Бағдарламасы бойынша шығарылды растыр ан: Якуда амандыов ә Әнші әміре әміре ашаубаев туралы естеліктер. раст



Pdf көрінісі
бет71/130
Дата19.09.2022
өлшемі1,9 Mb.
#39444
түріБағдарламасы
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   130
КGЙТАБА ТЫX ІІ ЖАYЫ
ЛЕКТОР:
Ұлы Октябрь революциясының жарқын таңы атқанға дейін 
тұрмыс тауқыметінен тұншыға келген азамат әнші біраз 
жылдар еңсесін көтере алмай келген-ді. Тек қана, дүбірлей 
келген 17-інші жыл бүкіл қазақ даласына, оның асқан 
дарынды өнерпаздарына бостандық, еркіндік өнерін сыйлап, 
жыршының делебесін қоздырып, шабытқа-шабыт қосты. 
Томағасы сыпырылған қырандай ән қанатын қомданған 
ақиық әнші өнер атты арналы өзеннің тұңғиығына құлаш 
ұрды.
Міне, 1925 жылдың жазы келді. Европаның төрінде 
Париж қаласында ашылған Бүкілдүниежүзілік көрмеде 
этнографиялық үлкен концерттер жүріп жатты. Әлемнің әр 


250
тұсынан жиналған үздік өнерпаздар сахнаны ән мен күйге 
бөледі.
Солардың арасында сонау қияндағы қазақ даласы Арқадан 
келген бір әншінің таңғажайып дауысы зиялы талғампаз 
тыңдаушы қауымның бірден назарын аударды.
Француздың ұлы жазушысы, өнердің, музыканың білгір 
сарапшы сыншысы Ромен Роллан: “Мен Шығыста әншіні 
бұлбұл құсқа неге теңейтінін енді түсіндім”, – деді, — Әмірені 
тыңдағаннан кейін.
“Мен мұндай әншіні сирек кездестірдім”, — депті әйгілі 
жазушы Анри Барбюс таңғалып, таңдай қағып.
Бұл әнші — Қашаубай баласы өзіміздің Әміре еді.
Өнерге сусындап өскен француз жұртшылығы Әміренің 
асқақтата шырқаған “Ағашаяқ”, “Смет”, “Ардақ”, “Жалғыз 
арша”, “Бес қарагер”, “Қанапия” әндеріне Париж аспанын 
жаңғырықтыра қол соқты.
Бүкіл әлем алдында Әміре өзінің туған қазақ халқының, 
оның ұлттық өнерінің мерейін өсіріп, аспанға көтерді.
Әміренің Париж сахнасында тамылжыта салған әні 
“Ағашаяқ”, — Әміре шығармашылығының асқар шыңы.
(“Ағашаяқ” әні орындалады).
ЛЕКТОР: 
Әміренің замандасы Қазақ ССР-ның халық артисі 
Жүсіпбек Елебеков былай дейді:
“Әміренің аты маған бала күнімнен таныс та ыстық еді. 
1920 жылы атақты әншіні тұңғыш рет өз көзіммен көрдім, 
әнін тыңдадым, содан бастап Әмірені өзіме ұстаз тұтып
одан сабақ алдым. Оның әр жолы шырқау биігі зор, иірімі 
кең әндерді еркін айта беруі қайран қалдыратын. Әміренің 
дауысы таза, ашық, биік еді. Әлі есімде, ол ашық далада 
концерт бергенде 7-8 шақырым жерде жүрген малшылар 
Әміренің дауысын естіп, қайта жиналып келіп, қолқалап 
отырып, тағы ән салғызатын.
Тап сондағыдай, қазір де, міне, кәрі-жасымыз жиналып, 
пластинкада Әміренің өз орындауындағы әндерді тыңдап 
отырмыз. Бұл қуанышты тамаша сәт.


251
ЛЕКТОР: 
Ендігі тыңдайтындарыңыз “Үш дос”.
(“Үш дос” әні орындалады).
ЛЕКТОР: 
Әміре 1927 жылы Германияның Майндағы Франкфурт 
қаласында өткен Дүниежүзілік көрмедегі концерттерге 
қатысып, тағы да қазақ өнерінің даңқын жалпақ дүниеге паш 
етті. Әміре әншілігін А.Луначарский, А.Затаевич, М.Әуезов, 
Қ.Сәтбаев, А.Жұбанов аса жоғары бағалады.
Әміренің Париж сапары туралы тұңғыш мақала 1925 
жылы Семей қаласында шығатын губерниялық “Қазақ 
тілі” газетінде басылды. Оның авторы сол кездегі жас жігіт, 
студент, қазіргі академик Әлкей Марғұлан болатын.
Ол мақаласында:
“Семей қаласындағы атақты әнші Әміре Қашаубайұлы 
Мәскеудегі халық-ағарту комиссары Луначарскийдің 
телеграмма арқылы шақыруы бойынша 15 июньде болатын 
Францияның Париж қаласындағы Бүкіл дүние көрмесіне 27 
майда жүріп кетті.
Әміре есен-сау Париж қаласында әдеби сауық көрмесінде 
ән салатын болса, күншығыс еліндегі Арқаның сұлу әндерін 
Европа композиторларына, әншілеріне сұлулап түсіріп береді 
деген үміт зор.
Әміремен қойылған сауық кешінің сатуға билет жетпей 
қалатын уақыттар да болатын. Әміре – қырдың әдемі-сәнді 
әнін кейінгіге тапсыратын көзі.
Мәдениет гүлінің бір жапырағы, Әміренің аман жүріп, 
қайтуына тілектеспіз”, — дейді Әлекең.
Әміренің әншілік мұрасын жинау, оны кейінгіге жеткізу 
бағытында игілікті істер жүргізіліп жатыр. Әншінің өмірі 
мен творчествосы, әншілік ерекшеліктері туралы ғылыми-
зерттеу жұмыстары қолға алынды. Көптеген тың деректер 
жинау ісінде Әміренің қызы Күләш Қашаубаева, күйеу 
баласы Сейтім Жақыпов, жақын туысы әрі шәкірті Мұқатай 
Тоқжігітовтер игілікті еңбек сіңірді.
Осыдан 50 жыл бұрын фонографқа жазылған Әміре 
дауысының табылуы көп көңілін елең еткізді. Өнерді 


252
қадірлей өскен халқымыз тарихында әлемді таңдандырған 
әншінің орны ерекше. Оның орындаушылық шеберлігі – 
қазіргі әншілерге үлкен мектеп, өнеге. 
Енді “Смет” әнін тыңдайық.
ЛЕКТОР:
Қоңыраудың қоңыр үніндей күмбірлей шыққан әнші 
дауысы тыңдаушы көңілін қуанышқа, сұлулыққа кенелтеді. 
Бұл жолы да фонограф ақаулықтары білінсе де, сұлу дауыс 
сырын жоя алмайды.
(“Смет” әні орындалады).
“Өлді деуге бола ма, ойладаршы,
Өлмейтын артына сөз 'алдыран”, — 
деп ұлы Абай айтқандай, Әміренің әншілігі халқымыздың 
жүрегінде мәңгі өлмейді, өшпейді.
Әміре салған әсем ән советтік шат-шадыман дәуірге 
ұласып, ұрпақтарын әлсін-әлсін эстетикалық ләззатқа бөлеп, 
оларды әдемілік әлеміне үнемі жетелейді. Қысқа да болса 
ғұмырлы, аз да болса сазды осынау асқақ ән халқымыздың 
қымбат қазынасына айналып, ұрпағына мұра, рухани азық 
болып, мәңгі сақталмақ.
***


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   130




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет