Жұмабай ҚҰЛИЕВ
ШƏКІРТ ЖАНЫНЫҢ УƏЗІРІ
Ғұмыры қолжазба қоймасының есігінен сығалап көрмеген, қатты аш-
саң, күлдей шашырап, тозаңға айналып кететін сартап па рақ тар дың тəт-
ті иісін сезінбеген, қисса-дастандардың беттеріндегі ата-ба ба ла ры мыз-
дың тамған көз жасын көріп толқымаған көшедегі көк атты ға лым ның
қа ді рін қайдан білсін... Ғылымға пəруана берілген адам да қыз ғал дақ
қуа ла ған сəбимен тең. Бəрін де жинағысы, бəрін де білгісі келеді, жер
тү бі не дейін кете бергісі келеді... Бірақ адамға тиесілі аз ғұмыр неге
жеткен? Жұртпен əңгімелесудің өзін уақытты босқа өлтіру деп қа ра ған
Н.Я. Бичурин де сонау Қытайдан он бес түйеге артып келген жеті тонна
кі та бы ның шетін игеріп үлгермеді. Екінің бірі келіп жатқан алпыс де-
генге келгенде бүкіл жаһанның жампозына айналатын қайран Шо қан,
«қа зақ əдебиетінің бірінші дəрежелі жарық жұлдызы» Қ.Жұбанов, қазақ
та ри хы ның бір ардағы Ə.Марғұландар еске түседі. Əлкей ақсақал шаһит
боларынан сəл бұрын бір мəжілісте: «Əттең, жасы құрғыр келіп қалды
ғой, əйтпесе ізденген адамға қазақ тарихына байланысты дүниелер мына
көрші шығыс елдерінде тұнып тұр. Қазіргі жастар айналшық жегендей
үй арасынан əріге бармайды» деп кейінгі қалам ұстап, қолжазба қо пар-
ған оқымыстыларға аманат айтып еді.
Көне дүние əдебиетін зерттеуші белгілі ғалым, ұстазым Алма Мү тə-
ліп қы зы туралы ойласам болды, көз алдыма сонау балалық елінде қал ған
бір көрініс келе қалады. Қараша айының орта кезінде Сағыздың үс ті мен
көгілдір аспан омырауының тізілген түймелеріндей жыл құстары қай-
та тын. Сондай аласапыран, аттаныс сəтінде бір топ ата қаздар ілегінің
артын ала жалғыз шүрегей де кетіп бара жатты. Кешегі мəдениетіміздің
кө кі ре гі даңғыл ұлы ойшылдарының қасіретті де қасиетті күре жолына
Алма апайдың да ат басын бұруы маған осындай ой түсірді. Ғайып жал-
ған сандығына əлдеқашаннан сіңіп кеткен сабаздардың шашылған мұ ра-
ла рын өз орнына қойып, мұқият жүйелеу үшін қаншалықты ұшқыр қиял
құсы, тапжылтпайтын дəйек, берен жүрек, шеңбірек атып ширатылса
да, үзілмейтін төзім қажет екендігі төбе құйқаңды шымырлатады. Алма
апай дың əр жылдары жазылған «Ғасырлар мұрасы», «Шығыстың қис са-
дастандары», жоғары оқу орындарының студенттеріне, мектеп оқу шы ла-
ры на арналған еңбектері, ғылыми мақалалары – жаңағы қа жет ті лік тер ге
жауап беретін салмақты дүниелер. Құдай тағала жаныңа өнер ұрығын
да рыт қа нын сезсең-ақ тыпырлап еңбектене беру керек екен ғой.
Əйтпесе:
«Боламын мен жүргенде болат қайтып,
Жалын сөніп, жас жүзін басады ажым», –
399
деп Абай айтқандай болады да қояды. Алма апай осы қарқынмен сіл-
тесе, əлі талай тəуір дүниелер туғызар. Бірақ осынау аты аталған
еңбектер шебердің əл-қуаты бар кезінде салып алған сəулетті сарай не-
месе жастық жылдардың мосы ағашы сияқты ұзақ жылдар бойы мен
мұндалап тұратыны ақиқат. Шындық ешқашан да құрдымға кетпейді
жəне өлмейді. Ол ертең-ақ бала болған жұмыртқадай су бетіне қалқып
шығады. Оған Б.Кенжебаевтың мына сөзі куə. «Аласапыран уақытта
халқын сүйіп, шығарма жазған адамның бəрі ұлтшылдықпен айыптал-
ды да, алыс сапарға айдалды. Соның бірі – мен. Жылдар бойы жүргізген
əрекеттен ештеңе шықпағанына қапалымын. Ар алдында ақ сөйлейтін
күндер келер. Бірақ шындық түбі бір жарқырап шығар»...
Соңында қалған салқар көшінің Алма Мүтəліпқызындай бұйда ұс-
та ры бар ұстаз сират көпір үстінде де саспай тұрған болар, жарықтық.
Дү ние ге қағанағын жарып, қылтиып келген əр пенденің рақметін, ал ғы-
сын айтатын бір-бір ардағы, əлпеші болады. Сені аш қылмай, қатарға
қос қан, жанының сөлін беріп, тіршіліктің сыңайын бағуға үйреткен, ар-
қа сын күн жеген қара жауырын əке-шешеңді айтпағанда, өмір жолында
өзі ғана емес, сені де мəңгі өлмес жерұйыққа жетелейтін ұлы ұстаздар
кезігеді. Мұхтар туралы дүркін-дүркін жырлап тауыса алмай келе жатқан
Шың ғыс ты қарашы, əне! Менің де тіршілікте сансыз мұғалімдерім бол-
ды. Олардың қас шебер болғанымен, шəкіртінің сабақтан тыс уа қыт та
қандай ауамен тыныстап жүргенінде шаруасы жоқ-тұғын. Ал тағ дыр
тоқайластырған университеттегі ұстазым Алма Мүтəліпқызы бар шар-
уасын жиып қойып, бос уақытымызда бізге келіп, өмірбаян, түп-тұ қия-
ны мыз ға дейін біліп, жан жадыратар жақсы мəслихаттар өткізетін. Ол
жерде қара су құрлы құны жоқ арзан əңгіме айтылмайтын. Жалпы, Алма
апайдың бойында тамырыңды ұстап, тағдырыңды болжайтын бал шы лық
сияқты бір қасиет бар еді. Сіркең су көтермей я болмаса бір де ме ге қатты
алаң болып жүріп қаншама сездірмейін десең де, əлгі халіңді бет-жү зің-
нен оқып қоятын. Оның сөйлеу əуені тыңдаушыны бірден баурап алып
кетуші еді. Тайыздау, шаласауат шəкірттердің өзін үкідей жел бі ре тіп,
ажарлап, желеп жебеп, өмірі пайдаланылмаған жасырын қанаттарына
жел беретін. Адам пақыр қанша жасырғысы келгенімен, біреуден мара-
пат, мақтау дəметеді екен-ау! Кейбір көбеңсіген күмпілдектерді де күшке
салмай, сылап-сипап желін шығарып қоятын. Жазатайым ағат бірдеме
айтып я бір нəрсені бүлдіріп алсаң, кейбіреулер сияқты жесірін жасырып
желісін қиғандай жерге тықпай, көз құйрықтары күлімдеп, мейірлене
отырып, алыстан орағытып, тыпыр еткізбейтін жарқын бейнелермен ше-
гелеп, əлгіндей қылықтардың жас адамға жараспайтынын талмау жеріңе
тимей, əдемі ескертетін. Апайдың əлгі ескертпесін көкейге иманшарт-
тай жаттап, ғұмыры қайталамауға тырысасың. Киікотына үй ме ле ген
көбелектей Алма апайға шəкірттерінің үйірсектігінің мəні осында жатыр
400
ма, кім білсін? «Адамды екі нəрсе қартайтпайды, – дейді ха лық да на лы-
ғы. – Бірі – жақсы сөз, екіншісі – жақсы көңіл». Алма Мү тə ліп қы зы ның
шəкірті бола жүріп, ой көзімен қарағандағы оның азаматтық кескіндемесі
осындай еді. Иə, сол бір малдың таңғы жусауы сияқты тамаша кезең еді-
ау! З.Қабдолов Мұқаңды «Менің Əуезовім» дейді. Олжас Сү лей ме нов
Шоқанды «Менің Шоқаным» дейді. Ай ортақ, күн ортақ, жақ сы ортақ.
Ендеше, менің де «Менің Алма апайым» деуге толық хұ қым бар шығар.
«Жетісу», 1999 жыл, 19 сəуір
Жарылқап ҚАЛЫБАЙ
АРБАҒАН БІЗДІ БІР СИҚЫР
Сыбызғы сазына елтіп өзінің əбжылан қасиетін бір сəтке ұмытқан
кобра жыланның биін кинодан көргенде əсем əуез құдіретіне бас имеске
амалың қалмайтыны секілді, Əл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік
ұлт тық университеті филология факультетінің доценті, белгілі ғалым,
мар құм Алма Қыраубайқызының оқытушылық қабілеті мен ұстаздық қа-
сие ті нің құдіретіне таңданбасқа лəжің жоқ-ты.
«Апайдың не сиқыры бар екенін қайдам, қазірде «подкурстықтар»,
яғни «балалар үйінің» балалары бас қоса қалса, ең алдымен сізді ауызға
аламыз. Сабақ өту тəсіліңіз, өзіңізді ұстауыңыз, сөйлеген сөзіңіз – бəрі-
бəрі біз үшін таусылмайтын əңгіме. Бүгінде оқытушы беделі туралы, əр
дə ріс тен берілетін сабақ сапасы жөнінде сөз бола қалса да, ең алдымен сіз-
ді... еске аламыз», – деп жазыпты Алма апайдың бір шəкірті, журналист
Нұржамал Тегінбайқызы («Алматы ақшамы» газеті, 4 қазан 1996 жыл).
«Алма апай бізге 1-курста ғана сабақ берді, бірақ оның əсері əлі күн-
ге ұмытылмайды», – дейді шəкірттерінің бірі Анар Асанғазиева. – Біз-
дің топқа ежелгі əдебиет тарихы ең соңғы сабаққа қойылған еді. Бас қа
пəндерден жалығып, шаршап келген біз Алма апайдың сабағынан бір
демалып қаламыз...»
Неге бұлай? Өйткені ол дəрісін студент көңіліне білікті түрде құя
бі ле ді. Талқылау сабағын өткізудің де өзіндік əдісі бар. Студенттерді
«пікірлестер мен қарсыластар» тобына бөліп, өзара сұрақ-жауап əзір ле-
тіп, сабақты қызу пікірталасқа айналдырып жібереді. Бұл бір ғана мысал
ғой. Əйтпесе А.Қыраубайқызы «Əдебиет сабағының жаны – тапқырлық
(импровизация)» деп түсінеді. Сондықтан да үнемі ізденіс үстінде жү ре-
ді. Ұстаз ізденістері оның «Жаным садаға» (1995) деген деректі əң гі ме-
лер жинағында жарқын көрініс тапқан.
– Менің бір бақытым – мамандығымды дəл таптым. Жалпы, қа бі-
ле тім мен бейімім тура мұғалімдікке сай келеді, – дейді ол маған сыр
ашып. – Мен өзімнің əрбір сабағымнан лəззат аламын, рақат күй ке ше-
401
мін. Балалардың көзінен де соны байқаймын. Олар да рақаттанып қа ла-
ды. Сосын мен шəкірттерімді жақсы көремін. Егер де сол қасиет өлсе,
сол күні мұғалімдікті тоқтату керек.
Міне, оқытушының өзіне қояр биік талабы да, жан сыры да – осы.
Бір ақын «Қыздардың махаббатын ұғыну үшін қыз болып туылу ке-
рек» дейтін. Алма апай қыз бала түгіл, ұл баланың жанын ұғына алады.
Себебі ол – шəкірттің жан дүниесіне үңілген психолог-педагог, сондай-
ақ үш ұл тəрбиелеп өсірген ана. Сондықтан да Алманың бұрынғы сту-
денттері де, кейінгі студенттері де өз мұңы мен қуанышын реті келсе
ұстазына айтады. Басқаға айтпаған жан сырын апайына ашады. Өйт ке-
ні олар апайының адамгершілігіне, парасаты мен имандылығына се-
неді. Бұл жағынан келгенде, Алма апай пірəдар секілді: түсініп, тың дай
біледі, сыр шашпайды, кінəламайды, өзі білген ақыл-кеңесін береді.
Қазақ əдебиеті кафедрасында апаймен əріптес болып жүрген ал ғаш-
қы шəкірті, ғылым кандидаты Өмірхан Əбдіманов:
– Бұл кісі нағыз ұстаздық тұлғаның үлгісі сияқты. Біреу жақсы оқы ту-
шы болғанмен, жақсы ғалым болмауы мүмкін. Керісінше де кездесіп жа-
тады. Үшінші біреудің ғалымдығы да, ұстаздығы да керемет, тек шешен
сөйлеу, дəріс оқу қабілеті нашар. Ал Алма Қыраубайқызында ға лым-ұс-
таз ға қажет қасиеттердің бəрі бар. Тіпті ол аз десеңіз, Алма – тамаша
əнші, қарымды қаламгер, ең бастысы, əріптестері мен сту дент те рін то-
лық мойындата білетін жан.
Факультет ардагері, ұстаз-ғалым, марқұм Ыбырайым Маманов «Мен
Алма Қыраубаеваны бес профессорға бермеймін» деп отыратын. Ал ма-
ның дарынды ұстаз екендігіне көз жеткізгендіктен болар, əйтпесе бас қа-
лар дың көңіліне келер деп ойламады дейсіз бе?
Ұстаз-ғалымның қызметін жоғары бағалайтындар ҚазҰУ-да бар шы-
лық, бірақ та, ең бастысы, А.Қыраубайқызынан білім алған студенттер
90 минут бойы құпия сырмен арбаған сиқыр сəтін бастан кешіп, оның əр
са ба ғын асыға күтіп, ол кісімен ақыл-кеңес құруды сағынып жүретін жан-
дар дың шынайы лебіздері бөлек, оған шек келтіре алмайсың. Олар дың
ұстазынан алған жалпы əсерін жазушы Бердіқұловтың ті лі мен айт қан да,
«Арбаған мені бір сиқыр» деген бірауыз сөзге сыйдыруға болатындай.
Үлгілі ұстаз ұлттық мектептің үлгісін, бағдарламасын жасап, мектеп
ашып та көрді. Бұл туралы бұрын жазылғандықтан, кеңірек тоқ та лу дың
ретін таппадық.
Алма Қыраубайқызы – əу бастан мұғалім болу үшін жаралған жан.
«Мен сабақ өткізе аламын» деген сенім оған 5-сыныпта оқып жүр ген де
пайда болған. Қоғамдық жұмысқа белсене араласатын кішкентай Ал ма-
ға бір жолы сабаққа келмеген төменгі сыныптың мұғалімін ал мас ты ру ға
тура келді.
Содан барып жоғарыдағы ой көкейге ұялған.
402
Орта мектепті алтын медальға бітірген соң, Сыр бойындағы алыс
ауылдан астанаға келіп, ҚазҰУ-дың филология факультетіне оқуға тү-
се ді. Басқа мамандықты таңдау ойына да келмепті. Себебі əкесі жас-
тайынан «менің Алматайым Алматыға барып журналист болады» деп
құ ла ғы на құйып қойған. Бірақ ғалым-ұстаз болуына екі адам əсер етті:
бі реуі – өз əкесі Мүтəліп те, екіншісі – ғылым жолындағы «ұстаз əке сі»,
ас қан білімдар профессор Бейсембай Кенжебаев.
Мүтəліп кеңшар бригадирі болғанмен, ел іші оны балуан, сері əрі жы-
рау ретінде сыйлайтын. Тұңғышы Алмасын қасынан тастамай, жиын-
тойға да, аң аулауға да ертіп баратын. Ол жерлерде айтылған аңыз-əң гі-
ме лер мен қисса-дастандар болашақ ғалымның «алғашқы университеті»
болғанын талантты қыз кейін түсінеді.
Ұлағатты адамдар болатын баланы бірден таниды емес пе? Марқұм
Б.Кенжебаев Алманы 2-курстан-ақ ғылымға баулып, 4-курста диплом
жұ мы сын жазғызып қояды. Аспирантураға қабылдап, орта ғасыр əде-
бие ті нен кандидаттық диссертация қорғауға жетекшілік етеді. Сосын
А.Қыраубайқызын оқытушылық қызметке орналастыру үшін сол кезде-
гі ректорға ертіп барып: «Мені жұмыстан шығарыңыз да, мына қыз ды
университетке қалдырыңыз», – дейді жасы 60-тан асқан асқан асыл аза-
мат, қадірлі Бейсекең.
Алма апай ұстазы Бейсекеңнің өзіне артқан үкілі үмітін толығымен
ақтады. Ол – он кітаптың, көптеген ғылыми мақаланың авторы. Қазақ
əде бие тін де гі шығыстық қисса-дастандардың түп-төркіні мен қа лып та-
суы жайында докторлық еңбек жазып, ғылым докторы атағын алды.
Əсіресе ғалымның «Ғасырлар мұрасы» (1988), «Шығыстық қисса-
дастандар» (1997) атты монографияларының тың жəне құнды дүниелер
еке нін атап өткен жөн. Ежелгі əдебиет туралы жоғары оқу орын да ры ның
студенттеріне (1991) жəне мектеп оқушыларына (1996) арнап бастырып
шы ғар ған оқулықтарының да орны бөлек.
Бұл өзі қазақ əдебиеті тарихындағы «атқаңдақтар» ғой. Соны ал ғаш-
қы лар дың бірі болып, сонау Авестадан бастап – кешегі Жүсіпбек Шай-
хи слам ұлы на дейін жинастырып, зерттеп, терең талдаулар жасауы, бұл
оның ғылымдағы ерлігі деуге болады. Көне əдеби ескерткіштерді дəуір-дə-
уір ге бөліп топтастыру жұмысы да – бұрын ешкім қолға алмаған тірлік.
Алма апайдың өмірі қысқа болды. Бірақ ол өзінің қысқа ғұ мы рын да
көп іс тындырып кетті жəне мағыналы да мазмұнды өмір сүрді. Мыса-
лы, менің өз басым күні бүгінге дейін ұстаз туралы сөз болғанда, ең ал-
дымен Алма Қыраубайқызын құрметпен еске аламын. Маған ол кісінің
жоқ ты ғы сезіліп тұрады...
«Таудың биіктігі алыстаған сайын айқындала түседі» демекші, на ғыз
ұстаз əрі шын ғалымның тұлғасы шəкірттері үшін уақыт өткен сайын
биіктеп барады.
«Адам Ата-Хауа Ана», 2007 жыл, сəуір, №4
403
Қалдыгүл ЖАНЫБАЕВА
ҒИБРАТ ЖАН
1986 жыл есіме түседі. Біз ол кезде 3-курста оқимыз. Желтоқсан оқи-
ға сы нан кейін апай жатақханаға келіп, біздің бəріміздің басымызды қо-
сып, ұзақ əңгімелескені бар.
Біз əлі қанымыздың қызуы басылмаған, сəл нəрсеге көтеріліп ке те-
йін деп тұрған кезіміз. Əрқайсымыз əр жақтан шулап, айтысып-тар-
тысып, тіпті жылап-сықтап та алдық. Апай ешқайсымыздың сөзімізді
бөл мей, бəрімізді тыңдап болып, соңында: «Бұл – біздің бəріміздің, əсі-
ре се сендердің бастарыңа түскен ауыр сын. Өзімізді, бір-бірімізді ұят қа
қал дыр мау жағын ойлағанымыз жөн», – деп қорытқаны бар. Бізді де,
бас қа ны да кінəраттаған бірауыз сөз болған жоқ. Саясат туралы да, оны
жасаушылар туралы да сөз қозғалған жоқ. Апай осы əңгімеден кейін
бі рі міз ді арқамыздан сипап, біріміздің қолымыздан алып, жеке-жеке шы-
ға рып салған болатын. Біз қанша дегенмен жаспыз, бүгін қиналсақ, ер-
тең ұмытып кете саламыз. Апайдың қиналып жүргені көзінен кө рі ніп
тұрған еді. Аналық мейірімін, ұстаздық шапағатын, азаматтық сал қын-
қан ды лы ғы мен ұштастыра білген апайдың тұлғасы сол күндері біз үшін
бұ рын ғы дан да зор биіктеп кеткен еді.
Қаланың сыртында Жандосов аулында өзі ашқан мектеп-гимназияны
қайтсем көтеремін деп шырылдап жүрген күндерінің бірінде кешке қа-
рай дастарқан басында əңгімелесіп отырып, апай «қыз бала болса екен
дей мін, балалар үйінен алайын десем, балаларыммен тіл табыса алмай,
оның да, балаларымның да психикасын бұзып аламын ба деп қорқамын»
дегенде, апайды аяп кетіп, «Қойыңызшы, апай, қыз керек болса, мен-ақ
бола қояйыншы!» дегеніме апайдың «Мынауың керемет болды ғой. Сен
сияқ ты дап-дайын қызым болғаны!» деп мəз болғаны есімнен кетпейді,
ке йін талай жерде сол əңгімені айтып, риза болып жүргенін де естігенім
бар.
Біздің тобымыздағы студенттердің жартысына жуығы дайындық фа-
куль те тін де бірге оқығандар болатынбыз. Сондықтан көбіміз кеше ғана
мектеп бітіріп келгендерден жас жағынан үлкендеуміз, өзімізді сал мақ-
ты, сабырлы ұстауға тырысатынбыз. Алма апайымыздың алдынан бір
жыл дəріс алған тəжірибеміз бар деген сияқты. Мен де солардың қа та-
рын да мын, бірақ мінез деген қойсын ба, кейбір мұғалімдермен сөз ге
келіп, ерегісіп қалатын кездерім жиі болып тұратын. Сондай бір қыр сық-
ты ғым ның кесірінен оқу жылын үздік бағамен аяқтағанмен, бір пəннен
зачет қойылмай, стипендиясыз қалған болатынмын. Келесі тоқсанды
да орталап қалған кезіміз, əлі зачет жоқ. Бір күні Алма апай сабақтан
соң алып қалып, сабақ туралы, жалпы көңіл күйім туралы сұрап, біраз
404
əң гі ме лес тік. Əңгімесінің соңын: «...алға қойған үлкен мақсатқа жету
жолында кішкене шегіністер жасау керек кездер болады. Кутузов Фи-
лиге шегіністі не үшін жасағанын тарихтан өзің білесің. Ал бізге зачет
керек», – деп жымиып қана күліп аудиториядан шығып кете берген.
Апай өзінің «Жаным садаға» кітабында мынадай ойлар айтады:
«...ескілікті қазақ ұғымында адамның жүрегі тоқтаған соң, жаны кеуде-
ден ұшып шығып, көкке көтеріліп кетеді. Аруақты еске алғанда, ерік-
сіз аспанды елестетеміз. Олар аспанның бір жерінде ұшып жүргендей,
даусымызды еститіндей. Сонда аруақ дегеніміз əлгі ұшып шыққан жан
болды ма?»
Қайран, Алма апай, осы жолдар жарық көргеннен бірнеше жылдар-
дан кейін-ақ өзіңізді аңсаған шəкірттеріңіз сіздің даусыңызды естігісі
ке ліп, аспанға қарағыштап іздейтінін сол кезде сезген де жоқсыз, əрине.
Əй те уір, өз басым істеген ісім оңға баспай, қиналған шақта өзіңізді дəл
осылайша іздеймін жəне іздегенімді табамын да.
Апай өмірден кеткелі қолыма қалам алып, ол кісі туралы еш жерде
ештеме жазбаған да, сөйлемеген де екенмін. Шəкірттері басымыз қо сыл-
ған да да апай туралы əңгіме қайғылы сипат ала бермейтін, көбіне айтқан
əзіл-əңгімелері, сол кісімен бірге өткізген қызықты күндер сияқты жар-
қын сəттерді ғана еске алады екенбіз. Өмірден озған кезде қасында бол-
сам да, ешқашан мойындамаған да екенмін. Сондықтан да болар, осы
еске алу кешінің дайындығы кезінде апайды қайта жоғалтқандай күн
ке шіп жүрген сияқтымын. Сағынып жүрміз, Алма апай!
Дүйсенгүл ЖАҚАН
ЖАНЫ КҮНДЕЙ ЖАРЫҚ ЕДІ...
Жадымнан өшпес, олар жайлы өткен шақта айтуға аузым бармайтын,
менімен əр сəт бірге жасар, мен үшін екі қасиетті есім бар. Оның бірі
маған жарық дүние сыйлап, жүрегіме ізгілік дəнін еккен аяулы анам
болса, енді бірі – сол дəнді көгертіп көктеткен, білім мен біліктің нұр-
лы шуағына малындырған, арман асуларына жетелеген ұстазым – Алма
апай. Екеуіне де тəн адами ұқсастық: өмірге деген іңкəрлік пен жан ба-
ласын жатсынбайтын шексіз адамсүйгіштік қасиеттер. Екеуі де ұр па ғын
сақтау үшін ажалына асығатын кета балығы сияқты түн ұйқысын төрт
бөліп жеткізген, бала-шағасының қызығын көрер шағында, елуді енді
еңсере бергенде жарық дүниемен қоштасты. Жүрегімнің түк пі рін де
тұн дыр ған ащы мұңыммен беттескім келмей қашқақтап, қолыма қалам
ұс тай алмай ұзақ жүрдім... Бірақ көмейге кептелген өксік пен жанарды
тұн дыр ған жасты сабырға ауыздықтап, ардақты ұстазым жайлы орайы
ке ліп тұрғанда бір-екі ауыз ой айтуды парыз санадым.
405
1983–1988 жылғы ҚазМУ-дің филология факультетінің студенттері
та ғы лы мы терең, əрқайсысы бір-бір əлем, ұлағатты ұстаздардан білім
ал дық. Олардың əрқайсысы өз ісінің мамандары болатын. Ұлттың
ұлы мə йе гі – қазақ тілі мен əдебиетінің сан түрлі саласын тереңдете
танытып, біздің мамандығымыздың айрықша мəнін ұқтырған əрбір
ұс таз жайлы əңгіме – бөлек сөздің еншісінде. Солардың ішінде біз
үшін Алма апайдың алабөтен орны болатындығы: ол кісі біздің дəріс
беруші оқытушымыз ғана емес, бес жыл бойына біздің топтың ана-
мыздай ақыл шы сы, əкеміздей қамқор тəрбиешісі болуы. Ауыл ша р-
уа шы лық жұ мы сы на барып, бір айдай етене танысқан біздер өзара
дуылдасып жатқанда, ақ шілтерлі жағалы қара көйлек киген, қыс қа
тол қын ды қара шашты, жүзі мейірімге толы, еңселі тұлғалы ұс таз кі-
ріп келгенде-ақ у-шу тына қал дық. Жұмсақ үнмен мəнді де ма ғы на лы
та ғы лым ға толы əңгімелері ар қы лы біздің əрқайсымызға бұ дан бы лай-
ғы тағдырымыздың өзімен ты ғыз сабақтас екендігін ұқ тыр ды. Біз дер
де іштей қуандық.
Апай топ тəрбиесінде «Үлкенге – құрмет, кішіге – ізет» дейтін ха лық-
тық қағидаларын ұтымды пайдалана білді. Сол кездің тəртібі бойынша
(староста, комсорг, профорг) үш таған міндетіне еңбек жолынан өт кен
біз ден «ит көйлекті» бұрын тоздырған тəжірибелі студенттерді та ға йын-
да ды. Өйткені олар бір жыл бойына апайдан дəріс тыңдаған сыралғы
«под курс тық тар» болатын. Апай, ең алдымен, топтың татулығын, бір-бі-
рі не деген мейірімі мен сүйіспеншілігін қалыптастыруды алғы кезекке
қойды. Көп араласа бермегенімен, бір-бірімізге деген шынайы кө ңі лі-
міз бен құрметіміз көрініс беріп жатса, бұл апайдың үздіксіз жүр гіз ген
тағылымының жемісі дер едім. Əр қиырдан, əртүрлі отбасынан тəр бие-
ле ніп келген түрлі жандардың бір топта тату-тəтті өмір сүруі ай ту ға
ғана оңай. Ал апай болса, біздің ерекше бір қасиетімізге мəн беріп, топ
ішінде соны баса көрсетіп, бір-бірімізге «сүйкімді» көрсетіп қоя тын.
Қалған кемшіліктеріміз соның аясында білінбей кететін де, өз-өзі нен
жоғалатын еді. Біздің көп нəрсеге апайдың көзімен қарауымыз əр бі рі міз-
дің өзімізді өсіріп, өзара қарым-қатынасымыздағы құрметімізді қа лып-
тас тыр ды. Дүние қозғалып жатса да, маңғаздана сөйлеуінен бір танбай-
тын Қосайдың байыпты мінезі, еш нəрсеге мойымай, өмірді тек сəулелі
жа ғы нан танитын Сараның ойнақы мінезі, табан астында тапқырлық
танытып, кез келген мəселені өзгеше қырынан көре білетін Айсұлудың
ашық та еркін табиғаты, қашан да мəселенің артын тосып, салиқалы са-
бырмен сөз сабақтайтын Қалдыгүлдің ұстамдылығы, нəзік те сыпайы
Зоя т.б. ... Бұйығылау мінезділер де апай назарынан тыс қалмайтын.
Олар дың өзі ескере бермейтін ерекше қасиеттерін еске салып, күлкісі
мен жүрісін, киім кию үлгісін тілге тиек етсе де, топтың əр мүшесін ор-
тада өзін қомсынбай еркін сезінуіне мүмкіндік жасайтын.
406
Өйткені апай ұстанымы бойынша, «əрбір адам баласының жалпы
жұрт жеткен жетістікке жетуі шарт емес, əркімнің өз жетістігі бар. Қа те-
ле су – ешқандай айып емес, кемелдік – құдайда ғана».
Апайдың топтағы тəрбиелік тағылымдары бірін-бірі қайталамайтын
əр түр лі сипатта жүргізілді. Сол тұстағы өмірдің əртүрлі саласындағы
ерекше адамдар біздің топтың құрметті қонақтары болатын. Бүгінде ғы-
лым ның көрнекті қайраткерлеріне айналған Ж.Дəдебаев, Ш.Ыбыраев,
З.Би сен ға ли секілді ғалымдармен таныстырып, ғылым жолының қан ша-
лық ты күрделі екендігімен таныстырған да Алма апай еді. Топтағы өт кі-
зі ле тін алуан түрлі басқосулар жай əншейін, «өткізу үшін өткізілетін іс-
шара емес», əдебиеттің кең көкжиегіне бойлатып, келешек ізденістерге
бас та ған нұрлы сəулелер еді.
Апай халқымыздың дəстүріне тəн өзара жанашырлық, ба уыр мал дық,
туыстық сезімдерді топ ішінде нақтылы іс-əрекеттерімен қайта жаң ғырт-
ты. Олар: «білгендерін білмегендермен бөлісу», қуаныш-мұңда бірге
болу, бір-бірінің атаулы күндерінде жылы сөз айтып мейірім көрсету
т.т. Топтап-топтап өткізілетін туған күн кештеріміз өнер жарысына ай-
налып кететін. Əрине, көрігін қыздырып, дем беруші – Алма апайдың
өзі. Айсұлуымызды ұзатып жатақхананың кіп-кішкене бөлмесінде ақ ті-
лек пен аттандырғанымызда да Алма апай арамызда болатын. Бүкіл тір-
ші лік-тынысымыздың тамыршысындай еді-ау жарықтық. Апайдың топ-
та ғы Ербақыт, Аманжол, Зəмзəгүл есімді Моңғолиядан келіп оқып жат-
қан ұл-қыздарға деген мейірімі ерекше болатын. Олардың атамекеніне
бас қан қадамын ерекше сезіммен қарап, тыныс-тіршілігі бөлек ортада
кө ңіл де рі нің жабырқамауын үнемі қадағалап отыратын. Апай жүр гіз-
ген тəрбиелік іс-шаралардың құндылығының тағылымдық, тəр бие лік
сипатымен қоса ауылдан келген ұл мен қыздың уақытын пайдалы іске
жұм сау, өнер үйрену, тағылым түю, қала өмірінің жаманынан жи ре ніп,
жақ сы сы на үйрену бағытындағы істер екенін тəрбие ісімен ай на лыс қан-
да анық түсіндім.
«Əр баланың бойында шығармашылық дəні бар. Мұғалімнің мін-
деті – шəкірттің өзінің ішкі ерекшелігін білуге, оны сыртқы мəдениет
дең ге йін де жариялай білуге, ойын еркін жеткізе алуға көмектесу. Бала
ондай деңгейге мұғалімі қанаттандыра білсе, оған сенсе ғана көтеріле
алады» дейтін тұжырымды ұстанатын апай қалыптастырған əлемде
біз əрқайсымыз өз орнымызды білетінбіз. Өйткені апай осындай ахуал
ор нық ты ра тын. Менің өлең-жырды мəнерлеп, жатқа оқуға əуестігімді
өнер дəрежесінде алғаш бағалаған да Алма апай еді. «Біздің Дүйсенгүл
өлең оқығанда анау-мынау əртісің жолда қалады» деп көтермелеп қоя-
тын. «Бұл деген ерекше өнер ғой, тіпті ертең сабақ бергенде мəтінді мə-
нер леп жатқа айтып тұрса, сөз құдіретін шəкірт жүрегіне сіңірудің əдемі
тə сі лі емес пе?» дейтін. Шəкірт болашағын алыстан болжай білген асыл
407
ұс та зым ның осы сөзінің шындығын аудитория алдындағы дəріс берген
əр бір сəтімде сезіндім.
Алма апай өткізген сабақтар қатаң тəртіпке емес, еркін ой-пікірге,
ашық пікірталасқа құрылатын. Бірақ негізгі ой-қазық жаңа тақырыптан
ауыт қы мау, мəтіннің түпнұсқасын егжей-тегжейлі талдау, бұ рын ғы-соң -
ғы тео рия лық тұжырымдарды меңгеру міндеттеліп, оған қоса ой-тұ жы-
рым дар ды білдіруге еркіндік берілетін. Бірақ ешкім де бет алпат, бағ дар-
сыз кетпейтін. Өйткені қорытынды сөзді апайдың өзі тия нақ тап, əр кім-
нің са бақ қа қатысу дəрежесі, сөз саптасы, ой тереңдігі т.б. жө нін де баға
беретін. Əсіресе сабақ түйініндегі көне заман танымдарының бү гін гі
өмір қа же ті мен байланысып жатқан тұстарын дəлелдей, нығырлай тү се-
тін тұс та ры сабақтың құндылығын арттыра түсер еді.
Дайындығы осалдау болып, сабаққа дұрыс қатыса алмай қал ған дар
іштей ширығып, өзін-өзі қамшылап, келесі жолғы сабаққа жаңаша бір
тыныспен келер еді. Нағыз ұстаздың ешкімге ұқсамайтын ерекшелігі: əр
са ба ғы əр түрлі форма иеленетін.
«Бала тəрбиесі – бір өнер, өнер болғанда ауыр өнер, жеке бір ғы лым
иесі болуды тілейтін өнер», – деп аяулы Мағжан айтпақшы, Алма апай
сабақтарының өнерлік те, ғылымдық та сипаты қатар өріліп жатушы
еді...
«Менің ойымша, тəрбиелеу – адамның жанын жасау. Тек ақпаратты
білумен ғана жасалмайды. Жаны лас білімпаздан адамзатқа пайда жоқ.
Егер баланы ертелі-кеш үстел басынан шығармай, тек ми жұмысымен
қой сақ, біраз жылғы каторгалық еңбектен соң бір шөкім болып, қар та-
йып кеткенін көрер едіңіз. Жалпы, баланың өзі бараметр, оны бай қау сыз
ба ғыт тап қойсаң жетеді. Осылай бағыттап қоюдың өзі талантты мұ ға лім-
нің қолынан келеді», – дейтін апайдың өзі осы таланттың на ғыз үл гі сі
болатын.
Алма апай жаңалық біткеннің бəрін бағалы санап, бас қоя кететін
жан емес-тін. Əрбір ізденіске оң көзімен қарап, ұлттық менталитеттің
ерекшелігі талап ететін жайттарды жадынан шығармауында «қазақ жа-
нына қабысатын мектептің» сипатын ойластырған алаш ар дақ ты ла ры-
ның асыл ойларының жалғастығы жатыр. Ол, ең алдымен, өзінің ұлт тық
құндылықтарының негізін тану жəне əлемдік тəжірибенің озығын пай-
далану бағдарламасы. Əлемдік педагогикалық ой-пікірлерді жан-жақ ты
байыптап қарастырған ұстаз-ғалым былайша ой қорытады: «...бі реу лер-
дің қолданған тамаша əдістемесін екінші біреу сол қалпында пайдала-
нып көргісі келгенімен, алдыңғыдай жемісін бермейтіні анық. Жү рек
бас қа, ой əр түрлі, білік əр түрлі, жетістікті өз мүмкіндігіңізді да мы ту ға
ғана пайдалануға болады».
«Мектеп ашу – атақ шығару емес», – деп өзі айтқандай, Алма апай аш-
қан ұлттық гимназия ұзақ жылғы жоғары оқу орнындағы пе да го ги ка лық
408
тəжірибесінің түйіні, бала жанын тəрбиелеуді мектеп жасынан бас тау-
дың маңыздылығы бүкіл жан-жүрегімен сезінген ақыл-ойының же мі сі
еді. Тыңнан түрен салып, тақырға гүл еккендей азапты ауыр іске өзін
жеккен аяулы ұстаз өзіндей жанкешті жандар табылатынынан үміт те-
ніп еді. Алайда қалыптасқан қасаң жүйенің сеңін бұзу нəзікжанды əйел
түгіл, апталдай азаматтарға да оңай тимесі белгілі. Бірақ бұл тұрғыда
да апай өз қолтаңбасын қалдырды. Өзімен пікірлес, қанаттас ұстаздар
мен аз уақыт болса да, сол гимназияда дəріс алған шəкірттерінің жү ре-
гін де мəңгілікке жатталып қалды. Лицей туралы əдебиет институтында
кез де сіп қалғанымызда, апай бағдарламасының жай-жапсарын айтып:
«Бə рін де нөлден бастап жатырмыз. Жұмыс оңай болмайды. Бірақ мүлде
жа ңа ша болады. Бізге кел. Өзімнің қыздарымның көп болғаны тіптен дұ-
рыс болар еді», – деп еді. Мені жоғары оқу орнындағы жұмыстарымды
ғы лым ға айырбастап, тыңғылықты айналыссам деген жоспарымды енді
іске асыра бастаған кезім болғандықтан, «апай, ойланып көрейін» дедім.
Сөй тіп жүргенде кенеттен анам дүниеден өтіп, үлкен отбасының жауап-
кершілік жүгін арқалап, «өз басыммен қайғы болып кеттім». Алма апай
кездескен кездерде жүзіме барлай қарап, тек өмірге ынталандыратын жі-
гер лі сөздерді айтып, рухани күш беріп жүрді.
Апаймен екеуара ұзақ əңгімелескенім докторлық дисертацияның ав-
торефератын таратуға біздің институтқа келген сəтінде болды. Үл кен
кісілерді күту керек болғандықтан, екеуміз фольклор бөлімінде ұзақ
əңгімелестік. Өзіміздің топ жайлы, жалпы факультеттің студенттері
жайлы, өмір жайлы, жақсылық, жамандық жайлы т.б. Жаным жадырап,
көңілімнің кірбіңі кетіп, бір жасап қалдым. Бұл менің аяулы ұс та зым-
мен соңғы рет бетпе-бет дидарласуым екен. Əрине, онан кейінгі док тор-
лық дисертациясын қорғауына, 50 жылдық тойына да қатыстым. Бі рақ
қар ба лас тіршіліктің қапталында жүріп өте етене бола алмадық. Көп
ұза май Астанаға ауысты. «Апайдың баласы үйленіп той жасап жатыр
екен», «ҚазМУ-лықтар бір қауым ел болып» тойға кетіпті деген қуа ныш-
ты хабарға біздің де іштей тілекші боп жүрген көтерілген кө ңі лі міз ді
суыт хабар су сепкендей етті. Осы тұста апайдың ақ сүтін еміп, Алладан
пешенесіне ақындық киесі дарыған сүйікті перзенті Бұлан бауырымыз
жан азасын былайша өлең өрнегіне түсіріпті:
Тамды жас көзден қанды жас,
Қасірет неме алдансын.
Жарымжан жылап маңдымас,
Кірпіктер қурап қалғансын.
Бір сəтке сыйған алдамшы,
Жалғанда жалған-жалған шын.
Жалғаны – кеше қасымда ең,
Шындығы – бүгін армансың.
409
Жан-жүйеге жүк түсірген осы сезімді Алма апайды сүйетін үлкен-
кіші, шəкірттерінің қай-қайсы да басына өткерді десем артық болмас...
Нағыз кемеліне келіп толысқан тұсында аяулы ұстаздың өмірден өт-
ке ні өкініш... Қоғамға, ел-жұртқа керегін былай қойғанда, аяулы əже
атанып, ұрпағының өсіп-өнгенін көре алмағаны, немере-шөберелеріне
бо йын да ғы ғажайып қасиеттерді сұлу да сырбаз əндерімен, əдемі де
əсер лі сөздерімен, қайталанбас құдірет дарыған бар болмысымен сіңдіре
алмайтыны өкініш... Қанша өкінгенмен, Жаратушы құзырындағы істі
өз гер ту пенде шіркіннің қолынан келмес. «Адам ұрпағымен мың жа-
сайды» дейтін халықтық қағидаға тоқталып, Апайдың атын өшірмей
үрім-бұтағына жеткізер деп, өрелі ұлдарына, өзі ақырғы күшін жинап,
ақ босағасын ақ тілекпен аттатқан келініне үміт артайық.
Халық арасында ежелден келе жатқан «дүниеден көшкен адамның
рухы артындағы аяқталмай қалған ісіне қайырылып мазасызданады.
Əсі ре се бала-шағасының жақсы ісіне марқайып, кемшілігіне жаны шы-
рылдап не бұл дүниеге келе алмай, не ол жақта байыз таппай қиналады
екен» дейтін көне түсінік бар.
Жібермей көңіл тіресті,
Соңынан тағы кете алман.
Ол ұлы көшке ілесті,
Мəңгілікке бет алған, –
деп Бұлан азаматтың өзі айтқандай, апайдың мəңгілік мекеніндегі
өміріне игілікті іс жасау – отбасынан бастап, оның шапағатын көрген
шəкірттерінің міндетті борышы. Тірілердің қолынан келетін қайраны
да – сол ғана. Əрине, туыстық тұтастыққа жарықшақ түскен бүгінгідей
күр де лі заманда анасыз отбасы түгіл, бүтінбасты жанұяларға да жеңіл
емес. Апайдың балаларына бұрынғыдан да бөлекше бауырмалдық пен
жанашырлық сезім, сабыр мен төзім тілер ем. Бастарынан қандай қиын-
шы лық өмір сынын кешсе де, «Анам болса былай етер еді» деген тілек
тұр ғы сы нан келсе, қандай қиындық та оң шешімін табар еді... Аз ғана ғұ-
мы рын да артында қайталанбас із тастап, бұл дүниенің барлық қарыз-па-
рызын атқарған аяулы Алма апай мəңгілік мекенінде алаңсыз тыныстап,
шə кірт те рі нің сағына, қастерлей еске алар аяулы ардақтысына айналып,
мəң гі лік жасай берері хақ.
Достарыңызбен бөлісу: |