Бағдарламасы бойынша шығарылды растыр ан: Якуда амандыов ә Әнші әміре әміре ашаубаев туралы естеліктер. раст


(“Социалистік азастан” газетінен



Pdf көрінісі
бет84/130
Дата19.09.2022
өлшемі1,9 Mb.
#39444
түріБағдарламасы
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   130
Байланысты:
3e54f76bdab069052700dfbd2773f999

(“Социалистік азастан” газетінен, 
2 тамыз, 1980 ж.)


297
Оспанбай ОРЫНТАЕВ
ӘН АТАСЫ – ӘМІРЕНІ ТЫ?ДАДЫ
Телефон шылдыр етті. Трубканы құлағыма тоса қойдым.
– Ақжар ма?
– Иә.
– Партия ұйымының хатшысы керек еді.
– Иә, иә, мен тыңдап тұрмын, - дедім. Ол жөнін айтып, 
шаруашылық жайын сұрап болды да:
– Алматыдан бір топ сый-қонақтар келе жатыр. Солардың 
алғашқы сапары сендердің колхоздарыңнан басталсын 
деп ұйғардық. Жұмсақ лекчанкаға жақсы пар ат жегіп, 
тез жіберте ғой. Жақсылап құрмет көрсеткейсіңдер, - деді 
телефондағы кісі байыпты сөйлеп.
– Хабеке, олар кім? – дедім.
– Алматылық әртістер. Басқарып жүрген атақты әнші – 
Әміре Қашаубаев. Ендігісі түсінікті шығар, - деді сол кездегі 
Үржар аудандық партия комитетінің үгіт және насихат 
бөлімінің меңгерушісі, бұл күнде республикалық дербес 
пенсионер Хайболла Жабасов. 
1932 жыл еді. Жер-жиһанның бәрі кілем түгіндей боп 
тамылжып тұрған маусым айы болатын. «Әртістер келеді» 
деген соң ел іші дегбірсізденіп қалған-ды. Оның үстіне осал 
жерден емес, өлкеміздің астанасы, ту-ту Алматыдан келеді, 
әрі атағы әлемге әйгілі әнші Әміренің дидарын көріп, лебізін 
естуге кім құмартпады дейсіз. Әп-сәтте бәрі әзірленді де, 
колхоз төрағасы Оразмұхамедтің қос күреңімен Баташоп 
Қожахмет дейтін жігіт әртістерді лезде алды да келді.
Селоның жоғарғы көшесі ағып жататын тұнық судың 
бойында. Жан-жағы көкпеңбек болып көгалмен көмкеріліп 
тұратын. Колхоз активі Жиынбай Жатақбаев дейтін өзі әнші, 
әрі домбырашы еді. Осындай мәдени көпшілік жұмысын 
жанындай сүйіп жақсы көретін. Сол кісі маған келді де:
– Сенің киіз үйіңді мына көгалға тігейік. Әртістер 
таза ауада аунап-қуанып жатсын. Ойын-сауықты клубта 
өткізерміз, – деп ақыл берді.
Үйді тез тігіп жібердік. Текемет, сырмақ жайып, көрпе-
жастықты төсеп қойдық. Онымыз өте орынды болған екен. 
Келген қонақтардың киіз үйге кіруін өтініп едік:
– Ой бәрекелді, жігіттер! Киіз үйге түнемегенімізге де 
көп уақыт болған шығар. Бүгін ойынды тоқтата тұрып, әбден 


298
тынығып алайық. Оған қарсылықтарыңыз жоқ па? – деді ет-
жеңді келген орта бойлы, қызыл шырайлы, шашын қырып 
тастаған, орта жастағы кісі күлімсіреп қарап.
– Әлбетте, бізде асығыс жоқ. Әбден демалыңыздар, - деді 
жаңағы Жиынбай да әзілдей сөйлеп. 
– Жігіттер, әуелі бір-бірімізді білісіп алалық. Біздің 
Алматыдан келгенімізді бағана телефон арқылы Хайболла 
хабарлаған. Енді мен жолдастарымның есімін естеріңізге 
салайын. Анау отырған әдемі жігіт – атақты әртісіміз 
Құрманбек Жандарбеков. Оның өнерін үлкен сахнада 
көруге болар еді. Бірақ, әріптесі аз. Әрі біздің бұл жолғы 
бағдарламамызға пьеса қою белгіленбеген. Алыс жатқан елге 
әзірше ән-күй, желдірме сөз, әзіл-сықақ айту ұйғарылған 
болатын. Соның бірсыпырасын атқаратын да осы Құрекең. 
Мына тұрған – Дүйсенбек Еркінбеков дейтін тақпақшыл 
жігітіміз. Әр сөзді тақырып-тақырыпқа бөліп, саралап 
айтады. Бұл баяғы ақын Сара апамыздың немере-шөберелері, 
бірегей өнерпазымыз. Ал, анау Әділше деген жас талант. 
Өлеңді өзеурей айтады да, әнді мәнерлеп мағынасымен 
түйдектеп тастайды. Тегі қол соғып, қостай берсеңдер, 
тағысын-тағыларды таба береді, - деп бәрімізді бір күлдіріп 
қойды. 
– Өз өнеріңізді айтпадыңыз ғой, - деді Жиынбай.
– Ә, ғапу етіңіздер. Ана жылы біздің ауылда Әнәпия деген 
біреу, санақшылар келгенде әйелінің атын ұмытып қалып, 
әлгі-әлгі дей бергенде, жанындағылар «жап аузыңды» деген 
екен, – деп тағы бір ду күлдірді де:
– Мені жұртшылық Әміре әнші деп те атайды. Кейде 
Қашаубайдың арбакеш Әміресі дейтіндер де бар. Не десе, 
о десін. Совет өкіметі тұсында санатқа іліктік-ау, әйтеуір. 
Сонымен менің ныспым – Әміре, фамилиям – Қашаубаев. Ән 
сал десеңіз ән салам, домбыра тарт десеңіздер, мына бір көк 
шүберекпен қаптап қойған қобдишаның ішіндегі аспаптан 
күй тартып беремін. Не де болса, сіздердің бір кәделеріңізге 
жарасам болды, - деп нағыз басқарушы тұрғысындағы өзінің 
әртістік рөлін күлдіргі сөзбен баяндап берді.
Сол күні тынығып демалды да, ертеңіне концерт 
басталып кетті. Елдің үлкен-кішісі, тайлы-таяғы қалмай 
түгел жиналды. Төрт адам төңіректі дүрліктіріп, әркімді 
ауыздарына қаратты. Бірінің кезегі келгенде, екіншісі 
басқарып кетеді де, сахнаға шығатынның не айтып, не 
қоятынын әсерлей баяндап, жырлай жөнеледі.


299
– Құрметті қонақтарыңыздың бірі, қадірмен әртісіміз 
Құрманбек Жандарбеков «Торыша» деген әнді айтып береді. 
Одан кейінгісін тағы көре жатарсыздар, – деді Әміре бірінші 
кезекті Құрекеңе беріп. Ол бөгелместен:
Торышам, аяңдай бер, бүгін ел жоқ,
Зайсаннан бұл Арқада үлкен көл жоқ.
Торышам, желе аяңда, жебе аяңда,
Алдыңнан күліп шығар бұраң бел жоқ, –
деп құбылта айтып, тағы бірнеше ән салған-ды. Одан соңғы 
Дүйсенбектің айтқан сан-салалы тақпағы, Әділшенің әсем 
әні жұртшылықты дән риза еткен еді. Бір мезетте сахнаға 
Құрманбек шықты да:
– Атақты әншіміз - Әміре Қашаубаев өзінің Парижге 
барғанда бірінші айтқан әрі дүниежүзілік бәйгеге ие болған 
әйгілі «Ағашаяқ» әнін орындайды, - деді. Ол да бөгелместен:
Қарағым, келдің қайдан, келдің қайдан?
Ала үйрек алма мойын ұшар сайдан, - 
деп басталатын әнді құйқылжыта шырқап жіберді де:
Қара жол ма дегенім шұбырынды із болды-ау,
Ала жаздай нәр татпай, іздегенім қыз болды-ау.
Бивай-бивай, қыз қайда, ойбай, қыз қайда?
Шіркін-ай, есіңе ал, алсаң ал, алмасаң қой.
Мен дағы өлер деймісің, шіркін-ай,
Шіркін-ай, үкілі кәмшат бөркің-ай,
Ой пәле-ай, ой пәле-ай,
Осылай ма екен қыз бала-ай, - 
деген қайырмасын тоғыз саққа жүгіртіп, бірде толқытып, 
бірде жыламсырап құбылтқанда тыңдаушы қауым мүлдем 
елтіп кеткен-ді.
Көптің қошеметіне бөленген Әміренің түр-тұрпаты 
алғашқы көргеніміздегідей емес. Біртүрлі иықтанып, 
томағасын сыпырған қырандай қанаттанып кетті. Әр әнді 
бастағанда-ақ иығына тұтасып біткен жуан мойыны үрлеген 
шар тәрізді делдиіп, зор даусы шарықтап барып толастап, 
кейде дауылдай көкке өрлеп, кейде майда самал желдей 
баяулап, кейде талықсығандай тамылжып, тыңдаушыларды 
өзіне еріксіз ұйытып әкетті. Мүлдем дүрлігіп, әбден беріліп 
алған көпшілік қол шапалақтап оның сахнадан кетуіне жол 
бермей қойды. Халық қошеметін қимады білем, ол да «Смет», 


300
«Жалғыз арша», «Үш дос», «Ал, қаракер», «Сырғақты» 
әндерін бірінен соң бірін айтып, ағытты-ай кеп, ағытты-ай 
кеп.
Біз әннің де, әңгіменің де қызығына үйге келіп жайласа 
отырып, шешіле сыр шертіскеннен кейін кенелдік. Өзі 
де бәлсініп отырмайтын адам екен. Домбырасын күйіне 
келтіріп, әр әннің атын, шығу тарихын өзі баяндап, тұнық 
түнді жаңғырықтыра шарықтатты. Тіпті төсегіне жатып 
қалғандар да қайта тұрып, Әміре әнін тыңдауға келгендердің 
ұшы-қиыры болмай кетті.
Бағанағы тіккен киіз үйге адам сыймай, жабықтан сығалап, 
туырлықты түріп жіберіп, іргеден қарап тұрғандарда сан 
жоқ. Жүйріктің бүйірі дуда қызар деген емес пе. Көпшілікті 
көрген соң ән түйдек-түйдегімен түсіп жатты.
– Келін, қарағым, жаңа жіпсіп келем, шайыңды шығара 
құй. Бұл «Ақыл енгізер ғой» деп, домбырасын ала сап:
Жүйрік ат, сұлу әйел – ер қайрағы,
Жігіттің болып өстім нар тайлағы.
Қағаз шай, ащы насыбай – ер арпасы,
Есіңе түсіретін қай-қайдағы, – 
деп Әсет айтқандай, – деді де, оны «Смет» әніне салып 
шырқап жіберді. Ол қандай ән салса да төгілдіре қалықтатып 
жібереді екен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   130




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет