Бағдарламасы бойынша шығарылды растыр ан: Якуда амандыов ә Әнші әміре әміре ашаубаев туралы естеліктер. раст


(« "штар көіл» кітабынан, А. 1977 ж.)



Pdf көрінісі
бет12/130
Дата19.09.2022
өлшемі1,9 Mb.
#39444
түріБағдарламасы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   130
 (« "штар көіл» кітабынан, А. 1977 ж.)
рманбек ЖАНДАРБЕКОВ
«КӨРГЕНДЕРІМ МЕН КӨ?ІЛДЕГІЛЕРІМ»
Қызылордаға келгенімде мені Әміремен таныстырған 
Серке болатын. Әміре дембелше келген, ақ сары жігіт 
екен. Ешкімді жатсынбайтын, аңқылдаған ақкөңілдің өзі. 
Алғашқы бас қосқан кезімізде-ақ айқайлап әнге басты. Аузын 
ашса, аыраан ән шыады көмейінен. Блкілдеген көмейі – 
жатан бір ән көрігі. Парижге б"л бармаанда кім барсын?! 
Әмірені алдында ән салуды өзі ауіпті. Дегенмен, аға 
әнші сұраған соң, мен де бозторғайша шырылдай жөнелдім. 


29
Ән тынды. Даусыма жарықшақ түскен кез еді, қатал 
сын күттім. Сәл ойланып қалған Әміре: «Әнді түсініп 
айтады екенсің, даусың да болған-ау», - деді. Адам көңілін 
қалдырмайтын, жолдасына қоң етін кесіп беруге дайын асыл 
Әміре-ай!
1926 жылы 13 қаңтар күні «нар тәуекел» деп, қазақ 
театрының шымылдығын аштық. Сахараға келген жаңа 
өнер түрімен елімізді таныстырдық. Халық жатырқамай, 
жатсынбай, қуанышпен қарсы алды. Алдымен Мұхтар 
Әуезовтің «Еңлік - Кебек» пьесасынан үзінділер көрсетілді 
де, артынан үлкен концерт берілді. Міне, осы концертте 
қай-қайсының болса да өнерлері, жеке көзге түсетін сағаты 
соққан сәті еді. Қай-қайсысы болса да аянып қалатын түрі 
жоқ, дүбірге елегізіген жүйріктей бәрінің де арқасы қозып, 
аруақтанып жүр. Міне, сахнаға Әміре шықты. Арқаның 
әдемі, әсем әндерін аңыратты. «Ағашаяқты» айтып күлдіріп-
жылатты. «Ой, пәлі!», «Шырқа, сабазым», - деп бүкіл зал қол 
шапалақтап, дуылдап тұрып алды. Әміре тағы әнге басты. 
Он-он бес әнді бірден айтып шыққанда, қаншама тоймайтын 
құлақ болса да, бір дендеуге дендеп қалды, «есеңгіретіп» 
тастады. Көзімізге ыстық жас оралып, тілеуін тілеп, сахна 
сыртында біз тұрдық. 
Қара шаңырақ драма театры 1926 жылы 13 қаңтар күні 
пердесін ашса, 1934 жылы тап сол күні, сол сағатта қазақтың 
тұңғыш музыкалық театры дүниеге келген еді. 
17 қаңтар күні студия Қазақтың мемлекеттік музыкалық 
театры деген атаққа ие болды. Үкімет Пушкин көшесіндегі 
СТС клубын, кейіннен «Қазақконцерт» тұратын үйді біздің 
театрға берді.
Бұл күн қазақ сахна өнері тарихына алтын әріппен жа-
зылу 
ға тиіс деп білем. Мен сондағы «Айман – Шолпан» 
пье са сындағы негізгі ойнаушылармен таныстыра кетейін. 
Тарих үшін бұл да қызықты мәлімет болар деп ойлаймын. 
Айман – Күләш Байсейітова, Шолпан – Айнаш Ержанова, 
Теңге – Жанбике Шанина мен Үрия Тұрдықұлова, Әнші - 
Әміре Қашаубаев, Әділбек – Жүсіпбек Елебеков, Арыстан 
– Қанабек Байсейітов, Жарас – Елубай Өмірзақов пен 
Манарбек Ержанов, Маман – Дүйсенбек Еркінбеков, Жан-
тық – ақын Иса Байзақов пен Қуан Лекеров, Көтібар – 


30
Құрманбек Жандарбеков, кернейші өзбек – Мұсабеков. 
Көпшілік сахналарына қатысушылар – музыкалық театр 
техникумының оқушылары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   130




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет