Бағдарламасы бойынша шығарылды Нұрғали Р. Шығармалары



Pdf көрінісі
бет31/41
Дата15.11.2023
өлшемі1,65 Mb.
#124058
түріБағдарламасы
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   41
Байланысты:
Аширов

Шағалалар шулайды...
Шырылдайды шағала.
Кімдер қалды жағада –
Гүлдер қалды жағада.
Көз алдында өтіп жатқан алапат мынау:
Көк теңізде толқын жанып,
Күңіренеді бұлттар жылап,
Ағаштардың көздерінен
Қанды жастар тұр тамшылап...
 
Қап­қара боп күн шығады,
Қара киген тұл қатындай,
Қан үстінен қан ағады,
Алғашқы қан құрғатылмай.
Соғыс сценасы шартты қалыпта берілген. Драматург ре-
жиссер қиялына, сахналық шешімге, декорация мен музыкаға 
мүмкіндік ашар ойларды мегзейді. Солдат ажал тырнағына 
ілінген сәтте, өң мен түстің арасында көз алдына Қызды кел-
тіріп, онымен тілдеседі. Бұл диалогтарда психологиялық те-
реңдік, драматизм жетіспей жатса да, сахналық әрекетті жан-
дандыра түседі.
Солдаттың характерін ашар үлкен қимыл, аршынды іс 
екінші бөлімде де жоқ. Тұтастай алғанда, пьесаның өзі шарт-
тылыққа, символға, бозаң бояуларға құрылғандықтан, Капи-
танмен арадағы қақтығыстың мәні ерекше. Әрине, қолға түсіп 
қалған партизан шалдың мелшиіп үндемеуі, сыр ашпауының 
өзі қарсылық, бірақ осы орайда оның аузына халық қаһарына, 
келімсектерге, басқыншыларға деген ыза-кекке суарылған 
сөздер салуға болатын еді.
Әділетсіздік, жалмауыздық жанын тітірентіп, арын күй-
дірген Солдатты тағы да бір зұлымдық қылмысқа жұмсап тұр. 


219
Капитан бейкүнә шалды жайратып сал дейді, әйтпесе өзін мерт 
етпек. Бұл жолғы оқ қанішерді қырқып түсті.
Драматург соғыс алапатын тәні, жаны күйіп, өртеніп, белу-
ардан қан кешіп жүрген Солдаттың көзімен бейнелейді. Оның 
монологтары, әсіресе, көк сүңгіні бойлата сұғып, аранын ашқан 
өлім ызғары жақындаған кезде ширыға түседі.
Бұлдырады неге мынау жарық күн,
Көлеңкелер неге ұзарып барады?
Ағаш неге дірілдейді, өксиді,
Не үшін оның көзінен қан тамады?..
Кімнен сұрағаны? Үзіліп бара жатқан сорлының дүниеге 
соңғы тіл қатуы ма?
Қарақұстың тырнағы кіріп кетті­ау миыма...
Ажал келіп аяғыма жылан болып оралды.
Сайтан мені умен жуа бастады,
Кеудемдегі қан лоқсыған жарамды.
Кімге айтқаны? Үзіліп бара жатқан сорлыға қанша қиналса 
қол ұшын берер, аузына су тамызар дос бар ма екен?
Бір көріп сүйіп қалған, ендігі тірлігіндегі тосар үміті, көрер 
қызығындай болған Солдатты күте-күте сабыры тозып, санасы 
сарғайған Қыз бейшара естен айырылғандай халге түскен. Мел-
шиген көк темірге, мұздай суық қара тасқа сыр айтады: бірін 
президент деп, бірін әулие деп ойлап қалған Қыз монологтарын-
да іштегі өрттің жалыны, соғысқа қарсылық, халық ызасының 
ұшқыны бар.
Драматург қазіргі заманның көкейкесті мәселесіне қай-
мықпай барып, ұтымды форма арқылы өлең үлгілерінің әр 
түрлі өрнектерін, сахналық шарттылық құралдарын, мегзеу, 
символ тәсілдерін пайдалана отырып, публицистикалық пьеса 
тудырған.


220
Қазіргі қазақ драматургиясы жайын қарағанда, сахна-
да қойылып, жинақтарда, кітаптарда басылып жүрген пье-
са атаулыға тегіс пысқырына қарайтын нигилистікке де, 
түймедейді түйедей етіп көрсеткен желөкпелікке де жол беруге 
болмайды: әрбір шығарманы эстетикалық-идеялық жағынан 
саралап, оның әдеби дамуындағы орнын анықтайтын анализ 
қажет.
Драманың жанрлық табиғатынан, сахна өнерінің ерек-
шелігінен туатын бірқыдыру заңдылықтарды білмеу, ескермеу 
спектакль атаулыны мақтай жөнелетін, не пьесаны бағалауға, 
не режиссер шешімін талдауға шамасы келмейтін алыпқашпа, 
жалпылдақ рецензияларды қоздатып жіберді. Оларға бақсақ, 
қазақ артистері шеберлік шыңына жетіп, драматургтеріміз 
жауһар туындылардың кеніш байлығын жасап тастаған секілді.
Бүгінгі пьесаларымыздағы психологизм шеберлігі, дерек-
ті материал һәм суреткер қиялы, шарттылық құралдарының 
шығарма жасаудағы мәні, қаһарман тұрпаты мен тартыс 
бірлігі деген мәселелерді қарастыру ләзім. Сірә, қазақ драма-
тургиясының даму бағдары жайлы тұжырым асығыс баядама-
мен, көп есімдерді мұрнынан тізіп шыққан шолумен, келте, 
шолақ рецензиямен емес, байсалды эстетикалық арнадан туса 
керек.
Әбділда Тәжібаевтың шығармашылық ізденісінің бір үл-
гісі – «Монологтар» пьесасы. Ол сахнада «Сағынамын күн 
сайын» деген атпен қойылып жүр. Форма жағынан алғанда 
Мұхтар Әуезовтің «Дос – Бедел дос» пьесасы демесек, қазақ 
драматургиясындағы өзге шығармаларға ұқсамайды. Автордың 
бұл туындысын жанрлық тұрғыдан сахналық поэма деп 
көрсетуінде мән бар. Кейіпкерлер ретінде Қазақстан тари-
хында айырықша құрметке ие белгілі қайраткерлер алынған. 
Олар: ақын-революционер Сәкен Сейфуллин, генерал Панфи-
лов, Кеңес Одағының Батырлары Төлеген Тоқтаров, Мәншүк 
Мәметова, екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Ыбырай Жақаев, 
Совет Одағының халық артисі Күләш Байсейітова, академик 
Қаныш Сәтбаев, бұған қоса Ақын және Уақыт бар.


221
Шығарманы саханаға қоюға мүмкіндік жасап, жеке кө-
ріністердің басын қосып тұрған – Ақын мен Уақыттың ара-
сындағы диалогтар, хор. Көрерменге арнап айтылатын Ақын 
сөзінде драматургтің әдейі қалыпты іздеп шығып, еркін кету 
сырлары шертіледі. Ақын монологтарында құбылмалы өмір 
әсерінен туатын адам бойындағы өзгерістер, мінез қырлары 
көрінсе, Уақыт атынан берілетін монологтарда объективті 
шындық, замана кесімі айтылғандай. Әрбір кейіпкер моноло-
гында Қазақстанның азаматтық тарихының белгілі көріністері 
жатыр. Әдеттегі ұғымдағы әрекет бірлігі, сюжет ағымы жоқ 
болғанмен, бір кейіпкерден кейін екіншісінің шығуында мезгіл 
жағынан байланыс, сабақтастық бар.
Ең алдымен сахнаға революцияның от-жалынынан аман 
қалған дауылпаз қызыл сұңқар Сәкен Сейфуллин шығады. 
Драматург Сәкен поэзиясындағы мотив, сарындарды жақсы 
пайдаланған, өлең ырғақтарында да ұқсастық бар. 
Сәкен өмірінің трагедиялық финалын әркім әр түрлі бей-
нелейді: Ғабит Мүсірепов повесінде домбыраның шегі үзіліп 
кетеді; Қалижан Бекхожин поэмасында Алматының Карл 
Маркс көшесінде иесіз, қаңырап қалған қоңыр үй бар; Асқар 
Тоқмағанбетов дастанында сорлы апа көздің жасын көлдетіп, 
тау-тасқа, орман, көлге мұңын шағып, ұлын іздеп жүр; Әбділда 
Тәжібаев пьесасында Сәкен аузымен шындық сөйлейді.
Киелі өңірдің иесі ешқашан жауырды жаба тоқып, 
шындықтың бетін бүркеп тастап жүре алмайды. Белгілі бір за-
манда болған оқиғаларды, қуанышты, қайғылы жәйттерді, ең 
алдымен, дәуірдің өз суреткері бейнелеуі шарт. Кейінгі ұрпаққа 
ескерткіш, замана куәлігін қалдырар солар. Уақыт өткен соң 
оралып соққанда, қайтсе де, қалай жан салып ұмтылғанмен 
жаңа дәуір әсерінен құтылып кету мүмкін еместігінің дәлелі 
ретінде әлем әдебиетінің, өнердің әр саласының көптеген 
классикалық шығармаларын айтуға болады.
Фашизм ойранына қарсы тұрған халық қаһармандары 
ретінде генерал Панфилов, Төлеген Тоқтаров, Мәншүк Мә-
метовалардың алынуы орынды. Ұзын-сонар шұбыртпа өлеңге 


222
түсіп кету бұлардың монологтарының драмалық күшін, тартыс 
қуатын әлсіретіп жіберуге соқтырған.
Даңқты генерал Панфилов – бұдан гөрі ірі, кесек сөз айтуға 
лайық тұлға. Оқ боп атыла салу, бомба боп жарыла салу қағаз 
жүзінде оңай шығар, әйтпесе мыналардың тағдырын жалғыз 
ауыз бұйрықпен шешетін генерал үшін қасқыр жау аранын 
ашып Отан жүрегіне қан шеңгелін салған қатерлі сәтте көз 
жұму деген үлкен трагедия. Осындай ситуацияда оптимистік 
трагедияның қаһарманы айтпақ монолог қажет.
Драманың қалыпты, үйреншікті формасын жаңғырту, түр-
лендіру талабы жақсы, бірақ қайткен күнде де жанрдың об-
раз жасаудағы заңдылықтарын бұзып жіберу, өзгерту мүмкін 
емес, өйткені өнер өзегінде объективті шарттарға бағынышты 
құбылыстар жатқаны хақ.
Мәншүк монологтарында әсіреқызыл бояудан гөрі реалис-
тік өрнектерден батыр қыздың аңыз боп кеткен ерлігі ғана емес, 
көп жұртқа белгісіз сырлары анасына арналған сөздері арқылы 
беріледі.
Сахналық поэманың кейіпкерлері – әр буынның, әр ма-
мандықтың, әр түрлі тағдырдың адамдары. Гүл құшақтап, 
қызғалдақ жинап жүрген Мәншүктің аяғына керзі етік кигі-
зіп, пулемет тұтқасын ұстатқан ауыр заман ақсақал болып бала-
шағасының қасында, домбырасын тықылдатып отырар Ыбы-
рай Жақаевты егіс даласына шығарған. Белуардан су кешіп, 
толарсақтан саз кешіп жүріп күрішін өсірген диқан атаның 
күндіз ойынан, түнде түсінен майданға кеткен ұлы шығар ма?
Драматург барлық монологтардың өлшемі, ырғақ жасау 
тәсілдері ұқсап, ыңғайласып кетпеуіне мән берген. Кейбір 
толғауларда ауызекі сөз мақамдары, шешендік өрнектер, 
тұжырымдап, кесіп айту, түйіп-байлап тастау бар.
Театр сахнасында қойылып жүрген Зейтін Ақышевтің «Жа-
яу Мұса» пьесасына назар аударғанда, драматургиямыздағы 
осы алуандас бұрынғы шығармалар еске түседі. Ұлттық 
әдебиетіміздің өнегесі іспетті «Абай», «Ақан сері – Ақтоқты» 
трагедиялары өз алдында, Ә. Тәжібаевтың «Майра», С. Мұқа-


223
новтың «Шоқан Уәлиханов» пьесаларымен мезгіл жағынан, 
тақырып орайынан көп ұқсастық табуға болады.
Драматургияда есімі белгілі автордың пьесасын академия-
лық театр коллективінің көрерменге ұсынуы салған жерден ой-
лантады.
Жаяу Мұса – аршынды әндері арқылы қазақ перзентіне бала 
күнінен бастап құрметті болып кеткен есім.
Тоқсаннан асып дүние салған ұзақ ғұмырында Жаяу Мұса 
бір адамның басына жетерлік қызықты да, қайғыны да көрген, 
алысқан-жұлысқан. Арқада оның шарламаған жері кемде-
кем, өзі тұрғылас өнерпаздардың ішінде ең көзі ашығы; Омбы, 
Қазан, Петербург секілді қалаларды аралаған; Совет өкіметі 
орнаған кезде де өмір сүрген.
Орайын келтірген жазушы Жаяу Мұса ғұмырынан көркем 
шығармаға арқау боларлық талай қызық материалдар табары 
хақ. Шорман тұқымымен алысқан кездер Жаяу Мұса жүрегін-
де терең із қалдырған, оның ең тентек, асау әні «Ақ сиса» осы 
мезгілде туған.
Пьесаға өзек етіліп өмірде болған, деректі, негізі артық 
тартыстың алынуы заңды. Аға сұлтандықтан дәмеленіп Омбы 
кеткен Мұса Шормановты тосып отырған ауыл әбігерінің 
үстінен түсеміз. Қашанда жуандардың, біліктілердің әр жер-
ге тастаған қақпандары, әр атырапқа жіберген жансыздары, 
әр топта аруақ шақыратын ұраншылары болмақ. Ескі ауыл-
да бүгінгі ұғымдағы абақты, барлау системасы жоқ еді деген-
мен, дұшпан ортаға елеусіз біреулерді тыңшы етіп жіберуі жиі 
орын алған. Бірінен-бірі асырып, улап-шулап жатқан екі шал 
Байғабыл, Ботбай – Мұса Шормановтың шашбауын көтеруші, 
ел арасында атақ даңқын жариялаушылар. Түс жоруды ойната 
түскенде болатын еді.
Үлкен мансап қолға тимей, ауылдағы Шорман әулеті жаңа 
бір зорлық қамына кіріскен. Сахара жағдайында ханмен пара-
пар билік иесі қандай жерде тұрмақ? Баян атырабындағы ең 
шұрайлы өлке қайсы? Жасыбай емес пе? Ондағыларды басқа 
жаққа қоныс аударса қайтеді екен? Кім қарсы шыға алады?


224
Атадан қалған дәулет, аға қолындағы билік табиғатынан 
ұрдажық Мұстафаны тіпті есіртіп жіберген. Айла-тәсіл, жөн-
жосық, әдет-ғұрып дегендерді біржолата жиып қойып, 
тізеге басып, білек сыбанып шыға келеді. Зорлыққа кіріскенде 
ешкімге дес бермес Құнанбайдың өзі Қодардың атақонысын 
аларда елге өтірік болса да көз етіп, айла-шарғы жасаушы еді, 
мынада ол жоқ, тападай тал түсте, ер азаматты бақырайтып 
қойып, Жасыбайға лап қояды. Бұл аз десең, тағы бір сұмдыққа 
басады, аға сұлтанмен аттас болмайсың деп Мұса Байжановтың 
есімін өзгертіп, Жаяу атандырады.
Осы фабула бір пьесаға жетіп жатыр. Шеберліктің кеміс-
тігінен бе, тәжірибе аздығынан ба, әлде одан да басқа себеп бар 
ма, әйтеуір үлкен әрекет, маңызды оқиғалар алғашқы карти-
наларда көрсетіліп қояды. Жалғыз Мұстафаның ожарлығы
дөрекілігі демесек, өзге характерлер әлсіз. Жаяу Мұсаның 
ірілігі, үлкен жүрегінің дүрсілі сезілмейді.
Екі Мұсаның – полковник Мұса Шорманов пен компози-
тор Жаяу Мұса Байжановтың үшінші картинада кездесу 
сценасын да драматург ерекше мән беруі қажет еді. Рас, Мұса 
Шорманов 
тың сөздерінен оқығандық, білімділік нышаны 
аңғарылады. Романовтармен ауыз жаласып кеткен, сары ала 
түйме таққан төренің емеурінінен ішкі пиғылы сезіліп тұр. 
Дала феодалдарының қулық-сұмдығына, зорлық-зомбылық 
тәсілдерін қосып колонизаторлардың зымияндығын, жуан 
жұдырығын алған, байлық, дәреже, мансап жолында бәрін 
сатқан көкжалдың тарихтағы бейнесінен пьесадағы тұрпаты 
көш кейін жатыр.
Шормановтар мен Жаяу Мұса арасындағы әлеуметтік тар-
тысты өрістетіп, осы арнада характерді саралау орнына, дра-
матург қыз алып қашу шырғалаңына көп ойысып кеткен. 
Шынтуайтқа келгенде, «Жаяу Мұса» пьесасының табысы көп-
шілік сахналарында, тұрмыс-салт суреттерінде жатыр.
Өмір кескініне тура қараған адам Мұстафаның тоқалы 
Әңкенің көк көйлек киіп, тойып тамақ ішіп жүруі үшін, сол 
күйден айырылып қалмауы үшін күресуін жасанды нәрсе 


225
дей алмаса керек. Әңке мінезінде күлкілі, қылықты сипат-
тар бар. Әуелде оң жақта бұралып отырған ерке сұлу Сапарды 
ертең күндесім боп шыға келер ме екен деген қауіппен дұшпан 
көріп, атарға оқ таба алмаса, артынан оны Жаяу Мұсаға қосу 
үшін жеңгетайлыққа жүреді. Байдалы, Арап әрекеттерінен 
елдің ұлын, ортан қолдай азаматын қалай әлпештеп, қиын-
қыстау заманда қалай қорғап қалғанын көреміз. Сомов сынды 
атаман Шормановтармен дастарқандас, Потапов Жаяу Мұса 
жігіттерінің ішінде. Кейіпкерлер тілін даралауда драматургтің 
олқы соғуы сахна шартын ескермеуден, ішкі драматизм, екпін, 
ырғақ талаптарын елемеуден шығып жатыр. 
«Мұстафа: Батырекесі, онда былай болсын, сен қазір бармай-
ақ қой. Ұят болады. Бүгін құдайдың таңы атады ғой, аяңдап 
осында кел, аздап сыр тарта бер, бір-екі күнде құда жіберейік.
Әңке: Ол да жөн екен-ау. Сапар қолыңа түскен соң құдайың-
ды ұмытып кетпесең болғаны, мырза!
Мұстафа: Сенің орның бөлек қой, Әңке. Бәрібір бар билік өз 
қолыңда болады. Бәрін де бір шыбықпен өзің айдайсың, оған 
күмәнің болмасын.
Әңке: Тек уәдеге берік болсаң болғаны» 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет