Бағдарламасы бойынша шығарылды растыр ан: Якуда амандыов ә Әнші әміре әміре ашаубаев туралы естеліктер. раст


(Әнші, актер, аын-сазгер, аудармашы, өнер



Pdf көрінісі
бет90/130
Дата19.09.2022
өлшемі1,9 Mb.
#39444
түріБағдарламасы
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   130
Байланысты:
3e54f76bdab069052700dfbd2773f999

 
(Әнші, актер, аын-сазгер, аудармашы, өнер 
зерттеушісі Абылай Т=ГЕЛБАЕВТЫ? 2005 жылы 
жазан олжазба естелігінен ышамдалып алынды)


319
ОРТАЛЫ АРХИВТЕН
Әміре қазақтың ұлттық театр труппасының тұңғыш уығын 
көтерісіп, құрысқан өнеріміздің алғашқы қарлығаштарының 
бірі дедік. 1925 жылы 25 желтоқсан күні театрдың тұңғыш 
директоры Д. Әділовтың қолымен берілген бұйрықта Әміре 
қазақ театрының тұңғыш актері болып бекітілген. Сақталған 
бұйрықтың көшірмесі төмендегідей.
1
Үстіміздегі жылдың 1 ноябрінен бастап 200 сомдық айлық 
жалақымен І дәрежедегі артист болып мыналар бекітіледі:
1. Қашаубаев Әміре.
2. Байзақов Иса.
2
1925 жылдың 15 ноябрінен бастап бас режиссер болып Серке 
Қожамқұлов бекітіледі, 200 сомдық айлық тағайындалады.
3
1925 жылдың 5 декабрінен 200 сомдық айлық жалақымен 
артист қатарына Құрманбек Жандарбеков бекітіледі.
4
1925 жылдың 1 декабрінен Елубай Өмірзақов, айлығы 150 
сом, Иманбаев Рахым айлығы 150 сом, Абдуллин Абылқай 
айлығы 100 сом, артистер қатарына бекітіледі.
(Қазақстан 
орталық мемлекеттік архиві, ф. 1448, 0.3.)
* * *
Қазақстан Республикасы Орталық мұрағат қорынан 
табылған атақты әнші Әміренің қызы Күләш Қашаубаева-
ның өз қолымен толтырылған өмірбаянына көз жүгіртейік. 
(Республикалық орталық мұрағат, 1823-қор, 6-тізбе, 1-іс)
Күләш Қашаубаева 1926 жылы шілде айында Семей 
қаласында туылған. Ата-анасы кедей болған. Ол қызметке 
кірердегі жеке парақшадағы әке кәсібі деген тұсқа Қазан 
төңкерісінен соң, қызметкер-әнші деп толтырыпты. Күләш 
Алматы қаласындағы №52 орта мектебіне 1934 жылы 
оқуға қабылданып, 1941 жылы жетіжылдықты аяқтаған. 
Содан 1943 жылғы қыркүйек айынан 1943 жылдың аяғына 
дейін Алматыдағы №175 зауытта темір жонушы (токарь) 
болып жұмыс істеген. 1945 жылдың қаңтарынан 1948 
жылдың тамызына дейін Мемлекеттік филормонияның хор 
каппеласында әншілік қызмет атқарған.
Үйленген, бір жарым жасар қызы бар. «Алтынның 


320
сынығындай» болған жап-жас Күләш 15 жасында еңбекке 
араласып, жауды талқандауға үлес қосқаны біз үшін қуаныш. 
Ал, 1948 жылы филормониядан не себепті кеткені Күләштің 
өз қолымен жазған өмірбаянында бар. Күйеуі лейтенант 
Ш. Халықов Павлодарға қызметке ауысуына байланысты 
жұмыстан шыққан екен. Ал, қазір қызмет бабымен Алматыға 
қайта көшіп келгенге ұқсайды. Шешесі Оразке аурулығына 
орай жұмыс істемейді, Әміреге зейнетақы тағайындалған.
Жас әншінің арызы мен Мемлекеттік филормонияның сол 
кездегі директоры І. Есенберлиннің бұйрығын сол күйінше 
беруді мақұл көрдік.
Директору КазГосфилармонии 
тов. Есенберлину И.
От Кашаубаевой Куляш, 
прож. В г. Алма-Ате 
по ул. Фурманова, дом №108, кв. 2
 
 
 
Заявление
Настоящим прошу Вас принять меня на работу в 
КазГосхор в качестве хористки. 
Прошу не отказать в моей просьбе.
Кашаубаева К.
22. VІ. 1950 г.
Выписка из приказа №153
От 24 июня 1950 г.
По КазГосфилармонии

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   130




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет