетикалық сарынымен да -
ра лананып, бүгінгі қазақ театрлары сахнасынан орын алған туын -
дылардың бірі болып отыр.
Бұрын этностық сюжеттерге ден қойып, комедияға көбірек
бой ұрған Қапан Сатыбалдиннің соңғы прозалық, драмалық
шығармаларында суреткерлік ерекшелігін, стильдік өрне-
гін танытар қасиеттер ретінде тіл байлығы, композициялық
жинақылық, түр ұтымдылығы секілді сипаттар көріне бастап
еді. Осы қатарда қаралатын туындының бірі – Сәкен Сейфуллин
өмірінен алынып жазылған «Жер бетіндегі ең ұзақ жол» драма-
сы. Автор бұл пьесада документтік дәлдік, фактілік сәйкестік
талаптарынан гөрі көркемдік шарттарын, образ мүсіндеуге
мән бергендігін аңғаруға болады. Шығармаға енетін өмірлік
құбылыс шеңберін әдейі тарылтып, объектіні ықшамдау
арқылы бас-аяғы жинақы драма жасау мақсаты көзделген.
Негізгі тартысқа қатысатын адамдар саны шағын. Қазақ
ертегілерінде жиі ұшырайтын философиялық, символикалық
идеясы зор барса келер, барса келмес, барса келер-келмесі
172
белгісіз үш тарау жол туралы сарын болушы еді. Осы идеяны
драматург пьеса прологына кіргізе отырып, Омбы семинария-
сын 1916 жылы бірге оқып бітірген үш жігіт – Федор Зирапов,
Ордалы Жарасов, Сәкен Сейфуллиннің алдағы өмір жолына
аттанар шақтағы көңіл күй
лерімен, таңдау-талғауларымен,
ертеңгі мақсаттарымен тұс пал ой айтады. Көне грек трагедия-
ларында қан-қазаның, сұм
дық опаттың күнілгері пешенеге
жазылған себебі бар, ол – жаз мыш, рок. Эсхил, Софокл, Еври-
пид шығармаларының тартыс жүйесі көбіне осы заңдылыққа
бағынады. Қапан Сатыбалдин бұл дәстүрді берік ұстанып
отырмаса да, драмалық конфликт сонау сар дала төсінде әзіл-
қалжыңға сүйеп, ойнап-күліп тұрып, таңдаған бақ-талайлары,
қалаған мақсаттары бар үш семинаристің айқасы ретінде
көрінеді.
Алғашқы сценалардағы ауыл суреттері, ойын-сауық, той-
томалақ қызықтарының сахналық эффектісі демесе, драматизм-
диалогтардың қуаты солғын. Тұтас әрекет, үлкен арнаға ойыса-
тын күресті, он алтыншы жылдың қанды оқиғасын драматург
Федор Зиранов сұмдықтары арқылы береді.
Бұл – «Тар жол, тайғақ кешудегі» Зиранов. Драматург
образдың характерлік сипатын ғана емес, кейбір диалогтарды
да Сәкен кітабынан алған.
Романда:
«– Өз қолыңмен қазақ өлтірдің бе, неше қазақ өлтірдің? –
деді.
Зиранов күліп:
– А-а-а... Өз қолыммен бес-ақ қазақ шауып өлтірдім, – деді».
Пьесада:
«Сәкен: Неменеге сұрайсың? Ішің біліп тұр ғой. Неше
қазақтың қанын іштің?
Зиранов: Айтуға болады, бес қазақты қылыштап, екі қазақ-
ты атып өлтірдім».
Жендеттің осыны айтқанда беті бүлк етпейді. Қаншелек
отаршылдың жалмауыз пиғылына салса, Оспан атаулыны
173
тү
гелдей Афанасий етіп жаздырып, ел-жұртты, атамекенді
ұмыттырып, бір шыбықпен айдамақ.
Көп шығармаларда Зиранов сыңайластар әпербақан, ұр-
дажық дүлей ретінде ғана бейнеленсе, Сатыбалдин реалистік
бояуларға ден қояды. Шовинистік дерттен туған қазаққа деген
өшпенділігін Зиранов айқаймен, таяқпен, ату-шабумен білдіру
үстіне, басынан бағы тайғанда бұғып қалмай, еңбекші біткенге
қарсы қайралған өшпенділіктің қара қанжарын беліне байлай-
ды.
Жеке-дара шығып, қаптаған қалың жауды қаусата алма-
ған Сәкен революция таңы атып, кемеліне келіп, кер торысына
мінген соң білек сыбанып күреске шыққанда, алдында тұрған
баяғы екеу: бірі – Федор Зиранов, бірі – Ордалы Жарасов.
Қиракезік, екіталай заман тынысынан хабар берерлік сце-
налар үшін драматург әр түрлі дауыстарды, бір-ақ рет шыға-
тын персонаждарды, ұтымды детальдарды пайдаланғанын Ақ-
мола базарының көрінісінен байқауға болады. Ерден шалдың
алтайы қызыл түлкісін бес тиындық құны қалмаған ақшаға
алданып сатуы, артынан дүниесін іздеп қайта жүгіру күлкі
тудырарлық, сахналық әрекетпен берілген. Бір ұлттың өкілінің
екінші ұлт тілін білмей, бүлдіріп сөйлеуі – ежелден комедияда
жиі қолданылатын тәсіл, тіл кедейлігі көбіне ой мешеулігінің
белгісіндей болса, айтылмыш пьесадағы молла шағым айта
Совдепке келгенде орысша сөйлегенсіп әбден былықтырады.
Мықтадым дегендегісі – әрбір сөздің соңына «ский» қосу. Тағы
күлкі.
Әділдік, теңдік іздеп, араша тілеген Ажарды азат ету сце-
насы әкенің революционерлік арынын танытар үлкен қимыл
ретінде шыға алмаған. Бәкен Серікбаев пен Сәкен арасындағы
диалогтардың да салмағы жеңіл, әсері әлсіз. Федор Зиранов-
тың әкесі Сергей Зирановтың өтірік көлгірсуі, үйімді тар-
тып аласыңдар деп қипақтауы, Совдеп сырының сыртқа ша-
шылуынан туған мазасыздық, Сәкеннің шешесі Жамалдың
келу көріністерінде әрекет, қимыл-қозғалыс бар болғанымен,
мінездер құбылысы, сезімдер қақтығысы пәс.
174
Қаһармандарды пышақпен кескендей екіге бөліп тастап,
бірін аппақ, екіншісін қап-қара бояумен көрсетуге тырысатын
схематизм қай жанрдың да көсегесін көгертпейтіні хақ. Дра-
матургия табиғатының байыбына бармағандар сахнада харак-
тер даралығы айқын ашылуы шарт, кейіпкер, түптеп келгенде,
бір үлкен сезімнің, көкейкесті ойдың адамы болсын деген та-
лапты желеу етіп, рабайсыз шарттылыққа, сенімсіз әсірелеуге
түсіп кететін орайлар мол. Әсіресе жағымсыз ыңғайда алын-
ған персонаждардың мінезінен дәйексіз, жағдайға, ситуацияға
қабыспайтын оғаш қылықтар жиі кездеседі.
Айтылмыш пьесадағы дұшпан ортаның кең көрінетін
тұсы – контрреволюционерлердің жасырын бөлмеде бас қоса-
тын кезі. Езуінен арақ ағып отырған Перебойностың ірі мақ-
сат, саяси сенім жолында басын қатерге тігуге өресі де, қауметі
де жетпейді, бұл – өзінен әлсізді аямай таптап үйренген қаны
бұзық, сесі басар мықты шықса, шыбындап қоя берер сужүрек.
Кейбір Совдеп мүшелерінің кара мылтық шүріппесі қа-
йырылып, жалаң қылыш өңменге таянған кезде тайғанақ
тартқаны, бәз жандардың опасыз боп кеткені «Тар жол, тайғақ
кешуде» айтылады. Солардың ішінде Божок деген де бар. Осы
адамды пьесаға кіргізген драматург сатқындық психология
құбылыстарын көрсетіп бере алмаған.
Шиі шығып, көмбесі ашылған Божоктың Совдеп мүше-
лері
нің алдында ақталу сценасында рухани тартыс, сенім
қақтығысы, көзқарастар шайқасына мән берілмегендіктен, құр
тәжіке, жай тұқырту басып кеткен. Кімнің қолынан шықса
да, Сәкен туралы шығармада оның ақындығы көрінбесе, мол
суреткерлік олжаға кенеле алмаса керек. Сатыбалдин пьеса-
сындағы олқылықтың бірі – ақынға тән сөйлеу мәнерінің,
шабытты тебіреністердің көріне алмауы, шырқап, шығандап
кететін толғау, әсем монологтар сирек. Соңғы көріністе оңаша
үйде өлең құшағында тербелетін Сәкен туралы сөз басқа.
Асылында, қазақ әдебиетінде шығармашылық акт, дүниеге
шығарманың келу процесін бейнелеу жөнінде үлкен дәстүр
жасаған Мұхтар Әуезов тәжірибесі зор шеберлік мектебі іспетті.
175
Сатыбалдин пьесасындағы Сәкеннің әйгілі қаһармандық жыр
«Марзельезаны» французша ыңылдап айта жүріп, кейін қа-
зақ азаматтарының гимніне айналып кеткен атақты «Жолдас-
тар» өлеңін шығару үстіндегі сезім күйінің берілісі Абай дың
Пушкинді аударғандағы халіне ұқсас.
Драматург пьеса финалында шарттық әдісіне сүйенген.
Шаршап қалғып кеткен Сәкеннің түсі, анасымен бақұлдасу,
ұрпақпен сырласу ишарасы арқылы емеурін, ой, тұспалды идея
берілген. Көркемдік құралдарды қарастырып, шығарманы ба-
ғалағанда, мұндай орынды қолданылған мегзеулік мәнді тә-
сілдерден бойды аулақ салу дағдысын мансұқ еткен абзал.
Әсіресе бүгінгі таңда әлемдік драматургияға театрдың, кино-
ның бейнелеу принциптері екпінді ықпал жасай бастағанда, об-
раз мүсіндеуде, идеяны айқындауға мәні мол құрал, тәсіл, амал
атаулыны техникаға, формаға қатысты нәрсе деп қана түсінбей,
қайта осы арнада құлшына іздену – өсу кепілі.
Кейде соны тақырыпқа алғаш барған адам тұңғыш бас-
тамасының ауырлық-қиындығын мол тартқанмен, қан жығасы
майланбай кететін де болады. Із салу, қазық қағу шаруасы ның
соңында жүріп шаршап, беті қайтып, қажып қалғандықтан,
екіншілей бұрын өзі көп тер төккен атырапқа жоламай ке-
тетіндер де кездеседі.
Ауызша аңыз, ел арасындағы сөзді малданушы емес, тари-
хи-архивтік институт бітірген маман болғандықтан жазушы
Амантай Сатаев өз шығармаларының өзегіне зерттеп, екшеп,
тапқан деректерді алады. Қазақ кинодраматургиясындағы ең
алғашқы төл туындылардың бірі – Құрманғазы жайлы сцена-
рий, Тәттімбет өмірін бейнелейтін повестер циклі, Достоевский
жөніндегі әңгіме туралы осыны айтсақ артық емес. Ал «Жол
үс тіндегі тамұқ» пьесасы – Сәкен Сейфуллин туралы алғашқы
дра малық шығарманың бірі, ол елуінші жылдардың соңында
жазылып, талай талқыға түсіп, әр жерде үзік-үзік жарияланып
жүріп, толық күйінде «Ақын ізі» кітабында басылып шықты.
Драматург сахналық тартымдылық, спектакль мақсатта-
рын көбірек ойластырып, әдейі Сәкен өміріндегі бір алуан
176
жағдайларды пьесаға арқау еткен. Асылында, «Қызыл сұң-
қарлар» пьесасындағы көптеген ситуациялар: Совдеп жұ мысы,
қапыда қолға түсу, түрме көрінісі, адамдардың мінез сипатта-
ры – Сәкен жайлы драмалық шығармаларда көбіне сарындас,
ыңғайлас келеді. Ал «Тар жол, тайғақ кешудегі» мотивтерге
соқпай өтетін, Сәкен өмірі жайлы шығарма әзір жоқ.
Азап вагонындағы тұтқындар көрінісінде үзді-жұлды әре-
кет болмағанмен, бір қарағанда, тұтқыр, келте диалогтарда дра-
матизм бар. Сөздердің тура, дәл мағынасынан гөрі мегзеулік,
астарлық мәні, тұспал ой басымырақ.
Пьеса тіліне қатысты жинақталған әлем әдебиетіндегі тәжі-
рибе, егер ретін тауып, сәтімен қолданса, иірім сырлар, шетін
күйлерді бейнелеуде астарлы диалогтардың, подтекстердің
қаншалықты құдіретті екенін көрсетеді.
Қаралмыш туындылардың үнемі биік талап деңгейінен
шы ға алмай қалатынының бір себебі – кейіпкерлер тілінің ұқ-
састығы, мінез қалыптарының ыңғайластығы. Автор дара-
лау, жинақтау мақсаттарын жіті қадалаған кездерінде сәтті
сценалар жасайды. Қандышелек Каменов пен қазақ дала-
сынан тіміскіленіп байлық іздеген Мокстың бірге отыратын
шағын драматург жағдайға лайықты бояулармен өрнектеген.
Патшаға бас ұрып, қайда айдаса сонда итпектеп тарта беретін,
қара мылтық, жалаң қылыш, көкірегі соқыр офицер Каме-
нов азғындаған, іріп-шіріген, тозған моралінен хабар береді.
Қолында кішкентай да болса билік тұрғанда, көзіне қан толып,
ешкімді елейтін емес, әсіресе Сәкеннен жауап алғанда жалма-
уыз пиғылы әбден ашылады.
Ақын ізімен, «Тар жол, тайғақ кешудегі» суреттелетін
жерлерді түгел шарлап шыққан А. Сатаев Сібірде басылған
газет терді, Омбы қазыналарын ақтару арқылы қазақ револю-
ционерлерінің, Арқа азаматтарының ерлігін паш ететін мол
дүниелер, көптеген тарихи деректер, сирек архивтік материал-
дар жинақтаған.
Революциядан бұрын әр түрлі мектептерді, тіпті жоғары
оқу орындарында тәлім алған кейбір жастардың басындағы ру-
177
хани трагедия – өзі туып-өскен ортаны ұмытып, патриоттық
сезімдерді мансұқ етіп, шен-шекпен, байлық іздеп кету дерт-
терінің ұшқынын «Жол үстіңдегі тамұқ» пьесасындағы Сән-
дігүл Жапаққызының бейнесінен көруге болады. Оқиғаның
оқшаулығына, тым ерекше жағдай екендігіне дау айтылса ке-
рек, бірақ өнер заңдылығы сандық көрсеткіштен гөрі сапалық
белгіні құптайды ғой. Мінез-құлқы, айналасына, көзқарасына
келсек, Сәндігүл буржуазиялық ортаға лайық жан, аямастығы,
тасжүректігі Бальзактың әйгілі романындағы әкесін қара жер-
ге отырғызып, сан соқтырып, қаңғыртып тастап кеткен безбүй-
рек қыздарға ұқсас.
Есімдері ғана бөлек, бір-бірінен даралығы шамалы кейіп-
керлерді автор жинақтап, ірілендіргенде абзал болатын еді.
Сәкен өлеңдерін пайдалану, хорды кірістіру, би арқылы бе-
рілетін түс сценасы, революциялық әндер – бұлардың барша-
сы режиссерді жақсы шешімге өзі жетелеп тұрған нәрселер.
Қысқасы, А. Сатаевтың «Жол үстіндегі тамұқ» пьесасы әлі де
жөнделіп, шеберленіп, ұшталса, қазір театрларымыздың сахна-
сында қойылып жүрген өзі тақырыптас пьесалардың қатарында
аяғын нық басып, бір деңгейде тұра алатындығына біздің
сеніміміз кәміл.
Әдебиетімізде тарихи-революциялық тақырыпты бейнелеу
арқылы қаһармандар, күрескерлер образын жасау тәжірибесі-
не көз жүгірткенде, бір объекті хақында әр жанрда жазылған
әлденеше шығарма бар екендігін көреміз.
Рас, бұлардың әрқайсысының мақсаты, көркемдік дәре-
жесі, идеялық нысанасы түрліше шығуы – заңды құбылыс.
Поэзияда Сәкенге бағышталған өлеңдерді былай қойғанда,
сүйекті шығармалардың өзі көбейіп қалды. С. Сейтқазиннің
«Біздің Сәкен» поэмасы «Тар жол, тайғақ кешудегі» белгілі
оқи ғаларды қайта жырлап айтып береді, оқыс табыс, көркем-
дік олжа сирек. Ақын өмірінің трагедиялық финалына бай-
ланысты сол дәуірді жақсы білетін арқалы жыршылар Ас-
қар Тоқмағанбетов пен Қалижан Бекхожиннің поэмаларында
жүректі сыздататын ауыр күйлер шертіледі. Облыстық театрда
12-0195
178
қойылған Әлжаппар Әбішевтің «Сәлем, Сәкен аға» пьесасында
батыл айтылған нәрселер, ойға қалдыратын жайттар, жария
болмаған сырлар бар.
Прозадағы жақсы үлгі – Ғ. Мүсіреповтің «Кездеспей кет-
кен бір бейнесі», ал деректі негізі, документті арқауы берік
С. Талжановтың «Сейфолланың Сәкені», Т. Кәкішевтің «Қы-
зыл сұңқары» сияқты шығармалар көркемдік шарттарынан
гөрі ғұмырнама талаптарына көбірек бағынады.
Пікірді қорыта сөйлесек, қазақ әдебиетінде әлі Сәкен Сей-
фулиннің өмірдегі асқақ, өр, романтикалық тұлғасына парапар,
иықтас келер көркем образы, сырлы бейнесі жасалмағанын
көреміз. Бұл орайдағы сан алуан туындыларға ортақ олқылық –
олар негізінен «Тар жол, тайғақ кешу», «Қызыл сұңқарлар»
секілді ақынның өз шығармаларындағы деректерден, са-
рындардан, бейнелерден ұзап алысқа шыға алмауы. Варияция
жасау, әуендесу, аз-кем өзгертулермен өнерде зор кеніш, мол
ырысқа жету әсте мүмкін емес. Революционер ақынның поэ-
зиясына лайық, соған деңгейлес отты монологтар, жан-жүйені
босатар психологиялық тебіреністер жасау шеберлігі кемшін.
Тарихи тақырыпты игеруде мол тәжірибе жинақтаған қазақ
әдебиетінің бүгін ой сарабына, зерттеу айнасына түсетін күр-
делі проблемалары мол.
Тырнақалды туындысынан бастап қазақ драматургиясы ең
көп қозғаған, ерекше сөз еткен тақырып – әйелдер мәселесі.
Алғашқы «Еңлік – Кебек», «Бәйбіше – тоқал», «Бақыт жолын-
да», «Күндеспейтін қатындар», «Алтын сақина» секілді пьеса-
ларда бас бостандығы жыр етіліп, қалың мал кесапаты сынал-
са, «Қарагөз», «Ақан сері – Ақтоқтыда» жүректі қыздардың
романтикалық, асқақ бейнелері жасалған. Қашанда қазақ дра-
матургтерінің назарынан әйел, апа, қыздар тыс қалмаған.
Өмірде негізі, дерегі, нұсқасы, ізі бар кейіпкерлер бір
төбе де, тарихи ісі белгілі, халыққа еңбегі, аты мәлім, даңқы
мәшһүр адамға байланысты жасалған образдар екінші төбе.
Бұл тұрғыдан Әбділда Тәжібаевтың «Майра» драмасы тарихи-
179
ғұмырнамамалық пьесалар ішінде түп қазық қаһарман етіп
әйелді алуымен ерекшеленеді.
Пьеса жазуға отырмас бұрын драматург көп жайттарды
зерттеушінің көзімен екшеп, сұрыптап алуы қажет еді.
Зады, ескі қазақ ауылының жағдайында талай нәрсе қағазға
түсіп, тасқа басылмаған соң, дәлдіктің алдына лақаптың,
шындықтың алдына аңыздың шығып кетуі салдарынан ақ
пен қараның жігі қосылып, соқыр сүрлеуге сүйреп жөнелер
шақтар мол болған. Әркім өзі шыққан төбенің биік көрінуін
көксеп, әр ру шошайтып жеке найза көтерген, бес ауыл алты
жерге от жаққан ырың-жырың заманда басқаның істеген ер-
лігін, айтқан даналық сөзін, жасаған жомарттығын оп-оңай
иемденіп, меншіктеніп, бауырға басып алу дағдысы аз кездеспе-
ген. Кең сахараның өзен-көлін, тау-тасының қойын-қолтығын
жайлаған, шашырай қоныстанған халықтың кәрі құлақ, ескі
көздері, әулетіміздің мерейі үстем болсын деді ме екен, әйте-
уір Қара Қыпшақ Қобыланды ерлігін, Қаз дауысты Қазыбек
сөзін, Абай даналығын өз аталарының біріне теліп, қосақтап
отырған. Содан шығар, күні бүгінге дейін кейбір толғаулардың,
көкейкесті күйлердің анық иесі кім екенін дәлдеп айту қиын.
Сол сияқты ел ішінде жауыққан, өшіккен дұшпандары жақсы
адамдарға сыртынан ғайбат айтып, өсектің өртіне от құйып,
шаланы бықсытып жүруді бір тәсіл көрген, тұлпардың сүрінге-
нін – мертіккені деп, палуанның мүлт кеткенін – жығылғаны
деп, әншінің қарлыққанын – біткені деп ұққан.
Қазақ тарихындағы белді қайраткер, көшелі кісі санатын-
дағы адамдар жайлы қалам тартқанда рулық, феодалдық
қарым-қатынастар қырсығынан туған мұндай психологиялық
жағдайларды әсте естен шығармау керек. Творчестволық тә-
жірибедегі үлкен парасаттылық, зор зерттеушілік білгірлігіне
қоса Мұхтар Әуезов Абай жайлы шығармаларында суреткерлік
ерлік қана жасап қойған жоқ, ұлы адамның ғұмырына қатыс-
ты тарихи деректерді, дәл фактілерді, нақты материалдарды,
аңыздарды, әр түрлі сөздерді сұрыптап, екшеудің, тазартудың
классикалық үлгісін көрсетті.
180
Атышулы әнші, атақты композитор, Сарыарқаның сүйіктісі
болған Майра Уәлиқызы жайлы пьеса жазғанда Әбділда Тәжі-
баев ұлы ұстазы Мұхтар Әуезов сабақтарын ерекше есте тұтқан.
Капитализм әсері молая түскен, Ертіс бойлап жүзетін кемелер
ел өміріне ықпал жасаған шаһарда өмір сүрген Майра сынды
табиғаттың бар сыйын ала туған асылзаданың соңынан өсек-
аяң, күбір-сыбыр ергені рас. Бұл орайда музыка зерттеушілері
Александр Затаевич, Ахмет Жұбанов, жазушы Сапарғали Бега-
лин Майра басындағы семьялық ауыр жағдайларды жасырмай,
оның моральдық тазалығын дәл факті, шын деректер арқылы
әділ тұжырымдап айтқан.
Өзінен бұрынғы зерттеушілер еңбегіндегі құнарлы ойлар-
ды, бағалы байламдарды ескере отырып, Әбділда Тәжібаев
Майра өмірінің драмалық шығармаға өзек болатын ұтымды
кезеңін сәтті таңдап алған. Тек ғұмырнама шарттарының жа-
уап берерлік, хроника ізін қуып отыратын, фактілер сәйкестігін
ғана құнттайтын дүние емес, әлеуметтік тартыс арнасында
ашылған характерлер жасау мақсаты ескерілген.
Аңғарып қараған кісі Майра ғұмырынан талай ауыр соқ-
қылардың, қайғылы халдердің ізін көреді. Алғаш тұрмыс құ-
руының өзінде көп жылаулы күй кешіп, Баянауылдың кера-
зу, алапаты алты алашқа тегіс жайылған жуан жері Шор ман
ауылына келін болып түседі. Сұлу, жас қалпымен тоқалдық
күн кешудің небір сорақы сұмдықтары, ескі дәстүрдің басқа
соғып, аяққа тепкен қатал заңдары, күйеуі Зәржан өлімінен
кейін туған қаласына, төркініне кетіп қалу – жігін ажыратып,
психологиялық құбылыстарды бажайлап, идеялық нысана бер-
се, бұл да бір драмаға арқау боларлық жайттар.
Пьесаның алғашқы көріністерінде осы айтылмыш оқи-
ғалардың зардабы, күйік-қасіреті алға тартылады. Аяңдап
жүріп, айран ішкен, шегесін қағып, балғасын тақылдатып
тамағын тапқан момын тірлігі бар етікші Уәли, ордалы жер-
ге құда болғанды өзінше бу қылатын әйелі Зәре көңіліндегі
қыжыл демесе, үйіне қайтып келген қызы Майраның бағы
181
күйіп, бақыты өртеніп бітті деп санамайды. Отбасындағы күң-
кіл сөзден осындай аужай аңғарылады.
Бетіне түгі шығып, қаны қарайып, кекпен қайнап келген
Тайман сөздері тыныш жатқан көлдің астан-кестенін шығарған
жынды дауылдай әсер етеді. Кетіп қалған келіні Майраны қуа
жетіпті қайын атасы.
Былқ-сылққа, сөзбұйдаға, мәмілеге тоқтар сыңайы жоқ,
пұлы төленген дүниенің құнын, ақысын іздеген бітіспес без-
бүйрек даугердей. Өз дегені болмаса, мұндағы жұрттың қазан-
ошағын шағып, шаңырағын ортасына түсіріп, мал-мүлкін,
атақонысын түгел өртеп кетпек. Бұл кесепатқа қарсы тұрар кім
бар?
Ең алдымен Майра бар. Сыпайы, ибалы қалпының өзі
жойқын күшке зор тосқауылдай. Ретті сөзін қысылмай-қым-
тырылмай, мірдің оғындай етіп айтады. Драматург контраст,
кереғар орайларда алынған кейіпкерлер сөздерін даралау-
ды жақсы құнттаған. Салғаннан Тайманның ұрдажық, сал
сойылдығы айқайлап, өрекпіп келген кескінінен танылса,
Майраның мақамында ақылдық айшықтар, кестелі өрнектер,
толқынды ырғақтар бар.
Әуелі әрекетті сценада негізгі қаһармандар түгел сахна-
ға шығады. Дәулетті, оқыған жігіт Дүрбіттің аяқ алысы
дала бөрісінің тасыр-тұсыр айқай-шуынан бөлек, әр қияға
із тастаған жымысқылықпен екі жақты да разы етпек. Тай-
ман сойқандықпен сахарада еркін қамшы сілтегенмен, қала
бұл тойтаңды көтермейді. Әлекедей жаланған, білек сыбанып
тұрған жігіттері бар Мұрат анау.
Ашық майдан, еркін күрес емес, бір-біріне доңайбат шек-
кен қарсыластар шекісіп қалып, кері серпіледі. Енді кездес-
кенде қанжығада кездеспек.
Тарихи тақырыпты бейнелеуде қазақ әдебиетінде қалып-
тасқан, әбден орныққан жемісті дәстүрлер бар. Үлкен тұл-
ғаның қара басындағы кездейсоқ жайттарды, болымсыз кем-
шіліктерді қазбалап, шұқып тауып алып, соны дабырайта
182
өсіріп, алыпқашпа, желөкпелер талғамына орайластырылып
жазылған сенсациялық, әңгүдік шығармалар реализм жай-
лауында ешқашан отау тіге алмайды. Дара қаһарманды
тудыр ған әлеуметтік орта, қоғамдық жағдай, кейіпкерлер
психология
сы, характерлер құбылысы арқылы бейнелі,
сырлы күйді суреттеуі шарт. Тіпті алыс замандар шындығы
шертілсе де, проблеманың бүгіндік мәнін, актуальды
маңызын жадынан шығарып алса, жазушы қапы соқпақ. Та-
рихи ғұмырнама туындыларда белгілі қайраткер, көрнекті
тұлғаның өмір өткелдері мен халық мұңын, халық күресін,
халық арманын астастыра көрсету көкейкесті мақсаттың бірі
болуы – заңды талап.
Әншілік, композиторлық секілді асыл қасиеттері, табиғат
берген қымбат сыйларының үстіне, Майраның өз тұсындағы
қазақ қыздарынан дараланып, оқшау көрінетін туған, өскен
ортасының, тәлім-тәрбие алған мектебінің бөлекше жағдайлары
орыс, татардың прогресшіл мәдениетімен етене араласқан
қаламен, ойын-сауықтың, ән-күйдің ордасы болған Ертіс бойы-
мен сабақтасып жатыр. Пьесадағы оқиғалар өтетін орындар
Майра тірлік кешкен уақыт тынысын аңғартады. Серуенге
шығуды сылтауратып, әдейі капитан Мұраттың кемесін жалдап
алған Дүрбіт қарсыластарын қанды қақпанның үстінен бір-ақ
апарып түсірмек.
Өзен үстінде көп сырлар жария болды. Қас дұшпанын өл-
тіріп, каторгаға барып қайтқан Мұраттың ендігі ақыл-ой, күш-
қайраты күрес жолына бағышталған. Мүсіркегендей кекесін
кейіптегі Дүрбіт Мұраттың большевиктермен байланысын бі-
летіндігін, әйтсе де ер жігіттің басын ажалға қимаймын деген-
дей сыңай ұқтырады. Тайталас ушығып кетпей, басқа жайға
ауысқан. Майра – Дүрбіт қысылтаяң, тар кезеңде көкіректерін
ұзақ уақыт қысып, жүректерін сыздатып келген шерлерін
ақтарады. Орамды тіл, ыстық лебіз сүйіспеншілік тебіреніске
лайық толқынды ырғаққа ауысады. Назды сұлу, батыр жігіт
бір-бірінің жолында жан қиятын қабақ танытады.
183
Екінші жерде қымызшының қызы есіл Айбарша зар илеп,
көзінен жас төгеді. Ақ тілеумен оң сапарға аттанам ба деп
етегінен ұстаған Дүрбіт кеудеден итеріп тастап кетіп барады.
Ыстық ықылас, жылы шырай, қымбат сыйлық – мұның бар-
шасы қызылшыл мырзаның тояттағанша ғана жасайтын айла-
шарғысы екен. Алды артына қарап, төбеге шығып, төңірегіне
көз салып үлгермеген бойжеткен бақытын күйдіріп отырған
сұлулық патшасындай Майра ма деп арандап қалған. Енді бақса,
қызғалдақты бір иіскеп, мауқы басылған соң, лақтырып тастап,
таптап жүре беру Дүрбіттің ежелгі машығы сияқты. Жоқ, кек
жолында атылатын Айбаршада оқ бар шығар.
Осындай психологиялық тартыстар жүріп жатқанда, өз-
гелерден оқшау тұратын екеу: бірі – адвокат Ақаев, екіншісі –
жасырынып жүрген большевик Александров. Бірақ аса ма-
ңызды әлеуметтік топтардың өкілдерін, бұл екеуін драматург
әрекет үстінде, өздеріне лайық мінездік сипаттарымен бере
алмаған. Драмадағы характердің мәніне байланысты, айтыл-
мыш пьесадағы кейіпкерлерге қатысты бірқыдыру пікір түюге
болады. Қосақ арасында жүрген Бақтияр бейнесін алыңыз.
Қазақ даласына аранын ашып кіре бастаған капитализмнің
бұрын сахара естіп-білмеген сұмдығының бірі маскүнемдік
еді. Бақтияр – осы кесапаттың алғашқы құрбандықтарының
қатарында. Сау кезіндегі сөздерінде ашу-ыза, кек бар. Ішіп
кетуінің өзі әділетсіздікке, жауыздыққа қарсылығы секілді.
Әзілге, қалжыңға бұрып айтса да, әрқашан астарда зіл, мысқыл
жатады. Айбаршаның шындықтың бетіне тайқақтамай тура
қарауына себепші болған – осы Бақтияр. Сахналық әрекеті ак-
тер ойынында жанданып сала беретін персонаж.
Арамдықпен жарға жығуды көздеп келе жатқан Дүрбіт
сұмдығын күні бұрын білген Мұраттардың кемені жағаға
жеткізбей, әдейі қайырлатып тастауы енді өрши бастаған тар-
тысты бұрынғыдан күшейтеді.
Жеке бастың мұң-шері, қылтың-сылтыңы, әлеумет күресі-
нен жырып алынған оқшау күйлер реалистік драмаға арқау
болмайтынын жақсы пайымдаған Тәжібаев қазақ халқының
184
азаттық жолындағы күресінің революцияға ұласқан сарында-
рын «Майра» пьесасында ұтымды көріністермен бейнелеген.
Бағзы туындыларда көпшілік сценаларын айқай-сүрең, балық
үлестіріп жатқандай даурыққан даңғаза шу басып кетеді. Не-
гізгі тартысқа қабыспай тұратын бөлек-салақ эпизод пьесаның
композициясына ақау келтіреді деп қайыру жеткіліксіз сөз, бұл
ең алдымен мазмұн шалағайлығына, идея осалдығына сүйрейді.
Ықшамдық, бірегейлік, тұтастық жоқ жерде сәтті шығарма
тумақ емес.
Кемедегі серуен аяғы сергелдеңге айналып, аралары кереғар
алшақтай түскен, бір жағы Майра, Мұрат, Александров, екінші
жағы Дүрбіт, Таймандар өз ойларын, серт уәделерін іске асы-
ру үшін қан базарға маңдай тірейді. Ертең заманақыр, дүние
күйрейді, бүгін асап қал, күліп қал деп қақсап жүрген жаршы
қаперінде ештеңе жоқ.
Бал татыған сары қымызбен көп көңілін тауып, сыйлы кісі
қатарында жүрген Үрия қызы Айбаршаның басына қандай
бұлт үйіріліп жүргенін сезбейді.
Бұл сценада әрекет, қимыл, динамика мол. Назарға бір ке-
йіп керден кейін екінші кейіпкер ілінеді. Найзағайлы жаңбыр
алдындағы аспан қабатының бұзылуы іспетті құбылыс еске
түседі. Перде ашылған шақта момын Уәлидің шаңын қағып,
езуінен көбігі аққан, бураша шабынып кеткен Тайман тағы
келеді жұлынып. Бұрынғы бұрынғы ма, қара енді сұрына.
Қарашы.
Сойқанды содыр қазақ рәсімінде жоқ сұмдыққа басады.
Жастарының қолынан келмесе, анау Майраны, келінімді өзім
қатын қыламын деп салады. Бұл аз көрінсе, Майраның басын,
көзін бақырайтып тұрып, тірідей, тоқты-торым, жабағы-байтал
сатқандай саудаға салады. Кәне, кім бар, кеше қалың малын
төлеген Майраның қайын атасы Тайман бүгін сол келінін өз
пұлына қайта сатады. Кәне, кім бар? Ақшаны санап бер де, хас
сұлуды құш.
Дүрбіт бар екен мұндай саудаға. Осы сәтте ана жүрегін
дұшпан оғы тесіп өтіп, қайнаған кек қарғыс боп ақтарылады:
185
Достарыңызбен бөлісу: |