244
Ағарту комиссариатының 1934 жылғы 19 қараша күнгi
№540 бұйрығында Қазақ ұлт театры шаңырақ көтергенде
театрдың бiрiншi бұйрығы бойынша қабылданған тұңғыш
актерi ретiнде және өмiрiнiң соңына
дейiн осы театрда еңбек
етуiне байланысты Ұлт театры (Қазiргi М.Әуезов атындағы
академиялық драма театры) ауласынан Әмiреге ескерткiш
орнату керектiгi жазылған. Амал не, бұл бiрiншi бұйрық та
орындалмады.
Сонымен үкiмет тарапынан арасына қырық жыл салып,
екi рет әрекет етiлсе де, екеуiнде де Әмiреге ескерткiш
орнатылмай қалды. Бұған себеп Әмiре 1925
жылы Францияға
барып ән айту сапарында алаш ардагерi Мұстафа Шоқайдың
сағынышты достық құшағына орануы, екеуi фотосуретке
түсуi, сырласуы болды деуге негiз бар. Осыдан бастап
Әмiренiң алаңсыз әншiлiгi ендi жеке басының трагедиясына
айналды десе де болады.
Осыдан бастап Әмiре ғұмырының қалған 9 жылы ой
тұсауында, жанкештiлiк құрсауында өттi.
Неге десеңiз, ОГПУ
делiнетiн мекеме тыңшылары Әмiренi Мұстафа Шоқайдың
Қазақстандағы байланысшысы ретiнде бағалап, жөнсiз көп
мазалай бастайды. Әмiреден сан рет қолхат алынды. Сан
рет үйiн тiнттi. Сан рет соққыға жықты. Сан рет қорқытып,
үрейлендiрдi. (Бұл туралы «Абай» журналының 1998
жылдың № 2 санында шет жағасын жазған болатынмын).
Осыдан соң Әмiре екiншi рет шетелге аяқ баспайтындай
болды. «Советская степь» газетiнiң 1926 жылғы 19 мамыр
күнгi санында «Францияға,
Англияға тағы да концерттiк
турнемен шақырылған едi. Әмiре бұл сапардан бас тартты», –
деп жазғанының астарында терең мән жатқанын түсiну қиын
емес.
ОГПУ тiзiмiне мықтап iлiккен Әмiре есiмi ендiгi жерде
фәниде ғана емес, бақида да қорланатын болды. Оның басты
айғағы – Әмiре жерленген жердi жасыру, жер етiп тегiстеу,
1934 жылы қайтыс болғандар есiмдерiн айғақтайтын зират
кеңсесiндегi
журналды жоғалту, сөйтiп Әмiре деген есiм
болмағандай ету. Бұйрық шығара тұра Ұлт театры ауласынан
ескерткiш мүсiн орнатқызбау тәрiздi пиғылдар iске асты.
1974 жылы Әмiре ескерткiшiн орнату жөнiнде шешiм
шығарылса да, орындалмай қалуы, әрине, көп нәрсенi
аңғартқандай.
245
Сонымен тағы да үнсiздiкпен жиырма жыл өттi. Әмiреге
ескерткiш орнатамыз деп
жарғақ құлағы жерге тимей
жүгiрген ағаларымыз бұл жарық дүниеден өттi. Содан 1994
жылы Әмiре қайтыс болғанына 60 жылға аяқ басқанда, яғни
Достарыңызбен бөлісу: