«ТАР ЖОЛ, ТАЙҒАҚ КЕШУ»
ЖƏНЕ АЛАШ ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ
ӨЗЕКТІ МƏСЕЛЕЛЕРІ
Бүгінгі күні мақтанарлық, мақтарлық ел екенімізді
танытып, ұлтымыздың бас-аяғын түгендерлік дəрежеге
жетіп жатқан күндері алаш азаматтарының да арманы осы
еді деген пікірлер жиі айтылуда. Мұндай толғамға құлақ
қоймасқа болмайды. Əрине, əңгіме уақыттың жеткендігін-
де емес, тарихи шындықты дұрыс саралауда, бағалауда, ой
елегінен өткізіп əділін айта білуде.
Қай кезде де келешекке болжам, өткенге көзқарас
болмай қалмаған. Бірақ екеуі де үлкен саналылықты қажет
етеді. Яғни болжамда – бопсылау, көзқараста – көрсоқыр-
лық болмасқа тиіс. Болжамда – қырағылық, көрегендік,
көзқараста – шырайын шығарар шындық болуы шарт.
Өткен тарихымызды дұрыс танудың бір тармағы – дауыл-
ды күндерде қазақ зиялыларының екіге бөлінген себебін
ашып, ірге ажыратқан кезін айқындау мəселесі қағыста
қалмауға тиіс. Өйткені, осы төңіректе шындықтың анық-
қанығына жетпей бопсылайтындар қазір көбейіп барады.
Совет Одағы ыдырап, алаш қозғалысы ақталған тұста
Тұрар Рысқұлов, Əбдірахман Əйтиев, Əліби Жангелдин,
Амангелді Иманов, Сəкен Сейфуллин сынды азаматтарға
орынсыз өкпе айтылуда, қаңқу сөз таңылуда.
Біз Сəкен Сейфуллиннің көзқарас эволюциясы арқылы
біраз шындықтың сырын ашып алуды қазір айрықша қажет
деп білеміз жəне сол арқылы замананың басып өткен жолын
шынайы бағалай отырып, əділін айту керек деп санаймыз.
Алаш қозғалысын кеңес тұсында даттау машығы біл-
меушіліктен, бейхабарлығымыздан болды деп жеңілдетуге
тырысудамыз. Ал кешегі мен бүгінгіні саралайтын мүмкін-
дік туған кезде ол кещелігіміз үшін біржақтылық пен
қасақана өшігуге жол бермеуіміз керек, өйткені бұл екеуі
155
де тарихты таразылауға, оңтайлы шешімін табуға бастай
алмайды. Шындық қана шиеленіскен түйінді шешуге жөн
көрсете алады.
Қазан төңкерісі – қазақ зиялыларын екіге бөлген шекара
десек, сол екіге бөлінуде Сəкеннің қарақан басының жо-
лайрығы қай кезден басталды, себебі не деген сауалды қазір
əдейі шығындата қою керек жəне жалтақтамай, бұлтақтамай
бар шындықты баяндау шарт.
Тарихтың қай кезеңін болса да ғылыми тұрғыдан
танып білудің ең негізгі арнасы – өмір шындығын көне де-
ректер мен фактілерді мүмкіндігінше жан-жақты қамтып,
ақиқатқа айналу процесін көрсете білу болса керек.
Ал «Тар жол, тайғақ кешу» сынды шындықты бей-
нелейтін шығармаға бүгінгі заман талабымен қараған
тұс та оның ақ-қарасын ашу үшін оның ішкі ағысына зер
салып, бұрыс тартқаны мен дұрыс желілегенін жіліктей
білу абзал. Сондықтан кеңес өкіметіне қарсы бағытта
болған алаш қозғалысына соқпай кетуге болмайды деген
күннің өзінде, кеңес өкіметін жан-тəнімен қолдаған Сəкен
Сейфуллин көзқарасын алаш қозғалысының туу себеп тері
мен кезеңдеріне сабақтастыра қарастырған жөн. Себебі
бұлардың əрқайсысының діттеген ойын, көздеген мақ-
сатын, жасаған іс-əрекеттерін анық білмегендер үшін
сырттан тон піше салу оп-оңай. Сəкен Сейфуллиннің ұлт-
жандылығы, еліне тілегені алаш қозғалысының негізгі
мəселелеріне көзқарасы арқылы айқындалады.
Ал алаш қозғалысының қыр-сырына терең үңілудің
қайнар көзі сол қозғалысты ұйымдастырушылардың өз
қолдарымен жазған шығармалары, қалдырған деректері
мен құжаттары, мақалалары мен хат-хабарлары. Осы
мəліметтер ғана қозғалыстың табиғатын түсінуге кең жол
ашады. Соңдықтан алаш азаматтарының қолынан шық-
қан басылымдарға, дерек-мəліметтерге, газет-журналдар
мен архивтердегі деректерге объективтік тұрғыдан қарау
арқылы шындықтың сырын ашу қажеттігі туып отыр.
1896–1903 жылдарда қазақ даласында Шербина бас-
қарған экспедиция жұмыс істеді, оның құрамында Ə. Бө-
кей ханов та бар еді. Тарихшы М. Қойгелдиев: «Экспеди-
ция жұмысына қатынасу барысында Ə. Бөкейханов қазақ
156
даласына байланысты Ресей империясының көздеген
мақсатын бұрын өзі байқай бермеген жаңа қырынан көрді
жəне орталық биліктің таяу жылдары ірі шараларды іске
асыруға даярлық жасап жатқанын байқады»
1
, – деген
тұжырым жасайды.
Алаш қозғалысының дамуын жалпы төрт кезеңге бөліп
қарау жөнінде ой-пікірлер айтылып жүр.
Бірінші кезең алғашқы орыс революциясы жылдарын
қамтиды. 1905 жылы маусым айында Қоянды жəрмеңке-
сінде 14500 кісі қол қойған Қарқаралы петициясы қабыл-
данды. Ол ұлттық мүддені саяси таным деңгейіне көтер-
ген алғашқы құжат болды. Осы дүмпуге 1905 жылдың
қысында Орал өңірінде кадет партиясының бір ұйымын
ашуға ниеттенген зиялылардың əрекетін де қосқан жөн.
Бұл – бірінші кезең, оның толғағы ұзаққа созылды, іштей
жетілді.
Екінші кезең – 1913 жылы «Қазақ» газеті дүниеге келіп,
өріс алуына байланысты ұйымдық процестің көріне бастау
шағы, газеттің насихатшылық рөлінің айқын сезілген тұсы.
Үшінші кезең – қазақ халқының көңіл ауанын білу үшін
съезд шақыру идеясы 1912 жылы ойға оралғанмен нақты
жүзеге асуы 1917 жыл, яғни жалпықазақтық екі съездің
өткен тұсы.
Съезд шақыру жөнінде əр қилы ой-пікір айтылуы сал-
дарынан əлеуметтік сана белгілі арнаға түсе алмай 1916
жылғы патша жарлығына соқтыққан тұсы. Ұлт-азаттық
қозғалысы тұсында да, дүбірлі 1917 жыл басталар шақта
да нақты саяси платформа, бағыт-бағдар сезілмей жатты.
Алайда 1917 жылғы Ақпан революциясы оқиғаларды қа-
уырт тұста өсірген облыстық қана емес, бүкіл қазақтық
көлемде екі съездің өтуі алаш қозғалысын тез ширатып,
жүйелі бағыт алуына қамшы болды. Шешуші кезең туды.
Төртінші кезең – Алашорда мүшелерінің кеңес
өкіметімен, сонымен қатар Ресейдің əр жерінде орнап
жатқан уақытша өкіметтермен байланыс жасауға ұмтылып,
өзін мойындатуға талпынған тұсы. Азамат соғысының
1
Қараңыз. Ə. Бөкейханов. Шығармалар. Алғы сөз. М. Қойгелдиев
«Алаштың Əлиханы». А. 1994,11-бет.
157
ылаңынан жол таба алмай дағдарған, басты тауға да, тасқа
да ұрған кезі.
Қарқаралы петициясында «Діни сенімдерді атқаруда,
оқу-ағарту жүйесін ұйымдастыруда жергілікті халықтың
еркіне қайшы келетін шектеулерді жою: ауылдарда сабақ
орыс тілімен бірге қазақ тілінде де жүргізілетін мектеп-
тер ашу; қазақ халқының мұң-мұқтажын талқылауға қа-
жет құрал – цензурасыз газет шығаруға жəне баспахана
ашуға рұқсат беру; жаппай қоныстану қарқынының
күшейіп, құнарлы жерлердің қоныстанушыларға өтуіне
байланысты қазақтар орналасқан жерлерді олардың заңды
меншігі екендігін мойындау; мемлекеттік аппаратта, сот
органдарында іс қағаздарын қазақ тілінде де жүргізу,
олар дың жұмысында қос тілдікті жолға қою»
1
сияқты та-
лаптардың айтылуының зор əлеуметтік мəні бар еді.
Қарқаралы петициясы ұлттық сананың оянуына үлкен
ықпал етті, əсіресе қазақ жастары арасында азаттыққа
ұмтылу идеясын күшейтті. Оны Сəкен Сейфуллин былай
растайды. «С 1905 года среди киргизской интеллигенции,
а в особенности среди учащейся молодежи с 1912 года
наблюдалось распространение революционной идеи т. е.
вернее, идеи национального равенства и освобождения.
Вдохновителям пробуждающей молодой киргизской
интеллигенции были видные, в то время революционные
кадеты, публицисты Букейханов, Дулатов и Байтурсунов.
Молодая интеллигенция, которая в то время инстинктивно
стремилась к свободе, к революционной работе и не находя
учителей, разумеется, быстро объединилась вокруг этих
умных кадетчиков и вокруг ихней газеты «Казах»
2
.
Азаттық идеясымен қаруланған жастар мəдени жəне
саяси ағарту мақсатында қауымдасып, ұйымдар құра
бастағаны тарихтан белгілі. Бұл ұйымдардың бəрі бір
түсінікте, бірыңғай бағытта бола қоймағаны да анық.
Сондықтан əрі тарт, бері тарттың талай көріністері
1
Қараңыз: Бөкейханов. Ə. Шығармалар. Алғы сөз. М. Қойгелдиев.
«Алаштың Əлиханы» А., 1994, В-бет.
2
С. Сейфуллин. О киргизской интеллигенции. Газета «Жизнь нацио-
нальности», Москва, 25 ноябрь, 1920.
158
қылаң беріп жатты. Ұйымдық орталықтың жоқтығы 1916
жылғы ұлт-азаттық қозғалысы тұсында айрықша сезілді,
көтеріліске қатысушыларға басшылық жасалына алмаға-
ны белгілі.
1913 жылы шыққан «Қазақ» газеті ықпалды, беделді
болғанына қарамастан іс-əрекетті ұйымдастырушы орта-
лық бола алмасы өзінен-өзі түсінікті. Белгілі бір партия-
ның атқарар міндетін жалғыз газет еш уақытта көтере
алмайды. Сəкен Сейфуллиннің «Тар жол, тайғақ кешу»
романында «Алыс болса да Қазақстанға құлақ күйін бұ-
рап беріп отыруға тырысқан Орынбордағы «Қазақ» газеті
еді»,
1
– деп табуы тарихи тұрғыдан үлкен баға екендігін аң-
ғармау əбестік болар еді.
Асырып, желпілдетіп айтудан бойын тарта білгендер-
дің сөзі ғана уəлі, дəлелді. Сондықтан Сəкен Сейфуллин
«Қазақ» газетінің рөлін өз денгейінде дұрыс бағдарлағанын
айтқан орынды.
«Қазақ халқы жақсы жерден, судан айырылып, патша-
дан қорлық көріп, тұрмысы өзгеріңкіреп: «Жерім-ай!
Суым-ай! Қорлық-ай! деген заманда шықты жəне сол тұр-
мыс өзгерістерінің əсерінен қазақтың оқуға ұмтылған жас-
тары көбейіп, талпына бастаған қарсаңында шықты»
2
, –
деп объективтік себептерді алға тартып, ол насихаттаған
идеялардың тартымды күшке айналарын сездіреді.
Демек «Қазақ» газетінің езілген, қаналған халықтың
мұң-зарын айтатын деңгейге көтерілгенін, бірден елден
қолдау тапқанын осындай əлеуметтік, қоғамдық құбы лыс-
тарға жанастырған орынды. Уақыт сырын, қоғам қажет-
тігін айта, жаза білу елдің санасын өсіріп, биікке қол сер-
меткені өтірік емес
3
. Сондықтан бұдан былайғы жерде қо-
ғамдық, əлеуметтік мəселелердің қоюлануы, күн тəртібіне
қойы луы, халық ойын оятуы мəндене де, нақты іс-əрекет-
ке көше бастағаны да замана рухына байланысты болға-
нын еш уақытта естен шығармаған дұрыс.
Осыны біз Сəкеннің «Тар жол, тайғақ кешу» атты роман-
1
С. Сейфуллин. Тар жол, тайғақ кешу. Қызылорда, 1927, 58-бет.
2
Бұл да сонда, 59-бет.
3
Ө. Əбдіманов. «Қазақ газеті, «Қазақ университеті» 1993, 35-бет.
159
эссесінен қалай көреміз, ондағы баяндалған, суреттелген
шындықтар жалпы алаш козғалысын қалай көрсетеді деген
түбегейлі мəселелермен сабақтастырар болсақ, онда қазақ
даласында болған қоғамдық саяси құбылыстарды шар
айнадан көргендей боларымыз анық.
Сəкен Сейфуллиннің роман-эссесінен хабардар кісіге
оқиға 1916 жылдың жазында басталатыны белгілі. Ақмола
уезіндегі Бұғылы елінде жаңадан ашылмақ ауылдық
мектепке мұғалім болып тағайындалған Сəкен Сейфуллин
оқу басталуына екі-үш айдай бос уақыт болған соң, əрі уақыт
өткізу, əрі қаражат тауып алу үшін ауыл шаруашылык санақ
қызметіне жалданады. Сəкен бастаған бес адам маусым
айының соңына таман Семей губерниясының Павлодар
уезімен шектес қанжығалы Қоржынкөл еліне келгенде,
қазақтан майданның қара жұмысына жігіт алатындығы
туралы жарлық шыққанын естиді. Үрейленген, ереуілдеген
халық арасында Сəкен біраз болады. Ұлттық езгінің ауыр
салмағынан, отаршылдық ожарлықтан күңіреніп толқыған
елді ақылға келтірудің қиындығын көреді. Амал таба
алмай дал болған Сəкен өзі бел тұтқан алдыңғы ағаларына,
алаш қозғалысының жетекшілеріне алаңдайды. Не істерін
білмей, елге: «шабылмасаңдаршы, қорқатын не бар енді?
Балаларың бара берсін. Енді өздерің құрисыңдар ғой, – деп
Мүсəпір деген кісінің үйінде жиналып отырған қазақтарға
сөз сөйледім»
1
, – дейді Сəкен. Июнь жарлығының алғашқы
сəтінде Сəкеннің бұдан басқа айтқан ақылы жоқ.
Егілген елге басу айтқан Сəкен шешімінің түп-төркі-
ні алдыңғы ағаларының, қазақ зиялыларының аузынан да
шықты.
1916 жылы «Қазақ» газетінің 192-санында Əлихан,
Ахмет, Міржақып қазақ халқына ашық хат жазды: қара
жұмысқа «барса шаруаға кемшілік келіп, алынған жігіттер
аз қазаға ұшырағаны, ал бармаймын деп қарсылық қылса
елге зор бүліншілік. Осы екі ауырлықтың жұрт қай жеңілін
таңдау керек. Біздің білуімізше жеңілі – көнген»
2
, – дегені
1
С. Сейфуллин. Тар жол, тайғақ кешу, 1927, 37-бет.
2
«Қазақ», 1916 жыл. № 192 немесе Ə. Бөкейханов. Шығармалар, 1994,
218-бет.
160
бұған нақты мысал. Бұл позицияны əр түрлі саққа жүгір-
ту ге болар, бірақ Сəкен бұдан тиімдіні айта алмады. Негіз-
гі бағыты «Қазақ» нұсқаған жолдың аңғарында жатты.
Ал ауылнай, болыстардың пара алып список тізуде
əділетсіздік жасағандарынан хабардар зиялылар: «дұрыс-
тықпен қызметін атқару керек», – деп жөн айтқандай
болғанмен «Біз естиміз, елдің көбі бұл істің жаласын
ауылнай, болыстарға аударып, список бермей отыр дейді,
бұлары қата. Болыс пен ауылнайда ерік жоқ, бұйырды –
орындады»
1
, – деп «Қазақ» газеті жазып тұрды.
Ал Сəкеннің бар тындырғаны Ақмола уезінің басты-
ғына елдің көріп отырған қорлықтарын, зорлықтарын,
параға шашылып жатқанын айтып «кім біледі əлі əділет-
тік те келер, жауыздардың да жазаларын тартар уақыт
жетер»
2
деп бүркіншек атпен шағым жазғаны ғана.
Яғни қазақ зиялылары, оның ішінде Сəкен де күрделі
құбылысқа дайын еместігін, жоспары жоқтығын аңғартты.
Төре, чиновниктерді сөгуі Сəкеннің жалпыдемократиялық
көзқарасын ғана танытады.
«Қазақтың өзінен шыққан управительдер, тілмаштар
қара халыққа қасқырдай тиді. Олар көтерілісті əртүрлі
жолмен пайдалануға тырысты, пайдаланды да, болыс, би,
старшындар, атқа мінерлер, тілмаш, писарьлар қазақтың
көзін бақырайтып қойып ашықтан-ашық талады. Ең аяғы
болыстың шабарманына дейін елді талады. Алым алма-
ған, пара жемеген, елге зорлық көрсетпеген атқа мінер-
лер қалмады. Бұлардың əрқайсысы əртүрлі əдіспен жеді.
Сон дықтан пара беруге шамасы барлардың, байлардың,
əлділердің балалары қалып, ылғи қарақасқа кедейдің ба-
лалары мұрнынан тізілді. Осы себептен қара бұқара əкім-
шілікке жауықты. Ашу кернеген халықтың қолынан қаза
тапқан болыс, старшындар, писарьлар да аз болмады».
Осындай халық өзінен өзі көтеріліп жатқанда алаш
қозғалысына əрі ұйымдық негіз, əрі оны бастайтын саналы
топ жетіспеді қазақ оқығандарының көпшілгі аңырып, не
істерін білмеді, «Қазақ» газеті, оның басшылары «Жарлыққа
1
Бұл да сонда.
2
Сəкен Сейфуллин. Тар жол, тайғақ кешу, 1960, 50-бет.
161
көнсек аз шығынмен құтыламыз» деген позицияны наси-
хаттай берді.
Мұндай солқылдақ саясаттың салқыны тигені, əрекет
жасаудың айла-амалын таба алмағаны тағы шындық.
Оны Сəкеннің өз мысалынан-ақ шығарып алуға болады.
«Ойымнан қалың елдің қазіргі халі, олардың ілгергі бо-
лашағы кетпеді. Жата алмаймын. Отыра алмаймын. Бас,
ақыл қалың тұманның құрсауында. Не көптің ішінде жоқ,
не қалада жоқ. Адасқан күллі дүниеде жалғыз қалған
сияқты бір жанмын. Уһ! Жалғыздық...»
1
дегеннің айтары
анық болса керек.
Қазіргі зерттеушілер арасында «Қазақ» газетінің по-
зициясын, яғни айтқанға көніп, қара жұмысқа жігіт бер
дегені орынды еді деп жақтайтындар да жоқ емес.
Бұған барлық жағдайда келісе қою қиың. Себебі, алаш
қозғалысында ұйымдық негіздің жетіспей жатқаны рас
болатын, белгілі бастаушысы, идея айтушысы болғаны-
мен оны қолма-қол іске асыра қоятын ұйымдастыру ша-
ралары жоққа тəн еді, сондықтан көтерілістің аймақ-
тық жəне стихиялық сипаты басым жатқанын аңғармауға
болмас.
Қара жұмысқа адам берсе де, бермесе де қазақ халқы-
ның көрген қорлық-зорлығы көбеймесе, азая қоймағаны
тарихтан белгілі. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі мен
азамат соғысының ылаңынан материалдық шығынды бы-
лай қойғанда, миллионға жақын қазақтың қырылғаны, аяқ
астында қалып өлгені, ағы да, қызылы да ел деп елемегені
бүгін əбден анықталып отыр.
Айрықша арнайы зерттелетін күрделі мəселе болған-
дықтан 1927 жылы «Тар жол, тайғақ кешуді» шығарар
кездегі Сəкеннің таным-білігінің деңгейінен алыстап кете
қоюдың еш орны болмас.
Əр оқиға өзі болған тұстағы шындықпен шырайлануға
тиіс.
Ақпан төңкерісі тұсында да, тіпті содан кейінгі облыс-
тық, уездік, жергілікті комитеттердің құрылу кездерінде
де Сəкен қазақ оқығандарына үлкен үмітпен қарап, солар-
1
Сəкен Сейфуллин, Тар жол, тайғақ кешу, 1960, 47-бет.
162
дың ыңғайында болған, жөн-жосығымен жүруге талпын-
ған. Оны Сəкен өзінің «Тар жол, тайғақ кешу» романы-
ның 1927 жылғы басылымында былай баяндайды: «Қазақс-
танның əр жерінде уездік, облыстық съездер ашыла бас-
тады. Сəуір кезінде, Омбы қаласында Ақмола облысын-
ның облыстық қазақ жиылысы деген болды...
Жиылысқа Орынбордан «Қазақ» газетінен Міржақып
келді, одан соң Ақмолаға облыстық комитеттен екі қазақ
жігіті – Əділұлы, Кемеңгерұлы деген комиссарлар келді.
Олар келген соң уездік қазақ комитетін аштық. Қазақ ко-
митеті қазақ істерін басқаратын болды. Бірақ күш, үкімет,
дегенмен, əлі де уездік комиссардың қолында»
1
еді деуіне
қарағанда Ақпан революциясынан кейінгі күндерде Сəкен
үшін буырқанған сəттің тумағанын көреміз, жайма шуақ
кезін байқаймыз.
Алайда, елде жүргенде əлсіздерге зорлық көрсеткен
төре, шенеуниктердің іс-əрекетіне өшігуінен Сəкеннің тап-
шылдығы ептеп бастау ала бастаса, Ақпан төңкерісінен
кейінгі уақытша өкіметтің тұсында езуші тап өкілдерін
сайлаудан өткізбеуге тырысқан əрекеті тағы бар.
Осылар елді қалай бастар екен деп үміт артқан қазақ-
тың ақ жағалыларының іс-əрекетінен ептеп секем алуы
– елдің көз жасына қалған екі болыстың үстінен түсірген
шағымға Омбыдағы облыстық қазақ комитетінің ешбір
Шара қолданбай, немқұрайлы қарауы болды. Бұл – бір.
Екіншіден, комитеттегілердің сайлау кезінде жер-
жерде болған əділетсіздікті көрмеуге тырысуы, білмеу,
мəн бермеу ниеті Сəкеннің күдігін үдете түсті. Оны Сəкен:
«облыстық комитеттің кімдікі екеніне енді көзіміз əбден
жететін болды. Сонымен, Ақмоланың уездік қазақ комитеті
мен облыстық қазақ комитетінің арасы жақсы болмай
бастады»
2
– дейді.
Осы кезден бастап Сəкен Сейфуллин «Жас қазақ»
атты ұйымның жұмысын пəрмендендіре түсіріп, уақытша
үкіметке үміт артпай, Россияның құрама (Федеративная)
республика болуын қалап, кезекті бір жиналыста қаулы
1
С. Сейфуллин, Тар жол, тайғақ кешу, 1927, 46-бет.
2
Бұл да сонда, 1927, 49-бет.
163
алдырады. Яғни, бұл Сəкеннің ашық болмағанмен қазақ
оқығандарымен, əсіресе алаш қозғалысы жетекшілерімен
іштей тəжікелесе бастағанына, сенімі – күдікке, күдігі –
кереғарлыққа айнала бастағанына дəлел бола алатын ірі
құбылыс. Дегенмен, ат құйрығын əлі кесе қойған жоқ.
Осы Ақпан мен Қазан төңкерісі аралығында ерекше
мəн беретін бір мəселе – бірінші жалпы қазақ съезі, онда
қаралған он төрт мəселенің бірінші бабы, яғни «Жалпы-
россияның мемлекеттік құрылысы».
Алаш ақиқатын айтуға ат салысып жүрген ғалымдар-
дың барлығы дерлік əрі қысқа, əрі нұсқа: «В России дол жна
быть демократичная федеративная парламентская респуб-
лика»
1
деп шешкен тұжырымды айтып жүр. Олар көбіне
Н. Мартыненконың 1929 жылы құрастырған құжаттар
жинағына сүйеніп жазады. Оның негізі – «Қазақ» газетінде
1917 жылы 31 шілдеде жарияланған съезд қаулысы.
Сол ғалымдардың ішінде тек тарих ғылымының док-
торы Талас Омарбеков қана «Қос үкімет құрылған алғаш -
қы күндерде-ақ советтерді емес, уақытша үкіметті қолда-
ған, «тылдағы» қазақ арасында жүрген Ə. Бөкейхановтың
Минскіден Қарқаралыға жолдаған телеграммасындағы:
«Қырғыздарға (қазақтарға – Т. О.) жаңа құрылыс үкіметін
қолдау үшін ұйымдасу керек, қырғыздар құрылтай жи-
налысына дайындалулары тиіс, «біздің ұранымыз – демо-
кратиялық республика», «жер – малшылықпен жəне
егіншілікпен табыс түсіретіндердікі», – деген тəрізді жол-
дары бар телеграммасы халық бостандығы (кадеттер)
партиясының 1917 жылдың 25 наурызында болған VII
съе зінде жəне осы жылдың 9–11 мамырында болған VIII
съезінде қаралып қабылданған бағдарламасының қағи-
даларымен үндесіп жатыр», – деген ойы жалпы қазақ-
тың бірінші съезіндегі қаулысының корытындысы, яғни
«Ре сейде демократиялық, федеративтік, парламенттік рес -
публика болсын» деген қаулысы алаш козғалысы ка-
деттермен уақытша ғана келісімде болды. Жалпы қа-
3
Алаш-Орда. Сборник документов. Составитель Н. Мартыненко.
А., «Айқап» 1992, 22-бет.
164
зақтың бірінші съезінде-ақ ұлттық мүддені бірінші орынға
қоятынын байқатты»
1
– деген пікір айтады.
Бұл жерде біз ғалымның «ұлттық мүддені бірінші
орынға қоятынын байқатты» деген пікірін тірілтетін мына
жағдайларға назар аударуды жөн көреміз.
Бұл съезге дейін «Қазақ» газеті бетінде Ə. Бөкейханов
үзбей жариялаған мақалаларында да, жедел хаттарында
да («Қазақ» 1917, № 223), тіпті осы үлкен жиын алдында
1917 жылдың 2–8 сəуірінде Орынборда өткен Торғай
облысының съезінде «высказался за «демократическую,
парламентскую и децентралистическую Республику».
Высказался фактически съезд за буржуазную республику
с президентом и учредителкой и продолжением войны до
победного конца. В том же духе высказался и уральский,
декабрьские съезды»
2
деген Мартыненконың ойына да
назар аудару қажет.
Ал енді осы маңызды мəселеде алаш азаматтарымен
саясат тұрмақ, пенде ретінде де араларына əлі пəлендей
реніш кіре қоймаған Сəкен Сейфуллиннің көзқарасын
салыстырып, осы шешуді, ең маңызды мəселені, яғни
мемлекет билігі туралы мəселені съезд қалай шешер
екен деп қадағалап отырғанын «Тар жол, тайғақ кешу»
романынан оқып көрейік.
«Уездік комитеттің жалпы жиылысын аштық. Ко-
митеттің ортасына Орынборда болып жатқан съездің қа-
райтын мəселелері туралы қаулы шығардық. Қаулымыз
«Жас қазақ» ұйымының жобасымен болды. Біздіңше ең
зор мəселе Россияның болашақ үкіметінің құрылысы. Бұл
туралы біздің комитеттің шығарған қаулысы бойынша
Орын бордағы съезге телеграм соқтық. Телеграмды жазған
Бірмұқамбет Айбасұлы еді.
Телеграмның мазмұны мынадай еді: «Біз федератив-
ная республикаға ғана дауыс береміз. Басқа түрге қарсы
боламыз». Біздің телеграм съездің ашылуына дəл барыпты.
Осы телеграмның жөнімен Ақмола облысының атынан
1
Т. Омарбеков. Алаш партиясы хақында, «Ақиқат», №11, 1992.
2
Алаш-Орда. Сборник доқументов. Составитель Н. Мартыненко. А.,
«Айқап», 1992, стр. 22.
165
барған Сейітұлы федеративный республиканы қуаттап
сөйлепті. Съезд шақырушылардың ағасы Бөкейханұлы
кадет партиясының жобасын съезге алғызбақ болыпты,
едəуір далбастапты. «Россия үкіметі Англия үкіметін-
дей патшасы бар парламентті болуы жөн» деп таласыпты.
Бірақ көпшіліктен жеңіліпті. Съезд федеративный рес-
публиканы дұрыс тауыпты»
1
.
Осы үлкен проблема қазақ зиялыларының жолайрығы
болған сияқты. Бұл мəселе қозғалған тұста, тағы да қай-
талайық, Сəкен мен алаш басшылары арасындағы қай-
шылық белең алмаған шақ болатын. Ақмола облысы
атынан съезге қатынасқан Асылбек Сейітовпен Сəкен ел
тыныш, жұрт аман кезден таныс еді. 1916 жылы Россияда
ауыл шаруашылық санағын алу тұсында Ақмола уезінің
солтүстігіне Сəкен кеткенде, Томск университетін бітіріп
келген Асылбек Сейітұлы оңтүстікке баратын комиссияны
басқарған болатын.
Асылбек Сейітов Ақмола облысының атынан съез ге
делегат болып, сол съездің екі хатшысының бірі болған-
дығын ескерсек, онда өзіндік ойы, көзқарасы бар, білімі
жетік Асылбек Сейітовтің өз пікірін ғана емес, «Жас қа-
зақ» ұйымының телеграммасын жақтап сөйлеуі еш шүбə
тудырмайды. Бұл – бір.
Екіншіден, осы съезде болашақ учредительное собра-
ниеге Сəкен мен Рахымжан Дүйсенбайұлының Ақмола
облысынан ұсынылған кандидаттардың спискісіне (тізі-
міне) кіргізілуі алшақтамаған көңіл күйдің көрінісі екені
даусыз.
Үшіншіден, съезден соң Асылбек Сейітов Ақмолаға
келіп, съездің өту барысын бастан аяқ баяндағаны тарихи
шындық.
Ал «Россияның үкіметі Англия үкіметіндей патшасы
бар парламентті болуы жөн» деп ұсыныс енгізген Əлихан
Бекейхановтың осы съезге дейін күн құрғатпай шыққан
мақалалары съезден соң «Қазақ» газетінің № 238 саны-
нан бастап 250 санына дейін көрінбей кетуінің сыры осы
мəселеге байланысып жатқан жоқ па екен?
1
С. Сейфуллин. Тар жол тайғақ кешу, 1927, 61-бет.
166
Съезді ұйымдастырушы, шақырушы, басқарушы аза-
маттар «Қазақ» газетінің белді мүшелері ғана емес, алаш
қозғалысының жетекшілері екенін ескерсек, съезд өтіп
жатқан кездері де, одан соң да съездің өту барысымен
оқырмандарды хабардар етпеуінің өзі де осы проблеманы
тереңдей зерттеу қажеттігін аңғартса керек.
Мемлекет құрылысы жөніндегі мəселедегі көзқарас-
тың айрықша мəні бар, өйткені ол қандай қозғалыстың
болса да өзекті проблемасы. Сондықтан осындай шешуші,
түбегейлі мəселеде кімнің қандай көзқараста болғаны,
соған қарай əрекет еткені тек тарих үшін ғана емес, жалпы
жағдайды түсініп, білу үшін де айрықша қажет.
Сəкеннің өзі тікелей араласпаса да Асылбек Сейітов
аузынан жəне басқалардан естігендеріне негіздеп Ə. Бөкей-
хановтың кадет партиясының платформасын, яғни пар-
ламенттік монархия жобасын ұсынғандығын ұнатпағаны
еш күмəн тудырмайды. Олай болмауы мүмкін емес, өйтке-
ні Əлекең кадет партиясы Орталық Комитетінін мүше-
сі ретінде Ақпан төнкерісінен кейін құрылған Уақытша
өкіметті жақтаушы ғана емес, тіпті оның шаңырағына
уық қадаушы адам. Əуелі Түркістан комитетінің белді мү-
шесі болса, кейін Торғай облысының комиссары болды.
Осы тұста өткен əр қилы съездерге құрметті төрағалыққа
сайланған сəттері де аз емес.
Ə. Бөкейханов жалпы қазақтың екінші съезінде, яғни
1917 жылы желтоқсанда алаш автономиясын құру мəсе-
лесі шешілгеннен кейін ғана кадет партаясынан шыға-
тындығын əуелі съезде мəлімдеді, онан кейін 1917 жылдың
23 желтоқсанында «Мен кадет париясынан неге шықтым?»
деген түсіндірме хатын жариялады. Белгілі бір партияға
мүше болған соң оның бағдарламасын қорғауға, сойылын
соғуға міндетті. Сондықтан алғашқы қазақ съезінде Ə. Бө-
кейхановтың парламенттік монархияны қолдауы, сондай
ұсыныс жасауы əбден мүмкін жəне қисынды.
«Алаш» партиясының басшылары алғашқы кезде
ка деттер жолын ұстанғандығы туралы К. Нүрпейісов
«Ə. Бөкейханов қазақтың ұлттық партиясын құру идеясын
жүзеге асыруда əуел баста патша үкіметіне оппозициада
болған либералды орыс буржуазиясының партиясы –
167
кадеттердің үлгісіне бейім тұрды. Кейін осы партияға мүше
де болды»
1
– десе, оны Талас Омарбеков «Алаш» саяси
ұйымының Ақпан төңкерісінен кейінгі қос үкімет құрыл-
ған алғашқы күннен бастап-ақ советтерді емес, уақытша
үкіметті қолдағанын, Ə. Бөкейхановтың Минскіден Қар-
қаралыға жолдаған телеграммасының мазмұны халық бос-
тандығы (кадеттер) партиясы бағдарламасының қағидала-
рымен үндесіп жатқанын
2
атап өтеді.
Ал уақыт өте келе көзқарас өзгеріп, жағдай басқа əуен-
ге түскен уақытта федеративті демократиялық респуб-
лика идеясына ауысудың еш айып-шамы жоқ. Жағдайдың
логикалық дамуы осыған еріксіз жетелеген болатын. Оның
үстіне 1 жалпы қазақ съезі «Россия демократическая пар-
ламентарная республика болып, қазақ облыстары қоныс
– ұлт жігіне қарай облыстық автономия алуға тиіс»
3
деген
шешім шығарып қойғаны тағы бар.
Қалай болғанда да, Қазақстанда мемлекет орнату мəсе-
лесінде қазақ зиялылары талай ойланып-толғанғаны сөзсіз.
Соны басқа зерттеушілерден гөрі өзінше баяндайтын
Т. Омарбеков «Алаш қозғалысы кадеттермен уақытша ғана
келісімде болды жəне өздерінің 1917 жылғы 21–28 шілдеде
болып өткен алғашқы жалпықырғыздық (жалпы қазақ
Достарыңызбен бөлісу: |