Бағдарламасы бойынша шығарылды растыр ан: Якуда амандыов ә Әнші әміре әміре ашаубаев туралы естеліктер. раст


(“Октябрь туы” газеті, 5 шілде, 1985 ж.)



Pdf көрінісі
бет82/130
Дата19.09.2022
өлшемі1,9 Mb.
#39444
түріБағдарламасы
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   130
(“Октябрь туы” газеті, 5 шілде, 1985 ж.)
КMләш АШАУБАЕВА
КӨ?ІЛДІ УАНЫШ КЕРНЕДІ
Мен Әміренің көп баладан қалған жалғыз көзі, 
нәрестелерінің ең кенжесі едім. Анамыз Оразке бертінде, 
ұзаққа созылған ауыр науқастан қайтыс болғанда, біз тетелес 
апамыз Күлән екеуіміз ғана қалған болатынбыз. Мен әкемнің 
жүзін еміс-еміс қана білемін. Ол кісіні тек анамыздың, апам 
Күләннің айтуынша ғана көзге елестететінмін. Сондай-
ақ кезінде шыққан, әкем туралы жазылған кітаптар мен 
өз замандастарының естеліктері о кісі жайлы дерегімді 
толықтыра түскендей еді.
Өткен жылғы, өздеріңіз куә болған, баспасөз бетіндегі 
«Әміренің дауысы табылды» деген хабарды естігендегі 
қуанышымның ешбір шегі жоқ. Оның үстіне жарты ғасыр 
бойы еш жерден кездеспей, әбден күдер үзуге айналған 
Әміре даусы жазылған валикті Мәскеу қаласының орталық 
архивінен іздеп табушы да өзіміздің семейлік, Аякөз 
ауданының баласы Жарқын Шәкәрімов екенін қалайша 
мақтаныш етпейін.
Жоғарыда айтқандай, әкем туралы көптеген кітап, 
әңгіме, очерк, талай-талай мақалалар жазылған. Бұлардың 
бәріне жұртшылық көптен бері қанық. Бұларға тоқтамай-
ақ қояйын. Айтарым басқаша. Жер-жерден жылы лебіз 
білдіріп, қуанышыма қуаныш қосқан, әкем атағын 


294
дәрежелеп, салтанатта бірге болған дарқан еліме, оның ақ 
жүрек халқына айтар алғысым мол.
Әкемнің әншілік, адамгершілік қасиетін ардақтап, 
ұмытылмас естеліктерін ортаға салып, достық пен махаббатты 
паш еткен ғалым аға, академик Әлкей Марғұланға, қадірлі 
апамыз Сара Есоваға, қарт жазушы Сапарғали Бегалинге, 
Қазақ ССР-нің халық әртістері Серке Қожамқұловқа, Қанабек 
Байсейітов, Жүсіпбек Елебековтерге айтар рахметім көп-ақ. 
Әсіресе, жас та болса бірегей еңбек етіп, архивте жатқан әкем 
даусын өз халқына қайта жеткізген өнер зерттеушісі Жарқын 
інішегіме айтар алғысым мен ізгі тілегімнің шегі болмас. 
Кезінде үкімет қаулысы бойынша әкем атымен аталған 
астанамыз Алматыдағы музыка мектебі елімізге көптеген 
жасөспірім өнер шеберлерін беріп келеді. Соған орай айта 
кетейін дегенім, Семей облысының Абай ауданындағы 
«Қайнар» совхозы еңбеккерлерінің өз жерлерінде әкеме 
ескерткіш орнатып, халық театрын, пионер дружинасын 
Әміре есімімен атауларына зор ризалығымды білдіремін. 
Міне, бүгін өлген тіріліп, өшкен жанып, қадірлі әкемнің 
асқақ үнін өз аузынан естіп отырмын. Мұндай сәт адам 
өмірінде көп бола бермес. 
Мен өзім де, осыдан аз жыл бұрын қайтыс болған апам 
Күлән да ата жолын қуып, театр, концерт және эстрада 
сахналарында көп жылдар бойы еңбек еттік. Қазір жолдасым 
қазақ эстрадасының әртісі Сейтім Жақыповпен бірге 
Қостанай қаласында тұрып жатырмыз. Қолымызда Әміренің 
Шәйзада, Марат, Әміржан атты жиен-немерелері бар. Оның 
соңғы екеуі қазір Совет Армиясы қатарында.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   130




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет