Есіп кеп, майда желдер таудан асып,
Құшақтап аймалады амандасып.
Естіген, көрген-білген сырын маған,
Айтысты, қуанысып, сыбырласып.
«Тендікке, бостандыққа көптен ғашық,
Нашарлар, ұран салып жолын ашып,
Құлдықтан бақыттарын жеңіп алып,
Ту тігіп шығыпты ерлер қол ұстасып...»
Асау жел саулап, жаттап кетті сарнап,
Аралап Сарыарқаны кезіп-шарлап.
Əн салдым қырда отырып, көкірек кернеп,
Кім білсе желдің тілін соған арнап.
Сəкеннің түсінігінде бүкіл қазақтың мұң-мұқтажы,
арман-тілегі ажыратылмай, тұтас айтылып келген болатын.
Тіпті федеративтік республика идеясы туған кезде де жал-
пыдемократиялық, жалпыұлттық ұранның аясында шыр
айналып жүргенін көреміз. Енді, міне, байға да, кедейге
де жеті жарым сомнан салық түсуі «Жас қазақ» мүшелерін
таптық жікті алдыңғы қатарға шақыруға себепкер болып
отыр. Оған жалпықазақ съезінде болып, федерация идея-
сын жақтап сөйлеген, бірақ өзінің бар таным-білігінде жал-
пылықтан іргесін аулақ салмаған Асылбек Сейітов алаш
басшыларының тапсырмасын орындап, Ақмоладағы уез-
дік қазақ комитетінен Сəкендерді қуып шығып отыр.
Жасыратыны жоқ, мұнда пенделік сыңай, субъективтік
себеп те жоқ емес. Үш-төрт ай бойына Ақмола уезіне «өздері
би, өздері төре болған» комитеттің тізгінінен айырылып қалу
«Жас қазақ» мүшелеріне, əсіресе жетекшілеріне, оның ішінде
Сəкенге оңай тимегенін байқау қиын емес. Бұрыннан-ақ
76
сезіп, көріп жүрген жайдың бірінші жалпықазақ съезі-
нен кейін, əсіресе Омбыдағы облыстық қазақ комитетінің
«Жас қазақтармен» ұстасуы, ірге ажырата бастауы, тіпті
қайсыбірінің əкіреңдеуі ертеден-ақ көңілде жүрген, шығар
мезгілін тосқан көзқарасты, кəзіргілеп айтқанда, таптык
таным білікті сыртқа шығарды.
«Тіршілік» газетінде уездік комитет мүшелерін «Кү-
зетші иттерге» теңеген Сəкен өлеңі «Қазақ» газетін шам-
дандырды. Тіпті Рахымжан Дүйсенбайұлының «Қазақ əзір
муфтиді қоя тұрып, өзге бас билігін түзетсін» дегені де
алаш басшыларына ұнамағаны рас. Ілік көбейіп, артық-
кем сөздер айтылып көңіл қала бастады. Сəкендер əскери
гарнизонды ез жағына шығарып алғаннан кейін қазақ
комитетін тарату былай тұрсын, Керенскийдің комисса-
рын қуатындай күшке ие болды. Жиналыс-митинг, талас-
тартыстар күннен-күнге өрши берген тұста Петроградтан
Керенский үкіметі құлап, билікті большевиктер қолға алды
деген телеграмма келгенде Сəкен:
Кел, жігіттер,
Болыңдар ер,
Жүйткіт,
Орғыт тұлпарды!
Жаз қанатты,
Сілте қатты
Ұйтқыт, өрлет сұңқарды! –
деген ұранды бүкіл қазақ даласына жеткізуге жан салды.
Бұл «Оян, қазақтың» жаңа жағдайға бейімделген жаңа үні
болды. Құрбы-құрдастарын, шын азамат жігіттерді теңдік-
ке жетудің ұлы міндетін атқаруға шақырды. Оны жазбасқа
шарасы да жоқ еді, өйткені оның оқудан кейінгі уақытта
көріп-білгендері мен естігендері осы идеяны жыр шумағына
бөлеп, көңілінде пісіп, бар дауыспен ен далаға таратуды
талап еткен шақ болатын. Енді айқындық айрықша қажет
болғанда.
Зұлымдық пен
Əділдіктің,
Алысқанын айтайық.
Жер жүзінде,
77
Бай мен кедей,
Шабысқанын айтайық.
Кедей сүйер,
Байлар күйер,
Ауыздан от шашайық.
Салып ұран:
«Кедей құрал»
Кедейден топ жасайық!–
деген төңкерісшіл əдебиеттің алғашқы сөзі осындай айқын-
дықпен қазақ сахарасына тарап, ел-жұртты елең еткізгені
еш дау тудырмайды.
Осы арада Сəкеннің маркстік дүниетаным жолына
келуінің өзі табиғи екенін аңғармасқа болмас. Омбыдағы
қазақ жұмысшыларымен жанасуы, Ф. Березевский сияқты
большевик жазушымен дос болуы, «Бірлік» қауымының
сол қанатын басқаруы, бір семинарияда оқыған ақын
Мағжанмен творчестволық бақастық, Міржақыптың бал-
дызы Гүлшаһра арқылы жұлдыздары жараспауы, 1916 жыл-
ғы шақыру кезіндегі атқамінерлер мен бай-болыстардың
нашарларға көрсеткен зорлық-зомбылықтары, онан кейінгі
өмір ағысындағы мəнді өзгерістер мен төңкерістер жалпы
демократиялық түсінігі бар Сəкендерді кедей жағына
шығарғаны сөзсіз. Оның үстіне марксизмнің «бүкіл дүние
жүзі жарлы-жақыбайлары бірігіңдер, қор болмаңдар, би-
лікті өздеріңнің қолыңа алыңдар, бақытты қоғам жа саң-
дар» деген қарапайым да түсінікті ұрандары бір болса,
Қазан төңкерісі алғашқы сəттен бастап жерді – шаруаға,
кəсіп орындарды – жұмыскерлерге, нанды ашыққандарға
үлестіріп, ел-жұртты жұтатқан қырғын соғысты тоқтат-
айық, деп келген большевиктік екпін қазақтың талай зия-
лыларын өзінің аясына тартып, кедейшілдік, таптық жолға
түсіргені айдан-анық. Өзінің қолындағы қару-жарақпен
ғана емес, көкейіндегі өрелі өлеңдерімен тапшыл əскердің
алғашқы сапына тұрған ұлы дарын Сəкен болғандығын
қазір бұрынғыдан гөрі естірте айтуымыз керек.
Төнкерісшіл большевик, лениншіл болған уақытта
Сəкен өзінің ел-жұртын ұмытты ма, қазақ халқына теріс
айналып «жасасын адамзат» деп далақтай берді ме,
азаттыққа, бақыт жолына жетудің соқпағын көрсете алды ма,
78
қазақты жеткізуден басқа арман-тілегі болды ма? деген
сүбелі сауалдарды бүгін айрықша қатты қойып тарихи
шындық деңгейінде жауап іздеуіміз керек əйтпесе «өйткен
екен, бүйткен екен» деген сыбыстан, өтірік-аяңнан арыла
алмаймыз, ұлт мақтанышы болған азаматтың қадіріне жете
алмаймыз.
Қазақ халқына, əсіресе оның қалың бұқарасы – кедей-
кепшікке бақыт, теңдік іздеген Сəкен Қазан төңқерісі-
нің алғашқы сəтінен бастап өз бағытын тауып алды да,
желтоқсанда өтетін жалпықазақтық II съезд не айтар екен,
қандай жөн сілтер екен деп алаңдаған жоқ. Өзі түскен жолға
имандай сенді. Қазаққа жақсылық əкелетін үкімет осы деп
білді. Сонда да қазақ қоғамында болып жатқаннан хабар-
сыз болмай, алаш қозғалысының іс-əрекетінен көз жаз бай
бақылап отырғаны да рас. Түркістандағы Тұрар Рысқұ-
лов, Торғайдағы Амангелді, Əліби, Бөкейдегі Сейтқали
Меңдешев, Семейдегі Нұрғали Құлжанов, Жетісудағы
Тоқаш Бокин, Ақмоладағы Сəкендер қазақ халқы таптық
жол мен бақытқа жетеді деп түсінді де, алаш қозғалысының
ұранына іш тартпағы былай тұрсын, кейбір кезде ұстасып
та қалып жүрген сəттері болмай қалмады. Халыққа бақыт
іздегендердің жолы екі айырылды, Сəкен, Тұрарлар қазақ-
ты бақыт бақшасына жеткізеді деп таптық, маркстік-ленин-
дік жолға түсті, ал қазақ зиялыларының басым көпші-
лігі жалпыұлттық, жалпыдемократиялық жолды таңдады.
Сəкен-Тұрарлар басынан аяғына дейін большевиктермен
бірге болса, алашшылдар Ресейде жасақталған əр қилы
үкі меттер мен комитеттерді жағалап, бірде-біреуінен
жылы қабақ көрмеді. Алаш автономиясын, Алашорда үкі-
метін ешкімге таныта да, мойындата алмады. Тарихтың
əуре-сарсаңына түсті. Федерация да, автономия да уақыт
мазағына ұшырап, азамат соғысының ылаңына кезікті.
Оны қаламағандардың біразы көрінген есікті бір ашып,
бір жауып жүргенде Сəкен бастаған «Жас қазақ» мүшелері
мен совдепшілер атаман Анненковтың «Ажал вагонында
серуендеп» о дүниедегі тозақты доңғалақ үстінде, ылас түр-
меде көрді, қуғын-сүргінге ұшырады. Қазақстанда кеңес
үкіметі 1920 жылға дейін дұрыстап орнай алмай қопаңда-
ды. Бірде орнап, бірде құлап, талайларға азап-бейнет əкел-
гені өтірік емес.
79
Колчактың түрмесін, қаскөй күштің зорлығын көрген
Сəкен бұрынғыдан да жаман тапшылданып кеткені, жігері
жасудың орнына қайралып шыққаны еш күмəн тудыр-
майды.
Уф! Жүрейін, жүрейін,
Осы жерден кетейін.
Бостандық, кеңдік, байтаққа,
Күн-түн қатып жетейін.
Тіршілік, тұрмыс менікі!
Əуп!
Ауаны жұтайын!
Кеудемді керіп жұтайын!
Бар ауаны құртайын! –
деген жігерлі шумақтар түрмеден қашып шыққан лири-
калық кейіпкер емес, бүкіл əлемді билеуге ұмтылған жан-
ның образына ұқсайды.
Сəкен қуғын-сүргіннен, абақты-түрмеден бұрынғысы-
нан да қып-қызыл болып оралды. Қазақ елін көркейту
ісіне именбей, жалтақтамай араласып жүре берді. Ондағы
бар иман сыры 1920 жылы жазған жалғыз өлеңі «Жел
қайықта» айқын баяндалды.
Тəуекел дарияға салсаң қайық,
Талмай дүз, тұтқан жолдан кетпей тайып.
Дарияда бірде тыныш, бірде дауыл,
Қаңбақша кезер кемең қанат жайып.
Тымықта құлаш керсең əнге салып,
Түлеп сол толқында да қаһарланып,
Сыр берме жел қайыққа мінгеннен соң,
Рахатты, михнатты да мойынға алып.
Түркістаннан Ақмолаға маусым айында оралған Сəкен
уездік атқару комитеті төрағасының орынбасары жəне
билік бөлімінің бастығы болып өндіртіп еңбек етіп жүр-
генде, тегеурінді шақырумен 15 қыркүйекте Орынборға
аттанды. Қазақстан кеңестерінің тұңғыш құрылтай съезі-
нің Əкімшілік комиссиясына сайланып, Қазақ АССР-ының
80
территориясын жинақтау мəселесіндегі ірі əңгімелерге
араласып, алаш қозғалысы басшыларының съезге қатысуы-
на наразы болған Əліби Жангелдиннің тобымен қызу
тартысқа түсті де кетті.
«На 1-й Всеказахстанский съезд прибыли почти
все видные руководители «Алаш-Орды» в качестве
советских делегатов: самый «верхний» глава «Алаш-
Орды» Букейханов Алихан, Танашев, Акаев, Ермеков,
Турмагамбетов, Козыбагаров, (все они «министры» Алаш-
Орды). Затем, ряд вошедших в коммунистическую партию
алашординских крупных деятелей – Байтурсынов, Кенжин
и другие. Большинство делегатов – казахов было под
явным влиянием их. Кулуарные шушукания и настроения
делегатов, нас акмолинских делегатов сразу обеспокоило.
Мы, Абилхаир Досов, Сабир Шарипов, Угар Жаныбеков и
я пошли в кабинет тов. Жангилъдина, где было устроено
совещание делегатов-борцов – 1917 -18-19 г. г. – около 20
человек. Где были кроме упомянутых нас, еще Алманов, Ка-
лашников, Булаков, Илистенов, Адилев и другае. Было еди-
ногласно твердо решено выступить на съезде против «алаш-
ординцев», против участия их на съезде. Распредилили
роли, назначили ораторов и на другой день, после открытия
съезде, когда намечали президиум, мы взяли слово и
резко выступили, требовали удаления «Алаш-Ординцев»
из съезда. Мы кричали: как же можем мы с ним сидеть
рядом, когда у них на руках еще кровь наших товарищей
не высохла. Это произвело огромное впечетление. Съез-
довский зал заволновался. Нас поддерживали криками.
Среди руководителей съезда, бюро фракции коммунистов
и кирбюро ВКП – пробежало замешательство. Поставили
наше предложение на голосование. И что же – большинство
(только несколькими голосами) съезда провалила нас.
Хотя, после этого, алаш-ординские главари держали себя
поосторожнее. Но некоторые главари «Алаш-Орды» во-
шли в первое Казахстанское Советское Социалистическое
правительство».
С. Сейфулиннің «Советская степь» газетінде «Неона-
ционализм и его наступления на идеологическом фрон-
те» деген атпен 1928 жылы 6 маусымда жарияланған
81
мақаласының түпнұсқасынан əдейі толық келтіріп отыр-
мын. Біріншіден, Сəкен еш уақытта жалған сөйлеп, өтірік
айта білмеген пенде. Шындық кейін қандай қияпатта болар
екен деп ол сескенбеген, əр сөзіне, ісіне жауап беретінді-
гін ұмытпаған. Екіншіден, билікке таласу сияқты пенделік
мінездер сол кезде революцияшыл жел көңілмен қалай
айтылғанын, көрінгенін аңғарту болса, үшіншіден, осындай
қадамға Əліби – Сəкендерді итеріп жіберген сыртқы
«қамқор» күш жоқ па екен деп қалуға болады. Өйткені,
«бөлшекте де билей бер» деген отаршылдық пиғылдан сол
кездегі орыс коммунистері құлан таза емес еді. Осы так-
тика, əсіресе Қазақстан сияқты жері үлкен, ауыз бірлігі
аз өңірде өте табысты қолданылып келгенін еш уақытта
ұмытпайық. Қазақтың шен мен таққа таласын күні кешеге
дейін, тіпті қазірдің өзінде шебер пайдаланушылар аз
емес. Объективтік жəне субъективтік себептер салдарынан
Қазақстандағы таптық күрес басқалардан əлдеқайда ауыр да
қиын өткенін тарихтың əрбір шешуші кезеңдерінен айқын
байқаймыз.
Сонымен, Қазақстанға қандай болары белгісіз, теңдік
пен азаттық «əкелген» құрылтай съезі болсын, не оған
дейінгі Қазақ өлкесін басқаратын əскери-революциялық
комитеттің жұмысында болсын, онан кейін құрылған,
үкімет орындарында болсын интернационализм туымен
жүргізілген таптық күрес қазақ елінің ұзына тарихына
ылғи ұтылыс сыйлаған сияқты. Əсіресе, қазақ зиялылары
ылғи опық жеп, бірін-бірі құлатқанға, бірінің бірі көзін
құрытқанға мəз болған шақтары аз емес. Міне, сондықтан
Сəкеннің ұлтжандығын əңгімелеген уақытта қолымыздағы
бар деректерге ештеңе қоспай, бұрмаламай ашық баян-
дамақпын. Одан Сəкен ұтар да ұтылар, бірақ кейінгілер
тарихтан сабақ алар деген ой билей береді.
Осы «тапшылдықтан» ұшыққан ырду-дырдудың ең
мықты көрсеткіші үкімет құрамы болса керек. Социалистік
автономия алған Қазақстанда қазақ халқының саны осы
тұста 68 – 70 процент болғанына қарамастан 14 шешуші
қызметтің тек төртеуіне қана қазақтар ие болды. Партия
ұйымының билігі былай тұрсын, Халық Комиссарлары
Кеңесінің, яғни партияның дегенін орындайтын жұмысшы
82
органының төрағалығы түгіл, орынбасарлығы да бұйыр-
ма ды. Сөз жүзінде бəріне басшы деп есептелетін, бірақ
қо лында еш уақытта билік болып көрмеген, партия мен
үкімет басшыларының аузына жалтаңдай қарап отыратын
Қазақ АССР Орталық Атқару Комитетіне Сейтқали Мең-
дешев күтпеген жерден сайланды. Бүкіл қазақ даласына
аты белгілі, мақсаты айқын совет өкіметін бірінші таныған,
В. И. Лениннің қабылдауында болғаннан кейін қазақ да-
ласын басқаратын əскери-революциялық комитеттің мү-
шесі, кейіннен төрағаның орынбасары болған, Лукашев
сынды шовинист «коммунист» атып тастай жаздаған, өзінің
ар-ұжданының əмірімен большевик партиясына кірген
ұлы ағартушы-демократ Ахмет Байтұрсынов сияқты
азамат съезд делегаты болып, президиумде отырғанына
қа рамастан Бөкей ордасында мүғалім болып, революция-
лық іске араласқан, ревком мүшесі болғанмен бүкіл қазақ
танитындай деңгейге əлі кетеріле қоймаған Сейтқали
Меңдешевтің Қазақтың автономиялы Советтік Социалис-
тік Республикасы Орталық Атқару Комитетінің Төра-
ғасы болып сайлануының себебіне назар аударған абзал.
Меңдешев ешбір кемітуге болмайтын, қазақтың ірі де
тұлғалы қайраткері екені даусыз. Алайда өзінің ойын да,
сөзін де ашық айтып іске батыл араласып келген, араласып
жүрген азулы азаматтарды, оның ішінде А. Байтұрсыновты
дала өлкесін емін-еркін билеп келген озбыр елдің боль-
шевиктері қалай қоймағаны тағы рас.
Былай қарағанда, осы шешім бір есептен орынды
сияқты, өйткені кеше ғана алаш қозғалысының көсемі,
ең мықты идеологы болған, оның үстіне совет үкіметін
мойындағанда 1919 жылы наурыз айында Мəскеуге Əлі-
би Жангелдинмен бірге барған Ахаңды Сабыр Шəріпов,
Əбілқайыр Досов, Угар Жəнібеков, Əбдірахман Əйтиев,
Сəкен Сейфуллин, Баймен Алмановтардың қостамауы,
съезд үстінде «алашордашыларды жуасытып алулары»,
С. Меңдешев сайлануының «заңды» екенін дəлелдегендей-
ақ. Алайда ұлттық тілек-мүддені жоқтау тұрғысынан кел-
генде, əу бастан-ақ шалыс басқанымыз айқын көрінеді.
Маған мынадай да ой келеді жəне архивтегі деректер-
ді дұрыстап қарасақ, оның шындыққа жақындығы дə-
83
лелденуі мүмкін. Кеңес үкіметін орнатуға белсене ара-
ласқан, талай қиямет қайымды басынан кешірген тұңғыш
қазақ большевигі Əліби Жангелдиннің Орталық Атқару
Комитетінің Төрағалығынан дəмелі болуы ғажап емес.
Қазақ түсінігіне салсақ, жол да, жөн де сол кісінікі сияқты.
Аппарат «ойынына» қатысып жүргендердің біреуі Əлеке-
ңе Ахмет Байтұрсыновты ыңғайлап жатыр деуі де мүмкін
ғой. Міне, сондықтан Құрылтай үстінде тапшылдықты
бас шылыққа алулары содан да болуы мүмкін. Ал, боль-
шевиктер үшін алаш қозғалысының көсемі, идеологы, сөзіне
ел құлақ асатын Ахаң емес, айтқан тілді алатын тəртіпті,
тəр биелі адам, иманжүзділігі мен иі жұмсақтығын танытқан
Сейтекеңнен басқа кісіні сырттан келгендерге сол сəтте
таба қою оңай емес еді. «Ыдырат та билей бер» деген
қағиданың тұзағына өзіміз ілінгеніміз осыдан-ақ анық
көрінеді.
Кешегі революционерлердің көбі Орынборға жиналған
уақытта, əсіресе ұлттық мүддені ойлайтындардың бірден
ауызбірлік тауып, жарасып кете коймағанын архив дерек-
тері көптеп дəлелдейді. Биліктің қызықтырғыш қасиеті көп
қой. Орынбор жұмысшысы Г. Коростелев облыстық, партия
ұйымының жетекшісі, Қазақстанға тұрақтары беймəлім Ра-
дус-Зенькевич Халық Комиссарлары Кеңесінің Төрағасы
болды. Яғни, ошақтың үш бұтының біреуі ғана қазаққа
тиді.
Сəкен – Əлібилер осындай ойға өздері келді ме, жоқ бол-
маса, қазақ зиялыларын бөліп, жіліктесе басқару оңай бо-
лады деп есептеген, білетін отаршыл пиғылдағы боль-
шевиктер от тастады ма, не керек, Қазақстан кеңестері-
нің тұңғыш құрылтайында таптық желеуді ту қылып кол-
дарына ұстаған қазақ төңкерісшілдері алашшылдармен
ел-жұрт алдында бетпе-бет осылай кездесті де, билікті
басқалардың пайдаланып кетуіне жағдай жасағаны анық.
Осы мəселеге айрықша тоқтаған уақытта біздің бүгінгі
азаматтар тарихтан сабақ алсын, Сəкен іс-əрекетінің бəрі
бірдей оңынан бола бермегенін көрсін жəне осы қате
қадамын түзету үшін қалай аянбай еңбек еткенін, соны
түзеймін дегенде тағы да шалыс басып алғанын аңғарсын
деп əдейі тəптіштеп жазып отырмын.
84
Құрылтай съезінде Орталық Атқару Комитетіне
(КирЦИК) 75 адам мүше болып сайланды. Мұнда қазақтың
үлесті салмағы аз болды, не бары 27 азамат қана өтті, яғни
үштің бірі ғана болды. Бұған қысыла қойғандар, ыңғайсыз
болды-ау дегендер табылмады. Осы 75 мүшеден 1920 жылы
13 қазанда 12 адам президиум мүшесі болып сайланғанда,
қазақтар 8, еуропалықтар 4 адам болды. Сəкенге жер жəне
баспасөз комиссияларын басқару міндеті жүктелді. Бө-
кейді Астраханнан, Ақмола мен Семей облыстарының сол-
түстік аудандарын Батыс Сібір өлкесінен бөліп Қазақс тан-
ға қарату жөніндегі төтенше комиссия жұмысына бел-
сене араласты. Онан кейін негізгі назарын баспасөз алқа-
сының өнімді де дəйекті ісін бағдарлауға аударды. Əскери-
революциялық комитеттің тілі болған «Ұшқын» газетінің
атын «Еңбек туы» деп өзгертіп, оның бірінші санына
«Советтік Россияның жайы» деген публицистикасын жа-
риялады. Сөз саптауына қарағанда əлемдік төңкерісті аң-
саған, большевизм жолына əбден түсіп, соның сойылын
соғуға даяр екенін қалтқысыз танытады. Əлемдік интер-
национализмге берілген пенденің кейпі айқын байқалады.
Қиыр Шығыстан игі хабар жеткенде «Ғабдолла ба-
уырым тірі екен» деп Ғ. Асылбековті бүкіл Қазақстанға
таныстырады. Кешегі ауыр азап, көрген бейнет еске түс-
кенде «Ғабдолла бəріміз шынжыр кісенде болдық. Бұрын-
ғы қан ішкіш кəпірлердің ойына кірмеген жауыздық-
тарды, азаптарды XX ғасырдың зиялыларынан көрдік»
деп жазғаны да сол газеттің 25 желтоқсандағы санында
жарияланды.
«Еңбек туы» да бір шығып, бір тоқтап малтыға берген
соң партия мен Орталық Атқару Комитетінің органын
шығару мəселесін Сəкен күн тəртібіне қойып, Қазан
революциясының туған күні – 7 қарашада «Еңбекшіл қазақ»
газетін шығару жəне Қазақстан мемлекеттік баспасын ашу
жөніндегі қаулыны қабылдатты. Қазақ кеңес баспасөзі-
нің қара шаңырағы – қазіргі «Егемен Қазақстан» газеті
– Сəкеннің тікелей араласуымен ынта-ықыласымен, қол-
күші, ақыл-санасымен көтерілген еді.
Сəкен қайраткерлігінде əлі де болса əлемдік төңкеріс-
тің идеясы басым, тіпті Қазақстан жайына оралар түрі
85
байқалмайды. «Врангельді құртқан соң, осы уақытқа шейін
дұшпандық қылып келе жатқан Европа үкіметтері совет
үкіметін лажсыз таниды» деп «Еңбек туының» бірінші
номерінде айтқан едік. Бұл сөз қазір жарыққа шықты.
«Совет үкіметімен пайдалы шарттар жасап, бітім қылуға
қазір Европа үкіметтері – Англия, Франция, Италия асығуда.
Россия саудасына таласып, өзара алакөз болғаны, əрине,
бізге зиян емес. Совет үкіметі мен Еуропа үкіметтері келі-
сіп, шарттарын жасап, алыс-берісті жүргізсе, Совет үкі-
метін үкімет деп танымағанда несі қалады» деп бүкіл
Советтің жыртысын жыртады да, қисынды тұсында «мұ-
сылман халықтары нашарларды жақтаушы Совет үкіметі-
не тілектес болып, мұсылман халықтарын құлданған һəм
құртуға таянған қазіргі Европа үкіметтеріне қарсы тұрмаққа
бір ауыздан ант қылып отыр һəм қарсылығын жасап
та жатыр» деп қазақтардың жай-күйін анда-санда алыс
емеуріннен білдіріп қояды.
Сəкеннің шын мəнісіндегі мемлекет қайраткерлігі
мен ұлтжандылығы 1922 жылдың екінші жартысынан
былай қарай арынды да адуынды, қомақты да сүбелі бол-
ғанын айлап, маусымдап емес, тіпті күндеп, сағаттап жар-
қырата көрсетуге болады. Əсіресе, 1925 жылға дейінгі
аралықтағы Сəкен қайраткерлігінің, азаматтығының əрбір
минут-секунтіне дейін ел пайдасына, ең əуелі қазаққа
жұмсалғандығын көреміз де қуанамыз, мақтанамыз, соны
түсінбегендерге, көзге іліп алмауға тырысатындарға не
деріңді білмей тосыламыз, тіпті кектенеміз.
КирЦИК-тің төтенше комиссиясы 1921 жылы 10 мамыр
күні Ленин мен Калининнің тікелей араласуымен Ақмола
мен Семей облыстарын түгелдей Қазақстанға қосып алу-
ға қол жеткізген соң, Сəкенді Ақмола губерниясының
басқару аппаратын құрып, жəрдем беруге қалдырып ке-
теді. Губерниялық атқару комитетінің төрағасы болып
Əбдірахман Əйтиев Орынбордан келеді. Қызылжар басын-
дағы ірі істерге қолқабысын тигізген Сəкен өз еліне соға
кетуді ойлайды. Жолшыбай Көкшетау, Бурабай, Мəтен –
Ақкөл – Бозайғыр болыстарына жөн-жоба көрсетіп, ақыл-
кеңесін айтып, күзге қарай Ақмолаға жетеді. Сүзек ауруына
шалдығып, ауруханада ажалмен алысады.
86
1921 жылдың күзіне қарай Халық Комиссарлары
Кеңесінің Төрағасы Радус-Зенькевич Мəскеуге ауысқан
кезде Абдолла Асылбеков пен Əбілқайыр Досов Сəкенге
тез қайт деген бірнеше телеграмма берген уақытта
Ə. Айтиев 2 қыркүйекте Ақмола уездік атқару комитетінің
төра ғасы Смирнов: «дəрігерлердің айтуына қарағанда
жолдас Сейфуллиннің жуық арада оңала қоятын сыңайы
байқал майды» деп хабарлағанын елемей, 3 қыркүйекте
Меңдешев пен Мырзағалиевке «Сейфуллин жолдас Ақ-
мола губерниясында 28 сəуірден бері жүрсе де ешқандай
жұмыстың басын қайырған емес, тіпті өз уезінің съезіне де
қатысқан жоқ. Осының өзі оның іске қырының жоқтығын
байқатады. Съезге келеріне шүбəм бар» деп, жедел-хат
соғады 5-қыркүйекте «Сейфуллин ауру, ауылда жатыр.
Съезді өткізуді Леонинюк жолдасқа тапсыруларыңызды
өтінемін» деген өтінішті 8-і күні тағы да қайталайды.
Сəкен ауруханадан қарашаның аяғында шығып, Кеңес-
тердің II съезіне барып келген Ақмола делегаттарынан
өзінің КирЦИК-ке сайланғанын, бірақ, Президиум мүше-
лі гінде жоқ екенін естиді де, денсаулығын түзетіп алуды
сылтау қылып, еліне жүріп кетеді. Ə. Досов, Ж. Садуақасов,
сонау Қиыр Шығыста Лазоның партизан отрядында ер-
лік көрсеткен, енді облыстық партия комитетінің екінші
хатшысы болған Абдолла Асылбеков, əсіресе В. А. Радус-
Зенькевич Мəскеуге ауысқан тұста Сəкенді іздеген жедел-
хаттарды Сарыарқаның даласына бірінен кейін бірін жол-
дап жатты. Орынборға тез қайт дегендеріне қарамай
Сəкен 1922 жылдың көктеміне дейін ауылында болған.
Қасына Сапалай сияқты бірнеше жолдастарын ертіп,
Бетпақдаланы екінші рет кешіп өтіп, Созақ – Түркістан
арқылы Ташкент жетті. Сəкенді Орынборда қызметке
тағайындау үшін іздестіріп жатқанын білген «Ақжол»
газеті редакциясындағылар Сəкен осы келе жатқан жо-
лында болыстың тоқалын азғырып, Сарыбастың қызына
үйленіп, Түркістанға келгенде тастап кетті деген мағына-
да Шегірдің «Жалған қамқоршы» деген мақаласын 1922
жылы 19 сəуірде басты. Сəкен қисынсыз жалаға жауап
беріп, «Кім жауапкер?» дейтін өлең жазғанда Сұлтанбек
Қожанов қағытпа терме шығарды. Маусымның басында
87
Сəкен Орынбор қаласына келіп, 13 маусымда оқу-ағарту
комиссарының орынбасарлығына, 28 тамызда «Еңбекші
қазақ» газетінің редакторлығына тағайындалды. 6–13
қарашада өткен 3 съезде Халық Комиссарлары Кеңесінің
Төрағасы болып сайланды.
Бұл жайды тəптештеп баяндаған уақытта өкімет билі-
гінен үміті барларды аяқтан шалу, қауесетке ұшырату
ежелгі тəсіл екенін əдейі көрсеткіміз келді. Бұл тəсіл
кеңес заманында ең сүйікті іс болып, домалақ арыздарды
қоздатып жіберген-ді, қазірде де онан əлі ұзап кете қойма-
ған сияқтымыз. Мұндайлар адал адамды қараламағанмен
күйелейді, дақ салады, көңіліне кірбің кіргізбеді. Шен-
құмар, билікті аңсағыштарға Сəкен тарапынан ұпай бе-
рілген сəті де жоқ емес. Сəкенді 1922 жылы Кеңестердің
III съезінде Халық Комиссарлары Кеңесінің Төрағасы қыз-
метіне қоярда облыстық партия комитетінің бюросында
«Төраға бола алмаймын, қолымнан келмейді, оның үстіне
жазу-сызудан қол үзіп кетермін» деп айтқаны растайды.
Бірақ РКП облыстық комитетінің бірінші хатшысы
Г. Коростелев «Жолдас Сейфуллин, Сіздің бұл қылығыныз-
ды партиялық тұрғыдан дұрыс деп таба алмаймын. Жұ-
мыстан қашарыңыз бар, партияға неге кірдіңіз. Əркім өз
əліне қарай міндет атқаруға тиісті. Сізге лайықтысы –
Совнарком председательдігі деп ұйғарып отырмыз. Өлең
жазатын кезең əлі туады, əуелі халықтың қамын ойлау-
ды ұмытпауыңызды өтінемін» деп сес көрсетіп, Мəскеуге
«Сейфуллин жолдас қазақтан шыққан азғана табанды
коммунистердің бірі. Совет қызметіндегі тəжірибесі ор-
таша. Қазақ тілінде жазатын жақсы əдебиетші. Өзінің
бұрынғы қызметтерінде С. Сейфуллин іске басшылық ете
алатындығын, кызметкерлерді іріктей жəне оларды басқа-
ра алатындығын танытқан. Партияның тəртіпті мүшесі.
Маркстік ілімді өз бетімен оқып жетілген. Саяси жағдайды
тез аңғарады. Саяси жағына тұрақты. Большивизмнен
ауытқыған кезі болған емес. Кабылдаған қарарды жүзеге
асыруға жігерлі де табанды. Өзін өзі ұстай біледі жəне
қателік жасаса, оны жөндеуге іждағаты мол жетеді. Өсек-
аяңға, жікке ыңғайы жоқ» деген мінездемені жолдап
қойғанбыз деп Сəкеннің аяқ-қолын бірдей матап тастағаны
тарихқа белгілі, архив деректері дəлелдейді.
88
Сонымен, елге еңбек сіңірем деген адам болса республи-
кадағы ең үлкен қызметтің бірі, мықты лауазымның жайлы
да тегеурінді тағы бес жыл дегенде қазақтың қолына
көшті. Ер сыналып, азамат арланар сəт туды. «Қоянды –
қамыс, ерді – намыс өлтіретін» шақ келді. Үкімет билігін
ұлт мақсатына жақындатудың тура жолы ашылды. Сəнді
орындықты құшақтап отыра ма, əлде жаныға қызмет атқара
ма? Тегінде, Сəкеннің сескенгені осы сауалдар болар!
Сөз жоқ, Сəкен ең əуелі облыстық (əлі өлкелік дəре-
жеге жете қоймаған) партия комитеті бюросы мен
секретариатының мүшесі, Қазақ АССР Орталық Атқару
Комитеті Президиумының мүшесі, Қазақстан кə сіпо-
дақтарының Орталық кеңесінің мүшесі, Халық Ко-
миссарлары Кеңесінің Төрағасы болумен қатар, Кіші сов-
наркомның бастығы, мүшесі болудың үстіне «Еңбекшіл
қазақ» (кейін «Социалды Қазақстан», бүгінгі «Егемен
Қазақстан») газетінің жəне «Қызыл Қазақстан» (кешегі
«Ауыл коммунисі», «Қазақстан коммунисі», бүгінгі «Ақи-
қат») журналының жауапты редакторы міндетін қоса
атқаруға тура келді. Бел қайыстырарлық ауыртпалық жан
берер жауапкершілікпен үстемеленді.
Осы арада бір жайсыз шындықтың да бетін ашып,
сырын ұғуға тырысайық. Отаршыл психологиядан айы-
рыл маған большевиктер Ресейдің бұратана өлкелері мəде-
ниеттен жұрдай, қараңғы, надан, іс жүргізетін кадр лары аз,
тіпті жоқ деген желеуді ту қылып көтере келді де, бардың
өзін көрмеуге, елемеуге, реті келсе ығыстырып тастауға
мейлінше құштар болды. Оған өздерінше дəлел, сылтау
да тапты. Осы сылтаулар тап бүгінгі кезде де айтылып,
жазылып келе жатқаны өтірік емес.
Мейлінше қабындап қаулаған қазақ оқығандары бола
қоймаса да, Орта Азия елдерінде алда, ілкі болғанымызды
дəлелдей айтқан орыс, шетел оқымыстылары бірқыдыру.
Ал біздің жай-күйімізге қызыққандар да жоқ емес. Түрік-
мен Шаһмұрат Төлек баласы Назири 1915 жылы «қазақ тар
едəуір жақсы. Бұлар оқу, оқыту, өнер істеріне көңіл бөліп,
алға барушылықты көптен бері іздеушілер. Осы күнде кə-
дімгідей алға басты. Россиядағы əрбір медреселерде, орыс
школдарында қазақ шəкірттері оқиды. Тіпті Астраханда
89
қыздар да қалалық мектепте һəм гимназияларда оқиды.
Екінші, осы күнде қазақша жазылған едəуір кітаптар бар.
Үшінші, сол қайраттары арқасында осы күнде журнал
шығаруға да жетті. Төртінші, қазақтар бұрын сахарада
шашылып жүрсе де бұл күнде қайсыбір жерде жиылы-
сып, қала салуға да мақұлдасқаны естіледі. Тезірек
шаһарлы халық болар деген үмітіміз бар» («Айқап». Қазақ
энциклопедиясы. 1995, 263-бет) дегені немесе Əлихан
Бөкейхановтың 1910 жылғы «Қазақтар» дейтін еңбегінде
Орынбор, Астрахан, Түркістан генерал-губернаторларын
былай қойғанда, Дала генерал-губернаторлығында тек
оқу-ағарту саласында 1905 жылы 1769 мұғалім-молда бала
оқытқанын еске алсақ, осылардың бəрін көргісі келмейтін
шовинистік көздің құрдымына түсіп кеткені өкінішті.
Қияс пиғылмен келгендерге өзіміз де өлшеусіз көмек
көрсеткен сияқтымыз. Өзіміздің əрқашанда «жоқ» деп
сөйлейтін əдетімізге бағып, «азбыз, жетіспейді» деумен
өз сілемізді өзіміз қатырдық. Отаршыл орталықтан келіп,
шет аймақта қызмет істеуге кіріскендер өздерінің тамыр-
танысын соңынан ертіп келгенімен қоймай, үй-орманымен
көшіріп əкелуге сылтау тапты. Олар, сөз жоқ, ақыл-кеңесті
былай қойғанда, қол күшін беруге, сес көрсетуге, тізеге
салуға дайын болатын. Сөйтіп кеңсе атаулының бəрі қазақ
рəсімімен іс жүргізбейтін, жергілікті халықпен санас-
пайтын, түсінікті тілде сөйлеспейтіндерге толды да кетті.
Оны партиялық шешімдермен бекіттіріп отырды.
Осы ұнамсыз қылықтың жамылғысы етіп 1919 жылы
наурыз айында алаш қозғалысына қатысқандардың бəрі-
не кешірім (амнистия) жасалса да, енді «алашординцы-
ларды» түгелдей «националистер» деп атады. Ал ұлтшыл-
дардың басы коммунистермен еш уақытта бір қазанға
сыймайды деген қисын шығарды да, қазақ зиялыларын
көрер көзге екіге бөліп тастап, «қазақ оқығандары аз» деп
зарлады. Осының нəтижесінде қалың бұқара дүниеде не
болып жатқанын, совет өкіметінің қандай бағыт ұстап
отырғанын анық түсіне алмай, əйтеуір «кедей-кепшікті,
жарлы-жакыбайларды жақтайды, қолдайды екен, бай-
манаптарға қарсы екен» деп «таптық көзқарасты мықтап
қалыптастырғанын енді ғана сезіп-біліп отырмыз. Мұның
90
салдарын сезген, көре білген адамдар болмады емес, бірақ
оларды бас-көзге ұрып, үнін шығартпай қойғанымыз тағы
рас. Олардың бəрі «ұлтшыл» болып соққыға жығылды.
Соған нақты дəлел Ахмет Байтұрсыновтың 1922 жылы
«бауырмал десін, қазақшыл десін, ұлтшыл десін, оған құлақ
асып, көңілге ауыр алмау керек. Қазақтың сөзін қаймықпай
сөйлеу керек. Бас өзгерді, бастық өзгерді, төбе өзгерді,
басқасы əлі қарап тұр. Қазақ көрген қорлық пен зорлық
көбеймесе кеміген жоқ. Жеуге жеңіл тұрғанды жеу табиғи
іс. Қазақты бұрын жегендер əлі де зорлық қылып отыр.
Қазақ мəдениеті орыстан кем болған соң жем болатыны
сөзсіз. Қазақ жем болудан түбінде декрет қуатымен құтыл-
майды, мəдениет қуатымен құтылады» деген жан дауысына
құлақ қоюдың орнына, тапшылдық түсінікті бұрынғы-
дан да өршіте түсуге үндеушілер табылды. Сəкен тап осы
мəселеде олардың ішінде болмай, мықтап «таяқ» жеді. Оны
да көрбілтелемей, аттарын атармыз, сонда кімнің ұлтшыл,
кімнің ұлтжанды, кімнің бибауырмал екендігін анық көр-
сетеміз де, əлі де болса қазаққа ойланудың қажет екенін
аңартатын шығармыз.
Сонымен, Сəкен – Қазақстанның ең мықты басшылары-
ның, бірі болып сайланды. Ел одан көп үміттенді, оның іс
басына келгеніне ренжігендер аз, қуанғандар көп болды.
Ренжитіндер ішінде, əсіресе алаш қозғалысына қатысқан
зиялылар көп болды. Атыс пен шабыстың, түрме мен
абақтының есік төрін жақсы білетін төңкерісшінің билік
тұтқасына келуі игілікті емес деп ұққандар «іске» кірісті.
Ташкенттегі «Шолпан» журналында «Қызыл сұңқарлар»,
Мəскеуде шығатын «Темір қазық» журналында «Асау
тұлпар» мен «Бақыт жолында» шығармалары тас-талқан
болып сыналды. Бөкей губерниялық комсомолының
хатшысы Ж. Сəрсекұлы Сəкенді Маркс, Ленин сөзін құ-
ранға теңедің деп «шаптықса», «Ақжол» газетінде Темір-
бай (фамилиясын анықтай алмадық) қазақ əдебиеті тари-
хынан оқыған лекциясының Сəбит Төңкерісұлы жасаған
мазмұндамасына риза болмай, мінеп-даттауы, тіпті ба-
ла ғаттауы сияқты жайсыз көріністер Сəкен үкімет орын-
дығына отырған кезде қаулап кетуі игілікті тілектен
туды деп айту қиын. Сəкен кеудесінде жаны, намысы бар
91
пенде ретінде мұны елемеді деуге болмайды. Қапаланды,
жəбірленді, бірақ жасыған жоқ. Қызылкөз тапшылдардың
ортасына сия қоймағанына қарамастан, төңкерістің иманды
жолы осы деген түсініктен ұзап кете қоймағанын тарихи
деректер растайды.
Қазақстанда большивизмнің тегеуріні қатты болғаны
соншалық, оппозициялық ойы бар қазақ зиялыларының
көбі өз елінен, өз республикасынан жылы қабақ, аялы ала-
қан көре алмайтын болған соң Ташкент пен Мəскеуді өзінің
«иммиграциялық орталығына» айналдырып алғанын да
ұмыт пайық. Əрине, Мұстафа Шоқаев, Райымжан Мəрсеков
сияқты алыс шетелге шығып кеткендері аз, алайда өзінің
кіндік қаны тамған, асық ойнап, ат жалын тартып мінген
Отанынан жырақ жүрудің психологиялық əсері мінез-
құлық түгіл, сөйлер сөз, айтар ойға қиястық дарытқанын
да естен шығара алмаймыз. Осындай қалыптасып қалған
жай-күйді Сəкен өзгертуге талпынбады демеймін, бірақ
қолынан келмеді, тіпті оң қадамы үшін сыналып-мінелген
сəті көп. Соларды «мұрнынан тізіп» айтып шыға алсақ,
көп жайдың сыры өзінен өзі ашылып, қысастықпен өрек-
піген, тарихи негізге сүйенбеген пиғылдардың əшкере
болары сөзсіз. Ол үшін Сəкеннің өкімет билігін қолына
алған шақтан бастап, жалғыз пенделік қалпын ғана емес,
мемлекеттік қайраткерлігінің жалпы аумағын аңғартып
алудың артықтығы жоқ.
Сəкеннің басқа ұлтжанды, əсіресе алашордашылардан
айырмашылығы сол, ол ұлтқа, қазақ халқына кызмет
етуді тар аумақта, тек ұлттық тұрғыда қарамай, сол кездің
өзінде-ақ ендеп келе жатқан идеология – интернациона-
лизм рухында қарап, жіліктің майлы басын орынды
жерінде қазаққа бұра берді, қазақты сыбағадан қақпады.
Оны тындыру, атқару үшін ешкімге жалтақтаған жоқ,
өтірік айтып мəйпөлеген де жоқ, тиісті кезінде кесіп ашық
айтты, білекті сыбанып жіберіп орындауға өзі кірісті. Жəне
осы жөн деп тапқан мəселені жүзеге асыру барысында
қырын тартқандармен, əсіресе əр адымын есептеп ба-
сып, «орнымнан айырылып қалмайын» деген пасық ойлы
бастықтармен ашық күреске шықты, бет-жүзіне, отырған
орнына, атақ-дəрежесіне қарамады, шындықты тіліп айтты,
батарып айтты, түсіндіріп бақты.
92
Иə, сонымен Сəкен үкімет басына келді. Сəкеннің
осындай ірі мемлекеттік қызмет атқару амалын өзіне дейін-
гілермен, не болмаса өзінен кейін төрағалық еткендермен
салыстырғанда айырықша көзге түсетін бір айырмашы-
лығы – ісі мен сөзі, ойы мен пəрмені бір болуына шын
мəніндегі журналистігі, яғни «Еңбекші қазақ» сияқты қуат-
ты құралдың жауапты редакторы болуы Сəкен қайраткер-
лігін еселей түсті, дəйектілігі мен пəрменділігін мейлінше
арттырып жіберді. Мұндай құбылыс кейін қайталанған
жоқ. Өзінің мемлекеттігінен, елдігінен екі ғасыр бұрын
айы рылып, орыс отаршылығына ұшыраған қазақ халқы ның
ендігі жаңа мемлекеттігін, мəдениетін қайтадан қалпына
келтіру, жаңа заманға лайық негізін қалап, өркендету мəсе-
лелері оңғайға түспесін Сəкен білді, біле тұра осындай
қиын-қыстау күнде елге жан аямай еңбек етуді өзіне парыз
санады. Халқы үшін неге болса да даяр сыңайды əр қада-
мынан аңғарамыз.
Сəкен Халком төрағасының орындығына отырған күні –
1922 жылы 12 қазан күні «Еңбекші қазақ» газетінде «Қазақ
шаруашылығы» деген публицистикасы жарияланды. Бүкіл
Қазақстанды шолып қарағанда қазақ малы бұрынғыдан «он
есе азайған. Қазақтың малының қайтуына түрлі себептер
болды: жайлаудың һəм өрістің тарылуы, жұт, түрлі індет,
ұрлық, Россияның таптар соғысының əрекеті, барымта
һəм «жұттың сегізінші ағайыны» – қасқыр» деп санамалап
көрсетті де, «Енді қазақтың шаруасының түзеліп, бұрынғы,
бұдан он жылғы қалпына келуіне көп шарт керек. Ол бос
жерлерді жайлай білу, мал бағуға бұрынғыдан ынтасын
көбірек салу һəм мал өсіруге қосымша көмекші қып жер
кəсібіне айналу, егінді ерінбей баптап, көп қылып салу
керек. «Жерді көгертсең, жер сені көгертеді» деген бұрынғы-
лар» деп ақыл қосты жаңа төраға. Өйткені, «қазақ тірлігі-
нің көзі – мал, ал мал – ел экономикасы» деген түсінікті
Сəкен баяғыдан білгенмен үкімет басына келгеннен кейін
«Адам баласының өнер білімі, оқуы, əдебиеті, саясаты,
мəдениеті – барлығы шаруашылық кəсіптен туады, бəрі-
нің негізі, іргесі, тіреуі шаруашылық кəсіп» деуден бір
жалықпады. Осыны ұғына түсінуге шақырды.
Қазақты мал өсіріп, егін егіп, қала салып ірге тебуге
93
шақырумен қатар «Қазақ кедейіне фабрика керек, кəсіп
дүкендерінің ошағы (очаги промышленности) ашылуға
тиіс» дегенді əрқашан қайталаумен болды. Бұл не үшін
керек еді, оны басқалар айтып жазса да болмайтын ба еді
дегендерге айтарымыз, ел үшін ерен еңбек етер азамат мұн-
дай қарабайыр тірліктен көз жазбауға тиісті екені былай
тұрсын, солай айтып-жазу менің азаматтық парызым деп
ұғуға тиіс. Сəкен солай ойлады жəне оны орындады да.
Əсіресе 1922–1924 жылдары жазған екі жүзге тарта
мақала, публицистикасының ең негізгі лейтмотиві қазақ
қашан мəдениетті хықықтардың қатарына көтеріледі, қазақ
кедейі қайтсе теңеледі, қайтсе көзі, санасы ашылады деген
дəуір сауалдарына Сəкен мықты сеніммен «Қазақ кедейінің
теңелуіне қатесіз екі жол бар: біреуі – оқу, екіншісі – кəсіп
дүкенін орнату, кəсіп дүкенін жүргізу» (5, 348) деп білді де,
Қазақстанды шикі зат қорының көзі емес, ең соңғы өнімді
өзі шығара алатын елге айналдыруды армандады. Қазір
бізге қиял болып көрінген осы ойды Сəкен шынымен жүзеге
асады деп айтқан, жазған, нұсқау берген, тиісті орындардан
талап еткен, сол үшін жаманатты болған кезі де аз емес.
«Қазақстанның əр жерлерінде фабрика салу керек. Ең
алдымен жүн-жұрқадан, қыл-қыбырдан түрлі шұға, түрлі
мата істеп шығаратын, өзінде мың жарым, екі мыңдай
жұмыскерлер істейтін, мата тоқитын фабрика салу керек.
Ол фабрика ұсталықтың ең барып тұрған соңғы өрнегімен
салынатын болып (по последнему слову техники), одан то-
қылып шығатын шұғалар, маталар Петербургте, Мəскеуде
шығатын материалдардан артық болмаса, кем болмайтын
болсын» (5)348), – деп сонау 1923 жылдары қиялдауы,
армандауы қазақ еліне бар жаңалықты тілеген азаматтың
келбетін танытады. Сонымен қатар бұл арман коммунистік
партияның бағдарламасына қалтқысыз сенген, алданамын
деп ойламаған қайраткердің шын сөзі екені даусыз. Қазақ
пролетариатын жасақтап, өңдірісті өркендетуді көздеді
Сəкен. Ал бұрыннан жұмыс істеп, талайға ырзық болған
өндіріс орны жүдеп, берекесіздікке ұшыраса, оның ішінде
қазақ пролетариатына кемдік келіп жатса, Сəкеннің ойы
қатқыл, қаламы өткір болатынын «Екібастұз заводын
жалға беру керек», «Екібас заводында» деген жалынды
публицистикасынан оқып білеміз.
94
Қазақстан коммунистерінің III конференциясына кел-
ген Екібастұз жұмысшыларының айтуына қарағанда, «Екі-
бас заводының өз халі де һəм сол заводтағы жұмысшы
халдері де өте нашар. Жұмыскерлердің жататын жерлері
былғаныш, қараңғы, суық, тамақ аз, киім нашар. Қазақ
жұ мыскерлеріне монша жоқ, школ, мектеп жоқ. Оқу һəм
білім беретін мекемелер жоқ. Саясат, əлеумет істерінен қа-
зақ жұмыскерлерінің еш мағлұматы жоқ. Оқушы, үйрету-
ші, бастық, жөн сілтеуші жоқ. Екібастағы есалаң жынды
билерді тексеруге сенімді кісілер жіберу керек. Сөйтіп қазақ
жұмыскерлерінің тезірек тəнін де, жанын да тəрбиелеуге
кірісу керек» (5)325) деп ащына сөйлейді де, қолма-қол 40
мың сом қаражат бөліп, оқу-ағарту комиссарына мəдени-
ағарту ісімен шұғылдануға бұйрық қылады. Бұл қадам қазақ
халқының ең ұйымшыл, тегеурінді күшінің тез қалыпта-
сып, өркендеуі үшін жасалатын шаралардың бастамасы
ғана болғандығын аңғармау аңғырттық болар еді.
Қазақ елінің өзгелермен терезесі тең болу мəселесі
экономикалық өсіп-өркендеуге тікелей байланысты екенін
Сəкен еш уақытта есінен шығармағанмен ісінің көбін,
назарының молын, қаражатының денін оқу-ағарту саласы-
на бағыштап отырды. Ел сүюдің халықты қадірлеудің ең
төте жолы осы жақта жатқанын өзінің ұлтжандылығымен
ұқты, іс атқарды, болмасты болдырды, сөйтіп жалпы қазақ
халқының мəдениетін қалыптастырып өркендетуге ерекше
үлес қосты.
Бұлай етпеске шарасы да жоқ еді. Өйткені, Сəкеннің өзі
ағартушы, кəсібі мұғалім болса, екіншіден, елді, халықты
сауаттандырмай, мəдениеттің көк жиегіне қол іліктірмей
ештеңе тындыруға болмайтынын, бұрынғыдай жайлау-
дан қыстауға, қыстаудан жайлауға көшіп, мал өсімімен
отыратын заман өтіп, өндірістің тетігін білетін дəуір келе
жатқанын, ал оған қол жеткізу үшін өнерлі, білімді болу
міндетті екенін XX ғасырдың басында-ақ Ресей қолас-
тына қараған бұратаналардың бəрі түсінген болатын.
Субъективтік тілек мен объективтік себеп бір Сəкеннің
бойына тоғысқандықтан, оқу-ағарту мəселесін бірінші
орынға қоймасқа шарасын қалдырмады. Соңдықтан Сəкен
кəсіп дүкенін ашудан бұрын елді оқытып-жеткізу қажет деп
95
табуының бір сыры осыдан жəне мұны сол кездегі жалпы
дүрмекпен, сауаттандыру науқанымен жүргізбей, өзінше ой
толғап, əрекет жасағанын көреміз.
Сəкеннің «оқу-білім адамның азығы, өмірдің сəні. Са-
уатсыз надан – қор болған адам» деген түсінікте болғаны
Ақмола совдепінің халық ағарту комиссариатына басшы-
лық еткенде ең əуелі мұғалімдерге жағдай жасау, курс-
тар арқылы ағартушылар дайындап, жаңа мектептер ашу
жөніндегі пəрменді ісінен көрінеді. Оқытушылар жетіс-
пей жатқанда орыс-қазақ мектебінде сабақ беруі тек
революциялық істің жалғасы ғана емес, өзінің арман-
тілегінің нақты орындалуы еді. Сондықтан айбынды жур-
налистік еңбекпен қатар оқу комиссарының орынбасары
болуы, одан төрағалыққа ауысқанда негізгі арма нына
жететіндей сезінуі де осыдан еді. Не жайында жазса да
ойларының өзегі əрқашан өнер-білім, оқу-ағарту болып
жататынының бір сыры да осыған байланысты.
Сəкеннің ата-тегі мыңды айдағандар болғанымен төң-
керіс жолына түскенде көрген бейнет-азабы қанаушы бай-
манаптарға өштесуі бұрынғыдан өрби түскенін, тапшыл
сана бергенін əр ісінен аңғарамыз. Қолына билік тиіп, емін-
еркін сөйлеу, жазу мүмкіндігін алғанда, яғни «Еңбекшіл
қазақ» газетінің жауапты редакторы ретінде қол қойған
күні жазған алғашқы публицистикасы – «Қазақ халқының
төмен табының азаматтарына» арнаған үндеуі болды. «Қа-
зақтың нашар, төмен табы əлі өз сөзін өзі жөндеп айта алмай
отыр. Бір əкеден туса да бай мен жарлының, жалдаушы
мен жалшының еш уақытта рухы, тілегі қосылған емес,
еш уақытта қосылмайды да. Мұны қазақ халқының төмен
табының азаматтары есіне əбден берік ұстаулары ке рек»,
өзінің бай-мырзаларынан «екінші жағынан орыстың ұлық-
тарынан қорлық көріп» келген қазақ еңбекшілері «бұ-
дан екі жыл бұрын құл еді, енді қазақ еңбекшілері барлық
халықтармен тең, өрелі ел болды. Бұрын қазақ еңбекшілері
өз ісін өзі істей алмайтын тіленші, сұраушы еді, енді өз ісіне
өзі ие, өз ісін ешкімнен тілемей, сұрамай, өзі басқарып, өзі
пішіп істейді» (5)287) деп қуанды. Қазақтың автономиялы
Советтік Социалистік республикасының құрылғанына
екі жыл толу мерекесіне масаттанғанның өзінде ең үлкен
96
істердің, міндеттердің бірі ретінде «Бұдан екі жыл бұрын
бір қазақша мектеп ашу үшін көп тіленшілік, көп тақсырлау
керек еді. Енді еңбекшіл қазақ өзі би, өзі қожа. Бұдан екі
жыл бұрын тастаған сүйек көзіне тимейтін, табалдырықтан
аса алмайтын еңбекші қазақ халқы енді төр алдында, енді
қатарда» деп əлі қолға тимегенді жүзеге асып жатқандай
шаттануында перзенттік парызына берік жанның, қазаққа
не керегін жазбай танып, іске тезірек асырғысы келетін,
алдына қойған мақсатын айқын түсінетін азаматтың шы-
найы пиғылы екенін аңғармасқа болмайды. Жанама жай-
лардан осынша ой өрбітетін Сəкеннің оқу-ағарту ісін сөз
еткенде айтары мен жазары айбарлы да қомақты, пəрменді
де пəтуалы екенін көреміз.
Халық Комиссарлары Кеңесі Төрағасының нақты бағ-
дарламасы 1922 жылы 21 қарашада жазған «Зор міндет»
деген макаласында ашық айтылды. Оқу-ағарту ісінің қан-
шалықты мəнді екенін түсіндіре жазды.
«Бұрын патша заманында қазақ мектеп, медресе һəм
школ ашпақ болса, патша үкіметінен тіленіп, сұранып
неше жыл жүріп, зарығып, тілегін көбіне ала алмай қалушы
еді. Енді совет өкіметі қазақ сияқты бұрынғы құлдықта
жүріп, оқу оқи алмаған, өнер-білім ала алмаған халықка
кең қылып оқу-білім қақпасын ашып отыр. Бір ауылға неше
мектеп, медресе, школ саламын десең ықтияр өзіңде деп
отыр» деп сəбидей қуанды да, өзінің ең негізгі, түбегейлі
тұжырымын түйіндейді.
«Қазақ халқына ең əуелі оқу керек, оқу керек, оқу керек!
Оқыса көзі, көкірегінің көзі ашылады. Көзі ашылса, айтпай-
ақ, ымдамай-ақ, нұсқамай-ақ өзі көреді. Оқымаған адам,
оқымаған халық – надан, қараңғы, соқыр. Оқусыз – қазақтың
болашақтағы күні қараң... Енді жиырма жылдың ішінде
қазақ өнерлі халықтардың қатарына кіруі керек! Қазаққа
оқу бұрын бір мəртебе керек болса, енді мың мəртебе
керек» деп білді, ұран етіп жар салды. Бар пəрменнің, бар
тірліктің өзегі оқуда, одан басқа төте жол жоқ деп білді.
Осындай игі іске бас-көз болмай, оқу ағарту мəселесіне
мəн бермей жүрген басшылар, атқа мінген ел азаматтары
бар болса, онда олардың «мойнына қазақтың келешек жас
буынының мың лағынаты артылады. Көңілінде азырақ
97
адамдықтың саңлауы бар əр қазақтың баласы енді бұдан
бұлай жадынан оқу ісін тастамауы керек. Ісіңмен, күшің-
мен, тіліңмен болса да оқу ісіне жəрдем қылмасаң – кейінгі
жас буынның қолы жағаңда» кетеді деп жазуы Сəкеннің
халықты өркендету, қатарға қосу жайында қандай қам көңіл
болғанын анық көрсетсе керек. Өзім ғана білімді болайын,
басқалар аузыма қарасын деген пенделік Сəкенде болмаған.
Біз қай уақытта жарығанбыз. Патша болса саналы түр-
де қазақты надаңдықта ұстауды көздеді, арнайы саясат
жүргізді, ал «Советтік Россияның Орталық үкіметінің
шы ғарған қаулысы бойынша бұдан былай оқу, халықты
сауаттандыру ісінің шығыны жергілікті халықтың өз
мойнына артылып отыр. Енді бұдан былай оқу істеріне
совет өкіметі қазынадан көп нəрсе бермейді», – деп қа-
мығады. Бұл НЭП саясатына, яғни қазіргі біздің нарық эко-
но микасына кіріп бара жатқан өтпелі кезеңнің келеңсіз бір
көрінісіне Сəкеннің іштей наразылығы да сезіледі. Соған
қарамастан «Əр қазақтың жадында оқу болсын!» деп жар
салуын тоқтатпады Сəкен. «Қазіргі уақытта оқу ісіне қазы-
надан ақша бармай жатыр. Мүмкін ауылдағы, елдегі, шет
қалалардағы оқытушылар көптен жалования, ақша алғанда
жоқ шығар. Қазақ «а, құдай, аузыма менің əкеп сал құдай»
деп жатпай, ауылдағы, елдегі оқушыларға жататын үй беріп,
тамақ беріп, оқытушыларды кетіп қалатын қылмай ұстап,
бəрі жамылып, ұйымдасып оқыту ісіне кірісіп, балаларын
оқытулары керек» (5/307) деп ақыл қосқанда жан жүрегі
жылап отырғанын сеземіз.
Халком төрағасының тығырыққа тірелген, жарылқа-
ғыш қаражаттың қол байлап, екпін басып тұсаулаған тұсы
осы. Бəрін қияр еді, бірақ қолында көк тиыны жоқ, сонда
да ақыл-кеңеспен елді ояту, қазақты мəдениеттің көк жие-
гіне сүйреуге ұмтылған қалпын байқаймыз. Осындай кезде
жаңалықтың жылт еткен сəулесіндей болып Кеңестердің
X съезінде оқу ісі қаралғанын жəне «үкімет қолынан кел-
ген жəрдемін, күшін аямас деген сөзін айтты» деп «Қазақ-
стандағы губерниялық атқару комитеттеріне һəм оқу
бөлімдеріне» Халық ағарту комиссары Залиевпен екеуі
ай рықша нұсқау хат жазып, «əрине ақша болмай, қаражат
болмай оқу жұмысы көгермейді. Жолдас Ленин айтып
98
отыр «оқу жұмысына берілетін ақшаны көбейту керек»
дегенін сылтау қылып жергілікті атқару комитеттеріне
«бюджетті бөлгенде оқу жұмысына жеткілікті қылып бе-
рулері керек. Басқа жұмыстарға шығатын шығындарды
азайтып, оның орнына оқуға берілетін ақшаны – қаражатты
көбейтулері керек», – деп нұсқау берді.
Бірақ бұл нұсқау тілек деңгейінде ғана еді. Іс басында
оқу-ағартудың жөн-жосығын түсінетін адам отырса бір
сəрі, ал келешекті ойламайтын төресымақ отырса оқу-ағарту
жүйесінің оңбай сорлайтыны сол кезде ғана емес, бүгін де
көрініп отырғанын ешкім де жоққа шығара алмас. Əрине,
бүгінгінің жөн-жосығы басқаша, бола түссе екен деген тілек
болса, ал жаңа жасақтап, аяғынан тұрғызып жіберу үшін
қайрат жұмсап жатқанда, қайтседе мүмкіндік табу шарасын
ойлағанда бүгінгіден əлдеқайда қиын болғаны өзінен өзі
түсінікті.
Сəкендер соған да қарамастан жоқты бар етуге, болмай-
тынды болдыруға жаныққаны сонша, əрбір сөйлеген сө-
зін, жазған мақаласын тебіренбей оқи алмайсың. Тегінде,
Мəскеу жақтан жақсылық нышаны байқалған болуы ке-
рек, не болмаса Сəкен бұрын «Қазақстанда ең керекті
ісіміз болған оқу жүйесіне қарауға мұршамыз келмесе,
енді мұршамыз аз да болса келетін болды» деп алады да,
тəжірибеде бұрын-соңды болмаған игі шараны қолға алады.
«Жер-жердегі мекемелер һəм Қазақстанның бас меке-
мелері қолындағы барлық қаражаттың қақ жартысын (50
процентін) оқу ісіне жұмсау керек! Олай қылмай, оқуға кұр
сөзбен ғана көмек қылсақ оқу ісі өмірінде алға баспайды»
(5/322) деп жарлық бергенін, осы үшін партия комитетінен
сөз естігенін ескерер болсақ, онда Сəкен қайраткерлігінің
ең бір жарқын бетін, халық үшін жасаған батырлығының
бір мəнді қырын көріп, қазіргілердің əлжуаз істеріне қа-
мықпасқа болмайды.
Сəкеннің сөзі мен ісінің қабысып, бірін-бірі толықты-
рып жататын сəтін жиі көреміз де оның ұлтжандылығын
айнымай танимыз. Əр қадамына игі тілек білдіріп, жанашыр
болмасыңа тіпті шараң қалмайды.
Қазақ мəдениеті жаңа арнамен өркендеп жатқан кезде
жар салу, ұран айту, игілікке шақырудың өзі пайдалы іс
99
екені белгілі. Ал енді сөзді іске айналдырып, «мың сіз-
бізден, бір шыж-мыж артық» дегенді жыға түсінген аза-
маттың жүзі жарқын болары айдан анық. Қолындағы
билікті осы игі мақсатқа жұмсай білген ер азаматына халық
өз махаббатын аямай төгіп, ардақ тұтатынының бір сыры
осында. Кім билікке келмеді, кімдер Халық Комиссарлары
Кеңесі Төрағасының тағына отырмады, бірақ солардың
бірде бірі Сəкендей қадірленген жоқ, құрмет көрген жок.
Себебі сөзі мен ісінде алшақтық болмады, өтірік-жылмаң
сөзді Сəкен айтып, елді алдаусыратып көрген жан емес.
Ойына алған істі аяғына шейін жеткізудегі табандылығы
да қайран қалдырмай қоймайды. Осы іс-əрекеттің бəрі де
қазақ халқының тез уақытта мəдениетті елдердің қатарына
қосылып, терезесі тең болу мақсатына бағытталды. Сəкен
қаншама интернационализм туын көтергенмен бар күш-
жігерін, ақыл-парасатын туған халқының пайдасына арнал-
ғанын айтудан еш жасқанған емес. Өтірік көлгірсімеді,
жалған сөйлеп абыройсыздыққа ұрынбады.
«Былтырдан бері қазақ жастарының көбі Рабфакқа
ұмтылады, басқа түрлі білім беретін оқуларға, школдарға,
курстарға көп қарамайды. Бұл үлкен қате іс. Қазақ еңбек-
шілерінің балалары тұрмыстың əр түрлі тарауынан білім
беретін мектетердің бəрінде оқулары керек» (5/402) деп
жазып, 1923 оқу жылына Қазақстаннан тысқары жер-
лерге, атап айтқанда, Қазандағы əскери школаға 50, Орын-
бор медтехникумына 80, оның 55-і қазақ баласы, Мəс-
кеу, Петербург, тағы басқа оқу орындарына 190 қазақ
баласы жіберілетіндігін Төраға басымен «Еңбекші қазақ
жастарының есіне» салады.
Осындай жоспарлы орындардың кейде толмай қалуы
қазақ жастарының «оқу ниеттерінің, ынталарының жоқ-
тығы емес, губерниялардағы, уездердегі əр мекемеде
отырған «көзі ашық» азаматтардың шабан, жалқау, өзінен
басқаның «көзінің ашылуын» көп ойламайтындығы. Қа-
лың қазақтың оқуына қандай қызметте жүрседе қарлы-
ғаштай ынтасын салып, жəрдемін тигізбеген жігіттер –
тек ұлықтықты қуып, өз ісінің ғана қамын көздеп жүрген
арамтамақтар. Осындай адамдар тек еңбекшіл халықтың
нанын жеп, жеген нанын ақтай алмайтын құр азаматтар.
100
Қазақтың еңбекші табының сорына мұндай адамдар аз
емес», деп шамырқауы Сəкеннің бүкіл жан дүниесі мен
ақыл-парасатын ашып тастаса керек.
Бұл аз болса, Сəкен оқуға талаптанған жастардың орта-
сында болып, əрбір жаңалыққа қуана білген, уақытын ая-
маған, төреліктің көкірегін сындырған. «Оқушы жастарға
үлгі» деген мақаласында «Орынборда əріп тізу ісін үй-
рететін Қазақстанның 1-ші тұңғыш баспа өнерінің курсы
бар. Курстың ашылғанына 2 ай шамасындай болды. Курста
23 қазақ жастары оқиды. Мен əдейі көрейін деп Керуен
Сарайдағы курсқа бардым. Қазақстанның баспасөзінің
болашақ иелері, баспасөз үйінің тұңғыш ұлдары менің
қасыма келіп тұрды. «Шырақтарым, оқу үйлерің, таза,
тəртіпті екен. Өздеріңнің де үсті-бастарың таза көрінеді.
Ты рысыңдар, оқындар, үйреніңдер» дедім. Жататын жер-
лері онша жарық емес. Едені тас. Қысты күні суық бола
ма деп ойлаймын. Көңілім толып, келгеніме риза болып
мен қайттым. Бір күн бұрын осы Орынбордағы рабфактың
қазақ оқушыларының жататын үйлеріне барғаным есіме
түсіп: «ə, деген-ай, бəрі осы баспа курсындағы балалардай
таза, тəртіпті болар ма еді» дедім. Міне, оқушы жастарға
бұлар үлгі!» дегені көп жайдан хабар берсе керек. 10
тамыз күні Нығмет Нұрмақов екеуі қазақ һəм татар ағарту
институтында болғаны да белгілі.
1923 жылы қаңтар айында қазақ тарихында бұрын-
соңды болып көрмеген бір құбылыс болды. Ол Ахмет
Байтұрсыновтың 50 жылдығын атап өту мерекесі. Өлгеніне
ас бергені болмаса, тірісінде той өткізу қазақ рəсімінде
жоқ жай. Жаңа заман екпінімен Еуропа халықтарының
əдет-ғұрпы бізге жете бастады. Сəбит Мұқановты күні
бүгінге шейін əсіре тапшыл етіп келе жатқан, яғни Сəбең-
ше суреттегенде, «Бұл қыста да бір жанжал кездесе кетті.
Қыс ортасында рабфак студенттерінің арасында «Ақаң-
ның елу жасқа толған юбилейі болады екен» деген сөз
тарай қалды. Сұрастырып көрсек, елу жасқа толғанына зор
мерекелі юбилей жасалмақ, сыйлықтар берілмек, арнаулы
кеш өткізілмек. Ол кештің қалай өтуіне арналған афи-
шалар көшелерге, оқу орындарының ішіне жапсырыла
бастады» деп хабарлағанда рабфак студенттерінің қақ
101
жарылғаны, біреуі «адрес жазылған портфель сыйлауды
ұсынса», Сəбит жақтаған топ мерекені жасатпаймыз
деп онда-мұнда барсада қолдау таба алмаған. Орынбор
басына жиналған жастардың ішінен өзіне ниеттес тапшыл-
дарын жинап алып Орынбордың ең үлкен залы – Свердлов
атындағы клубқа келеді, «Юбилей сонда ұйымдасты-
рылды. Мыңнан аса кісі орналасатын залға адам лық
толды. Сахна ашылды. Байтұрсыновты қолтықтап Смағұл
Садуақасов жəне кейін халық жауы боп кеткен ұлтшылдар
шығып, безендіре құрған президиум столын айнала отыр-
ды» (С. Мұқанов. Таңдамалы шығармалар, 10-том, 509-бет).
Осы баяндаудың өзінен-ақ қалың көпшіліктің кұрметіне
Ахаңның бөленгендігін көреміз. «Ахаңның алдында» деген
тақырыпта баяндама жасаған Смағұл Садуақасовтың үстіне
залдан лақтырылған шірік овощтар жауды да кетті... Содан
кейін мəжілістің кейінгі жағы өткізілместен, «юбилей»
тарады» (бұл да сонда) дегенін сол мерекеге қатысқандар-
дың бірде біреуі растамай, «жазушының əсірелеуі ғой» деп
езу тартатын, ал даттағысы келгендер «ойдан шығарған
өтірігі, қызылкөздігі» деп шала бүлінетіндерін талай кез-
дестірдім.
Алайда осы оқиға тұсында «Байтұрсыновқа қарсы
студенттердің өтінішімен сол күні түнде «Қара тақтаға
жазылмаңдар, шешендер» деген атпен жазылған менің
мақалам республикалық «Еңбекші қазақтың» 69-нөмірінде
(1923 жылы) бас мақала болып жарияланған» (509) бо-
латын, – дейді Сəбең. Бұл сөздердің 1949–1955 жылдары
жазылғанын, яғни алаш азаматтарын былай қойғанда,
Сəкендердің атын атаудың өзі қауіпті болған кезде
жазылғанын ұмытпайық.
Идеологиялық тұрғыдан келгенде Сəбеңнің ұрын шақ
болғанын, қызу əңгімеге берілген кезде əсірелеп жібе-
ретіндігін тарих талай растаған. Мəселе, қара тақтаға
Сəбеңнің жазғандарының ішінде «əдебиеттік ұстазым
болуға айналған» (494), Халық Комиссарлары Кеңесінің
Төрағасы Сəкен Сейфуллиннің болуында ғой. Енді осы
жайға барынша толығырақ тоқталайық, сонда кімнің
ұлтжандығы, кімнің большевиктігі, топшылдығы өзінен өзі
ашылады.
102
Рас, 1923 жылы 28 қаңтарда Орынбордың ең үлкен
де сəнді Свердлов атындағы клубта (театр үйінде) Ахмет
Байтұрсыновтың 50 жылдығына арналған салтанатты жи-
налыс өтті. Ахаңды сахнаға қолтықтап шыққан адам ком-
сомолдың хатшысы Смағұл Садуақасов емес, Үкімет
басшысы Сəкен Сейфуллин болатын. Жиналысты ашып,
кіріспе сөз сөйлеген де Сəкен. Салтанатты ашардағы сөзі 1923
жылы 30-қаңтар күні «Еңбекшіл қазақ» газетінде «Ахмет
Байтұрсынұлы елуге толды» деген атпен жарияланды. Осы
деректерге ерекше назар аударған жөн, өйткені тарихтан
хабары кемдеу жазғыштар біреудің еңбегін екінші біреуге
аударып беруге, көңілі түскендерді əспеттей салуға əбден
əуестеніп бара жатқаны, əсіресе соңғы кезде тіпті көбейе
түсуде.
Ахмет Байтұрсыновтың 50 жылдығының салтанатты
жиналысын ашып, жүргізіп отырған Сəкен Сейфуллин
болды. Маған анық емесі – мұндай міндетті атқаруға
партия комитеті Сəкенге ұлықсат етіп, тапсырды ма, əлде
өзінің жүрек əмірімен атқарды ма? Біріншісі, яғни пар-
тия тапсырмасы болған-болмағанын білмеймін, тегінде,
болмағанға ұқсайды, өйткені «Сəкен ұлтшылдарға, қа-
зақ шылдарға, алашшылдарға іш тартады» деген төре-бас-
шылардың қаңқу сөздерінің ұшығы көп ұзамай-ақ «Степная
правда» (қазіргі «Казахстанская правда») газе тінде айыптала
жазылған болатын.
Осы арада екі мəселені қосарлай əңгімелеу шарт. Бірін-
ші, Сəкеннің адамгершілікке дақ салмай, елге еңбек сіңір-
ген адамға көрсеткен ерен құрметі болса, екінші, мемле-
кет басшысы ретінде интеллигенция жөнінде жүргізіліп
жатқан лениндік саясатты жүзеге асыруда игілікті қадам
жасағандығын байқаймыз.
Сəкен Ахаңды өңге алашшылардан айрықша құрмет-
теп келгенін, əлі де ардақ тұтатынын жасырмаған. «Өзге
оқыған мырзалар шен іздеп жүргенде, қорлыққа шыдап,
құлдыққа көніп, ұйқы басқан қалың қазақтың ұлт намысын
жыртып, ұлттық арын жоқтаған патша заманында жалғыз-
ақ Ахмет еді. Өзге оқыған замандастары өз бастарының
пайдасын ғана іздеп, ар һəм имандарын сатып жүргенде,
Ахмет халықтың арын іздеп, өзінің ойға алған ісі үшін бір
басын бəйгеге тіккен.
103
Ахмет Байтұрсынұлы ұлтын шын сүйетін шын ұлтшыл»
(«Бес арыс», «Жалын», 1992, 180– 181-беттер) деп білді.
Шын сүйген, құрметтеген Ахаңның ел алдындағы абырой-
даңқын аспандата түсемін деп отырғанда артық сілтеп жі-
бергенін сезіп, «əрине, «оқыған» дегендеріміздің арасында
бірен-саран адал адамдар да бар» деп ескертпе жасаған.
Сəкеннің Ахаңа деген құрметі бір де бір рет толастамаған,
тіпті «Тар жол, тайғақ кешудің» тұздықталған 1936 жылғы
басылымының өзінде Ахаңа артық ауыз сөз айтпағанын
көреміз. Əрине, алаш қозғалысына қатысқандардың жал-
пы дүрмегі аталғанда тізімнің ең алдында көрсетуінің өзі
ішкі ілтипат сезімді байқатып тастайды. Орынсыз жерге
Ахаңның атын қыстырмайды. Бұл Сəкеннің пенделік қалпы,
оны əрі қарай тарамдатып жатудың қажеттілігі бола қоймас.
Ал мемлекет қайраткері ретіндегі қызметіне тоқталар
болсақ, онда зиялылар жөнінде В. И. Лениннің жүргізіп
жатқан саясатын Қазақстанда түсінген жалғыз адам Сəкен
болды десем артықтық жасамас. Оған мықты дəлел тағы
да Ахмет Байтұрсыновқа жасаған осы құрметі. Алаштың
көсемі, идеологы, қазақ халқы үшін қандай қиындыққа
да төзіп, адал еңбегімен елді ержеткіземін деген шешімін
тіпті осыдан жарты жыл бұрын «Еңбекші қазақ» газетін-
де 1922 жыны 8 шілдеде «Қалам қайраткерлерінің жайы-
нан» деген манифестке бергісіз көсемсөзін жазып, боль-
шевиктерге, əсіре тапшылдарға «жек көрінішті» болғанына,
соның салдарынан комиссарлықтан кеткеніне қарамастан,
Сəкеннің салтанатты жиналысты ашып, сөз сөйлеуі, оны
мақалаға айналдыруы əшейінгі жəй қадам емес еді. Тегінде,
өзімен қызметтестерге Лениннің зиялылар жөніндегі сая-
сатын жүзеге асырудың амалы, яғни оқығандарды ішке
тартып, үкімет ісіне араластырудың қажеттігі екендігін
түсіндірген де болар.
Бірақ оны хош көрген, оған құлақ асқан адамдардың
мейлінше аз болғанын Ə. Əйтиевтің «Степная прав да»
газетіндегі «Фактаческие поправки» деген мақаласы анық
көрсетті. Оны Сəбит Мұқанов қостап, «Сəкен Байтұр-
сыновтың революциядан бұрынғы ағарту шылық қызме-
тін асыра мақтаған мақала жазды. «Меңдешев шіл дер-
дің бірі» саналатын Əбдірахман Əйтиев баспасөз бетінде
104
Сəкенге карсы шығып, Байтұрсыновтың совет өкіметіне
жат қылықтарын айтты. Мен де Əйтиевтің пікірін қолдап,
«Еңбекші қазақ» газетіне «Қара тақтаға жазылмаңдар,
шешендер» деген мақала апарып бердім. Мақаланың
ішінде өз мақаласына қайшы келетін пікірлер бола тұра,
Сəкен оны жариялады» («Есею жылдары», 1964, 43-
бет) деге нін есімізден шығармайық. Сəкен Əбдірахманға
қайтарған жауабында «Менің Ахмет туралы жазғаныма
Əйтиевтің көңілі толмайды. Себебі мен Ахметтің əлеумет-
саясат жолындағы істеріне жеңіл қарап, қате баға беріп,
құр үстіртін əшейін сипап отыр дейді» (183). Қысқасы,
алашшылдарды, оның ішінде Ахметті тасталқан қылып
сынамадың, ұлтшылдығын, қастандығын бетіне баспадың,
əшкерелемедің деп тұлан тұтқан көрінеді. «Ұлтшылдыққа
қарсы кім қаттырақ күрескен екен, оны жұрт айтар» деп
Сəкен емеурін білдіреді де өзі жүргізіп отырған саясатқа,
яғни оқығандарды, кешегі алашшылдарды ел ісіне тарту
мақсатын жанамалап аңғартады. «Жəне Əйтиев жазады:
«Ахметтің ұлтқа қызмет қылмақ болып коммунист партия-
сына кіргенін Манап Шамиль (Сəкеннің псевдонимі –
Т. К.) жолдас дұрыс деп біледі һəм басқаларға солай
қылуды мəслихат қылады» дейді... Əйтиев сөзінің ақырын-
да маған: «Коммунист партиясының ұлт мəселесі туралы
нұсқауын жеңіл бағалайсың, бұдан былай мұндайдан
тиылуыңды лайық көреміз» дейді. Сонымен, ұлтшылдық-
қа жалғыз өзі ғана қарсы болғысы келеді. Көрерміз»
(184-185-беттер) дегендерге мəн бере қарасақ, Сəкеннің
тапшылдық пен ортақшылдықты елге пайдасы тиер ар-
наға бұруға тырысқанын аңғарар едік. Өйткені «қəзіргі
коммунист болып жүрген қазақтардың көбі учитель, мұ-
ға лім, хатшы, біразы фельдшер, доктор, агроном, тех-
ник хаттə адвокат, болосной старшын болғандары да бар»
(184) дегеніне қарағанда оқығандардың, əсіресе алаш қоз-
ғалысында болғандардың бəрінен безуге Сəкен қарсы.
Оларды пайдалы іске тартуға, жаңадан орнап жатқан
қоғамның зерделі құрылысшысы етуге ұмтылғанын анық
көреміз.
Себебі, басқаларға болмасада, В. И. Лениннің «Мы
не можем строить власть, если, такое наследие капита-
105
листической культуры, как интеллигенция, не будет
использовано. Без этого мы жизнь коммунистического
общества строить не можем» (37 т., 223-бет) дегені
Сəкенге белгілі əрі түсінікті болатын. Үкімет басшысы
ретінде осы саясатты жүзеге асыруға міндетті екендігінің
үстіне қоғам дамуы зиялыларсыз болмайтынын Сəкен-
нің оқу-білім жөнінде таусыла, жалына, жалбарына, өтіне
айтқан алдыңғы ойларынан тарамдалып жатқаны өзінен
өзі түсінікті. Сондықтан Сəкен республика басшысы ре-
тінде де ауыздығымен алысқан төңкерісшілердің, əсіре
большевиктердің ықпалымен кете алмасы анық еді. Сол
үшін Сəкен көрген теперіш аз болмады жəне «ұлтшыл»
деген кебенек киіп алды.
Əр азаматтың өз ұлтын сүюі, ардақтауы табиғи құ-
былыс. Алайда интернационализмді перде етіп, бибауыр-
малдыққа бұра бастағанда Сəкен 1923 жылы 15 ақпанда,
яғни Ахаңның тойынан кейін, коммунистік партияның
ұлт мəселесіндегі бағдары əлі анықталмай, яғни XII съезд
өтпей тұрған уақытта ащылығы удай «Қазақты қазақ
дейік, қатені түзетейік» деген мақала жазды. Соны тап осы
еңбекте қайтадан жариялаудың сəті түсіп отыр, өйткені
оны бұрын талдап, түсіндіре айтуға мүмкіндік болмаған
еді, тек атын ғана атаумен желдіртіп өтетінбіз. Саяси ғана
емес, патриоттық сыр-сипаты қалың жəне қазірдің өзінде
тарихи шындыққа негіздемей, біреудің атқарған ісін екін-
ші біреуге таңа салудың жат əдеті пайда бола бастаған-
шақта қанша ащы болса да осы мақаланы түгелдей, əрпін
өзгертпей оқушыларға жеткізсек Сəкеннің ұлтжанды-
лығын ұғып, мемлекет басшысы жəне «Еңбекшіл қазақ»
газетінің редакторы болған кездегі ой-пікірімен де, іс-
əрекетімен де анық танысамыз.
«Қазақты қазақ дейік, қатені түзетейік».
Бүгінге шейін қазақты орыстар «киргиз» деп келеді. Не
себепті қазақты орыс «киргиз» деп кеткенін тексермей-ақ,
ол «киргиз» деген аттың қалайша жалпы қазаққа жапсы-
рылып кеткенін баяндамай-ақ, енді бұл тарихи қатенің
түзетілуі керек екенін жұртқа айтқым келеді.
Орыстың патшасы қазақты қаратып алып, жалпы қазақ-
106
қа «киргиз» деген ат жапсырған соң, қазақ халқын оңай
қаратып алған орыс патшасының төрелері, жасауылдары
қазақ ты бір түрлі мүгедек, мақау жануар деп санап, «кир-
гиз» дегенде бір түрлі менмендік қиянатпен, қорлаған
мазақпен айтатын болды. Ақ патшаның «шарапатына» мəз
болған мырзалар қазаққа жоғарыдан төмен қарап, тұмсығын
кекірейтіп, пысқырып, «киргиз» дейтін болды...
Төрелердің қатындары итіне ұрысқанда: «ақ ты, Палкан,
киргаздан да жамансың!» – дейтін болды...
Ақ патша жасауылдарының, төрелерінің бұл аңыздары
орыстың надан халықтарының араларына да жайылды.
Келе-келе тұрмыстың игілігін өзгелермен бірдей қазақтың
көруге еш уақытта лайығы жоқ деп ойлайтын болып, қала
тұрмысына түсіп, оқып, тазарақ тұра бастаған қазақты көрсе
таңырқап: «қарашы, тіпті өзін киргиз дейтін емес!» – деп
тамсанып жүретін болды...
Қазақтың бір қылығын жақтырмаса: «белгілі енді,
киргиз болған соң қайтуші еді!» – дейтін болды...
Қырға шыққан шабармандары, жасауылдары қазаққа
зорлық қылғанда, қазақты қорқытқанда көзін алартып,
тісін қайрап: «У, у, у!, киргиз-з!!!» дейтін болды. «Киргиз»
дегенді əлгі мырзалар бір түрлі ызбарланып, тістеніп
айтатын болды...
Енді ол күндер өтті. Октябрь төңкерісі қазаққа бұлай
қарауды тиды. Енді қазақ та бір, басқа халықтар да бір.
Қазір əр жерде осындай тарихи қателерді түзетті һəм мұн-
дай түзетілген аттарды совет үкіметі де қатты ықтиятпен
қабыл алды. Мəселен, Хиваны қазір «Хорезм» жұрты дейтін
болды. «Сартты» өзбек дейтін болды һəм бұл түзетіліп
қойған аттарды совет үкіметі қолданып кетті.
Біз «киргиз» деген атты жоғалтып, өзімізді «қазақ» деп
атасақ, басқалар да бізді «қазақ» деп, осы атты қолданып
кетпек. Біздің бір үлкен кемшілігіміз – осы күнгі басқа
жұрттан бұрын өзімізді өзіміз «киргиз» дейміз. Əуелі
біздің «Қызыл Қазақстан» журналы орысша «Красный
Киргизстан» деп аталады. Бұл біздің едəуір əлсіздігімізді
көрсетеді. Егерде біздің қазақ жігіттері бұл қатені түзете-
міз десе, оп-оңай түзетіп əкетер еді.
Біздің əр қазақ жігіті «киргиз» дегенді тастап, қоймас-
107
тан «қазақ, қазақ» дегенді жұмсап, басқа жұрттың құлағына
сіңдіріп үйретуі керек.
Қазақстанның орталық үкіметі «киргиз» дегенді қойып
«қазақ» деген есімді қолдануға жарлық (декрет) шығару
керек. Қазақты «қазақ» дейік, тарихи қатені түзетейік!».
Тіпті қазірде де Сəкеннің осы ойларын оқудың өзі
оңай емес. Бойымызға сіңіп қалған бибауырмалдық қа-
был датқысы келмейді. Бірақ шындық осылай болған.
Өзі мемлекет басшысы болып тұрғанда осы игі мəселені
əлеумет алдына салып, көпшіліктен қолдау күтіп еді,
тырып еткен адам болмады. Бірақ тарихи қателік 1925
жылы ғана Советтердің V съезінде, яғни 2–3 жылдан
кейін түзетілгенімен біздің жалтақтығымызды байқаған
шовинист-коммунистер өздерінің ескі сорабымен тарта
берді. Күні бүгінге шейін қиястықпен айтып, жазып келе
жатқандар да бар. Оларды тежеп жатқанымыз шамалы.
Осы ұсынысы үшін Сəкенді соққыға жығудың «мəде-
ниеттірек» амалын табу онша қиындыққа түспеді.
Шынында да, бүкіл дүниежүзілік пролетарлық рево-
люцияны ұлыдержавалық мақсат үшін армандап жүрген-
де, əсіресе ол процесс өзіміздің əсіре төңкерісшілеріміз-
бен еселеніп жатқанда үкімет басында отырған адамның
тарихи қатені түзетейік деп өзінің шын ұлтжандығын
танытып жатқанын ұлтшылдыққа айналдырып жіберу
оңайдың оңайы еді. Оған сылтау табылды, көп кешікпей
нақты «іс» үстінде Сəкенді «ауыздықтаудың» амалы ел-
жұртқа белгілі болды.
1923 жылдың 17–22 наурызында Қазақстан коммунис-
терінің III конференциясы өтгі. РКП(б) Орталық Комите-
тінің өкілі Е. Ярославский жасаған негізгі баяндамада,
ай-түй жоқ, Сəкен «ұлтшыл» деп жарияланды. Бұған
кейбіреулердің қыбы қанды, ал адал жандылар Мəскеуден
емес, пайғамбардың қасынан келсе де қарсы шықты. Осы
оқиғаның басы-қасында болып, көзімен көрген адамның
сөзіне құлақ тосайық.
«III конференция жүріп жатқан шақта əлдекім Сəкен-
нің «Азия» есімді өлеңін орыс тіліне аударады да, РКП(б)-
ден конференцияны басқаруға келген Ярославскийге бе-
реді. Ярославский бұл өлеңді дұрыс жəне қатты сынады.
108
Содан кейін Қазақстан аймақтық партия комитетінің
(Киро бком) əйелдер бөлімін басқаратын Алма Оразбаева
Ярославскийдің Сəкенді сынауын мақұлдай кеп:
– Сəкен бір өлеңінде Троцкийді «банда» деп айтты, –
деп кінəлады. Абдолла Асылбеков справка беріп:
– Сəкеннің өлеңінде «банда» – «талаушы» деген сөз
жоқ, «бенде» «бағынушы» деген сөз бар. Алма оны теріс
оқып, теріс түсіндіріп тұр», – деді.
Алма Оразбаева Сейтқали Меңдешевке жақын бола-
тын. Жұрт «бұрын Бөкей ордасы» аталған Батыс Қазақ-
стан да олар революциялық істерде бірге болды» десетін.
Ярославскийге «Азияны» аударып беруші кім екенін біл-
меген Сəкен, Алманың сынауына қарап, «Меңдешев тобы»
аударып берген екен деп жорамалдады. Артынан білсек,
ол өлеңді аударушы «Асау тұлпардың» редакторы жəне
бастырушысы, Сəкенге дос болып жүретін Мұхтар Саматов
екен. Сəкеннің қате өлеңдері жайында Алманы да, Сəкенді
де жақтаушылар табылып, бұған дейін тұтасып келе жатқан
қазақ коммунистерінің арасына жарықшақ түсті де, арты
«меңдешевшілдік» жəне «сейфуллиншілдік» деп аталатын
жікке (дұрысы топқа) айналып кетті. Бұлар партиялық
документтерде «принципсіз жіктер» деп жазылады. Онысы
– дұрыс. Бірталай уақыт портфельге, яғни əкімшілікке
таласып, кезеңі келген жерде бірін-бірі құлатқанмен, яғни
бас шылықтан қуғанмен, ол жіктердің (топтардың) ара-
сында идеологиялық ала ауыздықтар болған жоқ»
(С. Мұқанов. Есею жылдары. 1964, 41-бет) деген кепіл-
деменің де айтары да, түсіндірері де көп болса керек.
Осы келеңсіз жайға түгелдей С. Мұқанов көзқарасы
тұрғысынан қарамағанмен, бүгінгі тарих ғылымы, оның
зерттеушілері қалай зерделейді дегенге келсек, онда
М. Қойгелдиевтің: «Қазақстандағы саяси ахуалға Орталық-
тың білек сыбана араласуына жол ашып берген себептер-
дің бірі жəне бірегейі – ұлттық интеллигенция арасын-
дағы өзара алауыздық. Сыртқы түрі рушылдық, жершілдік
сияқты феодалдық сипат алған бұл топаралық күрестің,
түптеп келгенде, негізінде қызмет үшін талас жатқан
болатын. Өкінішке орай, топаралық күрестің өршіп оты-
руына ресми орындар да түрткі болған» (М. Қойгелдиев,
109
Т. Омарбеков. Тарих тағылымы не дейді? «Ана тілі», 1993,
22-бет)
Осындай қатерді сезіп, əрі қарай өршіте бермеу үшін
жəне Мəскеуден келгеннің бəрі белден басып, өзім білем-
дікке салынбауы үшін осы III конференциянын 14 делегаты
бірігіп Орталық Комитеттің өкілі Е. Ярославскийге қар-
сылық жасады: «С первого момента открытия ІІІ-ей
всекиргизской партийной конференции наблюдается опре-
деленное течение, направленное к обвинению киргизских
коммунистов в национализме.
Это течение является абсолютно ошибочным и не на
чем реальном необоснованным и как результат непра-
вильных толкований о проводимой киргизскими работ-
никами-коммунистами политики в области внедрения
коммунистических идей среди киргизских рабочих и
бедноты, и из другой стороны, вследствие колонизаторских
выходок русских товарищей, старающихся посредством
доносов, доставляемых карьеристами, и неточного перевода
киргизской печати очернить киргизских коммунистов перед
партией, а следовательно, и перед пролетарской массой.
Нижеподписавшиеся киргизские коммунисты катего-
рически протестует против предъявляемых им обвинений
в национализме» (сонда, 17-бет) дегенге С. Меңдешев,
С. Сейфуллин, С. Садуақасов, Ы. Мұстамбаев, Н. Нұрмақов
сынды 14 азамат қол қойып, төніп келе жатқан қатердің,
яғни ұлтшылдық, пантюркизм, панисламизмнің аяр да
өтірік жамылғысын жұлып тастауға талпыныс жасады.
Е. Ярославский өтірік шошыған болып, мəймөң келет-
кеніменен бүкіл большевизмнің негізінде жатқан шови-
нистік зəр өрістей түспесе, беті қайтқан жоқ.
«Николаевское правительство сумело внедрить в
сознание наиболее зажиточной части русских крестьян
Туркестана понятие, что они как представителей русской
господствующей нации выше, чем туземцы, поэтому пос-
ледних при надобности можно и эксплуатировать. И нам
советским работникам еще не удалось отучить русского
крестьянства от этого взгляда» (Т. Рыскулов. Избранные
труды. 1984, 61-бет) деп Тұрар 1919 жылы айтса, Комму-
нистік партия ұлыдержавалық шовинизмді сөз жүзінде,
110
ең қатерлі жауымыз деп бірнеше қаулы-қарармен қарғап-
сілеседе шовинистік пиғылдың мұрты КСРО құлағанша
қисайған жоқ. Əсіресе төңкерістің алғашқы жылдарында
тіпті күшті болды, қазірде де асқындап тұр. Сондықтан
шовинистер ұлттық шет аймақтарда национализмге
(ұлт шылдыққа) əдейі пантюркизм (түрікшілдік) мен
пани с ламизмды
(исламшылдықты)
қосақтады
да,
ауыз аштырмаудың амалына айналдырды. Оған əуелі
Тұрар Рысқұловтың Түркі халықтарының коммунистік
партиясын, Түркі тектес республикалар федерациясын
құру жөніндегі ойлары мен ұсыныстарын сылтау қылды
да, біраздан кейін, тіпті Тұрардың өзі бас тартқанына
қарамастан, бүкіл шығыс коммунистерін, əсіресе Түр-
кіс тан мен Қазақстан төңкерісшілерін бұқтұрудың, тұн-
шықтырудың, қаралаудың айла-амалына айналдырып
жіберді. Оның зардабынан əлі құтыла қойған жоқпыз.
Осы III конференцияда Сəкен де, Смағұл Садуақасов
та əлгіндей қарсылықтың болғандығына қарамай, таяққа
жығылды, оларды ұлтшылдықпен айыптауға жол ашылды.
Өзінің ойын тартынбай айтқан Смағұл да «Садвакасовщина»
деген топтың басшысына айналып, тарих бетінде күні
кешеге дейін датталып келді. Ал «Сейфуллиншілдік» де-
генге келер болсақ, онда С. Мұқановша айтқанда, «Сəкен
қимыл жағына шорқақ еді. Өз ойын іске асыруға айла-
əдістер, тəсілдер қолдану, яғни жүріп-тұрып дегендей, өз
пікірін қолдаушыларды ұйымдастыру деген сияқты дағды
Сəкенде болмайтын... «Сейфуллиншіл» аталған топты
Сəкен емес, оның революция жолындағы сенімді серігі
Абдолла Асылбеков басқарғанмен» (42-бет), тарихта Сəкен
атымен таңбаланып қалды. Тіпті 1937 жылы сотталғанда
ұлтшылдық топтың басшысы ретінде жазаланды. Сондық-
тан да қазақтың үш жүзге, ру-руға бөлінетінін отар шыл-
дар да, коммунистер де мықтап пайдаланды. Олар шен-
шекпенге, атақ-дəрежеге қызықтырса оп-оңай ыды рап,
берекесі қашатындығын көрген соң араларына шы бық
жүгіртіп, тіпті бауыр мен ағайынды алакөз етіп қойды.
Есептері деп шықты. Бұл қақпаннан, əсіресе зиялы лары-
мыздың құтылып кете алмағаны өкінішті-ақ.
Сəкен ғұмырнамасында 1923 жыл мейлінше ерекше.
111
Бүгінгі біз білетін ұлтжанды Сəкеннің ұлттық таным-
білігі, кескін-келбеті, түр-тұлғасы қалыптасып, бүкіл елдің
алғысын алған жұлдызды сəті осы 1923 жыл.
Республика коммунистерінің III конференциясы
Сəкен көрер қоқайдың басы ғана. Оған дейін «Қызыл
сұңқарлар» мен «Асау тұлпар» кітаптары «Шолпан» мен
«Темір казық» журналдарында «тас-талқан» сыналып
жатқаны əшейінгі ойыншық еді. Əрине, олар да жүректі
тырнап өтті, көңіл күйіне əсер етті, ал өзі қалап, имандай
сеніп кірген партиясы тегеурінді қаулымен шегендегенде
не істерін білмей дал болған сəті аз емес. Өйткені, кон-
ференциядағы ұнамсыз жай «Очерки истории Коммунис-
тической партии Казахстана» деген ресми тарихнамада
«Издавались антимарксистские, националистические по
духу брошюры С. Садвакасова. Глубоко ошибочными
были отдельные опубликованные в печати произведения С.
Сейфуллина. В них классовая борьба подменялась нацио-
нальной борьбой. Ошибки в произведениях Сейфуллина
имели «серьезный политический характер» и могли быть
использованы во вред нам нашими врагами» (1963, 219-бет)
деп мықтап таңбаланды.
Сəкен мен Смағұлдың бұл «қателері» осы конферен-
цияның өзінде-ақ нақты іске айналып кетті. Халық Ко-
миссарлары Кеңесінің Төрағасы Сəкен облыстық партия
комитетінің мүшелігіне кандидат болып іліксе, Смағұл
атаусыз кетті, оның есесіне олардың қарамағындағы
қатардағы комиссарлар М. Саматов, Н. Нұрмақов, А. Ораз-
баевалар толық мүшелікке сайланып, партия атынан мəселе
шешіп отырды.
Қатарымнан қалдым-ау деген намыс қана емес, көрген
жапа, естіген ащы сөздер Сəкенді халыққа, əсіресе қазақ
халқына еңбек сіңірудің жаңа бір жолын, яғни ұлтын жан-
тəнімен сүюдің ең бір төте соқпағын көрсетіп, белін бекем
будырған сияқты. Конференциядан кейін, яғни 29-наурыз
күні Сəкен «Ұлтшылдық һəм отаршылдық шовинизм»
деген мақала жариялады. Күні кеше конференцияда талас-
қа түскенде дауыс жетпегендіктің, яғни ұлттық мақсатты
жақтаушылар азшылық болып қала бергендіктің қорлығын
нақты көре бастаған шақта «Қазақстанның партия һəм
112
үкімет қызметкерлерінің араларында іс жүзінде еріксіз яки
ұлтшылдыққа, яки отаршылдыққа (шовинизмге) ойысып
кету бар ма, жоқ па?» деген сұрауға «жоқ» деп ешкім айта
алмайды. Ұлтшылдық, отаршылдық, өзімшілдік мəселелері
біраз уақытқа дейін бармақ. Мұны қате деуші кісі, олар
енді болмайды деуші адамдар жəне бұл екеуінің бірі бар,
бірі жоқ деушілер құр өздерінің шолақ ақылдығын, мүкіс
көзділігін көрсетеді.
Бұл майданға біздің Қазақстандағы жоғары мекеме-
лерде қызмет қылып жүрген адамдар жалпы кіріскен жоқ.
Соңғы уақытта бір аянышты, былғанышты дерт пайда
болды. Ол дерттің негізі – өзінің бас пайдасы үшін, өз
басының кегі үшін мəселені тұмандату.
Қазақстанның өткен III партия жиналысында кейбір
көпшілдер «ұлтшылдық бар, өзімшілдік, отаршылдық жоқ»
деді. Əрине, бұл сөз көпшілікке ұнағандай болып қалды
һəм кезінде көздеген нысанаға да тиді. Отаршылдық,
өзімшілдік жоқ деп Сəкеннің жазған «Азия» деген өлеңін
кейбіреулер бұл ұлтшылдық деп шу көтерді. Мұны кейбір
жолдастар өз басының кегі үшін «ағаш атқа іліп алып,
орынсыз қамшы қылды» деп өкінгені жəне осындай жа-
ман қылықтың – отаршылдықтың қаулап келе жатқанын,
отаршылдық пиғылға коммунистік қызыл матаны перде
қылған ұлы орысшылдықтың, ұлыдержавалық шовинизм-
нің жеңіске жетіп келе жатқанын Сəкен жасқанбай ашып
жазды. Конференцияда естігені мен көргенін салауат
етіп «енді өткен іс өтті. Бұдан былай отаршылдықпен,
өзімшілдікпен һəм ұлтшылдықпен пікір майданында
салмақпен күресулеріміз керек жəне əлеумет ісінде өз ба-
сымыздың уақ мақсаттарын былғастырмауымыз керек»
деп парасаттылыққа шақырды.
1923 жылы 17 – 25 сəуірде Мəскеуде РКП(б) XII съезі
болды. Онда алғашқы жəне соңғы рет ұлт мəселесі кең
көлемде қаралды да қарымды қаулы алынды. Осы тарихи
съезге Сəкен не шешуші, не кеңесші дауысты делегат
болмай, əдеттегі қарапайым шақырушылар қатарында
қатысты. Əрине, пенде ретінде де мұның «кикілжіңі»
болмай қалмаған шығар, бірақ Қазақстаннан осы съезге
қатысқандардың ішінде Сəкен ғана ұлттық намысты одан
113
əрі нəрлендіріп, пəрмендіре түсуді мықтап ойластырып
қайтқанын көреміз. Съезде сөйлеген көп шешендердің
сөзінен қорытылған қаулыға «разговоры о преимуществах
русской культуры и выдвигание положения неизбеж-
ности победы более высокой русской культуры над куль-
турами более отсталых народов (украинской, азербайд-
жанской, узбекской, киргазской и пр.) являются не чем
иным, как попыткой закрепить господство великорусской
национальности. Поэтому решительная борьба с пережит-
ками великорусского шовинизма является Достарыңызбен бөлісу: |