Бағдарламасы бойынша шығарылды Редакция алқасы: С. Абдрахманов, Н. Асқарбекова, Р. Асылбекқызы


өткен немістің атақты философы Гердер «бір адамның



Pdf көрінісі
бет22/22
Дата14.02.2017
өлшемі2,02 Mb.
#4133
түріБағдарламасы
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22

өткен немістің атақты философы Гердер «бір адамның 
өмірі дүниенің бар алтынынан қымбат» деп еді. Ендеше 
біздің  топ-топ  ақындарымыздың  азалы  адамдарға 
арналған  өлеңдері  олардың  бір  түнгі  азабының  құнын 
өтей алатын емес. Артық айтсам кешірім сұраймын.
Сəкен,  Ілияс,  Бейімбет,  Ахмет,  Жүсіпбек,  Мағжан, 
Міржақып, Əлихан, Нығымет, Жанайдар, Əбілхайыр, Темір-
бек, Мирасбек, Садықбек басқа да абзал ағалардың қасиетті 
кегін  өзімше  көп  жоқтадым.  Осы  еңбегімнің  нəти жесінде 
1967  жылы  Омбы  қаласының  Декабристер  көшесіндегі 
бұрынғы  оқытушылар  семинариясы  үйі  алдында.  С.  Сей-
фуллин  мен  М.  Нұрмақов  ағаларымызға  ескерт кіш  тақта 
ашылды,  оған  өзім  қатысып  сөз  сөйледім.  Қазақс таннан 
менен  басқа  бұл  тарихи  рəсімге  ешкім  келмеді.  Тек 
С.Мұқанов,  Ə.  Марғұлан,  мəдениет  министрі I. Омаров 
қана хат-телеграммалар жолдады. Мен осы хаттарды жұрт-
шылыққа оқып бердім. Омбыда бұдан кейінде бірнеше рет 
болдым.  Осы  еңбегінің  ақырында  өткен  ғасырда  Омбы 
кадет корпусында оқыған Шоқан ағамызға да сол корпустың 
алдында,  казақтың  аяулы  ұлына  ескерткіш  тақта  орнатуға 
тікелей дəнекер болдым. Мұны мен өзімнің ұзақ, тек жемісі 
гүлденіп көзіне көріне қоймаған өмірімнің биік бір сатысы 
деп  санаймын.  Менің  Сəкен  жайлы  ұзақ  жылдардағы 
еңбегімді  атақты  жазушымыз,  Сəкеннің  ең  жақын  серік 
достарының  бірі  Сəбит  Мұқанов  жақсы  білетін  еді.  Ал 
өзінің қайтыс боларынан аз-ақ бұрын маған ұзақ хат жазды. 
Бұл сонау оның 30-шы жылдардан бері жазған хаттарының 
ең  соңғысы  болды.  Хаттың  аяғында «1973 жыл 17 ақпан, 
Алматы делінген» Осы хаттан үзінді келтірейін «Сені мен 
бала  жігіт  кезіңнен  білемін  ғой.  Содан  бері  санама  берік 

378
орнаған  ұғым – сенің  əділет  жолынан  таймауың,  əрдайым 
сеніміңді сатпауың, өз пікіріңде тұрақты болуың Маркстің 
бір қызы: «Əке шындық деген не» деп сұрапты-мыс. Сонда 
əкесі: «Ол – дəлелдеуді  керек  қылатын  нəрсе»  депті-мыс. 
Сол  айтқандай,  дəлелдей  алмаған  шындық – шындық 
емес,  дəлелдегендер  көріп  келеді,  дəлелдемегендер  өліп 
кетеді.  Осының  бір  дəлелі  Сəкен.  Ол  өліп  кеткен  адам. 
Меніңше  шындықты  одан  артық  көксеп,  одан  артық 
іздеген кісі жоқ. Ақыры өзі таптым деген шындықтың 
оғынан  өзі  қаза  тапты.  Қандай  трагедия  десеңізші! 
Көңіліңе алма, сен де сондай шерменденің бірісің. Мен сені 
адал жан деп санаймын. Осы бағытыңнан əне бір жылдары 
жазықсыз  жазаланған  күндерде  де  таймадың.  Оған  дəлел 
алыс сапардан орала бүгінгі істерге белсене кірісіп кетуің. 
Қажырлы, жігерлі адам екенсің. Осы бетіңмен жорта бер. Ол 
үшін саулық, бақыт тілеймін. Достық жəне ағалық көңілден 
Сəбит» – деп жазыпты.
Ақмола  Сəкен  Сейфуллиннің  нағыз  рухани  отаны, 
өйткені  бұл  қала,  бұл  аймақ  оның  алғаш  елеулі  қоғамдық 
өмірге,  ақынды  қиялға  қанат  қаққан  берік  тұғыры.  Сəкен 
осында  алғаш  жаңа  сипаттағы  мемлекеттік  ұйым  құрды, 
«Тіршілік»  атты  жаңа  газет  шығарды, «Бақыт  жолында», 
«Қызыл  сұңқарлар»  атты  пьесалар  жазып,  оны  сахнаға 
шығарды.  Сəкен  осы  қалада  абақтыға  жабылып,  өлім 
қатеріне ұшырады. Содан ол өзінің А.Асылбеков, Ж.Нұр кин, 
3. Катченко сынды жауынгер серіктерімен бірге қақа ған қыс 
ішінде қол-аяқтары бұғауланып, Қызылжарға, Омбыға жаяу 
тұтқынға қуылды. Сəкеннің əйгілі «Тар жол тайғақ кешуінің» 
естен кетпес беттері. Ақмола аймағының шежіресі.
1964  жылы  С.  Сейфуллиннің  туғанына 70 жыл  толу 
мерекесінің  зор  салтанатты  жиыны  Ақмоланың  тың 
игерушілер  сарайында  өтті.  Бұған  Сəкеннің  əдебиеттегі 
ең  жақын  серігі,  жазушы  С.  Мұқанов,  Сəкеннің  зайыбы 
Гүлбаһрам,  Сəкеннщ  жауынгерлік  достары  З.П.  Катченко, 
ақмолалық  жазушы  А.  Дусовицкий,  кезінде  Сəкеннің  ал-
дын  көрген  ақын-жазушылар X. Жұмалиев,  С.  Талжанов, 
осы  жолдардың  авторы  мына  мен,  жазушылар  С.  Омаров, 
Т. Кəкі шев жəне басқалар қатысты.
1967  жылдың  желтоқсанының  бас  кезінде  Ақмоланың 
2500  адам  сыятын  тың  игерушілер  сарайында  Сəбит  Мұ-

379
қановтың  «Сəкен  Сеифуллин»  атты  пьесасы  орыс  тілінде 
қойылды. Жұртшылық сахна төрінен Сəкен бейнесін қызу 
құттықтады.  Сəкеннің  жарқын  бейнесін  ақмолалық  əртіс 
Геннадий  Понамарев  ойнады.  Сол  жолы  мен  ақмолалық 
Ə.  Имағамбетов,  Ф.  Халитова,  Молдахмет  Досаев,  тағы 
басқалар,  жазушы  Сəбит  ағамызды  ертіп  Ереймен  өңірін 
араладық.  Сол  серуен  туралы  Ақмола  газетінде  менің 
«Сəкен  жолында  Сəбитпен  сапар»  атты  көлемді  жол-
сапарлық  очеркім  жарияланды,  Сəкен  өміріне  арналған 
спектакльдік  қойылымға  Сəкеннің  жұбайы  Гүлбаһрам, 
Сəбиттің  жұбайы  Мəриям  қатысты.  Өзінің  даңқты  сүйікті 
ерінің  ұмытылмас  бейнесін  орыс  артисінің  сипаттауында 
сахнадан көргенде ағыл-тегіл ботадай боздап жылаған еді. 
Бұл көрініс біздің бəріміздің де көзімізге жас іріктіріп еді. 
Осының  артынша  мен  Омбы  қаласына  барып  Сəкеннің 
ескерткіш  тақтасын  ашудың  суыртпағын  қидым.  Міне, 
сол  салтанаттан  С.Сейфуллиннің  жұбайы  Гүлбаһрамға 
Омбыдан хат жаздым. 
Енді  сөзімнің  аяғын 1967 жылы 21 желтоқсанда 
Омбыдан  Сəкеннің  жұбайы  Гүлбаһрам  апайға  жазған  ха-
тым ның  үзінділерімен  бітірейін: «16 желтоқсан  күні  Ом-
быға  кеттім.  Əуелі  Алматыдағы  қызық  тойдан  кейін  біраз 
ауырып  та  қалдым.  Бұл  Сəкен  ағамыздың  өте  бір  ерекше 
өткен  екінші  тойы  болды.  Сіздің  бұл  көңілді  кеште  жы-
лауыңыз  маған  қатты  əсер  етті.  Сол  күндері  асахнада 
Сəкенді  елестеткен  орыстың  жас  жігітіне  жұрт  қандай 
ықылас  білдірді.  Өзіміз  қандай  құшақтадық!  Осы  күн 
Сəкен өзі тірі болса, халық оған қандай құрмет көрсетер еді 
дедік.  Екі  жылдан  бері  Омбымен  екі  арада  біздің  бір  жас 
жігітімізді жүргізіп (А. Сатаев). Сəкен ағаға ескерткіш тақта 
орнатуға  қозғау  салып  едік.  Сол  тілек  бұрнағы  күні  іске 
асты.  Мені  сот  мерекеге  шақырған  еді.  Алматыдан  Сəбит 
қайныңызды  бас  етіп,  көп  кісі  шақыртқан  екен.  Олардан 
ешкім  келе  қоймады.  Сəбит  хат  жіберді,  Ілияс  Омаров, 
Ə. Марғұлан телеграммалар жіберді. Ə. Шəріповпен телефон 
арқылы  сөйлесіп  Жазушылар  одағынан  мен  қатыстым. 
Құттықтау  айттым,  алғыс  білдірдім.  Ескі  семинария  үйі 
алдында  Сəкен  мен  Нығмет  екеуіне  бір  ескерткіш  тақта 
орнатылды.  Үлкен  митингі  етті.  Бұл 1967 жылғы 19 
желтоқсан күні газетке жазылды, радиода оқылды, көшпелі 

380
телевидение,  кино  суретке  түсірді.  Біраз  адамға  Сəкеннің 
кішкене  значогін  апарып  бердім.  Ана  жылдан  сақталып 
жүргендері  еді.  Бір  медальды  ана  жолы  Ақмола  газетіне 
бердім.  Əнеугі  Ақмола  артисі  Ген.  Понамарев  Сəкенді 
көрген  кісілермен  сейлесемін  деп  соның  алдында  Омбыға 
келіп қайтқан екен. В.И. Иванов дейтін кісімен сөйлесіпті, 
сол  үшінде  əнеугі  спектакльдің  бағдарламасының  үстінде 
қуанышты  сөз  жазып  сол  Ивановқа  жіберіпті.  Кеше  сол 
шалдың  үйінде  болып  едім.  Сонда  оқып  көрдім.  Иванов 
Сəкенмен бірге оқыған адам. Омбының Сəкен ағай білетін 
жазушы  Ф.Березовскийдің  үйінде  болдым.  Қазақстанның 
15 жылдығында сол кісіге шапан, значок берілген екен. Осы 
кісі Сəкен ағамыздың хатшысы болмады ма екен? Соны сіз 
білмейсіз  бе?  Жалпы  менің  анада  өзіңізге  айтқан  сөзімді 
еске ұстаңыз: Сəкен жайлы өзіңіз білетін деректерді біреуге 
айтып жаздыра беріңіз. Иə, жаңағы музей шапанына Сəкен 
значогын  қадап  кеттік.  Омбыдағы  бізге  тілектес  адамдар 
арасында өзімше біраз үгіт-насихат жүргізендеймін. Соның 
бірі – түбі  Шоқанға  да  ескерткіш  тақта  орнатылумен 
тынар  деген  ойдамын.  Аталарымыз,  ағаларымыз  басқан 
тас-топырақты  басып,  Сəкендер  оқыған,  жатқан,  ас  ішкен 
бөлмелерге  кіріп,  көңілім  қатты  толқулы.  Омбының  ескі 
əдемі  үйлерінің  тас  кірпіштерінен  біздің  қазақ  даласының 
малының  майы,  жанының  қаны  сіңіп  тұрғандай  көріне 
береді. Күн мұнда да жылы Қырбық қар, сəл ғана ысқырық 
аяз.  Жел  жоқ.  Көңілде  осындай.  Мына  бір  газетті  жіберіп 
отырмын. Төртінші бетіне көз саларсыз. Келе жатқан жаңа 
жылда  денсаулық  тілеймін.  Құрметпен  қайныңыз  Жайық» 
Бұл хаттың көшірмесін маған осы беріде Ақмоладағы Сəкен 
мұражайының қызметкері жіберді.
«Менің Сəкенім» дейтін тақырып мен үшін ұшан-теңіз. 
Соның  кейбір  үзінділерін  жұртшылыққа  ұсынып  отыр-
мын.  Сəкеннің  аруағы  кейінгі  ұрпақты  желеп-жебесін  деп 
тілейміз.  Сəкен  өз  тұсының  ұлы  да,  құлы  да  болған  абзал 
азамат.  Оның  бар  тілегі  өз  халқының  жетілуі  еді.  Тек  бұл 
жолда нелер тар жол, тайғақ кешуге, бұрыс қалтарыстарға 
ұшыраған,  ақырында  содан  жазықсыз  опат  болған  адам-
дардың бірі де біздің аяулы Сəкеніміз.
«Арқа ажары»,
 IV 108. 15 қазан 1994 жыл

381
МАЗМҰНЫ
Сəкен тарих төрінде .................................................................5
Оқжетпес .................................................................................15
Сəкен əдебиетші ғалым .........................................................32
Сəкеннің ұлтжандылығы .......................................................64
Көркем шығармадағы тарихи шындық ..............................142
«Тар жол, тайғық кешу» жəне алаш
қозғалысының өзекті мəселелері ........................................154
Тарихи шындықтың көркем шындыққа айналуы .............198
Таланттар туралы толғау .....................................................249
Сəкеннің тарихтағы орны хақында. С.Сейфуллиннің
туғанына 100 жыл толуына орай ......................................285
Дала дауылпазы ....................................................................296
Сəкен аға. С.Сейфуллиннің туғанына
100 жыл толуына орай ........................................................301
Ақындардың аққуы ..............................................................308
Сəкен аға кім? – десең .........................................................309
Сырлы Сəкен, жырлы Сəкен ...............................................313
Ақын мұражайы ...................................................................323
Құпияның кілті кімде? .........................................................329
Кілті жоқ құпия ....................................................................337

Құпияның кілті үш əріпте ...................................................344
Тамұқ .....................................................................................351
Дəлдəк керек, əділдік керек .................................................359
Сəкен салысқан үйлер ..........................................................363
Менің Сəкенім ......................................................................372

Кітапты шығаруға жауапты –
«Қазығұрт» баспасы ЖШС-нің президенті –
Темірғали Мұратбекұлы КӨПБАЕВ
Сəкен (СƏДУАҚАС) СЕЙФУЛЛИН
Көптомдық шығармалар жинағы
Он үшінші том
Редакторы Шерхан ТАЛАП
Суретшісі Нұран АЙЫМБЕТ
Техникалық редакторы Дарико ОМАРҒАЛИЕВА
Беттеген Мəншүк ШЕЛЕКБАЕВА
ИБ № 396
Басуға 22.07.2013 жылы қол қойылды.
Офсеттік басылым. Қалыбы 84х108 
1
/
8
.
Шартты баспа табағы 20,16 б.т.     .
Таралымы: мемлекеттік тапсырыс бойынша 2000 дана,
баспаның тапсырысы бойынша 20 дана. Тапсырыс №  

«Қазығұрт» баспасының компьютер орталығында беттелдi.
«Қазығұрт» баспасы, 050009,
Алматы қаласы, Абай даңғылы 143, 522-кеңсе. 
Телефон (факс): 8(727) 394-42-86
Тапсырыс берушінің файлдарынан басылып шықты


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет