47
–
Қайран Әміре, қайран дауыс, өршіген домбыра
қағыс. Кеткенің бе жоғалып. Парижде жазылыпты дейді.
Пластинкасы қазақ қолына түсер ме екен, - деп күрсіне
тоқтады.
Мен «Ардақты» соза жөнелдім.
Мұқаң оған да ырзалық білдіріп, бір тілек қосты.
– Сен осы әндерді жазғыз, Бисмиллә. Тезірек пластинкаға
түсірт. Бұл дегенің байлық қой. Халық мұрасы ғой, - деп сәл
үнсіз қап, кітап сөресінен қалыңдығы бес елі кітапты қолына
алды.
Мен «Топайкөкті»
айта отырып, Мұқаңа қарап қоям.
Қолындағы кітапқа үңіліп, әнге ыңылдап қосылып отыр.
Сөйтсем, осы «Топайкөк» әнімен Абайдың атақты «Жарқ
етпес қара көңілім не қылса да» деген өлеңін салыстырып
отыр екен.
– Ән төресі – «Топайкөк-ау!» Ырғағы көп, сезімі сұлу ән
ғой. Сен осы әннің қалай шыққанын, қайдан шыққанын
білесің бе? – деді.
– Білем, Мұқа, - деп естіген-білгенімді баяндай жөнелдім.
1923 жылы әкем – Балабек Ержанұлы Семейде жүргенімде
мені іздеп, Әбікей Сәтпаевтың үйіне келді. Сол үйде
Әбікейдің досы Абылқайыр Досов бастаған бір топ мейман
отырған. Арасында Әміре, Иса, мен де бармын. Ән мен күй
кезек ауысып, бір сәт жұрт әңгімеге ойысты. Жұмат Шанин
бір кез: «Топайкөк» кімнің әні? – деп сұрады.
Әбікей жауап
береді. «Бұл ән - Жарылғапбердінікі. Руы – Сүйіндік,
Қаржас. Құдайберген деген кісі қуандық алсай еліне Мәкен
атты қызын береді. Құдасына барғанда Құдайберген әншісі
Жарылғапбердіні ертіп, Көкшетау маңындағы төрелерде
бірнеше күн жатады. Жарылғапберді – бұрын да бұл төре
ауылдарында талай болған, танымал жігіт”.
Өткендегі өнердің небір асылы, көркем мұралары
ескермесе, кейінгі жас буындарымызға көмескі болып қалуы
мүмкін. Осыған мұқият қараса дер едім.
Бізде
естіп-білгені, жадында сақтап келе жатқаны көп
қарттар әлі бар. Солардың көзі тірісінде қолда барын пайдаға
асыру жағын құнттаған жөн. Манарбек, Күләштардан
жазылып қалған ән аз. Әміреден мардымсыз ғана. Мұны еске
алғанда барды пайдалану өте орынды бола ма дейміз. Сол көзі
48
тірі кәрі құлақ қарттардың кезінде сахнада ән салғанның
бірі мен едім. Сондықтан да халық жинаған композиторлар
әнімен, ән текстерімен жақсы таныспын. Әннің әуен ырғағы,
нақысы,
сөзі бұрмаланбауын, авторға қиянат жасалмауын,
қайта оларды үйренуді ақыл етіп, Сәкен, Мұхтар, Ілияс,
Бейімбет, Сәбит, Жұмат, Ілияс Омаров үнемі айтып отыратын.
1968 жылы «Қазақ әндері» 1-томының 138-бетінде халық
мұрасын «Бекежанның әні» депті. Бекежан шығарған ән
жоқ. Ол – халық әні. Сол әнді операда Бекежан айтады.
Шатастыру дұрыс емес. Бұл әнді – «Сармойын» деп Әміре
төмендегі өлеңмен айтатынын Елубай, Серкелер біледі. Ән
тарихы өзінен-өзі-ақ әйгіленіп көрініп тұр.
Жапалақ жалпылдайды жар басында,
Немене жоқтың күні бар қасында.
Дос болып қас болғаннан сақта, құдай
Қасқыр да қас қылмайды жолдасына.
Сапарбек, Балабек ауыздарынан алынған шумақтары:
Сармойын
басушы едің шалқып жортып,
Кеттің ғой ойда жоқта қолға түсіп.
Айрылып сармойыннан қалғаннан соң,
Отырмын қайтемін деп ойға шомып.
Сармойын құлыныңнан қысыр емдің,
Жорғаның бәйгесінен үзбей келдің.
Тең тастап, төрт аяғың зулағанда,
Би, болыс аттарына жол бермедің.
Мен Әміре, Қали, Қосымжан, Сапарбек, Балабек, Кенен
сияқты әншілердің қасында шәкірт болып көп жүрдім.
Жамбыл, Иса ақындармен де бірге болдым.
Аты аталғандардан ән салуды, сөз сараларынан өнеге алуды
үйрендім. Іргелі
әншілердің ән қазыналары, орындаушылық
шеберліктері жайында әлі күнге дейін әнші немесе музыка
зерттеушілердің ән ішіне сүңгіп, кіре талдап, салалап қалам
тартпағаны – өкінішті жай. Аталған әншілердің әдіс-тәсілі, ән
салу машығы, арнаулы орта және жоғары оқу орындарының
ән бөлімдерінде оқытылмай келуі де қынжыларлық.
Достарыңызбен бөлісу: