Бағдарламасы бойынша шығарылды Редакция алқасы: Т. Кəкішев, Ө. Əбдіманұлы, А. Қыраубаев


«Алматы ақшамы», 1996 жыл, 4 қазан



Pdf көрінісі
бет43/53
Дата03.03.2017
өлшемі3,66 Mb.
#5608
түріБағдарламасы
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   53

«Алматы ақшамы», 1996 жыл, 4 қазан

428

Маржан ПІРІМБЕТОВА

САҒЫНЫШҚА АЙНАЛҒАН ЖАН АПА!

 

Қоңырауы қағылған сəтте «кім екен» деместен «о, садағаларым, дəу 



жі гіт болдыңдар ма?» деп қарсы алатын Алма апай енді ортамызда жоқ...

...Аяулы ұстаздың жалған дүниеден пəни əлемге аттанғанына қырық 

күн. 

Қара торы жүзінің көркін келтіріп тұрған мейіріммен нұры мол те рең-



дік ке толы мойылдай қара көзі, жаңа туған айдай керілген қасы, жымия 

езу тартқанда сүйкімділігін көркемдей түсетін бүйрек беті, ойлана оты-

рып, байыппен сөз саптағанда еріксіз көз тартатын майда аппақ тістері 

мен сол маржан тістерінің қорғаны – жұқа еріндері небір өсиет пен із-

гілікке, ақы мен парасатқа, ғылым мен білімге, тəрбие мен тəлімге, не ке-

рек, ғибадатқа құрылған сыпайы да тыңдаған құлаққа жайлы əңгімелері 

үл кен  мен  кіші,  жас  пен  кəрінің  құлақ  құрышын  қандырып,  көкірек 

кө зін ашатын хикмет сөздері сағынышқа айналып, сол жолы Астанаға 

жеткенше асығып едім.

Қаңтардың аязды күндерінің бірі. Астана қаласының кең кө ше ле рі-

нің  бірінде  орналасқан  Ұстазымның  үйін  іздеп  келемін.  Көз  алдымда 

қо ңыр күздің қыркүйек айында Алматыда жүздескен кейпі...

...Құлағымда жуық арада ұялы телефонмен хабарласқан кездегі баяу 

үні. Ол күндері сырқатқа шипа іздеп, Қарағанды қалалық ауруханасын-

да жатыр еді. Қысқаша ғана айтылған аман-саулық. Кеш сезген сыр қат 

сыры. Айтылмаса да аңғарылып тұрған өкініш, тағдыр салған ауырт па-

лық пен бейнетке айтылар өкпе. 

Зəулім үйдің үшінші қабатына көтерілдік.

Бейжай көңілім бір түрлі қобалжып, пəтер есігінің қоңырау нүктесін 

бастым.  Мен  күткен  есікті  Алма  апайдың  өзі  емес,  бұл  жолы  анасы 

ашты.

Жанарына уайым мен күдік, қорқыныш пен үміт ұялаған қарт ана: 



«Ə, ə, келіңдер, қарақтарым, жоғарылатыңдар» деп Алма апай жатқан 

бөл ме ні меңзеді.

Сəл қысқа кідірістен кейін Ұстазыма таядым.

Апыр-ай, не деген əділетсіз тағдыр, қатыгез уақыт, сұрқия сырқат, да-

уасыз дерт меңдеп алған өзін. Дөңгелек жүзі сопая азып, əдемілігі əл де-

қа шан əжімдерге орын берген. Құлағынан күн көрінетін қалыпқа же тіп, 

шүйкедей бейнеге айналып та қалыпты.

Сезімтал жүрегім бір аунап түскендей болды. Тамағыма тас ты ғыл-

ған дай, дауысым жарықшақтанып шықты. 

Бұрынғыдай төс түйістіріп, сағынышымызды да баса алмадық. Қи на-

лы сым ды сездірмейін дегендей бетіме күлімсірей қарады да, теріс аунап 


429

түсті. Жүрегім, жаным езілді. Сол жолы «Апатайым-ау, өмірде қан ша ма 

қиындықтар кездескенде еш мойымап едің ғой, дерт алдында дəр мен сіз-

дік танытқаның не?» деп құлай кетуге əзер қалып ем.

Қазақ  əдебиетінің  ежелгі  тарихынан  кең  өріс  ашып,  тыныс-аясын 

ке ңейт кен,  ғылыми  ізденістердің  озық  əдіс-тəсілін  жетік  игеріп,  сыры 

ашыл май, жұмбақ күй кешкен көне дəуірдің əдебиет əлемінде шешуін 

тап қан дана ғұламалардың санасында саңлағы бар оқырманына ұсынған 

сү бе лі сөздерді сымға тартқан қайран томпиған саусақтары-ай! Аз уа-

қыт та етінен ажырап, дəрменсіз құралға айналған апайдың оң саусағы 

қай тып қалам ұстауға келер ме екен?!

Қайтып қазақ пен қырғыздың əсем əндерін өзінің қоңыр даусына үн-

дес тір ген қара домбырасының қос ішегінде еркелей алар ма екен деген 

сан  сұрақтың  шырмауында  қалып  ем.  Күдікшіл  көңіл  сол  жолы  бəрін 

сез ге ні мен, жамандыққа қимай қайтқам. Бірақ араға екі апта салмай, ал-

дымен ұлыңның келін түсіру тойына шақыру, күн өтпей сіздің қазаңыз 

туралы қаралы хабар алдым.

Қадірлі Ұстазым! Пайда мен мақтан, əуесқойлықты шайтан ісіне ба-

лап, нəпсі мен пендешілікке жол бермеген, ар мен ұятқа ақылды кү зет ші 

етіп, адалдық пен тазалықты мұрат тұтқан, ұлдарына «адам бол» қа ғи да-

сын ту еткен апатайым-ай, бірін көтеріп, бірін жетектеп жүріп жеткізген 

перзенттеріңіз енді оңы мен солын танып, қуанышың енді көбейгенде 

сары сағынышқа айналып кете бергеніңіз өкініш. Алланың ісіне қарсы 

тұ ру ға дəрмен бар ма? Міне, қырық күн болыпты. Сіз жоқ дегенге əлі 

жү ре гім сенбейді.

Асыл əпке, аяулы ұстаз, сізді өлімге жалғыз мен ғана емес, өзіңіз тə лім 

берген күллі шəкірттеріңіз, сіз аға, əпке, іні, бауыр тұтқан көпшілік қи май-

ды. Сіз біздің жадымызда, жүрегіміздесіз! Мəңгі тірісіз, Алма апай! 



«Алматы ақшамы», 2001 жыл, 17 наурыз

Роза ҚАРАЕВА

«САҒЫНДЫҚ СІЗДІ, АЛМА АПАЙ!..»

Алма апайымыз – көрнекті əдебиеттанушы ғалым, ұлағатты ұс-

таз, филология ғылымдарының докторы, профессор Алма Қы рау-

бае ва...  Жан  біткенді  жанарымен  аялап  өткен,  қазақтың  осынау 

иман  жүзді,  үлкен  жүректі  бір  перзентінің  бақилық  болғанына  да 

алты жылдан асты. Ғылымдағы орны, ұланғайыр еңбегі өз алдына, 

ол кісінің өзімен таныс-біліс, аралас-құралас болған құрбы-құрдас, 

замандастары  мен  дəрісін  тыңдап,  білім  дариясынан  сусындаған 

шə кірт те рі нің жүрегінде мəңгілікке сақталып қалған бірегей бі тім-

болмысын,  адами  асыл  қасиеттерін  айтып  жет кі зу  мүмкін  емес. 

430

Сон дық тан да Алма Қыраубаеваны еске алу ке шін ұйым дас ты рып 

отыр ған  үлкен-кіші  қауым:  марқұмның  курстас  достары,  құр бы-

құр дас та ры, шəкірттері өздерінің оған деген күл лі се зі мін «Сіз ді са-

ғын дық...» деген бірауыз сөзбен жеткізуге ты рыс қан ды ғы – тү сі нік-

ті жайт.

Қалай болғанда да, өмір – жалған, өлім – ақиқат. Жəне адам ғұ мы-

ры ның салмағы жасының ұзақ не қысқалығымен емес, қан ша лық-

ты мағыналы болғандығымен өлшенеді. Үлкенге – ізетті қа рын дас, 

замандасқа – аяулы құрбы-дос, кішіге – қамқор апа, тіпті ана есе бін-

де болған Алма апайымызды шын көңілмен сағына отырып, із дей 

отырып, біз бүгін өзімізді осылай жұбатамыз...

Ал өзгелер не дейді?..

Ұстазы – профессор Тұрсынбек Кəкішев: 

– Ең үлкен қасиеті – Алма Бейсекеңнің (Бейсембай Кенжебаев) шын 

шə кір ті болды. Қазақ тарихының көне тарихын зерттеу жөнінде Бей се-

кең нің үлкен концепциясы болған. Сөйтіп, жұртпен айтысып-тартысып 

жү ріп Қазақ университетінде əдебиеттің тарихын тереңнен тар ту ға, яғни 

Орхон-Енисейден бастап бүгінгі уақытқа дейін оқытуға қол жеткізген. 

Осы орайда Алма көптеген тың тақырыптарға барды. Алтын Орда дə уі-

рін де гі қазақ əдебиеті жетістіктерінің бəрін айқындап берген де – осы 

Алма. Оның бұл бағыттағы еңбектері қазіргі 8-сыныптың əдебиет оқу-

лы ғы на  кірген.  Мұның  сыртында  Алма  сол  кезеңнің  Томирис  сияқты 

ханшаларын, батырларын жеке-жеке кітапша етіп шығаруға да көп күш 

салды.  Мұның  сыртында  шетелдегі  қандастарымызға  қазақ  əдебиетін 

оқы ту үшін кафедраның күшімен «Қазақ əдебиетінің қысқаша тарихы» 

дей тін  екі  томдық  кітап  шығарғанбыз.  Соның  Алма  жазған  үлкен  бір 

тарауы шетте болсын, өзімізде болсын, күні бүгінге дейін өте жоғары 

ба ға ла на ды. 

Алманың əкесі Мүтəліп – ақын болған адам. Сол кісіден көргені бар, 

сосын өзіне Құдайдың берген таланты бар, қысқасы, Алма на қы шы на 

келтіріп əн айтатын. Жамбыл атасының өсиет өлеңдерін, қыр ғыз дың əн-

де рін жақсы орындайтын. Алманың ұстаздық қасиеті де күш ті болатын. 

Ғы лы ми-зерттеу  істері  бойынша  көп  адамға  жетекшілік  етіп,  жəр де мі 

тигенін біз жақсы білеміз. Мінезі жібектей, адамгершілігі мол, өте ке-

ремет қарындасымыз еді. Өкінішке қарай, ғұмыры қысқа болды. Бірақ 

артында қалған мол мұрасы, ғылымға сіңірген үлкен еңбегі Алма есімін 

еш қа шан ұмыттырмайды...

Замандасы – Шəрбану Бейсенова:

– Біз Алмамен бір топта, қатар оқыдық. Ол – филология, мен жур-

налистика салалары бойынша маманданғанымызбен, көп сабақтарымыз 

бір ге өтетін. Бір жатақханада тұрдық. Сол себепті де мен Алманың көп-

те ген  жақсы  қасиеттеріне  қанық  болдым.  Əуелде  оқуға  түскен  кезде 


431

Алма əңгіме жазатын. Əдеби бірлестікте оны оқып, бəріміз бірге тал қы-

лай тын быз. 

Алманың өте жақын екі құрбысы болған. Оның бірі – Үміт Тоқ ма ғам-

бе то ва деген талантты жазушы да, екіншісі Гүлнəзия Кенжебаева деген 

керемет  əнші  қыз  болатын.  Үміт 5-курста  қайтыс  болып  кетті.  Үшеуі 

де керемет алғыр, өнерлі-тұғын жəне өздерінің жұптары жазылмайтын. 

Сырттарынан қарап, бəріміз қызығатынбыз. 

Алма жас кезінен-ақ қатты еңбекқорлығымен, ғылымға бейімділігі-

мен ерекшеленді жəне ұстаздарымыз соны дер кезінде байқады. Түрлі 

та қы рып та ғы құнды əдеби зерттеулеріне қарап, Алманы үлкен құр мет ке 

ла йық адам еді деп айтуға əбден болады. Бір өкініштісі, Алма сол ең бе гі-

нің зейнетін көре алмай кетті. Əрине, ғылыми ортада сол кездің өзінде-

ақ жоғары бағасын алды. Бірақ 90-жылдардағы қоғамдағы, ғы лым да ғы 

қиын дық тар салдарынан «кітаптарымды көрнекті етіп шығарсам, бə рі-

нің басын қосып, біртұтас дүние етіп жинақтасам» деген ойларының жү-

зе ге асуы қиындау болды. 

Ол Астанаға көшіп келгеннен кейін жақын жора-жолдастары, əріп тес-

те рі, туған-туыстары болып, Алманың 50 жылдық мерейтойын атап өт ке ні-

міз есімде. Тойға Алманың анасы да қатысты. Ол кісі де ерекше жа  ра  тыл -

ған, көрнекті, парасатты адам екен. Сол тойда Алма ортаға шы ғып, анасы 

екеуі керемет би биледі. Оңтүстік өңірдің адамдары үлкен-кіші демей, тү-

гел дей биге жақын келеді ғой. Бірақ Алманың анасымен жарасып, той дың 

гүлі болған сол бақытты шағы əлі күнге дейін менің көз адымда... 



Жан құрбысы – Гүлнəзия Кенжебаева:

– ...Халықтың қызы, ел адамы болып кеткендігі соншалық – Ал ма-

ның былайғы жұртқа беймəлім қыры, сыры бар деп айту қиын. Бауыр-

мал, ерекше мейірімді, көпшіл жан еді. Бар білетінім – тұрмысқа шық-

қан нан кейін тоғыз жылдай бала көтере алмай жүрді. Кейіннен Жамбыл 

атасы түсіне кіріп, қолына домбыра ұстатыпты. Оған дейін Алма əнді 

домбырамен емес, акордеонмен айтып жүретін. Содан іле-шала қо лы на 

домбыра алып əн сала бастады, перзентті болды. Көнекөз қа рия лар дан, 

бі ле тін жұрттардан сұрастырып, жинастырып жүріп, атасының бір не ше 

əнін үйреніп алды. 

– Құрбымның өзім тəнті болған бір асыл қасиеті – ерекше салмақты 

еді.  Өмірдің  бұралаң  жолында  қанша  қиналса  да,  сабырлы  қалпынан 

таймай, өзіне ғана тəн əдемі жымиысын жоғалтпай кетті...

Қорыта айтқанда, біздің аяулы Алма апайымыз өзінің «Жаным 

са да ға»  кітабында  былай  деген  екен: «Сиявуштың  арман  қаласы 

се кіл ді болашақтың арман сабақтарын аңсаймын. Онда он шақты 

адам ға ар нал ған, əр ұстаздың студентпен бетпе-бет сөйлесетін ша-

ғын  бөл ме сі  болмақ.  Əдемі  дөңгелек  үстел,  жұмсақ  орындықтар. 

Мұ ға лім мен студент арасында суық арақашықтық жоқ. Ұядай жы-


432

лы лық  бар.  Балалар  кіріп  келгенде  олар  білмейтін  бір  қызық  кі-

таптарым жаю лы, тапсырмаларым дайын, өзім бір ертегінің кейіп-

керіндей,  аса  шабытпен  күтіп  отырсам...  Шəкірттерім  мені,  мен 

оларды көр ген ше асықсақ... Тезірек болшы, арман-сабақ...»

Бұл – ұстаздың жан сыры, кіршіксіз арманы... Алма апай дітте-

геніне  қаншалықты  жете  алды?..  Өзі  армандаған  сəулелі  сəттерін 

қан ша лық ты  басынан  өткерді?..  Бəрінің  жауабын  ол  өзімен  алып 

кет ті. Бізге бір ғана нəрсе мəлім: ол кісінің көзін көрген, жүрек жы-

луын сезінген, бірауыз болса да лебізін тыңдап, арман-сабақтарымен 

су сын да ған біз ерекше бақыттымыз. 

 

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ



 

ҰЛТЫН ҰЛЫҚТАҒАН ҰСТАЗ 

(Оның бойында тəуіптің көзі, ақынның жүрегі, 

суретшінің қиялы бар еді)

 

Алма  Мүтəліпқызы  өз  күнделігінде  былай  деп  жазыпты:  «Жан 

дү ние сін білмеген адам мұғалім бола алмайды. Мұғалімде тəуіптің көзі, 

ақын ның жүрегі, суретшінің қиялы болсайшы».

«Сыйлы  боламын  десең,  сыйлай  біл»  деген  қағиданы  ұстанған 

Алма Қыраубаевада осы қасиеттердің бəрі бар еді. Ол «кісі болар кі сі-

ні кескінінен танитын». «Ер адам азамат тəрбиелейді, əйел адам ұлт 

тəрбиелейді» деген сөз Алма Мүтəліпқызына арналып айтылған десе 

де болғандай. Өйткені ол – азамат қана емес, ұлт тəрбиелеген ұс таз. 

Мерейтой  қарсаңында  біз  Əл-Фараби  атындағы  Қазақ  ұлттық 

уни вер си те ті нің  доценті,  филология  ғылымдарының  кондидаты, 

əде биет ші ғалым Өмірхан Əбдиманұлымен жолығып, əңгімелескен 

едік. Сол əңгіменің бірсыпырасын оқырман назарына ұсынғанды 

жөн санадық.

Өмірхан ƏБДИМАНҰЛЫ былай дейді: 

Жүректегі сырды, санадағы ойды ұға білетін ұстаз болатын

– Қазақта «Өз орнында жүрген адам ғана бақытты» деген қанатты сөз 

бар. А.Мүтəліпқызы осындай бақытты ұстаздардың бірі еді. Ол ұс таз дық 

қасиеттердің барлығы бойына ұялаған қазақтың қарапайым қызы бола-

тын. Өзінің айтуына қарағанда, оның ұстаздық жолы сонау бала ке зі нен 

басталған көрінеді. Жоғары сыныпта оқып жүрген шағында оқу озаты ре-

тінде төменгі сынып оқушыларына сабақ беріпті. Бала кезінен сөз өнеріне 

жақын болған А.Мүтəліпқызы орта мектепті үздік бітіріп, қа  зір  гі Əл-Фа-

раби  атындағы  Қазақ  ұлттық  университетінің  филология  факультетіне 

оқуға түседі. Оның білімге деген құштарлығын жазбай та ны ған ғұлама 

ғалым Бейсембай Кенжебаев оны аспирантураға алып қа ла ды. Ол кезде 


433

аспирантураға түсу қиямет-қайым болатын. Ал өз кафедрасына жұмысқа 

орналастыру  үшін  орын  болмағандықтан,  тіпті  өзі  қыз мет тен  кетпек  те 

болған.  Сол  кездегі  университет  ректоры  Өмірбек  Жолдасбековке  бір 

емес, бірнеше рет өтініш айтып жүріп, дегеніне жеткен. Оның осы үкілі 

үмітін А.Қыраубаева ерен де еселі еңбегімен ақтады. Сөй  тіп, ол Алтын 

Орда дəуірінің əдебиетін терең зерттеп, ғылыми ай на лым ға енгізді. 

Ол  өз  шəкірттерімен  терезесі  тең  адамдай  сырласып,  олардың  жан 

дү ние сі не еніп, жүректеріндегі сырды, саналарындағы ойды ұға білетін 

ұс таз болатын. Осындай ұстазы бар шəкірт те, ондай шəкірті бар ұстаз 

да бақытты деп ойлаймын. 

А.Қыраубаева – бойындағы бар қабілет-қарымын ежелгі дəуір əде бие-

тін ғылыми айналымға енгізуге сарқа жұмсаған ғалым. Ол əдебиетті иге-

ру үшін зерттеуші ғалым араб, парсы, шағатай тілдерін толық меңгеруі 

шарт. Алма Мүтəліпқызы бес қаруы бойынан табылатын осындай бесас-

пап ғалым болатын. Оның тынбай ізденуінің арқасында дүниеге «Түркі 

əде бие ті», «Қисса жанрының өзіндік ерекшеліктері», «Ежелгі əдебиет», 

«Ежелгі дəуір əдебиеті» сынды құнды еңбектер келді. Əсіресе «Рабғузи 

хи кая ла ры ның» өзі неге тұрады?! Бұл қазақ халқы үшін өте құнды кітап 

болып табылады. Ол кітапта пайғамбарлардың өмірі, дүние, жаратылыс, 

дін – бəрі-бəрі туралы кеңінен айтылады. Бірақ оның мəн-ма ғы на сы на 

тереңдеп ешкім бара алған жоқ. Осы құнды дүниені терең зерттеп, ғы-

лы ми  айналымға  қосып,  үлкен  əдеби-мəдени  мұра  екендігін  дəлелдеп 

шық қан да – А.Қыраубаева. Таяуда «Түркі дүниесі» деген жүзтомдық жа-

рық көрді. Сол томдыққа А.Мүтəліпқызының да еңбектері енді. Бұл – ға -

лым еңбегінің жоғары бағаланғандығын көрсетеді. Оның «Ежелгі дə уір 

əдебиеті» атты оқулығы «Сорос – Қазақстан» қорының арнайы бəй ге сін 

жеңіп алып, сол қор есебінен жарық та көрді. Бірақ одан бері де он жыл 

уақыт  өтті.  Қолдан-қолға  тимей  жиі  оқылатындықтан,  ол  кітап  əб ден 

тозды. Сондықтан ол оқулықты қайта басу қажет. 

Нарық  шөміштен  қысып, «балапан  басымен,  тұрымтай  тұсымен» 

кеткен уақытта А.Қыраубаева Жандосов елді мекенінен гуманитарлық 

қа  зақ мəдениеті лицейін ашып, ел-елден талантты жасөспірімдерді жи-

нап, өзі түзген «Сенім» бағдарламасы негізінде шəкірт тəрбиеледі. Қа зір 

де Ақтау, Өскемен өңірлерінде осы бағдарлама негізінде сабақ жүр гі зіп 

келе жатқан оқу орындары бар. Өкінішке қарай, бұл «Сенім» бағ дар ла-

ма сы республикалық деңгейде бекітілген жоқ. 

Тобықтай түйін

«Адамдарды  нені  білмейтіндігіне  қарап  емес,  нені  білетіндігіне 

жəне  оны  қаншалықты  терең  білетіндігіне  қарап  бағалау  керек» 

деген  қағиданы  ұстанар  болсақ,  А.Қыраубаеваның  «Сенім»  бағ-


434

дарламасын Білім жəне ғылым министрлігінің назарына ұсынып, 

қа зақ мектептерінде оқытудың негізгі бағдаршамы етіп бекітке ні-

міз абзал. Сондай-ақ оның ғалымдық, ұстаздық жолын зерттеу ісін 

қолға алсақ, ұтпасақ, ұтылмасымыз анық. 

Ал оның жоғарыда айтылған ғылыми еңбектері мен оқу лық та-

ры қайта жарық көріп жатса, құба-құп. 

«Айқын», 2007 жыл, 16 мамыр

 Өтеш ҚЫРҒЫЗБАЙ

БЕЙСЕМБАЙ КЕНЖЕБАЕВТЫҢ ШƏКІРТІ

АЛМА ҚЫРАУБАЕВА ҒЫЛЫМҒА ЕЛЕУЛІ ҮЛЕС ҚОСҚАН ЕДІ

Ғалымдар үйінде көрнекті əдебиеттанушы ғалым, ұлағатты ұс-

таз, филология ғалымдарының докторы, профессор Алма Мү тə ліп-

қы зы  Қыраубаеваның 60 жылдығы  құрметіне  «Сағындық  сізді, 

Алма апай!...» атты еске алу кеші болып өтті.

Бұл кешті қазақтың дарынды қыздарының бірі Алма Қыраубаева 30 

жыл бойы ұстаздық еткен Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық уни вер си-

те ті нің оқытушы-ғалымдары, ұстаз-шəкірттері ұйымдастырды.

Сондай шəкірттерінің бірі, кешті жүргізуші ғалым Өмірхан Əб ди ман-

ұлы  ұстаз  тəлімін  алған  жастардың  бұл  айтулы  күнге  үш  бірдей  тарту: 

Алма Қыраубаеваның «Ежелгі дəуір əдебиеті» атты жəне ұстаз туралы ес-

те лік тер кітабы, сондай-ақ деректі фильм əзірлеп келгендерін айтып өтті.



Қазақстан  Жазушылар  одағы  басқармасының  төрағасы,  Алма 

Мү тə ліп қы зы ның курстасы Нұрлан ОРАЗАЛИН араларынан шық-

қан ғалым-ұстаз туралы толғана сөйледі:

– Алпысыншы жылдардың ортасында Қазақ университетіне Қа зақ-

стан ның  əр  түкпірінен  арман  қуып,  бір  шоғыр  ұл-қыздар  бас  қосқан 

едік. Ол кезде журналистика факультеті ашылмаған болатын. Талантты 

жас тар дың басы филология факультетінде тоқайласты. Əділбек, Сағат 

сол жас тар дың ішінде болды. Мөлдіреген көрікті, мінезі де ұстамды Ал-

ма ға көзіміз көп түскенімен, ару қыз бізге бұйырмады. 

Алма болашақ өмір жолын ғылыммен байланыстырды. Ұлағатты ұс-

таз Бейсембай Кенжебаевтың жетекшілігімен осы қиын салаға табандап 

кі рі сіп кетті. Қыз да болса, ержүректік танытты. Қазақ əдебиетінің тари-

хын ХVІІ ғасырдағы Бұқар жыраудан əріге алып бару үшін тыңға түрен 

салып,  ғылыми  тұжырым,  көзқарастар  қиғаш-қиғаш  айтылып  жатқан 

қиын кезде Алма ұстазына адалдық таныта білді.

Алманың  қоңыраудай  сыңғырлаған  даусы  қандай  еді.  Қырғыздың 

атақ ты жазушысы Шыңғыс Айтматов əнін тыңдап, ризашылық біл дір-

ген інің куəсі болып едім.



435

Ол Қаскелеңге барып, ауылдан мектеп те ашты. Қазақ қыздың са ғын 

сындырмаған, мəпелеп, үкілеп ұстаған. Халқы үшін «жаным са да ға ға» 

бар ған батыл қыз еді. Егер қазақтың əрбір қызы Алмадай қызмет етсе, 

ұлт тық ғылымның мəртебесі биік болар еді.

Филология ғылымдарының докторы, профессор Тұрсынбек КƏ-

КІ ШЕВ:

– Ғұлама ғалым Бейсембай Кенжебаевтың өшпес мұрасын, ойларын 

жалғастырушы ғылым шəкірттерінің бірі осы Алма еді. Бейсекең мен Қа-

жым ның арасындағы қазақ əдебиетінің тарихын қай кезеңнен бастау ке-

ректігі жөніндегі айтыс-тартысын ел жақсы біледі. Сол кездегі кеңестік 

саясат қазақ əдебиетінің тарихы ХVІІІ ғасырдан басталады, одан бұрын 

бұл  ұлттың  əдебиеті  болмаған,  жазу-сызуы  дамымаған  қа раң ғы  ел  еді 

деген ұстамда, пікірде болды. Саясат салқынынан сескенген Бейсембай 

Кен же баев тың біраз жігіт шəкірттерінің тайқып кеткенін де білеміз. Сол 

кезде Алма ұстазына адалдық танытып, жанында қа лып қой ған еді. «Қа-

зақ əдебиетінің қысқаша тарихы» атты екі томдық кі тап тың жарық кө-

руі не Алма көп үлес қосты. Кейінгі кезде «Мəдени мұра» бағ дар ла ма сы 

бойынша көптомдық кітап жарық көріп жатыр. Соның ал ғаш қы  томы 

əлі шыққан жоқ. Оның себебі қазақ əдебиетінің ежелгі тарихы түбегейлі 

зерт тел ме ді. 

Алма сан қырлы талант иесі еді. Балабақшадағы бүлдіршіндерге ар-

нап  тəрбиелік-танымдық  кітап  жазсам  деп  армандайтын.  Мектеп  оқу-

шы ла ры на арнап оқулық жазғандарын сіздер жақсы білесіздер. Өмі рі-

нің соңында қызмет бабымен Астанаға ауысты, ұлын үй лен дір ген де бір 

топ азаматтар барып қайттық. Алматыға қайтып келгенімізде Алманың 

қа за сы туралы жайсыз хабар естідік. Нұрлан інім азаматтық танытып, 

сол келген пойызбен кері қайтып, бəріміздің атымыздан топырақ салды. 

Алмадай асыл қыздарымыздың рухын көтеріп, еске алып жатқан шə кірт-

те рі не ризашылығымызды білдіріп, рақметімді айтамын. 



Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология фа-

куль те ті нің деканы Қансейіт Əбдезұлы: 

– 1970 жылы  бірінші  курста  Алма  апайымыздың  дəрісін  тыңдаған 

едік. Ежелгі дəуір əдебиеті туралы əңгіме сол кезден басталды. Бұл та-

қы рып та оқулықтар əлі шықпаған кез. Əдебиетіміздің тарихын əрі ден 

бастау үлкен ерлік еді. Ұстазымыз Алма Қыраубаеваның со ңы на қал дыр-

ған  жазба  мұраларын  жинақтап,  жарыққа  шығару  үшін  ең бек те нуі міз 

керек. 

Қыздар педагогикалық университетінің проректоры Р.Ша ха но ва:

– 1983 жылы Қазақ университетінің аспирантурасына қабылданған 

жылы Алмамен таныстым. Орыс тілінде оқып, тəрбиеленген маған Ал-

ма ның ықпалы көп болды. Қазақ əдебиеті мен тіліне деген сү йіс пен ші лі-

гім ді арттыруға ықпалы тиді. Əйел ретінде сырымыз да, мұңымыз да бір 


436

болып, етене жақын араласып кеттік. Үш баласын ер жеткізу үшін бі раз 

қиыншылықтарды басынан өткерген кездерін де білемін.

Көрнекті  əдебиеттанушы  ғалым,  ұлағатты  ұстаз  Алма  Қы рау бае ва-

ның көзі тірі кезінде араласқан, бірге қызмет атқарған ғалымдар Ай гүл 

Іс ма қо ва, Серік Негимов, Темірхан Тебегенов, өзге де азаматтар саналы 

ғұ мы рын ғылым жолына арнаған қазақ қызының бойындағы асыл қа сит-

те рін көпке үлгі ете отырып əнгімеледі. Еске алу кешінде кинорежиссер 

Жəнібек Жетіруовтың ғалымның өмірі мен еңбек жолы жайлы тү сір ген 

деректі фильмі көрсетілді.

Алма Қыраубаева көзі тірісінде Білім жəне ғылым министрлігіне ұлт-

тық мектеп оқушыларына білім берудің «Сенім» атты бағдарламасын ұсы-

нып кеткен екен. Қазақтың ғалым қызының арман-мақсаты жинақталған 

бағ дар ла ма  халық  игілігіне  аса  деген  үміт  шырағы  кеудемізде  жанған 

еді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет