"Түркістан уалаяты" газеті 1870 жылы 28 сәуірде Ташкент каласында бірінші саны жарық көрген. Ол "Туркестанские ведомости" газетінің қосмышасы ретінде шықты



Дата28.11.2022
өлшемі17,33 Kb.
#53277
Байланысты:
СОӨЖ№7


"Түркістан уалаяты" газеті 1870 жылы 28 сәуірде Ташкент каласында бірінші саны жарық көрген. Ол "Туркестанские ведомости" газетінің қосмышасы ретінде шықты. Алғашында ол айына төрт ретінде, оның екі номері өзбекше және екі номері казақша шығарылды. Кейіннен ол "Туркестанские ведомости" газетінен бөлініп, қазақша және өзбекше /1870-1882/ жылға дейін шығып отырды.

Газеттің редакторы және аудармашылары ағайынды Ибрагимовтар болды. Сонымен катар осы казақ газетін шығару ісіне Хасан Жанышев,

Заманбек Шайхыәлібеков. Ж.Қазыбековтар аудармашы әрі әдеби қызметкер болып қатысқан. Газет негізінен аударма газет болып табылды.

Сондықтан оны баспасөз бетіндегі ресми аударманы қазақ даласына алғаш әкелген деп айтуға болады. Бірнеше жыл бойына газеттің беттерінде қазақтың мақал-мәтелдерінде беріліп отырды. Сол кездің озінде ақ газетте тіл тазалығы жөнінде мәселе көтерілген болатын. Мысалға алатын болсақ, газеттің 1876 жылғы 2-санында "Алматы қаласындағы оқу-ағарту жайлары" және 29-санында жарияланған "Қисса Қожа Ғафан уә һәм Сағдуахас" деген кітап қазақ тілінде басылып шыққан екен" деген мақалаларды айтуымызға болады.

"Түркістан уалаяты газеті" бетіндегі сонымен қатар өзбек халқының революцияшыл ниеттегі демократ ақыны Луқимидың және ағартушы ақыны Фурхаттың, орыс әдебиетінің классиктері Крыловтың, Пушкиннің, Толстойдың шығармалары да басылып отырған.

Сонымен бірге газет орыс халқының ауыз әдебиеті шығармаларын, шығыстың атақты "Мың бір түн" хикаясын қазақ тіліне аударып басты. Қазақтың ауыз әдебиеті мен Абай, Ыбырай сияқты белгілі ақындарымыздың шығармаларын жариялады. Орыстың мерзімді баспасөзінің әсерімен алғаш қазақ газетінде заметка, корреспонденция, мақала, фельетон мен очерк жанрлар туа бастады.

Н.П.Остроумовтың "Петр Ведомостарының" XVII-XVIII ғасырларда орыстар үшін қандай маңызды болса, "Түкістан уалаяты газетінің" де XIX гасырда өзбектер мен қазақтар үшін сондай маңызды болды" деген тұжырымымен келіспеуге болмайды.

Сол уақытта аз да болса баспасөз бетін көрген газеттеріміздің бірі "Серке" газеті. Ол қазақ оқушыларына арналып Петербургте шығып тұратын "Ұлфат" газетіне қосымша ретінде Шаймерден Қошығұловтың басқаруымен және Х.Ибрагимовтың редакторлығымен 1907 жылы жарық көрді. Бірақ ол көп ұзамай жабылып та қалған болатын. Ол екі жетіде бір шығып тұрған. Осы газетітің шығуы туралы 1911ж. М.Сералиннің оқушыларға арнап жазған бас мақаласында: "1907 жылы ІІ-Мемлекетгік думаның мүшесі Шаймерден Қошығұловтың ыждиһатымен Петербургте "Серке" есімді газет шыға бастап еді, ұзаққа бармай үкімет тарапынан тоқталды.

"Қазақ" газеті 1907 ж. наурыз айында, Тройцк қаласында шыққан. Бір саны шығып тоқтап қалды. Шығарушысы Хаим ШумовСосновский, бастырушысы Жетпісбай Андреев, Ешмұхамет Иманбаев. Осы газет кейіннен А.Байтұрсынов пен Міржақып Дулатовтың аркасында өз оқырмандарымен 1913 жылы 2 ақпанда қауышты. Ол енді Орынбор қаласынан шығып отырды. Газетте әр түрлі қазақ халқының тұрмыс-тіршілігіне сай мәселелер көтеріліп отырған. Мысалы, казақ әдебиетінің мәселерін 3 топқа бөліп 1915 жылғы 112-113 сандарында қарастырған.

Қазақтың көне ауыз әдебиеті.


Жазба әдебиеті.
Абай, Ыбырай бастаган жаңа өдебиеттер дәуірі.
Оқу-ағарту мәселесіне де газет көп көңіл бөліп, казақ даласында жаңадан мектеп — медресе салудың қажеттігі жөнінде де мәселе қозғап отырған.

Газеттте М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, С.Дөнентаев, Б.Майлин, С.Торайғыров, Ғ.Қарашев, Б.Серкебаев, Қ.Қоңыратбаев т.б. көптеген мақала-өлеңдері басылған. "Қазақ" газетінің бетінде сонымен бірге аудармалар туралы сын мақалалар да басылып тұрды. Л.Н.Толстой, А.П.Чехов, М.Лермонтов, В.Г.Короленко, И.А.Крылов шығармаларын, аударып басумен қатар Б.Стоудың "Том ағайдың лашығың" іеген мақаласында кездеседі.


"Казақстан" газеті 1911 ж. 16 наурыздан бастап, алғашқы сандары Ордада, кейін Оралда (бұрынғы Теке қаласында) казақ және орыс тілдерінде басылған. Орыс тілінде қазақ мәтінінің кейбір қысқаша аудармасы ғана беріліп тұрған. Көлемі 6 беттік шағын газеттің 5 саны 1911 жылы, ал қалған сандары 1912-1913 жылдары барлығы 14-15 саны ғана шыққан.

Газетттің редакторы Елеусин Бюрил оны А.Н.Шелкованың жекеменшік баспаханасында бастырылып отырған. Газеттің негізгі мақсатын әр санының басында: "Газеттің асыл мақсаты: кәсіп ету, ғылым үйрену тұрғысында" делінген сөздерден-ақ айқын ағаруға болады. "Казақстан" газетінің бетінде орыс мөдениетінен, әдебиетінен үйренуге үлгі алуға шақыруы секілді сарын басым болды.

Халқымыздың әдеби мұраларының ішінде «Дала уалаяты газетінің орны ерекше. "Дала уалаяты газеті" 1888 жылдан 1893 жылға дейін Омбыда шығатын «Акмолинские областные ведомости газетіне қосымша ретінде орыс және қазақ тілдеріне шығып тұрды. Газет 1888 жыл мен 1902 жылдар арасында аптасына бір рет шығып тұрды. Газеттің ақырғы номері 1902 жылы наурыз айында шығып, содан кейін "Сельскохозяйственный листокке" айналды. Газетте әр уақыт редактор болғандар: И.Козлов, К.Михайлов, Г.Абаза, А.Попов, Д.Лавров. Қазақ тіліндегі нөмерлерін шығару ісін басқарушылар Ешмұхаммед Абылайханов, Дінмұхамед Сұлтанғазин, Рахымжан Дүйсебаевтар болды.

Газет негізінен алғанда аударма газет болды. Ресми материалдардың бәрі міндетті түрде екі тілде беріліп отырған. Газетке баратын материалдардың көпшілігін генерал-губернатордың жанындағы тілмаштар тобы аударып беріп отырған.

Газет бетінде Л.Н.Толстойдың шағын әңгімелері мен нақылдар, И.А.Крылов мысалдарын, өлең-жырлар, айтыс, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, әдеби публицистикалық мақалалар жинақ болып немесе жеке дара жарияланған. Газетте жарияланған нұсқалар кейін халықтың қазынасына айналып, көптеген жинақтарда басылған. Казақтың тұңғыш ғалымы Шоқан, классик ақыны Абай, ағартушы және Ыбырай, жазушы С.Көбеев, Ш.Құдайбердиевтің шығармалары осы газет бетінде жарияланған. Осы сияқты, газет қазақ тілінде кітап бастыруды газетттің тілін қазақша етуді бірталай сөз қылды. Ол осы мәселелерге байланысты қазақтың әдеби тілі мен емлесі, тыныс белгілері жөнінде де мәселе қозғады. Мұнысы да орынды, игі іс еді.

"Дала уалаяты газеті" он бес жыл үзбей шығып тұрды. Онда барлығы 1385 аударма қамтылған.

Газет сол дәуірдегі қазақ халқының өмірінен әртүрлі мәлімет беретін шежіре іспетті болуымен қатар белгілі дәрежеде ғылыми, әдеби және шаруашылық мәселелерінен нақты мәлімет беретін, ғылым-білімді насихаттайтын журналдардың әрі көпшілікке арнап шығарылган кітаптардың ролін де атқарды /3/.

Сонымен қатар XIX ғасырдың екінші жартысында "Дала уалаяты газеті" ғана болса, XX ғасырда 6 газет жарық көрді.

XIX ғасырда 70 қана кітап басылса, XX ғасырда оның саны 200-ге жетті. Осының өзі XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың басындағы баспасөздің қаншалықты дәрежеде дами бастағанының көрінісі.

Енді осы газетте жарияланған бір-екі мақалаға тоқталып, соларды талдап көрейік. Орыстың мысалшы ақыны Крыловтың "Инелік пен құмырсқа" деген мысалын "Дала уалаяты газеті" 1899 жылы 14 тамыздағы санында қазақшалап жарияланған. Аударған Асылқожа Құрманбаев. А.Құрманбаев осы газетте аудармашы болып істеп, 1899 жылы бірнеше ай болып істеп, 1899 жылы бірнеше ай бойы редактордың міндетін де атқарған. "Инелік пен құмырсқа" ("Стрекоза и муравей") И.А.Крылов.

Помертвело чисто поле: Нет уж дней светлых боле, Как под каждым ей листком Был готов и стол и дом деген шумағы, яғни дархан жаздың өтіп, қытымыр кыстың келгенін суретгеген жері аударылмай қалған.

Орысшасы:

Попрыгунья стрекоза Лето красное пропело: Оглянуться не успела Как зима катит в глаза. Қазақшасы:

Шегіртке, шегіртке, бүкіл жаздай өлең айтып, Болғанын білмей қалды күздің қайтіп, Күлі суып, тамақ табу қиын болды, Күн көрер бұл шегіртке енді қайтіп.

Байқап-қарағанда сөзбе-сөз баламасы да, әлгі аударылмай қалған шумақтың ішіндегі "Нет уж дней тех светлых боле" деген түйінді аудармашы "Күн суып, тамақ табу қиын болды" деген өлең тармағында беріп отыр. Бұл мысалдың да қазақ тіліндегі төрт түрлі аудармасын кездестіреміз. 1898 жылы Абай Құнанбаев аударған "шырылдауық шегіртке, ыршып жүріп ән салған", деп басталатын болса, 1910 жылы "Үлгілі бала" деген атты Көбеевтің кітабындағы аудармасы, 1912 жылы «Айқап» журналында "Омбылық" деп қол қойылған аударма нұсқаларын білеміз.

Сөйтіп орыс классиктерін аудару, одан үйрену дәстүрі XIX ғасырдың аяғында одан әрі дами, өркендей келе, қазақ әдебиетінде аударма мысалдарымен бірге төл қазақ мысалының тууына себеп болды. С.Көбеев, Б.Өтетілеуов, С.Дөнентаев сияқты ақын — жазушылар қазақтың ауыз әдебиетінен ұсақ ертегілердің сюжеттерін пайдаланып, оларға жаңа мазмұн енгізіп, мысалға айналдырған.

Сондай-ақ осы газет-журналдың бетінде қазақтың өз мысалдары, мысал жанрына тән ауыз әдебиетінің нұсқалары көп жарияланған.

Сонымен қатар қазақ халқының көрнекті ғалымы, ағартушы—демократ, публицист жене фольклорисі Шоқан Уалиханов негізін салған орасан зор маңызды істерді, орыс және Еуропа ғалымының жаңалықтарын насихаттау, әдебиет классиктерін демократиялық халықтық идеялы шығармаларын ана тілімізге аударып таныстыру және қазақтың ауыз әдебиетінің таңдаулы нұсқаларын, жаңа туып келе жатқан жазба әдебиетінің жеке шығармаларын орыс тіліне аудару істерінде "Дала уалаяты газеті" игі қадам жасаған. Соның ішінде Абай, Ыбырай шығармаларын көптеп аударғанын тілге тиек ете аламыз.

Газет бетінде Ы.Алтынсариннің "Киргизская хрестоматия" оқулығына еңген бірнеше әңгіме өлеңі жарияланған. "Балқожа бидің баласына жазған хаты" деген өлеңі газетте "Нұржан бидің окудағы баласына жазған хаты" деген атпен аударылған. Аударған Адрахман Қылышбаев.

Қазақтың "Қамбар батыр", "Бозжігіт", "Еңлік-Кебек", "Қозы Көрпеш Баян сұлу" дастандарымен Алдар көсе, Қожанасыр, Жиренше туралы аңыздары, көптеген қазақ ертегілері де осы газетте аударылып басылып отырған. Сонымен қатар ең алғаш осы газет беттерінен қазақ әйелдерінің өмірін суреттеп, солардың мұң-зарын шертетін шығарма да екі тілде жарық көрді. Ол "Бети" шығармасы. Осы шығарманың желісі арқылы С.Торайыров, С.Көбеевтың "Қалың мал", "Камар сұлу", "Кім жазықты" атгы романдары дүниеге келді. "Бети" шығармасы "Дала уалаяты газетінің 1898 жылгы 305 сандарында жарық көрді.

Тағы да газет бетінде қазақтың салт, әдетғұрпына қатын "айтыс", "Жоқтау", "Жұмбақтар" да жарияланып отырған.



Газеттің 1899 жылғы 51-санында, 1898 жылғы 4-шы басылған қазақ елінің тұрмыс-салт жырларынан берілген жоқтау. Орысшасы аудармада "Казақтардың жоқтауы" "Лирические песни киргизов" деп берілген. Жасыратыны жоқ, сол кездегі аудармашылар жіберген кемшіліктер тың саланың құпияларын игеруде біршама қиындықтар туғызғанымен, бірақ газеттеп аударма материалдардың көпшілігі жатық тілмен қазақ ұғымына түсінікті аударылғанын көреміз.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет