369
Кетпейді құлағымнан тым әсем үн,
Өмірден
алған тәтті бір әсерім,
Үйлесіп әртүрлі әуен мың құбылған
Сол әнді тыңдаудан еш тынбас едім.
Ұласып домбыра үні асқақ әнге,
Шығандап, қанат қағып асқар белге.
Құлаққа таяп кейде сыр шерткендей,
Ұқсаған тынысы кең шалқар көлге.
Бұл
әнді тыңдаған көп ел ішінде,
Құйылып түрлі дыбыс келісімге.
Жалынды жас жүрегім сусын алып,
Сүйсінген жорға, жүрдек желісіне.
Бұл әнге құмар еді Ертіс бойы,
Қызғанда әрбір үйдің ойын-тойы.
Қараөткел, Қарқаралы, Баян, Алтай,
Даланың
тау мен тасы, қыр мен ойы.
Жаңғыртып бұлтты жарып асқақ үні,
Тілдесіп таудың биік асқар, құзы.
Парижде топтан озып бәйге алғанда
Әніне таңырқаған дүние жүзі.
Көңілі ән салғанда дамылдайтын,
Үні
зор кең аспандай, тарылмайтын.
Сырнайын қолыңа алып шырқағанда
Асылдай жанған сайын жалындайтын.
Тізілген ақ тілдерін сипай басып,
Ойнатып, он саусағын жорғалатып.
Көріктей жел үрлеген қарталары
Шығарған нәзік күйді сорғалатып.
Алса
егер екі шекті домбыраны,
Қолына тұйғын құстай қондырады.
Сайратып, билетеді, сөйлетеді,
Сергітіп құлақ құрышын қандырады.
Асқақ үн аспандаса асып өрден,
Шалдар да
сексендегі басын жерден, -
370
Көтеріп:
- Уә пәлі-ай, деп қосылатын.
Қалибек, Жүсіпбек жүр қасына ерген.
«Аққұм» мен «Қанапия» желдей зулап,
«Қарға» мен «Қараторғай» көкте шулап.
Қыз іздеп ұйқы көрмей «Ағашаяқ»
Құбылған бірде күліп, бірде жылап.
Арадан ол кеткелі жылдар өтті,
Әніне талай жанды құмар етті.
Аңсады халық сүйген бұлбұл үнін
Шарқ ұрып көп іздеді жер мен көкті.
Сағынған
Әміресін дарқан дала,
Естіді күйтабақтан даусын жаңа.
Бұл үнді тыным көрмей іздеп тапты,
Жайқалған жас жапырақ – Жарқын бала.
Әннің ол асқан күшті дауылы еді,
Суарған көңіл бағын жауын еді.
Тұтанған жүрегімде жыр ұшқыны
Толғасын ән шебері Әмірені.
Достарыңызбен бөлісу: