Арманы асқақ еді Алма апайдың
Кейде көзіне жас ала ойға алған армандарын айтып отыратын. Арман
жеткен жерге ғұмыр жетпесін білді ме?! Кейде өзі бастаған істері алға
455
жүр мей, көзіне дүние шер болып байланған пенделер жүргізбей қиын
қыл ған да дықарт болып жасып отыратын. Жасындай жарқылдап ғұ мыр
кешуге тиісті үлкен ойлы, жұпар жүректі əзиз жанның жасып отыр ға-
нын көргенде, бірге жасып қалушы едік.
Өнерлі, ойлы жанның бар арман-мұратын тізбелеп отыру орынды
бола қоймас. Арман тұтып, алға межелеп қойып, жүзеге асырған, асы-
ра бастаған істерін атап-атап өтсек те, аз болмас бізге. Тұрмыс ауырт па-
лы ғы мен тайталаса жүріп тындырған ісінің салмағы қандай Алма апай-
дың?
Əкесі Бейсекең белгілеп берген кандидаттық диссертациясының та-
қы ры бы «Алтын Орда дəуірінің əдебиеті» болатын. Одан да нақтылай
түс сек, «Хисса – сүл-əнбия» мен «Мұхаббат нама» аталатын туындылар-
ды талдап, таразылап, қазақ əдебиеті тарихына енгізу болатын міндеті.
Мəс кеу лік үлкен түріктанушы Əмір Нəжіп бастаған ғалымдар мəтін жа-
рия лат қан, азды-кем зерттеген. Бірақ қазақ əдебиетіне қатыстыра, əде-
би аспектіде зерттеген емес. Алма апайдың міндеті – Сыр бойында ту-
ған осы шығарманың қазақ əдебиетіне қатысын айқындау, поэ ти ка лық
пішім, поэзиялық қадір-қасиетін талдай анықтау. Бейсекеңдей ғұ ла ма
ұстаз бағыттады, Алмадай дарынды шəкірт орындады. Алматыға əл де-
не ше əңгіме жариялатып, жазушы болсам деген арманмен келген. Алма,
сөйтіп, түріктанушы ғалым атанды. М.Жолдасбеков, М.Мағауин, Қ.Сы-
диық ұлы, Н.Келімбетов соңынан топжара шығып, Бейсембай Кен же бай-
ұлы ұстанымының дұрыстығын дəлелдей түсті. Өзінің зерттеулерімен
бірге шəкірттерінің табанды, талантты еңбектерінің арқасында Бейсем-
бай Кенжебайұлының қазақ əдебиеті тарихын зерттеу мектебі қа лып та-
са түсті. Алма Қыраубайқызы – Б.Кенжебайұлы мектебінің аса дарынды
бір тұлғасы. Бейсекеңді Алма əкедей көріп, əзіз қадірлеп өтті. Сол се кіл-
ді Бейсекең де Алмадай абзал адамды туған қызындай қадірлеп, ғы лым-
да ғы жетістігіне жантарта сүйсініп өтті өмірден.
Ұстазы ұсынған тақырып дарынды шəкірт үшін ауыр бейнет бо-
лумен бірге абыроймен атқарған міндет те болып шықты ақыр кө ген-
түп те. Алма тақырыпты арналандыра еңбек етті. Бейсекең рухына ба-
ғыш та лып жарық көрген «Ғасырлар мұрасы» монографиясы, «Ежел гі
əде биет» оқулығы, ақын Төрегелді Тұяқбаевпен мойынсерікте тəр жі ма-
ла ған «Махаббат наме» – Алма Қыраубайқызының түріктану са ла сын да-
ғы тындырымды ұзақ жасайтын баянды еңбектері. Н.И. Кон рад тың шы-
ғыс та ну шы арабист Крачковский туралы айтатын əдемі ба ға лауы бар
еді. Шығыстанушы болу – əм тілші, əм əдебиетші, əм тарихшы болуды
қажет етеді деген. Алма апай өзінің жоғарыда аталған ең бек те рін де шы-
ғыс та ну шы ға қажетті əлгі қасиеттерді тал бойына табиғи жи нақ та ған
ірі ғалым екенін көрсетті. Алманың бұл саладағы еңбектерін М.Ма ға-
уин нің, М.Жолдасбековтің қадіріне жете бағалағанын білеміз. Та қы рып-
456
тас адамдар – тағдырлас адамдар. Олардың арасында бірінің ең бе гін
екіншісінің қадіріне жете бағалауы да, бағасын біле тұра қызғанып, əділ
сөзін айтпаушылық та кездеседі. Бейсекең шəкірттері бір үйдің үйел-
мен-сүйелмендері секілді ғой. Аты аталған ғалымдардың өзара ын ты ма-
ғы на сүйсінеміз. Əрқайсысының еңбегін дербес бағалап ме рей ле не міз.
Бір өкініші – соңғы жылдары алғаш Бейсекең бағыттаған, шə кірт те рі
тындырымды іс тындырған ежелгі əдебиетке қазіргі жастар ниет етпей-
тін, зерттеуге бармайтын, баспайтын болды.
Он алты ақынның айтысын көлемді алғысөзбен кітап етіп бас тыр ған
Алма апай «Қисса-дастандар» тақырыбында докторлық диссертация
қор ға ды. Түрлі себеппен кешіктіріп қорғағаны болмаса, сəтті ғылыми
ең бек жасады.
Алма апай өмірінің соңғы кездерінде Түрік қағанаты тарихынан же-
келеген əңгімелер жазып, жариялай бастаған еді. Түрік халықтарына ор-
тақ ежелгі əдебиетті зерттегеннің бір пайдасы! Тарихты деректі баяндап
əңгіме жазу – орыс əдебиетінде С.П. Алексеевтің тынбай атқарған, бар
өмірін бағыштаған сүйікті ісі. Бұрын азаматтық тарихымызда айтылмай
келген, айттырмай, ұмыттырып жібере жаздаған қымбат тақырыпта ба-
лалар психологиясын ескеріп, олардың қабылдау мүмкіндігіне орайлас-
тырып, деректі əңгіме дерлік дəйекті дүниелер жазу – Алма апай дың
ғалымдығымен бірге шынайы ұстаздығынан да туындап жатқан мін дет
болатын. (Алмадай курстасының деректі əңгімелерін əдемі кітап етіп
шығарып берген Əшірбек Көпішевке өз басым ризашылығымды айта-
айта отырамын). Ол шынайы ұстаз болатын.
Жан Жак Руссоның «Ұстаздық ету – уақыт ұту емес, өз уақытыңды
аямау, өзгенің бақытын аялау» (З.Қабдол қазақшалауы) деген ұла ға тын
Алма Мүтəліпқызына арнайы айтсаң, əбден жарасатын еді. Шə кірт те рі
жанына жақын жүретін. Шəкірттері сенісіп əңгімесін айтып, ашық сыр-
ласар еді Алма апаймен. Тіпті тұлымшағы желбіреген қыздар, бұ рым-
ды бойжеткендер мен бозбалалар Анасындай көрер еді Алма апайды.
Алма апай да шəкірттерін бауырынан тараған баласынан кем көр мес еді.
Олардың көңіл күй құбылыстарын бақылап, күнделіктерін жүр гі зе тін.
Ақыл-кеңесін аямай сырласа отырып, жүректеріне нұр құйып беретін.
Тұрмыста бақытты бола алмаған мұңдық шəкірт-қыздарының ба қыт-
ты болуын бар жан-тəнімен тілеуші еді ана-бейіл Алма! Кісі «Жаным
садаға!» – деп, зарығып көрген, Қорасанға қой айтып жүріп, мойнына
моншақ тілеп, Құдайдан сұрап алған туған баласына ғана айтар болар.
Шə кірт те рі нің бақытын аялаумен өткен Алма ұстаз олардың өмі рі нен
алын ған түрлі штрих, детальдарды пайдалана отырып, жазған пуб ли-
цис ти ка лық кітабын «Жаным садаға!» атап еді-ау! Жаным садаға»...
Ал ма ның осылай аталатын еңбегі – қазақ тəрбие мектебінде сирек кез-
десер тəлім-тəрбиелік өнегесі бойында тұнып тұрған аса қыз ғы лық ты,
457
аса бір тағылымды этнопедагогикалық публицистикалық еңбек. Бір-
де төрімізде мұңданып отырып: «Ұстаз болып сабақ берген соң бала-
лар білімді, бақытты болса деген оймен барыңды бересің. Кейде олар
ақыл сұрап алаңдайды. Тапқаныңды айтасың. Кейде ойлаймын: «Осы
мен балаларға кітаби тəрбие беріп жүргенім жоқ па? Мен айтар ақыл-
кеңес мына құбылған заманаға жарар ма? Адал тəрбиеленгендіктен,
олар мына теңгенің сылдырына ден қойған зырылдақ қоғам үде рі сі не
іле се алмай қалып қойып жүрмей ме деп пұшайман боламын» – дегені
бар. Көрдіңіз бе, шəкірттері тағдырына қалай алаңдайды, Алма апай?!
Кейде «ағылшын мектебінде тəрбие жолы былай», «француз мек те бін де
дə ріс ыңғайы мынадай» деп, əлемдік алғы мектептер тəжірибесін əң гі-
ме леп отырушы еді. Оқығаны-тоқығаны бар, өз тəжірибесінен түй гені
бар, соларды жүзеге асырмақ болып, Қаскелеңнен жер алып, мектеп
ашты. Жұмысы жүріп кеп берді. Балалар ықыласты. Балалармен бір-
ге олар дың ата-анасы ықыласты болды Алма ашқан мектепке. Бұ рын
ашыл ған, əбден қалыптасқан мектептер жабылып қалып жатқанда жаңа
мек теп тің – жаңа типті мектептің аяғынан тұрып, жұмыс істеп кетуі екі-
талай уақыттар келді дүниені аударып-төңкеріп. Сатымпаздық əре кет,
пай да кү нем дік психология иектеді əкім-қараларды. Ақыры Алма апай
аш қан ұлттық модельді мектеп жабылып тынды. Үйін еріне қал ды рып,
балаларын жетектеп шығып кетіп, пəтер жалдап күн кешкенде қа ба ғын
мұң шалмаған, ренішке бой алдырмаған Алма апай мектебі жа был ған да
кү йіп кетті. Кісісі өлгендей күйіккешті тіршілік кешті...
Алма апай 1997 жылы болар, елу жасқа толды. Алматыда «Ға лым-
дар үйінде» əдемі кездесу болды. Үй ханшайымы Ғайнекен Бибатырова
туған апасына айналып, бауырмалдықпен қызмет етті Алма апай тойы-
на. Төрде Тұрсекең – профессор Тұрсынбек Кəкішұлы отырды. Кешті
мен жүргіздім. Шəкірттері Алма апайдың құрметіне кө гер шін ұшырды.
Ақ шам да той «Пионерлер үйінде» жалғасты. Тойды Өмір хан Əб ді ма нов
жал ға ды. Тойға анасы қатысты. Курстастары бір үйдің баласындай үйі-
рі ліп отырды, иіріліп биледі. Ой, бір тамаша той болып еді. «Бір то йым
болары сөзсіз менің...» Қыршын Төлеген ғой. Ал ма ның да бір тойы өтті
солай!
Ш.Ыбыраев үшеуміз мектепке арнап оқулық жазбақ едік. Тұрымтай
тұ сы мен, біз Түркістан – Шымкентке көшіп кеттік. Шəкір – Түркиеге!
Сол ой аяқсыз қалды. Жаңа ашылған университетке оқу орнын бі ті ру ші-
лер дің емтихан төрағалығына шақырдық. Келді. Алақанға салып аялай
күттік. Түркістан жерінде Алма апай сол жолы көп шəкірт тапты. Кі сі ні
та би ғи баурап ала жөнелетін білімдар, өнерлі жан еді ғой Алма апай.
Аудиторияда дəріс те оқыды, Мəдениет сарайында кездесу-сырласу əн-
ке шін де өткізді Алма апай! Жұрт тəнті. Алма апамыздың өмірге құш тар
көңіліне дəн риза болыстық. Өмірдегі қиындықтарды жеңіп, өмірді құш-
458
тар ла на сүйіп өтіп келеді екен-ау деп ойладым өз басым. Алмадайын
ға зиз жүректі асыл адамның текті ұстаным, тебіреністі тіршілік кешуіне
соншама қуандым. Бір ай шамасы Түркістанда болып Алма апай Ал ма-
ты ға қайтты.
Əріптес ағасы Мырзекең – Мырзатай Жолдасбеков шақырып, Алма
апай жаңа оқу жылынан Еуразия университетіне профессорлық қыз мет-
ке ауысты. Көп ұзамай сырқатқа ұшырады. Айықпас дерт. Арнайы ба-
рып көңілін сұрадым. Аруаққа айналған кейпін көріп жылап қоштастым.
Ұлын үйлендірді. Тойына бара алмадым. Ұзамай туған əпкемдей бол ған
аяулы жан дүниемен біржолата қоштасты. Сонда ойлаймын-ау, Түр-
кіс тан ға төркіндей келгендей болған екен-ау деп. Сонда ойлаймын,
Түркістанға төркіндеуге ғана емес, бой жасауға да келгендей екен-ау
деп. Алма апайдың дертті екенін естіген інім Сапарбек Ергөбек айтады
(Кө бі не сол үйде болған еді): «Алма апайға «тамақ ішсеңізші, деп тамақ
іш кі зе алмайтын едік. Жұрт көзінше көңілді отырғанына қарамастан оңа-
ша да мұңды жүрді» – деп. Болса, болар! Алдымен жасырып білінбей ке-
летін сырқат біртіндеп ұзамай-ақ белгі бере бастады. Ақырын бас тал ған
сыр қат біртіндеп дүлей мінезге көшіп алып ұрды, тұрмыстың бар қиын-
ды ғын, бар ауыртпалығын жеңіп, енді құлашын кең жазып шы ғар ма шы-
лық пен айналысар дер шағында тұрған сəтте, жұмырбасты пенде ретін-
де жазылып тіршілік кешер сəтте тағдырдың кермесін тоса қойғанын
көр мей сің бе?
Қазақта əпке деген əдемі ұғым бар.
Аса дарынды əдебиетші ғалым, дарулы əнші Алма Қыраубайқызы
ту ған əпкемдей болған ғазиз жүрек жан еді. «Ақынның тойы тар қа май-
ды...» Кім айтқаны есімде жоқ. Өмірде күрсінісі көптеу ғұмыр кешіп,
жастау кеткен Алма апай да тойы тарқамас қазақтың ақынжанды ғалым
қызы еді, шіркін!
Күлəш АХМЕТОВА
САПАРЛАР СЫРЫ
Алма апайды ең алғаш 1979 жылдың қараша айында көрдім. Ол кез-
де қанша талаптанса да, оқуға түсетіндердің «арманы жылда алдайтын»
емтиханнан өте алмай, жұмысбасты еңбекшілер үшін дайындық бө лі мі
ашыл ған-ды. Ол КазГУ-де болды. Бұл бөлімге келген та лап кер лер дің
ең бек стажы ең кем дегенде бір жылдан бір күн де кем болмауы мін дет ті
болатын. Мен аудандық комсомол комитетінде үш жарым жыл статист
болып қызмет атқарғанымды жасырып, совхозда қойшының кө мек ші сі
деген жалған құжатпен келдім. Құжатты деканатқа өткізу емтихан тап-
сыр ған нан да қиын болды.
459
Не керек, «жалған құжатымды» у-шумен ең соңғы күні əзер деген-
де тапсырып, собеседованиеге кірдім. Бір орынға он екі адам екенбіз.
Тарихтан мүдірмей өттім. Əдебиетке келгенде қараторы, əдеміше апай
Ғ.Мү сі ре пов тің ана тақырыбына жазған əңгімелерін қазып сұрай баста-
ды. Тілден қабылдайтын ағай:
– Алма, осы қызды абайлашы, бірдемеден хабары бар сияқты ғой, –
деді.
– Сезіп отырмын. Неше жыл жұмыс істедіңіз?
– Үш жарым жыл.
– Кім болып?
– Қойшының көмекшісі.
– М-м-м, бара беріңіз, – деді.
Мен Алма апаймен ең бірінші бетпе-бет осылай кездестім.
Сонан соң дайындық бөлімінде жалпы əдебиет пəні бойынша, ал
бірінші курста ежелгі дəуір əдебиеті пəнінен дəріс берді. Апай əсіресе
бірінші курстағы оқитын лекциясының тұсында шаршап отырғандай кө-
рі ну ші еді. Сөйтсек, кенже ұлы Бағланға аяғы ауыр екен. Көп ұзамай
босанды. Бағланның 3–4 жас кезінде өзінің отбасымен Жамбыл ауы лын-
да ғы үйіне ертіп барды. Көкейдегі өтірігімді айтудың сəті түсті. Собесе-
дованиеде сізге «қойшының көмекшісімін дегенім документ бойынша
ғой» деп, əңгімені бастай беріп едім. Апай: «Мен оны бірден сездім.
Себебі құлағыңа дейін қызарып кетті. Оның үстіне қойшы еместігің кө-
рі ніп-ақ тұрды. Жалғыз сен емес, сен сияқты талайлар солай келді. Кей-
бірі сол документтен отчислениеге де кетті ғой», – дегенде барып бір
же ңіл деп қалдым.
Қайын жұртында қонақта болдық. Оларға мені біздің ауылдан, ме нің
сіңлім деп таныстырды. Олай айтуының да себебі жоқ емес. Бала кезін-
де менің нағашы апа, ағаларыммен көрші тұрған, көпке дейін қа рым-
қатынастары үзілген жоқ. Бұл – менің Алма апаймен ең бірінші сапар-
лас-сырлас болу сəтім.
Екінші сапарлас болған кезім – апайдың əкесі қайтыс болғанда. «Ар-
тымнан ерген екі інім бар болған соң, байқамаппын. Сіңлінің жоқ ты ғын
əкем өлгенде сездім. Басымды басына түйістіре отырып, жоқ тай тын
сіңлімнің жоғына өкіндім. Ер бала қыздай болмайды екен. Əкемнің енді
қыр қы» деді. Мен де баратын болдым. Қасында Баян деген кісі болды,
подругам, теледидарда қызмет істейді деп таныстырды. Самолетпен
ұша тын болдық. Ауа райына байланысты Қызылорда қабылдамай, ке-
летін уақытымыздан бір жарым күн кешігіп келдік. Келсек, кісі аяғы
ба сы лып, тек жақын-жуықтары ғана қалған екен.
Осы сапарда Алма апайдың сабырлылығына көзім жетті. Алдында
бір тəулікке жуық Алматының аэровокзалында отырдық. Одан ертесіне
Қы зыл ор да ға дейін ұшып келіп, аэропорт қабылдамаған соң, Шымкент-
460
ке қо ну ға тура келетінін стюардесса хабарлағанда, салоннан бір зарлы
үн ес тіл ді. Қасындағылардың да, стюардессаның да сөзіне құлақ аспа-
ды. Оған қосылып кішкене баласы жыласын. Салонның іші ию-қию
болды да қалды.
Алма апай орнынан тұрды да, əйелді де, баласын да жұбатып, саба-
сына түсіріп келді. Сөйтсек, Семейге тұрмысқа шыққан, елге 12 жылдан
кейін төркіндеп келе жаткан қыз екен. Оны естіген соң оған жанымыз
ашысын. Шымкенттен қашан ұшарымыз белгісіз əрі-сəрі күйде отыр ған-
да бізді Москваның ұшқыштары алып кететін болды. Қалаға жа қын да-
ған да Алма апай маған:
– Күлəш, сен қарашы, мынау біздің Қызылорда ма, əлде басқа жер
ме? – деп алаңдап отырды.
– Апай, келдік, – дегеніме шайлығып қалған көңілі сеніңкіремей:
– Маған басқа бір жер сияқты, – деген үрейі əлі көз алдымда тұрады.
Қызылордаға келіп қонсақ, ұшу алаңы қаптаған өрт сөндіретін, жедел
жəрдем көрсететін машиналар біздің ұшақтың сақтығы үшін арнайы
ұйым дас ты рыл ған екен. Алма апайдың қасындағы досы мəскеулік ұш-
қыш тар ға алғысын жаудырып жатыр.
Бірге жүрген сапарларымыздың алдыңғы екеуінің себепшісі Алма
апай болса, үшіншісінің «күнəкары» мен болдым.
1997 жыл мен үшін той жылындай əсер қалдырып еді. Себебі биыл
90-ға келгендер – 80-ге, 80-ге келетіндер – 70-ке, 70-ке келетіндер – 60-
қа, 60-қа келетіндер 50-ге толған болатын. Қазақтың ақыны, жазушысы,
ға лы мы, композиторы, əншісі бірінен соң бірі – дүбірлетіп той жасады.
Күн де болмағанмен апта аралатып тойладық. Сол жыл Алма апай үшін
де тынысы кеңейіп, қуанышы тасып жүрген кез болды. Өзі де 50-ге кел-
ді. Докторлығын қорғады.
Сондай тойлардың бірі КазПИ-де өтті. Бұл – азаматтық жағынан қа-
тар лас та ры ның бірі емес, бірегейі Нығмет Ғабдуллиннің 70-ке келген
мерейтойы болатын. Сол конференцияға Алма апай мен Қанипаш та
барды. Қанипаш – КазПИ түлегі. Ұстаздарын түгел болмағанмен біра-
зын кездестіріп, мəре-сəре болды.
Алма апай екеуміз əңгімелесіп тұр едік, Сəкен сері Жүнісов жең гей-
леп келе қалды. Қасында – əнші Қапаш Құлышова.
– Мынау – Тұрсынбек Кəкішев ағамыздың үйіндегі жеңгең, танысып
қой, – деді Қапашқа.
– Алматыда көп жеңгеміз жоқ, оның үстіне шайын ішкен жеңгемді
танымай не көрініпті, ол аз десеңіз, бүгін осы жерге келуіме қолқа сал-
ған – осы жеңгем, – деп ақтарылды Қапаш. Сері бұрыннан біле ме, жоқ,
сөз ыңғайы солай келді ме, Алма апайға қарай бұрылып:
– Көрдіңіз бе, қыз болғанның бір жақсысы сол, жасы кіші болса
да жең ге міз дің шайын менен бұрын ішіпті, ал мен əлі үміттеніп жүр-
мін, – деді.
461
Қазақта «қуған жетпейді, бұйырған кетпейді» деген сөз бар ғой, шы-
нында, марқұм Сəкенге біздің үйдің дəмі бұйырмай-ақ кетті.
– Сері, мен сізге рақмет айтайын деп жүр едім. Өткенде Əлжаппар
ағаның 90 жылдық тойында дүйім елдің алдында орыстың «əдемі сөз-
де рі мен» сізді бір жеңгеңіз «мақтап», микрофонмен қарыңыздан қойып
қал ған да да, мыңқ етпедіңіз. Тіпті бірдеңе бүлдіріп қойған жас баладай
жұп-жуас болып қалдыңыз ғой. Сіздің мінезіңіз туралы естіп жүрміз, ал
ашулы жеңгеңіздің фонындағы момақан қалпыңыз сондай əдемі жара-
сып тұрды, – дегенімде Сəкен сері рақаттанып күліп алды да:
– Ойбай, жеңгей, ол кезде мен қай жетіскенімнен момақан болып тұр
дейсіз. Сол тұрғанда иманымды үйіріп тұрмын ғой. Ал мен бірдеңе деп
жауап қайтаратын болсам, ол жеңгем бүкіл залды айналдыра қуып жү-
ріп сабар еді. Сіз естідіңіз бе, менің қолымдағы микрофонымды алды
да, төрдегі шалдардың өзін біраз апарып тастады емес пе, мен тілімді
сол кезде-ақ жұтып қойғам, – дегенде Қапаш рақаттана күліп алды да:
– Ағатай, қойыңызшы, сіздің сүмірейгеніңізді өмірі көрмеппін де ес-
ті меп пін. Қазір сенер-сенбесімді білмей тұрмын, – деген ойын-шыны
аралас күмəнін жасырмады.
– Оның сенбейтін түгі жоқ. Ол жеңгемізді жақсы білетіндер сенеді, –
деді.
Бұл əңгіме осы жерден үзілгенімен, жайшылықта елп ете бермейтін
Алма апай Сəкеннің баяндау шеберлігі қызықтырды ма, жоқ, əлде жұм бақ
жең гей дің кім екенін білгісі келді ме – менен осы жайды қызықтап сұ ра-
ды. Сырбай Мəуленовтің жесірі Гүлжамал апам екенін бастан-аяқ баян-
дап айтып бергенімде ішек-сілесі қатып күліп еді. Мен апайдың бұ рын-
соң ды бұлай рақаттанып күлгенін көрмеппін. Апайдың сусынын қан дыр-
ған оқиға болғандықтан баяндай кетудің артығы жоқ қой деп жатырмын.
М.Əуезов атындағы драма театрда Əлжаппар Əбішев ағаның 90 жыл-
ды ғы на барғанбыз. Зайда апам: «Күлəш, саған бір орын алып қойдық,
Тұр се кең алдыңғы қатарға барар», – деген соң, Зайда апам мен Гүл жа-
мал апам ның ортасына жайғастым. Амандық-саулықтан кейін аң ғар сам,
Гүлжамал апамның көңіл күйі тойға келгендей емес. Не болды екен, үл-
кен кісі ғой ауырып не шаршап отыр ма екен деп ойладым да қойғам.
Жиналыс басталды. Жазушылар одағының төрағасы Нұрлан Ора за лин-
нің шешендігіне ұйып отыр едік, Күлжамал апа: «Одақта осы баладан
бас қа жөні түзу бір адам қалған жоқ», – деді. Менің иə деп қостаған сө-
зім де неге деген сұрақ айтпасам да, қосақтала шықса керек, Күлжамал
апа: «Ке лін-ау, бəрі кетті ғой, ана жаққа, тек ыбық-сыбықтардың орта-
сында жүр, қайтсін енді, мына балаға жаным ашиды», – дегенде Мəриям
апа (Мұ қа но ва): «Əй, сен жұрттың зəресін алмай тиыш отыр, анау, – деп
мені ие гі мен нұсқап, – менің байымды да сол ыбық-сыбыққа қосты ма
деп үр кіп отыр», – деп ортамызға əзіл тастады.
462
– Жоқ, ботақан, сенің күйеуің – мынау, – деп бас бармағын көрсетті.
Банкет «Есік» ресторанында екен. Бізден бұрын жеткен Мəриям апай-
дың отряды бізді «сендердің орындарың – мында» деп шақырып алды.
Қа ра ған ды дан келген делегация: облыстық əкімнің орынбасары, Букетов
атындағы университеттің ректоры Жамбыл тағы басқа біраз кі сі лер де
осы столда отыр екен. Банкетті жүргізуші асаба – Сəкен сері. Тойды үл-
кен дер ден бастап, рет-ретімен сөйлетіп жатыр. Тұрсекең Гүл жа мал апаны
ешкіммен қосарламай өзіне ғана сөз бер деп асабаға ымдады. Сə кен сері
де ымды түсініп, Гүлжамал апаның да, Сырағаның да мақтауын əб ден
жеткізіп сөз берді. Оны елеген Гүлжамал апа жоқ, барған бойда, микро-
фонды алды да: «Мына төрде отырған бəрің шетіңнен подлец, сво лоч сың-
дар», – дегенде ел тынып қалды. «Ал, сен сволочь, подлецке не жоқ», – деп
микрофонмен Сəкен серіні салып қалғанда Гүлжамал апа ның мінезінен
хабары барлар қыран-топан күлкіге батты да, танымайтын, білмейтіндер
үрпиісіп қалды. Əсіресе бізбен дастарқандас қа ра ған ды лық тар.
Гүлжамал апай «құттықтауын» аяқтай бастағанда Мəриям апай: «Ал,
жақсылап құйыңдар, орнымыздан тұрып қарсы алмасақ, бізді де қы рып
салуы мүмкін, мынаның түрі сойқан», – деді. Қолымызда – рюмке, тұ-
рып қарсы алдық. Орнына жақындай бере, Тұрсекеңе:
– Қайнысы, қалай, дұрыс па? – деді.
– Кімнің жеңгесі дейсіз, əсіресе ана орысшаларыңыз тіпті қатып кет-
ті, – дегенде Гүлжамал апай қарқылдап күліп жіберді. «Жақсы адам ның
ашуы шайы орамал кепкенше» деген ғой Гүлжамал апа жадырап, біз дің
дастарқан өз қызығымыз өзімізбен болып кетсе керек, «сондай кө ңіл-
ді отырсыздар, сіздермен қағысуға бола ма», – деп Кəкімбек Салықов
кел ді. Қарағандылықтарда үн жоқ. Сырағаң болса жақсылап сілтер еді,
ол жоқ, сондықтан мен Сырбайдың сыбағасын салып алам деді де, Гүл-
жа мал тізіліп тұрған бөтелкелердің біреуін пакетіне салды да, стол дың
бір шетіне қойды. Мəриям апа маған «үйрен, осыдан үйрен» дегенде
Гүлжамал апаның өзі бастап тағы да қыран-топан күлкіге көмілдік.
Осы оқиғадан кейін соғым басы, ананы, мынаны сылтауратып Мə-
риям апа бастаған отрядты үйге шақырғанда, Тұрсекең ылғи да: «Жең ге-
сі, не киіп келдіңіз, сіздің көңіл күйіңізді шұлығыңыздан білем», – дей-
тін болды. Ондайда сасатын Гүлжамал апа жоқ: «Қайнысы, міне, қара,
ең əде мі сін, ең жұқасын киіп келдім. Ол аз болса суға да шомылып кел-
дім», – деп қыран жапқандай күлдіреді.
Осы оқиғаны естіп кейбір детальдарын анықтаған соң Алма апай:
– Күлəш, ағай саған үйленгенде қалай болар екен деп кү мəн дан ған-
дар дың біреуі мен едім. Ағай болса, бетің бар, жүзің бар демейді. Ондай
мі нез сенде де бар. Солай бола тұра, үлкен ортаға екі жылдың ішінде
сі ңі сіп кеткеніңе қуаныштымын. Сен сіңісе алмай, аяғыңды шалт басып
жат саң, ағайға обал, елге ұят болар еді, – деп еді.
463
Алма апай КазПИ-дегі Ныхаңның конференциясынан кейін үйіне қай-
тып кетті. Тəжірибесіздігіміз бе, əлде өзіміз арнайы шақырмаса бармай-
тын əдетімізден бе, əйтеуір, апайға Қанипаш та, мен де бірге жүріңіз
де ме дік. Соны апай көңіліне алып қалыпты. Арада біраз уақыт өткенде
Қа ни паш екеумізге; «Мен сендерге ренжідім, жүріңіз демедіңдер. Жақ-
сы ны көрмек үшін деген ғой», – дегенде Қанипаш та, мен де қатты қы сы-
лып қалдық. Соны қазір де есімізге алып жүреміз.
1997 жылдың соңында Тұрсекеңнің мерейтойына елі шақырды. Кім-
кім барамыз деп ойласқанда, мен Алма апайды айттым. Сөйлейтін жер-
де сөйлейтін, қошы келсе, əн де салатынын, қызметтес екенін алға тарт-
қа ным мен көкейімде жіберген қатемді жөндеу тұрғанын жасырмаймын.
Бұл менің апаймен үшінші сапарым еді. Бүгін ойлап қарасам, сол кездің
өзін де денсаулығы сыр беріп жүрген екен. Соған қарамастан, елдегі аға-
мыз, пана деп мақтанатын жерлестеріне ағаларының сан қырынан хабар
бе ріп қана қоймай, Сарыарқаның сайын даласын əнге бөлеп, тербетіп
жүр ге ні əлі көз алдымда.
Осы сапарда Көкше өңірінің сұлу табиғатына қызыққаны сондай –
«мынадай сұлу жерде дүниеге келген адамның тəні ғана емес, жа ны ның
да сұлу болуы заңдылық. Біздің Тұрсынбек ағайдың да сұ лу лы ғы ның
сыры сонда екен ғой» дегенде соңғы сөзіне екпін түсіре айтқаны əлі
құлағымда.
Адам өзінің қысқа ғұмырында қолы жетпегені арманға айналатынын
осы сапарда түсінгендей болдым. Соның бір айғағы Тұрсекеңнің ерек-
ше қадір тұтып құрметтейтін, дос-інісі, қасқыртанудың білгірі, жазушы
Қасым Тəукеловтің үйіндегі қонақтан кейін біріміз үй иесінің ма шы ғын
енді біріміз аңшылық өнерін жарыса əңгімелеп тұрғанда Алма апай
«бəрін айт та, бірін айт, осындай күйеуі бар əйелде де арман бола ма
екен, əттең, ол кісі көзіме түспеді, өзінен сұрайыншы-ақ деп отыр едім»
деп риясыз қызығып еді. Сонда жаңа ғана ет тураудың қас шебері атан-
ған облыстық газеттің бас редакторы марқұм Жомарт Əбдіхалықов: «Тұр-
се ке, аңғардыңыз ба, Алматының Алмасы Ақмоланың азаматына ға шық
болып барады» дегеніне ду етіп күлгенімізбен, Қаскеңнің болмысы ғана
сұлу емес, азаматтық келбетінің ерекшелігін қыздар біз тү гіл, сол де ле га-
ция ның басшысы Қасым Қайсенов те, басқа жігіттер де мо йын да ған еді.
Оның басы Тұрсекеңнің өзі болды. «Алма апайдың (Тұрсекең де осылай
атайтын) қызығуы орынды. Себебі мен бұл жігітті біраздан бері білемін
ғой. Сендерге осы Қасым ағаларыңның талпақ танаудың ауруының се-
бебін білу үшін солармен бір қорада түнеп шықты десем, сенесіңдер ме,
жоқ па», – деп аңшы Қаскеңнің мамандығын шексіз сүйетіндігін одан
əрі тереңдете: «Біреуді біреуге ынтықтырып қойған заман-ай, Алма-ау,
кезінде бізге мойын бұрмай, кітаптан бас алмағаның есіңде ме, тіпті шы-
ғар ған бір шумақ өлеңімді де елемедің. Енді мына Рамазан ағамыз да
464
жүр ғой, соңыңда сілекейі шұбырып» деп шындықтың өзін тəтті əзілге
айналдырды.
Алма апайдың Ақмолаға қызығушылығы осы кезден басталды. Ақ мо-
ла (қазіргі Астана) мен Тұрсекең ауылының арасы 150 шақырым. Осы
екі аралықта да, одан əрі Мəтенге барғанымызда да жол бойы қы зы ғып,
тамсанумен болды. «Кез келген жерінен бір үйлік жер берсе, шір кін, кіш-
ке не үй салып алып, кітапты оқып, жазып жатар ма еді?!» – деген арма-
нына жете алмай кеткені өкінішті.
Апай ауырып жатқанда да хабарын үзген жоқ. Баласы үйленер ал-
дында телефон шалды: «Күлəш, факультетке үш шақыру қағазын жі бе-
ріп отырмын, ағай екеуіңе, Жанғара мен Өмірханның өздерін ғана ша-
қы рып отырмын. Сəуле мен Роза келе алмас. Сондықтан оларды жазба-
дым», – деді.
Бір қарағанда келмесе де, тізе салғанда тұрған ештеңе жоқ сияқты.
Бірақ адамның ерекшелігі дегенді ескерсек, бұл апайдың па ра сат ты лы-
ғын аңғартады. Ал парасат – мінездің тұрақтылығы.
Апай мінезінің осы қырын дəлелдей түсетін тағы бір оқиға – Тұр се-
кең нің 70 жылдығы қарсаңында «Ұстаз ұртындағы құрма» деген мақала
жазды. Мақала бəріміздің көңілімізден шықты. Сол мақаланы оқыған
бір ұстазы артық болмағанмен, кем емес мақала күтетіндігін апайға
ашық айтыпты. «Бірақ мен жазамын деп уəде бермедім. Себебі жазбай-
мын», – деді. «Неге?» – дегенімде, «Бейсекеңнің аруағын сыйлауым ке-
рек қой»... – деді. Шəкірт кімде жоқ, бірақ екіжүзді, жалтарма, тұрақсыз
көп шəкірттен, тұрақты аз шəкірттің болғаны əлдеқайда жақсы! Апай ұс-
та зы нан тек ғылымды үйреніп қана қоймай, мінезді де сіңірген екен-ау
деп ойладым. Себебі Б.Кенжебаев мінезінің досқа адал, тұрақтылығын
көз көрген інілерінен естуім бар.
Атақты ғалымдар өнегесі, еңбегі ашқан жаңалықтарымен ғана өл шен-
бей ді ғой деп ойлаймын. Себебі ұлттық тарихымыз түгенделіп, əде биет-
та нуы мыз бір жүйеге түсті деуге болады. Əрине, бұл – ғылымға нүк те
қойылды деген сөз емес. Сонымен қатар атақты ғалымдардың шə кірт-
те рі, шəкірттерінің шəкірттері, яғни немере-шөбере шəкірттері, олар-
дың іздеген тақырыптарының түп негізі ұлы ұстазға барып тірелетінін
ескерсек, өнеріне қарап ұстасын, шəкіртіне қарап ұстазын тану шарт.
Б.Кенжебаевтың кім екенін шəкірттері М.Мағауин, Р.Нұрғалиев, А.Қы-
рау бае ва, А.Еспенбетов, ең кенже баласы Қ.Ергөбековтер екенін айтсақ
та же тіп жатыр. Б.Кенжебаев жалаулатқан сөздің емес, ғылымдағы сал-
мақ ты ойдың ұстасы екендігін айқын танимыз. Яғни Б.Кенжебаев – ұлы
ға лым ғана емес, Ұлы Ұстаз.
Алма апайдың тұңғышының үйлену тойына КазГУ делегациясын Тұр-
се кең, достарын Нұрлан Оразалин бастап барды. Тойға қа тыс қа ны мыз ға
қуан ға ны мыз бен, Алма апайдың халін көріп егіліп қайттық. Келген күні
465
кешкісін Р.Нұрғалиев суық хабар жеткізді. Тұрсекең бірден Нұрлан Ора-
залинге хабарласып еді, ол кісі де хабардар болып отыр екен, келген ізін
суытпай қайта жолға шығатын болды.
Нұрлан ағаның ана-мынаны сылтауратпай, қайта жолға шы ға ты ны на
қатты риза болған Тұрсекең: «Міне, нағыз дос, нағыз азамат. Бір мін-
детін атқардым ғой, басқа шаруам болып тұр десе, сенеміз де кө не міз.
Осындай жетелі шəкірттеріңнің азаматтығын көргенде уа қы тым бос қа
өтпеген екен деп қуанасың», – деп көңілі босай бастағанда, кө ңіл ауа-
нын аударайын деген оймен:
– Көңіліңіз толмайтын «жетесіз» шəкірттеріңіз де көп пе? – деген
орынсыз сұрақ қойғанымда:
– Кім білсін, жүрген шығар, но, все же Алма апай жалко, – деп онсыз
да сабасына түсіре алмай отырған көңілімді алаңсыз босатып жіберді.
Шындығында, «досыңды көрсет, кім екеніңді айтайын» деген аталы
сөзге жүгінсек, Нұрлан ағаның ізеті арқылы да Алма апайдың кім екені
айшықтала түскендей.
Жан жарасын уақыт емдейді деген сөз бар ғой. Бірақ ол Алма апайға
қатысты емес. Қайта уақыт өткен сайын Алма апайды жиі еске аламыз.
Орны үңірейіп тұр...
Қафедрадағы кейбіреудің аптыққанын көргенде Алма апай болса
сабырға шақырар еді-ау деп ойлаймын. Кейбіреулердің ісіп-кепкенін
көргенде Алма апай сабасына түсірер ме еді? Қорғалып жатқан дис сер-
та ция лар дың көп жағдайда ретсіздігін көргенде Алма апай болса, жөн-
жобаға салар ма еді? Үлкенге құрмет, кішіге ізеттің ауылы алыстап бара
жатқанына куə болғанда Алма апай ақылға шақырар еді-ау деймін. Сту-
денттермен жарысып алқам-салқам киініп, не джинси киіп жүрген оқы-
ту шы лар ды көргенде, шіркін-ай, Алма апай бір аудиториядан шыға ке-
лер ме еді деп қиялдаймын. Сондықтан да Алма апай қайтқан күнгі өксік
үде ме се, басылар емес... Əрине, мұның бəрі – орны толмас өкініштен,
са ғы ныш тан туындайтын ой.
Егеменді елімізде тағдыр тауқыметін қасқайып тұрып қарсы алар,
парасат пайымы жоғары, Алма апайдай саналы қыздар көп болғай!
Достарыңызбен бөлісу: |